ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ . . .
- Өмірбаянды оқытудың әдістемелік жоспары . . .
- Әдебиет сабағында жазушы өмірбаянын оқытудың тәртібі мен мақсаты
2 ОРТА МЕКТЕПТЕ М. ӘУЕЗОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫН ОҚЫТУ.
2. 1 Жазушының өмірбаянын 5-8 сыныптарда оқыту . . .
2. 2 Жоғары сыныпта жазушының шығармашылық өмірін талдау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Кіріспе
Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылады. Қай ақын-жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген ортаның, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, және тағы сол сияқты мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда олардың қабылдау, сезіну қабілеттерімен бірге көркем мәтінді ғылыми негізде талдай білуге үйретіледі. Бұның өзі жазушы не ақынның эстетикалық және тарихи көзқарасымен, дүниетанымымен, сол өмір сүрген дәуірмен, өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты.
Тарих адамға әр қырынан әсер қалдыратын болса, соған орай әр жазушының әсемдік әлемін қабылдауы да, сезінуі де әр түрлі болады. Демек, табиғат сұлулығын, адамның сезім тереңдігін, әсемдігін әр жазушы шығармаларында өзіндік ерекшелігімен танылады. Олай болса, белгілі бір шығарманы өтерде жазушының өмірбаянынан мәлімет берудің маңызы зор. Мұғалімнің сөзі неғұрлым жазушының ой-сезімін, көзқарасы мен өзіндік ерекшелігін танытатындай дәрежеде болса, бұл оқушыларды ойландырады, ізгі әсер қалдырады. Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармаларын талдау алдында және оны шығармашылығымен қоса хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Егер мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, жеке басының қайғы-қуанышына байланысты ұтымды сөз қозғай білсе, оқушыларға шығармаларын оқуда оңайырақ болары сөзсіз.
Тақырыптың өзектілігі: Жаһандану заманында оқушыларға тек шығарманы оқумен шектелмей, сол шығарманың авторының өмірі жайлы мағлұмат беру маңызды. Себебі, жазушы шығармашылығында автордың өмірі айқын көрініс табады, сол арқылы оқырман жазушыны да, авторды да терең тани біледі.
Жұмыстың нысаны: Ақын-жазушылар өмірбаянын оқытуды зерттеушілер мен қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ақын-жазушылар өмірбаянын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау. Оқушылардың терең білім алуына қолайлы жағдайларды қарастыру, өмір мен шығармашылықты байланыстырып зерттеу.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеу, сұрыптау, талдау, жалпы базалық материалдар жинақтау. Тақырып мазмұнына байланысты әдістер кешенін көрсету.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тараудан: біріншісі - автор өмірбаянын зерттеу маңыздылығы жайлы, екіншісі- ақын-жазушылар өмір жолын шығармашылықпен оқыту, әрқайсысы екі тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Өмірбаянды оқытудың әдістемелік жоспары.
Әдебиетті меңгеру кей оқушыларда «психологиялық кедергі» жиі кездеседі. Психологиялық характерлі қиындықтар ұлттық этикалық-эстетикалық дәстүрлерінің әр түрлілігімен байланысты болады. Соңғы жылдары негізгі бағдарламалар мен оқулықтар шығарылды. Оқушылардың әдеби білімінің мазмұнын анықтайтын жаңа бағдарламалар - авторлардың ұсынылған нұсқасы ғылыми негіз беру бағыты жэне республикада аталмыш пәннің оқытылу жағдайын тіркеу, жүмыстың көп жылдық тәжірибесін талдау, мектеп тәжірибесіндегі бағдарламалар мен оқулықтарды тексерудің нәтижесі. Берілген бағдарламалардың нәтижесі оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптардағы қазақ әдебиетінің мазмұнын жэне қазақ әдебиетінің әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістер теориясында талассыз тұрақталған «оқыту тәсілдері» деген үғым жоқ, тек тәсілді әр түрлі саралау бар. Әдебиет спецификасын оқу пәні ретінде және көркем әдеби шығарманы оқудағы негізгі әрекетін ескере отырып, тэсілдерді саралау тізімін түсінік беру арқылы оқыту тәсілімен толықтыруға болады. Мектепте әдебиетті тиімді оқыту оқытылып отырған шығарманы, оның поэтикалық ойын толық ашып берумен байланысты болып келеді. Егер мұғалім жазушы тұлғасы мен шығармашылығын қызығушылық тудыра алмаса, ол жазушымен алғашқы кездесудің соңғы кездесуі болады[7; 31 б] .
Қазақ әдебиеті пәнін түсінік беру арқылы оқыту орыс тілді мектептерде ерекше орын алуы керек. Орыс тілді мектеп оқушысы әдеби шығармаларда бұрын таныс емес қазақи тұрмыстың суреттелуін. түсіндіруді қажет ететін тарихи-мәдени және саяси өмір фактілерін кездестіреді. Сол себепті қазақ әдебиетінің орыс мектебінде басқа ұлт тілі ретінде оқытылуы-көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқытудың рөлін арттырады.
Көркем шығарманы оқу мен талдау процесінде түсінік беру-оқушыларға мәтінді дүрыс түсінуге, көркем шығарма ойына енуге, поэтикалық өзгеше сөйлеу ойларын ашуға; оқытылып отырған шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімнің түсіндіруі оқытылып отырған шығармаға қызығушылық, қабылдау эмоциясын туғызады. Шығарма тақырыбын, мазмұны, жанры байланысты тілдік құралдарды тандауда оқушылардың қазақ тілі сабағында алған білімдерін пайдалану керек. Алдыңғы қатарлы мүғалімдер тәжірбиесі лингвистикалық қиындықтарды, мәселелерді қарастыру, тілдік құбылыстар мен фактілерді қарастыру. Жазушының тілдік шеберлігін, шығармаларының өзіне тәндігін танып - білуге жол ашады. Көркем шығарма туралы түсініктер мүғалімге кешенді түсіндіру кезінде үлкен көмек береді. Қазақ әдебиетінің түпнұсқа негізінде оқытылуы кешенді түсінік беру ұстанымы болып табылады.
Оны мынадан көреміз:
Тарихи-мәдени түсінік беру . Мұнда оқылып отырған көркем шығармада немесе ақын-жазушы өмірбаянын оқуда жэне орыс мектебі оқушыларына түсініксіз немесе белгісіз жағдайларда көрініс тапқан қазақ тарихы мен мәдениетінің фактілерін ашып беру;
Географиялық - қазақ халқы түратын географиялық (табиғи) жағдайларды (климат, рельеф, жануарлар, өсімдіктер элемі) түсіндіру;
Лингвистикалық түсінік беру - тілдің эр түрлі элементтерін, мағынасын шығармада қолдануын түсіндіру;
Этнографиялық - орыс халқының түрмысында кездеспейтін, қазақ халқының дәстүрлері мен ырымдарын, ұлттың бөлек тұрмысын түсіндіру.
Түсінік берудің жоғарыда көрсетілген барлық түрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Дегенмен, орыс мектебінде қазақ әдебиетін лингвистикалық комментарий арқылы өткізу- оқушылардың екі тілділігін есептеуді талап етеді, белгілі шамада осыған сүйенеді, орыс тілді мектеп оқушысының оның санасында туған тілінің логикасының жүйесі бар, ол басымды болып, екі тілдік жүйе элементтерінің араласып кетуіне әкеледі. Сондықтан лингвистикалық комментарий салыстырмалы талдау элементтерінен тұру керек. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың әр түрін қолданып оқытудың әдістемесі бойынша орыс мектептерінің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың маңызы жоғары. Түсінік беру арқылы оқытудың түрлері:
а) алдын-ала түсіндіру;
б) талдау барысында түсіндіру;
в) жанрлық түсіндіру.
Оқытудың мүндай түрлерінің тиімділігін арттыру үшін келесі міндеттер қойылады: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, музыка жэне бейнелеу өнері пәндерінің пэнаралық байланысын ажырату;
Көркем шығарманы талдау негізі ретіндегі эвристикалық әңгімелесу; Қазақша мәтіндерді орфоэпиялық дұрыс оқуға жаттықтыру және осы негізде мәнерлеп оқуды үйрену;
Оқушылардың екі тілді сөздікпен жекеше жүмыс жасауы;
Түпнұсқа мен аударманы мына деңгейлер бойынша салыстырып талдау:
а) лексика-семантикалық
в) интонациялық-ритмикалық
б) бейнелі-мағыналы
г) синтаксистік
Ақын немесе жазушының шығармасын оқыту әрқашан оның өмірін оқытудан басталады. Көркем мәдениеттің, ең алдымен, әдебиеттің ірі құбылыстарын толық меңгеру - оны құрастырушылардың рухани әлеміне енуді талап етеді. Көркем шығармада бейнеленген суреттердің терең өзара байланысын тауып, бағалау үшін, әсіресе жазушы шығармаларында бұл суреттерді көру мен тартыстарын бақылау жеткіліксіз. Мұнда сонымен қатар мәтін жолдарындағы автор дауысын ести алу керек және оның қайталанбас шығармашылық жекелігін сезіну керек.
Мұғалімнің жазушы өмірбаянын мазмұндауы - бұл жай ғана өмірді суреттеу емес. Бұл суретші өмірінің, оның шығармашылық жэәне азаматтық қызметінің, қоғам өмірінің сипаттамасы мен прогрессивті дэстүрлі үлттық мэдениетпен байланысты түлғасының қалыптасуын қайта үйымдастырып құру болып табылады. Осыған байланысты түсінік беру арқылы оқытудың толық кешені қолданылады[8; 10-15 б] .
Ақын, жазушының өмірі мен творчестволық қызметіне шолу жасауға арналған лекциялық сабақтардың идеялық дәрежесінің жоғары, мазмұнды, сапалы болып өтуі оқытушының оқушыларға айтып беретін оқу материалдарын толық меңгеріп, терең білуімен шектелмейді. Бұл - жұмыстың бір жағы ғана. Енді оқытушының алдында тұрған келесі міндет - сабақты өткізуге әзірленген лекциялық материалдарды оқушыларға баяндап айтып берудің өзіне тиімді жолдарын қарастырады. Әдебиет оқушыларының жұмыс тәжірибесіне қарағанда, мұның бірнеше жолдары бар екені байқалады. Бір түрінде оқытушы лекциялық материалдың күрделі жоспарын тізеді, жоспар негізгі бөліктер мен тармақтарға бөлінеді. Жоспарда баяндалатын мәселелер айтылу рет тәртібіне қарай жүйеленіп тізіледі, қажетті даталар мен цитаттар, т. б. жоспардың тиісті жерлерінде көрсетіледі. Енді бір түрінде оқытушы лекциялық материалдың қысқаша тезисін жазады. Мұнда да, жоғарыдағы сияқты, айтылған ой мен пікірдідәлелдеуге, тұжырымдауға қажетті фактілер мен даталар, цитаттар мен көркем шығармалардан келтірілетін үзінділер, т. б. тезистің тиісті жерлеріне енгізіліп отырады. Келесі бір түрінде оқытушы лекцияда қамтылуға тиісті мәселелердің бәрін жүйелі түрде түгелдей жазып барады.
Оқытушы үшін бұл жолдардың қайсысы қолайлы, тиімді, қай формасына қолданады - ол мұғалімнің өз еркінде. Алайды, бірінші түрі жоғары кластарда әдебиеттен көп жылдар бойы сабақ беріп ысылған, жаттығып, дағдыланып машықтанған, жұмыс тәжірибесі мол оқытушыларға қолайлы. Екінші түрі әдебиет пәнін оқытуда тәжірибесі аз, әлі ысылып жаттықпаған жас оқытушыларға қолайлы. Үшінші түрі әдебиеттен бұрынды-сонды сабақ беріп көрмеген оқытушыға және студент-практиканттарға қолайлы сияқты. Лекциялық материалды баяндау барысында түрлі цитаттар, шағын шығармалар, үзінділер қолданғанғанда, бұлардың қай-қайсысы да оқу материалының мазмұнын байытады және оқытушының пікірлеуі мен сөзіне ажар, көрік береді. Бұларды оқытушы мүмкін болғанынша жаттап алып, ырғақғһ, сазына келтіріп мәнерлеп жатқа айтып берсе, сабақ онан әрі қызықты, тартымды болады. Кейде оқушыларды оларға таныс емес шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнымен жол-жөнекей таныстырып кетуі қажет. Бұл ретте де оқытушы ондай шығарманың мазмұнын көркемдеп әңгімелеу түрімен қысқаша айтып беруге тиіс. [9]
Жаңа бағдарлама бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері:
Педагогикалық әдіс-тәсілдер:
- құндылықты-бағдарланған;
- әрекетті;
- тұлғалық-бағдарланған;
- кіріктірілмелі;
- коммуникативті
әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Оқыту әдіс-тәсілдері:
Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл - педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл - оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл- бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл- оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тәсіл і - зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады
Интербелсенді әдіс - үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter - аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi - ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты- тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу емес, үйрене бiлу
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)
- сыни ойлау дағдыларын дамытады
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
«Еске түсіру» ойыны.
Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т. б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.
«Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т. б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.
«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы. Алтынсарин - алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады. Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр) . Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады
«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді. . [16; 7б]
1. “ Ыстық орындық” әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2. “Автор орындығы”
оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» стратегиясы
(Мұғалімдермен жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз.
Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
4. “3 таяқша” әдісі
(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”
5. «Бинго» ойыны.
(Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін. »
6. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
7. Ширату ( Оқушыларға ширату түрлерін жасату)
8. «Он сұрақ!» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады - қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
9. «Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
«Сұрақтар жаңбыры»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
11. «Детектив» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
12. «Коллаж әңгіме» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
13. «Менің сөзім» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz