Мәдениеттің негізгі элементтері
8 Апта. Дін, мәдениет және қоғам
Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Мақсаты: басқа пәндердегі мәдениеттің түсініктеріне қарағанда әлеуметтанудағы мәдениеттің айырмашылығын, ерекшеліктерін қарастыру, қоғамда мәдениеттің жеке адамға әсерін қарастыру.
Міндеттері: мәдениеттің түрлерін, негізгі элементтерін білу, жеке адамның мәдени деңгейін көтеруге нелер әсер ететінін түсіндіру.
Мәдениеттің мәні
Мәдениеттің негізгі элементтері
Мәдениет ұғымы.
Субмәдениеттер және контрмәдениеттер.
Тіл және оның қоғамдағы атқаратын рөлі.
1.Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.
2. Діншілдік типологиясы.
Негізгі ұғымдар: атеизм, монотеизм, шаманизм, политеизм, және т.б.
Мәдениеттің түрлі формалары: этномәдениеттер, қалалық және ауылдық мәдениет, таптар мен түрлі әлеуметтік топтардың мәдениеті.
Мәдениеттің мазмұны әдет-ғұрыптар, салттар, зандар, символдар және тағы басқалардан тұрады, бұлар ойлаудың, сананың және тілдің ар-қасында пайда болады, бұлар жануарлар әлемінің өкілдерінде тіптен де болған емес.
Мәдениет -- таза адами өмір салты. Мәдениеттің жануарларда бол-майтыны сияқты, дәл солай мәдениетсіз адамдар да болмайтыны анық. Мәдениетке әр түрлі түсініктеме беріледі. Бірде ол туралы ұрпактан ұрпакқа берілетін және кейбір топтар немесе коғамға тән жүріс-тұрыс форма-ларының жиынтығы ретінде айтылады. Екінші бір жағдайда оны материалдық және рухани ескерткіштердің, символдардын, әдет-ғұрыптардың жиынтығы сиякты қарастырады.
Біз мәдениет әлеуметтануының маңызды ұғымдарына тоқталудан бас-таймыз. Мәдениетті әртүрлі коғамдык ғылымдар зерттегенімен олардың әрқайсысы өзінің ерекшелікті пәндік кетігін тауып карастырады. Әлеуметтануды мәдениеттің ең алдымен коғамның емір сүруі мен дамуындағы аткаратын рөлі қызықтырады. Мәдениет коғамда жүріп жаткан барлык өзгерістерді анық сезінетін, оған өзі белгілі бір ыкпал жасайтын ерекше құбылыс.
Мәдениеттің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығы-нан тыс өмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп беледі.
Индивидтің жеке мәдениеті -- бұл оның езіндік тәртіп үлгілерінің, қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяла-рының жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастық мәдениеті шеңберінде өзіндік орны болады, бірақоған біржоласіңіп кетпейді, белгілі бір дербестігін сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауыт-қуынан керінеді. Бірақмұндай ауытқу жалпы мойындалған үлгілерді қира-туға және айыптаушылыкқа жол беруге тиіс емес.
Қауымдастык мәдениеті -- шығармашылық туындылардың, кауым-дастык мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиын-тығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анық-тап, емір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді.
Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні: біріншіден, біртұтастық ретінде мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа коғамдық жүйелермен өзара әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің езге элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі ара-катынасына орай алынған мәдениет социодинамикасының, мәдени коммуникацияның әрбір элементтері зерттеу пәні бола алады.
Бірінші жағдайда: 1) сол социум өмірінде мәдениеттін релі мен орны зерттеледі. Мұндай зерттеудің мақсаты - қайсыбір әлеуметтік-демографиялық топтардың мәдени деңгейін қарастыру. Бұл аса күрделі және көлемі жағынан ете ауқымды зерттеу. Шындығында, зерттеуші бұл жағдайда материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлеріне талдау жасауы кажет болады, бұл жерде әрбір индивидтегі мәдениеттің әр түрінің дамуының біркелкі болмауы оның мүдделері мен бейімділіктерін, оның кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланыстығын ескеруді кажет етеді. Сондыктан батыстық әлеуметтану әдебиеттерінде саяси адам, керкем адам, т.б. солар сияқты терминдер кеңінен тараған. Мәдениеттің бүкіл түрін бірдей меңгеру ешқашан да болған емес. Сондықтан адамның (немесе топтың) мәдени дамуының интегративті көрсеткіші шартты және салыстырмалы түрде ғана.
Екінші жағдайда зерттеудің негізгі үш аспектісі туралы айтуға болады: 1) мәдени коммуникация элементтерінің ішкі өзара әрекеттері зерттеледі. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетті жасау, сақтау, бөлу және тұтыну арасындағы өзара әрекет зерттеудің пәні бола алады, сондай-ақ осы элементісрдің кез келгенінің басқаларымен арақатынасы да зерттеу пәніне жа-ыды. Сонымен қатар, кәсіби немесе мәдениетті өз бетінше жасаушылардың тұтынушылармен (мысалы, жазушы-оқырман, идеолог-саяси әрекет-ке қатысушылар, артист-көрермен, т.б.), сынау-басқару органдарымен, б. өзара карым-қатынасын зерттеу кең тараған. Осыған сәйкес осындай ісрттеу пәні мәдениетті сынаушы немесе тұтынушы, яғни мәдени ком-муникацияның кез келген қатысушысы бола алады; 2) мәдени коммуникацияның жоғарыда аталған элементтерінің кез келгенінің өзге де қоғам-дық жүйелермен (экономикалық, саяси, отбасы-тұрмыстык, экологиялық, көркемдік және т.б.) арақатынасы зерттелуі мүмкін. Осы коғамдық жүйе-иердің түйісер жерінде мәдениетті әлеуметтанулық зерттеудің ерекше-пікті пәні -- өндіріс, отбасы, тұрмыс, демалыс, тәрбиелік қызмет және і.б. пайда болады; 3) қайсыбір мәдениет түрін тұлғаның, топтың немесе қоғамның меңгеру деңгейін салыстырмалы түрде зерттеуге болады, бұл жағдайда олар зерттеу пәніне айналады (мысалы, адамгершілік, керкем шығарма және мәдениеттің басқа түрлері).
Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар көбіне-көп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты. Қазіргі зерттеушілердің назары, екінішке орай, мәдениеттің ез ішкі заңдылыктарына емес, оған қоғамдық жүйелер ететін ықпалға аударыып жүр.
Адам кызметінің түрі канша болса, мәдениеттің де сонша түрі бар. Сондыктан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерекше маңызды. Жоғарыда аталған мәдениеттің түрлерінде ортак заңдылықтар болуымен қатар, олардың әрқайсысына тән ерекше зандылықтар да бар, мәдениеттің нақты бір түрін зерттейтін адам осыларды ескеруі кажет. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтануы өзіне бірнеше салыстырмалы түрдегі дербес ғылыми пәндерді қосқан, олар бір-бірімен байланысқан үш топқа бірігуі мүмкін:
1) негізінен материалдық мәдениетті зерттеуге бағытталған әлеуметтанулык пәннің тобы: а) материалдық өндіріс мәдениетінің әлеуметтануы; б) тұрмыс мәдениет әлеуметтануы; в) физикалық мәдениет әлеуметтануы; г) сексуалдық мәдениет әлеуметтануы;
2) негізінен рухани мәдениетке жататын әлеуметтанулық пәндер тобы: а) білім беру әлеуметтануы; б) ғылым әлеуметтануы; в) адамгершілік мәдениеті әлеуметтануы; г) діни мәдениет әлеуметтануы; д) көркем мәдениет әлеуметтануы;
3)материалдық және рухани мәдениетке, яғни вертикальды қиылысуға жататын әлеуметтанулық пән топтары: а) саяси мәдениет әлеуметтаннуы; б) құқық мәдениеті әлеуметтануы; в) экономикалық мәдениет әлеуметтануы; г) эстетикалык мәдениет әлеуметтануы; д) экологиялық мәдениет әлеуметтануы.
Мәдениет әлеуметтануынын өзге әлеуметтану пәндері сияқты езінің үғымдық аппараты бар. Онын ең басты үғымы - мәдениет жоғарыда қарастырылды. Сонымен қатар, белгілі бір жүйені құрайтын оның баска да негізгі ұғымдары бар. Мәдениет негізгі үш буынды қүрайды: когнитивтік, жүріс-тұрыс (тәртіп), пракссологиялық. Әлбетте, мүндай белу шартты ғана, өйткені бұл буындардын бәрі бір-бірімен өзаратығыз байланысқан, өзара әрекеттес. Бірак мәдениетке әлеуметтанулык талдау жасау үшін, оның ұғымдар жүйесін терең түсіну үшін мұндай бөлудің белгілі бір мәні бар.
Когнитивтік буын мәдениеті адамзат баласының жинақтаған дүниетанымдык парадигма, білім, дағдылар, іскерліктер -- әлеуметтік қызметтің барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы ретінде сипаттайды. Оның негізгі әлеуметтанулык бірлігі ретінде мәдениет құдылықтары ұымы алынған. Кейде мәдениет құндылығы деп оның қайсыбір шығармаларын және зат формасындағы: кітап, сурет, мүсін және т.б. есептейді. Алайда, мұндай тұрғыдан қарау өте тар және дәл емес. Мәдениеттің күндылығы кызмет түрінде де өмір сүре алады, оның авторынан ажырамайды. Орындалатын өнердің бүкіл түрлері -- би, жеке ән салу, актердің сахнада ойнауы, эстрада өнері және т.б. орындаушының қызметі ретінде өмір сүреді және бұл кызмет белгілі бір уакыт аралығында ғана іске асады. Бұл қызметті таспаға жазып алу, пленкаға түсіру осы қызметті сақтау, калпына келтіру болады. Мұғалімнің, шешеннің, лектордың, адвокаттың, діндардың кызметі туралы да осыны айтуға болады.
Сонымен, мәдениет құндылығы мәдени кызметтің нәтижесі ретінде немесе кайсыбір адамдардың әлеуметтік қауымдастықтары үшін жалпы маңызды мәдени қүндылығы бар осы қызметтің өзі қарастырылады.
Мәдени кызмет мәдениет құндылықтарын жасауға, таратуға және тұтынуға бағытталған қызмет болғандықтан кез келген әлеуметтік қызметтің: материалдық-өндірістік, экономикалық, тұрмыстық және т.б. құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, қызметтін осы түрлерімен айналыса отырып, адам өз алдына өзгеше, утилитарлык мәдениеттен тыс міндеттер қояды.
Қызмет, егер де ол тұлғаның дамуына ықпал ететін болса, мәдени деп аталады. Сонымен катар, тек тұлғаның дамуын арнайы мақсат еткен қызмет те бар. Мұндай қызметті тар және қатаң мағынада мәдени (культурный) деп атайды. Тек осындай кызметті ғана әдетте мәдениет әлеуметтануы зерттейді.
Бұл кызметтің кайнар көзі адамның мәдени кажеттіліктері болып табылады. Бұған адамның ең жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктері - дамуы, өзін-өзі танытуы мен өзін-өзі баянды етуі, өз өмірінің шығармашылығы, оның мақсаты мен мәнін іздеу жатады. Тек осы қажеттіліктер ғана адамның мәдени, рухани деңгейін сипаттайды. Кең мағынада мәдени деген ұғымға, егер де оның жүзеге асуы тұлғаның дамуымен байланысты болса, кез келген қажеттілікті жаткызуға болады. Дәл осындай пікірді қажеттіліктерді нактылайтын мүдделер мен нұсқаулар туралы да айтуға болады. Мәдениеттік байланыс белгілі бір мәдени ортада іске асады. Мәдени орта деп отырғанымыз әлеуметтік субъектіні қоршаған және оның мәдени дамуына, әрі мәдени қызметіне тікелей ықпал ететін заттык және тұлғалық элементтердің тұрақты жиынтығы. Кеңестік әлеуметтану әдебиеттерінде осы тұрғыдан кала, ауыл, еңбек ұжымы, жатақхана, отбасы, т.б. мәдени орта ретінде зерттелді.
Мәдени ортаның заттық элементтерінің қатарына: а) мәдениет мекемелерінің саны және күйі, олардың материалдық базасы мен кадрлары (он мың адамға шаққандағы); б) әлеуметтік кеңістіктегі аймақ мәдениеті (кала, ауыл, коғамдык мекеме, баспана, т.б. мәдениеті); в) жұрттың жеке меншігіндегі ұзак пайдаланылатын мәдени заттар жатады.
Мәдени ортаның тұлғалық элементтері мыналар: а) халыктың білім және мамандык деңгейі; б) мәдениет қызметіне үстем етуші нұскаулар; в) аймақтағы рухани ахуалдық, тұлғаралық қатынастар мәдениетінің жәй-күйі.
Сонымен, әлеуметтанушының мәдениетті эмпирикалык зерттеуі негізгі элементтердің тізбегін: мәдени кажеттіліктерді -- мәдени ортаны -- нақты мәдени қызметті қарастыруға саяды.
Жоғарыда айтылғандардан келіп мәдениеттің негізгі функциясы ай-кындалады:
-- адам шығармашылдығы (ізгіліктік), яғни адамның шығармашылық куаты оның өмір тіршілігінің барлық формасында дамиды (басты функция);
-- мәдениет таным кұралы және қоғамның, әлеуметтік топтың, жеке адамның өзін-өзі тануы боЛғандықтан, гносеологиялық (танымдық) мін-деттер атқарады;
-- акпараттык -- бұл әлеуметтік тәжірибені хабарлап, басқаларға қара-ганда уақыт байланысын -- өткенді, бүгінгіні және болашақты қамта-масыз етеді;
-- коммуникативтік -- бұл өзара түсіністіктің бірдейлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік қарым-катынас (общения) міндеті;
-- құндылық-бағдарлык міндеті, яғни мәдениет өзіндік ерекше өмірлік кұндылықтар картасы іспетті белгілі бір бағыт жүйесін береді, соның негізінде адам өмір сүреді және оған бағыт ұстайды;
-- нормативтік-реттеушілік (басқарушылық) міндетінде мәдениет адам мінез-құлқына әлеуметтік бақылау кұралы ретінде көрінеді.
Мәдениет ұғымының әр түрлі түсіндірілуі оны әлеуметтану тұрғы-сынан зерттеуде түрлі-түрлі тұрғыдан қарауға себепші болды. Мәде-ниет әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын және сол зандылыктардын адам қызметінде керіну формаларын зерттеумен шұғылданады. Өйткені олар қоғамдағы катынастарды, сонымен катар қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды реттеп отыратын идеяларды жасаумен, меңгерумен, сақтау жөне таратумен, түсініктермен, мәдени нормалармен және кұндылықтармен, мінез-құлык, тәртіп үлгілерімен байланысқан.
Қазіргі кезеңде отандық және еуропалық әлеуметтану әдебиеттерінде мәдениет әлеуметтануы жинақтаушы ұғым ретінде қолданылады. Оған кино, театр әлеуметтануы, яғни алуан түрлі өнер әлеуметтануы, мәдениет аралықтарын түсіну проблемалары, әр түрлі мәдениеттің ымыраластығы мен шиеленістері, мәдениеттің әлеуметтік-тарихи процеске, топ кұруға, әлеуметтік стратификацияға және әлеуметтік-саяси козғалыстарға ықпал ету мәселелері жатады.
Кең мағынада айтар болсақ, мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың жай ғана саласы емес, ол қоғамдық өмірдің бүкіл проблемаларын қамтып, оларды өзіндік ерекше көзқараспен қарастырады. Кез келген мақсатқа бағытталған әлеуметтік қызметтен, айталык, еңбек, тұрмыс саясат, денсаулық сақтау, білім беру, т.с.с. мәдени мазмұнды табуға болады.
Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, зандар, құндылықтар жатады. Алғашқы үшеуі мәдени нормалардың түрлері болып саналады, сондық-тан да олар мәдениеттің нормативтік жүйесін құрайды. Бұл жүйе қоғам мүшелеріне не істеу керегін, оны қалай істеу керектігін және қандай жағдайда езін қалай ұстау керегін белгілейді. Өзін ұстау мәнерлері, әдеп (этикет) пен кодекс те мәдениеттің нормативтік жүйесінде, бірақ негізгі есебінде емес, керісінше, оның қосымша элементтері ретінде енеді. Кез келген қоғамда, айталық, қарапайымнан бастап бүгінгі астам қоғамға дейінгі қоғамдардың бәрінде әдет-ғұрыптар мен зандар болған, бірақ мәнерлер, этикет және кодекс кез келген қоғамда бола бермейді.
Құндылықтар мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді және онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінін және сақталып қалатынын көрсетеді, бірак оларды ешкімге таң-байды. Қоғамдағы ең негізгі құндылықтар ғана әлеуметтік нормалар тарапынан қорғалады. Сөйтіп, мәдени нормалардың өзі әлеуметтік нормалардың түрі болып табылады. Нормативтік жүйеде әдет-ғұрыптар, адамгершілік, зандар базистік элементтер ретінде дәл осылайша реттілікпен берілуі керек, өйткені қоғамда тәртіп бұзушыларға қолданатын тыйым салулардың (санкциялардың) алғашқыдан үшіншіге қарай өтуі қатандык деңгейінің артқандығын көрсетеді.
Әдет-ғүрыптар -- ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.
Адамгершілік -- моральдық маңызға ие болған әдет-ғүрып.
Заң -- конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.
Мәдениеттің анықтамасы мен онын қүрылымы индивидтер мен қауымдастықтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік әміріне ықпалын сара-лауға мүмкіндік береді. Оның ықпалы мынандай бағыттарда жүзеге асады:
1. Әлеуметтендіру және жеке түлғаларды қалыптастыру арқылы. Сәби жарық дүниеге қуатты қасиеттері бар тек биологиялық организм ретінде келеді. Ол қасиеттерді тәрбие дамытады, үлгілейді, қальттастырады, еңбек пен шығармашылыққа қабілетті саналы тіршілік иесі, адамға айналдырады. Тәрбие - тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейімдейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағыт. Бұл процесс тұлғаға сол мәдениетті түсінуге және оның шеңберінде саналы әрекет етуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді.
Демек, әлеуметтендіру - бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсінуге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін-өзі ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы.
2. Қоғамдық өмірге мәдениеттің ықпал жасау тетіктерінің аса маңыздысы мәдениеттің құндылықтар жүйесін және оларды анықтайтын критерийлерді белгілеу болып табылады. Адамның тәртібі оның қажеттіліктерімен анықталады. Туғаннан және күнделікті өмірден туындайтын қажеттіліктер болады. Бұлардың соңғысы кайсыбір жокшылық сезімінен туындап, әрекетке итермелейді. Қажеттіліктердің көлемі және оларды канағаттандыру тәсілдері тарихтың жемісі және мәдениетке тәуелді болып келеді.
Әлеуметтануда мәдени құбылыстарды дәстүрлі бөлулер мен эмпирикалық талдаулар бар.
Мәдениетті өзіне сіңірген субъектілер: қоғам, ұлт, тап, Мәдениеттің бұл топтарының арасындағы қатынастар әр кезде саймасай келе бермейді. Бүған бүгінгі ұлттық мәдениеттер арасындағы шиеленістер, қоғамдық және индивидуалдық мәдениеттер арасындағы қарама-кайшылықтар мысал бола алады.
Функционалдык рөліне қарай мәдениетті қайсыбір қоғамның әрбір мүшесіне қажетті жалпы (өзекті) мәдениет және қайсыбір мамандық адамдарына қажетті арнайы мәдениет деп бөлуге болады.
Жалпы және арнайы мәдениеттер арасында катаң белгіленген шекара жок. Өзекті мәдениет әрдайым вариативті, бірақ оның моделін жалпы орта білім беру бағдарламасы анықтайды. Мамандар мәдениетін, өз кезенінде, тек кәсіби біліктілік деңгейімен теңгеруге болмайды. Ол өзіне кәсіптік этика мен эстетиканы қосып алғанда, мамандықтың дүниетанымдық негіздерін пайымдауды талап етеді.
Мәдениетті шығу тегі (генезис) бойынша белгілі бір стихиялық жағдайда пайда болған, нақты авторы жоқ халықтық мәдениетке және ав-торларын нақты анықтауға болатын, кәсіби мамандардың -- интеллигенцияның жасаған білімді мәдениетіне бөлуге болады.
Мәдениетті түрлеріне қарай материалдық (мысалы, материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, т.б.) және рухани (ғылым, өнер саласындағы қол жеткен табыстар, сонымен катар адамгершілік, көр-кем, педагогикалық мәдениет, т.б.) мәдениеттер деп бөлу калыптасқан.
Мәдениетті материалдык және рухани деп бөлу шартты екені даусыз. Өйткені оларға ортақ бірнеше мәдениеттер бар, айталық, экологиялық, физикалық, т.б.
1. Мәдениет атауы латын тілінде алғашында топырақ өңдеу дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен мәдениет сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды.Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған екінші табиғат, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі де өзгерісті туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы бола алады.
Әлеуметтануды мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субъектілері түріндегі адамдар, олардың өздерінің қатынастары түсіндіріледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.
Адам мәдениетінің көрінісі әлеуметтану тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады. Біріншісі - адамның қоршаған табиғатқа қатынасы.
Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал-ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының алуан түрлі аяларынан: өндірісте, демалыста, тұрмыста көрінетін үйлесімдікте. Екіншіден, мәдениет - адамның басқа адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениеттің дәрежесі, ұжымдағы, күнделікті тұрмыстағы, отбасындағы өзара қатынастардың мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жете түсіну дәрежесіне тәуелді. Үшіншіден, Мәдениет - адамның өзіне өзінің қатынасы. Индивидтің мәдени қызметі дегеніміз - бұл үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылысын, тұрақты адамгершілік принциптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.
Мәдениет адамдарға өз ортасында тұруға, бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекетіндегі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамнығ өзара әрекеттің маңызды механизмі ретінде қалыптасады.
2. Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады.Ол - адамзат тәжірибесін мақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.
Екіншіден, ұлттық мәдениеттің және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділігі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан т.б. көрініс табады. Сенім табиғи объектілерімен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгілі бір ғылыми және дағдылы мәліметтер мен ақпараттар енгізеді.
Үшіншіден, мәдениеттің құндылық-танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамды бөлігі) болып табылады. Құндылық дегеніміз - бұл белгілі бір қоғамдық заттардың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, мүддені қанағаттандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субъекті өз қажеттерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сәйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын құндылық қатынасы нәтижесінде қалыптасады.
Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз бұл - өз бойына қандай да әлеуметтік идеяларды, түсініңтерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлшемдерінің жиынтығы. Әдет-ғұрып адамдардың қызметі мен қатынастарын әлеуметтік реттеудің өткеннен қабылданған формасы, ал бұл белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік топта қайта туындайды және оның мүшелері үшін дағды болып табылады. Әдет-ғұрыпқа өткеннен қабылданған ережелер соңынан қалтқысыз еру де жатады. Әдет-ғұрып - мінез-құлықтың еш жерде жазылмаған ережелері.
Дәстүрлер ұрпақтан- ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топқа ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері.
Әлеуметтану үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар өмір сүре ме және бір-біріне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-күйі, әлеуметтік-саяси ахуалы және күллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.
Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.
Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа байланысты О.Конт "тарихтың үш сатысы жайлы заңында" жауап берді. Бірінші саты діни немесе "теологиялық жағдай", онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі - философиялық, "метафизикалық жағдай", онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш "сана жағдайының" әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде "екінші теологиялық синтез" керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ "ұлы тірі жан" култі, барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде "позитивті дінді" жасады.
К.Маркс (1818 - 1883) дінді қоғаммен өзара байланысында қарастырды, бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш болып дін өзінің табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиетті жайлы көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің есебінен өмір сүреді.
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оның қоғам өмірінде әбден шынайы функциялар орындайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі функционалдық әдістің негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының айрықша ерекшелігін дін тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы әлеуметтік жағдайлардың - олардың негізіне басқаның еңбегін иемдену жүйесі, әлеуметтік теңсіздік жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде сендіру құрайды, ол жерде біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын білдіреді; қоғамның таптарға бөлінуі, әлеуметтік антогонизмдер, таптық күрес осыдан келіп шығады.
Маркс пікірі бойынша, дін - идеология, ол оның ең ежелгі тарихи алғашқы формасы. Оның әлеуметтік қызметі - идеологиялық қызмет: ол оны ақтайды немесе сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды сынайды, оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады. Ол қоғамдық дамудың тежеушісі ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе әлеуметтік наразылықты ынталандыруы мүмкін. К.Маркстың діннің шарасыз өлуі немесе оның жеңіске жеткен жұмысшылар табы тарапынан жойылуы жайлы айтарлықтай қатаң түрдегі қорытындысы осыдан шығады. Көріп отырғанымыздай, олай болған жоқ және болып жатқан да жоқ, оған қоса Конт айтқандай, олардың діннің дәл сол әлеуметтік қызметтерін иеленуімен діни идеологияның басқа жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы айтарлықтай өзгере бастады. Индустриалияландыру және урбанизациялануға байланысты күшейе түскен әлеуметтік жіктелісі процестері қоғамды біріктіруші факторлар жайындағы мәселені күрделі түрде қойды. Мұндай фактор ретінде діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды, өрлеу, тұрақтылық пен тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады. Француз ойшылы Э.Дюркгеймнің (1858 - 1917) көзқарасы тұрғысынан дін қоғамның ынтымақтастығы мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді. Діннің шығу көзі - қоғамның өзі. Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тиым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінді анықтайды. Олар артынан ерушілердің барлығын шіркеу деп аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді. Ол әлеуметтік сезімді оятады, ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады. Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану қасиеті жүзеге асады, оларға қасиетті мән беріледі, соның арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын болады. Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің, ізгілік көрсетудің ерекше объектісіне айналады. Олар сол әлеуметтік топтың символы ретінде қасиетті, оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының жақсаруы іске асырылады.
Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен символдар пайда болды. Сондықтан оларға нақтылы тарихи тұрғыдан оның рөлі мен әсерін бағалау талаптары қойылуда. Саяси, экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанып бөлінуіне, әлеуметтіктің дінимен бірлігінің өзгерісі болып жатыр және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болуда. Сонымен, қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылудың үздіксіз процесі бар екендігі мойындалады. Солай бола тура Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір нәрсе ол бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді. Оның ойынша дін К.Маркске қарағанда, мәңгі өмір сүреді. Қоғамның бірлігі мен жеке даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп, нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Ол бұл процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына "адамгершілік дінінің" келетініне сенді.
Дюркгейммен қатар, дін социологиясының негізін салушы деп неміс ғалымы М.Вебер (1864 - 1920) саналады. Ол социологияны әлеуметтікке айналатын әлеуметтік жүріс-тұрыс жөніндегі ғылым деп қарастырды. Егер ол мәнге ие болса онда олардың белгілі бір жүріс-тұрысын күтуге бағыт ұстанған басқа адамдардың жүріс-тұрысымен субъективті саналы түрде ара қатынаста болады, осыған сәйкес қандай да бір өзінің әрекеттерінің табысты болу мүмкіндігін субъективті бағалаумен өз жалғасын табады дейді.
Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық "мәнін" орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.
Дін социологиясының пәніне мұндай баға беру діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді өзінде мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды, яғни білім саласын, символдары және индивид пен қоғамның құндылықтарын анықтайды және онымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады.
М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Дәл осыдан діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді. Дүниеге діни түсіндірме беру ондағы бағыт ұстану және жүріс-тұрысты реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады, екіншілерге рұқсат етеді. Сонысымен ол адамның жүріс-тұрысының моралдық нормаларын құрады.
Вебердің дін социологиясының тағы бір маңызды бөлігі - "шіркеу мен секта" арақатынасын қарастыруға келіп тірейтін, діни ұйымдар түрлерін зерттеу.
Діни социологияның негізін қалаушылар қатарына Б.Малиновский (1884 - 1942), дінтанушылар Дж. Фрэзер және соңынан Л.Леви-Брюль жатқызылуы тиіс. Олар адамның дамуының еретеректегі сатысында оның санасы пралогиялық сипатта болды деп санады және сиқырлық (магия) хабарсыздық пен надандыққа негізделеді, одан көмек сұраған адамның талпынысын сәтсіздікке ұшыратады деп есептеді. Сиқырлық пен діннің айырмашылығын көрсете отырып, Б.Малиновский дін адамның әлеуметтік табиғатына негізделеді, ол сиқырлықты өлімге ұшыратып, оның орнын басады деп санады. Ол шындығында, адамдар олардың әрекеті өзіне бағынышты болған жерлерде - өзінің бау-бақшасында, балық аулау жағасында кәдімгідей рационалды ойлайтынын көрсетті. Сиқырлық іс-әрекет тәуелділік пен анықсыздық элементі жоғары болған кезде өз күшіне енеді. Сиқырлықтың - адамның өмірі мен әрекетіне айтарлықтай мықты әсері бар, өйткені олар толығымен еш уақытта адамның билігінде болмайды және ол ешқандай есептеуге келмейді. Сиқырлық қандай да бір қоғамда әсер ету көлемінің деңгейі сол қоғамдағы табиғи және әлеуметтік процестерге бақылау орнатуға қол жеткізу деңгейіне байланысты болады. Малиновский сиқырлықты таза функциялық түсінуді ұсынады. Ол Фрэзер сияқты оның дінмен ұқсастығын, екі жағдайда да әңгіме ойдағы нәтижеге тексеруге келмейтін құралдар көмегімен қол жеткізу жөнінде болып отырғанын көреді.
Дінге және мәдениетке жалпы фунциялық көзқарасқа сәйкес, өркениеттің әрбір түрінде әрбір әдет-ғұрып, идея, сенім-нанымдар бірқатар өмірлік қызмет атқарады. Оның ішінде ең бастысы - қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын сақтау. Малиновскиймен келісер болсақ, сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын үмітсіз жағдайды, үрей-қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп, қиыншылықтардан өте білуінен тұрады. Функционализм тұрғысынан дін сол сияқты рөл атқарады: ол Дюркгеймде секілді қоғамның бірігу факторы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген дін социологиясының негізін салғандардың еңбектері оның кейінгі барлық дамуын, зерттеудің негізгі бағыттарын, проблематикасын, методологиясын анықтады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дін социологиясы жеке пән ретінде қалыптасты. Социология дінді қоғамға қатынасында қарастырады, оның қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы тұрғысынан талдайды. Бұл байланыс екі жақты болады. Қоғамның дінге әсер етуі қалай бағаланып, түсіндірілмесін, социология мұндай әсер ету фактісін мойындамай отыра алмайды. Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы, оны ұстап тұру мен өзгерісіндегі, тұлғаның іс әрекетінің қалыптасуындағы рөліне баға беру мен түсіндіру әр түрлі болуы мүмкін, алайда дәл діннің қоғамда қызмет етуі социологиялық талдаудың басты пәнін құрайды.
Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмідің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. "Қоғам" ұғымы қатаң социологиялық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінде көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып қоғамды индивидтердің әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Индивид әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол индивидке сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін, адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде "дін және қоғам" мәселесі көбінесе "дін мен мәдениеттің" бір бөлігі болып табылады.
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір формаларын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни социологтардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі "мағынасымен" қамтамасыз етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, "менің өмірімді" қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, "менің тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді", міне осының бәрі "соңғы немесе түпкі нақтылық" перспективасында басым мағына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz