Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 4

  1. Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы . . . 7

I. 1 Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі . . . 7

II. 2 Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері . . . 13

  1. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстар . . . 22

II. 1. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік сематикасы . . . 22

II. 2. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары . . . 29

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жіктеу есімдігі -белгілі бір жақтық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктердің түрі. Есімдіктер сөздің түпкі мағынасына қарап, оның заттық ұғымды және заттың сыртқы бейнесін, белгісін білдіретін сөздердің орнынына қолданылатындығын байқаймыз. Оның сөйлем ішіндегі орынбасарлық қасиеті, коммуникативті синтаксистегі және функционалды синтаксистегі қызметі бүгінгі таңда тіл білімінде ерекше маңыздылыққа ие болып, назар аударылып отырылған мәселелердің бірі. Себебі есімдіктер коммуникативті байланыста синтаксистегі сөйлем мүшелерінің орнын алмастыруы арқылы сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысын реттеуге, сөз мөлшерін үнемдеуге өз ықпалын тигізеді. Осы ретте есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметін анықтау өте маңызды.

Есімдіктердің синтаксистегі қызметін сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруымен қатар сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңарда жұмсалынатындығынан да байқауымызға болады. Дипломдық жұмыс барысында қазақ жазушыларының шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, есімдіктердің құрмалас сөйлемдердегі екі жай сөйлемдердің байланысуындағы есімдіктердің синтаксистік қызметін ашып көрсетуді жөн көрдік.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақ тіл білімінде құрылымдық сипаттамасы жағынан жан-жақты қарастырылып, зерттелінген сөз табы - есімдіктер болып табылады. Дипломдық жұмыс аясында есімдіктердің синтаксистегі қолданысын саралап, оның ішіндегі қызметіне баса назар аударамыз.

Бүгінгі таңда тіл білімінде коммуникативті синтаксис және функционалды синтаксис синтаксис ғылымынан бөлініп жаңа сала ретіде қарастырылып жатыр. Соның ішіндегі есімдіктің коммуникативті синтаксистегі қызметі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Сонымен қатар, синтаксис ғылымындағы есімдіктің тіркестегі қызметін, сөйлемдерді байланыстыру, сөйлем мүшелерінің орнына жұмсала алу, сөйлемді ықшамдау, керексіз сөздердің қайтануын болдырмау, мәтіннің негізгі мақсатына қол жеткізу қызметтерін жан-жақты саралап көрсетуге талпындық.

Зерттеу нысаны. Қазақ жазушыларының көркем шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, есімдіктердің сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларында жұмсалуы, сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруы, құрмалас сөйлемдердегі байланыс құралының қызметін атқаруы сияқты синтаксистік қызметін жан-жақты қарастыру диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу пәні. Синтаксис, функционалды грамматика, коммуникативті синтаксис.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Есімдіктердің сөйлем ішіндегі коммуникативті қызметін ашып көрсету жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін төменде көрсетілген міндеттер қамтылды:

  • есімдіктердің сөз тіркестерінде басыңқы сыңарда жұмсалу жолдарын көрсету;
  • есімдіктердің сөз тіркесіндегі бағыныңқы сыңарда жұмсалуын анықтау;
  • сөйлем мүшерелінің қызметінде жұмсалған есімдіктерді саралау;
  • құрмалас сөйлемдердің байланысуындағы есімдіктердің синтаксистік қызметін дәлелдеп көрсету.

Диплом жұмысының материалдары. Дипломдық жұмыста тілдік материалдар ретінде М. Әуезовтің шығармалар жинағы, Б. Соқпақбаевтың, Б. Момышұлының, Б. Майлиннің шығармалар жинағынан материалдар пайдаланылды.

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысы барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін дағдылы тілдік сипаттама әдісі, кешендік талдау, салыстыру, жүйелеу, жинақтау, аналитикалық-синтетикалық әдіс, баяндау тәсілі, анализ-синтез тәсілі, т. б әдіс-тәсілдер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық негіздері. Есімдіктің сөз тіркесінде жұмсалынуын, сөйлем мүшелерінің қызметін атқару қабілетін, құрмалас сөйлемдердің байланысуындағы қызметін қарастырған тіл біліміндегі Ә. Рақыштың «Қазақ лингвистикасы және лингводидактика мәселелері», Т. Сайрамбаевтың «Жақ категориясының функционалдық көрінісі», Б. салқынбайдың «Функциональды грамматика очерктері», Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», Е. Ағманов «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі», М. Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі», М. Исаевтың «Қазақ тілі» атты еңбектері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының ғылымилығы:

  • дипломдық жұмыс барысында есімдіктің қазақ тіл біліміндегі зерттелінуімен қоса, батыс, орыс, түркология тіл біліміндегі ғалымдардың еңбектері хронологиялық жүйемен сараланды;
  • синтаксис ғылымындағы есімдіктің сөз тіркесінде басыңқы және бағыныңқы сыңарда жұмсалынуы жан-жақты мысалдар келтіріліп қолданыстары нақтыланды;
  • сөйлем мүшелерінің қызметінде қолданылған есімдіктердің қолданыс ерекшеліктері айқындалды;
  • Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі байланыс құралын атқаратын есімдіктердің синтаксистік қызметі нақтыланды.

Диплом жұмысының материалдары мен нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында тіл мамандарын даярлауда оқытылатын «Тіл білімі», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» сияқты бағдаламалы пәндерде есімдіктер мен, есімдіктердің қызметі секілді тақырыптарда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

Диплом жұмысында ұсынылатын негізгі тұжырымдар төмендегідей:

  • есімдіктердің сөз тіркестерінде басыңқы сыңарда кеңінен жұмсалатындығы нақтылы мысалдармен дәлелденді;
  • есімдіктердің сөз тіркесіндегі бағыныңқы сыңарда жұмсалыну жолдары нақтыланды;
  • сөйлем мүшелерінің барлығының қызметінде жұмсалынуы дәлелденді;
  • құрмалас сөйлемдердің байланыс құралын атқаратын есімдіктердің қызметі дәлелденді.

Диплом жұмысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы
Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі
Мәтінді байланыстырушы анафоралық құралдар
Есімдік.Есімдік туралы түсінік
Есімдіктер туралы
Сөз таптарының жақтылығы немесе жақтық көрсеткіші
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы
Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар
Есімдіктердің мағыналық топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz