Намаз - адам баласының тән тазалығы мен жан тазалығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Исламтану кафедрасы
Ханагат Харжаубай
Дініміздегі зәрулік мәселесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B021500 - Исламтану
Алматы, 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Исламтану кафедрасы
Қорғауға жіберілді
___________________
Исламтану кафедрасының
меңгерушісі, PhD Н. Анарбаев
_ _____________1202 жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дініміздегі зәрулік мәселесі
5B021500 - Исламтану мамандығы бойынша
Норма бақылаушы,
п.ғ.к. Нұр-Мүбарак ЕИМУ
қауым проф м.а.
______________
___ _______________2021 ж
Диплом жұмысының жетекшісі,
PhD доктор Қайрат Жолдыбайұлы
____________
___ ______________2021 ж
Диплом жұмысының кеңесшісі,
_______________
___ ______________2021 ж
Орындаған:
____________ Ханагат Харжаубай
Алматы, 2021
КІРІСПЕ
Күллі әлемді шексіз құдіретімен көркем түрде жаратқан, әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз мақтаулар болсын. Ғаламның Рахым нұры болған екі дүние сардары, Алла елшісі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын. Мұсылман үмбетіне берілген ұлы нығметтің бірі- Ислам. Қараңғы түнек әлемінен жарыққа шығарып, ақ пен қараны, адал мен арамды, жақсы мен жаманды ажыратушы Ислам дінінің мақсаты мен міндеті орасан зор.
Қай заманды алып қарасақ та, адамзат тарихындағы ең құнды байлық ол- адам өмірі. Исламның да негізгі мақсаты адам өмірі үшін қолайлы жағдай жасау. Әрбір адамның тағдырына тікелей әсер ететін бірден бір даңғыл жол- Ислам. Адам өмірінде қорғауы міндет болған ең асыл бес қазына бар. Осы бес қазына белгілі бір салмақпен өлшенеді. Әуелгісі дін. Қандай да бір тұлғаның өмірлік жолдасы һәм ақылшысы дін болу керек. Бұл сөзімде мақсат етіп тұрғаным Ислам діні. Исламның өз бойына қамтыған өзгермес қағидалары мен шарттарын толық ұстанып, шынайы түрде басшылық ету әр мұсылманның парызы. Мұсылман адам дінін сақтағаны, Алла құзырында лайықты құл бола білуі болмақ.
Алла Тағала адамзат баласын көркем жаратып, жер бетіне басшы етті. Сонымен қатар адамға аманат етіп жан берді. Қандай да бір адам өзіне зиян келтірсе яғни, өзін өлімге апартын жолды ұстанып, өз жанына қастандық жасаса, Алла құзырында лағнетке ұшыраған болады. Себебі Исламның басты мақсаты адамның жанын сақтау, адамның өміріне қолайлылық жасау болып табылады. Сол себепті ауырған адамға емделу міндет болады. Келесі кезекте маңызды болғаны ақыл. Алланың шебер жаратқан мақұлықтарының ең абзалы адам баласы. Бұлай дейтінім Адам баласына өзге жаратылыстан жоғары тұратын үлкет нығмет ақыл берілген. Ақылды дұрыс қолданып, ой жүгірткен адам, өзінің әлсіз жаратылыс екеніне көз жеткізіп, ақ пен қараны дұрыс ажыратып, Алланың берген сансыз нығметтерін терең түсініп, үлкен олжаға қол жеткізе алады. Ақылдың Исламдағы орны да ерекше. Сол себепті қандай да бір құлшылық амалдың парыз болуы ақылдың дұрыс болуымен байланысты болады.
Сан мыңданған адамды ұлт пен ұлысқа бөлген Алла Тағаланың шеберлігіне шек жоқ. Жер бетінде ұлттың көп болуы, олардың бір-бірімен етене байланысып, танысуы да Алланың үлкен сыйы деуге болады. Фиқһ ғалымдары аталған бес құндылық жайында сөз қозғаған кезде нәсілмен қоса ұятты да айта кетеді. Бұл екеуі де адам өмірінің маңызды құндылықтары. Ар мен ұят болған жерде адамгершіліктік дәрежесі де жоғары болады. Қазақ халқы да сан ғасырдан бері адам өмірі, діні, ар-ұяты жайында құнды мұралар қалдырып, оларды берік ұстауға шақырған. Исламның да ұят жайында ескертулері мен үндеулері көп. Ардақты пайғамбарымыздың ﷺ мүбарак хадистерінде ұят жайында айтылған құнды хадистері бар. Анығында ұят адам баласын күнәлі істерден тияды.
Адам өмірінің маңызды құндылығының бірі мал-мүлік. Алла Тағала қасиетті Құранда Мал-мүлік пен бала-шаға өмірдің, бұл дүниенің ең көркем жақұттары-деп баян етеді. Расымен де күллі адамзаттың бұл дүниедегі мақсат еткені жайлы үй, жақсы көлік, ешкімге тәуелсіз өмір сүру. Осы бір дүние үшін қан да төгіледі, ар да тапталады. Алайда, Исламның мал-мүлік жайында мақсат еткені әрбір дүние мүлік өзінің тиісті орнына жетуі керек. Байлардың зекет беруі арқылы өзіңнің дүние-мүлкіне берекет кіргізіп, оны сақтап қалуы екен. Сол себепті де дүниенің сынағы ауыр, әрі қиын болмақ.
Жоғарыда тілге тиек етілген бес құндылық орны толмас қазына. Себебі адам өмірінің мәні де, сәні де осы бес құндылық арқылы жол табады. Маңызы зор болғаны үшін де, Ислам діні осы бес құндылықты қорғауға, сақтауға бұйырады. Қазақ халқы даналығы мен шешендігі арқылы халық мүдесі үшін құнды мұралар қалдырған. Біреудің ала жібін аттама, ақысын жеме-деп, дана халқымыз біреудің малына қол сұғып, зиян келтіруден тыйған. Сонымен қатар, малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы-деп, адамгершілік болмысты сақтап қалу жолында қанатты сөздерін қалдырған. Алла Тағаланың біздерге берген қысқа ғұмырында, берілген аманаттарды қорғап, жақсы өмір сүру бағытын таңдау әрбір адам үшін бұйырмас бақ дер едім.
1 Дініміздегі зәрулік мәселесі
1.1 Зәруліктің түрлері мен мағынасы
Дін - кез-келген, мәдениеттің салт-дәстүрдің негізгі қозғаушы күші және сонымен қатар оның бір бөлшегі.
Дін - санамызды, жан дүниемізді, жан сарайымызды қалыпқа салатын құрал.
Дін - Алла тарапынан адамзат баласына екі дүниеде де бақытты болуы үшін пайғамбарлар арқылы жіберілген ережелер мен қағидалар жинағы.
Біз осылайша дін деген терминге көптеген анықтама беруімізге болады. Діннің адамзат тарихында алар орны ерекше. Дін адамзат қоғамының басты реттеуші құралы болуымен қатар, оның мәдениеті мен өмір салтының басты қайнары болып табылады. Сондықтан кез-келген халықтың рухани, мәдени болмысы дінмен тығыз байланысты және діннен тыс мәдениет болуы мүмкін емес. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің шешуші рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты фактор екендігін көрсетеді. Ал діннің таза сақталуы сенімге байланысты.
Сенім - біздің дәстүрлі дінімізде алатын орны ерекше ұғым. Өз ойымызбен сан тарапқа ой жүгіртер болсақ барлық іс-әрекеттеріміз белгілі бір сенім негізінде құрылған. Оған жай ғана мысал белгілі бір діннің өзі сенім негізінде құрылғаны анық. Сол секілді ислам дінінің негізгі тіреуші күші иманда, яғни бір Аллаға деген сенімінде. Ал ислам діні пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) хадисінде келтірілгендей бес негізде құрылған. Олар: 1-иман(сенім), 2-намаз, 3-ораза, 4-зекет, 5-қажылық. Бұл бес парыз дәстүрлі ислам дінінің өзгермес қағидалары мен негізгі тірегі. Сол секелді біздің өміріміздің де бес негізгі тірегі бар. Олар: 1-дін, 2-жан, 3-ақыл, 4-ұрпақ, 5-мал-мүлік тазалығы. Біз осы бір нығметтерімізді таза ұстасақ өз адамдық қасиетімізді сақтап қалған боламыз.
Алла адам баласына берген нығметтерін аманат ретінде бергенін және сонымен қатар олардың өзіне қайтарылатынын ескерте келе, Құранның Ниса сүресінің 58-ші аятында былай дейді: Алла Тағала сендерге аманаттарды тиісті иелеріне қайтаруды және билік айтқанда әділ үкім шығаруды бұйырады. Ал бұны Абай Құнанбайұлы өз өлеңімен былайша өрнектейді:
Адам ғапыл, дүниенi дер менiкi,
Менiкi деп жүргеннiң бәрi Оныкi.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенiкi, - деп әрбір нәрсенің жаратушысы мен иесі Алла екенін айтып тұр.
Алла ол аманаттарға деген жауапкершілікті Құранның Ахзаб сүресінің 72-ші аятымен былайша түсіндіреді: Расында, біз аманатты (яғни, өз еркімен Аллаға тән лайықты құл болу сынды үлкен жауапкершілікті) жеті қат аспанға да, жерге де һәм тауларға да (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны алудан бас тартты, өйткені оны лайықты деңгейде алып жүре алмаудан (ауыр жауапкершіліктен) қорықты. Сөйтіп, оны адам өз мойнына алды, шүбәсіз, адам баласы тым залым, (яғни, әділдікке қас, қателікке, күнәға жақын һәм жауапсыз келеді) әрі өте надан (ақиқаттан бейхабар, ғапыл, парықсыз, һәм нәпсісіне ергіш) келеді.
1) Дін сенімділігі. Әрбір мұсылманның сенімі бойынша тура әрі дұрыс дін бұл
ислам діні. Бұл жайында Алла Тағала Қасиетті Құранның Әл-Имран сүресінің 19 аятында былай дейді, Алланың құзырында қабыл болатын хақ дін-Ислам. Шын мәнісінде адам баласы Аллаға толық иман келтіріп, сенбейінше толық мұсылман болып есептелмейді. Адамның сенімі мен іс-әрекеттері бір жерден шығуы тиіс. Ислам дінінің таза болуы мына негіздерге байланысты. Енді осы жайларды аз-кем тарқатып айтып өтсек:
1) Әрбір мұсылман тазалыққа мән беруі керек. Тазалық екіге бөлінеді:
а) Сыртқы тазалық: Сыртқы көрінісінің таза болуы. Бұл нәрсе барлық адамдар мән беретін негіздерден. Киетін, ішіп-жейтін және қолданатын бүкіл заттардың таза болуы деген сөз.
ә) Ішкі тазалық: Жүректің (көңілдің) жақсы мінездерге толы болуы деген сөз. Көре алмаушылық жасамау, басқалар туралы жаман ойламау, Алла достарын жақсы көру. Көңіл - Алланың назар мекені. Сондықтан көңілге дүние махаббатын, ал асқазанға харам азық кіргізбеу керек! Жүрек (көңіл) таза болмаса, ғибадаттардың ләззаты сезіле алмайды.
2) Тілге ие болу керек. Тілдің орынсыз сөздерді айтуынан тыйылып үндемеуі, Құран кәрім оқуы, діннің әмірлерін орындауды және тыйымдарынан сақтануы керек. Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар да: Адамдар тілдерінің кесірінен тозаққа тасталады деген.
3) Намаз оқуы керек: Қиямет күні мұсылмандар әуелі намаз жөнінде есеп береді. Ғибадаттардың ішінде ең маңыздысы - намаз. Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбар өз хадисінде: Намаз діннің тірегі, тағы бір хадисінде намаз көзімнің нұр дейді. Яғни, намаз мұсылман өмірінде маңызды орын алады. Намаз - адам баласының тән тазалығы мен жан тазалығы. Рух азығы мен ар қазығы. Адам баласы намаз арқылы Аллаға тағзым етіп, өзінің пендешілігіне тәубе етеді. Сол үшін де намаз мұсылманның миғражы саналады. Ал атамыз қазақ намазды пырақ етіп мініп, миғражға қарай самғап ұшқан. Намаздың бес уақыт болуы да, атамыз қазақты үлкен ойлылыққа жетелеген. Намаздың қабыл болуы үшін, шын ниетпен дұрыс оқылуы керек. Намазға деген жауапкершілік хақында, Бұқар жырау толғауларында:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа...
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа - десе, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Алланың бірлігін, барлығын, намаз оқып тұрғанда соған ғана ұйып тұруды дәріптейді:
Аузыңда болсын дәйім Құдай сөзі,
Таймасын қарарлықтан көңіл көзі.
Бір! деп, бар деп илану - бізге парыз,
Ғаламға он сегіз мың патша - Өзі.
Екінші, намаз екен бізге парыз,
Айтпасақ білмегенге бізге қарыз.
Нәпсіні құрбан қылып бауыздасаң,
Құдайға жетеді екен сондағы арыз.
Бір Құдайдан басқаны ойламаңдар,
Ой түбіне жетем деп бойламаңдар.
Жалғыз қылда тұрғандай сол намазда,
Жан-жағыңа көз салып, ойнамаңдар... - деп намаздың Алла тарапынан міндеттелген парыз екендігін түсіндіріп кеткен.
4) Ораза ұстау керек. Адам ораза ұстау арқылы періштелерге ұқсаған болады және нәпсіне соққы берген болады. Бір хадис құдсиде: Ораза маған тән. Оразаның сауабын мен беремін. Сауабы шексіз делінген. Басқа бір хадис шәрифте: Ораза - тозаққа қарсы қалқан делінген. Ораза тұтып көңілді пәктікке жеткізу керек және шайтанның жолын жауып, қалқан қою керек.
5) Алланы өте көп ойлау (еске алу) керек. Алланы еске алу үшін айтылатын ең құнды сөз - Лә илаһә иллаллаһ сөзі. Мұны әрдайым айтып жүретін адам ықыласты болады. Ықылас - барлық істерін Алла разылығы үшін орындау, дүниелікке қатысты болған мал-мүлік және мансаптардан әуестігін жойып, ахиретті қалау деген сөз. Ықыласты адам Менің жалғыз мақсатым - Алланың разылығы дейді. Құран кәрімде Ахзаб сүресінің 41-ші аятында де: Ей иман келтіргендер! Аллаһты көп еске түсіріңдер! делінген. Нәпсінің барлық зиянды болған қалауларынан құтылу үшін үздіксіз Алланы ойлап жүру керек.
6) Көңілге келетін ойлардан абай болу керек. Көңілге төрт түрлі ой келеді. Бұлар - Рахманнан, періштелерден, шайтаннан және нәпістен. Рахманнан келетіндер - ғафлеттен оятады, жаман жолдан дұрыс жолға түсіреді. Періштеден келетіндер - ғибадатқа ынтаны ашады. Шайтаннан келетін ой күнәны жақсы, әдемі қылып көрсетеді. Ал нәпістен келетіндер, дүниенің пайдасыз нәрселерін қалауға жол ашады. Шайтани және нәпсәни ойлардан құтылу керек.
7) Алланың үкімдеріне разылық көрсету керек. Хауф және рижа, яғни қорқыныш пен үміт арасында өмір сүру керек. Өйткені имансыз өлетінінен қорқатын адам күнә істемейді. Сонымен қатар мүмин жәннатты үміт етеді, салих адамдармен сұхбаттасады. Салихтармен сұхбат ету - күнәларға перде қояды, харамдарды көзіне жаман қылып көрсетеді.
2-жан сенімділігі. Ислам діні адам баласының жан тазалығына өте үлкен мән береді. Адамның сыртқы тазалығына ғана емес, жан дүниеміздің де тазалығы өте маңызды. Сол үшін жан тазалығымызға, адамдық қасиетімізге зияны тиетін әрбір іс-әрекетімізге ислам діні шектеу қояды. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ислам фиқһ кітаптарындағы бекітілген харам мен макрух нәрселерден аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар адамның ақыл ойын азғыратын ойлар мен денсаулығына зиянды нәрселерге әуестенбеу. Алла бұл өмірде адам баласына екі нәрсені аманат еткен, олар уақыт пен денсаулық. Ал адам баласына аманатқа берілген өз денсаулығына қианат пен зиянды іс-әрекеттер жасау күнә болып есептеледі. Тек өзінің ғана емес әрбір мұсылман адам өзінің айналасын қоршаған қоғам мен табиғатқа да зиянын тигізбеуі керек.
Жан тазалығын Шәкәрім Құдайбердіұлы ар тазалығы, яғни иманның, көңілдің тазалығы деп түсіндіреді. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының ұстазы болып саналатын Абай Құнанбайұлы жан туралы былай деп өз өлеңімен өрнектеген:
Жан - қожа, тән дегенің - жанның құлы,
Нәпсі неге білмеген бұрын мұны.
Ойлашы жан тапты ма, тән тапты ма?
Жоғарғы кереметті неше қилы?
Тән - терезе, қарайтын жан - иесі,
Жаннан шығар ақыл мен ойдың шыны.
Жолдан шыққан жан жолда жоғалар - деп,
Сандырақтап айтқанмен, жоқ дәлелі,
Дәлелсіз сөз - соққан жел, ұшқан тозаң,
Таза ақылдың алдында жоқ қой құны.
Бұдан шығатын қорытынды, Абай мен Шәкәрім бабаларымыз адамның ар тазалығы мен жанының тазалығын бөліп жармаған. Яғни бірінің бірінсіз болмайынша адамның адамдық қасиеті - имандылығы мен ар тазалығы толық болмайтынын түсіндіріп кеткен.
3-ақыл сенімділігі. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша мақлұқаттың қожасы екенін, бірақ сол үшін де осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін, сонымен бірге, адамның өзі сол әлемнің бір зәредей ғана бөлшегі екендігін сездіретін құрал бұл - ақыл. Ақыл - адамзат баласына Алла тарапынан берілген шексіз бағалы нығметтердің бірі.
Әрбір адам өзінің іс-әрекетін саналы түрде ойлап, ақыл таразысына салып жасайтыны анық. Сол секілді ислам дінімізде Аллаға сенуге де, яғни иман келтіру мәселесінде ақылға орын берілген. Бұл тұрғыдан сенімдік матуридия мазхабының негізін қалаған Имам Матуриди былай дейді: мен Алланы таңып білуім үшін ешқандай Алла тарапынан кітаптың жіберілунің де, пайғамбардың да қажеті жоқ, мен айналаға қарап ой жүгіртіп ақылыммен Алланың бар және бір екендігіне иман келтіре аламын. Сол секілді Шәкәрім Құдайбердіұлы да өз өлеңінде былай дейді:
Шала дінді пән де таппас,
Дін тазасын ой табар.
Еркін ақыл тіпті адаспас,
Кезсе кірсіз жарқырап... дей келе және тағы да:
Тән - терезе, ой қожасы,
Оймен анық байқасаң.
Бар ғылымның түп атасы -
Таза ақылман ойлану, - деп айтып ақылдың орны ерекше екенін айтып өткен.
Ал Абай Құнанбайұлы адам баласының бойындағы қасиеттерді былайша сипаттайды: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Ал өз өлеңінде:
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын, - деп жырлап кеткен.
4-ұрпақ сенімділігі. Ислам дінінде ұрпақтың орны ерекше. Құранда Кәһф сүресінің 46-шы аятында: Мал-мүлік пен ұрпақ (бала-шаға) - дүние тіршілігігің сәні - деп адам өмірінде ұрпақтың орны ерекше екеніне көңіл бөлген. Сонымен қатар Мұхаммед (с.а.с.) пайамбар: Көбейіңдер үмбеттерім, мен ақыретте үмбеттерімнің көптігімен мақтанамын - деген.
Құран кәрім Зәкәрияның (а.с.) шын жүрегімен Аллаға жалынып-жалбарынғанын Әл-Имран сүресінде былай деп жеткізеді:
Ол жерде Зәкәрия дұға жасады. Раббым, маған пәк ұрпақ нәсіп ете гөр! Күмәнсіз, сен дұғаны қабыл етушісің! - деді.
Байқасаңыздар, Зәкәрия (а.с.) ұрпақ қана демеді, пәк ұрпақ деді. Бұл Алланы сүйіндіретін, пайғамбарды қуантып, әкесінің көңілін марқайтатын, ұлттың тірегіне айналатын таза ұрпақ нәсіп ете гөр! деген сөз.
Ұрпақ - адам баласының өмірінің мәні мен мағынасы, өмірінің жалғасы.
5-мал-мүлік сенімділігі. Құран Кәрімнің Қасас сүресінің 77-ші аятында былай дейді: Алланың саған бергенінен (дін жолында жұмсап) ақыреттік мекеніңді қала, бірақ дүниедегі үлесіңді ұмытпа. Мал-мүлік адам өмір сүруін жалғастыруы үшін ең керекті құрал. Сонымен қатар, мал-мүліктің таза әрі адал болуына да ислам діні көп көңіл бөледі. Харам жолдармен табылған дүние-мүлікке шектеу қояды. Мысалы: құмар ойыны, пара алу, күштеп тартып алу, біреудің дүние-мүлкін ұрлап алу, сондай-ақ пайызға (өсімқорлық) ақша беру, ақша алу т.с.с. Бұл жайында Алла Бақара сүресі 168-ші аятында, Халал және таза болғандарын жеңдер деп бұйырған. Ал Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар: Ғибадат он бөліктен тұрады. Соның тоғызы - халалды талап ету деген. Ал қалған бірі - бүкіл ғибадаттар. Харам жеген адам өзінде ғибадат ету күшін таба алмайды. Халал жеген адам да күнә істей алмайды. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өз хадисінде былай дейді: Ақылды адам, дұға мен ғибадат үшін, нәпсін реттеу үшін, кемшіліктерінің өзіне айтылуы үшін және қажеттіліктері үшін уақыт бөледі. Тіліне ие болып, уақытын жақсы пайдаланады. Жұмысын істейді және ең жақсы досының алдында мұқият (ұқыпты) болады. Яғни Алла әрбір адамға адал еңбекті бұйырып тұр. Ал, Абай Құнанбайұлы бұл мәселені өз өлеңінде былайша сипаттайды.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бiр күнi сынар шөлмек.
1.2 Зәрулік мәселесінің маңыздылығы
Зәрулік мәселесі адам өмірінің ең маңызды мәселесі болып табылады. Бұлай дейтін себебіміз зәрулік мәселесін қамтитын, дін, жан, нәсіл, ақыл, дүние-мүлік, ар-намыс секілді тақырыптардың барлығы да өзіндік салмағы бар, ауқымды мәселелер. Ал адам баласына осы аталғандарды сақтау, қорғау міндет болмақ. Өйткені осы бес тіректі сақтау, шариғаттың негізгі мақсатының бірі, әрі маңыздысы. Бұл тақырыптың аясы кең болуымен қатар Фиқһ негіздері яғни Усул Әл-Фиқһ саласымен тығыз байланысты. Фиқһ ғалымдары бұл тақырыптардың маңыздылығын көрсетіп, оларды негізгі үш тақырыппен байланыстырады.
Біріншісі: Зәрулік, дарурият.
Екіншісі: Қажеттілік хажият
Үшіншісі: Әдемілік, тахсиният
Араб тіліндегі дарурат сөзі үлкен қажеттілік, жоюы аса күрделі қиындық, жайсыздық деген мағыналарды білдіреді. Ал ислам құқығындағы терминдік мағынасы діни тыйымдарды бұзатындай қиындыққа тап келіп, тек сол арқылы ғана мәселені шешуге болатын қиындық жағдайды білдіріреді.
Мәселен, тыйымға құлақ асқан жағдайда, ислам шариғаты қорғауды міндеттеген негізгі бес құндылықтың (жан, дін, ақыл, ар-ождан, мал-мүлік) біреуі толықтай жойылса немесе орнына келуі қиын болса, осы жағдай зәрулік жағдайы деп аталады.
Демек, қалыпты жағдайларда тыйым салынған кейбір нәрселерге зәрулік жағдайларда рұқсат етіледі деген сөз.
Мәселен, доңыз етін жеу харам. Бірақ, басқа жейтін нәрсе табылмаған жағдайда адам жанын сақтап қалу үшін оны жеуге рұқсат етіледі. Бұған Құран Кәрімдегі мына аят дәлел:
Алла сендерге өлексені(арам өлген мал), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың етін харам етті. Ал, кімде-кім (басына аштан өлу қауіпі төнгендіктен, қатты зәру қысып) осы аталғандарды жеуге мәжбүр болса, онда өзгенің ақысын жемеу және зәрулік (яғни жүрек жарғарлық) мөлшерден асырмау шартымен жесе, күнә арқаламмайды.Шүбәсіз Алла аса мейірімді, кешірімді.
Осы аятта тыйым салынған 4 нәрсені зәрулік жағдайда жеуге рұқсат етіледі. Алайда, бұл жерде ескеретін мәселе, адам баласы оны өздігінен қаламауы және шектен шықпауы керек. Бұл дегеніңіз зәру жағдайда рұқсат етіледі екен деп сылқия тойып алмау қажет. Жан сақтайтындай мөлшерде, шектен шықпай жеуге рұқсат етіледі.
Мұндай рұқсаттарды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетінен де көптеп кездестіреміз. Мәселен, аштық кезінде тыйым салынған нәрселерге рұқсат етілу, өміріне қауіп төніп тұрған кезде жан сақтау үшін күпірлік сөзін айтуға, денсаулығына байланысты ер кісілерге жібек киім киіп, алтынды қолдануға, су бар бола тұра адам денсаулығына қауіп төндірген жағдайда тәйәммүм алуға рұқсат етілуі т.б. секілді.
Көріп отырғанымыздай, осы мәндес аяттарға және хадистерге сүйене отырып, ислам құқықшылары Зәру жағдайларда тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі (Мәжәллә, 21. бап), Зәруліктер белгілі бір өлшем негізінде анықталады (Мәжәллә, 22. бап) деген қағидалар белгілеген және соған негіздей отырып, үкімдер шығарған.
Мәселен, доңыз еті және одан жасалған нәрселер, спирттік ішімдіктерге тыйым салынған. Алайда, сенімді дәрігерлер қандай да бір ауруға қатысты доңыз майы немесе спирт қосылған дәрі-дермектердің нақты пайда беретіндігіне көз жеткізсе және одан басқа емдеудің баламасы табылмаған жағдайда адамның денсаулығын сақтау үшін оларды қолдануға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ бір адам өлім аузында жатып, оған ешбір ем-дом жасау көмектеспейтін болса, бұл шынайы зәрулік жағдайы саналып, ол жағдайда өзге адамның ағзасын оған алмастырып салуға рұқсат етіледі (оның өзіндік шарттары мен талаптары бар).
Осы ережелерден қай жағдайдың зәрулік екендігін және оның мөлшерін дұрыс анықтай білудің ерекше маңыздылығын ұғынамыз. Әйтпесе кейбір адамдар өз нәпсі қалауына еріп, зәрулік жағдай деп көптеген күнәлі істерге бой алдыруы мүмкін. Мәселен, ішкілікке салынып кеткен адам Мен ішпесем, күн көре алмаймын. Бұл - зәрулік деп жаман суды ішуді адал санай алмайды.
Исламда фиқһ негіздері деп аталатын сала бар. Бұл саланың маңыздылығы фиқһ ілімін толық түсініп, терең меңгеруге жол ашады. Араб тілінде усул әл-фиқһ деп аталатын, бұл саланы айналып өтіп кету, фиқһ ілімінен бас тару деп айтсақ артық болмас. Осы саланың мамандары құран аяттарына, хадистерге, сахабалар өміріне, әдет-ғұрыпқа, қияс яғни бір үкімді келесі бір өзіне ұқсас үкіммен салыстыру арқылы үкім шығару, секілді белгілі бір өлшемді үлгі етіп, ережелер мен қағидалардың заман мен уақытқа байланысты өлшемін ортаға шығарады. Усул ғалымдарының бір қағидасында Зәрулік, яғни зәру жағдайлар харамды мүбах (рұқсат) етеді деген сөз бар. Бұл дегеніміз адам өмірінің қолайлылығы үшін, жан сақтау мақсатында я болмаса қандай да бір зәрулік туындаған кезде, сол жағдайдан шығып алуға мүмкіндік беру болып табылады. Өйткені ардақты пайғамбарымыз ﷺ Қиындатпаңдар жеңілдетіңдер, қайғыға салмаңдар, қуантыңдар деген хадисі бар. Жоғарыда айтылған мысалдағы мәселелердің уақытша үкімін жоюы да осы зәрулік аясында туындап отыр.
Ислам шариғатының көздеген мақсаты - адам өмірін жақсарту, адамға қиындық тудыру емес. Сондықтан кейбір әдеттен тыс жағдайларда тыйым салынған нәрселерге рұқсат берілуінің мәні осында.
Адам өмірінде көптеген келеңсіз жағдайлардың орын алуы да орынды. Бұндай жағдайлар әдеттен тыс емес. Адам табиғатында жақсы қасиеттерімен қатар жаман қасиеттердің де болуы заңдылық. Алайда кейбір жайсыз сәттер үшін шығатын жол ретінде жалған сөйлеу арқылы да әреткет жасап жатамыз. Пайғамбарымыз жалған сөйлеу жайында айтылған хадисінде Мұнафиқ яғни, екіжүзді адамның үш сипаты бар, аманатқа қиянат жасайды, сөйлесе өтірік айтады, уәдесінде тұрмайды-деп айтқан. Бұл жерде өтірік айту мұсылманға тән емес екендігін байқаймыз. Алайда келесі бір мәселеде өтірік айтуға рұқсат болатын жағдайлар айтылады.
Ислам - туралық діні. Туралық - адамның сөзі мен ісінің, ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбетінің жасанды қылықтар мен негізі болмаған сөздерден тазарып, табиғилық шеңберінде өмір сүруін білдіреді. Ал, жалған сөйлеу Алла Тағаланың әміріне қарсы келу болып табылады. Себебі, Алла Тағала: Өтірік сөзден сақтаныңдар, - деген.
Фақиһ ғалымдар: Зәрулік жағдайда жалған сөйлеуге рұқсат бар деп, бүлікке бастайтын ұрыс-керісті тоқтату мәселесінде рұқсат берген. Алайда зәрулік шегінен шықпау керектігіне баса мән берсе, кейбір ғалымдар зәрулік себепті айтылған жалған сөздің өтірікке жатпайтынын айтқан.
Исламда өтірік айтуға болатын зәрулік жағдайлар:
* Ренжіскен адамдарды татуластыру.
* Ұрыс-керістің алдын алу немесе тоқтату үшін ерлі-зайыпты адамдардың бірі екіншісіне өтірік сөйлеуі.
* Соғыс майданында дұшпанды айласына түсіру.
Ибн Шиһаб:
Адамдарға үш жағдайдан басқа кезде өтірік айтуына рұқсат берілгенін естімедім. Ол үшеуі: соғыс, адамдардың арасын татуластыру және ер-әйел арасында айтылатын сөз, - деген.
Зәрулік мәселесіне байланысты Исламда трансплантация жасаудың үкімі
Адамның ғұмыры- бұл дүниедегі ең басты құндылық. Адам жаратылысынан бері күні бүгінге дейін жер жүзінде бастау алған барлық қоғам қатынасындағы, діни жүйелер, ережелер мен қағидалар осы бір маңызды құндылықты қорғап қалу үшін жасалған ғажайып жүйе.
Адам баласының денсаулығын қатаң сақтауы үшін құрылған осы жүйенің маңыздылығы зор. Сол себепті де бұл жүйелер адамның өмірінің құнын көрсететін, оны сақтап қалу үшін әрекет ететін жүйе болып табылады.
Алла Тағаланың адам баласына үйреткен ережелері де, адамның өмірін сақтау мен жақсартуға құрылғаны белгілі. Имам Әбу Хамид әл-Ғазали өзінің Әл-Мустәсфа атты еңбегінде былай дейді: Шариғат жаратылыс атаулының 5 нәрсесін сақтауды мақсат етеді: дінін, жанын, ақылын, ұрпағын және малдын. Осы бес нәрсені сақтауға негізделген әрекеттің баршасы - игі істер, ал, осы бес нәрсеге зиян тигізетін әрекеттің баршасы зиян істер, оған тосқауыл болып, алдын-алу - игі іс болады, - деген [19].Олай болса, Алла тарапынан жіберілген дін атаулы адамға тиесілі бес құндылықты сақтауға құрылған. Олар:
Әуелгісі, дінді қорғау, яғни шектен шығуға тосқауыл болып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz