Станцияның жылулық режимі және жылулық сұлбасының қондырғылары


АннотацияҰсынылып отырған дипломдық жобада Алматы қаласындағы АлЭС 1-ЖЭО-ғы су дайындау қондырғыларының жұмысын қайта өзгерту қарастырылған.
Жобада су сапасын жоғарылату (жұмсарту) мақсатында жүргізілген есептік салыстырулар негізінде катионитті және анионитті сүзгілердің, механикалық сүзгінің және кері осмостық қондырғылардың сызбасы ұсынылады. Сонымен қатар, ионитті сүзгіні қазіргі үлгідегі кері осмостық қондырғыға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған және сәйкес есептеулері жүргізілген.
Жаңа қондырғыны орнату үшін қажетті қаражаттың есептелуі экономикалық бөлімде қарастырылған.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде химиялық цехке қажетті жасанады жарықтандырудың есептелуі жүргізілген. Өрт қауіпсіздігі мен тоқпен зақымданудан қорғану шаралары қарастырылған.
AbstractВ рекомендуемом дипломном проекте разработана оптимизация режима работы водоподготовительной установки на АлЭС ТЭЦ-1 расположенного в г. Алматы.
В проекте с целью повышения качества воды (умягчения), с помощью сравнительных расчетных показателей рекомендуется схема катионитных и анионитных фильтров, механического фильтра и оборудования обратного осмоса, приведены соответствующие расчеты. Таким образом, расмотренно возможность замены ионитных фильтров на новую установку обратного осмоса и приведены соответствующие расчеты.
В экономической части для установки нового оборудования расмотрен расчет денежных средств.
В разделе безопасности жизнедеятельности проведен расчет искусственного освещения химического цеха, рассмотрены пожаробезопасность и техника безопасности от вреда тока.
МазмұныIn a recommendable diploma project optimization of the mode of operations of the water-treatment setting is worked out on CHPP-1 located in Аlmaty.
In a project with the purpose of upgrading of water, by means of comparative calculation indexes the chart of kation and anion exchangers, mechanical filter and equipment of reverse osmose is recommended, corresponding calculations over are brought. Thus, to consider possibility of replacement of the Na-cation filters on the new setting of reverse osmose and corresponding calculations over are brought.
In economic part for setting of new equipment consider calculation of monetary resources.
The calculation of lamplight of chemical workshop is conducted in the division of safety of vital functions, safety from a fire and accident prevention is considered from harm of current.
Кіріспе . . .
1. АЛМАТЫ 1-ЖЭО-НІҢ ЖЫЛУЛЫҚ СҮЛБЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ . . .
1. 1 АӨК 1-ЖЭО-ның сипаттамасы . . .
- ЖЭО-ның цехтары мен негізгі қондырғылары . . .
1. 2. 1 Отын-транспорттық цех . . .
1. 2. 2 ЖЭО-ның жылумен қамдау жүйесі. … . . .
1. 2. 3 Отын . . .
1. 2. 4 Мазут шаруашылығы . . .
1. 2. 5 Газ түріндегі отын шаруашылығы . . .
1. 2. 6 Қазанды цех . . .
1. 2. 7 Шығырлы цех . . .
1. 2. 8 Электрлік цех . . .
1. 2. 9 Химиялық су тазалау . . .
1. 2. 10 АӨК 1-ЖЭО-ның күл мен қожды гидравликалық жою жүйесі . . .
- Басты корпустың орналасуы мен бас жоспары . . .
- Алматы 1-ЖЭО-ның қағидалы жылулық сұлбасы . . .
- Станцияның жылулық режимі және жылулық сұлбасының қондырғылары . . .
1. 6 Станцияның электрлік бөлігі . . .
1. 7 ЖЭО-ның қаланың экологиялық күйіне әсер етуі . . .
2. ИОН АЛМАСУ ӘДІСІ . . .
2. 1 Қондырғыны тағайындау және су сапасы . . .
2. 2 Суды ион алмасу әдісімен өңдеу . . .
2. 3 Ион алмасу қондырғысын іске қосу . . .
2. 4 Тұзсыздандыру қондырғысының жабдықтары және сипаттамасы . . .
2. 5 Бастапқы су көзінің сапасы . . .
2. 6 Ион алмасу қондырғысын есептеу . . .
2. 6. 1 А 2 -анионитті сүзгінің есептелуі . . .
2. 6. 2 Н 1 -катионитті сүзгінің есептелуі . . .
2. 6. 3 Н 2 -катионитті сүзгінің есептелуі . . .
2. 7 Декарбонизатор сипаттамасы және есептелуі . . .
3 КЕРІ ОСМОС ҚОНДЫРҒЫСЫ . . .
3. 1 Су дайындау қондырғыларының дамуы . . .
3. 2 Мембрананың жалпы сипаттамасы . . .
3. 3 Кері осмостық жұмыс істеу принципі . . .
3. 4 Кері осмостың артықшылықтары . . .
3. 5 Жаңа орнатылған қондырғының есептелуі . . .
3. 5. 1 А 2 -анионитті сүзгінің есептелуі . . .
3. 5. 2 Н 1 -катионитті сүзгінің есептелуі . . .
3. 5. 3 Кері осмос қондырғысының есептелуі . . .
3. 5. 4 Механикалық сүзгінің есептелуі . . .
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . .
4. 1 Жобаның бейнеленуі . . .
4. 2 Өндірістік жоспар . . .
4. 2. 1 Өнім . . .
4. 2. 2 Жасаушыладың жұмыс ақысы . . .
- Қондырғыны жаңғыртуға қажет құралдары мен аспаптарын алуға кететін шығындар . . .
Кіріспе4. 2. 4 Жабдықтардың монтажына кеткен шығындар . . .
5 ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ . . .
5. 1 Жасанды жарықтандыруды есептеу . . .
5. 2 Өрт қауіпсіздігі . . .
5. 3 Токпен зақымданудан қоргану шаралары . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Жұмысқа ХХ ғасырдың 60-80 жылдары енгізілген әр түрлі Жылу Электр Орталықтарындағы қондырғылардың және оның су дайындау қондырғыларының көбісі моральды ескірген, физикалық тозған және техника- экономикалық көрсеткіштердің төменгі мәндерімен сипатталады. Бұндай ЖЭО-ның су дайындау қондырғылары әлемдік машықтануда экология, қор қамдау, автоматтандыру және т. б. сұрақтарында артта қалып қояды. Суды өңдеу сұлбасы қоректік су сапасына қойылатын талаптарға байланысты таңдалады.
Тұзсыздандырылған және жұмсартылған суды дайындау технологиясын жаңартудың негізгі стратегиялық бағыттары кең таныс және әлемде қолданысқа енген екі әдіс болып келеді:
- Ион алмасу технологиясы;
- Суды тазартудың мембраналық әдісі.
АЛМАТЫ 1-ЖЭО-НІҢ ЖЫЛУЛЫҚ СҰЛБАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫДипломдық жұмыста Алматы 1-ЖЭО-ның су дайындау қондырғылары қайта құру қарастырылған. Қазіргі кезде қазанды қоректік сумен қоректендіру үшін химялық су тазалау цехінде катионитті және анионитті сүзгілер орнатылған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - су дайындау қондырғыларының сенімділігін және электр энергия, реагент пен өз мұқтажына қажет су шығынын экономикалық тұрғыдан тиімді болуын қамтамасыздандыру; табиғи суға тастадалын ағынды су мөлшерін төмендету; құбыр мен қондырғылар бетінде тұз шөгіндісі мен коррозияны болдырмау болып келеді. Осыған байланысты дипломдық жұмыста цехте орнатылған ионитті сүзгілер сұлбасының кейбір бөлігін мембраналы қондырға ауыстыру шаралары қарастырылды және екі сатылы кері осмос қондырғысы орнатылды. Кері осмос қондырғысы қолданыста қарапайым және орналасуы аз орын алады. Оның мембраналары ең жіңішке тесіктерге ие, сол себепті ол барлық вирустар мен бактерияларды, еріген тұздар мен органикалық заттарды ұстап қалып, тек су молекулаларын өткізеді. Сондықтан, ол бу қазандарына
тұзсыздандырылған суды дайындау талаптарынын қамтамасыздандырады.
1. 1 АӨК 1-ЖЭО-ның сипаттамасы
Агроөнеркәсіптік кешен 1-ЖЭО Алматы қаласының ең үлкен аумағындағы орталықтандырылған жылумен қамдауға кіреді және қаланың орталығындағы тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етеді.
01. 01. 2008 жылғы күйіне байланысты 1-ЖЭО-ның қуаты 1. 1 кестеде көрсетілген:
- кесте - ЖЭО-ның қуаты
Атауы
Электрлік, МВт
Жылулық, Гкал/сағ
Қазан өндірулігі, т/сағ
Орнатылған
145
1256
1035
Қазіргі кездегі (қыста/жазда)
110/48
913, 2
941
ЖЭО-ның ыстық судағы жылулық жүктемесі 887 Гкал/сағ, сонымен қоса ыстық сумен қамдау - 136 Гкал/сағ; 102/176 т/сағ - сыртқы тұтынушыларға 1, 6 МПа бу шығыны.
АӨК 1-ЖЭО-ның негізгі қондырғыларның құрамы және оның сипаттамасы төменде көрсетілген:
- Р-25/90-18 типті ст. №8 шығырлы агрегат 1960 жылы орналастырылған. 1996 жылы шығырдың қақпақшасы, цилиндрі мен айналғысы, бу айналдыра өткізетін құбыр ауыстырылды.
- Су қыздырғыш қазандар мазут пен газда жұмыс істейді. Қазандардың жұмыстық жылу өндірулігі: мазутпен жұмыс істегенде - 75 Гкал/сағ, газбен жұмыс істегенде - 100 Гкал/сағ.
ЖЭО-ның жұмыс режимі - бір жылдағы жылулық график бойынша.
Жылулық желінің температуралық графигі 150/70°С. Ыстық сумен қамдау жүйесі - ашық.
АӨК 1-ЖЭО-ғы 1935 жылы істей бастады. Станцияның дамуы бірнеше қатарда жүзеге асты. Басты корпуста орташа қысымды негізгі қондырғы орналастырылды, кеңейгеннен кейін жоғары қысымдыға ауысты. Қазіргі кезде бастапқы екі қатардың қондырғылары, яғни №1-6 қазандар, №1-7 шығырлар, өндірілген қор бөлшектелген. №1-6 қазандары орналасқан қазанды цехтың ғимараты бұзылған. Машиналық зал ғимараты жөндеу мақсатында және қор сақтайтын жер ретінде қолданылады. Сөйтіп, орташа қысымды бір ст. №7
қазан, жоғары қысымда алты ст. №8-13 қазан және ст. №8-10 шығырлар пайдалануда.
Бөлшектелген №7 шығыр шықтағышы №8-10 шығыр майсуытушысының суытқыш суы үшін жылуалмастырғыш ретінде қолданылады.
№1-7 су қыздырғыш қазандар бөлек су қыздырғыш қазандық ғимаратында орналасады.
ЖЭО-ның жылулық және электрлік қуатының шектеу мынаған байланысты:
- Атмосфераға зиянды заттар шығарылуын төмендету талабына байланысты бу және су қыздырғыш қазандар өндірулігінің еріксіз шектелуі;
- Су қыздырғыш қазандарда мазутты жаққанда өндірулігінің шектелуі;
- Шығырды будың номиналды шығынымен қамдауға бу қазандар өндірулігінің жетіспеуі.
1932 жылы ЖЭО салуға арналған алаң қала шетінде орналасқан. Қазіргі уақытта станция қала орталығында орналасқан және оны пайдалану қаланың экологиялық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Ең ауыр қиындықтар амтосфералық ауаның ластануына, күл-қож қалдықтарын төгуге, өнеркәсіптік шығарындыларды төгуге әкеледі.
АӨК 1-ЖЭО-да үш түрлі отын қолданылады: табиғи газ, мазут және Қарағанды көмірінің энергетикалық концентраты. Энергетикалық қазандарда көмір, ал су қыздырғыш қазандарда мазут жағылады. Күзгі-көктемгі маусымда су қыздырғыш қазандарда және жағы маусымда энергетикалық қазандарда газдың маусымды қалдығы жағылады.
Станцияға көмір темір жол арқылы әкелінеді және вагон аударғыш арқылы түсіріледі. Қысқы кезеңде қатып қалған отын келгенде, көмірі бар вагондар балқыту қазандығы арқылы өтеді.
Ашық көмір қоймасы 250 000 тонна көмірді сақтауға арналған. Кейбір жылдары көмірді түсіру жобалық нормадан асып, 400 000 тоннаға жетті.
Қатарлардағы көмірді ауыстыру көмірді сақтау жағдайларына байланысты жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
Қазақстанның мұнай өңдейтін зауыттарынан мазут цистерналармен әкелінеді.
Мазутты сақтайтын жер екі 1000 м З сақтау ыдысынан және екі 2000 м З шығынды ыдыстан тұрады.
Газ газ реттеу пунктіне отын газ құбыры арқылы келіп түседі, содан кейін энергетикалық және су жылыту қазандықтарына жіберіледі.
Бу, қоректік су, шық бойынша 1-ЖЭО-ның жылулық сұлбасы - көлденең байланыстармен.
Циклдегі шығындар химиялық тұзсыздандырылған сумен толтырылады.
Қазандар мен жылулық желілерді қоректендіру үшін бастапқы су ретінде Талғар су ағарының суы алынады. Ауыз сулық сапалы өңделмеген су екі диаметрі 1000 мм су ағары арқылы келеді және сорғылар арқылы №7, 9, 10
шығыр шықтағыштарын суытуға жіберіледі. Қыздырылған өңделмеген су химиялық су тазартуға жіберіледі.
Химиялық су тазартудан кейін қазандардың қоректік суы атмосфералық деаэраторға барады және суды айдайтын сорғылармен №9, 10 шығырлардың регенерация жүйесіне жіберіледі. Қоректік суды жоғары қысымдағы шығырдың қыздырғыштарында қыздырылады.
Жылулық желінің қоректік су деаэрациясы вакуумды деаэраторда іске асады.
Жылулық желінің қоректік су қоры 2х5000 м З аккумуляторлық күбіде сақталады.
Желілік су сәйкесінше негізгі және нақты қыздырғыштар мен ыстық су қазандықтарында қызады.
Желілік суды беру схемасы екі сатылы. Екінші көтергіш желілік сорғылар ыстық су қазандықтарының алдында орнатылады.
ЖЭО-дан ыстық су түрінде жылу беру алты екі құбырлы магистраль арқылы жүзеге асырылады.
Технологиялық мұқтажына қажетті 1, 3 МПа буды өнеркәсіптер ст.
№9, 10 шығырдың өнеркәсіптік алымынан төрт буқұбыры, ст. №8 шығырының қарсы қысымы және ст. №7 бу қазанынан қысым және ыстықтықты шегіргіш қондырғы арқылы (РОУ) алады.
Күл-қож шығару жүйесі - гидравликалық.
Энергетикалық қазандардан шығатын түтін газдары биіктігі 80 м және ернеу диаметрі 4, 3 м екі түтін құбыры арқылы және биіктігі 45 м бір металдық құбыр арқылы шығарылады.
Амосфераға түтін газдарын шығару алдында, олар ылғалды күлұстағышта күлден тазартылады. Су қыздырғыш қазандардан шыққан түтін газдары биіктігі 80 м және ернеу диаметрі 4, 3 м екі түтін құбыры арқылы шығарылады.
Қазіргі басты корпус 50 жылдардын соңында, 60 және 70 жылдардың басында станцияны кеңейткенде салынды.
Ғимарат каркасы металдан, ал қабырғалы қоршау құрама темірбетонды тақтадан жасалған.
Басты корпустың өткіндері келесі:
- Шығырлық бөлім 27 м;
- Деаэраторлық бөлі 8, 5 м;
- Қазандық бөлім 25 м;
- Бункерлік бөлім 8, 5 м;
- Бағана қадамы 6 м;
- Каркас металдық;
- Қызмет ету белгісі 8 м.
ЖЭО-ның цехтары мен негізгі қондырғыларыМашиналық бөлімде 100/20 тонна жүк көтеретін мосты кран, ал қазанды бөлімде - 5 тонна жүк көтеретін электрлік арқалық кран орналасқан.
Жылыту режимінде ЖЭО-ның электрлік қуаты 140 МВт, ал жазда 71 МВт болады.
АӨК жүйесіндегі электр станцияның үлкен экономикалық көрсеткіштерін ескерсек, су қыздырғыш қазандарды жүктемелеуге байланысты 1-ЖЭО-ның электрлік қуатын реттеу мақсаттылықты емес.
Отын-транспорттық цехАлматы 1-ЖЭО-да 4 негізгі цех жұмыс істейді: отын-транспорттық цех, қазанды цех, шығырлы цех және электрлік цех. Олардан басқа тағы екі көмекші цех жұмыс істейді: химиялық су тазарту(ХВО) цехы және жылулық автоматика және өлшеу (ТАИ) цехы.
- ЖЭО-на қатты және сұйық отын Алматы темір жолы арқылы жеткізіледі.
ОТЦ-тың территориясында қатты және сұйық отынның қоймалары орналасқан. Сұйық отын үшін 4 сыйымдылық бөлінген: екеуі 1 тоннадан, қалған екеуі 2000 тоннадан - бұл шығынды сыйымдылық. Отын- транспорттық цехте отынды өңделеді және жағуға дайындалады. Қатты отын диірменде тозаң тәрізді қалпына дейін ұсақталады және конвейер арқылы бункерге жіберіледі.
Энергетикалық және су жылыту қазандықтарында негізгі отын ретінде табиғи газды жағуға көшу кезінде энергетикалық қазандықтар үшін көмірді резервтік отын және су жылыту қазандықтары үшін мазут ретінде сақтау көзделген.
Қазіргі уақытта Орталық Азиядан Ду 500 магистральдық газ құбыры бойынша Алматы қаласына, әсіресе жазда ЖЭО-1-ге түсетін артық табиғи газ жағылады. Сыртқы газ құбырларының заманауи жүйесі үш энергетикалық қазандықтың жұмысы кезінде жазғы режимге қажетті газ мөлшерін беруді қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптің өндірістік қажеттіліктеріне және Алматы қаласының орталығын ыстық сумен жабдықтауға жылу бөлінеді.
Табиғи газды негізгі отын ретінде қолдану үшін қажет болады:
- Ду 1000 магистралды газ құбырының екінші тізбегінің құрылысын бітіру және пайдалану арқасында, магистралды газ құбыры арқылы қалаға газды жіберуді көбейту;
- Электр станцияның сыртқы газбен қамдау жүйесін жаңа газ құбырларын енгізу арқылы қайта құру.
ЖЭО-ның жылумен қамдау жүйесіМагистралды газ құбырларын пайдаланумен, сонымен қоса екінші тізбегінің бітпеген құрылысымен Интергаз Центральная Азия (ИЦА) компаниясы айналасады.
Қазіргі кезде 1-ЖЭО-да Қарағанды көмірінің энергетикалық концентраты келесідей сипаттамамен жағылады:
Калория - 5446ккал/кг
Күлділік - 22, 43%
Ылғалдық - 9, 14% Ұшпалықтың шығысы - 14, 8%
Қатты отынды жағу 6хБКЗ-160-100Ф, 1хЦКТИ-75-39Ф (бөлшектелген) қазандарында жағылады. Энергетикалық концентратпен бірге станцияға ҚР- ның басқа бассейндерінен көмір, яғни өндірілген аралық өнім түседі.
1хБКЗ-160-100Ф үшін отынның сағаттық шығыны 20, 3 т/сағ, ал барлық энергетикалық қазандар үшін 131, 9 т/сағ.
Жазғы маусымда энергетикалық қазандықтарда артық табиғи газ жағылады, ал жылу беру кезеңінде ЖЭО-да газ бөлінбеді.
Энергетиалық қазандарда мазутты алғашқы жағу отын ретінде қолданады. 7 х ПТВМ-100 су қыздырғыш қазандарда негізгі отын ретінде мазутты, сонымен қоса артық табиғи газ жағылады (1. 1 сурет) .
- сурет - ПТВМ -100 су қыздырғыш қазандығы
Су қыздырғыш қазандардағы мазуттың сағаттық шығыны 77, 4 т/сағ.
Барлық энергетикалық және су қыздырғыш қазандар газда жұмыс істеген кезде, отынға деген ЖЭО-ның есептік мұқтаждығықыста - 184300 нм 3 сағ, ал жазда 3 - 4 нм 3 сағ болады.
- Отын
Табиғи газды энергетикалық және су жылыту қазандықтарындағы негізгі отын ретінде жағуға ауыстыру кезінде энергетикалық қазандар үшін қосалқы отын ретінде - көмір, су жылыту қазандықтары үшін - мазут.
ИЦА компаниясының мәліметтерінен, Ду 500 магистралды газ құбырын жаңартқаннан кейін, қысымның жоғарлауының себебінен оның өткізу қабілеті 6, 5-7 млн. м З /тәу (290 мың м З /сағ) дейін өсуі мүмкін. Бұл табиғи газды 180 мың м З /сағ жуық қаланыңкомуналды-тұрмыстық мұқтаждарынақолданған кезде, ЖЭО-на 110 мың м З /сағ жуық жіберіп, барлық энергетикалық және екі су қыздырғыш қазандардың , мазут шығынының 66 мың т/сағ дейін қысқартады.
Барлық энергетикалық және су қыздырғыш қазандардар номиналды жүктемеде жұмыс істеген кезде және ЖЭО-ның 1187 Гкал/сағ бар жылу қуатын қамтамасыздандыру үшін табиғи газды негізгі отын ретінде қолданғанда, газдың сағаттық шығыны 183, 54 мың м З /сағ, ал жылдық шығыны 553 млн. м З /сағ болады.
- Мазут шаруашылығы
Алматы ЖЭО-1 мазут шаруашылығы: алпыс кубтық 18 цистернаны босатуға арналған үш төгу теміржол эстакадасынан; жерасты темірбетон қабылдау ыдысынан: айдау сорғысы бар сыйымдылығы 1 м 3 екі металл резервуардан тұратын мазут қоймасынан; сыйымдылығы 2000 м 3 екі Шығыс мазут резервуарынан тұрады. Мазут шаруашылығы 1968 - 1972 жылдары құрылған және ҚР ҚНжЕ 11-106-79 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймасы"талаптарына сәйкес келмейді.
- Газ түріндегі отын шаруашылығы
ЖЭО-ның газбен қамдауы ГРС-1-ден қысымы 0, 3 - 0, 4 МПа, диаметрі
400 мм құбыры арқылы және ГРС-2 қысымы 0, 3 МПа, диаметрі 700 мм құбыры арқылы қамтамасыздандырылады. ЖЭО-ның газбен қамдау сұлбасы тұйықталған. ЖЭО-ның ауданындағы газ шаруашылығының барлық элементтері барлық жұмыс істейтін қазандардағы газдың максималды шығынына есептелген.
ЖЭО-ғы газбен қамдау жүйесі келесідей түйіндерден тұрады:
- ГРС-1 және ГРС-2-ден келетін құбырлар;
- Газ реттеуші пункт;
- Аудан ішіндегі құбырлар;
- Энергетикалық және су қыздырғыш қазандар құбыры. Қазанды цех
Отын-транспортты цехтан кейін отын қазанды цехке түсіп, сонда жағылады. 1-ЖЭО-ның қазанды цехтеБКЗ-160-100 бу қазаны орналасқан.
Олар тек электр энергиясын өндіру кезінде ғана жұмыс істейді. Аталған қазандардан басқа қазанды цехте №1-7 ПТВМ-100 су қыздырғыш қазандар орнатылған. Олар150 0 С температурада жұмыс істейді және 80 Гкал жүктемесі бар.
- Су қыздырғыш қазандар
№1-№7 ПТВМ-100 қазандары ЖЭО-да қызу бетінің жұмыс сенімділікті жоғарлату және өндірулік жылуын номиналдыға дейін көтеру үшін орналастырылған. СКБ ВТИ жасаған проект бойынша қайта құрудан өткен. Осыған байланысты алдынғы және артқы экрандар, оттықтардың орналасуы, ағындық бөлігі зауыттық құрылмасынан айырмашылықтары болады.
- Жылуөндірулік (Гкал/сағ) - 100
- Ошақ құтысының көлемі (м3) - 275, 3
- Ағындық бөліктің беті (м2) - 2743
- Қазан өлшемдері (мм) :
Ені - 6900
Тереңдігі - 6900
Биіктігі - 14450
- Экранды құбырдиаметрі (мм) - 60х3
- Құбырлардың арақашықтығы (мм) - 64
- Ағындық бөлік құбырының диаметрі (мм) - 38х3
- Адым:
көлденең (мм) - 110
бойлық (мм) - 60
- Су көлемі (м3) - 30
- Судың номиналды шығыны:
Екі қадамдық сұлбада (м 3 /сағ) - 2400
- Судыңминималдышығыны (м3/сағ) - 1500 12. t=1500С температурадағы қалыпты жүктеме - 80 ГкалБу қазандары
Шығырлы цех№8-№13 БКЗ-160-100 - Бийск қазандық зауытта жасалған. Қазанның қуаты - 160т/сағ, жұмыстық қысымы - 100 атм, жұмыстық температурасы - 540 0 С. Бұл қазандар электр энергиясын өндірген кезде жұмыс істейді.
Қазанды цехте өндірілген бу шығырлы цехтегі шығырға жіберіледі. Цехта №8 Р-25 және №9-№10- Пт-60 -90 /13 шығырлары орналасқан. Бұл қуаты 60 МВт шығыр 90 атм қысымда және өндірістік алуда 13 атм-да жұмыс істейді. Шығырлар шығыр цехінде орналасқан өндіргіштермен жалғанады. Цехте №8-ТВФ-30 және №9-10-ТВФ-60 өндіргіштері жұмыс істейді.
Шығырлар:
№8 - Р-25, №9, №10 - ПТ-60-90/13. шықтануы және екі реттеуші алымы бар ПТ-60-90/13 бу шығыры екі цилиндрлі бір білікті агрегат болып келеді.
-6 кВт
-3000
-535 0 С
-0, 035 атм
-20 0 С
-402 т/сағ
-170 т/сағ
-18 атм
-2, 5 атм
Шығырлы цехте өндірілген энергия электрлік цехке барады. Сол жерде энергия жиналады және қайта өңделеді, тек содан кейін тұтынушыға жіберіледі.
- Өндіргіштер
№8 -ТВФ-30; №9, №10 - ТВФ-60
№9 №10
Қуат, КВт 6 7
Қуат, КВт 75000 82400
- Өз мұқтажына қажетті электрлік жалғаулардың қазіргі сұлбасының сипаттамасы
ЖЭО-даэлектрқабылдағышты қоректендіру үшін келесідей кернеу және тоқ түрі қарастырылған:
- Қуаты 200 кВт және жоғары болатын электрқозғалтқыш үшін - 6 кВ;
- Қуаты төмен электрқозғалтқыш үшін - 0, 4 кВ;
- Тозаң қоректендіретін электрқозғалтқыш, шығырдың апаттық майсорғылары, апаттық жарықтандыру үшін - 220 В тұрақты тоқ.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz