Жүзудің жеңілдетілген әдістерін үйрету


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 3
І. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ
1. 1. . Жүзу спортының шығу тарихы . . . 5
1. 2 Жүзу- спорт түрінің бірі . . . 8

ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Суда жүзу түрлері мен техникасы . . . 9
2. 2. Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары . . . 14
2. 3. Суда жүзуді үйрену . . . 17

ІІІ. СУДА ЖҮЗУДІҢ ПАЙДАСЫ
3. 1. Суда жүзудің денсаулыққа тигізер әсері . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25

Жүзу-дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістердің бірі. Ол тұрақты гигиеналық дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Судың температурасы адамның дене қызуынан қай уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80 артық жылу таратылады. Шомылу және жүзу сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға организмнің қарсы тұруын тәрбиелейді. Ал жүзу табиғи суаттарда өткізілетін болса күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.

Жүзу жүрек, қан тамырларымен, тыныс алу жүйелерін жетілдіру әсерін тигізеді.

Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сиректейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл, 120-140 мл. дейін көбейеді.

Жүзу, тыныс жүйелерін нығайтып оның жұмысын дағдыландырып, өкпенің өмірлік сиымдылығын ұлғайтады. Мысалы: жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің өмірлік сиымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде оданда көбірек ұлғайады.

Судың тығыздығына байланысты дем алу, дем шығару қиындатылады. Дем алу судың қысымдылығына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.

Жүзу - нерв жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады.

Дене шынықтыруда және өңдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу, әсіресе балалардың дене құрылысына денсаулықты жүйелі түрде нығайтуға әсерін тигізеді.

Сонымен қатар жузу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек- қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Бала денесі күшті, буыңдары иінгіш, қимылдары шапшаң және келісімді болуына ықпалын тигізеді.

Жүзу - егде адамдарға да пайдалы, себебі егде жастағыларға үдемелі жұмысты орындау қиынға түседі. Ал жүзу адам денесіңде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.

Сонымен, су дегеніміз адам денсаулығын жақсартатын қазынаның көзі. Жүзу пәнінің мұғалімін қалыптастыру.

Мамандық дегеніміз оқу және еңбектену нәтижесінде бойға сіңірген тұрақты атқарылатын жұмыс.

Дене шынықтыру мүғалімі - педагогикалық мамандықгың бір түрін меңгерген адам. Ол - дене тәрбиесін қалыптастырушы.

Педагогикалық білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру процесі дидактикалық бағытта іске асырылып, жүзудің ілімі мен әдісін меңгеріп, адам денесі мен оның қызметін, зерттейтін пәндерді оқып білуге байланысты. Олар психология, педагогика, физиология дене тәрбиесінің ілімі мен әдісі.

Спорттық жетілдіру факультативтік сабақтарында оқушылардың алдында тұрған міндеттер мыналар: спорттық жүзуді жетілдіру; жүйелі түрде жарыстарға қатынасып спорттық нәтижелер көрсету, педагогикалық және мамаңдық білімін, шеберлігін, дағдысын дамыта түсіп, төреші атағына тиісті мөлшерді орындау.

Дене шынықтырушы мұғалім жүзу сабағын әртүрлі жастағы адамдармен жүргізе білуі керек, әрбір сабақтың міндеті мен мақсатын, сабаққа қатынасушылар жүзу дайындық дәрежесін жете білуге міндетті.

Жүзу сабақтарын жақсы жабдықталған су алабында ғана өткізу міндетті емес. Сонымен қатар табиғи суаттарда өткізуге әбден болады. Табиғи суаттардың тереңдігі және судың тазалығы көптеген қауіп туғызуы мүмкін, сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіздігі мұғалімге байланысты. Балаларды кенет жағдайлардан, салқын тию, түрлі науқастардан сақтандыру мұғалім міндеттері. Жүзу сабақтарын өткізуге мұғалім ыңғайлы, жаға түбі таза, өндірістік қаздықтар құйылмайтын жерді таңдап алу тиіс.

Сабаққа дәрігердің анықтамасы бар балаларды қатыстырып, керек болса бірінші дәрігерлік көмек көрсете білуге міндетті. Судағы тәртіпгі міндетті түрде сақтауды қадағалау қажет. Мұғалім өзіне қөмекшілікке балалардың арасынан жақсы жүзетіндерді тандап алып көмек көрсетуді үйретуі керек.

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзуді қолданып келді. Бірақ адам баласы туғанда жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқуды білмеген. Соңдықтан суға жузуді бала кезінен үйренген жөн, есейе келе адамға жузіп үйрену қиындап кетеді.

Жүзіп үйренген адам әр уақытта суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек бере алады, қиын-қыстау жағдайда судағы неше түрлі кедергілерді де жеңеді.

Судың ішінде адам салмаңсыз жағдайда болатындықтан, аяқ-қол мен оның бөлшектеріне де толық салмақ түсірілмейді. Осыған орай омыртқа жотасы созылады, дене күшейіп, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбатты болып, оның қозғалысы да әдемі көрінеді.

Суда жүзгенде адам еріксіз кеуде және іш арқылы терең дем алады да ауаны кейін шығарады, сөйтіп судың қысымын жеңеді. Мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартып, мейлінше оттегімен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.

Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: суда тіне тұрып қимылдау, бақаша, итше, қырындап жүзу және матросша жүзу тағы басқа түрлер.

Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның жьлжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі дағды болады: ол жүзу дағдысы және сүңгу дағдысы. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылықтары бар.

Жүзудің басқа жаттығуларына қарағанда бірнеше айырмашылығы бар. Бұл өзгешеліктер судың теңістік жағдайларымен анықталады және дененің суда ұзыннан жатуымен байланысты.

Жүзу және сүңгу дағдылары негізгі жүзудің әр түрлеріне жатады. Бәрі де дене тәрбилеу жүйесінде кеңінен көрсетілген. Алға қойылған міндетке қарай негізінен жүзуді үшке бөледі: көпшілік, спорттық және қолданбашы жүзу.

ененің күшпен қуатын аз пайдаланып, үлкен табысқа тез жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдарын үнемді, дұрыс пайдалану керек.

Жүзуден бағдарламаға сәйкес әдіспен мынадай кашықтықтарда жарыстар өткізіледі: 50, 100, 200, 400, 800, 1600 метрлерге жаттығушының қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп кеудемен жүзу; 100 және 200 метр брасспен;

100, 200м баттерфляймен әдетте бұның шапшандық түрі дельфин әдісімен орындалады; 100 және 200м шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 метр немесе 400м қашықтықты жүзуші құрама тізбекпен орындайды; 50 метрден немесе 100 метрден ұзындықты төртке тең бөліп - баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; эстафета алмасу: 4x100м. құрастырылған бірін-бірі ауыстырып төрт жүзуші орындайды. Жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, содан кейін брасс, баттерфляй жене еркін әдіспен аяқтайды; 4x100м еркін әдіс әйелдер және 4x200м еркін әдіс ер адамдар.

Қолданбалы жүзудің маңызы .

Қолданбалы жүзудің маңызы еңбек өнімділігін арттыру және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсаттарын шешеді. Ал жүзу мен сүңгу белгілі типке жататын қолданбалы дағдылар. Бұл өте қолайлы тәсіл, колдану мүмкіңдігі өте кең болған соң оқшауырақ, бөлек тарау болып есептеледі.

Жазғы қапырық ыссы күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларды және өзен-көлдердің, тоған, теңіздердің жағаларына беттейді.

Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер демалысқа өте қолайлы. Әрине бұл жағдайларда жүзуді жақсы үйренген адам ерекше сүйсініп рахаттанады. Сондықтан қай жастағы адам болмасын жүзіп үйренуі өмірге қажет дағдының бірі.

Жүзудің қолданбалы тәсілдерін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды жүзіп өткенде, судын астынан бір зат іздегенде суға кетіп бара жатқан адамға көмекке келгенде, кеңінен пайдалаңуға болады. Бұл тәсілдің негізі - жүзудің спорттық әдістеріне тікелей байланысты. Себебі адам өзін суда жақсы, еркін ұстай алмай тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерін меңгере алмайтыны.

Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді, жүзіп өтуге, суға кетіп бара жатқан адамға көмек көрсетудің жолдарын білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатындығы да белгілі. Ал жүзе білмейтін, немесе жаңадан үйреніп жүрген адам терең жерге шығып кетсе, немесе қатты ағынды суға түсіп кетсе ол өзін-өзі ұстай алмай сасқалақтап су жутып, суға кетіп қалуы мүмкін. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Әрбір жүзе білетін адам қолданбалы түрді пайдалана білуі керек. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, су құрылысшыларына, сал ағызатын жұмысшыларға ғарышкелерге және дене тәрбиелеуші мұғалімдерге қажет.

Жүзушінің спорттық тәсілін талдап жазғанда пайдаланатын терминдер:

Қимылдар циклы - мезгіл-мезгіл қайталап аяқталып отыратын қол, аяқтың қимылы.

Мерзім - әрбір циклдың ұзақтығы.

Карқын - белгілі бір уақытта орындалған циклдың саны

Ырғақ - циклдың ішіндегі мерзімнің ұзақтығы.

Адым - жүзушінің бір циклде еткен қашықтығы.

Олардың арақатынастары қол-аяқтың қимылының толық бір циклі негізінен екіге бөлінеді: жұмыс қимылдары есу және даярлық қимылдары. Жүзгенде қол-аяқ жүзушінің артына қарай есу қимылдарын орындайды.

Есудің әр мерзімінде қол-аяқ бір уақытта немесе төмен, немесе жоғары, немесе артқа сілтенеді. Қол-аяқтың алға қарай қимылдары даярлық белгісі.

Жүзу тәсілін сипаттағанда кейбір арнайы қолданылатын терминдері:

Сүйену реакциясы - суда ескенде пайда болатын кедергі күш.

Тарту күші - жүзуші ескенде кездесіп қалатын тең күш.

Дененің орталық салмағы - дененің барлық салмағы түсетін

нүкте.

Дененің орталық көлемі - дене суға батқанда иіеріп шығаратын күштің нүктесі. Жүзудің жеңілдетілген әдістерін үйрету.

Судың ішінде адам өзін еркін ұстап, нағыз жүзушілерге бірден жүзіп кетуі оңай емес. Ол үшін алдымен жүзудің кейбір жеңілдетілген түрлерін үйреніп алған жөн.

Жүзудің жеңілдетілген түрлері мынадай үлгі бойынша өткізіледі:

1. Сабақтың тақырыбы бойынша өтетін жүзу түрік және оның тәсілін орындау жолдарын көрсету.

2. Жүзу түрінің және оның тәсілінің ілімдік негізін түсіндіру.

3. Жүзудің жеңілдетілген әдісімен жүзіп көруге тырысу.

4. Жүзгендегі қол-аяқ қимылдарын құрғақта осындау және су ішінде қайталау.

5. Жүзу тәсілдерін және оның элементтерін әрі қарай жетілдіре түсу.

Жаттығу әдісі қандай болмаса да жеңілден, онайдан күрделіге көшу принципі бойынша жүргізіледі. Жүзудің жеңілдетілген тәсілдері да осы принципке бағынады, жатықтырушы өз - не алдымен оңай әрі қарапайым орында қатысушыларды үйретуге міндетті. Әр жаттығудың алдына қойылған мақсаты болуы керек. Сол қойылған мақсатты орындамай басқа жаттығуға көшуге болмайды.

Жүзу тәсілін дұрыс меңгеру үшін алаңда қосымша кұралжабдықтар пайдаланылады. Олар: қалтқытақтай, резина-балон және басқалар. Жүзуші жаттығуды түсінгеннен соң оны орындау үшін осы құрал-жабдықтарды пайдалануы керек.

Аяқ-қимылдарын үйрену. Жүзудің жеңілдетілген әдістері негізгі төрт топтан тұрады: бірінші, кроль әдісімен жүзудегідей аяқтарды қимылдатып үйрету; екінші, брасс әдісіндегідей аяқ қимылдарын меңгеру; үшінші, дельфин әдісіндегідей аяқ серпу қимылдарын меңгеру; төртінші, крольдегідей аяқпен және қолмен есу қимылдары үйретіледі, қол су астында еседі.

Екінші топ. Бұл топтың негізі етпеттеп және шалқалап жатып аяқ пен қолды кроль әдісімен қимылдатып су астында екі қолмен есу әдістерінен тұрады.

Бірінші жұпетпеттеп крольмен жүзгендегідей аяқтарды қимылдатып екі қолдың буындарын бүкпей есіп жанбасқа дейін апару керек. /1 - сурет/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы
Тірек қимыл аппаратының биомеханикасы
Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары
Спорт түрі- жүзу
Жүзудің денсаулыққа әсері
Суда жүзе білу
Қимыл-қозғалыстарға үйрету
Тірек- қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы мәлімет
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz