Шарт туралы жалпы ережелер және жалдау шарты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Прокат шарты: ұғымы, нысаны, мерзімі
Орындаған: Ретбаев Дастан
Рецензент: Орамахова М
Актау 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Шарт туралы жалпы ережелер және жалдау шарты ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Шарт туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Жалға алу шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2 Прокат шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1 Прокат шартының жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Прокат шартының мерзімі, элементтері, тараптары мен мазмұны
және жалға алушының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Менің курстық жұмысым Азаматтық құқықтан Прокат шартына арналған. Тақырыбымды жазуда алдыма қойған міндетім мен мақсатым материалды жүйелі қарастырумен қатар, белгілі бір дәрежеде теориялық талдау жасау, азаматтық құқықтағы Прокат шартын зерттеуге ықпал ету, Прокат шартының басқа шарттардан айырмашылығын анықтау. Қоғамды демократияландыру еліміздің негізгі және басым міндеттерінің бірі. Қазір соған сәйкес қоғамдық өміріміздің барлық кең көлемді реформалары жүзеге асырылып отыр. Бұл мақсатта бізден алғашқы кезекте еліміздегі құқықтық жүйені жетілдіруді қолға алуды талап етеді. Демек, қазір қолданылып жүрген құқықтық, нормативтік құжаттарды еліміздегі азаматтық қоғамның босағасын бекіте түсу үшін де оны осын заман талабына сай жетілдірудің мезгілі жеткен іспетті.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту деп көрсетілген. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажетті - деп көрсетілген . Бүгінгі күні Прокат бойынша кәсіпкерлік қызмет түрі жүзеге асырылып жатыр. Азаматтық құқықта Прокат шартының алтын орны ерекше. Прокат шартына тоқталмас бұрын, жалпы шарт дегеніміз деген не - деген сұраққа жауап беретін болсақ шарт - бұл көне құрылымдардың бірі. Шарт ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарыстырады.Прокат шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне Прокатқа беруге міндеттенеді.
1.Шарт туралы жалпы ережелер және жалдау шарты
1.1 Шарт туралы жалпы ережелер
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттар өзінің бастауын Рим құқығынан алады. Онда шарт - дегеніміз бұл екі немесе одан да көп тараптардың қандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт болады. Контракт теримині орыстың шарт терминінің синонимі. Бастапқыда ол тек шартқа қатысты ғана емес басқа міндеттемелерге қатысты да қолданылды.
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады. Сонымен бірге, мәміле ұғымы шартқа қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады.
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады .
Ол атап айтқанда:
1) шартты жасау не жасамау;
2) шарт бойынша серікті жақты таңдау;
3) шарттың түрін таңдау;
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы).
Шарттың түрлері. Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышкор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т.б.). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және көп жақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген заладдың орнын толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің кұнын алады). Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы).
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана күқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар - сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтын пайдасына жасалған шарт -- бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы).
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған жөне өз қызметінің си-патына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, кыз-мет көрсету жөніндегі оның міндетгемелерін белгілейтін шарт -- жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы). Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсе-ту және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді.
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардын, құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге зандармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-бабының 2-тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т.б. жатады.
Қосылу шарты -- ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1-тармағы)
Алдын ала жасалған шарт -- әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1-тармағы). Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады, ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ, басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс.
Аралас шартта заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-бабы). Мысалы, аралас шарт деп мүлікті сақтауға бергенде оны ақысыз пайдалану құқығын қамтитын шарттарды және т.б. айтуға болады .
Енді шарттың мазмұнына келетін болсақ, шарттың мазмұны - бұл жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінін келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді. Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген. Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы -- оферта арқылы шарт жасау (бірінші кезең) және екінші жақтың ұсынысын қабылдауы (екінші кезең) оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әр жақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт уағдаласқан нысан берілген кез-ден бастап жасалды деп есептеледі.
Азаматтық кодекстің аталған бабына сәйкес, біріншіден шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше накды жақтарға жаса-лған ұсыныс жеткілікті дөрежеде айқын болып, ол қабылдан-ған жағдайда осыны жасаған жақтың (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады.
Екіншіден, оферта шарттың елеулі жағдайлары енгізілуі тиіс, және шарт жасау үшін сол елеулі жағдайлармен келісуі жеткілікті.
Үшіншіден, оферта оны жіберген жақ пен алушының қолына тигеннен бастап оларды өзара байланысты етіп кояды.
Офертаны қабылдаған тұлға оны өзіне жолдаушы жаққа белгілі бір уақыт өткенше басқа біреуге ұсыныс жасамай тұра тұруды міндеттейді және де офертамен келіскен тұлғамен оферта жіберуші шарт жасауы тиіс. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі.
Жоғарыда атап өткендей шарт бұл екі жақты келісім. Ол өзінің бастауын сонай Римнен алады. Яғни, шарт бұл кінделікті жасалатын құбылыс. Мысалы дүкенге барғанда, автобусқа мінгеде және тағы да басқа жағдайларда азаматтық құқықтық қатынастарға кездесеміз. Оларсыз қандай да бір әрекет жасау мүмкін емес. Кез келген адам мұндай қатынастармен күніне бірнеше рет кездеседі десек артық айтқандық емес.
Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Шартқа Азаматтық Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл Осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, Азаматтық тараудың ережелерiнде және Азаматтық Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (Азаматтық Кодекстiң 268-377-баптары). 'Франция Азаматтық кодексінің І-бабына сәйкес шарт деп мәмілені таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдында немесе бірнеше басқа тұлгалар алдыңда бір нөрсені істеуге немесе істемеуге міндеттенеді". АҚШ -тың Бірыңғай сауда кодексі шартты тұтастай алганда сол Заңға немесе басқя қолданылатын күқыкнормаларынасөйкес жақтардың келісімінен туындайтын құкықтық міндеттеме деп есептейді. 1-201-бапта "келісімге" анықтама берілгеі і: ..."жақтардың іс жүзінде жасалған мөмілесі өтініштер мен басқа да міндетте-мелерден туындайды"... Нидерланды Азаматтық кодексі кітабында 213-баи: "шарт бір немесе бірнеше жак өзіие бір немесе бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерді өзіне қабылдайтын мәміле болып табылады" деп анықтама берілген деп айтады.
Оған өсиет калдыру шарты жатады, борышкор кары-зын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге күкылы. Шарттардыңкөбіекіжақты болыпкеледі (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шартгау, сыйға тарту, тасылмал-дау және т.б.)- Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы са-тылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттьщ құнын төлеуге міндетті, және затты езіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және кепжақты деп бөлудің тәжіри-белік маңызы зор. Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптар-дың езара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарас-тырылған; өз мівдетін орындатудан бас тартуға немесе тоқта-туға қарсы талап берген жақтың қүқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағ-дайда келген заладдың орнын толтыруды талап ете алады.
Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, Азаматтық тараудың ережелерi қолданылады. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.
Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.
Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi. Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.
Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.
Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.
Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде Азаматтықған ұқсас жағдайларда әдетте Азаматтық сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (Азаматтық Кодекстiң 393-бабы). Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, Азаматтық мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.
Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды Азаматтық мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.). Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.
Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда Азаматтық Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн. Жария шарттың Азаматтық кодекстіңжекелеген баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады. Шартта оның кейбiр ережелерi Осындай шарттар үшiн әзiрленген және баспада басылып шыққан үлгi ережелермен белгiленетiнi көзделуi мүмкiн. Шарттың мазмұнында үлгi ережелерге сiлтеме болмаған жағдайларда, Осындай үлгi ережелер, егер олар Азаматтық Кодекстiң 3 және 382-баптарымен белгiленген талаптарға сай келетiн болса, тараптардың қатынастарына iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар ретiнде қолданылады.
Үлгi ережелер үлгi шарт немесе мазмұнында Азаматтық ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкiн.
Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты Осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекстегі жекелеген баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады.
Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды. Тараптар несие берушiге емес, шартта көрсетiлген немесе көрсетiлмеген және борышқордан мiндеттеменi өзiнiң пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге мiндеттi деп көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады.
Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген кезден бастап тараптар өздерi жасасқан шартты үшiншi жақтың келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды. Борышқор шартта өзiнiң несие берушiге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшiншi жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы. Үшiншi жақ шарт бойынша өзiне берiлген құқықтан бас тартқан ретте несие берушi, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады.
Сот шарт ережелерiн түсiндiрген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердiң сөзбе-сөз мәнi ескерiледi. Шарт ережесiнiң сөзбе-сөз мәнi түсiнiксiз болған ретте ол бүкiл шарттың басқа ережелерiмен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады. Егер Азаматтық баптың бiрiншi тармағындағы ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкiн болмаса, шарт мақсатын ескере отырып тараптардың шын мәнiндегi ортақ еркi анықталуға тиiс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келiссөздер мен хат жазысуды, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжiрибенi, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарды, талаптардың бұдан кейiнгi мiнез-құлқын қоса алғанда, тиiстi мән-жайлардың бәрi ескерiледi.
Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi. Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады. Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
Егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың
Азаматтық түрi үшiн бұл нысан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi. Егер шарт жасасу жөнiндегi жазбаша ұсыныс Азаматтық Кодекстiң 396-бабының 3-тармағында көзделген тәртiп бойынша қабылданса, шарттың жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi. Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды. Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.
Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс. Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi. Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz