ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1)КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2)ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ.ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ПӘНІ, ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

3)ӘЛЕУМЕТТІК ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8

4 ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ.ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.13

5)ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15

6)ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИБЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыс, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындар, психикалық бұзылу, өзіне-өзі қол салу (суицид) жатады. Тар мағынада девианттық мінез-құлыққа қылмыстық жауапқа тартылмайтын ауытқушылықтар түсініледі. Басқаша айтқанда, бұлар заңға қайшы келмейтін ауытқушылықтар. Заңға қарсы қылықтар немесе қылмыстар жиынтығы әлеуметтануда - делинквенттік (сөзбе-сөз - қылмыстық) мінез-құлық деген ерекше атқа ие болды. Девианттық мінез-құлық - бұл көпшілік таныған құқық, саясат, мораль, әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларынан ауытқу, көпшілік мойындаған нормаларды, ережелерді бұзуға жеткізетін және әлеуметтік топтар, халық немесе қоғам тарапынан оған басқаша жауап беру қажеттігін тудыратын адамдардың немесе олардың топтарының әлеуметтік-саяси әрекеті, қылығы. Әлеуметтік, саяси нормалар мен ережелерді бұзу маңызды және маңызсыз, саналы және санасыз болуы мүмкін. Қоғамдық нормалар мен ережелердің бұзушылығының барлығы девианттық мінез-құлыққа жатады. Осыдан кейін девианттық мінез-құлық әртүрлі формаларға бөлінеді. Қазіргі жағдайда девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына, қылмысты, ішімдікке салынуды, нашақорлықты, өзіне-өзі қол салуды, психологиялық ауытқуды жатқызуға болады. Девиацияның әрбір формасының өз ерекшелігі бар. Енді халық арасындағы девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына жеке-жеке тоқталайық. Қылмыс. Қылмыс деп жалпылама түрде заңдарды бұзу түсініледі. Қылмыскерлерге сот айыптаған адамдар жатады. Бұл жағдайда сот таңбалау функциясын атқарады, яғни оны қылмыскер деп жариялап, адамға мемлекеттің өзіндік таңбасын жапсырады. Қылмыс проблемаларын зерттеген сайын зерттеушілердің назарына оның динамикасына ықпал ететін барынша көп факторлар түседі. Бұған мыналарды: әлеуметтік жағдайды, жұмыс түрін, білімді, қайырымдылықты жатқызуға болады. Соңғыны өз алдына жеке фактор ретінде де қарастыруға болады. Сонымен қатар таптығынан айырылудың, яғни индивид пен әлеуметтік топ арасындағы байланыстың қирауының немесе әлсіреуінің ерекше маңыздылығы да анықталған. Индустриалды елдерге қарағанда әзірге бізде қылмысты тіркеу деңгейі төмен, бірақ қылмыс санының арту қарқыны өте жоғары. Осымен байланысты қылмыстың сандық және сапалық шынықтыру табалдырығының бар екенін ескеру қажет, бұның сыртында ол қылмыстық, заң қорғау проблемаларынан саяси мәселеге айналып кетеді. Қазақстандағы қылмыстық жағдайға нарықтық қатынастарға көшу және бәсеке, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердің пайда болуы үлкен ықпал етті. Мамандар біздің еліміздегі қылмыстың сипатын әлі де болса патриархалдық ретінде анықтауға болатынын айтып отыр, бірақ девианттықтың индустриалануын білдіретін үрдістер де байқалуда
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ПӘНІ,
ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының обьектісі - бұл адамдардың нақты әрекеті, шын мәніндегі мінез-құлқы, ол санада пайда болатын білім, тұжырым, құндылықтық қасиеттер ретінде бой көрсетеді. Ғылымның пәнін зерттелетін саладағы обьектінің байланыстары, қатынастары құрайды. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының пәні әлеуметтік нормалардан ауытқитын адамдардың мінез-құлқы, олардың даму жағдайлары, нақты ауытқыған мінез-құлықтың жүзеге асырылуы. Сондай-ақ зерттеу пәніне девианттық мінез-құлықты қалыптастыратын және дамытатын әлеуметтік факторлардың өзара әрекеттесу тетігін де жатқызуға болады. Мұнда пәннің әлеуметтанулық талдауын теориялық-әдістемелік деңгейіндегі сияқты болады.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының пәні - оның пайда болуына ықпал ететін факторларды анықтай отырып, әлеуметтік патологияға, оның түрлеріне анықтама беру болып табылады. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының міндеттері арнайы әлеуметтанулық теория ретінде:
Қазіргі қоғам нормаларынан, олардың таралу ауқымынан, олардың әрекеттерінің тікелей салдарынан әлеуметтік ауытқу сипатын табу;
Жағымсыз әлеуметтік ауытқудың болу себептерін ашу;
Ауытқыған мінез-құлықтың алдын алу және жоюға бағытталған түрлі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық және тәрбиелік шаралардың тиімділігін талдау;
Теріс құбылыстарды жою, сол немесе басқа норма бұзушылықтың таралу және шиеленісуі мүмкін болуы туралы қоғамды алдын- ала ескерту жөніндегі қызметтің нәтижелерін саралау болып табылады.
Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік - нормалардан ауытқудың түрлерін зерттеу де осы девианттық мінез-құлық әлеуметтануының міндеттерінің бастысы.
Ауытқыған мінез-құлық аясында белгілі бір қоғамда адамдардың қызметі мен өмір сүру салтында іс-жүзінде қалыптасқан және ресми белгіленген әлеуметтік нормаларды бұзатын мінез құлықтық акт ұғынылады. Мұндай мінез-құлық заңдық және қоғамдық санкцияларға алып келеді.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық.Делинквентті мінез-құлық деп формальды нормаларды бұзуды атайды. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінедіә. Оның мынандай типтері бар:
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2.Ашкөздік мінез-құлық, майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау жалпы материялдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3.Наша сату және тарату.Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады.

ӘЛЕУМЕТТІК ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАГУЫГЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Қоғам мен жеке тұлғалардың мүдделері үшін елеулі зиян болып саналатын әлеуметтік нормалардан ауытқушылықтың мейлінше елеулі жағдайы ғылыми әдебиетте әлеуметтік патология деп аталады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
1)Маскүнемдік;
2)Нашақорлық;
3)Суицид;
4)Қылмыскерлік;
Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді. Аталған әлеуметтік патологиялық категорияларға жеке-жеке анықтама беріп өтсек:
Маскүнемдік - Адамның ұдайы ішімдікке салынуы, ондай адам сыра, арақ,шарап және сол сияқты ішкіліктерді шамадан тыс пайдалануды бақылай алмайды. Маскүнемдік - денсаулықты тез тоздыратын, адамдыаздырып,түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе.
Нашақорлық. Сөздің жалпы мағынасы ауруды білдірмейді. Нашақорлық - бұл тұлғаның жан-жақты зақымдануы, көп жағдайда адам тәнінің мүшкіл қалына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз, адамның нашақор болуы, біртіндеп өзінің адами қасиеттерін жоғалтады; психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды; достары, отбасы, жұмысынан айырылады; қылмыстық ортаға тартылады; өзіне және өзінің айналасындағыларға түпсіз бақытсыздық әкеледі, осылайша өз өмірін бұзады. Нашақорлық еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, дегенмен бұдан сорақысы нашақорлыққа тәуелді жас жеткіншектердің санының өсуі.
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдарының өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіпотырғаны ешкімге жасырын емес.
Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латынның sulөзімді, caedere өлтіру деген сөзінен шыққан, ол - өз өмірін әдейілеп қию. Өзін-өзі өлтірушілік депекі түрлі құбылысты айтуға болады:
Жеке мінез-құлықтық акт, өз өмірін нақты адамның қиюы;
Бұл әлеуметтік құбылыс қоғамның белгілі жағдайының өнімі және көрсеткіші.
Өзін-өзі өлтірушіліктің мінез-құлқы - бұл өзіне өзінің өміріне қарсы алдын ала ойлаған ниетпен жасаған өзін-өзі өлтіруге дейін баратын әрекеттің көптеген типтері жатады.
Өзін-өзі өлтіру - бұл мезгілсіз өлімнің басты себебі, адамдар көбінесе өзін-өзі өлтіргенде, тығырықтан шығуға жол жоқ деп есептеген кезде барады.Мұның басты себебі, үміті мен сенімін жоғалту, адамның батылсыздығы, өзін жападан жалғызбын деп сезінуі жатады.
Әлеумет танушылардың пікірінше, бұл себептен құтылудың басты жолы әділеттілік және әлеуметтік теңсіздіктерді болдырмау және т.б. себептерді атап көрсетеді.
Қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.
Кейбір әлеуметтанушылардың пікірінше аталған девианттық мінез-құлықтың 5 категориясы бірінің пайда болуына бірі себеп болуы мүмкін.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мене жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттілігі туады:
Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
Оның жағымды қасиеттерне сүйену;
Оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
Девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Девиантты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді.
Девианттық мінез-құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын толғандырады. Сондықтан, бұл мәселенің ведомствоаралық талқылаудың себебі осында.
Девианттық мінез-құлық олардың қоғам - өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды қөзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс - девиантты жүріс-тұрыс. Қылмыс және теріс қылық Нашақорлық, маскүнемдік, өзін-өзі өлтіру, фанатизм, т.б.
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективтік себебіжасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және делинквенттік мінез-құлқы бір мезгілде жүреді.Нашар тұрмыс жағдайы, шиеленіскен қатынастары бар сәтсіз отбасыларында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдармасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алып кетуі және мұғаліммен қарым-қатынасының ьнашарлауы т.б. тән. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы өз ортасының нормаларынан бас тартып нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін.
Жастардың девианттық жүріс-тұрыстарының бір түрі-нашақорлық. Бұл мәселе жөнінде ел Президенті Қазақстан халқына жолдаудың бірінде былай деген: Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Экономикалық, географиялық тұрғыдан қарағанда есірткі бизнесімен күрестіҚазақставндықтардың өздерінің қолдауынсыз жүруге болмайды . ҚР нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 ж.ж. жарлығымен бекітілген құжатта:
Кәмелетке толмағандар мен жастардың, әйелдердің арасында есірткіні беймедициналық тұтынудың етек алуы ерекше алаңдатушылық туғызады.Есірткі тұтынушылардың 23-30 жасқа дейінгі адамдар.
Есірткіге байланысты қылмыс жоғары қарқынмен өсуде. 1991ж. Бастап жалпы қылмыстың 19,8% төмендеуі аясында есірткіге байланысты қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсті. Бұл қылмыстардың үлесі 5,3 есе өсті және 1999 ж. 15,28% құрады. Жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сұраунаманың бір деректерінде жастардың 9-10% есірткіні пайдаланғанын айтқан болатын. Статистикалық мәліметтер бойынша, қылмыстарды 20-29 жастағы адамдар жасайды екен. Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күресте елімізде де істеліп жатқан шаралар бар. Мысалы: ҚР Премерь-Министрінің 2003 ж. 20 қыркүйек №222 өкімінен бекітілген Ауыл жылына арналған спорт есірткіге қарсы ұранымен АҚ бидай республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы іс-шараларын жатқызуға болады. Спорт мектептерін қайта жандандырып, олардың басым бөлігін спорттың түр-түрімен айналысуға баулу керек. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес ісі бізден жүйелі және кешенді шараларды жүргізуді талап етіп отыр.
Жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыстың тағы бір түрі - ішкілік. Статистикалық мәліметтер бойынша, бұзақылықтың 90%; әйел зорлаудың 90%; басқа қылмыстар 40% өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70% ажырасудың 50% ішімдікке байланысты болған.Ішімдік мәселесі көбіне қазіргі кезде ауыл жастарының арасында өршіп тұр. Жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, мәдени демалыстарының дұрыс өткізілмеуі жастарды араққа итермелеуде, сондықтан ауылдағы клуб, мәдениет үйі, т.б. мәдени іс-шараларды ұлттық рухымызды көтеретін насихат шараларын жүзеге асыру кезек күттірмей атқарылар шараға айналдыру қажет.
Девианттық мінез-құлықтық бір түрі суицид, яғни бұл өзіне-өзі қол жұмсауы. Ауытқудың бір түрі 20-55 жасқа дейінгілер, ол қазіргі кезде 10-12 жасар балаларда да кездесіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Заңды мінез-құлық түрлері және қалыптасу ерекшелігі
«Аномия» ұғымын зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Аномия ұғымы девианттық мінез-құлық әлеуметтануы пәнінің негізгі стратегиясы ретінде
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеудің жолдары
Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық
Пәндер