Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

«Қopғaуғa жібepілді «___»2021ж.

«Экoнoмикa или жәнe бacқapу»

кaфeдpa мeңгepушіcі

М. А. Ордабаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мемлекеттік саясат және денсаулық сақтау саласының басқару жүйесі»

5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

білім беру бағдарламасы бойынша

Орындаған Е. Б. Кенжеқанов

Ғылыми жетекші С. Е. Мамаев

э. ғ. к., доцент

«___»2021ж.

Нормабақылаушы Л. М. Ахметова

«___»2021ж.

Өскемен қ., 2021 ж.

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1.
Кіріспе: Денсаулық сақтау жүйесінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролі
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Денсаулық сақтау жүйесінің қоғамда алатын ролі
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3: 12
: 2.
Кіріспе: Денсаулық сақтау саласын басқару
3: 38
: 2. 1
Кіріспе: Денсаулық сақтау саласын басқарудағы мемлекет саясатының негізгі бағыттары
3: 38
: 2. 2
Кіріспе: Денсаулық сақтау саласын басқарудың объективті қажеттілігі
3: 40
: 3.
Кіріспе: Денсаулық сақтау саласын цифрландыру
3: 45
: 3. 1
Кіріспе: Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
3: 45
: 3. 2
Кіріспе: Денсаулық сақтау саласын цифрландыруда жеткен жетістіктер
3: 56
: 3. 3
Кіріспе: Шығыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласын басқарудағы мәселелер және оларды шешу жолдары
3: 63
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 67
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 69

Кіріспе

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi, өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму деңгейін айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.

2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильді сандық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу және «қағазсыз» ауруханаларға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. [1] .

Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн.

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлануының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және, негiзiнен, жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.

Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi, сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.

Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.

Дипломдық жұмысты жазудағы мақсат - денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік саясаттағы роліне тоқтала отырып, денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялар мен цифрладырудың жетістіктеріне қысқаша шолу жасау.

1. Денсаулық сақтау жүйесінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролі

1. 1 Денсаулық сақтау жүйесінің қоғамда алатын ролі

Кез-келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Шопенгауердің «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты», -деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Қазақстан Республикасында да адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім [3] .

Халықтың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық -ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа аттанған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Үкіметі денсаулық сақтау ісіне, халықтың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отырады.

Елімізде халықтың әл - ауқатын, жағдайын жақсартуға арналған озық бағдарламалар қабылданып, қолданысқа енгізілуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» стратегиясында мемлекетіміздің мұратына жету жолдары айтылған. Ол мұраттар мен мақсаттар сонымен бірге Елбасының дәстүрлі Жолдауында айқындала түседі. Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2030» стратегиясында 4-басымдық ретінде «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын» атап көрсеткені мәлім. Онда Елбасы: «…Мемлекеттің салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына ықпал ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр» деген болатын[3] .

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Министрлік сарапшылармен, бизнес қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп денсаулық сақтауды цифрландырудың жаңа тәсілдерін әзірледі. Жаңа тәсілдің мәні аурулар кезінде медициналық көмек көрсету шеңберінде адам денсаулығының барлық экожүйесін кешенді цифрландыруға көшу болып табылады. Денсаулықты қамтамасыз етудің негізгі факторы салауатты өмір салты және дұрыс және пайдалы ақпарат алу мүмкіндігі болып табылады: қалай денсаулықты нығайтуға және сақтауға болады, сапалы медициналық қызметтерді қалай алуға болады. .

Сонымен қатар, еліміздің жер-жерінде, әр аймағында «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылы құрылған. Оның міндеті - дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, темекі шегудің, алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдаланудың алдын алу, есірткі, туберкулез, инфекциялық аурулар, АҚТҚ/ЖҚТБ, репродуктивті денсаулық және т. б. бағыттар бойынша Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық саясатын іске асыру болып табылады. Бұл бағытта атқарылып отырған іс айтулы. Байыпты саясат жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, темекі мен алкогольді жарнамалауға тыйым салынды. Сөйтіп, бірте-бірте қоғамдық орындарда шылым шегу де ығыстырылды. Ол өзгеге үлгі болуы үшін мемлекеттік мекеме-ұйымдардан басталғанын да білеміз. Бүгінде мекемелерде шылым шегуге рұқсат жоқ, айыппұл төленеді.

ТМД елдері арасында бірінші болып Қазақстанда 2009 жылдың басынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізді. Барлық мемлекеттік және жекеменшік емдеу-профилактикалық мекемелер мемлекеттік аккредитациядан өткізіліп, медициналық көмектің түр-түріне лицензия алынып, сол сұрыптаудың нәтижесінде емдеу сапасының едәуір арта түскені белгілі [4; 2-3] .

Әрбір адам сұлу, сымбатты болып, бақытты өмір сүруді армандайды. Ал ол үшін ең алдымен денсаулық керек. Бүгінгі кезде дені сау болмақ түгіл, оны сақтап қалудың өзі қиын. Қабылдайтын тағам, ішетін су, кездейсоқ жаңбыр кейде уландыру қаупін туғызып жатады. Қазіргі күйбелең өмірде күйгелектік, ұйқының қанбауы, бірнеше жылдар бойғы жалпы шаршағыштық басым. Бұның бәрі жалпы денсаулықты әлсіретіп, түрлі аурулардың дамуына душар етеді. Дегенмен, әрбір адам өзіне көңіл бөліп, көмек бере бастаса - организмі оған қуанғандай, тез арада қалпына келе бастайды. Бұл көмектің негізін салауатты өмір салты құрайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22% тұқым қуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты. Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет - адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы - еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған, денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген[3] .

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын реттейтін орган - денсаулық сақтау Департаменті болып табылады. Ол жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың қызметтерін реттеп, үйлестіріп отырады.

Алайда, халық денсаулығын тек мемлекет, үкімет мойнына жүктеп қою - үлкен қателік. Денсаулық адамның жеке бас байлығы болғандықтан, әркімнің бұл іске аса жауапкершілікпен қарағаны жөн. Сол байлығын кез-келген адам алдымен өзі қорғауы керек, салауатты өмір салтын түбегейлі ұстанып, дер кезінде дәрігерге көрініп, ауық-ауық кеңес алып, денсаулық жағдайын бақылап отыруы ләзім.

Экономикалық ілгерілеу азаматтардың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамды құруға қарай азаматтардың өмірінің аяғына дейін сау болуы және олар қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз: таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді.

Денсаулық - тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Қазіргі заманғы қоғамда денсаулық сақтау өте маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда, денсаулық сақтау халық өмірінің сапасын қамтамасыз етеді.

Жеке адамның бақыты үшін екі нәрсе керек: бірінші - денсаулық, екінші - білім. Осы екеуі ұштасса, адам алдында алынбайтын қамал, жетпейтін арман, игерілмейтін мақсат жоқ.

Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болу) - қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша, егер барлық жер тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанатын болса, онда бұл жетістікті медицина ғылымындағы түбегейлі жаңалықтармен теңдестіруге болар еді деп санайды.

Сондықтан Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін» басып көрсетеді[3] .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты аурудың және физикалық кемшіліктердің болмауы ғана емес, ол физикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдан сау болу деп түсіндіреді.

Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгертулер, ізгілік құндылықтарын бекіту, дамыған экономиканы және тұрақты демократиялық жүйені орнатуда мағына жоқ, егер де олар адамдарға толымды өмір сүруге жағдай бермесе.

Басқа жағынан қарағанда, дені сау ұлт мықты мемлекеттің нағыз белгісі болып саналады. Дені сау, ұрпағы таза, рухы биік, санасы терең адам ғана саналы өмір сүріп, өз ортасына, еліне пайда келтіріп, қоғамды алға жетелей алады. Халықтың физикалық және рухани имандылық саулығы елдің зияткерлік әлеуетін, экономикалық мүмкіндігін және қорғаныс қабілетін белгілейді.

Әр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады, сондықтан дені сау, тәрбиелі және білімді азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, оның қоғамдық институттарының күшін, оның билік құрылымының мүмкіндіктерін көрсетеді. Әрбір адам өмірге дені сау ұрпақ әкелуге жауапты. Тек дені сау, білімді ұрпақ қана мемлекеттің сенімді болашағы.

Денсаулық сақтау - бұл әрбір жеке адамның физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуғажәне сақтауға, белсенді ұзақ өмір сүруін қолдауға, денсаулығын жоғалтқан жағдайда медициналық көмек көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық және санитарлы-гигиеналық салалардың жиынтығы.

Халыққа медициналық қызмет көрсетумен және санитарлы-эпидемиологиялық қамтамасыз етумен айналысатын денсаулық сақтау мекемелері медициналық қызмет көрсету талаптарына сәйкес екі түрге бөлінеді: стационарлы және амбулаторлы. Бұндай мекемелердің басты типтері: емдеу-профилактикалық, аптекалық, санитарлы-профилактикалық.

Медициналық мекемелердің нақты әртүрлілігі өте көп: емханалар, поликлиникалар, роддомдар, жедел медициналық жәрдем станциялары, кәсіпорындардағы медико-санитарлық бөлімдер.

Денсаулық сақтау, көптеген басқа да әлеуметтік салалар секілді, стратегиялық сала болып табылады. Оның дамуының төмен деңгейі халықтың құлдырауына (деградация) және әлеуметтік ретсіздікке әкелуі мүмкін. Дәл осындай стратегиялық мәні салаға мемлекет тарапынан болатын қарым-қатынастың басым болуын талап етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығын және бостандығын ең жоғары құндылығы деп, ал оның құқығын және бостандығын құрметтеу, қорғау және сақтау - мемлекеттің міндеті деп жариялады. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі - тәрбие және білім алу, денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу болып табылады. Мемлекет адамның физикалық және рухани-имандылық денсаулығын, оның экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық ырыс-берекесін, дене шынықтыру және спортты дамытуын, лайықты өмір салтын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтауға және заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға конституциялық құқығы бар екендігі нақты айқындалған. Олар тиісті әлеуметтік институттар арқылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады [5] .

Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) - Үкімет белгілейтін медициналық қызметтердің тізбесіне сәйкес Қазақстан азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық көмектің бірыңғай көлемі.

Ұлттың денсаулығы қолайлы медициналық қызметтердің, дене шынықтыру мен әуесқойлық спорттың кең таралуының, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтанудың, зиянды әдеттерді жою, экологиялық таза және күтілген орталығын жасау, елдің әр түкпірінде қауіпсіз және жасампаз өмір сүру мүмкіндігінің көмегімен қалыптасады және қолдау алады.

Негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының физикалық және рухани-имандылық денсаулығының күйін жақсарту, өмір сүрудің сапасын көтеру, дене шынықтыру - спорттық қозғалысын дамыту, қоршаған ортаны жайластыру және қорғау, салауатты өмір салтын жұртқа таныту және тарату, жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу, әлеуметтік-пайдалы және жасампаз қызметке шын жүрекпен талпыну болып табылады.

Адам денсаулығы - ғылым әлі түпкілікті біліп болмаған табиғаттың күрделі жаратылысы. Ал белгісіз дүниенің «тамырын» ақырын басып, ретімен абайлап қарау керек. Ал, қазақстандықтардың әрқайсысының денсаулығына жауапкершілік Конституция бойынша да, Заң бойынша да мемлекеттің қолдауындағы медицинаның мойнында. Өйткені ол денсаулық сақтау бағдарламасының әкімшісі. Ал жауапкершілік болған кезде, әрине, басшылардан, министрліктерден, емдеу орындарынан сұрау болады.

Елбасының әр жылғы Жолдауының мақсаты - Қазақстанның тәуелсіздігін әрі қарай нығайту. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2013 жылғы «Қазақстан-2050» мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында медицинаның алдына қойған бір міндет - ауылдағы медициналық қызмет сапасын арттыруға, спорт пен дене шынықтыруды дамытуға байланысты болды. Нақты тапсырмалар берілді [6] .

Салауатты өмір салтын ұстануға барша халықты бағыттаудың маңыздылығы зор. Себебі, дені сау саналы адам ғана қоғамға пайда келтіреді, ел экономикасын арттыруға үлес қоса алады. Әр қоғамның әлеуметтік жағдайы, экономикалық дамуы оның тұрғындарының денсаулығымен, өмір ұзақтылығымен бағаланады. Әлем ғылымы мен білімі және жаңа технология жетістіктері бойынша онкологиялық, кардиологиялық дерттерді емдеу мүмкіндігіне қол жеткізе бастады. Бұл дерттер әлем елдерінің бәрінде де бар. Соған орай ғалымдар да осы дерттің алдын алу, адамды сауықтыру жолында үлкен істер атқарып жатыр. Сондай ауруларға қарсы күресте Қазақстан да атсалысып, дамыған елдерден қалыспай, жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Мемлекеттің байлығы - адам, адамның байлығы - денсаулық. Мемлекеттің басты мақсаты - азаматтардың өмірін ұзарту және мемлекетке деген сенімін нығайту. Әр азамат өзінің қолынан келгенінше ел тәуелсіздігін нығайтуға қызмет жасауы керек.

20 жыл адам өмірімен алсақ, біраз жыл сияқты көрінгенімен, ел дамуында өте қысқа кезең. Қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде Қазақстанның қанша ілгері басқаны көрініп тұр. Қазақстан медицинасы тоқырап тұрып қалды деп ешкім де айта алмайды. Өйткені бүгінгі таңда барлық жерде ауылдан бастап, үлкен ғылыми медицина институттары заманауи технологиялармен жабдықталып жатыр. Жыл сайын қаражат бөлінуде. Қазақстандық жас мамандар, ғалымдар шетелдегі алдыңғы қатарлы білім ордаларында тәжірибеден өтіп, әріптестерімен байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс істеуде. Сондай-ақ ынтымақтастық мақсатта елдердің арасын жақындатуда парламентаралық байланыстың да рөлі бар. Шетелдің білікті дәрігерлері Қазақстанға келіп, кардиологиялық дертке ота жасап, қаншама адамдарды ажалдан арашалап қалды?! Әрі қазақстандық мамандарға тәжірибесін үйретті. Бүгінгі таңда, мәселен, 8 мыңнан астам адамның жүрегіне ота жасалды. Қазір тек Нұр - Сұлтанда ғана емес, жүрекке ота жасау облыс орталықтарындағы кардиологиялық ауруханаларда да жүзеге асуда.

Халық денсаулығы - баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның гүлденуіне, экономикасын жақсартуға үлес қосады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі. Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деген болатын [2] .

Ой таразысына салсақ, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елімізде көптеген оң өзгерістерге жол ашылды. Соның ішінде денсаулық сақтау саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Яғни, халық денсаулығын сақтау ісінде медицина қызметкерлері мемлекетте жүргізіліп жатқан жаңа реформаларға сәйкес біраз игілікті істердің ұйытқысы болып келеді. Мәселен, Қазақстанда жаңадан ғылыми медициналық орталықтар, ауруханалар мен емханалар көптеп салынып, халық денсаулығына қалтқысыз қызмет көрсете бастады. Оған дәлел, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халық денсаулығына ерекше маңыз беруі тектен-тек емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДИСПАНСЕРЛІК НАУҚАСТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕЛІМІ
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер
Стоматологиядағы ақпараттық технологиялар
Инвестициялық банктер
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz