Химия өнеркәсібінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстанның химия өнеркәсібі кешені

Курс: 3
Тобы: Г-18-3
Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Орындаған: Гурбанмадов Гуванч
Қабылдаған: Байкеева Лаззат Таукебаевна

ТАРАЗ 2021
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мазмұны
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.Химия өнеркәсібі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.Химия және мұнай-химия өнеркәсібі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар
3. Химия өнеркәсібі туралы жалпы мағұлмат.

4. Қарағанды Химия Өнеркәсіпі.
4.1. 2005-2009 жылдардағы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы

5. Химия өнеркәсібінде:
1. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индекстері өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

6. Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқару қызметі.
6.1. Көмір ӘАҚҚ негізгі міндеттері

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
7. Қарағанды облысының 1946-1990 жылдар аралығындағы өнеркәсібінің дамуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
8. Қарағанды металлургия комбинаты

9. Қарағанды кәмпиттері ААҚ

10. Қарағанды ұн комбинаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Химия өнеркәсібі -- ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Химия және мұнай-химия өнеркәсібі
Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді.
1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:
кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)
негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)
химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика
2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:
синтетикалық каучук
негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру
резина-асбест өнеркәсібі жатады.

Химия өнеркәсібі туралы жалпы мағұлмат.
Химия өнер кәсібі- шаруашылықтың техникалық дамуын анықтайтын маңызды саланың бірі. Бұл өнеркәсіп шаруашылық салаларын әртүрлі дайын химиялық шикізаттармен қамтамасыз етеді. Химия өнеркәсібі- ауыр өнеркәсіптің бір саласы, оның құрамына көмірсутекті, минералды және басқа да химиялық қайта өндеуден өтетін түрлі шикізат өнімдерін өндейтін өндіріс орындары кңреді.
Химия өнеркәсібінің салалық құрамы өте күрделі, ол кен химиясы, негізгі химия және органикалық синтез бен полиметр химиясы салаларынан тұрады.

Химия өнеркәсібі.
Химия өнеркәсібі.

Органикалық синтез бен полимер химиясы.
Органикалық синтез бен полимер химиясы.
Негізгі химия
Негізгі химия
Кен химиясы
Кен химиясы

Фосфор және калий тұздары, ас тұзы,апатит.

Фосфор және калий тұздары, ас тұзы,апатит.

Жасанды талшық, жасанды каучук, пластмасса бояу, кір жуатын ұнтақ.
Жасанды талшық, жасанды каучук, пластмасса бояу, кір жуатын ұнтақ.
Сода өндірісі, күкірт қышқылы, минералды тынайтқыштар.
Сода өндірісі, күкірт қышқылы, минералды тынайтқыштар.

Химия өнеркәсібі минералды тынайтқыштар өндірудің негізінде ауыл шаруашылығын интенсивтендіруге, халықты тұтыну заттарымен толық қамтамасыз етуге жағдай туғызады.
Қазіргі заманғы химиялық технологияның көптеген артықшылықтары бар:
Алуан түрлі шикізат қорларын аса баңалы өнеркәсіп өнімдеріне айналдырады. Оған химиялық минералды шикізаттар: апаит, фосфорит, калий тұзы, микробилит, ас тұзы, күкірт, минералды отындар әсіресе мұнай газ, жаңғыш тақтатас тб ауылшаруашылық заттары жатады.
Техникалық прогрестің пайдаланудыңнегізінде өндіріске шикізаттың жаңа түрлері енгізуліде.
Қымбат және тапшы шикізататр арзан және көп тараған шикізаттаремен алмастырылады.
Шикізатты кешенді пайдалануға жағдай туғызылады. Мысалы: мұнайдан жанармай, жағармай және көптеген органикалық синтез өнімдері алынады.
Өндірістік қалдықтарды пайдаланудың негізінде жаңа өнімдер алынады.( кокс газынан аммиак, күкіртті газдан күкірт қышқылы.)
Бір шикізаттан әртүрлі өнімдер, керісінше, бір өнімді әр түрлі шикізаттардан алуға болады.

Қарағанды Химия Өнеркәсіпі.

Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды.
Қарағанды қаласының өнеркәсібі тау-кен, өңдеуші салаларымен және электр қуатымен қамтамасыз ету, газ, бу тарату мен ауамен салқындату салаларымен кеңінен танылған. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға: Батыс шахтасы ЖШС, Агат АҚ, Батыр ЖШС, Лад-Көмір ЖШС, Евразиан фудс АҚ, Қарағанды конфеттері АҚ, Қарағанды сүт комбинаты ЖШС, Ақнар Фирмасы ЖШС, Эфес Қарағанды сырақайнатушы зауыты ШК АҚ, Қарағанды электротехникалық жабдықтау зауыты АҚ, МашЗауыты №1 ЖШС, Қарағанды Энергоорталық ЖШС, Қарағанды аймақтық энергетикалық компаниясы ЖШС, Қарағанды Жарық ЖШС, Теплотранзит ЖШС, AlemGaz ЖШС және т.б. жатады.
Қарағанды Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саласы мейлінше дамыған аймақтарының бірі бола отырып, дайын өнім, көмір өндіру, қара металл, катодтық мыс, электр қуатын өндіру бойынша жетекші орындарды алып отыр.
2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында аймақтың өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 62,1 млрд. теңгеден 114,3 млрд. теңгеге дейін немесе 84,2%-ға өсті. Бес жыл ішінде берілген саладағы қызметкерлердің саны 6 мың 296 адамға немесе 20,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар қарастырылған уақыт аралығында қызметкерлердің еңбекақы қорының 11 057,7 млн. теңгеден 16 283,9 млн. теңгеге, немесе 2005 жылға қарай 147,3%-ға дейін өсуі байқалады. Еңбек өнімділігі бір жұмысбастыға алғанда 4598 теңгеге немесе 2,3 есе көтерілгені көрініп тұр.
Қызметкерлер санының азаюына әсер етуші фактор болып кәсіпорындарда жүргізіліп жатқан өндірісті жаңарту мен автоматтандыру табылады.
Көрсеткіш
2005
2006
2007
2008
2009
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге
62 080,6
77 606,4
85 111,8
123 217,9
114 328,1
Еңбекақы қоры, млн. теңге
11 057,7
12 898,7
14 489,7
18 638,9
16 283,9
Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам
31 161
30 552
28 055
29 046
24 865
Еңбек өнімділігі, мың теңге
1992,3
2540,1
3033,7
4242,2
4598

Сонымен қатар дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 7,2%-ға төмендеуі, қызметкерлердің тізімдік санының 14,4%-ға, және сәйкесінше, еңбекақы қорының 12,6%-ға төмендеуі орын алған.
Аталған төмендеу үдерісі алдымен қаланың тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің төмендеуімен (2008ж. деңгейіне 49%), яғни көмір өндіру көлемінің 30,2%-ға және металл кенін табудың 0,8%-ға төмендеуімен тікелей байланыстырылады.
2005-2009 жылдардағы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы

Химия өнеркәсібі : көмір өнеркәсібі мен қара металлургия бірлесу (кооперация) арқылы өркендеді . Синтетикалық каучук және резеңке-техникалық бұйымдар зауыты . Кокс химиясы өнеркәсібі азот тыңайтқыштарын, тас көмір смоласын, күкірт қышқылын өндіреді .

Бес жыл ішінде аймақтың экономикасына 279 млрд. 831,2 млн. теңге сомасында инвестиция тартылған. 2009 жылы инвестициялар көлемі 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 199,8%-ды құраған.
2009 жылдың ішінде 213 жұмыс орны бар 8 жаңа өндіріс енгізілді:
- Tiffany marble ЖШС - құйма тастан сантехникалық және өңделетін материалдарды жасау цехі (23 жұмыс орны);
- Азия Метиз СҮ ЖШС - болат сымын өндіру цехі (35 жұмыс орны);
- Технопарк UniScienTech ЖШС - құйма өндірісін дайындаудың сандық технологиялар кешені (5 жұмыс орны);
- Авто-Б.А.Н. ЖШС - пенополистирол өндірісі (30 жұмыс орны);
- Қарағанды №1 ет комбинаты ЖШС - ет және шұжық өнімдерін өндіру цехі (50 жұмыс орны);
- Стройпластмасс АҚ - полиэтилендік қабық өндірісі (9 жұмыс орны);
- Қазақстандық метрология институты - 11 жұмыс орны бар сынау газдық қоспалар өндірісі;
- TREI - Караганда - жаңа 50 жұмыс орнын аша отырып, контроллер өндірісі;
2011-2015жж. аралығында Қарағандыда жалпы сомасы 222743,3 млн. теңгені құрайтын 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Оның ішінде экономика салалары бойынша:
металлургия өнеркәсібінде - 5 жоба;
тамақ өнеркәсібінде - 5 жоба;
химия өнеркәсібінде - 2 жоба;
фармацевтика өнеркәсібінде - 3 жоба;
машина құрылысы саласында - 4 жоба;
құрылыстық индустрия саласында - 3 жоба;
электроэнергетика саласында - 2 жоба;
жеңіл өнеркәсіпте - 1 жоба.

Химия өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға өсті де 2204,9 млн. теңгені құрады.

Химия өнеркәсібінде:

- Эгофом ЖШС норвегия технологиясы мен жабдықтары (Германиядан және Великобританиядан) бойынша икемді пенаполиуритан өндірісін іске қосты. Шығарылатын өнім түрі - поролон, жиһаз шығаруда қолданылады. Қазақстанда мұндай өндіріс жоқ. Жобаның қуаттылығы жылына 7 мың тонна. Жобаның құны 120 млн. теңге. 120 жұмыс орны құрылды

Теміртау қаласының және оның өнеркәсіп обьектілерінің құрылысы Қарағанды көмір бассейнінің игеру мерзімімен байланысты. Қиын қыстау соғыс жылдары КСРО-ның көптеген өнеркәсіп аудандары жаудың қолында қалғанда, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағанды қаласының жанынан металлургия зауытының құрылысы туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Қазіргі кезде қала аумағы 29610 га құрайды, онда 175267 адам тұрады. Өзінің экономикалық ерекшелігі бойынша Теміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі индустриалдық орталық болып табылады, қалада 1201 кәсіпорын жұмыс істейді. Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы төмендегі салаларды ұсынады: металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тарту өнеркәсібі, электрэнергетикасы, басқа да металл емес минаралды өнімдердің өндірісі.

2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда шикі мұнайды, табиғи газды, көмірді, лигнитті және металл кендерін өндіру артты. Тамақ өнімдерінің, сусындардың, құрылыс материалдарының, киім өндіру, химия, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды. Төмендеуі Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді.

Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индекстері

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

2011 жылғы қаңтарда өнімнің жеке түрлерін өндіру

Өндірілгені
Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна 7,1 107,1

табиғи газ, млрд.текше м 3,6 111,6

ұн, млн.тонна0,3 98,9

бензин, млн.тонна 282,2

цемент, млн.тонна0,3 122,7

ферроқорытпалар, млн.тонна 0,197,6

тазартылған мыс, мың тонна 29,7104,5

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. 8,5 105,5
Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқару қызметі.

Қарағанды көмір бассейнінде алғашқы тау-кен құтқару қызметі 1932 жылы құрылды, осы жылы 1 қарашадан бастап тау-кен құтқарушылары шахтёрлардың еңбегін және көмір өнеркәсібінің объектілерін қорғау бойынша тәулік бойы кезекшілік етуге кірісті және осы уақытқа дейін абыроймен атқарып келеді. Тау-кен құтқару қызметі Қарағанды бассейнінің алғашқы көмір шахталарының құрылысымен бірге қиын экономикалық жағдайда құрылған. 1934 жылы құрылған екі взводтан және үш тау-кен құтқару пунктінен тұратын, әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағының жабдығында Донбастан әкелінген, ескі, 25 жыл пайдаланған неміс респераторлары және қарабайыр бастапқы өрт сөндіру құралдары болды.
Ұлы Отан Соғысының қиын жылдарында Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқарушылары қызмет істей отырып, көмір шахталарының аварияға қарсы қорғанысын қамтамасыз еткен, сонымен қатар көмір өндіруге, Донбастан эвакуацияланған кәсіпорындарды және адамдарды орналастыруға қатысқан.
Соғыс жылдарынан кейін шетелдік ұқсас нұсқасынан кем емес, жаңа газқағар аппараттары және тау-кен құтқару жабдықтары әзірленіп, жетілдіріліп енгізілді.
Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқару қызметі 1968-1988 жылдар аралығында ерекше дамыған. Жеке жедел тау-кен құтқару взводтары жасақтарға бірігіп қайта құрылды, қызметтік және тұрғын ғимараттардан кешендер құрылған. Қызмет бөлімшелері жер астындағы өртпен күресудің жаңа қуатты және жетілген құралдарымен, көбік-ұнтақты сөндіру құрылғысымен, жер астындағы өрттерді сөндіру және инертизациялаудың қуатты құралдарымен, инертті газ генераторларымен, жарылыс тұрақтылығының гипсті далдаларын орнатуға арналған кешендермен жарақтанды. Жылжымалы және стационарлық газдандыру құрылғылары, жеке және топпен қолданылатын жылуға қарсы құралдар. Шахтада зардап шеккендерге көмек көрсететін реанимациялық-есеңгіреуден алып шығатын топтар ұйымдастырылған. Авариялардың алдын алу мен жоюдың жаңа әдістері, тәсілдері, амалдары сапалы әзірленген.

Өткен жылдарда көмір өнеркәсібінің кәсіпорындарында болған күрделі авариялар мен апаттар кезінде кеншілерге тау-кен құтқарушылары пәрменді көмек көрестіп, оларды апаттан құтқарып, ең күрделі авариялардың салдарын табысты жойды.
Қарағандының Тау-кен құтқарушылары 1966 және 1969 жылдары Алматыда, 1988 жылы Ленинаканда (Армения) жер сілкінісі және сел жүру кезінде, Қарағанды ет комбинатында, Екібастұз ГРЭС-2 газ жарылысында, Баянауылда орман өрттерін сөндіруге, Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларында тұрғын үйлерде тұрмыстық газ жарылған кезде авариялық-құтқару жұмыстарына қатысқан.
Көмір шахтасында жерасты қазбаларының авариялары кезінде тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу өте қиын және қауіпті, бұл жерде тау-кен құтқарушыларға батылдық, жанкештілік, қайғылы оқиғаға тап болған адамдарды құтқару үшін ерлік жасауға дайын болу сияқты адамның ең жақсы қасиеттерінсіз мұндай жұмыстарды істеу мүмкін емес. Әр жылдарда өзінің кәсіби міндетін, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау барысында 52 тау-кен құтқарушы қайтыс болды.
Тау-кен құтқарушыларының мінсіз қызметі, қажырлы еңбегі, көрсеткен ерлігі мен батырлығы лайықты жоғары үкіметтік және ведомстволық наградалармен ескерілген.
1970-1972 жылдар аралығында Қарағанды көмір бассейнінде кеншілерді құтқару және бірқатар күрделі авариялардың салдарын табысты жою кезінде көрсеткен ерліктері мен жанкештігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қарағанды әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды.

Көмір ӘАҚҚ ұйымдастыру құрылымына 3 әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы кіреді, олар 46 жедел бөлімшеден тұрады, олардың ішінде: 1 ӘАҚЖ (Қарағанды қ.) - 20 бөлімше, 2 ӘАҚЖ (Шахтинск) - 16 бөлімше, 3 ӘАҚЖ (Екібастұз қ.) - 10 бөлімше, әскерилендірілген авариялық-құтқару взводы (Шұбаркөл) - 4 бөлімше. Штабтың және бөлімшесінің құрылымына
кіретін басқада қосымша бөлімшелер және қызметтер: шахтаның өрт сөндіру құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясы, тау-кен құтқарудың құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша механикалық шеберхана, реанимациялық-есеңгіреуден алып шығатын топтар (1 ӘАҚЖ және 2 ӘАҚЖ құрылымдарында). Жеке құрамның жалпы саны - 633 адам.
Көмір ӘАҚҚ филиалының бөлімшелері Миттал Стил Теміртау ААҚ КД, Богатырь Аксес Көмір ЖШС, Евроазия энергетикалық корпорациясы ААҚ, Шұбаркөл Көмір ААҚ, Қазақмыс Корпорациясы ЖШС, Гефест ЖШС және басқалардың құрылымына кіретін, пайдалы қазбаларды ашық, жерастынан қазып байытатын 36 өнеркәсіптік объектіге қызмет көрсетеді.

Көмір ӘАҚҚ негізгі міндеттері:

көмір өнеркәсібінің қызмет көрсететін кәсіпорындарда авария кезінде адамдарды құтқару және эвакуациялау, оларға тікелей жұмыс орнында және эвакуациялау барысында бірінші медициналық жәрдем көрсету;
өрт сөндіру, газ және көмір шаңы жарылысының, құлау, тау-кен қазбаларының газдану және су алу салдарын жою, қызмет көрсететін объектілерде төтенше және авариялық жағдайда өткізілетін басқада арнайы жұмыстарды орындау

Қызметтің барлық бөлімшелері Көмір ӘАҚҚ филиалын техникалық жабдықтау табеліне сәйкес техникалық жабдықтармен және арнайы автокөлікпен жинақталған. Оның ішінде: Тыныс алу мүшелерін қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Симметриясыз көлденең қимасы бар бұйымдарды экструзиялауға арналған бүркегіштер
Химия өнеркәсібі туралы
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Америка Құрама Штаты
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы
Арзан шикізатты табу және қолдану
Химия өнеркәсібі
Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы
Алициклді қосылыстардың қасиеттері
Қазфосфат ЖШС туралы
Пәндер