1718-1900 жылдардағы Семей бекінісінің Патшалық Ресейдегі рөлі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курс жұмысы

Тақырыбы: «Семей бекінісінің Патшалық Ресей мемлекетінде алатын ролі 1718-1900 жж».

Мамандық (шифр) : 5В011400 «Тарих»

Орындаған: Тлеуханов Бекболат

Тобы:И-811

Тексреген: Мукатаева З. К.

(Ғылыми атағы) т. ғ. к., профессор м. а.

Семей 2020.

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

І. Семей бекінісі Қазақ жерінде

1. 1. Бекіністің салынуы, тарихы . . . 6

1. 2. Патшалық Ресей саясатының алғышарттары . . .

ІІ. Патшалық Ресей саясатындағы Семей бекінісі.

1. 3. “ Бөліп алда, билей бер” ұстамынын жүзеге асыру . . .

1. 4. Бекіністі қала ретінде қалыптастыру . . .

Қорытынды . . .

Қосымшалар . . .

Пайдалынылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі - Семей шаһары болды. Қаланың мәдени - рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Зайырлы, өркениетті даму үдерістеріне бет бұрған қазақ қоғамының өткенін саралау тарихы сан алуан. Бүгінгі таңда тарих беттерінің бірі-бұрынғы Одаққа жататын қалалардың тарихы және олардың бүгінгі рухани ошақта қалыптасуы жаңа тұрғыдан тәуелсіз зерттеуді және бағалауды қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев елдің қалыптасуы мен 2001 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған сәттен бастап өткен әрбір тарихи жылды атап өту дәстүрін жалғастыруда, қазақ халқының тағдырында, ұлттық болашақты іріктеуде ерекше орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениеттің әлеуметтік салмағы мен бағытын түсінуге, қазіргі қоғамға лайықты ұлттық рухтың күші мен биіктігін анықтауға, оған ғылыми талдау жасауға, талдауға уақыт келді. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің руханиятымен және елтану мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты тарихы бар. Сондықтан Семейдің тарихына қатысты проблеманың негізінде оның қоғамдағы қалыптасу ортасының деңгейін, даму ерекшеліктеріндегі жетістіктер мен қарама-қайшылықтардың бөліну сипатын анықтау жатыр.

  • Тақырыпты зерттеу денгейі мен тарихнамасы
  • Тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылданған, [1] Шоқан Уәлихановтың досы Николай Абрамов 1860 жылы«Областной город Семипалатинск»деген еңбек жазып, баспаханаға тапсырады, ол Санкт - Петербург қаласында 1861 жылы жарық көрді. Н. Абрамов қаланың рухани өрлеуіне ат салысып, Ш. Уәлихановтың орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылдануына жәрдем береді. [2] Петр Петрович Семенов Тянь - Шаньскийдің бірнеше томдардан тұратын географиялық суреттеме жазбалары Санкт - Петербург қаласында 1903 жылы жарық көрген. Еңбектің 18 - ші томы қазақтарға арналған. Ішінде Семей де бар. [3] Ағылшын саяхатшысы, Кембридж университетінің түлегі Томас Уильям Аткинсон (1799 - 1861жж. ) Семейде болған Оны бұл жерге ертіп әкелуші Нұралы ханның ұлы, Ресей патша үкіметінің полковнигі, ұлы жүздің аға сұлтаны Тезек Нұралин мырза еді. 1867 жылы Лондон қаласында И. У. Аткинсонның «Саяхат» атты кітабы шығады. Мұнда Семей туралы жазылып, Семей қазақтарының тұрмыс - тіршілігі мен салт - дәстүрі, мәдениетіне өте жақсы баға берілген. [4] 1875 - 1882 жылдар аралығында Е. П. Михаэлис облыстық әкімшіліктің құрылу жобасы мен аймақтың жағдайы туралы жыл сайын берілетін есептің жобасын құрастырды. Е. П. Михаэлис жергілікті қазақ халқына үлкен бір сүйіспеншілікпен қарап, олардың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, өмірін зерттеді. Қызмет бабымен Семей ауылдарын аралап, қазақ билері мен старшындарының съездеріне қатысып, өзіне көптеген қазақ достарын тауып, қазақтың руханияты мен мәдениетіне қатысты мақалалары «Записки Семипалатинского подотдела Русского географического общества» деген ғылыми академиялық еңбекте жарық көріп отырды. 1877 - 1917гг. » атты кандидаттық диссертациялық жұмысында Семей қаласындағы статистикалық комитетінің жұмысына сараптама жасап, баға береді. [5] Ел өткенін жан - жақты өзекті мәселелерде зерттеп, ғылымға саналы үлес қосып жүрген атақты ғалым және Отанымыздың бірқатар марапаттарына иегер Ж. Қ. Қасымбаевтың қалалар тарихына қатысты зерттеулерінің көтерген мәселелері, ондағы жасалынған тұжырымдар, сондай - ақ олардағы деректік қисын ауқымды деуге болады. Оның зерттеулерінде Семей қаласының қазан төңкерілісіне дейінгі кезеңдегі тарихы, қазақстан қалаларының ішіндегі Семейдің рухани - мәдени орталық ретіндегі рөлі, қаланың бекеніс ретінде салынуының саяси астары сияқты мәселелер дерегі жеке талдау арқылы беріледі. [6] Семей қаласының 250 жылдығына арналған С. Анисимов пен Г. Бутлердің қосалқы авторлығымен жарияланған «Семипалатинску 250 лет» атты еңбек ауқымды кезеңдегі қаланың іргетасы қаланғаннан бастап әр-түрлі саясат үстем болған тұстардағы қоғам өзгерістеріне тоқталу, қала тарихына қатысты мәдени ескерткіштерге баға беру кеңестік дәрежелеу көзқарасында болса да қарастырады. Республикалық ғылыми журнал мен газет беттеріндегі мақалаларда қала тарихының өзекті мәселелерін қамтитын бірқатар жәйттар қарастырылады. [7] Д. Сейсенұлының «Егемен Қазақстан» газетінде 2000 жылы 1 қаңтарда жарық көрген «Көне ғимараттарға тіл
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1900-1940 жылдардағы қазақ жастарының мерзімді баспасөзінің тарихы
1867-1891 жылдардағы Қазақстанда Патшалық Ресейдің саяси билігінің орнығуы
1900-1914 жылдардағы империалистік бәсекелестік пен Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатиялық дайындық
1867-1891 жылдардағы басқару жүйесінің өзгерістері және патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауы
1900-2007 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық дамуы мен Қазақстанмен дипломатиялық қатынастары
XX ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік өзгерістер және 1900-1920 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары
Невада - Семей қозғалысының Семей полигонын жабудағы тарихи рөлі
1860-1930 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі діни ахуал: патшалық қоныстандыру мен кеңестік дін саясатының әсері
М. В. Ломоносовтың педагогикалық идеялары мен Ресейдегі ағарту ісіндегі рөлі
1905-1915 жылдардағы Ресейдегі түркі-мұсылман саяси қозғалыстары: Иттифақ әл-Муслимин мен Сират әл-Мустақимнің тарихы мен саяси стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz