Халықаралық құқық теориясы тұрғысынан Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін анықтау


Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖОҒАРҒЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ИММУНИТЕТТЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТТАР ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Орындаған: ХҚҚ 41-тобының
Бакалавры Еркін С. Т.
Ғылыми жетекші:
з. ғ. к.,
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
- ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ . . . 7
1. 1 Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасуы және даму тарихы . . . 7-17
1. 2 Халықаралық қылмыстық сот құқықтық мәртебесінің түсінігі және мазмұны . . . 18-25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26-27
БИБЛИОГРАФИЯ . . . 28-30
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың жаңа мыңжылдыққа қадам басуы мемлекетаралық өзара қатынастар жүйесіндегі халықаралық құқықтың рөлінің жоғарылаумен ұштасты. Әлемдік қауымдастық өз алдына халықаралық және ішкімемлекеттік істер аясында құқық басымдығын орнатуды маңызды мақсат етіп қойды. Құқық басымдығын орнатуда мемлекеттерге қарағанда белгілі бір жеке лауазымды тұлғалар ең қатыгез нысанындағы қылмыстардың іске асырулары арқылы жиі кедергі туғызды.
Халықаралық қылмыстық сот құқықтық міртебесін зерттеудің өзектілігі, тап осы сот құрылған кезеңінен қазіргі уақыттарға дейін әлемдік жүйеде жалғыз әмбебабтық халықаралық сот органы болып қалуында түсініледі.
Бірақ халықаралық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуі ісінде айтарлықтай ең маңызды оқиға ретінде ХХ-ХХІ ғасырлардың басы әлемдік қауымдастықтың құқықбұзушылықтары күллі әлемнің алаңдаушылығын тудыратын категориялы қылмыстарға қатысты қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыратын - Халықаралық қылмыстық сотты (онан әрі, ХҚС) құру болып табылады.
Арнайы және Даярлау комитеттері талқылауларының шеңберіндегі маңызды сұрақ Халықаралық қылмыстық сот аясы - ұлттық сот органдарды толықтырушы орган ретінде мойындауы болды. Арнайы комитет өзінің сот органын құру мәселесіне арналған баяндамасында, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында халықаралық құқық комиссияларының ойларында Халықаралық қылмыстық соттың ұлттық сот органдарын ауыстыру туралы ниет болған жоқ, бірақ, Халықаралық қылмыстық сотты юрисдикциясы қарапайым жұмыс секілді болып қалмауы қажет.
Нәтижесінде, 1998 ж. Рим қаласы конференциясында осы таңға дейін әрекет ететін бірде-бір ұлттық қылмыстық юрисдикциясы бар үлгілерінен және ad hoc трибуналдарының шеңберіндегі халықаралық қылмыстық юрисдикцияға ұқсамайтын, халықаралық қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыратын жаңа үлгісі жасалады.
Әлемдік халықаралық тәртіп пен халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаңа халықаралық сот органы ретінде Халықаралық қылмыстық сот құқықтық табиғатындағы құқықтық мәртебесінің орны ерекше екені байқалды.
Сондықтан, Халықаралық қылмыстық сот жұмыс жасау проблемасы және әрдайым жылдам алмастырылып отыратын әлемде оның рөлі, сонымен қатар болашақта оның дамуы мен мол мүмкіндіктері, қазіргі таңда халықаралық құқық ғылымы мен тәжірибесінің көз-қарасы тұсында аса маңызды назарды аудартады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттің лауазымды тұлғалардың иммунитеті және Халықаралық қылмыстық сот құқықтық мәртебесінің заңдық маңызын кешенді түрде зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған болатын:
- Тұрақты жұмыс істейтін халықаралық қылмыстық сот туралы ойдың пайда болуына және оны құруға ықпалын тигізген жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіншілігін туғызған факторларды тарихи-теориялық негізінде зерттеу.
- Жоғары лауазымды тұлғалардың артықшылықтарын зерделеу.
- Жоғары лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылуын зерттеу.
- Конвенциялардағы жоғары лауазымды тұлғалардың жағдайын салыстыру.
5. Халықаралық қылмыстық әділет органдарының дамуы және қалыптасу процесстерін кезеңдерге бөліп қарастыру тұрғысында тарихи-құқықтық талдау жүргізу.
6. Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасуына едәуір түрткі болған ad hoc трибуналдар қызметіне сараптамалық-талдау жүргізу.
7. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық табиғатына қатысты құқықтық мәртебесіне салыстырмалы-құқықтық зерттеу жүргізу.
8. Халықаралық құқық теориясы тұрғысынан Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін анықтау.
Зерттеудің пәні мен объектісі. Жұмыс пәні - Мемлекеттің лауазымды тұлғаларының иммуниеттері және Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі болып табылады. Зерттеу объектісі ретінде жеке тұрғыда белгіленген жауаптылыққа орайлас қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдануымен және оны іске асыруда туындайтын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Проблеманың зерттелу жағдайы. Әлемдегі халықаралық тәртібті сақтау мақсатында Халықаралық қылмыстық сот рөлінің елеулі екеніне қарамастан отандық халықаралық құқық ғылым саласында жоғарыда аталған сот төңірегінде зерттеулер саусақпен санарлықтай ғана жүргізілген. Атап айтқанда, мерзімдік басылымда Т. К. Пактың, М. Б. Құдайбергеновтың және М. М. Ауэзовтың мақаласы кездеседі және Халықаралық қылмыстық сотқа жанамалық сипаттық түрде М. Б Құдайбергеновтің «Международная уголовная ответственность физических лиц» және С. С. Казакованың «Уголовная ответственность за преступления против мира и безопасности человечества» атты кандидаттық диссертациялары орын алады. Ал, отандық заң ғылымында жоғарыда аталған сот аясында ғылыми кітаптар мүлдем жоқ. Халықаралық қылмыстық сот жөнінде орыстардың заңдық ғылымында жан-жақты талқыланып зерттелген материалдар жеткілікті. Солардың ішінде жұмыс барысында қолданылған авторлардың тізбесіне тоқталсақ, олар Адельханян Р. А., Блищенко И. П., Верещетин В. С., Грицаев С. А., Греченкова О. Ю., Гефтер А., Дикаев С. У., Каболов В. В., Карташкин В. А., Кравченко Н. Н., Колосов Ю. М., Коровин Е. А., Костенко Н., Лукашук И. И., Моисеев А. А., Наумов А. В., Патрин Д. А., Рамашкин П. С., Русинова В. Н., Сафаров Н. А., Трикоз Е. Н., Тузмухамедов Б. Р., Ушаков А., Фисенко И. В., Энтин М. Л. және т. б.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Әдістемелік негізін процесстердің және құбылыстардың, сондай-ақ объектіні зерттеуде жүйелік тәсіл қолдану және зерттеу пәнінің қазіргі тану теорияларының ережелері құрастырады.
Дипломдық зерттеу жұмысы жалпы ғылыми (талдау, жүйелік тәсілдеу, тарихи, салыстырмалы, қисынды) және арнайы әдістердің жиынтығына негізделді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz