Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өндірістік тәжірибе мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша кадрларды дайындау үшін оқу үдерісінің ең маңызды құраушы бөлімі болып табылады. Тәжірибенің негізгі мақсаты ретінде мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымдары туралы университет қабырғасында алған теориялық білімдерді нақтылау, кәсіптік дайындықты жетілдіру, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының оқу жоспарында бекітілген басқарушылық, құқықтық және экономикалық бағыттағы біліктіліктерді нығайтуды айта аламыз. Сонымен қатар тәжірибе барысында теориялық тұрғыдан алған білімдерімді практика барысында қандай деңгейде қолдана алғандығымды, шешім қабылдауды талап ететін ситуациялық жағдайлардан шығу қабілетімді бағалай алдым. Менің оқу тәжірибем 27.05.2019-29.06.2019 аралығында бір ай уақытты қамтыды. Мен тәжірибеде болған мемлекеттік мекеме - Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы. Тәжірибе аясында ЖОО-да алған теориялық білімдерді практикалық тұрғыдан қолдана білдім деп ойлаймын. ЖОО-да алған білімім және 2018 жылы, өткен алғашқы оқу тәжірибемнің барысында алған практикалық тәжірибені үздік аяқтауға мүмкіндік берді. Хат, хабарлама, бұйрық, шешім сынды құжаттармен жұмыс істейтін кезде қандай да бір мемлекеттік органның өкілеттік деңгейін біліп жұмыс істеу оң нәтиже береді. Себебі, мен өткізген алғашқы оқу тәжірибемде және де университетімде оқыған материалдарда мемлекеттік құрылыммен таныстық, алғашқы оқу тәжірибемде түрлі әдіспен байланыс орнаттық, ал осы 3 курстағы тәжірибеде осы алған ақпаратқа сүйене отырып мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасадық және де өз біліктілігімді молайта түстім. ҚР-ның мемлекеттік билігі мен оның құрылымдық бірліктерін иерархиялық түрде сипаттауға болады. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ҚР мемлекеттік билік құрылымының бір бөлігі болып табылатын атқарушы органдарға жатады және ҚР-ның заңдарына бағынысты жұмыс атқарады. Бұл маған мамандығым бойынша жұмыстар атқаруға үлкен мүмкіндік берді. Әртүрлі құжаттармен жұмыс атқарған кезде жауаптылықтың болуы шарт, себебі белгілі бір жағдайда құжаттардың маңызы мемлекеттік деңгейде болады. Тәжірибелік уақыт аралығында айтарлықтай жақсы нәтижеге жеттім, төменде тәжірбие барысында жинақтаған білімдерді екі бөлімде ұсынамын.
1. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының теориялық негіздері

1.1 Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің ережесі

Маңғыстау облысының ауылшаруашылығы басқармасы құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылатын мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, № 100 ғимарат.
Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение Управление сельского хозяйства Мангистауской области.

Осы Ереже Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Жұмыс тәртібі Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің миссиясы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке қабілеттілігінің сапалы деңгейін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері - астық нарығы, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Функциялары:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;
2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
3) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
4) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;
5) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді;
6) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларын іске асырады;
7) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастырады;
8) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
10) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтырады;
11) мыналар:
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлейді;

12) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделейді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

13) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға береді;

14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;

15) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;

16) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және нәтижелері туралы мүдделі түлғаларды хабардар етеді;

17) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
18) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялайды;
19) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;
20) астық қабылдау кәсіпорындарын:
бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін рәсімдеуді қамтитын бақылауды жүзеге асырады;
21) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізуге құжаттарды дайындайды;
23) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

24) мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;

25) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

26) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндеттерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

27) агенттің, қоғамның қызметіне, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
28) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;

29) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);

30) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарын лизингке сатып алу, өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, субсидиялау жолымен басым дақылдар өндіруде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату бойынша шараларды ұйымдастырады;

31) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiруді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

32) бекіту үшін жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

32) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер әзірлейді;
33) жануарларларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
34) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
35) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
36) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
37) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу жөнінде шаралар қабылдайды;
38) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу жөнінде шаралар қабылдайды, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
39) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

40) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі:

1) Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
3) Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Басқармаға бағынысты ұйымдар:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Маңғыстау облыстық су жүйесі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Маңғыстауветсервис мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
3. Маңғыстауагросервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
1.2. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен бөлімдері
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымын иерархиялық түрде сипаттауға болады. Мұндай құрылымды бір орталыққа бағынатын классикалық билік құрылымы деп атауға да болады. Төмендегі 1-суретте Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының құрылымы көрсетілген.

1-сурет. Маңғыстау облысының ауылшаруашылығы басқармасының құрылымы

Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ММ бастығы бекітеді. Бөлімінің негізгі міндеттері, қызметтері келесілер болып табылады: 1. Мал шаруашылығын дамытудың мониторингін іске асыру, мал шаруашылығында еңбекті ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен прогрессивті түрлерін енгізу жөніндегі жұмыстар кешенін іске асыру. 2. мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласының жай-күйі мәселелері бойынша жоғары тұрған органды уақытында ақпараттандыруға;
3. құжаттармен жұмыс істеудің орнатылған тәртібін қамтамасыз етуге;
4. Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтауға;
оған жүктелген қызметтерді, басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауға;
5. Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуына.
Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің қызметі: 1. агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға агроөнеркәсіп кешенін дамыту және жай-күйі туралы ақпарат ұсыну;
2. асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу мен басып шығару; бекітілген үлгілер бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы аймағындағы деректерді есепке алуды жүргізу;
3. мал шаруашылығын дамыту аймағында облыстық бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру, мониторингі;
4. қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және осы саладағы басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5. мамандандырылған мал шаруашылықтарының көбеюіне жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруда көмек көрсету;
6. мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға шығындарды демеуқаржыландыру;
7. бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын асыл тұқым өнімінің (материалдың) әр түрін демеуқаржыландыруды жүзеге асыру;
8. көрсетілген мақсаттарға бюджетте қарастырылған қаражат шектеуінде демеуқаржыландыруға жататын әр түрдің және әр субъектінің кесіндісінде өткізілетін асыл тұқым өніміне (материалына) жыл сайынғы квотаны анықтау;
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік бөлімі
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік бөлімі ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің сынақтан өткен технологиялары және жаңа өндірістерді енгізу негізінде ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру, астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі іс-әрекетті лицензиялау мәселелерімен айналысады. Жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім келесі қызметтерді іске асырады:
1. облыстың өсімдік шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы
Атырау облысындағы аудандар
Жаңаөзен қаласының тарихи
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Экономикалық жоспарлау
ЖШС САҚ кәсіпорыны
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Ақтөбе орман шаруашылығы КММ
Рахат ауылы әкімінің аппараты
Пәндер