Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу


М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
Орындаған Анарбеков Бексултан ЮП- 6B04214
Қабылдаған Құрманбаева Дамира Парменқызы
Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
Жоспар
Кіріспе
Әкімшілік - құқықтың негіздері
- Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
- Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
- Әкімшілік құқықтың дербес салаларының бірі-атқарушы билік
- Әкімшілік құқықтың нормалары
- Олардыңтүрлерімен қайнар көздері
Қортынды
Кіріспе.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда ″Әкімшілік - құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық - тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты - басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздікте ″Әкімшілік - құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала ретінде қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық дегеніміз - басқару саласында қоғамдық қарым - қатынастарды реттейтін әкімшілік - құқықтық нормаларын жиынтығы. Ал басқару саласы дегеніміз - атқарушы билікті жүзеге асыратын орган.
Әкімшілік-құқық - ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда болады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік - құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік - құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған ″Әкімшілік - құқық бұзушылық″ кодексі және басқа да құқықтық - нормативтік келісімдер жасайды.
Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік- құқықтық реттеу
Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары
Қазақстаннын шетелдегі СІМ органдары Қазақстанның ағымдағы кезеңдегі шет елдер мен халықаралық ұйымдармен экономикалық және гуманитарлық байланыстарының түрлі аспектілері «Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен экономикалық және гуманитарлық байланыстары» бөлімінде көрсетілген. Бұнда көкейтесті екі жақты және көп жақты қатынастар туралы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері мен қатар шет мемлекеттердің өкілдері де басылым беттерінде сөз алады.
Қауіпсіздік- жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы.
Қауіпсіздік -
1) қауіп-қатерлерден қорғаные;
2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті;
3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы;
4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы;
5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі) ;
6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.
Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтары.
Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары.
Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Iшкi iстер министрлiгi), оның құрамына кiретiн департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлiмшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көлiктегi оған бағынатын iшкi iстер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелiк, желiлiк iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер, бiлiм беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi - iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және өкiм етушiлiк функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады.
Азаматтық қорғаныс дегеніміз- басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс туралы Заңына сәйкес Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi болып саналады.
Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Жалпы алғанда әкімшілік-құқық дегеніміз - мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы - жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығын айтамыз.
Яғни, әкімшілік - құқық саласына толығырақ тоқталатын болсақ, онда мыналарды қарастырамыз:
- Әкімшілік - құқықтың жалпы ұғымын (яғни, рөлі мен маңызы, пәні мен атқарушы билігі, қайнар көздерін) .
- Әкімшілік - құқықтың қатынастары (ұғымы мен ерекшеліктері жәнетүрлері) .
- Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы.
Құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі - әкімшілік - құқық. Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз етеді. Мемлекет әкімшілік - құқықтың нормалар арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік - мәдениеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мен мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдірі үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыру жөнінде әкімшілі - құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік - құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай - ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез - құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтың мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік - құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
- Әкімшілік-құқықтың дербес салаларының бірі - атқарушы билік.
Құқықтың әрбір саласының пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясы болып табылады, оларды реттеу тиісті саланың нормаларымен жүзеге асырылады. Әкімшілік-құқық - атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқықтың дербес салаларының бірі. Сондықтан құқықтың бұл саласының пәнін оқып үйрену кезінде ең алдымен атқарушы билік деген не екенін, оның мәні мен әлеуметтік міндетінің неден тұратынын білу қажет.
Атқарушы билік тармағын алатын болсақ, ол ұйымдастыру басқарушылық, атқару - өкім ету сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Іс жүзінде оларды мемлекеттің арнаулы органдары - атқарушы билік органдары орындайды, олардың қызметі заңдардың негізінде және соларды орындау үшін мемлекет пен оның аппаратының күнделікті жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Атқарушы билікті жүзеге асыру өкілеттіктері мен мүмкіндіктері Үкіметке, министрліктерге, агенттіктерге, комитеттерге және басқа Республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарына, сондай - ақ бірқатар лауазымды адамдарға берілген.
Мемлекеттердің мақсаттарын, функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған атқарушы билік органдардың қызметі заңнамаларда, ең алдымен Конституцияларда белгіленген.
Атқарушы билік органдарының функциясы - Заңдарды орындау және олардың орындалуын бақылап отыру, бұл осы органдардың атауында көрініс тапқан. Заң шығарушы орган заңдарды дайындап қабылдайды, атқарушы билік органдары оларды орындайды, іске асырады.
Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
- Болжау. Қолда бір ақпараттың, оның ішінде ғылым негізінде қандай болса да оқиғалардың немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала болжайды.
- Жоспарлау - әлде бір басқарылатын қызметтің бағыттарын, мақсаттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді, пропорцияларды, қарқындар мен нақты сандық және саналық көрсеткіштерді анықтау; басқарушы және басқарылушы кіші жүйелерді ұйымдастыру.
- Құқықтық реттеу - қандай да болмасын бір қызметтің және тиісті құрылымдардың жұмыс істеуінің құқықтық тәртібін белгілеу.
- Жалпы басшылық жасау және жедел үкім етушілік жұмыс - әртүрлі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, ұйымдардың іс - қимылдарын алдын ала және күнделікті үйлестіру.
- Бақылау - заңдарды, жоспарларды, бағдарламаларды орындаудағы бұзушылықтарды табу және жою және шаралар, оның ішінде белгіленген тәртіпті бұзушыларға, қолдану үшін істің нақты жағдайын тексеру.
- Атқарушы - өкім етуші қызметті және, оның ішінде түрлі нәтижелерін жүзеге асыру үшін адам, материалдық, қаражаттық және өзге де құралдарды ескеру; әдістемелік басшылық жасау.
Атқарушы билік органдары шешім дайындап, қабылдаудан, оны орындаудан, орындалуына бақылау жасаудан және қортындысын жасаудан тұратын басқару процесін жүзеге асырады.
Сонымен, атқарушы билік органдарының мазмұнындағы маңыздысы - бұл ұйымдық басқарушылық және атқару - өкім етушілік сипаты бар мемлекеттік функцияларды іске асыру жөніндегі өкіметтіктер мен шынайы мүмкіндіктердің болуы; осы қызметті іске асыру кезінде мемлекет мүддені білдіретін басқарудың құқықтық актілерін пайдалану.
- Әкімшілік құқықтың нормалары.
Әкімшілік құқықтың нормада атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез - құлықтың ережесі блады. Әкімшілік құқықтың нормасы өзімен реттелетін қоғамдық қатынастың мәнін білдіреді, нақты әкімшілік құқықтық актінің ″кірпіші″ болып табылады.
Әкімшілік құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүесінде маңызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен тобын реттейді.
Әкімшіліқ құқықтың нормалары мен басқару мен жергілікті өзін - өзі басқару субъектілерінің өзара қарым - қатынастарының құқықтық режимін белгілейді, азаматтардың атқарушы билік аясындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындайды. Әкімшілік, тәртіптілік және материалдық жауапкершілік туралы, сондай - ақ атқарушы билік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері жөніндегі нормалар айтарлықтай орын алады.
Әкімшілік құқықтың нормалары нарықтық экономикаға көшу және оны кеңейту, нығайту жағдайында пайда болатын тек жаңа қоғамдық қатынастардыф ғана реттеп, бекітіп және қорғап қана қоймайды, сонымен бірге қазіргі кезеңдегі жағдайларға тура келмейтінқоғамдық қатынастарды атқарушы билік аясынан ығыстырып шығарады. Оның көптеген нормаларында заңдарды орындау, жүзеге асыру, олардың талаптарын нақты жағдайлар мен басқару объектілеріне қолдану механизмі айқындалады.
Заңнамаларды орындау мен қолдану мақсаттарына атқарушы биліктің өз органдарының құқық шығару жұмысы да қызмет етеді. Заңдық нормалардың тікелей күші болмайтын жағдайларда, бұл рөлді Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы билік органдары шығаратын заңға тәуелді актілер орындайды. Конституциялық және заңнамалық топтамаларды заңға тәуелді актілер әбден талдап, нақтылай отырып, оларды шынайы жұмыс істейтін етеді.
- Әкімшілік құқытық нормаларының түрлері мен қайнар көздері.
Экономика, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік саяси аяларда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындайтын нормалар түрлеріне бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін айқындайтын нормалар тобын материалдық деп атауға алынған. Мысалы: мемлекеттік басқару субъектілері туралы көптеген ережелердің баптары.
Материалдық құқық нормаларын жүзеге асырудың тәртібін айқындайтын әкімшілік құқық нормалар процесуалдық деп аталады. Мысалы: істердің тиісті сыныптары бойынша іс жүргізуді реттейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің бөлімдері.
Әкімшілік - құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша : міндеттейтін, тиым салатын, уәкілеттік беретін, ынталандыратын және ұсынылатын болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz