Салықтар бойынша міндеттемелер есебі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

8 Тақырып. Ұйымның міндеттемелерінің есебі

Дәріс 19

1. Қаржылық міндеттемелердің есебі.

2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі, басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.

3. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық берешектер есебі.

4. Зайымдар бойынша шығындарды тану.

Дәріс 20

1. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі.

2. Өзге де міндеттемелер есебі: алдағы кезең кірістері; шығарылатын топтың міндеттемелері, басқа да міндеттемелер.

1. Қаржылық міндеттемелерінің есебі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қарастырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.

Қаржылық міндеттеме - мынадай:

а) шартпен - ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті басқа субъектіге беру;

б) субъект үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа субъектімен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасу белгіленген міндеттеме;

Есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және мынадай:

а) кәсіпорынның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын субъект беретін және беруге міндетті болатын;

б) ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыруға қарағанда, есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін ұйымның меншікті үлестік құралдарына болашақта субъектінің меншікті үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге шарт болып табылатын құралдар қосылмайтын шарт болып табылатын кез келген міндеттеме;

Міндеттеменің ажырамас сипаттамасы субъектіде нені болмасын қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттеменің бар болуы болып табылады. Міндеттеме қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты практикадан алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттеме міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін.

Практикадан шығатын міндеттеме - мынадай жағдайларда субъектінің іс-әрекетінен туындайтын міндеттеме:

а) саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан практикасында субъект басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе; және

б) нәтижесінде субъект осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.

Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басұа қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.

Несиелерді есепке алу 3000 «несиелер бөлімшесіне енгізілген 3010-банк несиелері; 3020-банктен тыс мекемелердің несиелері; басқа да несиелер сияқты пассивті шоттарда жүргізіледі.

Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындаңы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады.

Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмайды. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 3020-«Банктен тыс мекемелердің несиелері» -деп аталатын шот қарастырылған. Бұл шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.

2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.

Кәсiпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 “Салықтар бойынша міндеттемелер” бөлiмшесiнiң шоттарында есепке алынады. Бұл бөлiмшеге келесi шоттар кiредi:

3110 Төленетiн корпоративтiк табыс салығы

3120 Жеке табыс салығы

3130 Қосымша құн салығы

3140 Акциздер

3150 Әлеуметтiк салық

3160 Жер салығы

3170 Көлiк құралдарына салынатын салық

3180 Мүлiк салығы

3190 Өзге салықтар

Корпоративтiк табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 пассивтiк шотта жүргiзiледi.

Корпоративтiк табыс салығының салық салынатын негiзгi объектiсi салық салынатын табыс болып табылады, оның деңгейi жылдық табыс жиынтығы мен шегерiмнiң арасындағы айырмасы арқылы анықталады. Жылдық жиынтық табысқа: жөнелтiлген өнiмдер, атқарылған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер және басқа операциялары үшiн, салық төлеушiнiң алуына жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретiнде үшiншi тұлғаға жiберiлген, тiкелей не жанама түрiнде шығындарды өтеуге жiберiлген қаражаттар кiредi.

Корпоративтiк табыс салығын есептеген кезде 7710 шоты дебеттелiп, 3110 шоты кредиттеледi. Бұл салық жылдың соңында бiр рет есептелiнедi.

Корпоративтiк табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның iшiнде аванстық төлемiн қоса алғанда 3110 шоты дебеттелiп, 1030 шоты кредиттеледi.

7710 шоттың дебетi бойыншы және 4310 шотының кредитi бойынша кейiнге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығынкөрсетедi. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 5520 шот дебеттелiп, 7710 шоты кредиттеледi.

Кейiнге қалдырылған салықтың есебi үшiн 4310 “Кейiнге қалдырылған корпоративтiк табыс салығы” шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлiк және салық есебiнiң талаптарындағы айырманың нәтижесiнде пайда болған уақытша сомалары көрсетiледi.

Бухгалтерлiк және салық есебi арасындағы мәлiметтердiң теңдiгiн сақтау оңай шара емес, өйткенi оларлың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Тұрақты айырмашылықтар - бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын және бұдан кейiнгi есептi кезеңде жойылмайтын салық салынатын және бухгалтерлiк табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Уақытша айырма бухгалтерлiк табысты есептеген кезде кейбiр табыс пен шығыс баптарының бiр бөлiгi бiр есептiк кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептiк кезеңде есептелiнедi. Сондықтан бiрiнде болған айырма, екiншiде жойылады. Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң есеп саясатына бухгалтерлiк есептiң де, салық есебiнiң де енгiзген өзгерiстерiнiң (түзетiлерiнiң) салдарынан болуы мүмкiн. Бұл арада тұрақты айырманың келесi есептiк кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңiл түрде табуға болады, егер де тиесiлi бухгалтерлiк регистрiне салықтық есеп қағидасының зерттеулерiн жүргiзсе. Уақытша айырма сомасынан салықтық эффектiнi бухгалтерлiк есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектiсi төлеуге жататын немесе кейiнге қалдырылатын төлем болып саналады.

Халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған пiкiр бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшiн жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңiне қарап, тиесiлi пайда болған табыстармен бiрге танылады.

Есептiк кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектiсi 4310 “Кейiнге қалдырылған табыс салығы” шотында көрiнiс табады.

Салықтық төлем мiндеттемесiнiң әдiсiне сәйкес, олар кезең барысында, өзiне мынаны енгiзедi:

  • салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етiп тұрған заңға сәйкес есептелiнедi, оның деңгейi былайша анықталады:

Бухгалтерлiк + Тұрақты + Уақытша

табыс - айырмасы - айырмасы

  • уақытша айырмасының салықтық эффектiсi сол есептiк кезеңде не төленедi, не жойылады, оның мөлшерiн ағымдағы кезеңнiң салықтық мөлшерлемесi бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де келесi жылға корпоративтiк табыс салығының мөлшерлемесi өзгеретiн болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесi бойынша алынады.
  • Кейiнге қалдырылған салықтарды осы есептiк кезеңге сәйкес келетiндей етiп түзетедi. Түзету сомасы 7710 шотта көрiнiс табады.

3. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық берешектер есебі.

Жабдықтаушылармен және мердiгерлермен есеп айырысу. Кәсiпорын өз өндiрiсiнiң тиiмдi және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн өзiнiң материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндiрiске қажет қорларын құрайды. Кәсiпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларына сәйкес жүргiзiледi. Кәсiпорын өзiнiң ұдайы өндiрiсiн қамтамасыз ету үшiн өнiм шығарушы кәсiпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келiсiм-шартқа отырады.

Кәсiпорын жабдықтаушылармен мердiгерлермен есеп айырысу үшiн 3310 “Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек” және 4110 “Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін ұзақа мерзімді берешек” шоттары пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейiне және нысандарына (алдын-ала төлем ақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшiн есеп айырысу жүргiзiледi. 3310, 4110 шоттарының кредитi бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебетi бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитiнен олардың төлемақысы жазылады.

Өнiм жеткiзушiлермен есеп айырысулар есебi арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тiзiмдемеде әр бiр шот-фактурасы немесе төлем талап-тапсырмалары бойынша жүргiзiледi, ал бұл өз кезегiнде әр бiр құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкiндiк бередi.

Кiрiс құжаттары мұқият тексерiлуi және төлем талап-тапсырмаларындағы материалдық құндалақтар санына сәйкес келуi тиiс. Егер жүктердi қабылдау кезiнде жабдықтаушының немесе көлiк ұйымының кiнәсiнен құндылықтардың жетiспейтiнi немесе бұзылуы анықталса, актiнiң негiзiнде талап сомасын 3310 шоттың кредитiнен 1250 шоттың дебетiне есептен шығарады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысулардың есебi жөнiндегi журналда ай аяғында 3310, 4110 шоттары бойынша талданған қалдықтар көрсетiледi. Талдама есептiң құрылымы негiзiнде жабдықтаушылармен және мердiгерлермен есеп айырысу жөнiндегi қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшiн және есеп айырысуын жедел бақылау үшiн мына төмендегi топтардан қалыптасады; атап айтсақ: төлеу мерзiмi келмеген есеп айырысулар жөнiндегi жабдықтаушылардың құжаттарынан, мерзiмi келмеген есеп айырысулар жөнiндегi жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған калған жабдықтардан; мерзiмiнде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.

4. Зайымдар бойынша шығындарды тану.

Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнының бөлігін құрайды. Басқа қарыздар бойынша шығындар шығыс ретінде танылады.

23 Стандарт міндеттемелер ретінде қаралмайтын акционерлік капитал (соның ішінде артықшылықты акциялар) жөніндегі нақты немесе болжалды шығындарға қатысты емес.

Кәсіпорынның 23 Стандартты төмендегілерді сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыз шығындарына қолдануы талап етілмейді:

-әділ құнымен бағаланған талаптарға сай актив, мысалы биологиялық актив;

-қайталанбалы түрде көп мөлшерде жасалып шығарылатын немесе басқаша өндірілетін босалқылар.

Қарыздар бойынша шығындар:

-39 Қаржылық құралдар: тану және бағалау (IAS) ХҚЕС -да сипатталған тиімді пайыздық ставка тәсілін қолданып есептелген пайыз бойынша шығындар;

-17- «Жалдау» (IAS) ХҚЕС сәйкес танылған қаржылық жалдауға қатысты кредиттің толық құны;

-шетелдік валютадағы қарыздардан пайыз шығындарына түзетулер деп санаталтын дәрежеде туындайтын бағамдық айырмашылықтар пайыздар төлеу жөніндегі шығындар.

Жағдайларға қарай, төмендегілердің кез-келгені талаптарға сай активтер бола алады:

-босалқылар

-өндірістік мекеме

-электр энергиясын өндіретін стансалар

-материалдық емес активтер

-инвестициялық жылжымайтын мүліктер.

Қысқа уақыт ішінде жасалып шығарылатын, немесе басқаша өндірілетін қаржылық активтер, және босалқылар талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде ниеттелген қолданысқа немесе сатуға әзір активтер де талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.

Қарыздар бойынша белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар - тиісті активке шығындар жұмсалмаған болса, қарыздар бойынша жол бермеуге болатын шығындар. Компания қаражатты тек белгілі бір талаптарға сай келетін нақты активті сатып алу үшін қарызға алатын болса, сол активке тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды айқын анықтауға болады.

Нақты қарыздар мен белгілі бір талаптарға сай келетін актив арасындағы тікелей байланысты табу және анықтау басқа жағдайда жол бермеуге болатын қарыздарды анықтау қиыншылық туғызуы мүмкін. Ондай қиыншылықтар, мысалы, компанияның қаржы қызметі орталықтан үйлестірілетін кезде пайда болады. Қиыншылықтар компаниялар тобы түрлі пайыздық ставкалар бойынша қарыз қаражатын алу үшін бірқатар қарыз міндеттемелерін пайдаланатын және сол қаражатты топқа кіретін компанияларға түрлі негіздерде қарызға беретін кезде де пайда болады. Валюта бағамдарының ауытқулары, сондай-ақ топтың шетелдік валютада көрсетілген немесе жоғары инфляция жағдайларында онымен байланыстырылған несиелерді пайдалануы жағдайды қосымша қиындатады. Соның нәтижесінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға тікелей байланысты қарыз қаражатын пайдалану жөніндегі шығындар мөлшерін анықтау қиындайды және субъективті баға беруді қажет етеді.

Дәріс 20

1. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі.

2. Өзге де міндеттемелер есебі: алдағы кезең кірістері; шығарылатын топтың міндеттемелері, басқа да міндеттемелер.

1. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі.

Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар 19 ХҚЕС негізінде есепке алынады. Осы стандарт компаниядан келесіні тануды талап етеді:

а) міндеттеме - қызметкер келесіде төленуге тиіс сыйақы үшін жұмыс, қызмет атқарса;

ә) шығын - егер компания сыйықға қызметкердің жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын экономикалық тиімділікті пайдаланса.

Жұмысшылар мен қызметкерлердiң өндiрген өнiмдерi мен iстеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының алғашқы табельдерi оларға еңбек ақы есептеу және оны төлеу үшiн субьектiнiң цехынан, бөлiмшелерден субьектiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген мерзiмде бухгалтерияға келiп түседi. Еңбек ақы есептеу үшiн бұл толтырылған құжаттар мен табельдердiң дұрыс толтырылуы мұқият тексерiлiдi. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелiнетiн еңбекақы негiзгi және қосымша болып екiге бөлiнедi.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудiң тiкелей кесiмдi жүйесi бойынша - бiр жұмысшының немесе бiр бригаданың өндiрген өнiмiнiң, iстеген жұмысының бәрi тек қана еңбек бағасымен есептелiнедi. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшерi - бұл құжатта көрсетiлген, өндiрiлген өнiмнiң санын сол өнiмнiң бiр данасына қарастырылған яғни белгiленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектiсiнiң жұмысшылары мен қызметкерлерiн негiзгi қызмет атқаратындар және негiзгi емес қызмет атқаратындар - деп екi топқа бөлiнедi

Бухгалтерлiк есепте жұмысшы қызметкерлердiң саны мен олардың жұмыс iстеген уақытын есепке алуға тура келедi. Шаруашылық субъектiсiндегi қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың, , тiзiмдегi саны,, - деп аталады.

Жалпы шаруашылық субъектiсiнде, өнеркәсiпте әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жұмыста мертiккен (жарақат алған) жұмысшылар мен қызметкерлерге, жүктi немесе балалы болған әйелдерге тағы да басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы мөлшерi үздiксiз еңбек стажының ұзақтығына қарамастан есептелiнiп төленедi.

Шаруашылық субъектiсiнде еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейдi :

1. Өзiне берiлген және басқа да мiндеттердi атқарудан бас тартып, өз денсаулығына зиян келтiрген, сондай-ақ өтiрiк ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленiп қойған болса, онда сот шешiмiмен жәрдемақы қайтарылуы тиiс;

2. Еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердiң iшiмдiк iшiп мас болуы салдарынан болса:

3. Еңбекке уақытша жарамсыздығы қылмыс iстеу салдарынан болған жағдайындағы зақымданудан болса :

4. Өз бетiнше емделген жұмысшылар мен қызметкерлерге.

Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да шаруашылық субъектiсiндегi жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақы қорының құрамына кiргiзiлмейдi.

2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылатын топтың міндеттемелері, басқа да міндеттемелер.

37 ХҚЕС мақсаты - бағалау міндеттемелеріне, шартты міндеттемелерге және шартты активтерге тиісті мойындау критерийлері мен бағалау базаларын қолдануды, сондай-ақ қаржы есептілігін пайдаланушылар олардың сипатын, уақытша өлшемдері мен көлемін түсіну үшін қаржы есептілігіне ескертулерге жеткілікті ақпарат ашуды қамтамасыз ету.

Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді.

Осы бөлімде айтылған талаптар бағалау резервтеріне қолданылмайды, мынаны қамтиды:

1) жалға алуды;

2) құрылысқа арналған шарттарды;

3) жұмыскерлерге сыйақы беру жөніндегі міндеттемелер; және

4) пайдаға салынатын салық.

Кейде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді борыштар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды.

Субъект бағалау міндеттемелерін:

1) субъектіде өткен оқиғаның нәтижесінде әрекет ететін міндеттеме болғанда; және

2) міндеттемені жабу үшін экономикалық пайданы беру талап етілуі мүмкін болса; және

3) міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда ғана тануға тиіс.

Сирек жағдайда әрекет ететін міндеттеменің бар-жоғы түсініксіз болады. Мұндай жағдайда, егер есепті күні барлық бар куәліктерді ескере отырып, әрекет ететін міндеттеме бар болса, өткен оқиға әрекет ететін міндеттеменің туындауына алып келуші болып саналады.

Субъект бағалау міндеттемесін баланстағы міндеттеме ретінде тануға, егер:

1) ол қорлардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі болып табылмаса, немесе

2) негізгі құралдардың өзіндік құнында танылмаса, сондай-ақ шығысты пайданың немесе залалдың құрамында бағалау міндеттемесінің мөлшеріне тең сомаға тануға тиіс.

Субъект өзінің болашақ іс-қимылдарымен болашақ шығындардың алдын ала алатындықтан, мысалы, операцияны жүргізу әдісін өзгерте отырып, оның осы болашақ шығындар бойынша әрекет ететін міндеттемесі болмайды әрі ешқандай бағалау резервтері танылмайды.

Субъект есепті күнге міндеттемені жабу үшін қажетті соманы ең үздік есептік бағалау негізінде бағалау міндеттемелерін өлшейді.

1) Өлшенетін бағалау міндеттемелері баптардың ірі жиынтығын қамтитын жерде есептік бағалау тиісті ықтималдықтарды ескере отырып, ықтимал нәтижелердің барлық салмақтап көру жолымен жүргізіледі.

2) Бағалау міндеттемесі жалғыз міндеттеме бойынша туындағанда, жеке, неғұрлым ықтимал нәтиже міндеттеменің ең үздік есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда осындай жағдайдың өзінде субъект басқа да ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен неғұрлым ықтимал нәтижеден жоғары немесе төмен болса, онда ең үздік есептік бағалау неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен шамада болады.

БАҒАЛАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

-Бағалау міндеттемелері бастапқыда мойындалғандар үшін осы шығындар бойынша ғана пайдаланылады.

-Бағалау міндеттемелеріне қарсы бастапқыда жасалғандарға қатысты шығындар ғана есептеледі. Бастапқыда басқа мақсаттарда жасалған бағалау міндеттемелеріне қарсы шығындарды есептеу екі түрлі оқиғаның әсерін жасыратын болады.

АҚПАРАТТЫ АШУ

Компания бағалау міндеттемелерінің әрбір класы үшін:

а) кезеңнің басына және соңына баланстық құнды;

б) қолданылып жүрген бағалау міндеттемелерін көбейтуді қоса алғанда, кезең үшін құрылған қосымша бағалау міндеттемелерін;

с) кезең ішінде пайдаланылған сомаларды (яғни, бағалау міндеттемелеріне қарсы шеккен немесе есептелген) ;

д) жыл ішінде қайтарылған пайдаланылмаған сомаларды; және

е) уақыт ағымының нәтижесінде пайда болған кезең ішіндегі дисконтталған соманың көбеюін және дисконттау ставкасының кез келген өзгерістерге әсерін ашып көрсетуге тиіс.

Салыстырма ақпаратты ашу міндетті емес.

Компания бағалау міндеттемелерінің әрбір класы үшін:

а) міндеттеме сипаттамасының қысқаша сипатын және осы міндеттеме нәтижесінде туындаған экономикалық пайданы шығарудың күтілген уақытын;

б) осындай шығарудың сомасына немесе уақытына қатысты белгісіздіктің пайда болу фактісін ашып көрсетуі тиіс. Балама ақпарат ұсыну қажеттілігі болғанда, компания 48-параграфта көрсетілген болашақ оқиғаларға қатысты жасалған негізгі кемшіліктерді ашып көрсетуі керек; және

с) осы күтілетін өтеу үшін танылған кез келген актив сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтеулер сомасын ашып көрсетеді.

Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
Міндеттемелер аудиті
Ұзақ мерзімді несиелерді беру
Салық төлеушінің құқықтары
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Ағымдағы міндеттемелер есебі
Шаруашылык субъектінің меншікті капиталының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz