Қазақ және ағылшын тілі саласындағы сөйлем мүшелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

«Қазахстан Халықаралық Лингвистикалық колледж» ЖШС

Каирденова Малика Ардаққызы

Аудару кезінде сөйлем мүшелерін ауыстыру

Курстық жұмыс

Жетекшісі: Ж. М. Турдиева

Тапсырған күні:

Қорғаған күні:

Бағасы:

Нұр-Сұлтан

2021 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 БӨЛІМ. АУДАРУ КЕЗІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ

ТҮСІНІК

  1. Аударма процессіндегі өзгеру әдісі
  2. Аудармадағы лексико-грамматикалық өзгерістер
  3. Аудару барысында және аудармашыға қойылатын талаптар
  1. БӨЛІМ. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ МЕН СИНТАКСИСТІК ӨЗГЕРУЛЕРҚазақ және ағылшын тілі саласындағы сөйлем мүшелеріАғылшын терминологиясы және оның аудармада өзгеруі

КІРІСПЕ

  1. БӨЛІМ. АУДАРУ КЕЗІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ТУРАЛЫАударма процессіндегі өзгеру әдісі

Аударма процесіндегі трансформалау әдісі

Аудармашының міндеті жүктелген материалды мағынасы жағынан ещ мүлтіксіз және тілмаштығымен аудару болып табылады.

Аудармада асқан шебе жетлікке жету үшін аудармашыдан әрқилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформалау (трансформация) деп аталып жүр. Мұндай трансформалаулар көбінесе хабар, мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Синтаксис термині тілдің синтаксистік құрылымы және оны зерттеу ретінде анықталады. Синтаксис ұғымының әрбасқалай анықтамалары бар. Бірінші анықтамасы: Ол сөз тіркестерін зерттейды. Ал, екіншісі: сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы. Алайда екеуін екі бөлек алсақ олар жеткілікті информативті емес.

Аналитикалық ағылшын сияқты тілдерде грамматикалық принцип алдында орналасқан. Сондықтан аудару кезінде сөйлем мүшеле өзгерсе, біріншіден орын, екіншіден мағынасы ауысады. Ағылшын тілінің баяндалатын бейтарап формасында қарапайым сөз тәртіпі-бастауыш, баяндауыш, және содан кейін тұрлаусыз мүше болатыны белгілі.

Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады:

1) орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібі) ;

2) ауыстыру (сөздерді, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; тілдік және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма; компенсация) ;

3) қосу;

4) түсіру

Осы негізгі техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігіне қарай аударма түпнұсқаға дәл келмейтін (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық (көркем, түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа ретінде бағаланады.

Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс. Өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса, бірігіп, араласып келіп отырады.

1. Орын алмастыру . Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.

Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт - түпнұсқа мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма мәтінде өзгеріске ұшырауы. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты. Бір мысал:

Мерген тұлпардың айтқанына көнбепті, зымыран құстың қауырсынын әкеп, патшаға тартыпты
Sagittarius did not listen to his horse, picked up the feather of the firebird, brought it and presents it to the king as a gift.

Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі - заңды құбылыс. Бір мысал: I would be desperate if you didn't agree to it . - Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.

Түпнұсқа мәтін құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма мәтінде орын тәртібінің, яғни мәтіндегі орнының өзгеруі немесе басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған мысалды М. Әуезовтің Джек Лондонның «Волк» әңгімесін аударуынан келтіруге болады: Аударма мәтіндегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем:

-Қасқыр! Қасқыр! Кә! Кә! Қасқыр! - деп Медж итін шақырып тұр еді. Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жіберді.

Мұндағы бірінші сөйлем түпнұсқада алтыншы абзацта тұр:

- Wolf! The wolf! Over here! Madge called.

Ал екінші сөйлем сегізінші абзацта тұр:

Irwin put both little fingers in his mouth, and his shrill whistle joined Madge's call.

Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ аудармашының байқампаздығы сонда, ол кейінгі сөйлемдегі «. . whistle joined Madge's call. » деген бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін, аударма мәтінге табиғилық сипат беретіндігін жасампаздықпен түйсінген (Бұл айғақтар Джек Лондонның Алматы, «Жалын» баспасынан 1991 жылы «Екі тілде еркін сөйлейміз» айдарымен шыққан «Қасқыр-Волк» атты кітабының 1, 2-беттерінен алынды) .

2. Ауыстыру . Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т. с. с. ауыстыру.

Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше болуы да мүмкін. Бұл - бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.

Сөйлем мүшелерін ауыстыру . Ауыстырудың бұл түрі ағылшын тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездесетінін байқадық: the book is read by me . - Мен кітапты оқып шықтым . Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.

Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш-circumstance (PRESENT PARTICIPLE) қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады. Мысалы: The room was hot . - Бөлме қапырық болып тұр еді . Бұл ауысуға себеп - ағылшын тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс, қатынас қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.

Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтік мүддені еске ұстаған жөн болар еді. Мәселен, They had a long, heartfelt conversation. деген сөйлемді былайша екі түрде аударуға болар еді: 1) Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті; 2) Олардың әңгімесі ашық та ұзақ болды. Егер түпнұсқа авторы әңгіменің «өткендігіне» ден қойып отырған болса, бірінші нұсқа дұрыс болар еді де, ал егер өткен әңгіменің сипатын көрсетуді мақсат тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар . Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформалаулардың төмендегідей түрлері ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару процесінде жиі кездеседі екен:

1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;

2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;

3. Басыңқы сөйлемді бағыныңқы етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;

4. Сабақтастық байланысты салалас байланыс етіп немесе салалас байланысты сабақтас байланыс түрінде жеткізу;

5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықпен жеткізу.

Бұл трансформалаулардың бірінші түрі ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетіні, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездесетіні байқалады. Мысалы: Тың жерді игерудің не екенін білемісің? - Do you know what virgin land development is? (М. И. )

Басыңқы тұрғының бағыныңқыға ауысуы . Бірден мысалдан бастайықThey went home after the squad stopped in the center of the city and began to be placed in apartments (Н. О. ) . - Отряд қалашық орталығына келіп пәтерлерге орналасуды бастаған соң, үйді-үйлеріне тарады.

Бұл құбылыс, әрине, сирек кездеседі, дегенмен синтаксистік түзілімнің терең мағынасын білу - аудармашының парызы.

Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру . Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің сыңарлары жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал ағылшын тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Ағылшын тіліндегі осы сипаттас құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді. Мысалы She was so beautiful that no one tried to take care of her (Д. Гранин) . - Оның сұлу болғандығы сондай, оған қырындауға ешкім бата алмайтын .

Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру . Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықты сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда бірден-бір қызметті жалғаулықтар ғана атқармайды.

Жалғаулық қатыспай тұрып та, құрмалас сөйлемнің компоненттерінің арасындағы мағыналық қатынастарды контекст көмегімен ажыратуға болады. Ал ағылшын тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағыналық қарым-қатынастарды айқындап тұрады. Осы себепті ағылшын тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен жеткізу міндетті емес.

3. Қосу . Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған байланысты қосу тәсілі пайдаланылады.

4. Түсіріп тастау . Бұл - мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын, тым болмаса,

Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал ағылшын тілі синтаксисі үшін бұл - ұстанымдық қағидат. Сондықтан ағылшын тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады.

Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.

  1. Аудармадағы грамматикалық және лексикалық трасформация

Лексикалық аудару . Бұл трансформалық әрекет аударманың лексикалық мәселелерімен тікелей байланысты және сол бөлімде айтылуға тиісті. Дегенмен бір ғана мәселені көрсете кету керек.

Қандай да болмасын екі тілдегі балама сөздердің мағыналық ауқымы, жүгі әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аударуда кең мағыналы сөзбен беретін жайттарболады. Мұның бірінші тәсілін - нақтыландыру (конкретизация), екінші тәсілін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.

Шендестіре аудару (Антонимический перевод) . Шендестіре аудару дегеніміз - түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен я, керісінше, болымсыз мағынаны болымды түрмен жеткізу

Компенсация (өтеу, орнын толтыру) . Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және сол сөйлемнің ішінде емес, мәтіннің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Мұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.

Келесі бір кездесетін құбылыс - орыс тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады. Мысалы: The soldiers stopped at the house, and the owner met them . - Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.

Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал ағылшын тілі синтаксисі үшін бұл - ұстанымдық қағидат. Сондықтан ағылшын тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болад

Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.

1. 3 Аудару барысында және аудармашыға қойылатын талаптар

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың
дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

Жалпы жақсы маман және деңгейі жоғары жұмыс керек жерге қойылатын талаптар ерекше болады. Талап тек ғалым-ағартушылар тайға тамба басқан ережелер, қатып қалған қағидаттардан ғана емес, жаңашылдық көзінен тұрады. Аударма барысында-сауатты жазбалар болу үшін аудармашылар ережелерге бағынады. Аударғанда сөзбе сөз аудару арқылы аударма мағынасын толықтай жоғалтады. Сөйлем мүшелерінен бастап-пунктуация орындары алмасады. Ал қарай отырсақ аудармашыларға қазіргі таңда қойылатын талаптар менің ойымша төменде көрсетілгендей:

  1. Сөздің өзін емес, мағынасын аударуға тырысыңыздар.

Себебі көп жағдайда жас мамандар мағынасын ысырып қойып, сөздің өзіне көшеді. Мысалы: « Make sure that you follow the instruction carefully». Егер де қате аударсақ: «Сенімді істе, сен орында нұсқаларды дұрыс. » Егер алып қарасақ мағынасы шын сөз тіркесінен алыстау. Себебі бұл сөйлемнің мағынасы жоқ. Өйткені «make sure» -сенімді болу дегенді білдіреді.

  1. Аудару барысында тек қана мағынасына емес, сөйлем мүшелері мен реттілігіне қарау керек. Алайда кейде сөйлемде сөздердің мағыналық реттілігі өзгермей қалып қалуы мүмкін.
  2. Аудармашы орфография, пунктуация, грамматика, капиталиация ережелеріне және абзацқа бөлуін ескере отыруы тиіс. Мұндай сәттерде онлайн қосымшалар көмектесе алады.

Online Corrector and Grammarly-екі қосымшада мобильді және компьютер желілеріне жүктеліп, жазылған мәтінде орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып жөндеуге көмек береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Сөздің контекстуалды мағынасы
Жазбаша аударманың ережелері
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін үйретудің мақсаты мен міндеттері, сабақты түсіндіру жолдары, әдістері, тыңдап түсіну ерекшеліктері
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
Ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz