Мұхиттық аралдар


Геология геоморфология негіздерімен
Орындаған: Тоғайбай З. Қ
Қабылдаған:Боранкулова Д. М
2020 ж
Семинарлық сабақ 11.
Тақырыбы: Мұхиттық жер қыртысының құрылымдық типтері
Жұмыстың мақсаты: Мұхиттық жер қыртысының негізгі құрылымдық типтерін сипаттау
Көрнекілік құралдар:
1. Дүниежүзінің геологиялық және тектоникалық картасы
Жұмыстың мазмұны:
Мұхиттарда кездесетін негізгі құрылымдар мұхиторталық тау жоталары, мұхиттық терең сулы шұңғымалар (желобтар), мұхиттық аралдар тізбегі немесе аралдық доғалар және мұхиттық ойпаттар мен қазан-шұңқырлар болып саналады.
1 тапсырма: Ұғымдық талдау:
2 тапсырма:
- Мұхит түбі жер бедерін сипаттаңыз.



... жалғасыАтлант мұхитының сипаттамасы (100-150 сөз) :
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91. 6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329. 7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т. б. ) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т. б. ) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т. ) . Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т. б. ) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.
Арктика мен Антарктида аймақтарын қоспағандағы Атлант мұхиты.
Климаты
Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Мұхиттың үстінде Исландия және Антарктика минимумдары мен Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант максимумдары қалыптасады. Оларды бір-бірінен экватор маңындағы қысымы төмен белдем бөлім тұр. Бұл климаттық белдеулер көршілес құрлықтартардың үстіндегі қысым орталықтарымен әрекеттесе отырып, екі жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ендіктерінде солтүстік-шығыс желдердің (пассаттардың) басым болуына әсер етеді. Жазда (Солтүстік жарты шарда тамыз, Оңтүстік жарты шарда ақпан айында) экватор маңындағы ауа температурасы 26-28۫С. 60۫ солтүстік ендікте - 8-12۫С, ал 60۫ оңтүстік ендікте 0-12۫С. Қыста (Солтүстік жарты шарда ақпан, Оңтүстік жарты шарда тамыз айында) экваторда 25۫С, 60۫ солтүстік ендікте 8-12۫С-қа, ал 60۫ оңтүстік ендікте - 8-10۫С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25۫С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды.
Гидрологиялық тәртібі
Атмосфера айналымы ықпалымен мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде теңіз ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік Пассат, Голфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы ағыстары және
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz