Контейнерлік тасымалдарды дамыту



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Контейнерлік тасымалды ұйымдастыруды жетілдіру

Ален Жібек Ерланқызы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. Мақсатты талдау және оны зерттеу. Қазақстан Республикасының контейнерлік тасымалдардың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Контейнерлік тасымалдарды дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Қазақстан Республика территориясындағы маршрутты контейнерлік пойыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Қазақстандағы контрейлерлік тасымалдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 19
2 Қойылған мақсаттың жолдарын шешу. Контейнерлік тасымалындағы маркетингтік зертеулердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері, контейнерлік тасымалдардағы оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.1.1 Көлік қызметі нарығының тұтынушыларын талдау және зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.1.2 Қазақстанның көлік нарығының қазіргі жай - күйі және мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.1.3 Контейнерлік тасымал маркетингі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.2 Контейнерлік тасымалды ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен дамыту қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.2.1 Қазақстанда контейнерлік тасымалды ұйымдастырудың қазіргі жай күйін бағалау және оларды дамыту перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .43
2.0.2 Жүк тасымалдарын дамытудың басты бағыты ретіндегі контейнерлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.2.3 Контейнерлік тасымалдың негізгі маршруттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3 Есептеу бөлімі. Логистикалық контейнерлік жүйелердің қызмет етуінің тиімділігі және экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..54
3.1Логистикалық контейнерлік жүйелердің қызмет етуінің тиімділігі және экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
0.2 Логистикалық контейнерлік жүйелердің экономикалық тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
3.3 Құрама штаттарындағы Қазақстанға Ресей арқылы транзитпен контейнер жеткізудің халықаралық логистикалық жүйесінің қызмет етуінің экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78

Кіріспе

Қазақстан - 2030 стратегиясының негізгі бағыты болып темір жол тасымалының тиімділігін және сапасын жоғарылату мақсаты алға қойылған.
Өндірістік және халықаралық көліктің қызмет көрсету жүйесінде контейнерлік тасымалдау жүк тасымалдың ең тиімді түрі болып табылады. Дамыған мемлекеттердің темір жол жұмысының тәжірибесі контейнерлік тасымалдаудың кең ауқымда дамығанын көрсетеді. Жалпы көлемдегі тасымалдардың меншікті салмағы 15 - 40% алады, ал экспорт - импорт тасымалы - 80% жуық.
Қазақстанның темір жол 2002 жылы 1 шілдесінде контейнерлік парк мөлшері 14,7 мың бірлік оның ішінде ірі тонаждысы 25,3%.
Мамандардың айтуы бойынша, 55% дейінгі тарно - штукті жүктерді кішігірім кәсіпорын арасында темір жол - автомобиль тасымалы аралас (универсал контейнерлерде тасымалдау тиімді) автомобиль көлігінің бос - соңдарында (шығару, жеткізу) қатысуымен.
Сонымен қатар, техникалық базаның нашар дамуы, оның ішінде халық аралық стандартқа сәйкес контейнерлік терминалдардың керекті құралдармен қамтамасыз етілмеуі телекоммуникациялық жүйенің және т.б керекті құқықтық және заңдық базаның болмауы контейнерлерде мультимодальді жүк тасымалдаудың (ММП) дамуына ұстайды. ММП үшін мүмкін потенциалды жүк орнату қазіргі уақытқа дейін шешілмеген мінде болып тұр.
Қазақстан темір жол жұмысының нәтижесі көрсеткендей, контейнерлерді тиімді пайдалану аясындағы жағдай жеткіліксіз зерттелген, контейнерлерде жүкті тасымалдау кең ауқымды дамыған жоқ, соған байланысты нарықтық экономика жағдай кезінде бұл жағдай күрделі түрде қалуда.
Темір жол нарығында контейнерлік тасымалдаудың маңызы тез өсті. Бұл әрдайым экономика - мамандар, көлік саласының мамандарының қарауында. Ең бастысы саладағы экономикалық реформалар жүрісін қадағалайтын ғылыми материалдарға, шығынды азайтуға, темір жолдың табысының өсуіне, контейнерлік тасымалдың тиімділігіне назар аударылады. Осыған байланысты нақты ғылыми жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасына ғана емес ТМД елдеріне де маңызды. Салыстырмалы түрде темір жолды реформалау жақында ғана басталды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып контейнерлік тасымалды ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер алға қойылған:
- қазіргі кездегі Қазақстан темір жолындағы контейнерлік тасымалды ұйымдастырудың маңыздылығын зерттеу және сараптау;
дамыған мемлекеттердің беретін тәжірибесін зерттеу және де ТМД контейнерлік жүктің көлемі мен құрылымына сәйкес контейнерлік парктің функционалдың тиімділігін жоғарлату;
республикадағы контейнерлік жүйенің дамуына инвестициялық салымның негізгі бағыттарын белгілеу;
мультимодальды жүк тасымалдауды дамыту және ұйымының экономикалық тиімділігін анықтау бойынша есептеулер жүргізу;
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның теміржол көлігінің контейнерлік тасымалдау жүйесі қабылданған, оның ішінде АҚ Қазақстан Темір жол - АҚ Қазтранссервис және оны құраушы бөлігі - Оңтүстік бөлімі кәсіпорны жатады.
Жұмыстың ақпараттық базасының шаруашылық саласындағы көрсеткіш жүйесі АҚ Казтранссервис АҚ Қазақстан темір жолы статистика бойынша агенттік, экономика және бюджеттік жобалау министрі, халық аралық ғылыми - зерттеу институтардың темір жол кәсіпорындарының материалдары қолданылады.
Жұмыстың практикалық маңызы ретінде республиканың темір жол көлігі жүйесінде контейнерлік тасымалдың тиімділігін арттыру және де тасымалдау үрдісінде басқару саланың шаруашылық субъектісін таңдауға экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады. Жеке жағдайлар мен зерттеу нәтижелері темір жол саласының контейнерлік тасымалдауды дамытуға арналған көп мерзімді бағдарламаны жүзеге асыруда және де осы бағыт бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде қолданылады.
Дипломның құрылымы реферат, кіріспе, үш бөлім, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады. Қосымша материалдар алты кесте және бес суреттен құралған.

1 Мақсатты талдау және оны зерттеу. Қазақстан Республикасының контейнерлік тасымалдардың ролі

1.1 Контейнерлік тасымалдарды дамыту

Қазақстанның, Еуроазия қүрлығының ортасында орналаса және елеулі көліктік - коммуникациялық торапты иелене отырып, халықаралық транзиттік тасымалдардың нарығында жеткілікті дәрежеде маңызды орынға ие болуға барлық мүмкіндіктері бар, өз кезегінде, транзиттік тасымалдар саласын дамытудың маңыздылығы елімізге келіп түсетін валюталық кірістердің жоғары өлеуетімен себептеледі. Сарапшылардың бағалауы бойынша транзиттік тасымалдарды Қазақстан аумағы арқылы ұйымдастырудан келіп түсуі мүмкін табыстардың көлемі жылына 1,5-2 млрд, доллар сомасында бағаланып отыр.
Осыған байланысты, ғаламдық экономикадағы өндіріс факторларының ұтқырлық (мобильность) процестеріне барабар тасымалдау жүйесін одан әрі жетілдіру, жүктерді тасымалдау технологияларын ендіру ісі көкейтесті болып табылады. Мамандардың болжамдары бойынша 2010 жылға таман әлемнің негізгі көліктік артериялары арқылы өтетін халықаралық жүк тасымалда нарық көлемі 2003 жылмен салыстырғанда, кем дегенде екі есе арта түседі.
Бұл ретте, бірінші кезекте, халықаралық сауданың қазіргі заманғы түрлеріне ең барабар келетін контейнерлік тасымалдардың өсуі күтілуде.
Халықаралық көлік қызметтері нарығын талдау - контейнерлік тасымалдарды дамытудың жалпы әлемдік беталыстарының қатарына мыналарды жатқызу керектігін көрсетеді:
- жүктерді контейнерлеудің және контейнерлік тасымалдар нарығы технологияларының басымды дамуы. Қазіргі кезде әлемдегі жүктерді контейнерлендіру 55 - 60% - ке жетті. Сарапшылардың болжамына сәйкес осы көрсеткіш 2010 жылы 70% - ті құрайды, бұл көліктік, экспедиторлық компаниялардың, жүк жөнелтушілердің халықаралық тасымалдар технологиясын жетілдіру саласында елеулі жұмыс атқарғанын куәландырады. Сондай - ақ, эмпирикалық жолмен, контейнерлеудің өсу қарқыны әлемдік сауданың өсу карқынынан шамамен 2-3% - ке жоғары екендігін, ал оның, өз кезегінде, тиісті елдердің ұлттық ІЖӨ өсімінен жылына тура осы 2-3% - ке озып отыратыны аныңталды;
- контейнерлік тасымалдар нарығындағы күшейіп келе жатқан бәсеке, бұл жайында бірнеше әлемдік орталықтарда контейнерлерді өңдеу бойынша қызмет көрсетулердің шоғырлануының жоғары деңгейі куәландырады. Мәселен, контейнерлерді өңдеу жөніндегі 2003 жылғы мөліметтер 280 млн. ТЕU контейнерлерінің үш басты орталықтарда - Солтүстік Америкада (16,6 %), Азияда (47,7 %), Еуропада (25,5 %) өңделгенін керсетеді. Контейнерлерді қайтара өндеу бойынша басшы - 18 порттардың қатарына 7 Қиыр-Шығыстағы Азия порттары, сондай - ақ, Гонконг порты өндеген көлеммен бірдей ТЕU контейнерлері санын бірлесе отырын өңдеген Еуропаның 4 ең ірі солтүстік - батыс порттары жатады. Қызу бәсекелестік туралы, сондай - ақ, фрахтылық мөлшерлемелердің тасымалдардың өзіндік құнынан, мысалы, Еуропа - Қиыр Шығыс бағытында - кейбір кезде төменірек түскені жөніндегі айғақ куәландырады.
- контейнерлік тасымалдар нарығының бірігуінен, кеме қатынасы компанияларының қосылуынан, көліктік - логистикалық топтарды немесе қызмет көрсетулердің үлкен көлемін ұсынатын және көліктік қызметтен де басқа қосымша табыстарды алатын контейнерлік терминалдардан меншіктік үлесін сатын алатын контейнерлерді тасымалдаушы компаниялардың құрылуынан көрінісін табатын стратегиялық альянстар мен ассоциацияларды қалыптастыру. Көрсетілген беталыс көліктік - логистикалық топтардың болашақта ғаламдық операторларға біртіндеп айналуына саятын контейнерлік тасымалдар нарығының басты агенттерін дамытудағы ерекше өтпелі кезең туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
- арнайыландырылған контейнерлер мен жылжымалы құрамдардың құрылысын ұлғайту. 2000 - шы жылдың ортасына таман қолданыстағы контейнерлер паркі 1990 жылға қарағанда екі есе өсті. 2005 - ші жылға қарай ол тағы 47% - ке өсуі тиіс. Назар аударатын бір айғақ - өлемдегі өндірілетін 1,6 млн. ТЕU контейнерлерінің 1,3 миллионы Қытайда өндіріледі. Бұл ретте, көңіл аударарлығы ол, арнайыландырылған жылжымалы құрам құрылысының елеулі ұлғаюы, атап айтқанда, өздерінің басты ерекшелігі - арттырылған жүккөтергіштігі жөне нәтижесінде жалпы параметрлері ұлғайған арнайыландырылған контейнерлік кемелердің салынуы болып табылады, бұл өз кезегінде, көліктік инфрақұрылымға жаңа сапалық талаптар қояды.
Көліктік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында отандық контейнерлік тасымалдардың дамуы келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- контейнерлік және пакеттелген жүк тасымалдарын көліктің барлық түрлерімен жүзеге асыру көлемдерінің азаюы, сондай - ақ 1999 - шы жылға дейін контейнерлік тасымалдардың жүк тасымалдарының жалпы көлеміндегі үлесті салмағымың азаюы. 1999 - 2003 жылға дейін тасымалдардың осы секторының тоқырауы байқалады. Нәтижесінде, жүктердің темір жолмен тасымалданатын жалпы көлеміндегі үлесі 1% - тің шамасын құрайды. Контейнерлік жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі статистикалық ақпарат жүйеленбегенін жөне бұл жәйт Қазақстан аумағымдағы халықаралық көліктік дәліз маршрутындағы ағымдарды қоса, контейнер ағымдарының негізделген талдауын жасауға мүмкіндік бермейтінін айта кетуге болады;
- контейнерлік парктің нашар жаңғыртылуы, нарықтық жағдайға барабар келмейтін контейнерлік парктің құрылымы, тұтынушылардың әр түрлі типтегі контейнерлер жөніндегі қанағаттандырылмаған сұраныстарының бар болуы, сондай - ақ, темір жол платформалар паркінің жеткіліксіз болуы;
- контейнер тасымалдаушы - ірі компаниялардың белсенді саясаты Еуропа - Азия травриттік жүк ағымдарының Қазақстан Реснубликасының аумағымен өтетін халықаралық көліктік дәліз айналып өтіп шетел айлақтарына қарай қайта бөлінуіне әкелді;
- тежеуші көліктік - тарифтік саясат. Контейнерлер мен жылжымалы құрамды пайдалану жөніндегі қазіргі саясат контейнерлік тасымалдарға контейнерге жарамды жүктерді тартуға және олардың жолдағы қозғалысын бақылауға ықпалын тигізе алмай отыр.
- байланыстың қазіргі заманғы байланыс құралдарымен нашар жарақтандырылуы жүгі бар контейнерлерді тасымалдаудағы ең бастысын - жүктерді жеткізудің дәлме - дәл мерзімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
- көліктің жекелеген түрлерінің қанағаттанарлықсыз (тиімсіз) әрекеттесуі, Қазақстандағы контейнерлік тасымалдар нарығындағы бөсекелестіктің қыза түсуі көліктің әрқилы түрлерінің өзара әрекеттесуі мен үйлестірілуінің мәселесін ерекше ашып керсетеді. Тасымалдау үдерісі мазмұнының өзі әр түрлі көліктік ұйымдардың бір - бірімен де, сондай - ақ, көптеген жүкжөнелтуші және жүк алушы өр түрлі көліктік ұйымдармен арадағы белсенді әрекеттесуін де белгілейді. Экономиканың ғаламдануы үдерісінің контейнерлік тағзымалдардың отандық нарықта көрінісін табуы бұл әрекеттесуге тағы да бір қосымша жәйтті (аспект) енгізеді - яғни, әр түрлі мемлекеттер мен меншік түрлерінің көліктік және басқа үйымдарының өзара әрекеттесуі.
Сонымен, трансұлттық компаниялар жүктерінің интермодальдік контейнерлік тасымалдарының халықаралық жүйесін қалыптастыру үдерісі және ғаламдық халықаралық көліктік тораптарын жөне дәліздерін қалыптастыру әлі аяқталып болған жоқ.
Интермодальдік контейнерлі тасымалдар жүйесінің жоғары даму қарқынының соңынан оларды құқықтық қамтамасыз ету жағы қалып барады. Құрамдастырылғанда, сондай - ақ интермодальдікте тасымалдар барысында оларға қатысушылардың арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу женіндегі халықаралық көліктік заңдар әлі әзірленбеген. Қазақстан аумағы арқылы жүктерді транзитпен кедергісіз тасымалдау үшін қажетті құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау Орталық Азия аймағымда да, сондай - ақ, Еуразиялық кеңістікте де интеграциялық (бірігу) үдерістерінің дамуына ықпал етеді және осылайша, еліміздің әлемдік масштабтағы орны мен рөлін анықтау тұрғысынан алып қарағанда үлкен маңызға ие болды.
Еліміздің көліктік - комуникациялық құрылымының даму деңгейі шетелдік инвесторлар тарапынан инвестициялық жағдайды бағалауы үшін шешуші факторлардың бірі болып табылатынын және шетел капиталының экономиканың барлық секторлары мен салаларына тартылуына және өндіріс күштерінің жеделдетілген дамуына ықпалете алатынын атап өткен жөн.
Осыған сүйене отырып контейнерлік тасымалдардың отандық нарығының дамуы таяудағы болашақта келесі нұсқалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Контейнерлік тасымалдар нарығының өз бетімен дамуы, мұндайды соңғы кезде байқауға болады, бұл жағдайда контейнерлік тасымалдардың негізгі үлесін отандық нарығымызға еркін кіретін және қазақстандық тасымалдаушыларды басып тастайтын шетелдік компаниялар жүзеге асырады.
Контейнерлік тасымалдар нарығының протекционистік дамуы, мұндайда отандың компаниялар өздерінің қызметіне ерекше жағдайлардың берілуін (жасалуын) талап етеді.
Контейнерлік тасымалдар нарығының бәсекелік дамуы, мұндайда, нарықтағы еркін бәсекелестік және мемлекет жағыман реттелетін көліктік инфрақұрылымның дамуы қатар жүргізіледі.
Жүк тасымалдарының контейнерлендірілуі көліктің әрқилы түрлерінің, жүк жөнелтушілердің және жүк қабылдаушылардың, сондай - ақ, мемлекеттің кәсіпорындарының әрекеттесуін интеграциялау (біріктіру) стратегиясын бір жағыман - нарықты бәсекелік тұрғыдан дамыту нұсқасының, және екінші жағыман - Қазақстанның аймақтарындағы көліктік тораптардың мемлекет тарапынан реттелетін көліктік инфрақүрылымды дамыту үдерісінің негізінде әзірлеуді көздейді деуге болады. Бұл жүктерді тасымалдаудың жаңа тиімді технологияларына өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және отандық тасымалдаушылар үшін контейнерлік тасымалдар нарығында бәсекелік артықшылықтардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Қазақстанның транзиттің барынша ыңғайлы және пайдалы жағдайын жасай алатын ел ретіндегі статусының бекітілуі бірқатар сыртқы саясаттық және сыртқы экономикалық мәселелерді тиімді шешуге ықпалын тигізе алады. Бұл орайда, қазіргі кезендегі Қазақстанның негізгі міндеті қолда бар әлеуетті барынша толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі механизмдерді әзірлеуге, ұлттық көлік - коммуникациялық кешеннің әлемдік қызмет көрсетулер нарығындағы бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз етуге, республикамыздың аумағы арқылы сауда ағымдарының ұлғая түсуін ынталандыруға саяды. Жүктерді контейнерлендірудің жалпы әлемдік жүк айналымында 2010 жылға таман 70% - ке дейін өсетінін ескере отырып, Қазақстан өзінің тразиттік әлеуетін дамыту үшін темір жол саласының тура осы көліктік құраушыны күшейту жағыма барынша көп көңіл бөлуі қажет.

1.2 Қазақстан Республика территориясындағы маршрутты контейнерлік пойыздар

Қазақстандағы контейнерлілік тасымалдар. Көлік бизнесінің бұл түрінің маңызы мен ролінің оның түсінігі қалыптасқан. Еуразиялық континент орталығында өз орнын алумен Қазақстан Еуропаның, Батыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның шағым және үнемі дамушы нарықтарының арасында әлемдік шаруашылықтың байланыстар жүйесінде халықаралық интеграцияның белсенді жақтасы болып табылады. Қазақстанның өзіндік экономикасының қалыптасуында, оның тұрақтануы мен өсуінде, халықаралық байланыстардың кеңеюінде жетекші рольді ішкі, сондай - ақ мемлекетаралық байланыста жүктер мен жолаушыларды негізгі тасымалдаушылар - темір жол көлігі болады. Маршруттық пойыздар - бұл тиімді.
Транзитті және импортты байланыста контейнерлік тасмалдардың артуында ерекше рольді контейнерлік пойыздар алады.
Контейнерлік пойыздардың артықшылықтарына, бірінші, кезекте мыналарды жатқызу қажет: жүктерді тасымалдаудың қысқа мерзімдері, контейнерде жүктің сақталуын қамтамасыз етудің жоғары дәрежесі, шекарадан өтудің, кедендік рәсімдеудің жеңілдетілген процедуралары, сондай - ақ қарапайым жүк пойыздарымен солыстыруда 30 пойызға дейін тасымалдау шығынын қысқарту, барлық маршрут бойынша бірыңғай жиынтық тарифті қолдану мүмкіндігі.
Қазақстан территорияасы бойынша тәжірибелік контейнерлік пойызды алғашқы жіберу 2001 ж. Желтоқсанында халықаралықтранзитті дәліздің солтустік маршруты бойынша Азия - Еуропа байланысында жүзеге асырылады: Үрімші - Алашанькоу - Достық - Петропавлск - Красное - Брест - Седин (Берлин).
Ресей, Белорусь, Польша, Германия темір жол әкімшіліктерімен іскер келіссөздер контейнерлік пойыз қозғалысының графигін жасауға, шекаралық бекеттеде пойызды беру және тасу шартын анықтауға, бірқатар ұйымдастыру сұрақтарын шешүге мүмкіндік береді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде контейнерлік пойыз 8 тәулік 3 сағат 45 минутта 690 км жүрді. Шекаралық бекеттерде аялдауды ескерусіз маршрутты жылдамдық 1000 кмтәулік құрады. Қазақстанның территориясы жеке бұл жылдамдық 1148 кмтәулікке жетті.
Белгілі контейнерлік пойызды тұрақты және мақсатты жұмысқа жіберуге дайындықтан бастап, елдің магистральды желісі бойынша өтетін, әртүрлі маршруттар бойынша контейнерлік пойыздарды белгілнйді ұйымдастыруды Қазақстанның темір жолдарындағы контейнерлік тасымал операторы - Қазтранссервис АҚ жүргізеді.
Ресейдің және басқа мемлекеттерің темір жолдарымен және операторларымен тығыз ынтымақтасу Қазтранссервиске 2003 жылы алғашқы 4 маршрутты игеруге мүмкіндік береді, халықаралық байланыста 84 контейнерлік пойыз оның ішінде 42 - і Находка - Локоть - Алматы, маршруты бойынша Қазақстанға арналумен, Находка - Локоть - Алматы - Ташкент маршруты бойынша 31 транзитті құрам, Алматы - Ташкент маршруттары бойынша жәке қалыптастырумен - 8, Алматы - Үрімші - 3 жіберілді.
2004 жылы тағы 4 маршрут игерілді. Олардың негізгілері Қытай темір жолдарымен көп жылғы мақсатты жұмыстың нәтижесі болған Қытай бағытымен байланысты. Бұл Ляньюньган - Алматы және Тяньцзинь - Алматы маршрутытары. 2004 жылы тұтасымен 232 контейнерлік пойыздар жүрісі ұйымдастырылды.
2005 жылы екі жаңа, транзитті маршруттар игерілді: Ляньюньган - Ассаке және Чукурсай - Аланшанькоу. Баралығы 485 контейнерлік пойыздар ұйымдастырылып жүргізілді.
2006 жылы контейнерлік пойыздардыңсаны халықаралық байланыста 752 ге жетті, оның ішінде жеке қалыптасуда: Алматы - Алашанькоу (298), Алматы - Локоть - Находка (6), Ақсу-1 - Тобол - Херсон (1), транзиттік байланыс: Находка - Локоть - Сарыағаш - Ассаке (61), Үрімші - Новороссиск (1), Үрімші - Кулиндоворо (1), Қазқстанға арналумен: Ляньюньган - Алматы (123), Тяньцзинь - Алматы (155), Находка - Локоть - Алматы (97).
Қытай темір жолшылары мен жүк жөнелтушілері 2006 жылы үлкен жүйелі жұмыс жүргізді. Ляньюньган - Достық бағытында контейнерлік пойыздар тұрақты жүріп тұрады: тек желтоқсанда Алашанькоу бекетіне Ляньюньган және Тяньцзинь портынан 42 ұйымдастырылған контейнерлік пойыздар түсті. Олардың қатынауы, 9 бекеттен 3000 км ұзақта контейнерлер қосылатын немесе алынатын етіп құрылған. Пойыздар қатаң кесте бойынша, жоғары тиімділікпен, маршрутқа тартылатын мүмкін жүк ағымдарын барынша қамтумен жүреді. Контейнерлік пойыздарды қытай жағымда арттыру қоры өте жоғары және олардың саны арта береді.
Біздің жақта, ҰҚ АҚҚазақстан темір жолы оның аффилді компанияларының - Казтранссервис және Кедентранссервистің орасан ұйымдастыру жұмыстарына қарамастан, контейнерлік пойыздар қозғалысын қалыптастырудың жеткілікті тәжірибесі болса да, бұл контейнерлерді Алашанькоудан шығарудың және одан әрі мекен жай бойынша жіберудің анық логикалық жүйесі құрылмаған.
2009 жылы Казтранссервис АҚ бұрыңғы маршруттар бойынша жылына 1000 пайызға дейін және тәулігіне 3 - 4 пойыз қозғалысты жиелігімен жаңа маршруттарды ұйымдастыруды жоспарлайды. Мұнда контейнерлік пойыздарды қалыптастыру мен қайта тиеудің пункті Достық бекеті болуы тиіс.
Контейнерлік пойыздарда контейнерлерді маршрутты тасымалдауды арттыру үшін:
- жүктеу орындарын техникалық жабдықтау мен жолдық дамытуды күшейту есебіне Достық бекеті арқылы контейнерлік пойыздардың өтуін арттыру, қосымша маневрлік операцияларсыз контейнерлік маршруттарды қабылдау, жүктеу және жіберу мүмкіндіктерін беретін жаңа контейнерлік терминал салу;
- Алматы бекетінде контейнерлерді өңдеу потенциялын күшейту, Астана - Контракт көлік - логистикалық орталығы мен ірі контейнерлік терминалды қалыптастырумен байланысты жақсы перспективалар құрылады.
Достық - Алматы - Ташкент контейнерлік пойызы Оңтүстік бағытта контейнелік жүктің негізгі бөлігін жеткізуі тиіс;
- Достық - Қарағанды - Астана контейнерлік пойыздың жаңа маршрутын ашу. Ол контейнерлік терминалда және негізгі жүк жөнелтушілерде, әсіресе Қарағандыда тйеуді, түсіруді қамтуы тиіс.
Ресей және Қазақстан темір жолдарының арасында ынтымақтастықты күшейту жаңдайында контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру ісінде орасан перспективалар ашылады. Қазақстан Республикасының территориясында контейнерлік және интермодальді тасымалдауды арттыру мақсаттарында, көлік қызметіне болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасы жақсарту үшін 2007 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жүк тасымалын контейнерлеу шараларының жоспары жасалды. Бұған байланысты жақын 5 жыл мерзімінде контейнерлік тасымалдардың инфрақұрлымын дамытуға бағытталған шаралар жүргізілетін болады - көлік - логистика орталықтары мен терминалдық базасын жетілдіру және дамыту, ең алдымен шекара бекеттерінде және республиканың негізгі жүк құраушы аймақтарында, жылжымалы құрам мен контейнерлер паркін артыру, контейнерлер мен вагондарды жөндеу үшін қазіргі заманғы және тармақталған депо желісін құру.
Сонымен бірге жүктерді сақтау үшін қызметтерді ұсыну жөніндегі нарықтық дамығандығы ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған жүк және контейнерлік терминалдар жоқ. Мұның бәрі орасан пайдаланылмаған резервтер және жеке капитал тарапынан көлік - логистика орталықтарын құру мен дамытуға инвестицияны белсенді тарту мүмкіндігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ТЛЦ құру саласында тәжірибесі болмағандықтан, ҚТЖ ҰҚ АҚ бұл салады бұрыннан жұмыс істейтін, елдің алдыңғы тәжірибесін тарту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Бұл байланыста, 2006 жылдың наурызынан бастап логистска саласында жетекші Жапон мамандарымен бірлесіп Жапон Үкіметінің техникалық көмегі шеңберінде. Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдары дамыту жөніндегі жұмыстары басталды. Жоба Қазақстанның көлік секторына ноу - хауды (жаңа технологиялар) тарту жолымен тасудың және континентішіндегі өтпелі порттарды - Актау портымен Достық бекетінде логистикалық кешендерді құруды барынша перспективті түрі ретінде Қазақстан Республика территориясында жүкті мультимодальды тасымалды дамытуға бағытталған. Аталған жобаны іске асыру озық әлемдік тәжірибені тартумен Қазақстан Республикасының территориасында ТЛЦ құруға қажетті алғышартары құрады. Қазтранссервис АҚ - 1999 жылы құрылған Қазақстанда темір жол компаниясы. Қазтранссервис АҚ контейнерді пайдалануы бойынша Қ.Т.Ж ҰҚ АҚ ресми операторы, Қазақстан Республикасының контейнерлік парктың иесі, Қазақстан Республикасының контейнер тасымалдағыш мен фитенгтік платформалар паркінің иесі бола отырып, Қазақстан Республикасының территориясында контейнерлік тасымлдарды ұйымдастыру жөніндегі қызметтің толық кешенін көрсетеді. Қазтранссервис АҚ қызыметі Республика ішінде және халықаралық байланыстарда контейнерлерде жүктерді тасымалдауды жоспарлау сұрақтарын қоса алғанда, Қазақстан темір жолдарының және басқа темір жол әкімшіліктерінің контейнер паркінің басқару, контейнерді жөндеу және сертификаттау, контейнерді нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланған үшін төлемді есептеу болып табылады.

1.3 Қазақстандағы контрейлерлік тасымалдар

Контрейлерлік тасымалдарды қолданудың ұтымды саласы 25 мың т, артық емес жылдық тасымал көлемімен 50 км негізінде апару - шығару кезінде 2000 км дейін темір жол көлігімен тасымалдау қалықтығымен анықталады. Оның кемшіліктерінің бірі салмағы барлық тасылатын жүктің 20 - 30% - н құрайтын жартылай тіркегішті тасымал болып саналады. Контрейлерлік тасымалдарды ұйымдастыру кезінде Ресей мен Белоруссияның тәжірибелерін пайдаланған дұрыс.
Контейнерлік, контрейлерлік, бимодальді тасымалдар, алынатын қаңқаларды тасу және басқалары жататын құрастырлған тасымалдардан Қазақстанның темір жолында тек бірінші түрі кеңінен тарады. Контейнерлік жүйе үлкен жүк ағымдарын қамтитын, барлық әлемде құрастырылған тасымалдың барынша қозғалысты дамитын түрі болып табылады. Екі он жылдық бұрын Батыс Еуропа, АҚШ және КСРО елдерінде темір жолдар бойынша автопойз тасымалын дамыту жобалары жасалды. Экономикалық және техникалық көрсеткіштер бойынша барынша тіршілікке қабілетті болып жүк алаңының деңгейі төмен арнаулы темір жол плотформаларындаңығы және дөңгелек жұптарының кіші диаметірімен платформаларда автокөлік құралдарының тасымалы өзін көрсетті. Бұл тасымалдарды негізінен контрейлерлік деп атау қабылданған. Бүгінгі күні шетел көлігінде Германияда, Италияда, Австрияда, Венгрияда контрейлерлік тасымал маршруттары қызмет етеді, бірақ бұл салада АҚШ үлкен табысқа жеткен, олардың территориясында бірнеше компаниялар автомобилді жартылай тіркегіштерінің трансконтиненталды тасымалдарын тұрақты жүргізе алады.
Қазақстан Республикасының темір жолында контрейлерлік тасымалды дамыту туралы сұрақ 90 - шы жылдардың соңында маңызды болды, және бірінші кезекте бұл экспорт - импорт жүктерінің автомобильдік тасымал көлемінің біршама артуымен байланысты. Қазақстан темір жол көлігінде контрейлерлік технологияны енгізу халықаралық байланыс терминімен байланыстырылды. Контрейлерлік тасымал идеясының өзі оларды қолданудың тиімділігіне үлкен жүкті автомобиль қозғалысыың жоғарғы тығыздығы тұрақтылығы бар бағытта жетуге болатынын білдіреді.
Қазақстанның темір жол көлігінде тасудың контрейлерлік технологиясын енгізу үшін контрейлерлік тасымалды ұйымдастырудың үш барынша маңызды аспектісін айқындауға болады - техникалық, технологиялық және экономикалық. Мұндай әдіс Қазақстан темір жолында контрейлерлік тасымал жүйесін енгізу мен тиімді қызмет ету мәселесін жан - жақты талдауға мүмкіндік береді. Контрейлерлік тасымалдарды ұйымдастыру техникалық аспектісі тиеу - түсіру жұмыстарын жүргізуге техникамен жабдықтарды, контрейлерлік алаңдарды қамтитын, мамандандырылған жылжыма құрам мен терминалды инфрақұрлымды құрумен қорытындылады.
Контрейлерлік тасымал үшін жылжымалы құрамды құрудың екі әдісі бар: бұрынғыларды қайта жабдықтау немесе жаңа арнаулы плотформаларды жасау. Бірінші әдіс, тасымалдың жоғары тиімділігіне жетуге мүмкіндік бермейді. Мұндай, модарнизациланған платформа - контейнер тасығыштарда автопойыздар жүрісі қиын, сондай - ақ жүкпен автомобилдің толық салмағы шектелген. Бұл платформалардың жетістігінен арнаулы контрейлерлік платформаларды салу құнымен салыстыру жөніндегі оларды қайта жабдықтауға кететін шығындардың жоғары еместігіне жатқызуға болады. Автомобильді жылжыма құрамды тасымалдау үшін арнаулы темір жол платформаларын жабдықтау кезінде тасымалдың әмбебаптылығы, тиеу әмбебаптығы сиақты маңызды сәттерді ескеру қажет. Біріншісін, жартылай тіркегішті және тіркегішті автомобильді, жеке жартылай тіркегіштер мен тіркегіштерді, басқа дөңгелекті техниканы тасу мүмкіндіктерін береді, ал тиеудің әмбебаптығы тиеу - түсіру операцияларын тік әдіспен тиеушілер кранның көмегімен, сондай - ақ горизонталь әдіспен жүзеге асыруды қарастырады.
Технологиялық аспектісі деп контрейлерлік тасымалдың барлық ерекшеліктері ескерілетіндей және жүкті тасудыңберілген түрінің артықшылығы толық жүзеге асырылатындай тасымал процесін іске асырудың ерекше схемаларын жасау қажеттілігін түсіну қажет.
Темір жолда контрейлерлік тасымалдың екі негізгі кезегін бөлуге болады: терминалдарда тиеу - түсіру және пойыздарда контрейлерді ауыстыру. Әрбір кезеңде тасымалды ұйымдастыру барысында тасымал процесының операциясын жүргізуге уақыт шығынынқарастыру міндеті тұруы тиіс, себебі контрейлерлік тасымалдың экономикалық тиімділігін бағалау жүйесін жасау тасымалдаудың техникалық және технологиялық ерекшеліктерімен ғана емес, берілген тасымал телімдерін байланыстыратын мәселелердің үлкен шеңберімен байланысты күрделі міндет болып табылады. Бір жағыман, техникалық құралдар мен тасымал технологиясы контрейлерлік тасмалдардың тиімділігін бағалауға мүмкіндігін беретін эконмикалық көрсеткіштерді таңдауда негізгі критерийлердің бірі болып табылады Басқа жағыман, тасымалдаудың барлық қатысушыларының экономикалық мүделдерін ескеру қажет. Темір жол көлігі контрейлерінің технология көлігімен тасымалдың қосымша көлемдерін тартуға ұмтылады: автотасымалдаушылар - жылжымалы құрам айналымын жеделдетуге және тасымалдауға кететін жылдық шығындарды төмендетуге; көлік - экспедиторлық фирмалар - есіктен есікке дейін жүктерді жеткізу мерзімдерін, тасымалдың жалпы құнын төмендету есебінен жүк иелеріне қызмет ету сапасын арттыруға; мемлекет - автокөліктің қоршаған орта мен авто жолдың жіктеліуіне кері әсерін азайтуға ұмтылады.
Жұмыстың нарықтық жағдайында контрейлерлік тасымалдау, кез келген басқа ынтымақтастық сияқты темір жол көлікгі үшін де, және берілген қызметті пайдаланатын автотасымалдаушылар, яғыни автокөлік құрамының иелері болып табылады. Соған сәйкес, максималды экономикалық әсер алуан болатын автокөлік құрамын тасымалдаудың әдісін өздері таңдайды.
Автотасымалдаушы біріншіден, өзінін автокөлік құралын темір жолмен тасымалдауға кететін шығындарды (тариф, қосымша жинаулар және т.б) автопойызды қозғалтуға кететін ағымдағы шығындармен екі пункт арасында салыстырылады, екіншіден, ол жеткізу мерзімі факторын ескереді. Бұл факторлардан басқа, қазіргі жағдайларда, әсіресе халықаралық тасымалдар саласында тасымал вариантын таңдауға әсер ететін, тасымал сапасын бағалаудың маңызды шарттары туады. Бұл қозғалыс қауіпсіздігі, жүктердің сақталуы, кедендік процедураны жеңілдету, жүктің болуы жөнінде жедел ақпарат және т.б.
Қазіргі жағдайларда, маңызды экономикалық мәселердің бірі темір жол көлігінің ағымдағы шығындарын қысқарту болады, себебі тасмалдың өзіндік құны келісімдік тарифтер мен жеңілдіктер өлшемінің деңгейін негіздеу үшін база болып табылады. Демек, контрейлерлік тасмалдарды ұйымдастыру барысында тарифтің экономикалық негізі деңгейін анықтау туралы сұрақ өте маңызды. Контрейлерлік тасымалға тарифқа жылжымалы құрам мен инфрақұрлымға қажетті күрделі қаржының қайтуын қамтамасыз ететін, тиімділіктің ыңғайлы деңгейін ескерумен темір жол көлігінің шығындарын толығымен жабдықтау тиіс. Сонымен бірге, жоғары деңгейді контрейлерлік тасымалға автотасымалдаушылар тарапынан сұранысты қамтамасыз ететіндей етіп белгілеу қажет.
Қазақстан темір жол көлігі алдында тұрған мәселелер, жүк жөнелтушіден жүк алушыға дейін жүкті жеткізу, яғни есіктен есіке дейін жаңа әдісін ұйымдастыру және т.б.
- Халықаралық байланыста контрейлерлік тасымалдарды жүзеге асыру негізінде экспортты бағытта контрейлерлік жылжымалы құрамның бос жүріс мәселесі тууы мүмкін, Қазақстанда бұрынғысынан негізгі экспортқа шикізат, ал импортты - дайын өнім болып табылады.
- Жол соқпақтарының әртүрлі енінінің мәселесі. Бұл мәселе халықаралық байланыста контрейлерлік тасымалдау процесін біршама күрделендіреді, яғни арнаулы контрейлерлік платформаларда дөңгелек жұптарын ауыстыру, контрейлерді қайта тиеу немесе бұл тасымалдрды шекарада жүзеге асыру қажет.
- Кедендік процедураларды орындауды жетілдіру қажеттілігі. Бұл контрейлерді жеткізу жылдамдығын барынша арттыру мүмкін. Арнайы бекет терминалдарында контрейлерді кедендік тексерістен өткізудің схемаларын жасау тимді болып табылады, мысалы автопойызының немесе жартылай тіркегішті шекара бекетінен алушының қоймасына дейін жеткізу темір жолмен кедендік бақылаумен бір кұжат бойынша жүргізіледі, құжат ретінде темір жол накладнаясы бола алады.
- Контрейлерлік тасымалды дамытудың мемлекеттік заңды қолдау жүйесін жасау. Бірінші кезекте мемлекеттік деңгейде ұзақ мерзімді кезеңде тасымалдауға қатысушылардың бір - бірімен өзара әрекетін ретеуді жүргізу қажет етеді, бұл Қазақстанның темір жол көлігі мемлекеттік, ал контрейлерлік тасымалға жекеменшік автокөлік қатысады.
Жалпы алғанда контрейлерлік тасымалдарды жоғары күрдел дәрижелі, темір жол және автомобиль көлігінің кешенді техникалық, технологиялық және экономикалық өзара әрекеті ретінде қарастыру қажет. Оларды жүзеге асыру көлік процесінің барлық кезеңдерінде кешенді басқаруды талап ететін, өте еңбекті ұйымдастырушылық міндет болып табылады. Бұл міндет қазіргі уақытта Қазақстан Темір жолы ҰҚ АҚ алдында тұр, және оны тек шетел тәжірибесіне сүйене отырып қана емес, жұмыс шартын ескерумен шешу қажет.
Жүктерді жеткізу нұсқауларын салыстыру 250 - 300 км артық қашықтықтарда және темір жол бойынша жүруден 20% дейін автокөлікпен жеткізу ұзындығында келтірілген шығындар мен тасымалдың өзіндік құны бойынша барынша тиімдісі контрейлерлік тасымалдың өзіндік құны бойынша барынша тиімдісі контрейлерлік тасымалдар болып табылады. Ережеге сәйкес, бұл технология бойынша тасымалдар ішкі және халықаралық байланыстарда тура пойыздармен жүзеге асырылуы тиіс.
Ресей темір жолында мамандандырылған платформаларында жүргізілген контрейлерлік тасымалдар жүк үшін де, сондай - ақ автопойыз үшін де жүру жолында сенімділік пен қауіпзісдіктің жоғары дәрижесін көрсетті. Құрама тасымалдардың тиімділігін артыру үшін кедендік рәсімдеудің жеңілдетілген технологиясын жасау қажет. Ол жүктерді тұтынушыларға жеткізуді барынша жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда аралас тасымалдар жүк тасымалының барлық көлеміне шағым үлесін құрайды. Құрама тасымалдардың даму перспективалары анық. Бұл автомобильдік жолдарын сақтауға, қоршаған орта экологиясын барынша жақсартуға, кедендік бақылау некттерінде кептелісті жоюға мүмкіндік береді.
АҚШ пен Батыс Еуропада жартылай тиегіш темір жолды арбаға сельді тартқыш көмегімен бекітіліп, құрастырмалы жүріс бөлігін құрайтын родрейлер (Road Reiler) жүйесін қолдана бастады. Бұл жүйенің прототиптері Carro bimodale (Италия), Trailer Train (Англия), Semi Rail (Франция) жүйелер болып табылады. Мұндай жүйелер авто жолдар бойынша 24-44 т жүктік бірлікті тасымалдауды қамтамасыз етеді және 120 кмсағ дейін темір жол бойынша қозғала алады.
Мысалға, Қытай темір жолдарында аралас тасымалдар трансконтиненталды дәліздер концепция базасында туылды. Шығыс - батыс бағытындағы алғашқы дәліз Транссібір магистралының альтернативасы ретінде құрылады. Ол 2500 км - ге қысқа және Синьцзянь - Уйгурский автономды ауданы және одан әрі Қазақстан Үрімші - Достық маршруты бойынша Сары теңіздегі қытай порты арқылы АҚШ пен Жапония портынан контейнерлерді Еуропаға тасымалдау уақыты біршама қысқарады. Дәліздің барлық ірі бекеттерінде аралас тасымалдар жүйесінің жүктерін өңдеу үшін терминалдар құрылған. Аралас тасымал масштабтарын кеңейту үшін Қытайдың темір жолдарында Road Railer типті пойыздарда жүктерді тасымалдауды және үлкен жүк көтергішті крандармен терминалдары жоқ өнеркәсіптік орталықтарға қызмет етуді жүзеге асыратын Sinorail мамандадандырылған компаниясы құрылған.
Аралас байланыстарда жүктер тасымал көлемінің өсуі бұл құбылыстарды қайталау барысында ғана қалпына келуі мүмкін, әдеттегі жағдайда клиентердің көп бөлігі аралас тасмалдар жүктерді мерзімінде жеткізуді қамтамасызетпейді деп санайды, ал басқалары үшін автомобиль көлігімен ұсынылған тарифтер маңызды.
Әр көлік түрлерінің немесе әртүрлі технологияларының бәсекеге қабілеттілігі экономика мен экология тұрғысынан негізделуі керек. Контрейлер мен роудрейлердің паида болуының себептерінің бірі территорияның терминалды жүйелерімен бос еместігінен, оның үлкен құнынан контейнерлік тасымалдарды қысқарту қажеттілігі болады.
Роудрейлер жүйесін аралас байланыспен немесе автомобиль көлігінде қала аралық байланыспен салыстыру Road Railer жүйесінің 650 км артық қашықтықта үлкен тиімділігін көрсетті. Роудрейлерді қаладану көлік нарығында автокөлігімен салыстырғанда темір жолдардың бәсекеге қабілеттілігі күшейтеді. Соқпаққа байланысу және күрделі технология темір жол көлігін жаңа қызметтерді ұсынуға мәжбүрлейді, ол бір ярустыдан 40 % - ке тиімді контейнерлерді екі ярусты тасымалын.
Көлік қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды бағыттары біріңғай жүру құжаттары бойынша көліктің әртүрлі түрлерімен жүктерді тасымалдаудың технологияларын қолдану болып табылады, трансмодальды тасымалдар жүйесін ұйымдастыру. Мәні бойынша бұл жүк ойындарын ауыстырудың ойындық (үздіксіз) процесі. Үлгі болып бір пунктте компьютерлік безендіру мен жүктерді автомоматтандырылған өлшеу кезінде вагондарды аялдаусыз тиеу - түсірумен технолоиялық маршруттағы темір жол бойынша ірлендірілген бірліктерде руда, көмір, астық, минералды шикізат, сондай - ақ контейнерлерді және басқа жүктерді тасымалдау қызмет етуі мүмкін. Мұндай пункттер 3 жыл бойына өтіледі, сонан соң пайда береді: тиеу пункттері бойынша төрттен бірге, түсіру пункттері бойынша үштен бірге.
Негізгі міндеттердің бірі Казтранссервис АҚ - на әлемдік нарықта жұмыс істеуге қабілетті, бәсекеге қабілетті мультимодальды тасымал статусын беру. Мультимодальді тасымалды дамыту бірінғай оператоды білдіреді.
Мультимодальді көлік пен электронды жүйе жүктің қозғалысының өнімді жүйесімен бірге - бұл қазіргі кезде Қазақстанның транзитті саяасатын негізгі құраушылар. Көлік түрлерінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ететін контейнерлік тасымалдардыңкелешегі зор. Тасымалдың бұл түрінің барынша тиімді дамыту үшін логистикалық орталықтарды және ыңғайлы тарифтік жүйені енгізу қажет. Көліктің басқа түрлері тарапынан бәсекелес жағдайында ұсынылатын қызметтерді нарықтың алуан түрлі тараптарына сәйкес дифференциалдау және төменгі тарифтер мен қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында оларды барынша қолайлы ету.
2 Қойылған мақсаттың жолдарын шешу. Контейнерлік тасымалындағы маркетингтік зертеулердің маңызы

2.1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері, контейнерлік тасымалдардағы оның мәні

2.1.1 Көлік қызметі нарығының тұтынушыларын талдау және зерттеулер

Бүгінде қызметін ұсынатын көптеген мекемелер үшін табысты болашақ клиенттердің күтулері мен тілектерін түсінуге байланысты. Ұсынылатын қызметтің сапасына жету мен қолдау үшін меркетингті зерттеулерді жүргізудің мәнін тану бизнесте табысқа жету мүмкіндігін артырады. Қызымет саласында кәсіпкерліктің табыстылығын анықтайтын негізгі факторлар клиенттерге қатысты мәліметтерді маркетингті шараларын одан әрі жоспарлау үшін іздестіру және пайдалану, сондай - ақ клиенттер мен қызыметкерлер арасындағы кері байланыстар болып табылады. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қызметті жеткізушілердің мәліметтерін қанағаттандыратын варианттар жиынтығын айқындауға және соның негізінде басекеге қабілетті артықшылыққа жету мақсатымен маркетинг бағдарламасын өңдеуге көмектеседі. Жаңа қызыметті ұсынған жағдайда зерттеулерді жеткізу қарастырылатын нұсқаулар жиынттығына жаңа қызыметті қосу үшін қызымет ала отырып, тұтынушылар ұсытанатын критериилердің айқындауға мүмкіндік береді.
Маркетингтік зерттеулер қызметті ұсыну кезінде сатып алу алдында және тұтынғаннан кейін қызмет көрсету процесін бағалау барысында олармен қолданылатын механизмді түсінуге көмектесетін, клиенттермен тұрақты байланысты ұстап тұру құрамы болып табылады.
Қызымет нарығының маркетингтік зерттеулерінін келесі негізгі бағыттарын айқындауға болады.
oo тұтынушы күтуін зерттеу (клиенттер қызметті алғаннан кейін күтетін қызмет көрсету стандартарын үйрену);
oo клиент зер (қызмет сапасының барынша маңызды критерилерін клиент көзқарасына қарап үйрену - қызметті ала отырып нені күтеді және нені алуға сенеді);
oo қызмет көрсетуді бақылау (қызметті ұсынатын мекемелер қызымет көрсетудің техникалық аспектісін өлшейді);
oo қызметті ұсынуға клиент реакциясын және операциялық әдістерін үйрену;
oo қызмет делдалдарын зерттеу;
oo маңызды клиенттерді зерттеу (қызмет ұсынатын мекемелердің көпшілігі кейбір клиенттерді актив мөлшеріне немесе келтіретін пайдасына байланысты басқаларымен салыстырғанда барынша маңызды ретінде қарастырады);
oo тұтынушылар панелін құру жолымен ағымдағы және потенциалды клиенттермен тұрақты байланысты ұстау;
oo қызмет көрсетудің талдау жолымен, қызмет көрсету сапасына қатысты клиентті күтуге байланысты бағалы ақпаратты алу;
oo қызметкерлер зерттеуі (ішкі маркетингтің бағдарламасының бөлігі ретінде - қызметкерлерді зерттеу қызмет саласы мекемелерімен жие жүргізіледі - мысалы мативацияны үйрену).
Маркетингтік зерттеулер процесі зерттеу мақсаты мен мәселелерін қалыптастырудан басталады.
Зерттеулер мәліметтерін қалыптастыру мекемелерге ие бола алады, бірақ зерттеулер жүргізу нәтижесінде жаңа қызметті дамыту үшін ашылатын мүмкіндіктер ретінде қарастыру қажет болатын кейбір қанағаттанарлықсыз нарықтық қажеттіліктердің болуын таба алады.
Маркетингтік зертеулер мақсаттары қызмет салаларында әртүрлі - олардың кейбіреулері мыналар:
oo нарықтық сипатамаларын анықтау;
oo нарықтық сипаттамасын зерттеу;
oo нарықтық сипаттамасын өлшеу;
oo нарық сипаттамаларын талдау.
Зерттеу әдістерін таңдау (сапалы немесе сандық талдау) жүргізілетін зерттеу мақсатына, сондай - ақ қол жетімді ақпарат көздеріне байланысты болады. Бірақ сапалы зерттеу - бұл күтуді зерттеу және интерпретациялау (түсіндіру), мақсатын тұтынушылардың шағым таңдауының мотивациясы мен тәртібі. Ол келешектегі зертеулер үшін параметрлерді анықтауға және тұтынушылар қызметті алғанда басшылыққа алатын және сандық зерттеулермен өлшейтін маңызды критерилерді айқындауға көмектеседі сандық зерттеулер тұтынуының қызметіне және оның таңдауын анықтауға қатынасын өлшеу мақсатымен жүргізіледі.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің мақсаттарының бірі қызметті алу туралы тұтынушы шешімінен әсер ететін факторларды анықтау болып табылады.
Көліктің маркетингтік органдың басты міндеттері - жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда нарықтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша эксплуатациялық жұмысты бағыттау, сондай - ақ нарықты көлік қызметімен қамту деңгейін кеңейту және жалпы табысты үлкейту.
Нарықтық экономика жағдайындакөлік қызметі саласындағы негізгі сұрақтар клиенттер келуін қамтамасыз ету, беделін көтеру, көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілікті және жеткізу мерзімдерін тұрақтандыру мен барынша қысқартмен қортындылатын оның сапасын тез жақсарту есебінен сервистің экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.
Бұл үйренудің процесінде клиенттердің белгілі тасымал қызметтерімен пайдалануға тілегі бар ма, бұл қызметтер қалай рәсімделуі керек және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы контейнерлік тасымалдарды дамыту
Жүктерді контейнерден аралық түсірусіз әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдау мүмкіндігі
Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің мәселелері
Мультимодальды тасымалдау схемасы
Көлік қызметі нарығын дамыту
Контейнерлік жүктерді тасымалдау
Қазақстанның сыртқы саудасы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Әлемдегі жоғары жылдамдықты және жылдам темір жол желілері
Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы
Пәндер