Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КIРIСПЕ

Коммерциялық банктер әмбебеп қаржылық институт ретінде нарықтық экономикаға белсенді қатысушысы құрылымдар болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциясынан және инвестициялық қызметтерінен түскен табыс пайдасының қалыптасуы үлкен роль атқарады.

Қаржы нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен диверсификациялануы ірі қаржы банктік топтардың ұйымдасуына алып келді. Олар қаржы нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде эмитент, инвестор және делдал ретінде ролі маңызды.

Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенеді. Банктердің операциясының кеңеюі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылып отырады.

Соңғы жылдары Қазақстанның банкі жүйесі - ТМД елдерінің ішінде ең озық та динамикалық қарқынды түрде дамып келе жатқан банк жүйелерінің бірі. Еліміздің екінші деңгейлі банктері сенімділік және тұрақтылық дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданып, арнайы стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруда.

Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенеді. Банктердің бағалы қағаздармен операциясының кеңеюі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.

Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге, банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт болғандықтан оның қаржы нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және корпоративті инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.

Әйгілі экономист К. Маркстің айтуынша: « Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақталуына жауап беретін ұйым».

Инвестициялы - банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығады.

Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге, банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт болғандықтан оның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.

Коммерциялық банктердің жекелеген операциялары және корпоративті инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері» қазіргі кезде өзектілігі орасан зор артуда.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің қаржы нарығында кәсіпқой қатысушы ретіндегі қызметі мен дамуы, оның негізгі бағыттары, міндеттері және мәселелері, оларды жетілдіру жолдары туралы мәліметтердің негізінде қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті қаржы нарығындағы банктердің ролін анықтау және қызметіне «Банк Центр Кредит мысалында» толық жәнеде көздеген мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып, активті, пассивтік операцияларға толық сипаттама беріп, олардың қазіргі кезде еліміздегі даму жағдайын талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады:

Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің қызмет түрлерінің даму тарихы мен маңыздылықтарына, коммерциялық банктердің мәні, құрылымдары мен операцияларына, Қ. Р. коммерциялық банктерінің қазіргі кезеңдегі даму тенденцияларын қарастырылды.

Екінші бөлімінде Коммерциялық банктердің экономикалық қызметтеріне талдау жасау (БанкЦентрКредит мысалында), банкттердің инвестициялық операцияларына, яғни инвестициялық операциялар және бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларына, БанкЦентрКредиттің пассивтік операцияларын экономикалық талдау, БанкЦентрКредиттің депозиттік операцияларына сипаттама жасаудан тұрады.

Үшінші бөлімде нарықтық экономикадағы коммерциялық банктердін жағдайын және қызметін және банктердің операцияларын талдау жүргізілді. Коммерциялық банктердің қызметін дамыту жолдары баяндалды.

Жұмыс барысында банктін пассивті, активті операцияларының қызмет ету ерекшелігіне байланысты кестелер сызылған және жұмысты аяқтай келе еліміздегі банктік жүйенің дамуы мен екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің маңыздылығы тұралы жалпы банк жүйесінің болашағы тұралы ұсыныстар бар.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен даму болашақтары».

Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылым әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін Заңдар және басқа нормативтік-құқақтық актілер, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, АҚ «БанкЦентрКредит» ішкі ережелері, оқу әдебиеттері пайдаланды.

Банктің пассивті операциялары негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары. Қаржы және несие сөздігінде: «Пассивті операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциясы», - делінеді.

Пассивтік операциялардың 80-90 пайызын тартылған қаражаттар құраса, оның 60-70 пайызын депозиттер құрайды. Сондықтан банктердің депозиттерін дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі болып табылады.

Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың және депозит шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Қазіргі кезде банктің пассивті операцияларын тиімді басқару, яғни банк ресурстарын қалыптастырудағы негізгі проблемалар, капиталдың халықаралық стандарттарына сәйкес банк капиталының негізгі көздерінің классификациясын жасау, банк пайдасын бөлудің эффективті тәсілдерін қолдану, жаңа клиентураны тарту үшін депозиттердің жаңа түрлерін ұсыну, депозиттік операциялар есебін дұрыс ұйымдастыру банк ісіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

1. 1. Коммерциялық банктердің көрсететін қызмет түрлерінің маңыздылықтары

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі қалыптаспады, оның себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған банктік-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысты болды. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік банктер кірді.

Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылдан бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып саналды. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие бола отырып қызмет атқарды.

1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылып отырды. Елде Мемлекеттік банк құрылып оның бір құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізіліп нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатып ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылғандар банктер қызмет жүргізді, жәнеде әр банк белгілі бір экономика салаларында (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болып отырды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, неселендіріп отырып, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен сапасыз қарыздардың мөлшері басымырақ болды.

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, «Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы » Заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік- коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік -коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі ҚР Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды.

1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 жылдың қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған қаржы көздері есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарып отырды. Экономика салалары мен шаруашылық субъектілерін несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді.

1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді.

1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылдың сәуірінде Ұлттық банктің алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.

1995 жылы екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды. Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.

Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды. Егер жыл басында 60 % банктерде жарғылық қор 5 млн. теңгеге дейін болса, 1996 жылы олардың саны 35% кем болды. 80 млн. теңге және одан да көп жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.

Екінші деңгейлі банктердің қаражаттарын тиімді пайдалану әрі олардың өтімділігін арттыру үшін ҚР Ұлттық банктің жанынан Алматы клирингтік палатасы және Ұлттық банктің Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстық басқармаларында да клирингтік палаталары құрылды.

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:

1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін банк беретін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарымен де, бағалы қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.

2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын көрсететін теңгенің валюталық бағамына және экономикалық бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруімен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайындығын қарастырды.

3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсарту жолдарын іздестірді. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарды қолдану банктердің капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделуіне нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік беріледі.

4. Банк жүйесінің бүхгалтерлік есебі мен статистикасын реформалауды аяқтау. 1995 жылдың орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының банктері мен басқа да несиелік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөніндегі біртұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталды.

5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары. Орта мерзімдік кезеңінде банктің облыстық (аумақтық) басқармаларына айрықша мән берілді. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық басқармалары арқылы жүзеге асырылады.

6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі - ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасттық, лизингтік, факторингтік фирмалар, клирингтік палаталар тағы басқа түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылды және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болды.

Екінші деңгейдегі банктер капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі тиіс және корпоративті бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша диллерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.

Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, өздерінің белгіленген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда болды және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылды.

Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банктерге: Тұрғын-үй құрылыс банкі және Даму банкі жатады.

Ондай банктер қатарында Халықтық жинақ банкі де бар, әзірше ол халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болуда. 1998 жылдан бері, оның салымшыларымен акционерленуі басталды.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы» ережесін қабылдады. Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отызы бірінші топқа кірді. Әрі олар 1998 жылдың соңына дейін халықаралық стандарттарға өтті, ал қалған отыз банк екінші топқа кірді, оларға 2000 жылға дейін халықаралық стандарттарға өту жүктеліп олар қазіргі уақытта бұл межедегі міндеттерді іске асырды. Қалған 17 банктер несиелік серіктестіктерге ие болып, олар ірі банктермен қосылды.

Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркеліп: оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100% - і республика үкіметінің қатысуымен құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Републикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айрысу орталығы; “Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнет ақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы”, Республикалық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорын; “Қазақстандық қор биржасы” АҚ; “Бағалы қағаздар Орталық депозитарий” АҚ; “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ; “Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры” Қоғамдық Қор; “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” ЖАҚ; “Ақмола қоры” ЖАҚ; “Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агентігі” ААҚ; “ Шағын несие” үкіметтік емес ұйым Қоғамдық қоры және т. б.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының нарықтық жүйесіндегі әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына жекелеп сипаттама берелік.

Шетелдік банктердің қатысуымен - акциясының 50 пайыздан астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында екінші деңгейдегі банктер:

  • Қазақстан Республикасының резиденті емес;
  • Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға, акциясының 50 пайызынан көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында;
  • Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамы Республиканың резиденті.

Халықаралық ұйымдардың бағалаулары бойынша, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының банк жүйесі ТМД-да ең серпінді дамушы жүйе болып табылады.

Қазақстан банктері бірте-бірте тұрақтырақ, айқындау болып, өзінің қоғам алдындағы міндеттерін нақтырақ орындап жатыр.

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуде, алайда көптеген шетелдік дамыған елдерде коммерциялық банктер 1000-даған әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетеді. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғаның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің қаржыларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады.

Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

1. 1. 1 - кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Банк табыстарын талдау
Мемлекетің бағалы қағаздары
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі банкке табыс әкелетін операциялар
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Коммерциялык банктер, олардың жіктелуі
Банктің пассивтік операциялары туралы
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Банк пайдасы мен табыстылығы
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz