Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Анықтамалар

Сілтемелер

Қықартулар

Кіріспе

1 Оқыту процесіндегі белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдер теориялық негіздері

  1. Оқыту барысында белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдерін қолдану

1. 2 Білім берудегі белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдерін қолайлы таңдау

1. 3 Оқыту кезінде заманауи тәсілдерге көшу

2 Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін

арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту

2. 1 Экономика сабағы барысында оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдер жіктелуі

2. 2 Белсенді оқыту әдісі - оқу пікірсайысы

2. 3 Экономика пәнін оқыту кезінде белсенділікті арттырудың проблемалық оқыу заманауи тәсілін ұтымды пайдалану

2. 3. 1 Мариновка орта мектебіндегі экономика сабағын жүргізу әдістемесі

Экологиялық негіздеме

  1. Қоршаған ортаны қорғау
  2. Еңбек қорғау

Қорытынды

Кіріспе

Зерттелетін мәселенің өзектілігі оқушылардың еліміздің болашақ мамандары, жаңа заман талап ететін экономика оқыту кезінде белсенділікті арттырудағы заманауи тәсілдерімен оқытушылардың оқу үрдісіндегі ең тиімді, әрі жемісті жетістіктерге жету. Білім беру жүйесіндегі білім парадигмалары «блетін адам», яғни білім, білік, дағдымен қаруланған адам парадигмасынан «өмір сүруге бейімделген адам» яғни, белсенді және шығармашылықпен ойлай алатын, әрекет етіп, өзін өзі іс жүзінде көрсете алатын, парасаттылық, адамгершілік, экономикалық білім жағынан өзін жетілдіре алатын адам парадигмасына көшуде.

Қазахстан -нарықтық экономикаға көшкен жас мемлекет. Басты мақсаты- әлеуметтік бағытталған және жаңа ұстанымдағы қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құру. Осы мақсатты орындауға ат салысатын бүгінгі оқушы - ертеңгі мамандар елдің нарықтық экономикаға көшу туралы өзінің болашағы туралы не ойлайды? Оқушыларғы экономикалық білім беру әрине қазіргі уақытта негізгі оқу мәселелерінің бірі екені осыдан көрінеді. Осыған орай оқушыларды экономика сабағына ынталандыра отырып, қызығушылықты арттырудың замаауи тәсілдерді қолдануға ерекше көңіл бөлінуде.

Осы тұрғыдан алғанда экономикалық білім беру кезінде оқушының белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдер мәселесінің зерттелуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Себебі экономикалық білім берудің басты міндеттерінің бірі- оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыра отырып, нарық заманында өмір сүріп, еңбек етуге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.

Экономикалық білім мәселесін қозғау жайлы еңбектер өте көп. Дегенмен бұл еңбектерде мектеп оқушыларына жүйелі түрде экономикалық білім беру кезідегі белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдері мәселесі қажетті деңгейде зерттелінбеген.

Аталған мәселенің өзектілігі «экономика сабағы барысында оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдері» атты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себепші болып отыр.

Зерттеу нысаны - мектептегі заманауи тәсілдермен оқыту үрдісі.

Зерттеудің пәні - оқушыларды экономикалық білім беру кезіндегі белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдері.

Зерттеудің мақсаты - қоғамдағы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқушыларға экономикалық білім берудің заманауи тәсілдері теориялық тұрғыда негіздеп, практика жүзінде енгізілген жаңа құбылыстың қолдануын зерттеу, тәжірибе жүзінде пайдалануды көздеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде «танымдық іс- әрекет», «танымдық белсенділік» мектеп оқушыларының белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдері ұғымдарының мәнін, мазмұнын ашу;
  2. Мектеп оқушыларының оқу - танымдық іс- әрекетін белсендірудің заманауи тәсілдерінің теориялық негіздерін анықтау;
  3. Оқушылардың танымдық іс- әрекетінің белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдерін анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу, ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдістерді теориялық талдау; озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау; мектеп құжаттары, бағдарламалар мен оқыту үрдісіне талдау жасау; сауалнамалар, топтық және жеке әңгімесулер; жеке тұлғаны зерттеу; жеке тұлғаның таным процестерін, диагностикалау әдістері; белсенділікті арттыруға бағытталған заманауи тәсілдерін сараптау, тиімділігін тексеру.

1 Оқыту процесінде белсенділікті арттыру үшін заманауи тәсілдер теориялық негіздері

  1. Экономика сабағы барысында белсенділікті арттырудың заманауи тәсілдерін қолдану

Дәстүрлі оқытуғы қиын шешілетін бірқатар мәселелерді шешуге көмектесетін, мектептер жүйесінде оқушылардың белсенділігін арттырудағы әр түрлі тәсілдер кең қолданылады.

Қазіргі уақыттаэкономика оқыту барысында ұжымдық оқыту тәсілдері кең еңізіледі, сол үшін ұжымдық оқыту тәсілдерін ұйымдастыру әдістемесін білу қажет. Осыдан шығатыны, мұғалімнің дидактикалық міндеттерінің бірі тыңдаушылардың өзара байыту мақсатындағы ұжымдық тәжірибені және сыныптың білімін мобилиздеу болып тадылады. Көптеген белсенді оқыту формаларының маңызды сәті пікірсайыс болып табылады.

Белсенді оқыту мәселесіне орта мектеп білім даму тенденцияларының бірі - оқу- танымдық іс- әрекет пен оны педагогикалық жетектеуін ұйымдастыру концепциясын қарастыру. Сондықтан дәстүрлі оқытудағы қиын шешілетін бірқатар мәселелерді шешуге өмектесетін, мектептер жүйесінде оқушылардың белсенділігін арттырдыдағы әр түрлі тәсілдер кең қолданылады. Қазіргі уақытта мектептің экономикасына ұжымдық оқыту тәсілдері кең ңгізіледі, сол үшін ұжымдық оқыту тәсілін ұйымдастыра білу қажет. Осыдан шығатыны, мұғалімнің дидактикалық міндеттерінің бірі тыңдаушылардың өзара байыту мақсатындағы ұжымдық тәжірибе және сынып білімін мобилиздеу болып табылады. Көптеген белсенді оқыту формалардың маңызды сәті пікірсайыс болып табылады. Бұл жерде білім мен тәжірибенің белсенді алмасумен қатар ооқушыларда дағдылар да қалыптасады: өз ойын баяндау, тыңдай білу, дәлелдеу, өз шешімдерді негіздеу және т. с. с.

Пікірсайыстың оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін өзіндік дидактикалық ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Белсенді формада өткізілетін сабақта ең басты әрекеттеуші субъект - оқушы. Мұғалім кеңес беруші, жетекші және оның теңқұқылы, бірақ компетентті қатысушы қызметін атқарады.

Солай, пікірсайыс, белсенді оқыту тәсілі бола тұра, сонымен бірге оқушылардың танымдық әрекеттерінің бақылааушысы мен бағалаушы болып табылады. өйткені әрекетте әрекетте ойлаудың барлық операциялары мен формалары көрінеді.

Таным теориясы (гнеосеология немесе эпистеминология) - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымдық жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірбие негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Таным ьеориясының басқа ғылым теорияларынан айырмашылықтары бар. Ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттық жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.

Дүниені танудың түрлі формалары болады. ғылыми теориялық тану дегеніміз - дүниені меңгерудің бір формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқанжеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған.

Оқушылар бойында кездесетін таным қабілеттіліктері - білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол оқушылардың сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілгінің оянуына түрткі болу - оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейінінің тұрақты күйін қажет етеді. Студенттің өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Ақыл - ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының идеясы мынадай: білім алу оқушылардың белгілі бір әрекеттер жүйесін орындауы нәтижесінде жүзеге асырылады. Ақыл - ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Оқытушының міндеті - осы үрдісті басқара білу, тек ойлау іс - әрекеттерінің нәтижелерін ғана емес, оны қалыптасу барысында бақылап отыру.

Ақыл - ой әрекеті сезімдік қабылдау негізінде алған жүйелі білімі арқылы қалыптасады. Оқу барысында, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындау кезінде оқытушының басқаруымен сезімдік қабылдау қабілеттілігін жетілдіріп отыру жүзеге асырылады. Оқушылардің психикалық даму ерекшеліктері оқу әрекеттерінде жетекші қызмет атқарады. Оқу үрдісінде оқушылардің танымдық белсенділігі мен құштарлығының қабілеттілігін арттырудың сан алуан түрлері бар.

Оқу - тәрбиелеу үрдісі оқытушы мен оқып үйренушінің әр түрлі іс - әрекеттерінен тұрып, осы іс - әрекеттердің барлығы оқып - үйренушінің білімінің мазмұнын меңгеру мақсатында орындалады. Дидактика осы іс- әрекет түрлерінің сипатына, жинақтау тұтастығы мен орналасуына көп көңіл бөлінеді. Білім оқытушыдан студентке беріліп қана қоймайды, оның шығармашылығын дамытуға жұмылдырылады. Өйткені оқыту әдісі белгілі білімді игеру үрдісімен тікелей байланысты. Оқыту әдісі - оқытушы қолындағы өзіндік педагогикалық құрал.

Педагогикалық үрдісте оқып - үйренуші мен оқытушының арасында өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әр түрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерді анықтау мен классификациялаудың көптеген жақтары бар.

В. Краевский «Оқыту әдісін оқытушы мен оқып - үйренушінің біріккен іс- әрекет моделі, белгілі білім мазмұнын оқып үйренушілерге игеру үшін беретін нормативті жоспары» деп түйіндесе, И. Лернер «Оқыту әдісі оқып - үйренуші мен оқытушының сатылы әрекеттесу жүйесі, мазмұнын игеруді ұйымдастыруға бағыты» деп тұжырымдайды. Дидактик В. Оконьнің пікірінше «Оқыту әдісі - сыналған оқып - үйренушінің жеке өзгерістерін іске асыру оқып - үйренуші мен оқытушының біріккен қызметі». Сондықтан біз оқыту әдісінің сипатына мақсаты, ұйымдасқан және игерілген әдіс, оқыту субъектілерінің әрекеттесу белгілерін жатқызамыз. Әдістерге технологиялық жағынан жақындау әдістің өнімділігін тиімді арттыру мақсатына бағытталған, яғни мұнда оқып - үйренушінің танымдық мүмкіндігі, жеке адамның белсенді танымдық қабілеттілігі ескерілмейді.

Педагогикалық әдебиеттерде көптеген авторлар «методос» терминін тәсіл деп түсіндіреді. Ал үлкен советтік энциклопедияда «Әдіс» дегеніміз тәсіл деп көрсетілген. М. Данилов пен Б. Есимовтың «Дидактика» кітабында «Оқыту әдістері - оқытушының оқып - үйренушілерге көмектесу тәсілі, осы тәсіл арқылы білімді, дағдыны игеру, оқушылардың көзқарасын қалыптастыру арқылы таным күштерін дамытады» деп жазылған. Сонымен авторлар әдістерді ғылыми және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық, дидактикалық әдістер психологиялық басымдық көрсететін көзқарас деп тұжырымдайды.

Кез келген құрылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Объективті бөлім әр түрлі педагогтер қолданатын кез келген әдістерде кездесетін нақты ережелер: заңдар мен заңдылықтар, ұстанымдар және мақсатқа қажетті нақты бөліктерден, мазмұнынан, іс - әрекет формаларынан тұрады. Субъективті бөлімі - оқып - үйренушілердің жеке педагогикалық ерекшеліктерімен байланыстағы нақты жағдайлары.

Оқыту әдісін әр түрлі жағынан қарастыруға болады. Оқыту әдісі - оқу үрдісінде өтетін оқу формасы, оқып - үйренушілердің білімді логикалық игеруі, оқуға үйрету тәсілдері. Осы құбылыстардың ішіндегі маңыздысы, білім мазмұны әдістермен тығыз байланыста болып, оқып - үйренушілердің ойлау іс- әрекеттерінің сипатын анықтайды.

Оқыту мақсатында қолданылатын білім түрлері: терминдер мен ұғымдар, дәйектер мен деректер, заңдар мен теориялар, әдістемелік білім және білімді бағалау.

Білімнің атқаратын бірінші қызметі: шындық өмірдің негізі - онтологиялық Адам өмірімен қарым - қатынаста бола отырып, заттар туралы алғашқы ұғымды қалыптастырады, қоршаған ортамен. адамдар арасындағы байланысты жалғайды. екіншісі, іс - әрекет мақсатын орындау мақсатында бағыттаушы қызметін атқарады.

Заңдылықтарды, құбылыстардың біржақты дамуын біле отырып, адам білімді қолдану барысында іс - әрекет әдістері мен ұстанымдарын таңдайды. Іс - әрекеттің тәжірбиелік және танымдық нормаларын сипаттай отырып, білім өз қызметін ережелер, нұсқаулар, алгоритмдер түрінде атқарады.

Сондай - ақ білім нысанның шын қарым - қатынасын қалыптастыру базасы ретінде бағалау қызметінде атқарады.

Іс - әрекет тәсілдерін тәжірибеде іске асырыудың ерекше маңызы бар. Сондықтан тәжірибенің екінші әлеуметтік элементі ақыл-ой іс әрекеті тәсілдері арқылы белгілі индивидтерде жүре пайда болады. бұл әдістер әрі танымдық, әрі тәжірибелік мәселелердің нәтижесі арқылы туындайды да алынған білімнің қажетті деңгейін көрсете алмайды. Себебі, оған жылдамдық, жеделдету, т. б. тән. содан келіп және басқа тәжірибенің қажеттігін тудырады.

Білім түрлері мазмұны мен атқаратын қызметімен қатар игеруге қажетті іс - әрекетпен де сипатталады. «Игеру» деп әлеуметтік тәжірибенің объективті мазмұнының жеке адамның өзіндік мазмұнына алмасуын айтамыз. Ал білім ұғымының анықтамасының жалпы ғылыми және педагогикалық ерекшеліктері мыналар: әлеуметтік, ғылыми және оқу - танымдық. Әлеуметтік анықтама танымдылық шығармашылығы бойынша сипатталады. Дайын білім дегеніміз: субъектіге хабарламаны жеткізіп, объектіні сипаттап, оқып - үйренушіге белгілі байланыстарын көрсету.

Осы жағдай іс - әрекет тәсілдеріне де қатысты. Оқып - үйренуші дайынды түсіне алады, себебі оқып - үйренушіге әрбір жүрген жүрісі белгілі. Білімді игеру арқылы жаңғырту тәсілін оқып - үйренуші өзі ойлап табуы тиіс. Өмірде жеке адамның білімі екі сапамен анықталады. Біріншісі - қоғамның деңгейіне сәйкес өмірді жинақтап көрсете алуы. Екіншісі - тәсілдер құралдары - іс-әрекетті шығармашылықпен іске асыруы. Біріншіге қажетті дайын білімді игеру тәсілдері: танымдық объектіні немесе таңдамалы хабарламаны еске сақтау, жақын ассоциялық жүйеге енгізу. Білімнің бұл түрі оқып - үйренушіге белгілі базалық білім көзіне негізделеді.

Білім мазмұнының екінші элементін игеру басқаша іске асады, яғни белгілі іс - әрекет тәсілдерінің тәжірибесі арқылы. Білімді осы іс-әрекет тәсілдері арқылы жаңғырту оқу үрдісінде дағды мен шеберлікке айналады. Ал дағды мен шеберлік жаңғыртусыз басқа іс-әрекет түрі тәсілдерімен жанаса алмайды.

Оқып - үйренушілердің білімінің, дағдыларының, шеберлігінің сапасы мәселелерін өңдеупедагогикалық әдебиетте кеңінен қаралып, қазіргі уақытта білім, білік, дағды, шеберлік сапасы әдістер арқылы жүйеленіп, әр түрлі белгілеріне қарай сипатталып жүр. Білім сапасының жүйесі - сапалық сипаттамалардың әрекеттескен жиынтығы, жеке адамның даму мақсатына жоспарланған, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған толық білім.

Есімі баршамызға белгілі тұңғыш энциклопедист, «аққан жұлдыз» атанған Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатынды.

Егемен ел болып, өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде білім берудің бағыт - бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан - 2030 стратагиялық бағдарламада, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда негізделген.

Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүние жүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру үрдісі жүріп жатыр.

Белсенділікті арттыруға, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі экономикалық білім, жалпы білім жүйесінің тұтастығын жасауға болады: үздіксіз экономикалық білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, экономикалық білімнің ашықтығы, актуальдандырылуы; іргелі білім беру; білімді ізгілендіру; экономикалық білім берудегі инновациялық, заманауи тәсілдер.

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу- танымдық іс- әрекет, екінші жағынан, іс -әрекетті игерудің құралы болып табылады.

Қазіргі кезде мектептерде оқыту үрдісі н ұйымдастырудың жаңа модельдерін жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Экономика мүғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет - ол оқушыға тиянақты экономикалық білім беру, экономикалық білікті ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер, әрине, оқытудың тиімді заманауи әдіс- тәсілдерін өз тәжірибесінде қолдануы керек. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны құмар етңп шығару үшін мұғалім оқытудың жаңаша тәсілдерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ізденісін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Экономикалық білім ошағында қазіргі таңда теориялық және практикалық сабақтарда әртүрлі әдіс- тәсілдер қолданыс табуда. А. Я. Савельев, В. М. Максимов. Г. К. Селевко және т. б. ғалымдар инновациялық тәсілдерінің нақты жүйелері мен жіктелуі жайлы өз пікірлерін білдіреді. Деңгейлеп оқыту тәсілін Ж. А. Қараев, жүйелік негізде оқыту технологиясын Т. Т. Ғалиев, шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясын Қ. А. Әбдіғалиев пен Н. Н. Нұрахметов, блоктық модульдік оқыту М. Жанпейісова еңбектерңнде баяндалған.

Заманауи тәсілдермен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

  • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
  • оқушының сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оны ғылыми әдістемелік, оқыту- әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасау, назарда ұстау;
  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік бәләм стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тәсілін игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
  • оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыру үнемі басшылыққа алу.

Қазіргі мектепте мұғалім мен оқушының арасындағы қарым- қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалың түрде дәлелдей алатын интегративті (И. П. Раченко) әдісті пайдалануға болады. Мұнда оқушының танымдық белсенділігін арттырумен қатар өзара жақсы қарым- қатынасы және шығармашылық іс- әрекеті қалыптасады.

Мектептің оқу үрдісінде арнайы тәсілдік пәнін өткізу барысында жиі қолданып жүрген мынадай тәсілдер бар: проблемалық іздену, имитациялық модельдеу, коммуникативтік және ойын технологиялары, деңгейлік тапсырмаларды қолдана білу.

А. В. Хуторскийдің пікірінше, бірқатар пәндер мен процесстерге қатысы бойынша, оларға сапалы әрі жемісті әрекет жасау үшін құзыретті іс- әрекет тәсілдері, білім, білік, дағдылардың жиынтығы ретінде көзделеді. Мұғалім оқушының ынтасын, бейімділігін, қызығушылығы мен құзіреттілігін анықтап, іс- әрекет барысында қандай өзгерістің болғанын байқауы кере, яғни әр түрлі ситуацияларға бейімделуіне ықпал етуші ретінде мүмкіндік туғызатын құзіреттіліктер жиынтығын дамыту және қалыптастыру, оқушылардың бірге атқаратын жұмыстарын ынталандыру қажет. Қорыта айтқанда оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жүзеге асыруда қолданылатын заманауи тәсілдер мен инновациялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау барысында пайдалану деп есептелінеді.

1. 2 Оқыту тәсілдерін қолайлы етіп таңдау

Оқыту жұмыстарының нәтижелі болу оқыту тәсілдерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Н. К. Крупская оқыту тәсілдерін таңдап алуда оқытушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын, іскерлігін есепке алуды талап етеді. Әрине, бұл негізгі талаптардың бірі. Бірақ оқыту тәсілдерін таңдап алу үшін төмендегі критерийлерді басшылыққа алған жөн.

  1. Заманауи тәсілдердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі.
  2. Заманауи тәсілдердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
  3. Оқыту тәсілдерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі.
  4. Оқыту тәсілдерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және дербес ерекшеліктеріне) сәйкестігі.
  5. Заманауи тәсілдерінің мұғалімдердің мүмкіншілігіне сәйкестігі(тәжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы т. б. )
  6. Оқыту тәсілдерінің мектептің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі.
  7. заманауи тәсілдердің сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне сәйкестігі (төңіректегі өндіріс объектілері) .

Критерийлер бойынша мысалдар келтірейік.

Оқыту тәсілдерінің мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін келесі 1. 1 кестеден көруге болады.

1. 1 -кесте. Оқыту тәсілдерінің дидактикалық мақсаттар мен міндеттер сәйкестігі

Дидактикалық мақсат
Оқыту тәсілдері
Дидактикалық мақсат: 1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы
Оқыту тәсілдері:

1. Мұғалімнің сөздік тәсілдермен білімді баяндауы

2. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары:

а) кітаппен жәнемесе басқа әдебиеттермен жұмыс істеуі;

б) бақылау және тәжірибе.

Дидактикалық мақсат: 2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту
Оқыту тәсілдері:

1. Материалды қайталап оқу

2. Қайталау жаттығулары

3. Қайталап- қорытындылау әңгімесі

Дидактикалық мақсат: 3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру
Оқыту тәсілдері:

1. Ауызша сұрақ

2. Жазбаша бақылау жұмысы

3. Лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар

Бүгін біз алған экономикалық білімнің қажеттілігін әрбір басқан қадам сайын, дүкенге барғанда немесе теледидарды қосқанда, газет бетіндегі мақала авторының көпшілік оқырмандар үшін көбіне түсінікті бола бермейтін арнайы экономикалық терминдерді өте жиі қолданатындығын айтпағанның өзінде де байқаймыз. Экономикалық бағыттағы пәнді оқу оқушы мүддесінің аясын кеңейтуі керек, оны қоғамның экономикалық өміріндегі оқиғаларына қызықтырып әкетуі тиіс. «Сіз экономиканы оқи бастағанда біздің елдің экономикалық дамуына қызыға бастадыңызба?» деген сауалға оқушылардың 78, 6% мақұлдап жауап берген, 28, 4% қызығатын болған, тек 50, 2% ғана кейбір құбылыстарға қызығушылық танытады. Алайда оқушылардың 22, 4%-ы бұл өздерін әзірше қызықтырмайтынын айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Физика сабағын оқытудағы интербелсенді әдістер
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамытумен
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Бастауыш мектепте математика сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz