Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшеліктері ... ... ... ... 5
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама беру ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .15
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын педогогикалық үрдісте қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары

арқылы оқытудың тиімділігі ... .20
2.2 Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын ана - тілі сабақтарында пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 СТО арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы

айқындалады. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар

педагогикаға жаңа технологиятерминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты - оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезеңде зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, ғылыми ақпарат айқындалады.
2 кезеңде жинақталған теориялық және дерекі материалдарға жүйелі талдау беріліп, басқа да ғылымдар салаларында жарық көрген еңбеттерді зерттеп, талдау жұмысы жалғастырылады.
3 кезеңде эксперименттік - тәжірибе жұмыстарының нәтижелері жүйелі талқыланып, тұтас педагогикалық үрдісте байқаудан өтіп, ой елегінен өткізілді және әдістемелік ұсыныстар жасалынады.
Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс

жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,- деп атап көрсеткен. Біздер болашақ ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема- әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Орта білім беруді дамыту

тұжырымдамасында: Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру - білім берудің түпкілікті мақсаты екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы Назарбаевтың: ... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді. Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, тілін дамытуға жағдай жасау. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның

арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Өйткені, сын тұрғысынан ойлау - ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала кетсем, оқушы өзіне сенудің, ел ертеңін жетілдіре түсудің бірден-бір басты құралы екеніне бүгінде ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан да өтілетін әр сабақты белгілі бір мақсатқа негіздеп, оқушының қабілетін, танымын кеңейтіп, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызуымыз керек.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі. Сабақта

қызығушылықты ояту құрылымы бойынша топқа бөлу, топтастыру стратегиясын, мағынаны тану бойынша венн диаграммасы мен бес жолдық өлең әдістері пайдаланылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту - сынау емес, шындалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлап отырып келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Біздің ойымызша, дамыту мен оқыту екі жақтық үрдісінің бір-біріне ықпалын ескере келе, шағын жинақты мектеп алдында тұрған негізгі міндет - ойлауды дамыту, негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру арқылы оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету және керісінше, мазмұнды да терең оқу материалын оқушылардың жан-жақты дамып жетілу құралына айналдыру. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазына тек дайын білімді беруші емес, құр ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы

болуын талап етеді.
Зерттеу мақсаты:
Сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды - машықтарды қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау жобасының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау жобасын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын

ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Зерттеу болжамы:
Егер бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
+ оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
+ оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
+ берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.
Зерттеу әдістері: бастауыш сыныптағы оқыту

процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау.

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшеліктері

1.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама.

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп нақты көрсетілген.

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.
Бүгінгі таңда жас мемлекетіміздің өркениетке жету жолында әрбір талабына тұғыр боларлықтай білім жүйесінде алға қойылған міндеттер жеткілікті. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламаларға сәйкес, білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде өзін- өзі дамытуға, ойындағы пікірін сауатты жеткізе алатын азаматты тәрбиелеу.
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек

ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.

Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:


Технологиялар атауы
Авторлары

1
Саралап деңгейлеп оқыту
Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.
2
Модульдік оқыту технологиясы
Жампеисова М.М.
3
Дамыта оқыту технологиясы
Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.
4
Проблемалық оқыту технологисы
Монахов М.
5
Ірі блокпен оқыту технологиясы
Шаталов, Эрдниев П.М.
6
Жобалау әдістемесі
Дж. Дьюи
7
Сын тұрғысынан ойлау
Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл
8
Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді

дамыту)
Жүнісбеков Ә.
9
Алдын-ала оқыту технологиясы
Лысенкова А.
10
Тұлғалық гумандық технологиясы
Амонашвили Ш.
11
Шоғырландырып- қарқындап оқыту
(Концентрированно- интенсивное обучение)
Нұрахметов Н.Н.
Абдығалиев К.А.
12
Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы
Ғалиев Т.Т.
13
Интерактивті оқыту технологиясы
Я.А.Каменский

Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік

әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:
1. Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.
3. Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.
4. Оқу үрдісін жобалау.

5. Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.
Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:
1. Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.
2. Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.
3. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.
4. Оқушыға Білім туралы Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.
5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақтылау.
Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар, психологтар және педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып оқыту технологиясын жасады. Біздің еліміз үшін бұл технология жаңа технология деп есептелінеді. Дегенмен,

кейбір ұстаздардың іс - тәжірибелерінде осы технология қолданылуда. Осыған орай біз сын тұрғысынан ойлау технологиясын егжей - тегжейлі қарастырып, оны бастаушы сынып пәндерін оқытудағы мүмкіндіктерді көрсетуді мақсат еттім.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Солардың бірі оқушыларды жоғары ойлау және сынай ойлау деңгейіне жеткізетін әдіскер жүйесіне арналған Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл

жобаның негізгі мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымның бірін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология мектеп тәжірибесіне ене бастады. Сыныптағы балалармен қалай жұмыс жасау керек деген сұрақтың қарапайым жауабы жоқ. Бірақ мұғалім өзін ойы мен сезімі бар адам ретінде қарайтын оқушыны қалыптастыру керек. Я. А. Каменскийдің айтуы бойынша Оқытуда нені үйретсек те, оқытсақ та табыссыз болмас.
Бүгінгі таңда біз демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Осы қоғамдағы жастардың белсенді өмір сүруіне сын тұрғысынан ойлау дағдысымен тапсырманы орындаудың және белгілі бір мақсатқа жетудегі керекті мәліметті таба білу қабілетінің қажет болатындығы анық. Сыни ойлау жаңа, түсінікті идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған

кезде пайда болады - дейді Дэвид Клустер. Дэвид Клустер сыни ойлауды былай деп анықтайды.
* Сын тұрғысынан ойлау - бұл- өзіндік, жеке ойлау;
* Сын тұрғысынан ойлау - ақпарат тұйықталушы емес, атқарушы пункт болып табылады;
* Сын тұрғысынан ойлау - сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
* Сын тұрғысынан ойлау - адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
* Сын тұрғысынан ойлау - әлеуметтік ойлау;
Біз әдетте оқушылардың идеяларының дамуына шыдамсыздықпен қараймыз. Бірақ идеялардың жинақталуы толғануға алып келеді де, оған көп уақыт керек болады. Сұрақтар қою және ізденісті жалғастыру білім мен кез келген дамудың мағынасы болып табылады.
Е. Дакворт өз кітабында керемет ойдың

пайда болуы интеллектуалды дамудың көрсеткіші болады. Баланың өзіндік ойын құрап, сол ойды құрағаны үшін өзін жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылады.
Ал, Дьюидің негізгі идеялары:
Оқушыны оқу бағдарламасымен біріктіру. ( Кім? - Оқушының өзі! Мұғалім бұл үшін тек жағдай тудырады.)
Дьюидің білімдік қағидасы екі жақты сипатқа ие: бір жағынан, пәннің жаңа тақырыбын сауатты қолдану арқылы тәжірибені толықтыру және басқа жағынан мінездің моральдық сипатын дамыту, әсіресе интеллектуальды, кооперативті ойлау сияқты.
Идеяларды кірпіш тәрізді бере салуға болмайды. Идеялар сынақтан өзтізу арқылы игерімді және белсенді жолмен меңгерілді.
Оқушылар тікелей оқыту нәтижесі мен формальды көрсетуде белсенді емес. Мұғалімдерге мектептен тыс оқыту, қашанда жанама оқыту жағдайында пайдалану керек. Мұғалімдер назарын соңғы нәтижеге емес

оқыту процесіне көбірек аударулары керек.
Бұл АҚШ профессорларының пікірлері:
Ал, С. Мисейова мынадай пікір білдіреді: Мұғалімдерге тіпті жақсы оқу әдістерін үйреткенде, біздер оларға өз-өздерінің оқығандығының мәнін түсіндіріп және іс - тәжірибесіне өзгерістер енгізу туралы сенімді болуына мүмкіндік береміз бе? Ол үшін жағдай мен уақыт керек.
1. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының ерекшілігі неде?
Болашақта жастар қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай. Шәкәрім: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу - туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің рөлі зор, яғни білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Білім беру жүйесіне еніп жатқан интерактивті

әдістер, әсіресе Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының педагогтарының белсенді шығармашылық әрекетін қамтамасыз етудегі орны ерекше. Өйткені жоба білім алушыларды ізденіс жолына түсіріп, дәріскермен бірлесе отырып жаңа ақпарат алуға жұмылдырады.
Сын тұрғысынан ойлауды қолдануда мұғалімнің рөлі өзгереді, ол оқушыға ең мықты білімнің кілтін ұстатады. Ең қымбат нәрсе балаға білімді дайын күйде бермей, білімді өзі алатындай етіп біліктермен қаруландырған дұрыс деп ойлаймын.
Сыни тұрғысынан ойлау жобасы ерекше, өйткені бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі университет оқушыларымен барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін біріктірді. Сыни тұрғысынан ойлау жобасы көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізіндегі өзгерістер үлгісі түрлі мәдениеттер мен контекстер ішіндегі мыңдаған кластардағы шынайы және ұзақ елеулі өзгерістің ерекше қозғаушы күші

ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни тұрғыдан ойлау жобасы мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді.
Жоба бүгінгі күні қалай оқыту керек деген сұраққа дайын жауап бермейді, жоба мұғалімдердің сабақтан-сабаққа жауапты, тұрақты түрде өздерінің ізденуіне мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау алты негізгі сенімнен тұрады:
1. Бүкіл өзгеріс процесінде оқытушының өзіндік билігі болуы керек және өзгеріс мектеп директоры мен университет қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар қатыса отырып, бірлесе істелетін процесс болуы керек.
2. Өзгеріс кластағы мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушылардың өздерінің арасындағы қарым-қатынас матифисті

болып табылады.
3. Өзгеріс процесі жүйелі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды ендіру жолдары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
СТО технологиясының стратегиялары
Дидактикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер