Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
0.1. Қайым Мұхамедхановтың ғұмырнамасы мен шығармашылығы және оның зерттелуі
0.2. Қайым Мұхамедхановтың әдеби-ғылыми мұрасы және Абайдың әдеби мектебі диссертациясы жайында
0.3. Мұхтар Әуезов және Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұраларындағы үндестік
0.4. Қайым Мұхамедханов ғылыми еңбектеріндегі қарама-қайшылықтар
II ҚAЙЫМ МҰХAМEДХAНOВТЫҢ ЗEPТТEУЛEPIНДEГI AБAЙТАНУ, ШӘКӘРІМТАНУ ЖӘНЕ ТЕКСТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Қaйым Мұхaмeдхaнoв - абайтанушы.
2.2. Қaйым Мұхaмeдхaнoв - Абайдың әнші шәкірттерін зерттеуші.
2.3. Қaйым Мұхaмeдхaнoв - шәкәрімтанушы.
2.4. Қaйым Мұхaмeдхaнов - текстология ғылымының негізін салушы ғалым
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:
Ұлы Абайдың мұрасы - ғасырлар бойы қасиетінен айырылмаған ұлтымыздың рухани қазынасы. Абайдың шығармалары - астарында терең философиялық ой жатқан, оқырманға өнеге мен тәрбие беретін әдебиетіміздің алтын қоры. Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу қажырлы еңбекті қажет етеді. Абай мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Алайда, Абайдың өмірі мен шығармашылығы жолында аянбай тер төгіп, Абай үшін өмір сүрген жан Қайым Мұхамедханов еді.
Қайым Мұхамедхановты біз Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың шығармашылығын зерттеген тұлғатанушы-ғалым, текстолог-ғалым, керемет ақын, жазушы және шебер аудармашы ретінде танимыз.
Қайым Мұхамедханұлының ғылыми еңбектерінің нысаны - жалпы қазақ әдебиетіндегі мәселелер. Бастауын XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген атақты батырлардың, ақын-жыраулардан алып, кейінгі Махамбет, Дулат, Шоқанмен жалғасын тауып, Абайды зерттеп, қаймықпай алашордашылар жайлы сөз қозғады. Ғалымның ғылым жолындағы ең биік шыңы - Абай болды.
1930 жылдардың аяғында Абайдың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасына үлкен қауіп төнді. Абайдың шығармаларының сөздері бұрмалана бастады, Абайдың өмірінен сыр шертетін деректер жоғала бастады,ал Абайдың өмірімен таныс қариялар саны сиреп қалды. Осы қиын мезетте Абай мұрасын аман алып қалуды Қайым Мұхамедханұлы өз мойынына алады. Ғалым Абайдың өмірімен, шығармашылығымен етене танысу үшін ауыл-аймақты аралайды, ақынды тірісінде көзі көрген қарияларды іздейді. Ғалымның бұл сапарындағы көздеген бар мақсаты - ұлы Абай өмірінің әр тармағын шынайы қалпында халыққа жеткізу, саясаттың тәркегіне түскен шығармаларын еш өзгеріссіз аман алып қалу болды. Діттеген мақсатына жеткен соң, ғалым Абай атындағы мұражай ашып, халыққа ұлы ақынның ұлылығын көрсеткісі келді. Бұл арманы да жүзеге асты. Қайым Мұхамедхановтың тікелей қатысымен 1940 жылы еліміздің тарихындағы алғашқы әдеби мұражай Семей қаласында Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы деген атпен ашылды. Бұл мұражайда Абай жайлы әртүрлі жәдігерлер мен ақынның шығармаларын кездестіруге болады.
Мұнымен Қайым Мұхамедхановқа артылған міндет аяқталған жоқ. Ендігі мақсат - Абай шәкірттерінің есімдерін жаңғырту еді. Мақсат барысында Қайым Мұхамедханов Абайдың ақындық мектебінің негізін қалады. Абай ақындық мектебі қазақ әдебиетіндегі ең айтулы жаңалық болды. Себебі әлем әдебиетінде некен-саяқ кездесетін әдеби мектептің бірі қазақ әдебиетінің сахнасында пайда болды және оған Абайдың есімі берілді. Бұл мектептің өкілдері Абайдың ұлдары мен ізін басқан шәкірттері - Әубәкір, Әріп, Әсет, Баймағамбет, Көкпай, Мағауия, Тұрағұл, Шәкәрім. Қайым Мұхамедханов Абайдың шәкірттерін екі топқа бөліп қарастырады:
1. Абайдың әндерін, өлеңдері мен аудармаларын тыңдап, ауыздан-ауызға жеткізіп, елге танытушылар. Олар:, Мұқа Әділханов, Бейсембай Жәнібеков, Әлмағамбет Сексембаев, Мұқаметжан Майбасаров сынды Абайдың шығармаларын бұлжытпай, еш өзгеріссіз халыққа таратқан әнші шәкірттері.
2. Абайдың дәстүрін жалғастырып, ақынның мұрат-мақсатына үндес болып, өз жандарынан көркем шығарма жазып жүрген ақын шәкірттері. Бұл топтың өкілдеріне Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әубәкірлер, Әсет Найманбаев, Көкбайларды жатқызамыз [1, 78]. Оның ішінде ерекше тоқталатынымыз - Шәкәрім. Себебі, Қайым - шәкәрімтану ғылымының негізін қалап, ақынның шығармашылығын тереңнен зерттеген бірден бір ғалым.
Қай топ болмасын, Қайым Мұхамедхановтың назарынан тыс қалған жоқ. Ғалым шәкірттерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөліп, олардың шығармаларымен танысып, қағазға бетіне түсіріп алған. Атап айтқанда, Мағауияның - Медғат-Қасым, Еңлік-Кебек, Ақылбайдың - Дағыстан (Кәрі Жүсіп), Әсеттің - Салиха Сәмен және Евгений Онегин аудармасы, Зұлұс, Көкбайдың - Сабалақ, Кенесары-Наурызбай, Әріптің - Біржан-Сара, Тұрағұл, Мұқа, Әубәкір сынды шәкірттерінің шығармаларының әдебиет тарамдарынан табылуы ғалымның арқасында [2, 5].
Қайым Мұхамедхановты біз тек әдебиетші деп қана емес, сонымен қатар текстолог ретінде танимыз. Ғалым Абай жайлы еңбектерінде ақынның көп өлең сөздері бұрмаланғандығы жайлы жазады. Ұлы ақынның 100 жылдығына орай шығарылған өлең жинақтары асығыс жасалған дүние дейді. Себебі Абайдың өлеңдерін жинақтаушылар тек бір ғана Мүрсейіттің нұсқанын негізге алған. Мұндай шала-жансар, шикі дүниенің кейінгі ұрпақтың қолына тимеуі үшін Қайым Мұхамедханов Абай шығармаларының текстологиясымен айналысады, 1909 жылы жарық көрген Абайдың алғашқы өлеңдер жинағын, 1921 жылдан бастап 1954 жылға дейін шыққан Абайдың барлық кітаптарын салыстырады. Жинақтарды салыстыру барысында Абайдың өлеңдерінің көпшілікке қате нұсқасының беріліп жүргенін анықтайды, оларға текстологиялық талдау жасайды. Ғалымның Aбaйдың бұpын жaриялaнбaғaн өлеңдері, Түзeлгeнi қайсы? Түсiнiктeрi қайсы?, Абайдың сөзіне үңілсек дұрыс үңілейік, Ақын мұрасына абай болғанымыз жөн және тағы басқа мақалаларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерттеулерінің ғылыми діңгегіне айналды. Көпке мәлім Абайдың Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Қансонарда, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат және тағы басқа өлеңдердегі қателіктерді көрсетеді, олардың қате екендігін дәлелдейді және дұрыс нұсқасымен толықтырады. Алайда, кейбір қателіктер өзгертілгенімен, кейбірі бүгінгі күні сол қалпында кездесіп жатқаны өкініш тудырады. Текстолог-ғалым мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің ұранына айналған Абайдың Ғылым таппай мақтанба және Интернатта оқып жүр атты өлеңдердің түп-тамыры бір екендігін және екі өлеңнің көркемдік-ерекшеліктері мен мағыналық сабақтастығын көрсетеді [3, 19-155]. Абайтануды Қайым Мұхамедхановсыз елестету мүмкін емес, бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист,-деп бағалайды [4]. Ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларын текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.
Қайым Мұхамедхановтың зерттеушілік ізденістері нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің және қоғамдық-саяси тарихтың мазмұнын байытқан өлшеусіз қымбат қазыналар, мұрағаттық құжаттар - өз алдына бір төбе. Ғалым Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сынды бірнеше нұсқалы жырларды зерттеп, оларға талдау жасап, қайысысы тарихи шындыққа сай келетінін тапты. Алайда солақай саясаттың кесірінен бұл еңбектері көпке жарияланбады. Мұхамед Хайдар Дулати мен Қадырғали Жалайыридің өмірі мен еңбектеріне шолу жасайды. Қайым Мұхамедхановтың зерттеу жұмыстарының қайсысы болмасын, қазақ әдебиетіне, қазақ тарихына құнды. Әсіресе, Бұқар жырау жайлы жазылған мақаласы тың мәліметтерге толы. Қайым Мұхамедханұлы Бұқар жырау мақаласында жыраудың өмір сүрген жылдары мен туған жері мәселелерін қозғайды. Қ.Жұмалиевтың, Х.Сүйіншалиевтің, С.Мұқановтың, М.Мағауинның ғылыми еңбектерінде көрсетілген Бұқардың өмір сүрген жылдары мен туған жері шындыққа жанаспайтынын және дәлелдердің қисынсыз екенін Қайым Мұхамедханов көрсетіп қана қоймай, осы сұрақтардың жауабын табуға өзі кіріседі. Ғалым тарихи деректерден тыс, Бұқармен замандас болған жыраулардың шығармаларына үңіледі, шежірелерді ақтарады және шындыққа сай келетін нұсқасын ұсынады [5, 54-85].
XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінің басты мәселелерінің бірі шығармалардың нақты авторын табу еді. Кей ақын-жазушылар өз шығармаларын баспаға бүркеншік есіммен жариялап жатса, кейбірінің шығармалары уақыт өте қолды болып, өз иесінен айырылып жатты. Бұл мәселемен күресу Қайым Мұхамедхановтың ендігі міндеті болады. Ғалымның ерен еңбегінің арқасында қаншама шындықтың беті ашылды, ұмыт қалған тұлғалардың есімі қайта жанданды. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. Мысалы, Иманбазар Қазанғапұлының Әнибал поэмасын ағайын Еркөкшенің атынан жариялағанын, әркімнің үлесіне тиіп жүрген Әудемжер әнінің тарихын қопарып, бұл әннің иесі Көкбай екендігін дәлелдеді [6, 21-31]. Қайым Мұхамедханұлы өзінің мақалаларында Мақы Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Әбілхайыр Досов, Елубай Өмірзақов, Ғабиден Мұстаафин, Асқар Тоқмағамбетов, Сабыржан Ғаббасовтар сынды қоғам қайраткерлерінің өмірлерінен сыр шертеді.
Зерттеу еңбектерінде Қайым Мұхамедханұлы қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелген емес. Оның қаламынан Пушкин, Лермонтов, Толстой, Михаэлис, Крылов, Бунин т.б. туралы мақалалар туындады. Бұл мақалаларында Абайдың орыс әдебиетінің алыптарымен үндес екендігін, орыс халқымен тығыз байланыста болғандығын көрсетеді. Оны мақалаларының атынан да анық байқауға болады. Мысалы, Крылов және Абай, Абай мен Лермонтов, Абайдың досы Михаэлис, Қорқытпа мені дауылдан (Абайдың бұл өлеңді кімнен аударғаны жайында). Орыс халқының өзге Тарас Шевченко, Адам Мицкевич, Лу Синь, Берді Кербабаев, Хамза Хаким-зада Ниязи, Микаэл Налбандян, Хұсайын Файзханов сынды тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты
Қайымның әдебиет тарихына ғалым-текстолог ретінде қосқан үлесі салмақты, алайда жазушы-ақын ретінде де сіңірген еңбегі кем емес. Жастайынан әдебиетке жақын өскен Қайым ақындық қырымен де көпке танылған. Оның 100-ден аса өлеңдері мен поэмалары және аудармалары ел есінде. Ақынның Жамбыл, Орындалған өсиет, Алдыма ақын Абай - Темірқазық сынды өлеңдерімен қатар, Тарас Шевченкодан, Ғабдолла Тоқайдан аударған өлеңдері көптің жүрегінен орын алған. Әсіресе, Николай Карамзиннен аударған Сормаңдай Лиза поэмасы әдебиеттен ойып тұрып орын алған [7, 273-306]. Орыс шығармаларын қазақ тіліне поэтикалық күйде аударудың мысалдары бірен-саран, олар: Абайдың М.Лермонтовтан аударған Вадим поэмасы, жоғарыда көрсетілген Шәкәрімнің А.С.Пушкиннен аударған Дубровскийі және Қайым Мұхамедхановтың Сормаңдай Лизасы.
Санаулы ғұмырын атақ үшін емес, ұлы Абай үшін өткізген, қу заманның қатал қағидаларына мойынұсынбай азаматтығын сақтай білген Қайым Мұхамедханұлының есімі әдебиет тарихына алтын әріппен жазылады. Ғалымның кез келген шығармасында терең ой, тарихи шындық жатыр. Абай, Шәкәрімдей асыл қазыналарымыздың алтын қорын өтірікке былғатпай, бүгінгі ұрпағына жеткізген Қайым Мұхамедханұлының ерлігі ел есінде. Қайымның мұрасы - уақыт өзгеріп, толқын ауысқанымен, ел есінен мәңгі өшпейтін асыл мұра.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың ғалым тұлғасын ашу және ғылыми еңбектеріне талдау жасау.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: абайтанушы ғалым, әдебиеттанушы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың өмірінің, шығармашылығының біз білмейтін сырлары ашылады және ғылыми мұрасына талданады
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo Қайым Мұхамедхановтың өмірбаянына шолу жасау;
oo Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығымен таныстыру;
oo Ғалымның Абайдың ақын шәкірттеріне арналған ғылыми жұмысын зерделеу;
oo Текстология саласындағы ғылыми еңбектеріне талдау жасау;
oo Ұстазы Мұхтар Әуезовпен рухани және ғылыми үндестігін анықтау;
oo Ғалымның ғылыми еңбектеріне қарама-қайшы келетін ой-пікірлерді саралау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
oo ғылыми жұмыс барысында Қайым Мұхамедхановтың ғылыми еңбектеріне талдау жасалады;
oo драматургиялық, әдеби шығармалары және аудармалары таныстырылады;
oo ғалымның ғылыми еңбектеріне қарама-қайшы келетін ой-пікірлер сараланады;
oo ұстазы Мұхтар Әуезовпен рухани және ғылыми үндестігі айқындалады.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2.1. Қайым Мұхамедхановтың ғұмырнамасы мен шығармашылығы және оның зерттелуі
Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты - Ғабдұлқайым.
Қайым Мұхамедханов - ғалым, абайтанушы, шәкәрімтану ғылымының негізін қалаушы, ұстаз, ақын, драматург, жазушы, қоғам қайраткері.
Адамның болашақта тұлға болмысының қалыптасуы, терең танымының қалыптасуы балалық шағынан басталмақ. Балалық шағыңда қоршаған ортаң, нәр алған бұлағың құнарлы болса, ол - жарқын болашақтың, ғибратты ғұмырдың кепілі. Бала Қайымның ғалым Қайымға басқан алғашқы баспалдағы әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының арқасында еді. Мұхамедхан абыройлы, білімді, ауқатты адам болған. Мұхамедхан Сейітқұлұлының қазақ мәдениетіне, қазақ зиялыларының танылуына қосқан үлесі зор. Тағылымды ғұмырын Мұхамедхан тарихи өлең-жырлар мен қолжабалар жинаумен өткізген. Қазақ, орыс, татар, араб тілдерін жетік білген, әлем әдебиетінің классикалық туындыларына жаны құштар болғаны соншалық, бар жиған газет-журналдарынан, кітаптарынан үйінің ішіне шағын кітапхана жасап алған. Әкесі жайында Қайым былай дейді: Әкем Мұхамедхан көзі ашық, көңілі ояу, сауатты әрі ауқатты адам еді. Сол кезде шығып тұратын газет, журналдарды түгел дерлік алдырыпты. Дала уалаяты газеті, Айқап, Шора, Абай журналдары; Қазақ, Сарыарқа, Уақыт, Тәржіман газеттері; Абайдың жинағы (1909), Шаһкәрімнің, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, тағы басқа қазақ ақын-жазушыларының кітаптары, қисса-дастандары үйіміздің бір бөлмесінде лық толып тұратын [8, 12].
Абыройы мен ауқаты қатар жүрген әке, сол уақыттағы Семейде шығатын газет-журналдарға демеуші болған. Нақтылап айтқанда, Сарыарқа газеті, Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың бастамасымен 1918 жылдан бастап жарыққа шыққан Абай журналын қаржыландырған Мұхамедхан Сейітқұлұлы болатын. Алашордашылармен жақын араласып, қиын сәтте қастарынан табылған. Әлихан Бөкейханов Семейге Алаш атауын беруді талап еткен кезде, Сейітқұлов қолдау көрсетіп, Алаш атауының қайтарылуы жайлы дәлелдерін көрсеткен. Шәкәрім, Міржақып Дулатов сынды қазақ зиялылары тұтқында жатқанда, кепілдік төлеп, бостандыққа алып шыққан да осы Мұхамедхан еді.
Бала Қайым әкесінің жазушылар мен ақындарға, өнер адамдарына деген ыстық ықыласын байқайды. Тіпті, Мұхамедханның үйі - Қазақ зиялыларының ордасы, екінші үйі болатын. Бұл жайында ғалым былай дейді: Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Шәкәрім, Көкбай, Иса, Әміре, Мұхтар, Халел Ғаббасов, Мәннен Тұрғынбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты [?, 25-26]. Қайымның зиялылардың астанасы болған Семей топырағында дүниеге келіп, құнарлы ортада тәрбиеленіп өсуі елі мен жерін шынайы сүйетін, ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауды мақсат еткен болашақ ғалымды бағдарлап, биік белестерге көтерілуіне ықпал етеді.
Бала Қайымның бейбіт өмірі ұзаққа созылмады. 1928 жылы Кеңес өкіметінің төріне Сталин отырған сәттен, қазақ халқының аспанында қара бұлт үйілді. Сталин қызметін оппозиялық орталықтарды талқандаудан бастады. Алаш қозғалысына қатысқан барлық зиялы қауым өкілдері тұтқындалды. Оларға буржуазияшыл-ұлтшылдар деп жалған айып тағылды. 44 алашордашылар тұтқындалып, Ж.Аймауытов бастаған бір топ арыс ату жазасына кесілді. Қалғандары темір торға қамалды, соның ішінде Қайымның әкесі Мұхамедхан да бар еді.
Мұхамедхан абақты да ұзақ отырмағанымен, дүниелері талан-таражға түсіп, үйі тартып алынады. Буыны қатаймаған Қайымның басына қиын қыстау күн түседі. Отбасылық үйі мектепке айналады, қатал тағдырдың мысқылындай Қайым сол мектепте оқуға міндетті болады, алайда жалған жаланың салдарынан мектептен қуылады. Бұл тек үлкен сынақтың басы ғана болатын.
1932 жылы Мұхамедхан Сейітқұлов тағы да жазықсыз абақтыға қамалады. Жас болса да Қайым бұл ауыртпашылықтың бәрін жеңе білді. Отбасын асырау үшін бала Қайымға білімінің жолында ғана емес, қара жұмыстың соңында да жүруге тура келеді. 15 жастағы боз бала кемедегі жүк тасушы қызметінен бастап, кадр бөлімі қызметкері, мәдениет қызметкері болып жұмыс жасайды. Бұл жөнінде ғалым: Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім[1,12], - деп еске алады.
Арада біршама уақыт өткен соң, тауқыметтің қара бұлты сейіліп, Қайымның өмірі оңала бастайды. Қазақ тілі курсын өтіп жүрген уақытында Семей мешіті молдасының қызы Фархинұрға ғашық болып, 1936 жылы отау құрады. Осы жылы Қайым өзінің ұстаздық жолын бастайды. Оған жазушы Кәмен Оразалинның мына сөздері дәлел: Оқытушымыз жиырмадан жаңа ғана асқан жас жігіт екен. Өзін өкшелеп қалған оқушылар алдында бойын кең, байсалды ұстап, ажары салиқалы адаммен кездескенімізді паш еткендей таңдана да, таңырқай да, сүйсіне де қарауымызды әлі тоқтата алғамыз жоқ. Қара шашын милықты келген маңдайының екі шекесіне бөліп тарапты.
Кластағы оқушыларды тегіс шолып болғаннан кейін ғана:
- Шын атым Ғабдулқайым, әкем аты - Мұхамедхан, - деп өзін таныстырды[10].
1937 жыл тек қазақ халқы үшін ғана емес, Сейітқұловтар отбасы үшін де қаралы жыл болды. Осы жылдың қараша айында мылтық асынған үш-төрт көк аттылар Сендер тұтқындалдыңдар! деген ұранмен, әкелі-балалы Мұхамедхан мен Қайымды алып кетеді. Қайым екінші күні босатылғанымен, әкесі 10 жылға сотталып, Сібірге айдалды деген қауесет шығады. Бірақ бұл жалған ақпарат еді. Сотталған уақыттан үшінші күні Мұхамедханның ату жазасына кесілгенін Қайым білмеген еді...
Қайым Мұхамедхановтың қоғамдық қызметтері ғалым тұлғасын кеңінен аша түсетіндей. Сол қызметтерінің бірі - 1940 жылы Семей қаласында Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайын ашылуына белсене араласуы.
80 жылдық тарихы бар Семейдегі Абайдың бас мұра - жайының құрамы қандай бөліктерден тұратынын және осы уақытқа дейін қандай жұмыстар жасалғанына тоқталсақ. Қазіргі таңда мұражайдың көпес Р.Ершовтың үйі, ақынның 150 жылдығында бой көтерген жаңа ғимарат, Ахмет Риза мешіт-медре - сесі, Алаш арыстары - М.Әуезов мұра - жайы, әкімшілік ғимараттан тұрады. Бас мұражай экспозициясында Абай дәуірі, Абай - бейнелеу өнерінде, Абай мен Семей шаһары атты тақырыптық көр - ме залы, Абай шығармаларының қай - нар бұлақтары, ақын дастандарына арналған Шығыс залы, Грек залы, Жаз өлеңіне арналған зал, Абайдың ақындық мектебі, Абайтану, Абай ха - лық жүрегінде, Сыйлықтар залы ор - наласқан. Оларда Абай өмірі мен шығар - машылығы, оның ақындық, туыстық айна - ласы, замандастары мен шәкірттері жай - лы мол мағлұмат жинақталған. Ақын отбасынан қалған көне мүліктер, түпнұсқа құжаттар, Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін бейнелейтін этнографиялық және архивтік деректер, шығыс ғұламаларының сирек кездесетін шығармалары, батыс философтарының туындылары, қазақ өмі - рін қаз-қалпында сипаттайтын алты қанат - ты киіз үй де жаңа ғимаратқа кеңінен жайғасқан.
Адамды қандай екенін көзқарасынан танитын, Қайымға аға іспеттес болған Мұх - тар Омарханұлы жас жігіттің бойынан адамгершілік қасиетінен бөлек ұшқыр талапты байқағандықтан отызыншы жылдардан өз қарамағына алады. Абай мұрасына саясат тарапынан қауіп төне бастаған сәтте Мұхаң жас Қайымға Абай және оның шәкірттері жайлы көз көрген қариялардан мәліметтер жинауды, ұлы ақынның шығармаларының мәтінін зерттеуді және мұражай ашу мақсатын жәдігерлер жинауды тапсырады. Ұстазының сөзін екі етпей, Қайым бірден іске кіріседі. Әрі жолдасы, әрі әріптесі Борис Акерманнның жүк көлігімен Шыңғыстауды айлап еш тынбастан аралап, қариялармен әңгімелесіп, біршама мәлімттер алуға, ақын шығармашылығынан тың деректер білуге уақыт таба білді. Сонымен қатар, іс-сапарында ұлы ақынға тиесілі тұрмыстық заттар да табылып жатты. 500 жәдігер анықталып, Қайым олардың әрқайсысына ғылыми анықтама берген. Осылайша, 1940 жылы Семейде ашылған Абай мұражайының ашылуына Қайым үлкен еңбек сіңірді.
Мұражайға алғашқы қызметкер болып Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов алынып, ұлы ақынның туыстарында, замандастарында сақталған Абайға тән заттарды жинақтай бастады. Соның арқасында аз ғана уақыттың ішінде мұражайдың экспозициясы жасалынды.
Кейін заттық жәдігерлерден бөлек Абай жайлы естеліктер, қолжазбалар, ақынның шығармаларын жинау мақсат етілді. Бұл жолда мұражайға зор үлес қосқан Әрхам Кәкітайұлынан бөлек, Қайым Мұхамедханов, Ахат Құдайбердиев, Мұздыбай Бейсенбаев болатын.
Мұражайда Абайдың жазба жәдігерлерінің алатын орны ерекше. Қазақ, араб, парсы, шағатай, татар, орыс т.б. тілдерде жазылған 435 бума мұражайдағы қолжазбалар қорын құрайды.
Бұл қолжазбалар тек Абайға ғана емес, сонымен қатар Абайдың замандастары, шәкірттері жайлы да жазылған. Атап айтқанда: Абайдың Мағауияға хаты, Абайдың шәкірттері - Ақылбай, Шәкәрім, Мағауия, Көкбай, Әріп, Әсет, Төлеу, Уәйіс, Шәкір тағы да басқаларына қатысты деректер, шәкірттерінің шығармалары сынды құнды дүниелерден тұрады.
Кейін мұражай Шәкәрімнің шығармаларымен толықты. 1985 жылы Ахат Шәкәрімұлы әкесі жайлы жинаған бар мұрасын мұражайға өткізеді. Жинаған қолжазбаларының негізі - Шәкәрімнің шығармалары, өзінің өлең-поэмалары және әкесі жайлы естеліктері.
Абайтанудың алыбы - Қайым өмірінің бір бөлшегін осы мұражайға арнаған. Мұражайды ішін құнды қолжазбаларға толтыру, Абайдың және шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығынан сыр ақтару ғалымның алға қойған мақсатының бірі болды, бұл мақсатқа жету жолында тер төкті. Қайымның мұражайдың ашылуындағы рөлінің зор екендігін мұрағатта сақталған Абай мұражайының ашылу жоспары мен есебіндегі деректер дәлел. Құжаттан мысалы келтірсек:
План работы музея Абая на 1940 год.
Подбор и приобретение книг в областном музее К.Мухамедханов 15.08.1940г.
Приобретение у старожилов ценных книг К.Мухамедханов 20.08.1940 г.
Вопросы научно-исследовательских и тематических А.Жиреншин
работ К.Мухамедханов 25.08.1940 г.
Создание научно-литературного отдела музея К.Мухамедханов 4.10.1940 г.
Приобретение ценных старинных национальных костюмов К.Мухамедханов 1.10.1940 г.
Научная командировка в целях ознакомления с работой других музеев в г. Ташкенте, Тбилиси, Москве, Шота-Руставели и др. К.Мухамедханов до 1941 г.
Показ жизни Абая в социально-бытовом, культурном отношений К.Мухамедханов 1.10.1940 г.
Мұражайдағы Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құнды еңбектер, құжаттар мен қолжабаларды жинастыруды Қ.Мұхамедханов атқарған. Тек қана деректер жинап қана қоймай, абайтану саласында алғаш ғылыми еңбектер жаза бастаған уақыты да осы мұражайдың ашылуымен тұспа-тұс келеді. Бұған дәлел 1940-41 жылдары Қайым Мұхамедхановтың жасаған жұмысы жайлы есеп.
Научная работа по темам:
По теме бытовая обстановка жизни Абая преступлено и составлено
актов по бытовой обстановке дома №83 по проспекту Абая в
последние годы жизни в нем жил Абай (Исхаков, Аккерман);
По теме Литературная школа Абая тов. Мухамедханов собирал
большие материалы по Арипу и это будут изданы в текущему году.
Это будет первый научный труд работников Абая 1941 г.
Директор музея Тлеков .
Бұл құжат Абайдың мұражайында ғылыми зерттеудің алғашқы ізін салған Қ.Мұхамедханов екенін дәлелдейді.
Қайымның энциклопедиялық білімі, Семейдің тарихымен жақсы таныс болуы мұражайды басынан аяқ жүйелі жабдықтауға үлкен көмек болды. XVIII ғасырдың басында шекаралық қорған ретінде қаланған Семей қаласы, XIX ғасырда үлкен сауда орталығына айналды, ал ХХ ғасырда өркениеттің, мәдениеттің ордасы болды. Бұған дәлел - Шоқан Уәлихановтың жақын досы, атақты ғалым Г. Потаниннің Семейге берген бағасы. Ол Семей жайлы своего рода Одесса на нашей среднеазиатской границе деп, Одессадан айырмашылығы кемелердің орнын түйелердің керуені алмастырады дейді.
Семей өсіп-өркендеп, мәдениеттің ошағына айнала бастады. Оған бірден бір әсер еткен бұл қалаға жиналған ойлы азаматтар қауымы. 1885 жылы көшпелі қазақ елінің түрлі аймақтарын аралап, көшпелі салт-дәстүр жайлы мәліметтер жинау үшін атақты америкалық журналист Джордж Кеннан мен суретші Джордж Фрост келеді. Сапарында Семей қаласына соғып, тарихшы, философ А. Леоньтевпен сұхбат құрғанда осы аймақта шетел әдебиеті мен философиялық еңбектерімен таныс, өте ақылды бір адамның барын айтады. Әрине, ол - Абай еді. Сонда журналист дала көшпенділерінің ішінде мәдениетті, саналы адамның барына таңырқап, Абаймен кездесуді армандайды. Өкінішке орай, бұл кездесу жүзеге аспайды. Семейдің өркениетін көрсететін мұндай мысалдар аз емес. Соынң бірі, ағайынды Бело - сюдовтар. Олар Семейдегі екі қабатты үйлерін өңдеп, өлкетану мұражайына айнладырған. Ағайынды Белосюдовтар тек қана Семей жайлы құжаттар мен экспонаттармен шектелмей, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, әдебиеті жайлы жәдігерлер жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бір дәлелі, қуғынға ұшыраған поляктың ақыны Густав Зелинскийдің Қазақ поэмасын шығарып, мұражайға қойған, сонымен қатар Абайдың поэзиясын насихаттайтын құнды мұраларды да табуға болатын.
Мұражай ашылғанына бір жыл толғанда Қайым Мұхамедханов 60 құнды дүниесін өт - - кізген. Бұл дүниелердің ішінде қазақ өмірінен, Абайдың дәуірінен сыр шертетін, мол мағлұмат беретін құнды материалдар бар. Заттардың көбі ұлы ақынның тұтынған заттары болу әбден мүмкін. Ұстазы Мұхтар мен шәкіріт Қайымның бірлігі мен тынбас еңбегінің арқасында табылған бұл құнды жәдігерлер мұражайға келген қонақтардың назарын бірден аударары нақ.
Қайымның Абайдың шығармашылығымен, текстологиясымен және мұражайымен ұстазы Мұхтардың тапсырмасымен айналысуға кірісті деп жоғарыда көрсеттік. Алайда, бұл мақсаттарын орындауына 1941-де басталған соғыс кесірін тигізіп, біршама уақытқа тоқтатуына тура келді. Себебі, сол соғысқа Қайым жауынгерлердің қатарына алынып, Отанын алдындағы борышын өтеу үшін майданға аттанған болатын. Қанша жерден елі үшін барын беруге дайын тұрса да билік тарапынан халық жауларының ұрпақтарына деген күдік сейілген жоқ. Сонымен, Қайым еңбек әскеріне алынып, қара жұмысқа жегіледі. Ғалым 1941-1942 жылдар аралығында Свердловск, Магнитогорскіде болып, қорғаныс шебін жасақтауға қаты - сады. Жасаған еңбегі үшін құрмет медалімен де марапатталады. Бірақ бұл медаль Қайымның денсаулығына сая бола алмады, қиын қара жұмыстың салдарынан денсаулығы нашарлап, төсек тартып қалады. Кейін жарамсыз деп танылып, елге қайтарылады.
Елге оралған соң ғылымда тоқтап қалған жұмысын қайта жалғастырады. 1942-1947 жылдар аралығында Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы және Семей облыстарындағы Жазушылар одағының уәкілі қызметін атқарады. Сонымен қатар, Абай жайлы зерттеуін жалғастырып, мұражай ісіне білек сыбана араласады. Ұстазының тапсырмасымен ұлы ақынның 100 жылдық мерейтойына Абайдың жарық көрмеген , жұртшылық танымайтын тоғыз өлеңін тауып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жинаққа қосады. Кейін сексенінші жылдарға дейін бұл көрсеткіш бірнеше еселеніп, отыздан асып, жығылады.
1947 жылы мұражай республикалық Ғылым академиясына өткеннен кейін, академия президенті Қаныш Сәтбаевтың тікелей бұйрығымен отыздан енді асқан Қайым Мұхамедханов мұражай директоры болып тағайындалады. Директорлық лауазыммен қатар, ұстаздық жолында, ғылым жолында жүргенне кейін Қайымның Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы құнды деректер жинау, зерттеу жұмыстары, ақындық мектебі жайлы мәліметтерді іздестіру жұмыстары жоспары бойынша жүріп жатады. Қайымды ерекшелейтін қасиеттерінің бірі - ешкімге жалтақтауды білмейтін, тік мінезі еді. Соның бір дәлелі - директор лауазымын пайдаланып, 1945 жылы күзде Қаныш Сәтбаевқа жазған хаты. Хатында соғыс уақытында Семей қаласында орналасқан Гоголь атындағы кітапхана қорындағы құнды кітаптардың жоғалғандығын, араб әліпбиімен жазылған еңбектердің әдейі құрытылғандығын, жалпы қала мәдениетінің құлдырап бара жатқандығын еш тайсалмай, ашық жазады.
1949 жылдың ортасында Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаевқа тағы бір хат жазады. Бұл хаты Абайдың өмірден өткеніне жарты ғасыр толуына арналған ұсыныстар еді. Хатты Қаныш Сәтбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Д.Оңдасыновпен және КП(б)К Орталық Комитетінің хатшысы І.О.Омаров мырзамен талқылайды. Ғалым хатында бірнеше мәселелерді қарастырған. Біріншісі - Абай зиратының басына мазар орнату. Сонымен қатар, Алматы мен Семей қалаларында ұлы ақынның ескерткішін тұрғызу мәселелері жазылған. Мұнымен шектелмей, Абайдың мүсінін жасауды қай шеберлерге берген жөн екендігін де жазды. Келесі мәселе, Жидебайдағы Абай қыстауын күрделі жөндеуден өткізіп, қайтадан қалпына келтіру.
Қайым мұражайда қызмет етіп жүріп, ғылыми мақалалар жазды. Оның бірі - Абайдың әдеби мектебі мақаласы. 1945 жылы жарық көрген бұл мақалада Ақылбайдың Дағыстан, Зұлыс, Мағауияның Медғат-Қасым, Еңлік-Кебек, Әубәкір мен Әріптің шығармашылығы сөз етіледі. Алайда, солақай саясаттың әсері Қайымның мақаласына теріс әсер етпей қоймады. 1947 жылы Социалистік Қазақстан газетінде Жекен Жұмақановтың Абайға ешбір қоқыс жараспайды деген мақаласы жарияланады. Бұл мақаласында мұражайды жанды-жансыз қоқыстардан тазарту керек деп, қызметкерлердің жұмысын, ғылыми еңбектерін сынға алады. Сол сынның бірі Қайым Мұхамедхановқа бағытталған еді. Қ.Мұхамедханов жолдас Әріп ақын жайында мақала жазып отыр. Бұл еңбегінің Абайға қаншалықты қатысы бар десеңізші, -дейді автор. Сонымен қатар, аталған мақалада: Семейде бір топ әдебиетшілер бар. Олардың бірсыпырасы Абай музейінде ғылыми қызметкер болып істейді, өздерін Абай ауылынанбыз, Абайдың мирасқорларымыз деп санайды -дей отыра, ғалымның Қазақ әдебиеті заманымыздың талабына сай болсын атты мақаласы жайлы да пікірін білдіреді. Қазақ әдебиетін мектепте оқыту, Абайдың ақындық мектебі, Абайдың шәкірттері - Тұрағұлы, Шәкәрім, Әріпті ғылыми тұрғыда зерттеу мәселелері көтерілген бұл мақалаға Совет үкіметіне, партияға қарсы адамдар. Бұл мақала авторы оларды прогресшіл еді, шәкірт еді деп босқа лағып отыр деп қисынсыз баға береді. Кей айып тағушылардан мұнда кешегі алашордашыл Тұрағұлдың суреті неге тұр? деген қисынсыз жала да жабылды. Орынсыз сын Қайымның зерттеу жұмыстарын жалғастыруына еш кедергі болған жоқ, керісінше өзін-өзі қамшылап, сынның жалған екендігін дәлелдеуге күш болды.
Мұндай сорақылық жайлы ғалым Қайым бір сұхбатында өзі айтқан болатын. Қырқыншы жылдары Абай мұражайы ашылғанда мұражай төрінен Абайдың кейбір жақын-жуық туыстары мен шә - кірт - тері ескі заманның кертартпа өкіл - дері ретінде шеттетіліп, олардың орны - на сол шақта Социалистік Еңбек Ері атан - ған еңбек адамдарының қойылғанын қай - терсіз!.. Ал Мұхаңның тікелей ақыл-ке - ңесімен Абай мектебін зерттеуге кіріс - кен мен ат - қа теріс мінгізіліп, қуғын-сүр - гінге ұшы - - радым. Марксизм-ленинизм мекте - бі дегенді білуші едік, Абай мек - тебі деген қайдан шықты? деп дау - рық - ты көкезу данышпандар. Сөйтіп елуін - ші жылдардың басында жиырма бес жыл - ға сотталып кете бардым. Көп ұзамай Мұхтар Әуезовтың роман-эпопеясын Абай жолы деп атауы үлкен ерлік, нар тәуекел еді. Себебі, осы кезеңде 1937-де болған зұлматтың қайта оралайын деп тұрған шағында, Абайдың шығармаларына шектеу қойылып, тіпті Абайға қатысы бар дүниелерді атауға тыйым салынған уақы еді. Бұл кезеңде коммунизм мадақталып, Лениннің жеке басына табыну етек алды. 37-нің екінші дүмпуі болжана бастаған уақытта ұлтшыл деген айыппен Қайым Мұхамедханов 1951 жылдың желтоқсан айының ба - - сында 25 жыл - - ға бас бостандығынан айырылады. Ұлтшыл деген айыптың орынсыз екенін, Қайымның орыстың көр - нек - ті жазушыларының бірі Всеволод Ива - нов - қа көрсеткен көмегінен аңғаруға болады. 1948 жылы Семей қаласына Всеволод Иванов келіп, ұлтшыл Қайымға қалада Достоевскийдің мұражайын ашуға көмек көрсетуін өтінеді. Бас қайғысы басым болса да Қайым өтінішін жерге тастамай мұражайдың ашылуына үлкен үлес қосқан еді.
1951 жылы Қайым ұстазы Мұхтар Әуезовтің ғылыми жетекшілігімен Абайдың әдеби мектебі атты тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғайды. Сонда жаптым жала, жақтым күйе деуші, Әуезовті көре алмай жүрген адамдар Маркс, Энгельс, Ленин мен Сталин мектебі дегенді білуші едік, мынау неғылған сұмдық? Ғылымдағы буржуазиялық ұлтшылдық көзқарас дегеніңіз осындай-ақ болар, - деп дау-жанжал шығарады. Ғылыми жұмысында Құанбайды дәріптейді, Кенесары көтерілісін қолдайды деп тағы бір жала тағылады. Бұған Қайым былай деп жауап береді: Маған байлар мен хандардың өмірбаянын паш еткен бөлім ашты деген кінə тағылды. Шіркін-ау, Құнанбай болмаса, Абай қайдан келер еді? Шыңғыс пен Уəли болмаса, Шоқанды кім берер еді? Осыны ойлағылары келмегенге не дауа?!
Осы кезең туралы ғалымның өзі: 1951 жылы сәуірде Абайдың әдебиет мектебі атты еңбегім бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. Оның арты дау-шарға, пәле-жалаға ұласты. Ақырында "халық жауы" ретінде бес адам 25 жылға кесіліп айдалдық. Олар: Е.Бекмаханов, Е.Ысмайылов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев және мен - Қ.Мұхамедханов, - деп еске алады.
Жоғарыда аталған тұлғалардың қай-қайсын ауыр тағдыр күтіп тұрды. Алайда, жердегі тамұқтың азабын көрген - Қайым еді.
1951 жылдың желтоқсанында тату отбасының шырқын көкаттылар бұзады. Үйге басып кіріп, үйдің астаң-кестеңін шығарып, бұрыштарына дейін тінтіп, сақтаулы тұрған қолжазбаларды, кітаптарды, жазу бар қағаздарға дейін қидай сыпырып әкете бастайды. Қайымның Мұхтармен жазысқан хаттары бар сандығын да алып кетеді. Тіпті, Қайым ақталғаннан кейінгі уақытта тәркіленген заттарын сұратқанда қайтаруға рұқсат берілмеген екен. Қағаз, кітаптардан бөлек, Қайымның бар материалдық дүниесі де қолды болып, тәркіленеді. Ақыры, ғалымның қолына кісен тағылып, абақтыға аттанады. Сондағы Қайымның келіншегі мен балаларына қарап айтқан сөзі Мен көп кешікпей келемін.
Қайым Мұхамедханұлы әуелі Семей қаласының түрмесіне жабылады, кейін Алматы қаласының түрмесінде тоғыз айға қамалады. Ал Қайымның түрмеде көрген тағы бір азабы туралы ғалым Мекемтас Мырзахметов бір естелігінде ұстазынан естігенін былай жазады: Тергеушілер бір күні мені бір жеке бөлмеге қамап кетті. Ішінде еш нәрсе жоқ. Тек қана ортасында турник құрулы тұр. Бұл не? Мені турник ойнасын деп қойған ба деп таңдандым. Байқасам, бір уақыттарда бөлмем қатты жылынып, бірте-бірте ысып барады. Табаным күйіп барады. Саса бастадым. Не қыларымды білмей дағдарып тұрып, жан қысылған соң тұрған турникке асыла кеттім. Көп тұруға қолым шыдамай барады. Турниктен қолымды жіберейін десем, табаным ыстыққа тиіп күйетінін сезіп тұрмын. Жандалбасамен турникке асылып, қолым қарысып қалыпты. Оны мен есім ауғандықтан сезетін халім жоқ. Бір кезде өздері келіп мені босатып алыпты. Тағы да есім кірген соң қол қойдың астына алды. Көнбедім. Екі-үш күн өткен соң тағы да қол қой деп қыстады. Қасарыстым. Көнбеген соң кешегі бөлмеге апарып тағы қамап қойды. Бірақ бөлмеде құрулы тұрған турник жоқ. Үй ысыса не лаж етем деп ойланып тұрғанда, бөлменің суи бастағанын сездім. Бөлме суығы үдеп барады. Тісім тісіме тимей қалтырап барамын. Өлместің қамын жасап, үйді айнала зыр жүгірдім. Тоқтасам қатып қаламын, тек жүгіру ғана жанды сақтап қалмақ. Жүгіре-жүгіре талып түссем керек. Ес-түссіз жатқан мені тағы да өздері сүйреп алып шықты. Шамасы сырттан бақылап тұрса керек. Әрең дегенде есімді жиып, басымды көтерсем тағы да қағазды алдыма тоса қояды. Тістеніп тұрып қасарыстым. Тоңғаным әлі тарқамай дір-дір етіп азаптанып тұрмын. Абақтыдағы тұрағыма қарай кеттім. Таңертең тағы да тергеу басталды. Тергеуші түлкі бұлаңға салды. Жылы сөйлеп өз басыңды, бала-шағаңды ойласаңшы деп қамқорси түсті. Мына қағазға қол қой да, бізбен қоштасып, үйіңе кетсеңші, - деп қағазды нұсқады. Пікірімнен қайтпасымды білді де, белгі беретін түймесін басып қалып еді, еңгезердей екі жігіт жемтігін іздеген төбеттей дүрдие кіріп келді. Тергеуші мені алаңдату үшін сөйлей беріп еді, артымда тұрған екеуі қас қағымда резинка қапшықты басыма кигізіп жіберді де, мені құлатып, қапшықтың аузын байлап тастады. Сол арада-ақ мені үшеулеп сыртымнан таяқпен жабыла ұра бастады. Бар болғаны басымды қорғалақтап, тұншығып бара жатырмын. Тұншығудан есім ауып қалыпты. Қаптың аузына ашып мені шығарып тастағанын білмеймін. Есім кіріп, көзімді ашып, маңайыма қарасам, әлгі үшеуі маған албастыдай үңіле қарап күлісіп тұр. Қасапшыға ет қайғы, қара ешкіге жан қайғы деген осы екен-ау деп жатырмын. Үшеуі мені тұрғызып алды да, баяғы әдеттеріне басып қағаз бен қаламды алдыма қоя қойды.
Металлдың жоңқасын жастанған Қайым абақтыда қара су мен қара нанға зар болғандығын да тілге тиек етті. Ғалымның айтуынша, түрмедегі темір торлы терезінің арғы жағына татымды тамақ қояды екен. Ол тамақтан дәм тату үшін Советке қарсы жұмыс жүргізгенім рас деп жасамаған қылмысты жасадым деп мойындауың керек екен.
Бұл тек басы ғана болатын. Қылмысын мойындату үшін ғалымға жасалмаған қастандықтың жоқтың қасы. Қырынан жатқызып, самайына су дақұйған, тырнағына ине де сұққылаған, соққыға алып, резеңке қамшымен де сабаған. Денесі шағын келсе де, рухы берік Қайым қылмысын мойындамаған, өзінің идеологиясын сатпаған. Тіпті, Өзектіге өлім бар. Менің жаным Алаш арыстарының жандарынан ардақты ма, өліп-ақ қалайын дегенді ғана ойлап жүрдім, деп мойындайды бір сөзінде.
Зұлымдықтың бәрі Мұхтарға жасалып жатқан қастандық екенін Қайым бірден аңғарған. Бір күні Қайымды қинап жатып, тергеушілердің бірінен Абайдың əдеби мектебі туралы диссертация жазуға сені Мұхтар Əуезовтің мəжбүр еткенін мойында! дегенді естейді. Өзінің ұстанымынан бас тартпай, "Әуезовке қарсы қол қойғанша, өлгенім артық" деп, Қайым одан да ауыр азаптарға шыдас берген. Қалтай Мұхамеджанов досы Қайымның осы ерлігін жоғары бағалап: Мұхтар Әуезовті егер бір адам сатпаса, ол - Қайым, екі адам сатпаса, соның бірі - тағы Қайым. Қайым Мұхтар Әуезовтің өзіне де, оның мұрасына да адал болды, - деген болатын.
Ала таңнан әңгір таяқ ойнататын тергеушілер Қайымға "Әуезовтен, Абайдан бас тарт" деп райынан қайтармақшы болады. Бірақ Алаш зиялыларының қасиеті сіңген, арыстардың тәрбиесін көрген Қайымның рухын ешқандай азап сындыра алмады. "Өлсем, өліп кетейін" бірақ, шындықтан танбаспын деді. Өзі сол кезең туралы: "Сегіз ай тергеуде жатқанда жеті тергеушіні ауыстырдым. Алған бетімнен қайтпай қойдым. "Мұхтарды сат, ол саған диссертацияны зорлап жазғызды, ғылыми еңбектеріңнен бас тарт, жазаң жеңілдейді", - дейді олар. Одан да өлгенім артық емес пе, жалған айтып, қайтіп жер басып жүремін?" - деп еске алады.
Тәуекелге бел буып, ақиқаттан жаңылмаған Қайымға қол қойдыра алмасын түсінгеннен кейін тергеушілер, 25 жылға Карлагқа қуғынға ұшыратады. Карлаг ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz