Қалыптастырушы бағалаудың әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ инновациалық гуманитарлық-заң университеті

БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ МАМАНДАРДЫ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ

Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ

КУРС МОДУЛІ: ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Көлемі: 72 сағат

Тыңдаушылар: Мектеп мұғалімдері және колледж оқытушыларына арналған

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар - білім алушылардың қабілеттерін ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын күрделілігі әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Баға - бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау - оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Белгі - оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты - формальды символ.
Бағалау критерийі - білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал - жиынтық бағалау (бөлімортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Балл қою кестесі - тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Білім алушы портфолиосы - пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.
Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі - бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал - жиынтық бағалау (бөлімортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды формула бойынша автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Дескрипторлар - әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Диагностикалық бағалау - оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау.
Критерий - оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Өзін-өзі бағалау - бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Портфолио (portfolio - ағылшын сөзі.) - портфель сөзі - маңызды
Рефлексия - оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел.
Рубрикатор - оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
сөздігінде портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам
Суммативті (қорытынды) бағалау -белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.
Талдау(ежелгі грек тілінен жіктелу) - танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.
туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау - оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады.
Ынталандыру - дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.
Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау - сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады.
Ішкі жиынтық бағалау - оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау.
Сыртқы жиынтық бағалау - оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Модерация - білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық жұмыс - оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Кері байланыс - белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы бөлімдерортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсантриместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Модерация - бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Ойлау дағдыларының деңгейлері - әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы - нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Оқытудың күтілетін нәтижелері - білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Рефлексия - қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика - бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы - тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар - білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы - нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы - тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық жұмыс - белгілі бір оқу кезеңінде пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға негізделген білім алушының жұмысы.
Ойлау дағдыларының деңгейі - әрбір деңгейі белгілі бір ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық жүйесі.

1-дәріс. Формативті бағалау әдістері.
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.
Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.
1. Қолмен белгі беру әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
* Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдың бас бармағы жоғары бағытталады)
* Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдың бас бармағы жанына қарай жантаяды)
* Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.
(1) Түсінбегендерден: Нақты не түсініксіз екендігін сұрайды.
(2) Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
(3) Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. Олар нақты нені түсінді? соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.
Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арнлған.
20 секунд әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.
Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз Неге? Не себепті? Қалай?- деген сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.
Мысал:
Оқушы ауланған ұлуларды зерттеп, олардың тіршілігі жайлы презентация жасайды. Сонда оқушы келесі мәселеге баса назар аударады: Менің ойымша, дәл қазіргі уакытта аквариумда ұлулардың үш ұрпағы тіршілік етуде. Сол кезде ұстаз: Не себепті сен олай шештің? - деді. - Оқушы: Себебі, біз бұл ұлуларды аулағанда олардың өлшемдері үлкен және орташа болған, ал қазір аквариумда тек кішкентай ғана өлшемді ұлулар қалды. Бұдан мен аквариумда ұлулардың үш ұрпағы бар екен деген қорытындыға келдім. Яғни, нақтылау сұрақтарын қою арқылы ұстаз оқушының білімін анықтай түсті.
Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсу.
Мысалы:
Ұстаз оқушыларға Үш минуттық эссе жазуларын ұсынады.Ұстаз төмендегі берілген тақырып бойынша сұрақтардың бірін жазып немесе оқып береді.
(1) Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?
(2) Қай сұрақ есіңізде қалды?
(3) Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?
Оқушылар жазбаларын жазып болған соң, мұғалім олардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін білу мақсатында тексереді. Ал түсінбеген жерлерін қосымша есеп, әдіс, мысал арқылы қайталап түсіндіреді.
Сабақ соңында мұғалім қатысушыларға сұрақтарға жауап жазуын ұсынады:
(1) Сіз үшін ең қиыны және ең түсініксізі не болды?
(2) Қай жаттығуды орындау барысында сіз қиналдыңыз? Бұл неліктен деп ойлайсыз?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинап алып олармен танысып, келесі сабаққа содан шыққан мәселелерді шешуге қарай ыңғайланады.
Мұғалім аралық тексеру жүргізу үшін қысқа тесттер дайындайды.
Бұл бақылауды бағалау уақыты сабақтың 3-5 минутын ғана алады. Бақылаудың негізгі талаптарын ескере отырып, оқушылар бірінің жұмысын бірі тексере алады. Келесі формативті бағалаудың әдістері ұстаз оқушының өз жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады.
Мысалы:
Мұғалім дәптерден жазба жұмысын тексергенде қате тұстарын әр түрлі таңбалармен, түстермен жазып көрсетеді. Бұл формативті бағалаудың әдісі қорытынды жұмыс жазған кезде қолданылмайды. Мұғалім оқушыны бағалаған кезде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн, себебі оқушы осы бағалауға сай қалыптасады.

2-дәріс. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Әдістері
Қолданыстары
Сұрақтар үшін карточканың индексі
Мұғалім оқушыларға екі жағында да тапсырмасы бар карточка тапсырады.
1 жағы: Өткен тақырыптың ең негізгісі
2 жағы: Өткен тақырыптан ұқпағаныңызды сұрақ қылып жазыңыз.
Қол белгісі
Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін я түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды.
* Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдың бас бармағы жоғары бағытталады)
* Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдың бас бармағы жанына қарай жантаяды)
* Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Осы белгілерге сүйеніп мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін сабақтайды.
Бағдаршам
Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
* Жасыл карточка көтерген оқушылар - барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
* Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
Бір минуттық эссе
Бірминуттық эссе - тақырып бойынша пысықтаудың біржүйесі.Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.
* Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?
* Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?
Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды
Сөздік үлгісі
(еске салу)
Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер жауап құрады.
Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) болып табылады, өйткені________т.с.с.
Қате түсінікті тексеру
Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате түсініктерді әдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің көзқарастарын айтуларын сұрайды.
Оқушылармен жеке әңгімелесу
Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді.
Үш минуттық үзіліс (пауза)
Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы жайлы ойлануына, алдыңғы өткен тақырыптармен, білімімен және тәжірибесімен байланыстыруға, сонымен қатар түсінбеген жерлерін анықтауға үш минуттық үзіліс береді.
Температураны өлшеу
Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз Біз не істеп жатырмыз? деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.
Қысқы-тест
Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:
* Берілген көп жауаптардың ішінен
* Дұрыс немесе қате жауап ішінен таңдау арқылы
орындайды
Элективтік тест (таңдаулы)
Мұғалім әрбір оқушыға А,В,С,Д әріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.
Формативті тест
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ барысында қабылданған білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалауға және оларды қандай әдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу деңгейлерін және соған сәйкес білімдерін әрі карай жетілдіруі үшін жәрдемдеседі.
Формативті сұрау
Бұл әдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім Неге? Қалай? Қайтіп? деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.
oo Олар несімен ұқсас әлде айырмашылығы қандай?
oo Мінездемесі қандай______?
oo Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?
oo Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз?
oo Сіз қандай қорытынды жасай аласыз?
oo Сіз не істеуді ұсынасыз?
oo Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады?
Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар
Мұғалім Болжау, Түсіндіру, Айтып беру, Бағалау деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.
Мысалы: Егер оқушы Айтып беру деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық деген тапсырма береді.
Ішкі және сыртқы шеңбер
Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді.
Бір сөйлемде барлығын айтып беру
Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.
Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс)
Бағалаудың міндетті бір элементі - кері байланысты ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге болады.
Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс)
Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтады, осылайша ауызша кері байланыс орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.
Өзін-өзі бағалау.
Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары - оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.
Екі жұлдыз және тілек (бірін-бірі бағалау)
Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни шығарма, эссені бағалауға қолданылады. Мұғалім, оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын тексеруді ұсынады. Оқушылар бір- бірінің жұмыстарын тексеру кезінде олар жұмыстарды бағаламайды, ал ондағы екі оң сәтті анықтап және бағыт береді. Олар Екі жұлдыз - бір сәт, яғни толыққанды жұмыс, ал екінші бірі Тілек, мұнда одан әрі жұмысты толықтырулары қажет.
Жинақтау парақшасының индексі
Мұғалім білім алушыларға екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар парақтарды жиі таратып отырады.:
1-беті: Өткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шығыңыз (бөлімдер, тақырыптар) және оны қорытып айтыңыз.
2-беті: Өткен тақырыптан тағы нені түсінбегеніңізді анықтаңыз (бөлімдер, тақырыптар) және өз сұрақтарыңызды құрастырыңыз.
Бір минуттық эссе
Білім алушының оқу материалын меңгергенін кезең-кезеңімен қадағалау үшін сабақтың кез келген уақытында қолдануға болады.
Мұғалім қоюы мүмкін сұрақтар:
-Ең бастысы (б.гін)сіз не білдіңіз?
-Есіңізде не қалды?
-Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды?
Ауызша бағалау
Білім алушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы сабақтың барлық кезеңінде тиімді.
Температураны өлшеу
Білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін мұғалім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды:
Біз не істеп жатырмыз?
Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы, оны орындау үрдісі туралы ақпаратты ұсынады.

3- дәріс. Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
Қысқаша мазмұны. Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. Блум таксономиясы атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.
Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. Блум таксономиясы атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.
Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.
Түсіну ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
1.Түсіндірме (интерпретация) - негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: Қалай? Неліктен? сұрақтарына жауап іздену, Салыстырыңыздар, Айырмашылығын көрсетіңіздертапсырмаларын орындау.
2.Аударма (трансформация) - мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.
3.Мысалдар - мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.
Анықтамалар - атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).
Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.
Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді.
Талдаудың түрлері:
1. Негізін талдау;
2. Астарлы мағынаны ажырату;
3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау;
1. Негізін тану - құрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін студенттер оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату (Подтекст) - екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін).
Мотивация - себептерді айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
Жинақтау синтез Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлері:
1. Шығармашылық жанрлар;
2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;
Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.
Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.
Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.
Инсерт технологиясы бойынша алған білімдеріне талдау жасай отырып бағалау.
Не білдім? Не білгім келеді
Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері
Дағдылар
Сипаттамасы
Білу
Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету
Түсіну
Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету
Қолдану
Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану
Талдау
Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын жәненемесе дәлелдер табу
Синтез
Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету
Бағалау
Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру

Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы

Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін етістіктердің тізбесі
Білу
Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б
Түсіну
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Қолдану
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Талдау
Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру және т.б
Синтез
Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б.
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару
Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына жетудің табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады. Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады. Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады. Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс- әрекетін бақылауы және қосымша сұрақтар қоюы тиіс: - Бұл туралы не ойлайсыздар? - Сіздің топта не талқыланғаны туралы түсінік бере аласыз ба? Егер білім алушылар практикалық жұмыс орындаса, онда сұрақты әр тапсырма бойынша қоюға болады: - Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? - Сіздің ойыңызша бұдан әрі не болады? - Сіз бұл тапсырманы орындау барысында ерекше бірдеңені байқадыңыз ба? Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған.

4- дәріс.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий.
Критерийлер
Дескрипторлар
Макс. балл
А
Теориялық білім
Материалды білу және арнайы терминдер мен түсініктерді дұрыс және оңтайлы пайдалану.
6
В
Коммуникация
Логикалық ауызша немесе жазбаша түрде берілген терминология мен шартты белгілерді пайдаланып, оқушыларға ғылыми ақпараттарды беру мүмкіндігі. Ақпаратты беру кезінде оқушылар көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбанұсқалар, модельдер) пайдаланады
6
С
шешу
Оқушылар ғылыми ақпаратты берерде әртүрлі ақпарат көздерін қолданып, таныс және стандартты емес жағдайларды шеше алады, оны қолдана алады, алынған ақпаратты талдай алады.
6
D
Жобалау жұмысы
Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады.
6
Е
Ақпаратты өңдеу
Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады; қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді, мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап, қорытынды жасайды
6
F
Тәжірибе жүргізу
Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
6

Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар).

Критерий
Тап-сыр-ма №
Дескрипторлары
Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай
Жетістік-тер деңгейі

А
1
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.
0

6

Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін салыстыра алады
2

2
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты көлемде салыстыра алады
2

3
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты массада салыстыра алады
2

В
4
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

6

Оқушы заттың тығыздығының молекуланың орналасуына тәуелділігі молекулярлық көзқарас бойынша жүйелі түсіндіріледі және дұрыс талдай алады.
2

5
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

Оқушы зат массасының оның тығыздығына әсерін анықтай алады.
2

6
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.

Оқушы зат ұзындығының тығыздығына тәуелділігін анықтай алады.
2

С
7
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

4

Есептің шарты дұрыс жазылған
1

Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне келтіре алады
1

Формуланы дұрыс түрлендірген
1

Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады
1

8
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

4

Оқушы есеп шартын жаза алады
1

Бірліктерді СИ жүйесіне келтіре алады
1

Формулаларды дұрыс жазады
1

Дұрыс жауабын шығарады
1

6
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
0

6

Есеп шарты дұрыс жазылған
1

Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне дұрыс келтіріп, формулаларды жазған
2

Ізделетін шаманы дұрыс таба алады
2

Оқушы дұрыс жауабын ала алады.
1

Жауап парағы:


Оқушының
аты - жөні
Критерийлер бойынша ұпайлар
Ұпай жиыны
Бағасы

А
В
С

1

6
6
14
28

2

немесе

Оқушының аты жөні
А Білім және түсінік
В Коммуникация
C Жағдаятты шешу
D
Рефлексия
ұпай

Жетістік деңгей(max 24)
Жетістік деңгей(max 24)
Жетістік деңгей(max 24)
Жетістік деңгей(max 24)

0
1
2
3
4
5
6
0
1
2
3
4
5
6
0
1
2
3
4
5
6
0
1
2
3
4
5
6

1

2

Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:
Жиналған ұпай саны
Бағасы
24-28 (85-100%)
5
20-23 (70-84%)
4
14-19 (50-69%)
3
13-0 (0-49%)
2
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі -- алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар.
Критериалды бағалаудың функциялары:
oo бақылау;
oo дамытушылық;
oo оқытушылық;
oo мотивациялық;
oo тәрбиелік;
oo диагностикалық.
4.Критериалды бағалаудың тиімділігі
- Мұғалімдерге:
+ Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
+ Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
+ Білім беру сапасын арттыруға;
+ Оқытудың сапасын жақсартуға;
+ Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке
+ оқыту траекториясын құруға;
+ Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
+ Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
5-дәріс. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау
Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары:
oo Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?
oo Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.
oo ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
oo ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
oo өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің
байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.
* Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;
* Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
* Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)
* Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
* Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;
Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.
Топтық жұмыстың бағалануы.
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Топтық жұмысты бағала
Топ нөмірі
Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)
Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)
Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы
Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.
Барлық ұпайы
І
+
+
+++
+

ІІ
+
+

ІІІ
+
-
++
+

ІV
-
-
+
++++

V

Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі Топтық бірлестік пен Тәртібі деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыптастырушы бағалаудың мәні
Қалыптастырушы бағалау әдістемесін әзірлеу
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері
Критериалды бағалау технологиясы
Бағалаудың дидактикалық негіздері
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары
Критериалды бағалаудың құрылымы
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Пәндер