Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7-9
1 ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ СИПАТЫ МЕН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. . 10-49
1. 1 Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты . . . 10-39
1. 2 Қазіргі айтыс тіліндегі синонимдердің қолданылуы . . . 40-41
1. 3 Қазіргі айтыс тіліндегі мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің қолданылу ерекшелігі . . . 42-49
2 ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ. 50-60
2. 1 Қазіргі айтыс тіліндегі метафоралық қолданыстар . . . 50-53
2. 2 Қазіргі айтыс тіліндегі теңеулердің қолданысы . . . 54-57
2. 3 Қазіргі айтыс тіліндегі эпитеттердің қолданыс ерекшелігі . . . 58-60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61-62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63-64
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Айтыс-ауызша әдеби тілдің табиғаты ерекше түрі
Орындаған 4-курс студенті Г. М. Карасаев
Ғылыми жетекші
ф. ғ. к., доцент Ұ. Р. Ержанова
Орал, 2021
Дипломдық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Айтыс-ауызша әдеби тілдің табиғаты ерекше түрі
Жұмыстың көлемі: 60
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 37
Тірек сөздер: Айтыс, синоним, мақал-мәтел, фразеологизм, теңеу, эпитет, метафора, тіл, мәдениет.
Жұмыстың құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, «Қазіргі қазақ айтыс тілінің этномәдени сипаты және лексика-граматикалық ерекшелігі», «Қазіргі қазақ айтыс тілінің көркемдік ерекшелігі» деп аталатын екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Зерттеудің негізгі мақсаты - ұлттық рухани мәдениетіміздің сүбелі қабатын құрайтын, бабалар тілінің қайнар бұлағы мен асыл қазынасындағы жауһар дүниелерінің бірі болып табылатын айтыс өнерінің қазіргі этномәдени және поэтикалық ерекшеліктерін кешенді талдау жүргізу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер жүктелді:
- қазіргі қазақ айтыс тіліндегі этномәдени және поэтикалық болмысын айқындау;
- қазіргі қазақ айтыс тілінің өзіне тән лексика-семантикалық жүйесіне талдау жасау;
- қазіргі қазақ айтыс тілінің көркемдік ерекшеліктеріне жүйелі талдау жүргізу;
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диплом жұмысы қазіргі қазақ айтысының тілідк ерекшелігін талдауға талдауға арналған. Жұмыстың кіріспесінде жұмыстың мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, нысаны мен зерттеудің дереккөздері мен әдістері, теориялық-практикалық маңызы, әдіснамалық негіздері көрсетіледі. Жұмыстың «Қазіргі қазақ айтыс тілінің этномәдени сипаты мен лексика-семантикалық ерекшелігі» атты бірінші бөлімінде айтыстың этномәдени сипаты, синонимдік қолданысы мен мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің қолданысы туралы айтылады. Ал «Қазіргі қазақ айтысының көркемдік ерекшелігі» атты екінші бөлімінде айтыс тіліндегі метафоралық, эпитеттік және теңеулердің қолданысы жайлы айтылады. Жұмыстың қорытындысында диплом жұмысының негізгі тұжырымдары жасалған.
Жұмыста қолданылған әдістер: Диплом жұмысын жазу барысында айтыс тілін жан-жақты зерттеу үшін семантикалық талдау, мәтінді поэтикалық талдау әдісі, жинақтау және саралау әдістері қолданылды.
Пайдаланылған дереккөздер:
Зерттеу жұмысында
А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» (1992) ; «Айтыс» I том (1988) ; Айтыс»
II том (1988) ; Қазіргі айтыс. Астана: «Күлтегін» 2004. 1-кітап; Қазіргі айтыс. Астана: «Күлтегін» 2004. 2-кітап; Қазақ баспасөз беттерінде жарияланған «Қазіргі айтыс мәтіндері».
ГЛОССАРИЙ
Метафора ( грек. metaphora - ауысу ) - сөздер мен сөз орамдарының ұқсастығы, сәйкестігі және т. б. негізінде олардың ауыспалы мағынада пайдаланылған тұратын троп тәсілі.
Фразеологизм ( грек. phrasis - сөйлеу оралымдары + logos - сөз ) - кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып жұмсалатын біртұтас, мағына жағынан идиоматикалық единица.
Эпитет (грек. epitheton - қосымша берілген) - Троптың бір түрі, сөйлеу тіліндегі кең баяндау қызметін атқаратын бейнелі анықтама. Объект көп жағдайда қосымша бағалау сипатына ие болады.
Теңеу ( орысша сравнение) - Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Айтыс - қазақтың ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы, тарих керуенімен бізге жеткен тапқырлық пен шешендікке, терең ой мен өткір сынға, әншілік пен әуенге, ең бастысы ұлттық мүдде мен ұлттық идеяға құрылған сахналық сұлу өнері. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұлттық моральдік кодекстің алтын діңгегіне сүйенетін айтыс, қай заманда болса да, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қай-қай саласындағы қалтарыстар мен бұлтарыстарды, қоғамның көлеңкелі тұстарын өткір де өзекті ой-пікірімен, көркем де бейнелі, поэтикалық кестелі тілімен өрнектеген ұлттық рухани құндылықтың бірегейі.
Айтыс қазақ халқының маңдайына біткен біртуар бағы, төл өнері сөз өнерінің озық үлгісі, синкретті жанр. Синкретті болуы - оның аттаныс нүктесі эпостық шығармалармен төркіндес, тамырлас болып, ертедегі тұрмыс-салт өлеңдерінен бастау алып, әуен, мәтін, мақам, қимыл бірге жүретін философиялық, психологиялық, прагматикалық қасиеттерді бойына жинақтаған әмбебап кешенді құрылымдығында, әлеуметттік мәселелерді замана шындығына сай жырлайтын поэтикалық туынды.
Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, ұлттық арман-аңсарымыздың (идеологиямыздың) беделі мен болашағын дамытуға тарихи мүмкіндік туған бүгінгі тұста, төл өнеріміз айтыс та қайта жанданып, заманауи жаһандану көшіне өз үлесін қосып жаңа сатыға көтерілу үстінде. Қазіргі айтыс өнерінің идеялық-мазмұнымен қатар, тілдік ресурстарын өлең құрылымының мағыналық-стильдік реңктері мен көркем поэтикалық образдар тұрғысынан, тілдік қатысым мен прагма-психологиялық тұрғыдан жүйелі де ұтымды зерттеуге мүмкіндік туып отыр. Осыған орай, ұлттық феномендік төл өнерімізді сан-салалы ғылым салаларымен сабақтастыра отырып кешенді зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ айтысының тілдік ерекшеліктеріне толығырақ тоқталды. Қазіргі айтыс тілінің этномәдени сипаты мен лексика-семантикалық ерекшелігі кеңінен талқыланды. Қазіргі айтыс тілінің көркемдік ерекшеліктері оның ішінде метафоралық қолданыстар, теңеулер, эпитеттердің қолданыс ерекшеліктеріне сипаттама берілді. Бұл зерттеу жұмысында айтыскерлер тілін талдай отырып, мысалдар келтірілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көркем шығарма тілін лексика-грамматикалық, стилистикалық, коммуникативтік-прагматикалық, лингвомәдени ерекшеліктері тұрғысынан зерделеп, сөздің поэтикалық табиғатындағы жұмсалу орнына, тіркесімділік қабілетіне, тарихи мәніне, жасалу жолына, айтылу жүйесіне, нормалану үрдісіне, әдеби тіл мен көркем шығарма тілінің ара қатынасына назар аудару қазақ тіл білімінің бүгіндегі өзекті мәселерінің бірі болмақ.
Халық ауыз әдебиетінің сан ғасырлық тарихының айнасы іспетті асыл қазыналарының бірі болып саналатын айтыс өнерінің қазіргі тілдік ерекшеліктерін қазақ тіл білімінде жеке тақырып ретінде лингвомәдени, лингвопоэтикалық, лингвоэкологиялық, , лексика-семантикалық сипатта алғаш рет зерттеу нысанына айналдыру осы жұмыстың басты өзектілігін танытады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ айтыс тілінің лингвомәдени, лексика-семантикалық сипаты, тілдік ерекшелігі қарастырылады.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ айтысының тілдік ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - ұлттық рухани мәдениетіміздің сүбелі қабатын құрайтын, бабалар тілінің қайнар бұлағы мен асыл қазынасындағы жауһар дүниелерінің бірі болып табылатын айтыс өнерінің қазіргі лингвомәдени және поэтикалық ерекшеліктеріне кешенді талдау жүргізу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер жүктелді:
- қазіргі қазақ айтыс тілінің лингвомәдени және поэтикалық болмысын айқындау;
- қызыл тілдің қасиеті мен құдіретіне толы айтыс өнерінің ұлттық этномәдени феномендік болмысын зерделеу;
- қазіргі қазақ айтыс тілінің өзіне тән лексика-грамматикалық жүйесіне лингвистикалық талдаулар жасау;
- қазіргі қазақ айтыс тілінің поэтикалық табиғатын танытатын ерекшеліктеріне жүйелі талдаулар жүргізу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында
А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» (1992) ; «Айтыс» I том (1988) ; Айтыс»
II том (1988) ; Қазіргі айтыс. Астана: «Күлтегін» 2004. 1-кітап; Қазіргі айтыс. Астана: «Күлтегін» 2004. 2-кітап; Қазақ баспасөз беттерінде жарияланған «Қазіргі айтыс мәтіндері».
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында тіл біліміндегі сипаттау, салыстыру, анализ, индукция және дедукция синтез жасаудың әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмыстың әдістанымдық негізі . Зерттеу жұмысын жазу бар
ысында В. Радлов, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Диваев, Адольф Янушкеивич, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайлов сияқты халық ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың айтысқа қатысты зерттеу еңбектері мен пікірлері А. Байтұрсынов, М. Балақаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Қосымова, А. Алдашева, Б. Сағындықұлы, Г. Смағұлова, А. Салқынбай, Б. Момынова, Б. Шалабай сияқты тілші ғалымдардардың лингвомәдени және танымдық зерттеу еңбектері, ғылыми мақалалары қарастырылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу осы сала бойынша жүргізілетін лингвомәдениеттану, лексикология, көркем мәтін поэтикасы, стилистика, мәтін семантикасына қатысты еңбектерге теориялық, ұстанымдық негіз ретінде қызмет етеді. Еңбектің нәтижелері іргелі ғылыми пайымдаулардың дамуына жол ашады.
Зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, көркем мәтін поэтикасы, стилистика, семантика, фольклор сияқты арнаулы курстарда және фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ СИПАТЫ МЕН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты
Бүгінде жер бетіндегі этнос, ұлт, халық, мемлекет сияқты іргелі ұғымдар өз болмысын айқындау үшін «тіл - таным - мәдениет» үштағанына иек артып, ұлттық дүниетанымның, ұлттық рухтың, ұлттық ерекшеліктің нәзік те күрделі табиғатын танып білуге байланысты антропоөзекті бағыттағы танымдық зерттеу еңбектер үрдіс алып келеді. Яғни, бұрын да тіл жеке ғылым саласы ретінде жеке дара сөз етілуді негізгі бағыт ретінде ұстанса, бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма ретінде қарастырылуы негізгі меженің бірі ретінде қалыптасу үстінде.
Тілдің қызметі тек қана коммуникативтік емес, ол әлем болмысы туралы дүниетанымдық қорды топтастырушы, жинап сақтаушы, келер ұрпаққа мирас етіп жеткізуші. Осыған орай, тіл арқылы әлемді тануда, этномәдени болмысын тануда аксиологиялық модельдер (құндылықтар теориясы), дүниенің тілдік бейнесі, психолингвистикалық стеоротиптер, концептілік тірек ұғымдар, герменевтикалық қағидалар, логикалық категориялар басым бағытқа ие болып келе жатыр.
Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау, жалпы тіршілік әлемге деген көзқарас ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері, қоршаған әлемді қабылдау үрдістерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемінің күрделі қабаттарының сан салалы көрсеткіші.
Ғылыми таным көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жердің шалғай ғалам кеңістігін де нақты деректермен ұштастыра зерттеп, мүмкіндігінше оларды адамзаттың өмір шындығына біртабан жақын, шынайы өмірмен байланыстыра бейнелеуге ізгі талпыныстар жасауда. Адамзат қоғамының дамуында әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі - тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуындағы маңызды фактор. Ал әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың аясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған лингвомәдениеттану, мәдениаралық коммуникация, әлемнің тілдік бейнесі бағыттарымен сабақтаса жүзеге асып келеді.
Мәдениет - қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп отырғанымыз - мәдениетті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар.
Мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдіретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл - тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану мен этнолингвистика пәнінің негізі болмақ.
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі ішкі және сыртқы факторларға байланысты әр түрлі болғандықтан тілдегі ерекшеліктер де сан алуан. Тілдің бойында мәдениеттің арқауын құрайтын, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын негізгі сипаттары көрініс береді. Тіл рухының феномендік күші ұжым мүшелерінің тілдік санасында, ой-танымында, этномәдени болмысында қатталады.
Кез келген ұлт дүниетанымы, ұлттық болмыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық танымдық мәдениеті оның тілінде көрініс табады. Ұлттық танымдық мәдениеттің тірегі - тілде. Тіл - дүниетаным құралы. Тіл - мәдениет айнасы. «Тілде халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын мәніндегі (табиғи) этномәдени болмысы мен дүниетанымы сақталған» [1, 22] .
Әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол - мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан оны құрылымдық лингвистика деңгейінде зерттесек, үлкен нәтиже бере алмайды. Себебі, тілдің қызметі тек қана коммуникативті-прагматикалық емес, этномәдени ақпараттарды сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, бүтін ұлттық тұтастықты жинастырушы болып табылады.
Ақиқат дүниенің мәдени ақпаратын танытатын әрбір лингвомәдени бірлік дүниенің тілдік бейнесін айқындаушы лингвомәдени көрсеткіш ретінде қарастырылғандықтан, онда ұлттық таным, ұлт менталитеті, ұлттық мінез, өмір салты, әдеп-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниеге көзқарасы, түйсігі, сана-сезімі көрініс табады. Осыған орай, қазіргі таңда ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті сабақтастыра зерделейтін тіл білімінің кешенді саласы лингвомәдениеттану кең қанат жаю үстінде.
В. Маслова тіл білімінің бұл саласына төмендегідей анықтама береді: «Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [2, 28] .
Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек басымдық бағыт береді.
Мәдени ақпарат ұжымның когнитивтік санасында қатталып, тіл арқылы жүйеленіп, сөз құдіретінің негізінде халық есінде ғасырдан-ғасырға сақталады. Сондықтан да ғалымдар тарапынан тұжырымдалған «ұлттық мәдениеттің негізі тілде» деп көрсетуін де жоққа шығара алмаймыз.
Ұлттық мәдениетті танытушы негізгі құрал тіл екенін В. Маслова төмендегіше көрсетеді: «Мәдениет халық тілінде көрініс береді. Тіл білімінің міндеті - сол мәдениет көріністерін зерттеу» [2, 76] .
Тіл мен мәдениеттің, дүниетанымның байланысы ұлттың рухани дүниесі арқылы көрініс беретінін алғаш В. фон Гумбольдт айтқан болатын.
В. фон Гумбольдт: «Язык народа есть его дух и дух народа есть его язык, и трудно представить себе, что-либо более тождественное» [3, 89], - деп атап көрсеткен тұжырымдамасы ХХІ ғасырдың кешенді мәдениеті үшін де өз өзектілігін жоймағаны ақиқат болып отыр.
Тіл мәдени ақпараттар қорын жинақтап қана қоймайды, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Тілдің бұл қызметін тіл ғылымында кумулятивтік қызмет деп атайды.
Тілдің кумулятивтік қызметі туралы зерттеуші Ж. Манкеева: «Ана тіліміздің құдіреті - сан мыңдаған жылдар бойы халқымызға тән рухани қазынаны бойына сіңіріп, сақтауы. Ол - халқымыздың асыл мұрасын өз бойына сақтап келген, оны бүгінгі күнге жеткізген, келешек ұрпаққа жеткізетін тілдің кумулятивтік қызметіне байланысты», - деп тұжырымдайды [4, 137] .
Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер. Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ. баяғя ескі заманнан бастап соңғы күндерге шейін қай ру болса да ортасында айтыс өлең айтылмаған ел болмайды. Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңіз сияқты көрінеді. Өзге жұрттың әдебиет тарихын өлең түріне бөлгенде, айтыс өлеңі деген бөлім, не жоқ болады, не болмаса аз кездеседі. Қазақтың өзге түрдегі ескілігнің барлығында өзге елдеігіне ұқсастық болса да айтыс өлеңдері барлығынан да жат, жаңа түр. Қазақ әдебиетінің өзіне ғана меншікті саналады. Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол етек алып жайылған емес. Анда-санда кездесетін шашыраған өлеңдер сиякты көрінеді. Мысалы: ескі француз әдебиетіндегі тенсондар, бұлардың түрі қазақ айтысына құсайды. Онда да екі ақын көп жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге өлеңнен айырмасы: суырып салма өлеңдермен айтысатын болса, тенсондарда сондай, жанынан шұғылдан шығарылған ауызша өлеңдер. Айтысатын сөздері де қазақ айтысында кездесетін білім талас сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады. Мәселен, кейбір тенсондар «адам қауымында әйелдің қандай бағасы бар» деген жайға арналған. Француз әдебиетінен басқа, ескі араб әдебиетінде «Мұғалла хат» деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты. Бұрынғы замандағы, жәрменкедей ұлы жиында көп ақынның бір тақырыпқа айтқан жарысы, өлеңдері көптің сынына түсіп, ең қызулы жеріне жібекке жазылып, ілініп қойлатын. Сондықтан «Мұғалла хат» деп -ілуілі өлеңдер айтылған.
Міне өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері болғаны рас. бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әбебиет тарихының бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес. Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендігінен айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай, Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс жайылған. барған елдің барлығында да бағалы, қадірлі бюолып қайда барса да сый, құрмет, қызық, сауық болатындықтан, айтыс ақындары сол жүрісін біржолата салт қылып әкеткен.
Ақындық, әншілік өнері жақсы жігіттің белгісі сияқты саналған. Сондықтан ел ішінің қызық сауығы үшін сән түзеп, қыдырумен жүретін салдар шыққан. Атақты ақындарға еліктеуден серілік молайып, бері келген заманда Біржандай сал, Ақандай ақын серіні шығарған. Бұлардың жайы қай елдің ортасында болса да, кейінгіге үлкен әңгіме болып қалған.
Соның бәрі айтыс ақындарының сарқыты. Онан соң бұрынғы ел, ақын айтысын қызық сауықтың ермегі сияқты көре де екі рудың ақыны айтысатын кезед құр ғана көлденең тыңдаушы бола алмайтын. Біреудің тілеуінде болып, ұранына қызып, өзі жекпе-жекке шыққандай болып тыңдаған.
Ауызша әдебиетте өлең тақпақ пен айтыс ретінде айтылатын сөздер екі жікке бөлінеді. Біреуі ақындар айтысы, екіншісі билердің билік үстінде, ру тартысның тұсынды айтысатын сөздері -билер айтысы. Сырт көрінісіне қарағанда ақындар айтысы мен билер айтысы қазақ ескілігндегі екә алуан сөз сияқты. Бірақ, кейбір мағыналарымен, ел тұрмысымен байланысына қарағанда, екеуі бір түрге қосылады.
Бұларды бір түрге қосатын себеп: ескі қазақ ішінде өте күшті болған ру жігі. Бұрын қазақ әдебиетінде кездесетін өлең түрлері әр кезде әр түрлі болып ел кезегі үшін қызмет еткен. Мысалы: сыршылдық өлеңдері көздегі жас, көңілдегі қайғыны уатып, сүйеу беретін сөздер болса, кейбір жерде жылату үшін, көзден жас шығару үшін көңілдің зар-мұңын шығаратын сөз болған.
Айтыс өлеңдердің ішінде мұң мен зар айтылмайды. Мұның ішінде елге бүгінгі мұңын айтып, пәленде жолға түсіп, түзел деген өсиет жоқ. Мұндағы сөздердің барлығы екі кісінің тартысы- таласы . Бұл өлең түрімен айтылған сөз күресі, сөз жекпе-жегі ішкі мағынасына қарағанда, мұндай айтыстар бұрынғы елдің сауығы, желігі үшін айтылатын айт пен той, ойын, жиынның өлеңдері. [4; 172] .
Қазақтың айтыс өлеңдері жайында үлкенді-кішілі зерттеу еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Т. Нұртазин тағы басқалардың айтуына қарағанда, айтыс деген сөз бірнеше мағынада қолданылған. Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тарысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет көлеміне өсетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да - осы осы өлең түрінде айтылған айтыстар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz