Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

"ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ" ПӘНІ БОЙЫНША

Мамандығы: Бастауыш білім беру
Курсы: 4
Оқытушы Джакаева Г.Б.

МАЗМҰНЫ

1.
Пәннің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
2.
Тақырыптық жоспардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...
4
3.
Сабақтардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
4.
Пән бойынша бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... .
65
5.
Пән бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары ... ... ..
66
6.
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
69

1. ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәннің мақсаты:
Шағын жинақталған мектепте оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру пәнінің негізгі мақсаты бастауыш шағын жинақталған мектепте класс және класс комплект жағдайындағы бастауыш мектептерде оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

Пәннің міндеттері:
* ҚР-дағы "Шағын жинақталған мектеп түсінігі", мақсаты мен міндеттерін айқындау;
* ҚР-дағы шағын жинақталған мектептердің даму тұжырымдамасын іске асыру;
* ШЖМ-тердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары;
* Бастауыш шағын жинақталған мектепте жеке пәндерді класс және класс - комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығын талдау;
* Бастауыш шағын жинақталған мектепте оқыту және тәрбие процестерін ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

КУРС БОЙЫНША ОҚУ УАҚЫТЫНА БӨЛУ

Курс бойынша оқу уақытына бөлу
Сағат саны
Оның ішінде

Теория
Практика

Курс бойынша сағат саны
1.
4 - курс
54
32
22

2. ТАҚЫРЫПТЫТЫҚ ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

рс

Сабақтың мазмұны
Сағат саны

Сабақ түрі

Сабақта әдеби көрнекі құралдарын қолдану

Барлығы
Теор
Прак

1 бөлім. Кіріспе
6
6
-

1
Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі
2
2
-
Кіріспе сабақ
Оқулық
2
Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары мен оларды шешу жолдары
2
2
-
Жаңа сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық
3
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы
2
2
-
Біріккен сабақ
интерактивті тақта, слайдтар

2 бөлім. ШЖБМ-те оқыту процесін ұйымдастыру

12
6
6

4
ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
2
2
-
Дәстүрлі сабақ
Оқулық, интерактивті тақта
5
ШЖБМ-тегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары
2
2
-
Дәстүрлі сабақ
Оқулық
6
Сынып. Сынып - комплект құрастыру
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Оқулық, интерактивті тақта
7
ШЖБМ-те сабақ кестесін құрастыру жолдары
2
-
2
Тәжірибе сабақ
интерактивті тақта, слайдттар
8
Бір пәндік, бір тақырыптық жүйе бойынша құрылған сабақтар. ШЖМ сабақтарды өткізу ерекшеліктері және оқыту түрлері
2
2
-
Біріккен сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық
9
Өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
2
-
2
Тәжірибе сабақ
интерактивті тақта, слайдтар

3 бөлім. ШЖБМ - те тәрбие процесін ұйымдастыру
6
4
2

10
ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері, ұйымдастыру ерекшеліктері
2
2
-
Дәстүрлі сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық
11
ШЖБМ мұғалімінің кәсіптік мәдениеті және сынып жетекшісінің қызметі
2
2
-
Біріккен сабақ
интерактивті тақта, слайдтар
12
ШЖБМ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі
2
-
2
Тәжірибе сабақ
интерактивті тақта, слайдтар

4 бөлім. ШЖБМ-те қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері
6
4
2

13
ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандартына сай бастауыш сыныптардағы қазақ тілі, ана тілі оқулықтарына талдау
2
2
-
Дәстүрлі сабақ
Оқулық, интерактивті тақта
14
Тіл сабақтары бойынша бір пәнділік, әр пәнділік жүйе бойынша құрылған сабақтар
2
2
-
Біріккен сабақ
интерактивті тақта, слайдтар
15
Тіл сабақтарында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау және өзін өзі бақылау жұмыстарының түрлері
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Оқулық, интерактивті тақта

5 бөлім. ШЖБМ-те математика сабағын оқытудың ерекшеліктері
4
2
2

16
Бастауыш сыныптардағы математика пәнінің мазмұны мен мақсаты
2
2
-
Біріккен сабақ
Оқулық, интерактивті тақта
17
Өзбетіндік жұмыстар мен ойынның ролі
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық

6 бөлім. ШЖБМ-тегі еңбек сабағы
4
2
2

18
ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы еңбек түрлеріне шолу
2
2
-
Біріккен сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық
19
ШЖБМ еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Оқулық, интерактивті тақта

7 бөлім. ШЖБМ-тегі дене шынықтыру сабағы
4
2
2

20
ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны мен мақсаты
2
2
-
Біріккен сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық
21
ШЖБМ ертеңгілік жаттығулар, олардың маңызы, түрлері
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Сызба, кестелер

8 бөлім. ШЖБМ-те дүние тану сабағының оқытылу ерекшелігі
4
2
2

22
ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы дүние тану бағдарламасының мазмұны мен мақсаты
2
2
-
Дәстүрлі сабақ
Сызба, кестелер
23
ШЖБМ-те топ саяхат, бақылау түрлtрі
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық

9 бөлім. ШЖБМ-те бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру
4
2
2

24
Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері бағдарламасын талдау
2
2
-
Біріккен сабақ
Сызба, кестелер
25
Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс - тәсілдері, сабақ жоспарын құру ерекшеліктері
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Сызба, кестелер

10 бөлім. ШЖБМ-тегі музыка сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері
4
2
2

26
ШЖБМ-те музыка сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспар құру әдістері
2
2
-
Біріккен сабақ
Сызба плакаттар,
оқулық
27
ШЖБМ-тегі музыка сабағы пәнінен сабақтың үлгі жоспарын құру әдістері
2
-
2
Тәжірибе сабақ
Сызба, кестелер

Барлығы:
54
32
22

3. САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

1 бөлім. Кіріспе
1.1 тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі

Мақсаты: шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы мағлұмат беру. Шағын жинақталған мектепте оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру пәнінің мақсаты мен мазмұны туралы меңгерту.

1.Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік 2.Қазақстандағы алғашқы мектептер 3.Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі

1. Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер - қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 - бастауыш, 979 - негізгі және 2413 - орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың - негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.

2.Қазақстандағы алғашқы мектептер
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны - 727, ондағы оқушы саны - 22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс - қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп - интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда - ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық - оқу мерзімі - 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада - старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер туралы ережелерде берілген. Ережеде оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.
Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды.

3. Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.
ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде: (-2000 ж. №32 (6)) Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі,- делінген.

Сұрақтар:
1. Шағын жинақталған мектеп дегеніміз не?
2. Шағын жинақты бастауыш мектеп қайда пайда болды?
3. Қазақстанда кімнің есімімен байланысты?
4. Сыныптарды комплектіге біріктіру жолдары

1.2 тақырып. Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары мен оларды шешу жолдары

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары мен олардың шешу жолдары туралы мағлұмат беру.
1.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары
2. Оларды шешу жолдары

1.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); Қазақ тілі, Ана тілі, Математика, Айналамен таныстыру пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі - Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы Қазақстан мектебі журналында Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?, 1965 жылы Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы, 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
1870 жылғы 26 наурызда жарияланған Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң мен Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды.
Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.
ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі - кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады.
Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.
Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты-дейді Б.М.Қосанов.
ХХ ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.
1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-педагогтар тарапынан қарсылық болды.

2. Оларды шешу жолдары
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі - Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.
1980 жылы Ш.Әуелбаевтың Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.
1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе - шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту, М.Сайпиннің Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту (1984), О.Сатқановтың Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.
1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен Мектеп баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар (1976), Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар (1979), Ана тілінен үлестірмелі картиналар (1981).

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіруде белсене кіріскен ғалымдар еңбектері 2. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқан ғалымдарды еңбектері 3. Шағын жинақты бастауыш мектеп проблемаларын шешуге көмектескен ғалымдар еңбектері

1.3 тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы
Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі туралы түсінік беру. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы туралы сипаттау.
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі 2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы

1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары қандай?
2.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығын атаңдар?
3.Тиімділігі мен қиыншылығынан салыстырмалы түрде кесте құрастырыңдар

2 бөлім. ШЖБМ-те оқыту процесін ұйымдастыру
2.1 тақырып. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі

Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектептің педагогикалық процесінің ерекшілігі мен тиімділігін анықтауды меңгерту.

1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары

1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
:: сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
:: бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
:: көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
:: сабақ тақырыбының өзара байланысы;
:: сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
:: сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
:: тиімді оқыту әдістерін таңдау;
:: сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
:: оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
:: мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
:: барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
2. Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттарын атаңыздар
3. Бірнеше сыныппен жұмыс істегенде сабақтың ұйымдастыру кезеңдері
4. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді түрлендіру

2.2тақырып. ШЖБМ-тегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары

Мақсаты: ШЖМ-те оқу - процесінің тиімділігін анықтауды, сабақты табысты өткізу үшін методикалық әдістерді меңгерту.

1. ШЖМ-те оқу - тәрбие процесінің тиімділігін анықтау
2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы

1. ШЖМ-те оқу - процесінің тиімділігін анықтау
ШЖМ - тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі.
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы
Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді.Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді.Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
Сабақтың құрылымы:
1. Мұғаліммен жұмыс - өздік жұмыс.
2. Өздік жұмыс - мұғаліммен жұмыс.
Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағының құрылымы
1. Ұйымдастыру бөлімі 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Мұғалімнің сұрағына жауап беруге әзірлену, көрнекі кұралмен немесе басқа шағын тапсырмамен жұмыс 2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа материалды түсіндіру 3. Өздік жұмыс
4. Өздік жұмыс. 4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма 5. Өздік жұмыс
6. Үй тапсырмасының мазмұнын өз бетімен оқу және күнделікке жазу
7. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма
Мұғалім екі сыныптың оқушыларының да іс-әрекетін толықтай бақылап, өздік жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп көмектеседі.
Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, оны қайталаттырады, жүйелетеді.
ІІІағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.

Мұғалімнің мақсаты:
:: әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
:: таным процесінің жүйесін бұзбау;
:: оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;
:: барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;
:: білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. ШЖМ - тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері
2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығының сатылары
3. Сабақтың құрылымына тоқталыңдар.
4. Сабақ кезіндегі мұғалімінің мақсаты қандай?

2.3 тақырып. Сынып. Сынып - комплект құрастыру

Мақсаты: Екі немесе үш сыныпты комплект құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
1.Сынып - комплект құрастыру ерекшеліктері 2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру

1.Сынып - комплект құрастыру ерекшеліктері
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде: (-2000 ж. №32 (6)) Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі - делінген.ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру
Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір кіші сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең үлкен сабақтың өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар
Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды салыстырайық:
2-сынып
3-сынып
4-сынып
М
Ө
Ө
Ө
М
Ө
Ө
Ө
М
(М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен орындалатын жұмыс).
2-сынып
3-сынып
4-сынып
Біріктірілген (ортақ) бөлім
( жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі)
Сараланған бөлім
(жаттықтыру кезеңі)
Біріктірілген (ортақ) бөлім
(бекіту кезеңі)

Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4-сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердн бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды шамамен сабақтың алғашқы 10-15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау көп қиындық туғызатыны сөзсіз.
Тапсырма: сіздің үлгіңіз...

2.4 тақырып. ШЖБМ-те сабақ кестесін құрастыру жолдары

Мақсаты: ШЖБМ-те тиімді сабақ кестесінің үлгілерін жасап үйрету. Сабақ кестесін жасаудың әдіс - тәсілдерін меңгерту.
1. Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы
2. Сабақ кестесінің үлгілері

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.
Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.
Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері - оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

2. Сабақ кестесінің үлгілері
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор.
Тәжірибелік тапсырмалар
Сабақ кестесінің үлгісін жасау:
Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі:
Күні
Р.с
4 - сынып
3 - сынып
2 - сынып
1 - сынып
Дүйсенбі
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағаты

Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі

Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі
Математика

Валеология
Сынып сағ
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сейсенбі
1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене - шынық
Дүниетану

Математика
Ана тілі
Дене-шынық
Дүниетану
Қазақ тілі

Ана тілі
Дене шынық
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика

Денешынық
Дүниетану
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сәрсенбі
1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Бейн.өнері

Ана тілі
Бейн. өнері
Қазақ тілі

Ана тілі
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Математика

Бейн. өнері
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Бейсенбі
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану

Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі

Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика

Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Жұма
1
2
3
4
5
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат

Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат

Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Сенбі
1
2
3
4
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын

Еңбек
Еңбек
Дене-шын

Еңбек
Еңбек
Дене-шын

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаевалар төмендегідей алты күндік сабақ кестесінің үлгісін келтіреді:
Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін
Күні
Сабақ реті
1 - сынып
2- сынып
ДҮЙСЕНБІ
1
2
3
4
Әліппе
Математика
Денешынықтыру
Айналамен таныстыру
Қазақ тілі
Математика
Денешынықтыру
Дүниетану
СЕЙСЕНБІ
1
2
3
4
Математика
Жазу
Әліппе
Әліппе
Математика
Қазақ тілі
Ана тілі
Ана тілі
СӘРСЕНБІ
1
2
3
4
Әліппе
Математика
Еңбек
Ана тілі
Математика
Еңбек
Қазақ тілі
БЕЙСЕНБІ
1
2
3
Әліппе
Айналамен таныстыру
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Дүниетану
Бейнелеу өнері
ЖҰМА
1
2
3
4
Математика
Әліппе
Ән
Жазу
Математика
Ана тілі
Ән
Қазақ тілі
СЕНБІ
1
2
3
Әліппе
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері
Көркем жазу
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері

2.5 тақырып. Бір пәндік, бір тақырыптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Біріккен сабақ
Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бала тәрбиесі бір өнер
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Шағын комплкетілі мектеп ауыл мұғалімдерінің іс әрекеті
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты ұйымдастыру
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Пәндер