Сыныптан тыс жұмыстың мәні


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«___»2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру»
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111093 «Информатика мұғалімі»
Орындаған 4-Инфо-1
тобының білім алушысы Ербол Гүлқанат
Ғылыми жетекшісі
«___» 2021 ж. А. А. Касенова
Норма бақылаушы
«»2021 ж. Ж. А. Слямбекова
Өскемен, 2021 ж.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Ербол Гүлқанат
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111093 «Информатика мұғалімі»
Өскемен, 2021 ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Сыныптан тыс жұмыстың мәніСыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндетіСыныптан тыс жұмыстың функциялары мен принциптеріСыныптан тыс жұмыстың мазмұныСыныптан тыс жұмыстың формалары мен сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары
Қортынды бөлім
- Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері\Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Оқудан тыс іс-шаралар мектептің тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады және мұғалімнің мектептен тыс іс-шаралар кезінде әр түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі бола отырып, оқудан тыс іс-шаралар білім беру мен тәрбиенің ортақ мақсатына қол жеткізуге бағытталған - білім беру жүйесіндегі жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, жеке қасиеттерін дамытуға, олардың әлеуметтенуіне және қоғамда бейімделуіне жағдай жасау. Оқушылардың білімін кеңейтумен қатар, оқушыларға тәрбиелік әсері де бар.Зерттеудің өзектілігі: Сыныптан тыс жұмыстар оқушының жеке басын дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады, сондықтан информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі болашақ информатика мұғалімін кәсіби даярлау үшін үлкен маңызға ие.
Мектептегі тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі бола отырып, сыныптан тыс жұмыстар оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсатына - баланың қоғамдағы өмірге қажетті әлеуметтік тәжірибені игеруіне және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Зерттеу нысаны: мектептегі білім беру процесі.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сыныптарда информатикадан сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру
Зерттеу пәні -информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырупроцесі.
Гипотеза (болжам айту) : Егер информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың оңтайлы нысандары, әдістері, мазмұны анықталса, бұл пәнге деген қызығушылықтың дамуына ықпал етеді.
Міндеттері:
-зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді, электрондық білім беру ресурстарын зерделеу;
-информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың формаларын, әдістері мен мазмұнын анықтау;
-жоғары сыныптарда информатикадан сыныптан тыс іс-шара әзірлеу және өткізу.
Зерттеудің құрлымы: Түрлі әдебиеттен жинақталған керекті мәліметтер, тәжірибеден өткізілген сабақ жоспары.
Сыныптан тыс жұмыс оқушының жеке тұлғасын дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан «Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс» тақырыбы келешек информатика мұғалімін кәсіби дайындау үшін үлкен маңызы бар. Педагогикалық маман үнемі шығармашылық ізденісті, кәсіби деңгейін көтеруді, жетілдіруді талап етеді. Информатика мұғаліміне бұл айтылғандар тіпті ең үлкен дәрежеде қатысты. Сондықтан информатика мұғалімі кәсіби басылымдарды қадағалауы, интернеттің ақпараттық пайдалануы т. с. с. қажет.
Ізгілендіру (орысш. - гуманизация) - білім берудің негізгі міндеті мен мәні, оқушының даралығын дамытуды жариялайтын - жаңа педагогикалық ойлаудың түйінді эелменті.
Информатиканы ізгілендіру - білімді ізгілендіруінің құрамдас бөлігі, оны гуманистік негізге ауыстырады. Осы ауысу білім берудегі қайшылықтарды шешуге, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде әлеумееттік тапсырысты орындауға және жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Осы ретте информатикадан алған білім жалпы мәдениетті компоненттің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Информатиканы ізгілендіру барысында мына шарттар жүйесі орындалады деп болжанылады:
• информатиканының адамға, оны қызығушылықтарына, орындалады деп болжанылады;
• әлем туралы біртұтас білімді құру;
• шығармашылықты ынталандыру және қолдау, өз ойын айту және өзін-өзі таныту үшін түрлі әрекеттер түрін ұйымдастыру.
Информатиканы қоғамдандыру (орысш. - гуманитаризация) - кез келген қоғамдық шарттарға дағдыландыратын, оқушыға белсенді, шығармашылық ерікті адам болуға және білім берудің жалпы мәдениетті компоненттің дамуына бағытталған шаралар кешені.
Мектеп курсындағы информатиканы қоғамдандыру мына бағыттарда өтуі мүмкін:
1. Информатикаға гуманитарлық негіз енгізу (тарихы элементтерді қолдану - идеяларды шығарушылармен танысу, информатиканың ғылым ретінде аяқтануы және дамуы, информатиканың философиялық бастамаларын ашу) .
2. Информатиканы оқыту әдістемесінде гуманитарлық ғылымдарға тән стиль, әдістер мен формаларды енгізу.
а) гуманитарлық пәндермен мағлұматтарды қолдану (өлеңдерді, суреттердің репродукцияларын, нақыл сөздерді, сабақтарға эпиграфтар және т. с. с) ;
ә) ертегі, диспут, ой жүгірту сабақтарын енгізу.
3. Информатиканы адамға және әлеуметтік тұрмысқа жақындату:
а) информатиканың қолданбалық әдістер аймағын көрсету;
б) информатикада алынған білімді күнделікті тәжірибеде қолдану;
в) информатиканы игеруде жеке дараның маңыздыллығын көрсету;
г) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының бірлесуі, информатиканыңішкі бірлесуі (бірлескен сабақтар, бірлескен курстар, объектіні және оның бейнесін тұтастай оқу сабақтары) .
4. Шығармашылықтың әртүрлі бағыттарымен ынталандыру, жеке дара қабілетттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау және дербес шығармашылыққа себепші болу арқылы:
а) шығармашылық, зерттеу жұмыстарының жүйесін енгізу,
б) тәжірибеге оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке алатын жеке тапсырмаларды дайындау және енгізу.
в) сыныптан тыс жұмыстың әр түрлілігімен және жүйелігі.
Шығармашылық - қоғамдандыру мен ізгілендірудің өзегі болып табылады және де тек оқушы ғана емес, оқытушы да «шабыттанады» . Оқытушы, кепілді нәтиже алу үшін икемді педагогикалық технология түрінде - қолдану тәртібі аныққталған, қайталанатын педагогикалық әрекеттердің және құралдардың инварианттық жүйесін жасайды.
Оның ерекшеліктері:
- оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру;
- оқу материалын қабылдағанда шамадан тыс эмоциал және интеллекті жүктемелеу мүмкін емес;
- сынып ұжымында жағымды руханипсихологиялық ахуалды қамтамасыз ету;
Оқытушыныың міндеті - оқушылардың алдында, олардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне икемделген әрекеттердің әртүрлі спектрін ашу, шығармашылығын және ізденістерін мадақтау. Оқушы таңдау, өзіне-өзі сенімді болу, өзінің жеке даралығын көрсету құқығына ие. Сондықтан оқытушы оған өзінің қабілеттілігін саналы түсінуіне кқмектесіп, қолдау жасау еліктіру қажет. Информатика пәнінің бағдарламасында мектеп оқулықтарында, және оқытудың қалыптасқан әдістемесінде ұсынылған талаптар «орташа» мөлшерленген. Алайда, оқушылардың дееңгейлік жіктелуі байқалады: біреулері қанағаттанарлық нәтижеге ие, енді біреулері информатиканы аса қиындықпен түсінеді. Мұнын бәрі информатиканы оқытудың жекелендіруіне тіреледі.
Негізгі бөлім:
- Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік - оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы - мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырыс, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесі және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады.
- Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеті
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты - баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжірибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыс мына міндеттердің орындалуына бағытталған:
1. Баланың өзіндік оң - «Мен - концепциясын» қалыптастыру, ол мына факторлармен сипатталады:
а) басқа адамдардың оған деген тілектестігі, қарым-қатынасы жақсы екеніне сенімділгі;
б) баланың тақырыпты және басқа шұғылданатын жұмысын дұрыс меңгере алатындығына сенімділігі; в) өзін тұлға ретінде сезінуі. Оң «Мен - концепциясын» баланың өзіне деген позитивтік қатынасын және әрі қарай жекетұлға ретінде дамуына негіз болатын, өзін-өзі бағалау әділдігін сипаттайды.
2. Ынтымақтастық дағдыларды қалыптастыру және ұжымдық өмірге тәжірибе жинау үшін қолайлы шарттарды жасау. Оқу еңбегі өзінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымныңмм топтасуына қолайлы негіз бола алмайды. Ал, сыныптан тыс әрекеттер, ұжымды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды. Мұнда оқушылар өзара жан-жақты қарым-қатынаста болады. Сыныптан тыс жұмыстың түрлі формаларында оқушылар өздерінің жеке дара қабілеттіліктерін көрсетіп, ұжымда өмір сүруге үйренеді. Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір аспектілерде оқушылардың ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін байытады, осының бәрі үлкен оқу-тәрбиелік нәтиже береді.
3. Әлеумет қолдайтын тиімді әрекеттерді жасау қажеттілігін қалыптастыру. Қажетті дағдылар мен іскерліктер, әрекеттерін формаларымен тікелей танысу оған деген ынтасының жеке бейімділігіне сай икемдеуарқылы қалыптастырылады. Сыныптан тыс жұмыста іскерлікті қалыптастыруға және қажет болса өз бетінше оны ұйымдастыруға шарттар құралды. Қазір қоғамға қайшы өмір сүретін (нашақорлыққ, маскүнемдік, қылмыс жасау) жасөспірімдер санының өсіуне байланысты әлеумет қолдайтын іс-әрекеттерді жасауды қалыптастыру - өзекті мәселе.
4. Көзқарастың өнегелі, жігерлі компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда өнегелі түсініктерді меңгеру арқылы інез-құлықтың адамгершілік нормалары меңгеріледі. Эмоциялы өріс шығармашылық әрекеттерде эстетикалық ұсыну арқылы қалыптасады. 5. Танымдылық ынтаны дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың осы түрі, оқу мен оқудан тыс жұмыстардың сабақтастығын бейнелейді. Себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтағы оқу-тәрбиелік жұмыспен байланысты, ең ақырында оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. 6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде балаларды бақылаусыз қалдырудан келетін зардаптың алдын алу үшін педагогикалық ұйымдастыырылған ықпалдың уақытын ұзарту өте маңызды. Оқушылардың мінезқұлқымен олардың бос уақытын қалай өткізуінің арасында тәуелділік бар екені белгілі. Педагогикалық бақылаусыз қалған оқушылар көбінесе үйірмелерге қатыспайды.
- Сыныптан тыс жұмыстың функциялары мен принциптері
Сыныптан тыс жұмыстың функциялары Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін оның - білімділік, тәрбиелік, дамытушылық фцнкциялары анықтайды. Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясыны оқу әрекетіне қарағанда үстемділігі аздау. Сыныпиан тыс жұмыста ол тәрбиелік және дамытушылық функциялардың тиімді іске асуына көмекші болады. Ғылыми білімдердің (оқу іскерлігі мен дағды жүйесінің қалыптасуында емес), жай қарым-қатынас дағдысында, ұжымдық өмір, мінез-құлықтық белгілі бір дағдысын үйретуге негізделеді.
Сыныптан тыс жұмыстың функциялары ( білімділік, тәрбиелік, дамытушылық)
Сыныптан тыс жұмыстың принциптері Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған қойылатын талаптарды атап кетейік. Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын анықтау кезінде алғашқы бастауларды құрайтын - жалпы принциптердің негізінде жүргізіледі.
Мақсатты орнату принципі - оқу - тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлауды, - қол жеткізген нәтижелерді бағалауды өткізілген жұмыстың жан-жақты талдауды талап етеді.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастақ және бірлестік принциптері - ең алдымен оқу және сыныпан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының ажырамауы - оның тииімділігін арттырудың басты шарты. Осындай байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында объективті қарастырылған.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастақ және бірлестік принципі - дидактикалық принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-тәрбиелік процестің жас дәреежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дай ындығы мен алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі - ттікеле оқыту жәнее тәрьиелеу мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты даму мүмкінділігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдаастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі, соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.
Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі - сыныптан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдары және жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктер ашады.
- Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны бейімделген әлеуметтік тәжірибені, баланың жеке тәжірибесінде іске асқан эмоц ияны, бастан кешкен, адам өміріің әртүрлі аспектілерді көрсетеді. Сыныптан тыс жұмысмазмұнының өзгешңлңгң мына факторлармен сипатталады:
- ақпараттыққа қарағанда эмоциалы аспектінің басымдылығы: тиімді тәрбиелілік әсер ету үшін баланың сезіміне, оның күйзелісіне, ақыл-ойына эмоция арқылы тілдесу жасалады.
- сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында білім мен ғылымның практикалық жағы анықтауыш мағынаға ие, себебі сыныптан тыс жұмыстың мазмұны әртүрлі іскерлік пен дағдының жетілдіруіне бағытталады. Сыныптан тыс жұмыста оқу дағдысы жетілдіріледі, ақпаратты іздегенде өз бетімен жұмыс жасау біліктілігі, сыныптан тыс әртүрлі шараларды ұйымдастыру, ынтымақтастық икемділік, этикалық нормаларды сақтау қалыптасады.
Танымдық іс-әрекет - сыныптан тысжұмыста танымдық қызығушылықтың қалыптасуына, оқытудың жағымды мотивациясына, оқу дағдысының жетілдіруіне арналған. Қолданылған формасы басқаша, әйтсе де оқу іс-ірекетінің жалғасы болып табылады. Ол үйірме, «Білім құмарлардың турнирі», «Не? Қайда? Қашан? », КВН және т. с. с.
Бос уақыттағы іс-әрекет - оқушылардың демалыстарының жақсы өтуін ұйымдастырып, ұжымда жылы ахуал құрып, ашушаңдықты жою үшін керек. КВН, «Огонек», «Компьютерлік әзілсықақ» және т. б. сияқты формалар қте тиімді. Сыныптан тыс жұмыста дәл осы танымдық және ойын аспектілері бірігеді.
Еңбек іс-әрекеті - сыныптан тыс жұмыста еңбектің әртүрлі формаларының мазмұнын көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыста еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру, ұстаз үшін кейбір қиындық туғызады, әйтсе де оның еңбегі, оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетінде тәрбиелік қорытындысын береді.
- Сыныптан тыс жұмыстың формалары мен сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары
Сыныптан тыс жұмыстың формалары - бұл мазмұнына қарап қойылатын талаптар. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстың формаларының саны орасан көп болғандықтан, оларды тұтастай жіктеу мүмкін емес. Есесіне мысал ретінде объектіге (тұлғаға) әсер етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп жіктеуге болады. Сыныптан тыс жұмыстарды жеке, топтық және көпшілікті біріктіру бойынша, ал жеке және көпшілікпен - фронтальды және ұжымдық деп жіктеледі.
Жеке жұмыс - өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке оқушінің өзіндік іс - әрекеті, танымы, мектептік бағдарламаларды ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі.
Баланың санасында өзін - өзі кемелдендіру, өзін - өзі тәрбиелеу қажеттілігі түсінігін қалыптастыру жеке жұмыстың мәні болып табылады. Педагогикада бұл үрдісіті тұлғаның әлеуметтендіру бағытында тәрбиелеу деп тұжырымдалады.
Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын жалпы мақсат - нақты тұлғаның толыққанды даму үшін педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету. Ол балада оң «Мен концепциясын» қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, информатика бойынша сыныптан тыс оқытуда тарихи мәліметтреді, бағдарламаудан қиындатылған есептерді, математикалы логикасының элементтерін есептеп шығару жүйесін және т. б қарастыру дәстүрге айналуда.
Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары
Информатика кеші - бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтежесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: есеп - әзіл, тапқырлық есептерін, тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шараларды, крассвордтарды, викторика үшін сұрақтарды; қажетті модельдер, плакаттар, ұрандары сонымен қатар сыныпты дайындалады. Мұндай шараның өте маңыздысы тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбыынң абройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларды жеңіске қажетті сабырлыықты және жігерлікті дамытады.
Информатикандан викторина - бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы. Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мақзмұнмен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болуы керек. Сабақтан шығаратын типтік есептер, әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Есептерден басқа викторинаға информатикамен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға есеп - әзіл да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай кездесулер сыныпты немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кездесулер «компьютер» кәсібінің өкілдерімен, басқа да компьютерді қолданатын кәсіптер өкілдермен, лайық кәсіпті таңдаған мектеп түлектерімен және т. б. ұйымдастырылу мүмкін.
Іскер ойындар - зерелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Олар инструменталды деп аталатын - нақты әрекеттің моделін құру, нақты мақсатқа жету, қатысушылардың іскелек қатынас жүйесін құрылымдау сияқты есептеді шешуге бағытталған. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастырушылық семинат түрінде өтуі мүмкін.
В. Я. Платов бойынша іскерлік ойындардың негізгі белгілері мыналар:
1) объектінің моделінің болуы;
2) рөлдердің болуы;
3) шешімдерді шығару кезінде ролдік мақсаттардың айырмашылығы;
4) ролдерді орындайтын қатысушылардың өзара әрекеттестіктері;
5) бүкіл ойындық ұжымның жалпы мақсатының болуы;
6) ойыннның қатысушыларымен ұжымдық шешімді шығару;
7) «тізбекті шешімді» ойын процесінде жүзеге асыру;
8) шешімнің көпнұсқалылығы;
9) эмоциялық шиеленісті басқару;
10) ойынға қатысушылардың жеке және топтық бағалау әрекетінің тармақталу жүйесі.
Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар - келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс - әрекетін құрастыруға, құрбыларымен іскерлік қатынастарын жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынасқа түсуге үйретеді.
Іскерлік ойында оқушылардың психофизялогиялық ерекшеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеге болады:
1. Ірі ауқымды және ұзаққа созылатын іскерлік ойындар;
2. Нақтылы ақпаратты саралаға енгізделген ойындар;
3. Бүкіл сынып айналысатын қысұа мерзімді іскерлік ойындар;
4. Үстел үсті ісерлік ойындар;
Информатикадан диспут - өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынрақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдында қойлған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы-өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына материалдар бойынша нақты әрекетті орындау үшін анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді, есептердің шешуді алгоритмдерін құруды және т. б. қайталануы қажет.
Әр диспут алдына қойылатын ең минималды талап ол оқушылардың оқулықтағы тұра нұсқаланған маетриалдарды жақсы, толық және дәл ашып айту, тұжырымдарды түсіну біліктілігі болып табылады. Тек осыдан кейін осының негізінде, оқушылармен оқу материалы бойынша шығармашылық жұмысты құруға болады.
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі
Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz