Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I.тарау. Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің негіздері
1.1Оқушыларға экономикалық білім берудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... .
1.2 Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің манызы ... ... ... ... ... .
II.тарау. Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
2.1 Оқушыларға экономикалық білім беру арқылы экономикалық әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 «Экономика негіздері» пәні арқылы оқушыларға экономикалық білім беру арқылы экономикалық әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тақырыбы: Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I-тарау. Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің негіздері
1.1Оқушыларға экономикалық білім берудің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... .
1.2 Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің манызы
... ... ... ... ... .
II-тарау. Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
2.1 Оқушыларға экономикалық білім беру арқылы экономикалық әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Экономика негіздері пәні арқылы оқушыларға экономикалық білім беру
арқылы экономикалық әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың бүгінде еліміздің өзінің дербес даму жолын таңдап, әлемдік
қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізген, әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуге қадам басып отырған
мемлекет екендігін дәлелдей келе, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
Жолдауында: Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек – деп Қазақстанның педагогика ғылымына
үлкен міндет жүктейді. ҚР Президентінің Жолдауы(28 ақпан, 2007 жыл)
Бұл қазіргі педагогикалық теория мен оқу-тәрбие процесінің
практикасында өзіндік мәні бар өзгерістермен байланысты болатыны мәлім,
бірақ та, болашақ ұрпақ алдынан қарапайым білімді меңгеруінен де күрделі
өлшеусіз талаптардың туындағанын уақыттың өзі, әсіресе XXI ғасырдың білім
беру мақсаты көрсетіп отыр. Ғылым мен мәдениеттің, техника мен өндірістің
шапшаң дамуы әрбір адамның білімі мен шығармашылық қабілеттілігіне, білім
алу біліктілігі мен дағдысына жаңа талаптар қойып отырғаны белгілі. Мұндай
жағдайда кез келген адамның білімі ұдайы толықтырылып, мамандығы
жетілдіріліп, рухани даму дәрежесі үнемі артып отыруы қажет. Білім берудегі
ең басымды мақсаттардың бірі – бүгінгі әлеуметтік қоғамның сұранысына жауап
беретін креативті, компетентті, бәсекеге барынша қабілетті, интегративті
тұлғаны қалыптастыру, оны шешудің ең тиімді жолдарының бірі жеке тұлғаның
жетілуін, өздігінен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін күшейту.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында жастардың ақпарат
хабарларын өздігінен дұрыс қабылдап бағалай білу кез-келген теориялық және
нақты жағдайды өз бетінше талдай білу нарықтық қатынастар жағдайында
өздігінен еңбек етуге дайырлығын арттыру міндеттері қойылған.
Қазіргі кезде мектептерде оқытылатын Экономика пәнінің негізгі
міндеті-қоғам дамуына сай жаңа технологияны игеру, еңбекке баулу мен
оқытуды экономикалық білім берумен ұштастыру. Оқушылардың кең көлемде алған
экономикалық білімдері болашақта мамандық таңдауға негіз болуды көздейді.
Осының нәтижесінде экономикалық оқытуды тәрбиелеу, білім беру және
дамытудың білігін қамтамасыз ету мақсатында, күнделікті өмірде жеке адамның
сапасы қалыптасады. Мектептегі экономикалық білім берудің негізгі міндеті-
экономикалық түсініктің, категориялар мен заңдардың мазмүнын, мәнін ашу.
Осы тұрғыдан алғанда оқушыларға экономикалық білім беру мәселесінің ғылыми-
теориалық негізінде зерттелуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Себебі,
экономикалық білім берудің басты мақсаттарының бірі - оқушыларды
экономикалық білім негіздерімен қаруландыра отырып, нарық заманында өмір
сүріп, еңбек етуге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін
түсіндіреді.
Мемлекет болашағының кепілі - жастарға білім мен тәрбие беру
проблемасынан өткір мәселе жоқ екені белгілі. Соңғы жылдары білім берудің
басымдылығының өзгеруіне байланысты мектепте білім берудің мазмұны сапалы
түрде өзгерді. Мектеп қазақстандық окушылардың едеуір бөлігін тәрбиелеудің
негізгі құралы болып табылады. Сондыктан онда ойдағыдай ұйымдастырылған оқу-
тәрбие үрдісі ертенгі елдін болашағына мол әсерін тигізеді. Дарынды,
білімді жастар ғана егемендігіміздің ертенін баянды етіп, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес коса алалы. Сондықтан мектепте
оқушылар мұғалім берген білімді, тәрбиені іс-әрекет тәсілдері мен бағалау
өлшемдерін қамтитын қоғамдык және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана
қоймай оны әрі карай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, танымдық іс-
әрекетімен сабақтастыруы тиіс.
Оқушыларды қоғамдық өмірге дайындау - қоғам дамуының белгілі
сатысындағы мемлекеттік қажеттілігіне байланысты, оның орындалуы
экономикалық күш - қуаты мен саясатына тәуелді. Сондықтан да бүгінгі
таңдағы білім мазмұнының жаңаруына, өзгеруіне, жетілуіне байланысты,
экономикалық білім мазмұнын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ең алдымен
Экономикалық білім негіздері пәнін оқытуда оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай экономикалық ойлау, адамгершілік және іскерлік,
үнемшілдік, қоғамдық белсенділік, шешім қабылдау, шығармашылық мәдениетке
даярлау, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру міндеті тұр.
Экономикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің ХХІ ғасыр басындағы
өзекті мәселе.
Қазіргі нарық заманының талабына сай білім беру жүйесіндегі негізгі
мақсат - оқушыларға экономикалық білім бере отырып, олардың терең
экономикалық ойлауын қалыптастыру.
Экономикалық сана мен оған деген құштарлық мектеп жасында
қалыптасатындықтан, оқушыларды нарықтық заңдылықтармен, кәсіпкерлік, бизнес
сияқты ұғымдармен таныстыру қажет. Әрбір жас жеткіншек экономика заңдарын
және оның түрлі құбылыстарын түсіне отырып, өз білімін тәжірибе жүзінде
өмірде қолдана білуі тиіс.
Экономикалық білім беру арқылы адамдарды сыйлауға, таза, өз еңбегімен
ақша табуға үйретуге және еңбексүйгіштік, ұқыптылық, іскерлік, ынталылық
сияқты қасиеттерді қалыптастыруға болады және олардың өмірге деген
көзқарастары қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты – Мектеп оқушыларының экономикалық білім беру
барысында педагогикалық негіздерің қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің теориялық негіздерің
айқындау;
- Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің манызын анықтау.
Зерттеудің болжамы: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экономикалык оқыту
мен тәрбие беру деңгейін жоғарлату мақсатында оқытудың әртүрлі әдіс-
тәсілдерін, сабақтан тыс формаларын пайдалану арқылы оқушылардың
экономикалық тәрбиесін жоғарлатуға болады.
Зерттеу объектісі – Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні – мектебінің жалпы оку-тәрбие үрдісінде оқушыдарды
экономикалық тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері:
- дипломдық жұмыс тақырыбының мазмұны бойынша педагогикалық
әдебиеттерге талдау жасау;
- мектептің құжаттарын және оқушылардың жұмыстарын зерттеу;
- мектептің экономика сабақтарындағы оқыту үрдісін педагогикалық
бақылау;
- әңгімелесу әдісі;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I – Тарау. Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің негіздері
1.1. Оқушыларға экономикалық білім берудің теориялық негіздері
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде
жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, берік,
белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара
байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған
кезде заңдылықта заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту
заңдылықтары сыртқы жэне ішкі, жеке және жалпы деп бөлінеді. Сыртқы
заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы байланысты сипаттайды. Жалпы заңдылықтар
бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке
бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқыту мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына,
мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
2.Білім беру, тэрбиелеу жэне дамыту өзара байланысты.
3.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
4.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-
әрекеттеріне тәуелді.
5.Әрбір түлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным
эрекетін үйымдастыру.
6.Оқыту мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп,
жаңарып, толықтырылуы
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық ұйымдастыру заңдылықтары
жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік қүрылыс пен элеуметтік тапсырыс тэрбие мен
оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру жэне түлғалық дамудың өзара байланысы
туралы заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі жэне біртүтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі жэне өзара байланысы туралы заң.
Оқу іс-әрекетінің жеке жэне үжымдық түрлерінің бірлігі жэне өзара байланысы
туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.
Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ,
сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған
педаогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.
Дидактикалық принциптер-оқытудың мазмұның, ұйымдастыру түрлеріін, әдістерін
оқытудың мақсатын мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту
принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және
заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салады.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгертіп отырғандықтан,
кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестілік, партиялық), кейбіреулері
жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту
принциптерінің санын қысқартуды ұсыеса, басқалары, керісінше, кеңейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процессінің барлық құрамдас
бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға,
түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен
талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкіртерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ
тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
принциптеріі оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған
дидактикалық принциптер жүйесі:
- ғылымилық
- саналылық пен белсенділік
- көрнекілік
- жүйелілік пен бірізділік
- беріктілік
- тиімділік
- теория мен тәжірибенің байланыстығы
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына
тоқталайық. Педгогикалық ереже- жалпы принциптерге негізделген белгілі
жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтың қызметін бейнеленуі. Ережелер
оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен
салыстаррғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шаралар пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау
ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын
төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік,
стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогикалық
жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса,
қойылған мақсатына жетті деген сөз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге
асады. Ережелер педагогтың тәжірибенің қортындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың
принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-
міндеттерін іске асырады.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастарайық.
1.Ғылымилылық принципі.Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға
ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Бұл принциптің
астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде
ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және
мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым
жаңалықтарын адам үшін қызмет ететін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге
диалектикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұның педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму
дәрежесіне сәйкестендіру, жаңа әдістемелер мен жашыл ұстаздардың
тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш
мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу
- Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау,
пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру, оларды
ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін
кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде
қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың
білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану
- Белгілі ғылымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесінмен оқушыларды
таныстыру.
2.Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері:
адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесін
қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу
материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасына
ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының
таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету,
дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үздіксіз, кедергісіз
дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилылығын принципімен тығыз байланыста
болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және
реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұның негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік
пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға
алады:
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыдан
жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігі сақтау, бастауыш пен орта, орта
мен жоғары сыныптардағы оқу мазмыны мен әдістерінің бірізділігін
қамтамасыз ету.
- Оқу-пәні ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін
көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану
- Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа
қорытындылады сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда
оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемің оларды өз
қателерін тауып, талдауға үйрету.
- Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытындылау және
жүйелеу сабақтарын өткізу
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды
бір сабақта айлақорлықпен ұғындырмау
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білік
жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я.А. Коменскийдің бүкіл оқыту
кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады өсиетін. Нақтылай түседі.
3.Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі. Бұл принцип
философияның тәжірибе-танымның ілкі бұлағы қағидасына негізделген. Оның
түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін
тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе- ақиқаттың көрсеткіші;
тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы
оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа
бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.
4.Саналылық пен белсенділік принципі. Бұл приципке негіз болатың
заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам
білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі
таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын
әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік
танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
5.Көрнекілік принцип. Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік
принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың
алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік
арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін
тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де
дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдармен салыстырғанда 5
есе, сипалау органдармен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен.Көз
арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін
тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдату үшін
мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді
атаған.
6.Беріктілік принципі. Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін
оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген
тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім
мазмұның менгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзарабайланысты екі
жағы; білім беріктігі оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген
субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың
ұйымдастырылуы, түрі, әдістері,уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты
және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.
Оқытуды ережелерге бағындыру-оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте
сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету.
7. Сәйкестілік принцип. Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған
педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді.
Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай
жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін
заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің
ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері
жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою
баланың мінез-құлығына, қабілетінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен
нәтижелілігіне оң ықпал етеді
Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және
дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптердің басшылыққа алуы шарт.
1.2. Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің манызы.
Экономикалық білім беру өте өзекті жэне көп қырлы болып табылады,
себебі оқушылардың, олардың ата-аналарының үхтаздардың мүдделерін қорғайды.
Экономикалық білім беру мен тәрбиелеу саласындағы зерттеулер философиялық,
психологиялық, педагогикалық жэне экономикалық ғылымда айтарлықтай орын
алып отыр.
Экономикалық білім беру жай ғана маңызды мәселе емес. Алғашқы
экономикалық білім дағдылар, сүраныс пен оны қанағаттандыру туралы алғашқы
түсінік балалардың санасында мектепке дейін қалыптаса бастайды.
Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша,
еңбекақы туралы алғашқы ұғымдарды береді. Психологтар баланың отбасылық
экономикалық кіші жүйеге ену сипаты түлғаның экономикалық санасын, оның
өзін экономикалық жағдайлардың белсенді субъекті, агенті немесе жай ғана
қатысушы ретінде ұғынуын қалыптастырады деп санайды. Олардың пікірінше,
адамдардың болашақ кәсіпкерлерге және жалданушыларға бөлінісі дэл отбасында
басталады екен. 6-7 жасында балалар еңбекке қатысты 25 экономикалық ұғымды
түсіндіре алады. Мектеп бүл жағдайға немқүрайды қарамай, оны өз
тәжірибесінде есепке алуы тиіс.
Экономикалық білімнің едәуір бөлігін математика, ана тілі, табиғаттану
сабақтарында игеруге болады. Бүл оқу пәндеріне экономикалық пән терминдері
мен экономикалық мінез-қүлықтың ең қарапайым дағдыларын енгізу мектептегі
білім берудің бастауыш деңгейінің педагогикалық тиімділігін арттырады.
Экономикалық білім беру жүйесінің жиырма бірінші ғасыр басындағы
өзектілігін белгілей отырып, бүл жүйенің басты жағдайларына сүйенуге
болады. Экономика оқу пәні ретінде мына принциптер негізінде қүрылу тиіс:
гуманитарлық (экономикалыц ойлаудың білімнен басымдылыгы);
объективтілік (ацицаттың эмоциялардан басымдылыгы);
идеологиядан тыс болуы(экоиомикалыц білім саяси дэлел бола алмайды);
этникалық ерекшеліктер (дүниежүзілік тәжірибе мен ұлттъщ ерекшеліктің
үйлесімділігі);
психологиялық сәйкестік (психиканыц жас ерекшеліктерін есепке алу);
өзектендіру (теория мен тәжірибеніц башанысына негізделу);
гштегративтілік (жалпы мектептегі оцу пәндерімен байланыс).
Осы принциптердін барлығының үйлесуі экономиканы оқытуды қызық, эрі
уақытылы негізгі оқыту пәніне айналдыруға мүмкіндік береді. Бастауыш білім
беру сатысында баланың жасына сәйкес басты құбылыстар ересектермен сенімді
қарым-қатынастар, қиялдың талдаудан гөрі басымдылығы жэне өзі мен қоршаған
әлемге сынаушылық көзқарастың жоқтығы болып табылады. Бүл ерекшеліктерді
ұқыптылық пен еңбекті сыйлау, отбасының сүранысы мен мүмкіндіктерінің
аражігін ажырату, мемлекет, отбасы жэне жеке мүдделердің бірлігі, т.с.с.
экономикалық қүныдылықтарды патриархалдық-дәстүрлік тәрбиелеу барысында
қолдануға болады. Бастауыш мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің
басты мақсаты - қоршаған экономикалық өмір жағдайлары және қоршаған
авдамдардың қызметі туралы бастапқы ұғымды қалыптастыру. Мұндай білім
адамның жалпы мәдениетінің бір маңызды бөлігі.
2. Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі.
2.1. Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
Экономика пэнін оқыту әдістемесі - экономиканы ұғынудың заңдылықтарын,
оның қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін
педагогикалық ғылымның бір саласы. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту
барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі тероиялық
қағидаларына сүйенеді.
Экономика пәнін теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім
дидактикалық принциптер мен әдістемелік заңдылықтарға сүйенеді. Ақша жэне
оның қызметі тақырыбын оқытуда білім беру прицниптерін пайдалануды
қарастырайық.
Ақша дегеніміз тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүлның
эквивалентті формасы мен тұиыну қүны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша
тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан
ереше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама.
Оқытудың гылымилылық принципі бойынша оқулықтағы ақша туралы материалдардың
мазмүны экономика саласындағы ұғымдар мен олардың қүрылымына сэйкес келуі
тиіс. Материалдың ең негізгі белгілерін, яғни ақша үғымын, оның қазіргі
жағдайда қалай түсінідіріліп жүргенін үстаз ой елегінен өткізіп, оқушыларға
жеткізеді. Мұғалім оқулықтағы ережемен ғана шектеліп қалмай, ғылыми
материалды да саралап қолданғаны жөн.
Оқытудың жүйелілік принципі оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен
сатылай қүрылу, берілу тэртібі. Ақша туралы түсінікті алдымен қүн, қүн
формалары, тауар деген үғымдарды меңгертіп барып беру керек. Себебі,
ақшаның пайда болуы аталған түсініктердің даму эсерінен шығады. Сондықтан
оқыту жүйелі болуы үшін ақшаның пайда болу тарихынан бастап, даму
кезеңдерін жүйелеп түсіндіру қажет. Білімнің жүйелілік жэне бірізділік
принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде,
тексеруде, үй тапсырмасын беруде жэне оны тексеріп, еске түсіруде іске
асырылады. Оқушыларға сабақ түсіндірмес бүрын Ақша деген не? деген сияқты
сұрақ қою арқылы оқытудың жүйелілігін үйымдастыруға болады. Бүл принцип
ғылыми принциппен өте тығыз байланыста болғандықтан, оқыту барысында ғылыми
білімдерді жүйелеп және реттілікпен үғындыруды көздейді. Жүйелілік
принципіне сай бүрын өтілген материалды оқушы әбден меңгергеннен кейін ғана
жаңа материал өтіледі. Ақшаның түрлері мен қызметін оқушыға меңгерткеннен
соң, ақша жүйесі туралы мағлұмат беріледі. Өйткені, ақша жүйесіне металл
ақша, қағаз ақша және несие ақшалары, яғни ақшаның түрлері кіреді.
3. Оқытудың көрнекілік принципі оқушыларға материалды дэл, анық
түсіндіруде іске асырылады. Әрбір сабақта көрнекі қүралдарды үлымды
пайдалана білу сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен
топшылауға жаттықтырады. Ақшаның қызметін сызба түрінде көрсетуге болады.
Сызба бойынша оқушылар ақша төлем құралынан айналыс құралына қалай
ауысатынын оңай үғына алады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы
түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын
дамытады. Сол сияқты арнайы дайындалған үлестірме қағаздар арқылы ақша
ұғымы туралы білімдерін кеңейте түседі. Сондықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz