Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы



ЖОСПАР

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2
БҰҰ.ның Жарғысы 3
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 4
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 6
Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті 7
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы 7
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет 8
мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 8
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі 9
конференциясы (ЮНКТАД) 9
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты орналастыру 10
қоры (ЮНПФ) 10
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры 11
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігі 12
Қолданылған әдебиеттер: 12
Біріккен Ұлттар Ұйымы
«Біріккен Ұлттар Ұйымы» – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дербес мемлекеттердің ерікті түрде бірігуі арқасында құрылған халықаралық ұйым. БҰҰ ұлы мемлекеттер – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания инициативасымен 1945 жылы, маусымда Сан-Франциско конференциясында құрылды. Конференцияға КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай мемлекеттерінің шақыруымен фашистік Германия мен империалистік Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер қатысты. Конференцияда БҰҰ-ның жарғысы қабылданды, мақсаттары мен міндеттері белгіленді. БҰҰ құрылмастан бұрын 1942 жылы 1 қаңтарда Вашингтонда 26 мемлекеттің өкілдері жиналып декларация қабылдады. 1943 жылы Москвада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай сыртқы істер министрлерінің жалпы кеңесі қауіпсіздік туралы декларация қабылдады. Мұнда бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдап отыру үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі көрсетілді. Бұл қарар ұлы үш держава (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания) басшыларының Тегеран конференциясында (1943 ж. 28 қараша) мақұлданды. БҰҰ-ның штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Оның Европадағы бөлімінің тұратын орны – Женева. БҰҰ-ға алғаш 51 мемлекет кірді, 1970 жылы мүшелер саны 126-ға жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары болып Бас Ассамблея Қауіпсіздік Советі, Экономикалық және Әлеуметтік Совет, Бақылау Советі, Халықаралық сот және Секретариат сайланды. Олардың міндеттері мен мақсаттары Жарғыда белгіленген. БҰҰ-да талқыланған мәселелер жөніндегі шешімдер Қауіпсіздік Советінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық қабылданады. Шешімнің тек бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір мемлекеттің БҰҰ-ға билік жасауына мүмкіндік
Қолданылған әдебиеттер:

1.Шреплер Х.А., «Международные организации». Справочник, М., 1995;
2.Токаев К.К., «Под стягом независимости». Очерки о внешней политике
Казахстана, Алматы., 1997.
3. «Ұлттық Қазақстан энциклопедиясы».1999

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2
БҰҰ-ның Жарғысы 3
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 4
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 6
Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті 7
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы 7
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет 8
мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 8
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі 9
конференциясы (ЮНКТАД) 9
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты орналастыру 10
қоры (ЮНПФ) 10
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры 11
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты
өкілдігі 12
Қолданылған әдебиеттер: 12

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дербес
мемлекеттердің ерікті түрде бірігуі арқасында құрылған халықаралық ұйым.
БҰҰ ұлы мемлекеттер – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания инициативасымен 1945 жылы,
маусымда Сан-Франциско конференциясында құрылды. Конференцияға КСРО, АҚШ,
Ұлыбритания, Қытай мемлекеттерінің шақыруымен фашистік Германия мен
империалистік Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер
қатысты. Конференцияда БҰҰ-ның жарғысы қабылданды, мақсаттары мен
міндеттері белгіленді. БҰҰ құрылмастан бұрын 1942 жылы 1 қаңтарда
Вашингтонда 26 мемлекеттің өкілдері жиналып декларация қабылдады. 1943 жылы
Москвада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай сыртқы істер министрлерінің
жалпы кеңесі қауіпсіздік туралы декларация қабылдады. Мұнда бейбітшілікті,
қауіпсіздікті қолдап отыру үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі
көрсетілді. Бұл қарар ұлы үш держава (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания) басшыларының
Тегеран конференциясында (1943 ж. 28 қараша) мақұлданды. БҰҰ-ның штаб-
пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Оның Европадағы бөлімінің тұратын орны –
Женева. БҰҰ-ға алғаш 51 мемлекет кірді, 1970 жылы мүшелер саны 126-ға
жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары болып Бас Ассамблея
Қауіпсіздік Советі, Экономикалық және Әлеуметтік Совет, Бақылау Советі,
Халықаралық сот және Секретариат сайланды. Олардың міндеттері мен
мақсаттары Жарғыда белгіленген. БҰҰ-да талқыланған мәселелер жөніндегі
шешімдер Қауіпсіздік Советінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана
толық қабылданады. Шешімнің тек бір ауыздан қабылдану принципі қандай да
болса бір мемлекеттің БҰҰ-ға билік жасауына мүмкіндік бермейді. БҰҰ-ның
қызметі сан түрлі, олардың ішіндегі негізгілері дүниежүзілік бейбітшілік
пен қауіпсіздікті сақтау проблемалары, қарусыздандыру, отаршылдықты жою
мәселелері, әлеуметтік-экономи-калық міндеттер алады. БҰҰ жұмысында
кемшіліктер де жоқ емес. Батыс капиталистік елдерінің, әсіресе АҚШ-тың
қарсы тұруына байланысты қазіргі дәуіріміздің көптеген көкей тесті
проблемалары, оның ішіндегі қарусыздандыру мәселесі шешілмей келеді. 1950
жылы Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы соғыс БҰҰ-ның астында
жүргізілуі. БҰҰ-ны империалистік мемлекеттер Конгоға да қарсы пайдаланды.
БҰҰ секретариатында көпшілік орынды империалистік басқыншылық топтарға
кіретін батыс елдері алады. Дегенмен соңғы жылдары империалистік-отаршылдық
жүйенің күйреуі нәтижесінде бостандық алған көптеген жас, дербес
мемлекеттердің БҰҰ-ға кіруіне байланысты бейбітшілік БҰҰ-ны халықтар
тілегіне сай, ынтымақ пен бірлестікті күшейту мақсатында жұмыс істеткізуге
ұмтылып келеді. БҰҰ құрылғаннан бастап Россия Федерациясы бейбітшілік
сүйгіш елдерге бас бола отырып, демократиялық принциптерді, бейбітшілікті
сақтау және нығайту саясатын, мемлекеттердің бейбіт-қатар өмір сүруі,
арандатушылыққа жол бермеу, талас мәселелерді келіс сөз жүргізу арқылы шешу
саясатын табандылықпен жүргізіп келеді. Мемлекеттер арасында достық қарым-
қатынасты қалыптастырып дамытуда, халықаралық ынтымақ, бірлік қатынасты
дамытуда БҰҰ-ның қосқан үлесі өте зор.

БҰҰ-ның Жарғысы

БҰҰ-ның негізгі документі ол - оның Жарғысы. Оның жобасы 1944 жылы
тамыз-қазан айларында Думбартон-Оксте (Вашингтон) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
және Қытай өкілдері қатысқан конференцияда жасалды. Жарғы Сан-Франциско
конференциясында дайындалып, 1945 жылы 26 маусымда оған 51 мемлекеттің
өкілдері қол қойды. Жарғы 1945 жылы 24 қазанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания,
Франция, Қытай және Сан-Франциско конференциясында қатысқан мемлекеттердің
көпшілігі ратификациялауына байланысты күшіне енді. БҰҰ-ның Жарғысы
кіріспеден және 19 тараудан тұрады. Жарғы бойынша БҰҰ өз міндетін орындауы
үшін оның мүшелері мына принциптерді басшылыққа алуы қажет: барлық барлық
мүшелердің дербестік теңдігі; ұлы державалардың бірауыздылығы; барлық
мүшелердің халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіс сөз арқылы шешу; ұйым
мүшелерінің халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатынан және қандай
елдің болмасын территориялық тәуелсіздігіне немесе саяси бостандығына қарсы
күш қолдану саясаттан бас тартуы; барлық мушелерді БҰҰ-ның Жарғысы бойынша
жүргізген іс-әрекетін, бейбітшілікке қауіп төнген, не ол бұзылған жағдайда
төтенше жүргізген шараларды қолдауы; басқа елдің ішкі ісіне БҰҰ-ның қол
сұқпауы. Жарғы бойынша БҰҰ мүшелігіне тек бейбітшілік сүйгіш дербес
мемлекеттер кіре алады. БҰҰ мүшелерінің Ұйымнан шығуына хақысы бар.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы

Ол БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы
тең құқылы түрде Бас ассамблеяны құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс
қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағлшын тіліндегі
ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес,
Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі
ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе
бойынша мүдделі мемлекттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар
жасауға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез
келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне
жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер
төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қатеріне салуға құқы бар (БҰҰ
Жарғысы, 11-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас ассамблея экономикалық-
әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы
халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын
жүзеге асыруға жәремдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық прогрессивті
даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы
ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал
шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның
басқа да органдарыныңжыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ
бюджетін қарап, бекітуге міндетті, сонымен қатар, мамандандырылған
мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас
Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер боынша
шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің
басым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі,
әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілігі басым көпшілік
дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамбпеяға БҰҰ-ның
барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын,
әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде кезекті және арнайы сессияларын
өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің
көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны
қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас хатшы
шақырады. Әр сессияда төраға және оның 21 орынбасары сайланады. Қауіпсіздік
Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағаларына сайлана алмайды.
Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады, құрамына сессия төрағасы,
оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары
енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын
мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық комитеттерінің
қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет өкілеттіліктерітексерумен
айналысады. Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар:
Бірінші, комитет саяси мәселелермен және қарусыздандыруды қоса алғанда,
қауіпсіздік мәселелермен, Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты
мәселелермен; Екінші комитет экономикалық және қаржы мәселелермен; Үшінші
комитет әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші комитет
Қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу
мәселелерімен, Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысады. Сонымен
қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер
жөніндегі Кеңесі және Жарналар жөніндегі комитетібар. Бас Ассамблея өзінің
қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша
органдарды құру мүмкіндігіне ие.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы

БҰҰ-ның Бас хатшысы БҰҰ хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық
жасйтын лауазым иесі. БҰҰ Бас хатшысын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас
Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы
мүмкін. БҰҰ-ның Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы
қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық
конференцияларға қатысады. Ол әкімшілік қызметімен және күнделікті
жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның басқа да органдарының шешімдерінің
орындалуын қадағалайды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер
төндіретін екз келген мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды,
мемлекеттер арасындағы шиеленісттерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады. БҰҰ
құрылғалы бері Бас хатшылар: Т. Ли (Норвегия, 1946 - 53), Д. Хаммаршельд
(Швеция, 1953 – 61), У. Тан (Бирма, 1961 – 71), К. Вальдхайм (Австрия, 1972
– 81), Х. Перес де Куэльяр (Перу, 1982 - 91), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
Біріккен ұлттар ұйымы
Бұұ-ның даму он жылдықтары
Пәндер