Қазақстандағы контейнерлік тасымалдарды дамыту


Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері, контейнерлік тасымалдардағы оның мәні.
Байбараков Берік Берикқалиұлы
Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Мақсатты талдау және оны зерттеу. Маркетингтік тексерудің мәні мен маңызы . . . 9
1. 1 Көліктік маркетинг пен логистиканың байланысы . . . 9
1. 2 Қазақстан Республикасының контейнерлік тасымалдардың ролі . . . 18
1. 3 Қазақстандағы контейнерлік тасымалдарды дамыту . . . 24
2 Қойылған мақсаттың жолдарын шешу. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері, контейнерлік тасымалдардағы оның мәні . . . 32
2. 1 Көлік қызметі нарығының тұтынушыларын талдау және зерттеулер . . . 32
2. 2 Қазақстанның көлік нарығының қазіргі жай - күйі және мәселелері . . . 38
2. 3 Контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен дамыту қажеттілігі . . . 41
3 Есептеу бөлімі . . . 58
3. 1 Жүк жұмысында тиеп-түсіру механизмдерін экономикалық тиімді пайдалану . . . 58
3. 2 Пайдалану шығындарын анықтау . . . 62
Қорытынды . . . 68
Әдебиет тізімі . . . 69
Кіріспе
Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.
Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 1 (бұдан әрі - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.
Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында өз көрінісін тапты.
Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың, экономиканың мұқтаждықтарына, сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
Негізгі стратегиялық құжаттарды дамытуға әзірленген, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитік тасымалдардың тиімділігін арттыру, көлік қызметтеріне қазіргі және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасын жақсарту үшін көлік кешенін озыңқы дамытуды басты мақсат етіп айқындаған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының 2008 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы 2 көлік кешенін дамытудың бастамасы болды.
Сонымен бірге, қол жеткізілген нәтижелер көрсетілген құжаттың қолданыстағы салалық дамыту бағдармалары үшін негіз құра және бірқатар салалық заңдарды әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз ете отырып, негізінен өз
миссиясын орындағанын куәландырады. Таяу жылдарда дағдарыстық шекке жеткізуі мүмкін, көліктің барлық түрлері негізгі қорларының тозу қарқыны мемлекеттен оларды жедел қалпына келтіру мен жаңғыртуға бағытталған жаңаша жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.
Жаһандану жағдайында Қазақстанның кеңбайтақ аумағын ескере отырып, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік-коммуникация кешенінің тиімді қызметіне байланысты болады. Мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялы көлік инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады.
Стратегия дамуы мен тиімді жұмыс істеуі елеулі дәрежеде мемлекеттің саясатына байланысты болатын көліктің темір жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, әуе және су көлігі түрлерін қамтиды. Қазіргі жағдайда көлік Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады.
Республиканың қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігінде негізгі рөл атқарады.
Стратегия елдер арасындағы өсіп отырған сауда байланыстарын пайдалы, сенімді және қол жетімді транзиттік бағыттармен қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегия шеңберінде негізгі көліктік магистралдар мен байланыстырушы бағыттардың меридиандық және ендік орналасуының жаңартылған моделі қолданылатын болады.
Стратегия қолданыстағы және жаңа «түзетуші» көлік жолдары мен инфрақұрылымдық объектілерді көлік құралдарының барлық түрін бір мезгілде жаңарта отырып, жаңғырту мен құруды көздейді.
Мұнай-газ саласының ерекшелігін ескере отырып, құбыр көлігін дамыту қолданыстағы Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы 3 және Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы 4 шеңберінде жүзеге асырылады.
Стратегия мемлекеттік көлік саясатының 2015 жылға дейінгі басым бағыттарын белгілейді және көлік жүйесінің кешенділігі мен біртұтастығын қамтамасыз етуге және тиісті салалық бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз қалауға тиіс саяси-экономикалық және ұйымдастыру-құқықтық шаралардың, принциптердің, көлік инфрақұрылымы мен транзиттік саясатты дамыту басымдықтарының жиынтығын білдіреді.
1 Мақсатты талдау және оны зерттеу. Маркетингтік тексерудің мәні мен маңызы
1. 1 Көліктік маркетинг пен логистиканың байланысы
Маркетинг тауарлардың тиімді сатылуын қамтамасыз ету үшін өндірісті рынок талаптарына сай икемдеуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін білдіреді.
Маркетинг логистикаға қарағанда тарихи ертерек пайда болды, себебі сол кездегі тауарларды өткізу қиындықтарына байланысты тәжірибе жүзінде қажет етілген. ХХ ғасырдың ортасында өндірістік нарыққа қажетті тауарларды шығаруға бейімдеу және сұранысты зерттеуде, сұранысқа әсер етуде маркетингтік әдістерді қолдану қабілеттілікті жоғарылататын шешуші фактор болды. Материалды ағымдарды іштей басқаруды қамтамасыз ететін жүйелерді құру мәселесі ол кезде қолдаусыз болды, себебі біріншіден, экономикада мұндай жүйелерді құрудың техникалық мүмкіндіктері жоқ еді, екіншіден, сол кездегі жаңа маркетингтік мысалдарды пайдалану есебінен күрт алға шығып кетуге болар еді. Бүгінгі жағдайларда тек қана маркетингті пайдалану негізінде “алға шығу” мүмкін емес. Маркетинг бойынша анықталған сұраныс уақытылы, тез және жеткізу арқылы қанағаттандырылуы тиіс (“тез жауап беру технологиясы”) . Пайда болған сұранысқа бұл “тез жауап” тек бір қалыпқа түскен логистика жүйесінде ғана мүмкін болады. Тарихи тұрғыдан алғанда, логистика экономикалық арена едәуір кеш шыққан, ол тұтынушыны, көлікті және жабдықтаушыны мобильді, техникалық технологиялық және экономикалық үйлескен жүйеге байланыстыру арқылы маркетингті толықтырып дамытады.
Маркетинг пайда болған сұранысты бақылайды және анықтайды, яғни төмендегідей сұрақтарға жауап береді: қандай тауар, қандай сапада, қандай көлемде, қашан және қайда қажет? Логистика қажет болған тауар көлемінің тұтынушыға физикалық жылжуын қамтамасыз етеді. Логистикалық интеграция талап етілген тауардың қажетті жерге, қажетті уақытта минималды шығындармен жеткізілуіне мүмкіндік береді.
Маркетинг пен логистика арасындағы ең маңызды ерекшеліктер 2-ші кестеде көрсетілген.
1 кесте - Маркетинг және логистика саласындағы зерттеу обьектілері мен пәнінің салыстырмалы сипаты
Маркетинг тауар қозғалысын ұйымдастыруға жүйелі тәсіл міндеттерін қояды: тауар қозғалысын тиімді ұйымдастыру кезінде, бұл үрдістің әр сатысы жақсы құрылған жалпы жүйенің бөлінбес бөлігі ретінде жоспарлануы тиіс. Дегенмен, тауар қозғалысы үрдісінің барлық қатысушыларының техникалық-технологиялық интеграциясының әдістері маркетингтің емес, логистиканың негізгі зерттеу пәні болып табылады. Маркетинг нарықты зерттеуге, жарнамаға, сатып алушыға технологиялық әсер етуге және т. б бағытталған. Ал логистика, ең алдымен, тауар өтуші тізбектер бойынша материалдарды өткізудің техникалық - технологиялық жүйелерін, сондай-ақ олардың өтуін бақылап отыратын жүйелерді құруға бағытталған.
Тарихта әлемдік темір жолдар тиісті инфроқұрылымдары бар, барлық пайдалану және басқару қызметтерін атқаратын және көлік қызметтер нарығында қандай қызметтерді көрсетуді біржақты анықтайтын ұйымдар ретінде дамыды. Мұндай даму уақыт жағдайын нақты белгілейді. XIX ғасырда жер бетіндегі көліктің ең басым түрі ретінде темір жолдар, шын мәнінде, тұтынушылардың таңдау мүмкіндіктернінен тәуелсіз қызмет түрлерін және нақты шығындардан гөрі, көп дәрежедегі сала ішіндегі бәсекелестікке байланысты тарифтерді оларға еріксіз таңды. Темір жол қызметін реттейтін мемлекеттік құрылымдардың бар болуы, тіпті көліктің бәсекелес түрлері нарыққа шыққан ездің өзінде, темір жол монополиясы бар деген түсінікті көптеген елдерде сақтап отырды.
Елдердің көпшілігінде темір жолдағы біртұтастығына (аумақты бөлімшелерді бір орталыққа бағындырып басқаруға) алғашқыда қолайлы болған өндіріс жағдайлары, нарығы және саяси тенденсиялары өзгереді. Темір жол көлігінде қолданылатын технологиялары дамып және жетілдіріле отырып бір сала ішіндегі шеңберден шықты. Инфрақұрылымның құрылысы мен қызмет көрсету, оны пайдалану, басқару, тіпті экономикалық ойлардан туындаған да көп дәрежеде сыртқы жабдықтаушылар мен сыртқы сыртқы компанияларға сүйенетін болды. Оның үстіне, көліктің басқа дамыған түрлерімен бәсекелестік жағдайында, темір жолдар тұтынушылар үшін көрсететін қызметінің деңгейінен де, сондай-ақ тарифтер тұрғысынан да басым артықшылығынан айырылып қалды.
Көп елдерде темір жолдар ұсынған қызметтерінің тұтынушылардың мүделеріне сай келмеуі темір жол әкімшілігінің үлкен қаржылық қиындықтарға және экономикалық тиімсіздікке тап болуына әкеліп соғады. Әлем елдерінің көпшілігінде көлік қызметі нарығындағы темір жолдың үлесінің азаюы, қаржы тапшылығының өсуі, мемлекеттік демеу қаржыға деген мұқтаждықтың күрт көбеюі темір жолдарды түбегейлерді қайта құру және олардың мемлекетпен қарым-қатынасын өзгерту мақсатындағы үкіметке қысым жасаудың өсуіне себепкер болады.
Жалпы экономикалық тиімділікті көрсетуге бағытталған темір жолды қайта ұйымдастырудың әдеттегі міндеттеріне төмендегі аталғандар болуы мүмкін:
- басқару қызметін күшейту;
- темір жолға нарықтық жағдайларқа бағытталған коммерциялық кәсіпорын ретінде қызмет істеуге мүмкіндік беру;
- көліктің жеке түрлері арасындағы және сала шеңберіндегі бәсекелестікті күшейту;
- қаражаттық нәтижелері үшін жауапкершілікті бөлісу негізінде басқару ақпаратын және бағаларын көбірек алу;
- темір жолдардың және көліктің басқа түрлерінің әрекет жағдайларын теңестіру;
- темір жолдағы жеке меңшік секторларының рөлін күшейту;
- темір жол бюджетінің тапшылығын қысқарту және азайту;
- жоспарлаудағы әлеуметтік маңызы бар кезеңдерді ынталандыру.
Экономикалық қатынастардың ең маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі халықаралық сауда мен елдің кәсіпорындары арасындағы экономикалық байланыстардың әрі қарай дамуымен әлемдік саудада, сондай-ақ республиканың экономикасында жүк ағынының қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесі ерекше көкейтесті сипатқа ие болып отыр. Бұл экономикалық іс-әрекеттерде көліктің ерекше маңызды рөлге ие болумен байланысты. Шаруашылықаралық және сыртқы экономикалық байланыстардың сапасы, тиімділігі және дамуы соның жұмысына байланысты болады. Шаруашылық етудің қазіргі заманғы жағдайларында көлікпен қамтамасыз етуге күн сайын жаңа талаптар қойылуда. Өнімді қатаң белгіленген мерзімде және жоғалтпай, зиян келтірмей және төменгі шығындармен тауарды зақымдамай өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін жеткізудің ырғақтылығы, реттілігі, үздіксіздігі, сенімділігі, жоғарғы жылдамдығы көлікпен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасының маңызды талаптары болыпм табылады. Көлік индустриясы пайдаланушы тараптарынан оған қойылатын таоаптарға сай болуға ұмтылуда. Бұл өнімді өндіру, өткізу және бөлу салаларымен алдыңғы қатарлы көліктік-технологиялық жүйелерді дамытумен және аралас тасымалдаулары тиімді қолданумен; информатика және есептеу техникасы салаларындағы ғылыми жетістіктерді көліктік қамтамасыз етуге ендіру, сондай-ақ, көліктік қатынас кезінде туындайтын әр түрлі ресмиелендіруді реттеу, жеңілдету және үйлестіру туралы нормативтік актілер мен құжаттарды жасау жөніндегі халықарлық және мамандандырылған ұйымдардың белсенді жұмысымен байланысты алғандағы көлікті басқару туралу ғылым ретінде логистикалық тұжырымдамаларын жасаудан және оларды іс іс жүзінде қолданудан көрінеді.
XX ғ. 90-жылдарындағы бұрынғы кеңес дәуірінің экономикалық кеңістігіндегі белгілі өзгерістер өндіріспен тауар қозғалысы саласындағы ыдыраушылық үдерістеріне әкеліп соқты. Осының нәтижесінде отандық тауар қозғалысының қазіргі ұйымдастырылуына қатысушылар әрекеттерінің әлсіз үйлестірлуі тән. Қазіргі таңда бұл сахнада мемлекетдирижердің рөлін атқарып отырған жоқ. Толықтай алғанда тізбек бойынша қорларды бөлу кездейсоқ және тиімсіз сипатқа ие. Көтерме қоймаларда, көліктерде және дүкендерде, ақпаратпен жүктерді өндеудің тарихи қалыптасқан өзара үйлестірілмеген технологиялық үдерістері қолданылады. Қатысушылар пайдаланатын жабдықтар мәнді пайдаланушылық өлшемдері бойынша өзара үйлестірілмеген. Тасымалдаудың құны бірқатар ұйымдастырушылық себептерге байланысты жоғары. Бүгінгі таңда жүк жіберушілердің көлік шығындары шығындардың жалпы соммасының 50%-ны құрайды. Әр түрлі бөлшек сауда кәсіп орындарындағы, сондайөақ темір жолдарда жұмыс істеп тұрған қойма шаруашылықтары тауарлармен жүктерді өндеудің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді, көп жерлерде көліктін кедергісіз кіріп тоқтатуы, тауарлардың жылдам түсірілуі мен қабылдану үшін жағдай жасалмаған. Өндірістегі саудадағы және көліктегі үдерістер жоспарлаудың бірыңғай жүйесімен байланыстырылмаған.
Қазір осы жағымсыз жағдайларды ескере отырып, қазақстандық экономикадағы тауарлар мен қызметтер нарығында нақты ортақ және жеке мақсаттарға жету үшін бірінші жолға нарық субъектілерінің тиімді ынтымақтастық және кірігу принциптері шықты.
Бүгінгі логистикалық бизнестің ерекшелігі жүк әкелуші жүйе тауар әкелуші жүенің негізі болып жатқандығында және олардың біріңғай технологиялық режимінде қызмет етуінде. Тауар қозғалысын ұйымдастырудың логистикалық әдісін қолдану мүмкіндігінің негізгі алғышарты болып тауар қозғалысы қатысушыларының ұйымдастырушылық- экономикалық біртұтастығы есептеледі. Өндіріс, көтерме және бөлшек сауда, көлік өз қызметтерін үйлестіруді және бірге жоспарлауды бастауда. Тарихи қалыптасқан технологиялық үдерістер тура материалдық ағынды оңтайлы ұйымдастырудың талаптарына сәйкес түзіледі. Қотысушылар қолданылатын техниканың өлшемдері туралы келіседі, тасмалдау тәртібі келіседі, қорларды бөледі, қосымша алынған табыстарды бөлудің тәртібін белгілейді.
Кәсіпорындардың логистикалық кірігуінің мәні олардың қызметтерін біріктіруде. Бұндай біріктірудің үлгісі үлкен әр түрлілікпен ерекшеленеді және әрбірнақты шаруашылық ахуалда кәсіпорындарының мақсаттарына, қаржыларына, техникалық мүмкіндіктеріне байланысты. Логистикалық кірігу үлгісінің өрісін біріктірме түрінде келесі жолмен сипаттауға болады - ол төменгілерді біріктіру:
- қысқа мерзімді жеке немесе бірнеше қызметтер (жоспарлау, тасымалдау, сатып алу, өткізу және т. б. ) ;
- ұзақ мерзімде ұйымдастырушылық - атқарымдық қызметтің басымдылығы (қоймаларды, көлік шаруашылықтарын және басқа да ұйымдастырушылық бөлімшелерді біріктіру) ;
- барлық қызметті басқару және біріңғай кәсіпорындарды құру, яғни, өзінің біріккен қызметінің тиімділігін көтеруде біріккен кәсіпорындардың экономикалық мүдделері негізінде атқарылатын делдалдық қызметін орталықтандыру.
Кәсіпорындар, фирмалар біріге отырып, дербес қызмет барысында аса тиімді түрде шешілмейтін нақты мәселені шешудегі өз мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылады. Белгіленген мұсаттарға жете отырып, бірігіп немесе басқада біріккен және маңызды мақсаттарға жету үшін қызмет етуді жалғастырады немесе басқада кәсіпорындармен бірігеді. Кірігу үдерісі уақыт ішінде және кеңістікте үздіксіз жүргізіледі.
Біріккен кәсіпорындардың қарым-қатынастары біріккен қызметтерді реттейтін және юірлестік қатысушыларының экономикалық мүделерін жүзеге асырушы екі жақты (көп жақты) шаруашылық келісімшарттарымен реттелу мүмкін. Кең тұрғыдан қараған кезде, кәсіпорындардың қызметтерін біріктіру әр түрлі жағдайларда жүргізіледі: құжатсыз келісуден бастап (мысалы, қандайда бір қызметті бір жолғы біріктіру кезінде) толық қосылғанға және біріккен Жарғыны қабылдауға дейін, яғни, олардың заңды мәртебесін толық өзгерткенге дейін.
Экономиканың дамуындағы барлық осы беталыстар тауар қозғалыстар үдерістеріне логистиканы кеңінен қолданудың қажеттілігін және оның мүмкіндігін туғызады. Логистикалық ұйымдастырылған материал әкелуші жүелерде соңғы тұтынушыға әкелген тауардың бастапқы құнынан төмен болып табылады. Көрсетілген айырмашылық қатысушыларға капиталдық салымдар көлеміне емес, логистикалық үдерістерді дұрыс ұйымдастыра білуге тәуелді бәсекелестік артықшылықтары береді. Бұған қоса, логистиканы пайдаланушы жеткізулер тиісті сападағы тауардың қажетті көлемін дәл мерзімінде жеткізуге кепілдік бере алады және сенімділік кепілдігі жоқ жеткізушілерге қарағанда, тұтынушы үшін үлкен құндылықты білдіреді. Осылай логистиканы қолданушы субъектілердің бәсеке қабілеттілігі төмендегілердің есебінен қамтамасыз етіледі:
- тауардың бастапқы құнының бірден төмендеуі;
- жеткізудің сенімділігі мен сапасын көтеру (кепілдік берілген мерзімдер, жарамсыз тауардың болмауы, шағын партиялармен жеткізу мүмкіндігі және т. б. ) .
Тауармен және ақпаратпен жұмыс істеудің тура технологиясы, ілеспе техника, келісілген жоспарлау - бұл тауарды сатып алушыға дейін аз шығындарымен жеткізуге мүмкіндік беретін нәрсе. Логистиканың қызметі бірінші кезекте тауар қатысушыларының техника-технологиялық, экономикалық және әдістемелік келісімдерін күшейтумен сипатталады, яғни, жүйе қызметінің міндетті талаплары төменгідей:
- бір-бірімен технологиялық ілесетін зауыттар мен құрылыс объектілерінде техникалыұ құралдардың, көліктің болуы, терминалдар және қойма бөлмелері, жеке ЭЕМ, есептеу орталықтары, Интернет жүйесі, байланыс құралдары және байланыс арналары, ғимараттар мен құрылыстар;
- кімнің не істейтіндігінің, қандай кезекпен атқаратындығының нақты белгіленуі, басқаша айтқанда, тауар өткізу тізбектері бойынша материалдарды өткізудің технологиялық ілесетін жүйелерін және олардың өтуіне бақылау жасау жүйелерін құру;
- көлік міндеттерін, яғни, автомобиль, темір жол, су көлігімен қозғалыс бағыттарын оңтайландыру міндеттерін шешу, жеткізу кестелерін құру.
Темір жол желісінің үйлесімі екі фактордың ықпалымен қалыптастыру: біріншіден пайдалы қазбалардың кең орны мен тыңды игеру кезіндегі аумақ аралық және республикалық жүк ағындарының өсуі, екіншіден, өтпек жүк парктерінің өсуі. Республиканың темір жол көлігі аумақ аралық, республика аралық және жүк тасымалдарын қамтамасыз етуді жақсы атқарады, республика облыстарының арасындағы жүк тасымалдарына арналған темір жол желісі біршама нашар дайындалған.
Қара алтын мен көгілдір отынның көлігі деп аталатын құбыр көлігі деп аталатын құбыр көлігі басқа көлік түрлерімен салыстырғанда оның барынша мамандандырылған түрі болып табылады. Оның республиканың мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы үшін маңызы зор және сонымен қатар халық шаруашылығының көліктегі шығындарын азайтады. Экономикалық ілесу - бұл нарық жағдайын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың ортақ әдістемесі. Бірге жоспарлау кестелердің бірыңғай жоспарларын жасауды және қолдануды білдіру. Республикада көлік логистикасының міндеттеріне төмендегілерді де жатқызуға болады:
- көлік жйүелерін, соның ішінде көлік дәліздерін және көлік тізбектерін құру:
- көліктік-қоймалық үдерістердің технологиялық біртұтастығын қамтамасыз ету:
- қоймалықпен және өндірістікпен бірге көлік үдерісін бірге жоспарлау;
- жеткізудің ұтымды бағыттарын белгілеу және т. б.
Көлік жүйесі жүк және жолаушыларды тасымалдауға қажеттілікті қанағаттандыруға арналған, ауыл шаруашылығының бірнеше салалары ретінде түсінілетін көлік кешенінің құрама бөлігі болып табылады. Кешенге орналастыру үрдісін және материалдық өндіріс саласы -«көлік өндірісін» қамтамасыз етуші, көліктік машина жасау, көлік құрылысы, тасымалдауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сол сияқты көлік мамандарын дайындау, жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мекемелер кіреді. Көлік жүйесі ауыл шаруашылығының тұтас саласы бойынша құрамына төрт элемент кіретін сала ретінде қарастырылады:
- барлық көлік түрлерінің жалпы және жалпы емес пайдаланудағы көлік жүйесі;
- жылжымалы көлік құралдары (оған деген меншік формасы болса да) ;
- көліктің еңбек қорлары;
- барлық деңгейдегі көлік жүйесін басқару жүйесі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz