Химиялық оқыту әдістемесінің жүйесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Химиялық есеп түсінігінің қалыптасуы
3: 6
: 1. 1
Кіріспе: Химиялық есеп ұғымына жалпы шолу
3: 6
:

1. 2

1. 3

Кіріспе:

Есептердің түрлері мен классификациясы

Орта мектепте химиялық білім берудің тиімді мүмкіндіктерін ұйымдастыру

3:

10

17

: 1. 3. 1
Кіріспе: Мектептегі химия пәнін оқыту жүйесіндегі негізгі мәселелер
3: 17
: 1. 4
Кіріспе: Химиялық есептің есеп шартын оқушыға түсіндіру мақсатында қойылатын талаптар
3: 23
: 1. 5
Кіріспе: Химиялық есепті оқушыға ұсынудың технологиялық тәсілдері
3: 29
:

1. 6

1. 7

1. 7. 1

2.

2. 1

2. 2

2. 3

Кіріспе:

Есеп шығару барысында тиімді рөл атқаратын педагогикалық әдістер

Әдістемелік негізде химиялық есепті шығаруға толықтай икемделген оқушының қалыптасуы

«Оқушы бойында есеп шығару процесі кезінде оның шартын түсіну икемділігін қалыптастыру» бойынша оқушының теориялық моделі

Оқушы бойында есеп шығару процесі кезінде оның шартын

түсіну икемділігін қалыптастыру

Оқушы бойында есеп шығару процесі кезінде оның шартын

түсіну икемділігін қалыптастыру әдістемесі

Мектепте 9 сыныпта жүргізілген сабақ жоспарлары (ҚМЖ)

Оқыту барысында жүргізілген тәжірибелік зерттеулер

3:

36

40

43

45

45

46

63

:
Кіріспе:

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3:

68

70

Кіріспе

Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың халқымызға жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиясы бекітілген мемлекеттің саяси бағыты» атты жолдауында ел сауаттылығы мен біліміне аса назар аударған. Соған дәлел тұңғыш елбасымыздың мына сөздер қатары: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз ең озық жабдықтармен және заманауи өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, жалпы барлық ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. » [1, 25б] .

Қазақстан халқына жолданған бұл жолдауға сүйенсек еліміздің сенім артқан әр оқушысы, ертеңгі ел болашағы заман ағымына сай, әлемдік бәсекеге бейім, ұшқыр ойлы, жан-жақты дамыған білімді, пайым-парасатты, көзі ашық азамат болып сауат алуы, тәрбиелену шарт.

Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің қолға алған нақты мәселесі - ол білім сапасын жоғарылату. Саяси бағыт - бағдары бойынша өзге елдермен терезесі тең болатындай қоғамда сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Білікті білім көзі болашағы жарқын елдің бастамасы екеніне көз жеткізген еліміздің алдындағы негізгі айқын міндет білім сапасын көтеру болып табылады.

«Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те - химия ғажайыптары» - демекші, қоршаған ортаның сырын ашатын химия пәніне оқушыны бейімдеу заман талабы болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бейіндік оқытудың маңызы айқындалған. Бейіндік оқыту - жоғары сынып оқушыларының мамандануға жүйесі, оқушының өз кәсібін таңдауына жол ашатын оқу түрі.

XXI ғасыр - химия ғасыры! Баршаға мәлім себебі сол, химиясыз тіршілік жоқ. Жаратылыстану ғылымдарында айрықша орынға ие болған бұл ғылым, бұл білім өзегі, химия ілімі - жастардың оқыту жүйесінде нақты міндеттерге ие болып отыр. Әлем деңгейінде техникалық дамуды жоғарылату негізінде химия саласын тереңдетіп оқыту мектеп және жоғары оқу орындары (ЖОО) бағдаламасында өз күшіне енген болатын [2, 33б] .

Химия саласы - нақтылы зерттелген, есептерімен дәлелденген солай болып жалғаса да беретін сала. Химиялық элементтер мен химиялық құбылыстар біршама өлшенген сапалардың себебінен анықталады, яғни сан мен сапа, өлшем менбірлік химия ғылымының ажырамас бөлшектері. Демек, есеп-қисапты химия ғылымына дұрыс қолдана білу болашақ елдің жарқын жетістіктеріне себепкер болуы белгілі. Осындай тұжырымдамаларға сүйенсек, химия пәнін және химиялық есептер шешу жолдарын жетік игерген ұрпақтың ой-санасы биік, елге қосар үлесі мол азамат пен азаматшалар болуына нақты сенім орнайды.

Химияны оқыту процесі жанданған сайын оқытушы ұстаздардың арқалайтын жүгі ауыр бола бермек, соған сәйкес қазіргі заман талабына сай мұғалім атаулы кәсіп иелеріне мемлекет тарапынан бірқатар міндет пен сенім жүктеліп отыр.

Педогогика саласы - білім беру мен үйрету, оқыту мен тәрбиелеу саласы өзіндік даму мөлшері тоқтамайтын, зерттемелері шектелмейтін, жетілдіру жұмыстары ізденіс жолында бола беретін сала. Өйткені, уақыт пен заман талабы артқан сайын ғылыми мәліметтер саны көбейген сайын, жаңашылдық ағымына ел қоғамы сай сауаттануы қажет. Еліміздің даму деңгейі биік болуы үшін білімді қоғам, соның іщінде білікті ұстаз мамандары мен білімді өскелең ұрпақ саны көп болу керек деп білемін.

Диплом жұмысының мақсаты: Химияны оқыту барысында есептің шартын оқушыларға тиімді әдіс-тәсіл мүмкіндіктерімен игерту жолдарын зерттеу.

Диплом жұмысының міндеті:

  1. Химиялық есептің есеп шарттарын оқушылар тез әрі нақты қабылдауы үшін барлық оқыту әдіс-тәсілдеріне талдама жүргізу;
  2. Оқытушы мен оқушыға екі тарапты тиімді және нәтижелі оқыту мүмкіндіктерін таңдау;
  3. Зерттеу тақырыбына сәйкес мектеп базасында жан-жақты тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

- Зерттеу нысаны - мектеп бағдарламасына сай 9 сыныпқа жүргізілген химияны оқыту үдерісі.

- Зерттеу жүргізілген мектеп базасы - Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 Орта мектебі» КММ

- Дипломдық жұмыстың өзектілігі - қазіргі заман талабына сай, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде мұғалім тек бақылап, бағдар беруші міндетін атқарады, ал оқушы негізгі білім көзін өздігінен қабылдауға бейімделуі керек. Оқушының химиядан берілген есептерді өз бетімен шығара білуі үшін алдымен есептің шартын дұрыс түсінуі ерекше маңызды рөл атқарады. Сондықтан есеп шартын түсіну икемділігін оқушы бойында қалыптастырудың жан-жақты тиімді оқыту мүмкіндіктерін іздестіріп, талдау жасау - өзекті мәселе. Химиялық сауатты, дұрыс көркемдеп берілген сандық есептерді шығартудың негізгі әдістемелік мүмкіндіктерін табу, жаңашыл мүмкіндіктерді қолдануға бағыт беру маңызды екендігі даусыз.

- Диплом жұмысына теориялық шолу. Дипломдық жұмыс барысы нақты әрі дәлелденген ғалымдардың ой-пікірлері мен ұсынған әдіс-тәсілдеріне жүгіне отырып жазылған. Көрсеткіштер мен сызбалар анализ(талдама) жасау нәтижелеріне сүйенілген. Теориялық мәліметтер салыстыру, біріктіру, талдау тәсілдерімен жазбаланса, жаңашылдық ұсыныстар мен қорытынды жазба жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесіне сай көрсетілген.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: бұл жазылған диплом жұмысы болашақ мұғалімдер үшін қолдануға болатын әдістемелік нұсқаулық. Салыстырмалы, талдамалы жұмыстар негізінде оңтайлы оқыту мүмкіндіктерін қолданған пайдаланушы тараптың оқушыларының білім деңейінің артуына көмекші құрал болары анық.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Химиялық есептің шартын оқушыға қиындықсыз игертуді негіздейтін мүмкіндіктерді сараптау барысында химиядан есеп шығаруда есеп шартын қиындықсыз меңгерген оқушының теориялық моделі құрылып, әдістемелік мүмкіндіктері анықталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс жазбасы кіріспеден, негізгі бөлімнен, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі 71 бет, 14 сурет, 5 кесте, 25 әдебиет көздері.

1 Химиялық есеп түсінігінің қалыптасуы

1. 1 Химиялық есеп ұғымына жалпы шолу

Есептердің таным процесіндегі рөлі өте зор. Есеп шығару кезінде оқушылардың ойлау қабілеттері қалыпты жағдайға қарағанда тез дамиды. Сондықтан орта мектептерде математика, физика, химия пәндерін оқыту кезінде сандық сәне сапалық есептерді шығару өте маңызды орын алады.

Есеп дегеніміз - оқушының ойлау қабілетін кеңінен шыңдауға мүмкіндік беретін, білім беру функциясын атқарушы оқыту құралы.

Есеп ұғымының мәнін ашуда ғалымдардың ізденістері мен зерттеулері, сондай-ақ, жан-жақты пікірлері аз емес.

Білім мен ғылым саласы бір-бірімен ұштасып, тығыз байланысқа түсіп жатқандықтан түсініктемелер де сан түрлі салалар негізінде берілген.

Мысал ретінде айтсақ, Г. А. Балл өз зерттеулерінде есепті педагогикалық ұғым шеңберінен шығатын белгілі бір жүйе деп санайды. Ол есеп тұрғысында «мұғалім мен оқушы тарапынан есеп шығару процесіндегі көрінетін іс-әрекеті жүйе ретінде сипатталғаны және жобаланғаны жөн болады» деп пікір білдірген.

Л. М. Фридманның ойынша есеп дегеніміз қандай да бір «мәселелі процесс» екені айтылады. Яғни Л. М. Фридман «Есептің генезисін процесс кезінде субьектінің пайда болған мәселелі жағдайды модельдеуі деп, ал есепті белгілер немесе жасанды тіл көмегімен жасалған мәселелі жағдайдың моделі» деп сипаттайды.

Л. Л. Гурьева болса есеп түсінігін қалыптастыру процесінде нақты және қысқа қайырып « . . . есеп - бұл ойлау қызметінің құралы» деп тұжырымдады.

Есеп түсінігін зерттеу кең ауқымды болып табылады. Жаратылыстану бағыты ғылымдары ішінде химия саласында негізгі білім күші болып табылады. Себебі, сонау алхимия дәуірінен бастап химиялық жаңышылдықтар мен өзгерістер, зерттеу жұмыстары нақты бір дәлелдің, есептеу жұмыстарының сүйеуімен ашылғаны бәрімізге мәлім. Алғашқы химиялық элементер мен олардың қасиеттері, рекциялардың жүру мен себеп-салдарының талқыға түсіп, ғалымдардың ортақ шешімге келіп бір-бірін мойындауы да осы есептің көмегінде жүзеге асқан. Есеп - бұл шешімі белгісіз сұраққа берілген нақты әрі дәлелденген жауап жұмысы. Ол пайда болуымен қатар, тексеріледі және дәлелденеді.

Демек, химиялық есеп - химия ғылымының ғылым ретінде танылуының негізгі себепкері мен тірегі. Химиялық есеп - химиялық жаңашылдықтардың пайда болу тірегі немесе «адвокаты» (қорғаушы) .

Қазіргі заманда дамыған химия ғылымының білім беру саласында маңызы зор, демек химиялық есептің де маңызының айрықша екенін білеміз.

Химиялық есеп - химияны оқыту жүйесінде білім берудің негізгі көзі. Химиялық есептерді оқушы шешу барысында өз бойында жан-жақты, пайдалы дағдыларды қалыптастырады. Есепті шешу кезінде алдымен химия ғылымында қолданылатын теориялар мен заңдар, ұғымдар мен терминдердің негізгі мазмұнын, қосылыстардың химиялық атаулары мен формулаларын, химиялық реакциялардың теңдеулерін, заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, математикалық формулаларды еске түсіре отырып, есептің шартында берілген негізі мәселелік жағдайды шешу үшін қолдануға тырысып бағады. Есіне түсіре алмаған жағдайдың өзінде, оқушы анықтамалық оқу құралдарын пайдаланып, ақпарат көзін табу үшін ізденіс жасауды қалыптастырады [3, 35б] .

Оқушы үшін химиялық есептің маңызы мен рөлі:

Химияны оқыту барысындағы есеп шешудің оқушыға беретін маңызды дидактикалық міндеттемелері:

  • оқушылардың өзіндік жұмыс атқаруы және ізденіс жолымен белсенді жұмыс жасауға үйрету;
  • оқушының алған білімдері мен дағдыларын жүйелі әрі берік түрде қалыптастыру;
  • оқушыны химиялық білімдерін өмірде пайдалануға баулу;

Педагогикалық білім беру процесінің атқаратын дидактикалық негізгі 3 мақсаты:

1. Оқыту;

2. Тәрбиелеу;

3. Даму.

Химияны оқыту кезіндегі есептердің тәрбиелік маңызы да жоқ емес. Алған химиялық білімдерін дамыта отырып, басқа да қасиеттерді сіңіре алады. Есеп шешу процесінің ұзақтығы немесе есептің күрделілігі тағы да басқа факторлары оған себеп болады.

Химиялық есептердің оқушы үшін тәрбиелік маңыздылығы:

  • оқушыны еңбексүйгіштікке баулуы; (ізденіс пен өзіндік жұмыс)
  • төзімділік пен жауапкершілікке үйретуі; (оқушының есеп шешімін табуға деген ынтасы арқылы істі аяғына дейін жеткізу қасиетін қалыптастырады)
  • жігерлілік пен қайсарлық қасиеттерін дамытуы;
  • таным көзі ашылып, ақыл-ойы дамуының көзі болуы.

Химиялық есеп - пән аралық байланысты туындатушы да болып келеді. Химияның есеп арқылы математика, алгебра, геометрия, физика пәндерімен тығыз байланысты екені көрінеді. Сонымен қатар, есептің түрлеріне байланысты биология, тарих пәндеріне де жақын екені байқалады. Бұл дегеніміз - химияны оқу мақсатында оқушы есеп шығарады, ал есеп шығару барысында есептің түрлілігіне сай ойлау сигналы іске қосылып, терең әрі формальды-логикалық ойлау жүйесі дамиды. Дәлелдеу, талқылау, ақпарат сақтау сияқты оқушы миында ойлау элементтері беки түседі. Дүниетанымдық көзқарасы күшейеді. Оқушының есеп шешу барысындағы шыңдалатын нүктелері жайлы тек химия ғалымдары ғана емес, психологтар мен дидактологтар атап өткені мына тұжырымдамасынан байқалады: «Есеп шығару - ойлау іс-әрекетінің кешенді моделі!».

Химиялық есептің қасиетінің мағыздылығы, жоғарыда көрсетілгендей тұлға дамуы барысында озық орынға ие. Ендігі кезек химиялық есептің өзіне тән негізгі ерекшелігі. Химия ғылымы - нақтылы зерттеуге жүгінетін ғылым екенін ескерсекхимиялық есеп те нақтылы бір заңдарға сүйенген, шешімі тура әрі дәлелдемесіне сай ұғым екені белгілі.

Химиялық есептердің сонау заманнан келе жатқаны себебінен, есептердің түрі де, шарт берілісі мен шешілу барысы да заманмен қатар дамып келе жатқан факторлар болып табылады. Дегенмен, есеп шешу процесінде өзгермейтің де қағидалар бар. Солардың қатарына мыналар да жатады:

  • Есептің тиянақты берілу шарты;
  • Нақты тақырыпқа сәйкестігі;
  • Шешілу жолының (химиялық) айқындығы

Бұл қағида жалпы есеп ұғымымен тығыз байланысқан ғылымдар үшінде мағызды болып табылады.

Химиялық есеп түсінігі - аты күрделі болғанымен, берілісі мен сұрағына жіті назар аударып, қажетті химиялық заңдарға сүйеніп, есепке қажет деп саналатын формулалардың алгоритмін дұрыс құра білсе қарапайым тапсырма болып есептеледі.

Химиялық есептің қарапайымдылығын оқушы санасында ұғындыру үшін оқытушы білу керек және ұғыну керек мәселелер бар. Нақтылап келгенде, «Химия есептерін шығару оңай емес, дегенмен аса қиын да емес» деген ұстанымды өз бойында және оқушыға бекітуі керек. Яғни, есептерді шығару үшін ғажайыптар мен ойға жол бермей, екі нәрсені қолдану керек. Ол - логика мен сана.

Ғылымдардың атасы Аритсотельдің өзі осыған негіз болатын тұжырымдамасын бекіткен. Аристотельдің зерттеуімен және бастауымен «дұрыс ойлай білу» немесе «логика» ұғымы қалыптасып, ішінара жүйеленген. Ол «Логика - дұрыс ойлау, түсіну, бағытталған зейіннен туындаған ой қорытындысы» деп есептейді. Ғалымның бастауымен осыған сай «формальді логика» түсінігі ғылымдар жүйесіне енген.

Логикалық ойлау жүйесі математика, физика, химия, тіл ғылымдарында да нәтижені оңтайлы етуші негізгі фактор. Сана мен логика жайында еліміздің ғалымдары да жан-жақты қарастырып салалық рөлдерін зерттеген. Солардың бірі «екінші ұстаз» атымен белгілі қазақ ғалымы Әл-Фараби да толығымен Аристотельдің бағытын құптап, саналы ойлау мен зейінді ойлай білу, түсінумен жалғасатынын және нақты ой қорытындысы дәлелдеу процесінде қиындық тудырмайтынын ерекше атап өткен.

Саналы ойлай білу мен логика химия саласының ашылуы кездерінен әрекет етіп келеді. Яғни туындаған, химиядағы логика түсінігі ертеден маңызы мен орны бар екені көрінеді. XXI ғасыр химиясына дейінгі прогрессивті зерттеу мен жаңалықтар бұның дәлелі болып саналады. Қарапайым мысал - химиядағы әр түрлі қисындарға қарамастан жүйелі жасалған Менделеев периодтық жүйесі.

«Есеп» және «логика» ұғымдары ажырамас бөлшектер екені нақтыланған, дәлелденген қорытынды болып табылады.

Химиялық есептің түрлері мен күрделігі артқан сайын оқушы бойында логикалық ойлау жүйесі артатыны көрінеді. А. М. Матюшкинннің анықтамасына жүгінсек:

  • «Оқыту процесіндегі ойланудың ең басты қызметі жаңа білім үйреніп, жаңаша әрекет жасауға мүмкіндік беретінінде. Адам өміріндегі барлық дерлік білім жүйесі мен іс-әрекеттері оның ойлау қабілетінің көрсеткіші немесе нәтижесі. Адамның білімі - оның ойлануының көрінісі . . . »

Химиялық есептер түсінігінің шығу тегі химиялық микроэлементтердің қасиеттерін есептеуден негіз алады. Ал, бұл түсініктің шегі жоқ. Демек қазіргі химия деңгейі жоғарылаған сайын, ондағы есептеулер мен дәлелдемелер де күрделеніп қатар жүреді. Химия - бұл пирамида. Ал пирамиданың құрылымы химиялық есептер негізімен жасалады деп саналады. Яғни, химиялық есеп-химия ғылымын бөлінбейтін бір фрагменті.

Химияны оқыту жүйесінде химиялық есептің орын алуы оқушыны жүйелілікке тәрбиелейді. Химиялық теориялық білімдерді түсіну деңгейі, автоматты түрде есеп шешуде маңызды сипатқа ие болады. Оқыту процесі екі негізгі бөлімнен тұрса:

а) Теориялық оқыту

б) Практикалық (тәжірибелік) оқыту

Екі қадамның біреуі ғана орындалған оқыту процесі өз шегіне жетпеген, мақсаты орындалмаған іс-әрекет болып табылады. Педогикалық шыңына жету мақсатында химия саласы оқу міндеттерін толықтай орындауы шарт. Жоғарыда көрсетілген Б нұсқасы (практикалық оқыту) - химиялық есеппен тығыз байланысты деп есептелінеді. Оқушы А нұсқасында (теориялық оқыту) алған білімді химиялық есептерді шешу жолында қолданып, өз білім деңгейінің көрсеткішіне қол жеткізу мүмкіндігін ала алады. Химияны оқыту барысындағы Б нұсқасына экперименттік жұмыстар кіретіні де белгілі. Эксперименттік шамалар мен іс-әрекеттер қорытындысын жасау барысында химиялық есептеулер қолданылады. Бұл дегеніміз, химиялық есептер - теориялық білімдердің түрлілігіне қарамастан оның қорытынды дәлелдеме көрсеткіші функциясын атқарып жүру сипаты.

Химия ғылымының дамуында химиялық есептердің маңызы:

  • Химиялық жаңашылдықты тудырушы;
  • Химиялық заңдардың күшін жоғарылатушы;
  • Зерттеу жұмыстарының нақтылығын көрсетуші;
  • Химиялық білім берудің негізгі факторы;
  • Химиялық білім деңгейлерін анықтаушы;
  • Ғалымдар арасындағы біртұтастық пен қорытынды шығарушы.

Химиялық есептердің маңыздылығы мен міндеттері турасында бірқатар әдіскерлердің Ю. В. Ходаков, Л. А. Цветкова, Г. Б. Чернобельская еңбектерінде көрсетілген [3, 69 б] .

1. 2 Есептердің түрлері мен классификациясы

«Есеп» ұғымы - жалпы химиялық білім беру үрдісінің, химияны оқыту процесінің бір бөлшегі. Жеке немесе бірнеше оқушыға химиялық білімді түсіндіру және бекіту есептер шығарумен тығыз байланысты екені белгілі. Оқыту жүйесі қандай сала тұрғысынан болса да педагогикалық негізгі заңдарға сүйеніп жұмыс атқаратын жүйе екенін ұмыпау шарт.

Оқыту жүйесінің ел дамуындағы алатын орны айрықша. Оқыту жүйесінің жүйелілігі, сапалылығы мемлекеттік білім деңгейінің көтеруіліне себепкер ең басты құрал. Оқыту процесі маңыздылығына сәйкес, тармақтары көп күрделі процесс болып табылады.

Дидактика (грек тілінен аударғанда «didaktikos» - оқуға байланысты оқыту) - білім беру әдістемесі және теориясын дамытушы педагогиканың саласы [4, 74б. ] .

Ғылымға бұл терминді алғаш енгізіп, түсінік қалыптастырған ғалым неміс педогог-ғалымы Вольфранг Ратке (1571-1635) .

Бұл ұғымды ғылыми ортаға осы мағынасымен қолданып жарыққа шығарған 1657 жылы Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінің педогогика айналымындағы орны зор.

Дидактиканың негізгі мақсаты: оқыту мен үйрету.

Химия дидактикасы оқытушылардың ықпалымен химия ғылымының негізгі ілмін үйрету жүйесі және оқу пәні ретінде түсініледі

Химия дидактикасы арнайы заманауи педагогикалық ғылымдардың біріфизикалық объект және зерттеу пәні.

Химия дидактикасы бұл әдістеме, теория жәнехимиялық білім беру практикасы. Бұл білім беру әдістемесінің атқаратын қызметі:

  • оқыту
  • тәрбиелеу
  • дамудың маңызды міндеттерін шешу

Химияны оқыту жүйесі білімді қалыптастыру болып табылатындықтан, білімнің өзегі есеп шешу әдіс-тәсілдері мен үйрету дағдыларын да толығымен қарастырады.

Есеп - химия байланысы оқыту жүйесінде қатар жүруші ұғымдар. Химияны оқытудың оқыту құралы болып саналатын есеп түсінігінің ауқымы кең болып келеді

Химиялық есептер - сұрақ жағдайы бар танымдық тапсырмалар, оған қойылатын талаптар, функционалдық тәуелділіктер және жауап талаптары кіреді. Өзінің дидактикалық мақсаты бойынша тапсырмалар - бұл білім мен іскерлікті интегративтік қолданудың, химиялық тілдің сандық және сапалық сипаттамалары арасындағы тұтастықты орнатудың құралы. Химиялық есептерді шешу процесі қызықты болуы және кроссвордтарды шешетін әуесқойлар алатындай қанағаттану әкелуі тиіс. Оқу үдерісіне міндеттерді қосу оқушылардың дербестігі мен белсенділігін қамтамасыз етуге, берік білім мен біліктерді қалыптастыруға, оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың кәсіби бағдарына ықпал етеді. Химиялық тапсырмаларды тек қана бір жолмен шешуге болады - үнемі тапсырмаларды жүйелі түрде шеше отырып жүзеге асыру [4, 82б] .

Химиялық есептерді шешу барысында оқушылар күрделі ойлау қызметін жүзеге асырады, ол ойлаудың (білімнің) мазмұндық жағынан да, әрекетті жағынан да дамуды анықтайды. Білім мен біліктердің тығыз өзара әрекеттесуі-ойлаудың түрлі тәсілдерін қалыптастырудың негізі. Тапсырмаларды шешу кезінде оқушылардың ойлау процесін құру іскерлігін қалыптастыруға ұмтылу сабақтар мен үй тапсырмаларын нақты жоспарлау негізінде міндеттер жүйесін құруға әкелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістері
Химияны оқыту жолдары
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары
Химияны оқытудың екілік әдістері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz