Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы
С. Шайбинасредин
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Павлодар 2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы
«Қорғауға жіберіледі»
МдББ кафедра меңгерушісі
З. Жұмабаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Мамандық 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Орындаған С. Шайбинасредин
Ғылыми жетекші:
филолог. ғ. к., профессор
Павлодар 2021
Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі . Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды әлементінің біріне айналады.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасының «Білім беру» [1] және «Тіл туралы» Заңдарының [2] қабылданғаны болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады
Осыған орай балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы - бағдарлама жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Жаңа бағдарламада мектепке дейінгі кезеңде баланың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім-дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек . Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [3] .
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин да балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - дейді [4; 4] .
Белгілі философтар Ж. Баласағұн [5], В. П. Рожин [6], М. Қашқари [7], Ә. Нысанбаев[8], Д. Кішібеков[9], Т. Әбжанова[10] тағы басқалары қоршаған орта, адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырады. Философ В. Рожин: «Тіл дегеніміз - адам сапасының тікелей шындығы десек, тіл арқылы адам ойы материялық сезіммен қабылданатын формаға түседі, осының арқасында адамдардың ойлары хабарланып, бір адамнан екінші адамға жеткізе алады. Тіл адам баласының бүкіл материалдық және рухани мәдениетінің дамуымен бірге жетіліп отырады», - деп көрсетеді [6] .
Тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Сондай-ақ тіл ұлт мәдинетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады
Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үдеріс. Сондықтан да, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Баланың тілін дамытуда халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал-мәтел, ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, жинақтала келе, бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналуы тиіс [11, 3] .
Мектепке дейінгі педагогика мен психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау үдерісі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленіп, яғни ұғым сөз арқылы танылып, ой сөйлеу арқылы білдіріледі [12, 5] .
Психикалық үдерістерде тіл шешуші рөл атқарады. Сөздік қоры біршама жетіледі. Осының нәтижесінде айналасындағы үлкен адамдармен, өз құрбыларымен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасайтын болады.
Н. К. Крупская: «Ақыл-ой тәрбиесінің ең негізгі міндеттерінің бірі - баланың тілін дамыту. Баланы басқаның сөзін тыңдап түсіне білуге, өз ойын сөзбен айтып беруге үйрету, өмір құбылыстарын бақылауда, сөйлесе отырып, оның сөздік қорын байыту. Ол үшін бала тәрбиелеуші адамдар балаларға сөйлеу мәдениеттілігін, сөз өнегесін, сөз үлгісін көрсете білуге тиісті. Бақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ана тілінде жүргізілуі керек», деп көрсетті[13] .
Атақты психолог Л. С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, оларды мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. 4-5 жастағы баланың ойлау, сөйлеу дәрежесі жөнінде ғылыми деректерге сүйене келіп, құнды пікірлер қалдырды[14] .
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л. С. Выготский [14],
А. Л. Имедадзе [15], А. Л. Леонтьев [16], Н. С. Рождественский[17], Ж. Аймауытов[18], Ә. Алдамұратов[19], М. Мухина[20] тағы басқалары жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгертетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - дей отырып, басым міндеттерінің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту», - деп көрсеткен [1] .
Ахмет Байтұрсынов - бастауыш мектепте оқыту мен қазақша сауат ашу мәселесін көтерген ірі ғалым. Әдістеме мәселелері бойынша «Тіл жұмсар» «Қай әдіс жақсы» [21; 11-12] . және т. б. құнды еңбектер жазды.
Қазақтың психолог-ғалымдары М. Жұмабаев [22], Ж. Аймауытов[18], Қ. Жарықбаев[23], Ә. Алдамұратов[19] және т. б. қазақ халық ауыз әдебиетінің балалардың тілін дамытудағы мән-маңызын педагогикалық-психологиялық тұрғысынан қарастырған.
Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н. П. Аникеева[24], Л. С. Выготский[14], Д. Б. Эльконин[ 25] және т. б. ) .
Педагогикалық ғылымда ойын мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде қарастырылады (Н. П. Аникеева, В. С. Выготский, Я. Л. Коломинский, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин) . Жетекші іс-әрекет бала психикасындағы басты өзгерістерді анықтайды және дамудың жаңа сатысына көшуге дайындайды[26] .
Жетекші іс-әрекет бірден дамыған түрде болмайды, өзінің қалыптасуында белгілі бір жолдан өтеді, оның қалыптасуы оқыту және тәрбиелеу процесінде үлкендердің жетекшілігімен жүреді.
Мектепке дейінгі жаста ойынның жетекші рөлі баланың оған жіберген уақытымен емес, негізгі сұраныстарын анықталады, ойынның негізінде іс-әрекеттің басқа түрлері туындайды және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжетті-рөлдік ойындар мәселесін зерттеген ғалымдар Е. А. Аркин [27], П. А. Рудик [28], Д. В. Менджерицкая[29], А. П. Усова [30], Л. С. Выготский [31], А. Н. Гальперин [32], В. В. Давыдов [33], А. В. Запорожец [34] және т. б. авторлар. Бұл тақырыптың психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі жоғары.
Еркін сюжеттік ойын - мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын, ойында бала іштей еркіндіктің субъективтік сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді, ал мұндай әсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа түрлерінде бола бермейді. Сюжеттік ойын баладан нақты «өнім» талап етпейді. Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады, «қалаған оқиғасын» басынан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі - балаларды қоршаған орта. Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың ұйымдастырылған және өзіндік іс-әрекетінің әр түрлеріне қосылады және оларды дамыту мен тәрбиелеуде басты маңызы бар.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың оларға қатысушылардың өз беттілігін, шығармашылдығын бейнелейтін өзіндік ерекшеліктері болады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың басты ерекшелігі, зерттеушілердің пікірінше, оларды балалардың өздері жасайды, ойын әрекеті жарқын бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жүйесі.
Зерттеудің пәні: Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың әрекеттесу қабілетін дамыту үдерісі.
Зерттеу міндеттері:
- сюжетті-рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
- «тіл», «тіл дамыту», «ойын», «сюжетті-рөлдік ойын» ұғымдарының мәнін анықтау;
- сюжетті-рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;
- сюжетті-рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін анықтап, педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектеп құжаттарына талдау беру, озық тәжірибелерді зерделеу, сауалнама, әңгімелесу, тест, деңгейлік бақылаулар, сабақтар ұйымдастыру, оларды талдау;
Зерттеу базасы: Павлодар облысының білім беру басқармасы, Успен ауданы білім беру бөлімінің «Балапан» сәбилер бақшасы» КММ
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың рөлдік ойындарында өзара әрекеттесу қабілеттерін дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде өзара әрекеттесу қабілеттерін дамыту.
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшадан бастап қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі [2] . Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Cондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі - оқу, білім деп тұжырымдайды.
Сонымен, баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады .
Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: «Өзара әрекетесу баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, әрекетесусіз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» десе [3], ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың әрекетесуіне арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Әрекетесу - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
Соңғы жылдары сюжетті-рөлдік ойындардың теориялық және практикалық мәселелері көптеген ғалымдармен зерттеліп зерделенген: А. П. Усова, Е. И. Радина, Ф. Н. Блехер, Б. И. Хачапуридзе, З. М. Богуславская, Е. Ф. Иваницкая, А. И. Сорокина, Е. И. Удальцова, В. Н. Аванесова, А. К. Бондаренко, Л. А. Венгер. Барлық зерттеулерде оқыту мен ойын арасындағы өзара байланыс, ойын үдерісінің құрылымы, дидактикалық мақсаттағы ойындарды басқарудың формалары мен әдістері анықталды.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын да ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр. Олар М. Т. Таникеев, Т. Тотенаев, Ж. Төлегенов, Т. Ж. Бекботчаев, Е. Сағындықов, Қ. Б. Жарықбаев, Х. К. Байрамқұлова, С. А. Ұзақбаева, Н. К. Ахметов, А. Айтбаева, К. Т. Жаңабаев, Н. Ж. Баримбекова, М. Т. Тұрыскелдина және т. б. қазақтың ұлттық ойындарының оқу-тәрбиелік мәнін ашып айқындап отыр.
А. Рысқұлбекова ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты осы кезге дейін:
- ойын-сауық;
- коммуникативтік;
- диагностикалық;
- коррекциялық;
- әлеуметтендіру - сияқты әртүрлі функциялары анықталуда [4] .
«Ойын - баланың рухани өміріне қоршаған орта және құбылыстар туралы ұғымдар, көзқарастар көрінетін үлкен жарық терезе» деп Кеңес педагогы В. А. Сухомлинский атап көрсетсе [3], ал Н. К. Крупская өзінің көптеген ғылыми мақалаларында ойынның баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі, дүниетанудағы маңызы туралы айтып кеткен [5] . Мұндай көзқараспен келісе отырып Ф. Гоноболин «Ойын - баланың өздері өмір сүріп отырған дүниені тану жолы . . . » деп қарастырады [6] .
Сонымен қатар, Н. К. Крупская педагогикада ең алғаш болып ойын мен еңбектің байланысы туралы мәселені көтерді. Ол балалардың бұл іс-әрекеттердің арасында ешқандай шектеу қоймай қарайтынын дәлелдеп көрсетті және ойында - еңбектегідей, ең бастысы - мақсат қою және оны орындау [5] .
Бұл ойды әрі қарай А. С. Макаренко дамытып, жақсы ойын жақсы еңбекке ұқсайды, балаларды ойлау әрекеті, еңбектену әрекеті, шығармашылық қуанышы, жауапкершілік сезімдері біріктіреді деп айқындаған [7] .
Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев секілді ғалымдар психология тұрғысынан ойынды зерттеуге ат салысты. С. Л. Рубинштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
Ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті туралы Д. Б. Эльконин деп қарастырды [8] .
Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік - мотив - мақсат - ойын іс-әрекеті - нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Атақты психолог Л. С. Выготский: «Балалар мен жасөспірімдердің көбінесе мақсатты дұрыс коя алмайтындығын жиі кездестіреміз. Баланың белгілі бір істе нәтижеге кол жеткізе алмауы қолынан келмегендік емес, кайта не үшін жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендіктен болады» [9] . Балабақшадағы балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті, кабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан жаңа қабілеттін алғашкы белгісі.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуға балабақша ғана мақсатты түрде әсер ете алады.
Қазақстандық ғалым Н. Құлжанова ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген және педагогикалық үдерісті жетілдірудегі ойынның алар орнын жоғары бағалаған.
Әр ойын баланың ерекше дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады, ал сюжетті-ролдік ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, тілінің дамуына әсер етеді және балалар өздерінің үлкендермен бірге жүруге ұмтылысын көрсетеді.
Ойын өсіп келе жатқан бала организмінің қажеттілігі. Ойын барысында балада тапқырлық, төзімділік, ұжымшылдық, күштілік, табандалық, белсенділік сияқты қасиеттері мен ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасады.
Балабақшадағы балаларға ойын аса үлкен маңызға ие және ойын - оларға оқу, ойын - еңбек, ойын - тәрбие формасы. Ойын қабылдаудың, зейіннің, есте сақтау мен ойлаудың, шығармашылық қабілеттердің дамуына әсерін тигізеді, баланың ақыл-ойын дамытуға бағыттайды. Үлкендерге белгілі нәрсені бала ойын ойнау арқылы өзіне жаңалық етіп ашады [10] .
Сол себепті балабақшадағы баланың сюжетті-рөлдік ойын ойнау қажеттілігі мен ойынға құштарлығын белгілі бір оқу міндеттерін шешу үшін бағыттап пайдалану қажет.
Қазіргі кезде педагогика ғылымында ойынды балабақшадағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдісі деп санайтын - ойын педагогикасы деген бағыт пайда болды, ойын (ойын әрекеті, ойын формасы, ойын технологиясы, тәсілі) - балаларды оқу еңбегіне ендірудің маңызды жолы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz