Өрт қауіпсіздігі жоспары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

___________________________________ __________________________________

___________________________________ ______________________факультетіин ституты

___________________________________ ___________________________________

___________________________________ ________________________________каф едрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

___________________________________ _______________________________

___________________________________ ______________________________пәні бойынша

Тақырыбы:___________________________________ ________________________________

___________________________________ ________________________________

___________________________________ ________________________________

___________________________________ ________________________________

Білімгер ___________________________ Тобы___ _________ ___________________
аты-жөні қолы
Жетекші____________________________ __________ ________________________ __
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ _____________________
қолы

Жұмыс қорғалды __________________20__ж. бағасы ____________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ _____ ______________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ___________________
аты-жөні қолы
Тараз 20___
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ЭВАКУАЦИЯ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА АДАМДАРДЫ ЭВАКУАЦИЯЛАУ ЖОСПАРЫН ҚАЛАЙ ҚҰРУ КЕРЕК ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. КӨШІРУДІҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ, МӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... ...15
4. КӨШІРУ ОРГАНДАРЫ, ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ..19
5. БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДА ТЖ КӨШІРУ ШАРАЛАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
6.ЖЕР СІЛКІНІСІ, СУ ТАСҚЫНЫ, СЕЛДЕР ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ НЫСАНДАРДА АПАТТАРДЫҢ КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ КӨШІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Төтенше жағдай -- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьндарға үшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз -- табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала -- бүл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүндылықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар, хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.

1. ЭВАКУАЦИЯ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі
Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
1. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
2. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
3. Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
4. Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
5. Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;
6. Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;
7. Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
8. Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.
Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру
Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.
Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.
Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.
Өндіріс орындарындағы өрт
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
2. ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА АДАМДАРДЫ ЭВАКУАЦИЯЛАУ ЖОСПАРЫН ҚАЛАЙ ҚҰРУ КЕРЕК

Бір қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) әкімшілік өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарларын әзірлейді. Дұрыс жерде орналастырылған өртті эвакуациялау жоспары, яғни эвакуация сызбасы өрт кезінде адамдардың өмірін сақтап қалады.
Эвакуациялау жоспары:
Эвакуациялау жоспарлары кесте және мәтін бөліктерінен тұрады.
Кесте бөлігіне ғимараттың немесе құрылыстың эвакуациялық шығу жолдарын (баспалдақты алаңдарды, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс бағыттарын көрсетіп жасалған әр қабатының (әр секторының) жоспары, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан жерлерінің белгілері кіреді.
Мәтін бөлігінде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың, сондай-ақ жарысқа немесе мәдени ойын-сауық іс-шарасына қызмет көрсетуге жұмылдырылған күштердің өрт туралы хабарлау және адамдардың эвакуациялық шығу жолдарына қарай қозғалысын ұйымдастыру міндеттері толық жазылады.
Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының мазмұны:
Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің шығуы аса ықтимал жерлерге, өршуі ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендерге толы болуына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жұмылдырылатын қосымша күштердің болуына қарай құрылыстан немесе ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) нұсқасы көзделеді.
Эвакуациялау жоспарларының мәтін бөлігінде әрбір нұсқа бойынша мыналар көрсетіледі:
1. Өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін ұйымдастыру(эвакуациялау қажеттігі, хабарландыру аймақтары мен хабарландыру тәсілдері, хабарландырылатын адамдардың құрамы туралы кім шешім қабылдайды);
2. Қызмет көрсетуші персонал тұлғаларының саны, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылатын қосымша күштердің саны (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабыл белгілері);
3. Эвакуациялау бағыттары(олардың ұзақтығы мен бағыты, бағыттарға жауаптылар, эвакуациялау кезіндегі қозғалыс тәртібі, қызмет көрсетуші персоналдың және эвакуациялау үрдісіне қатысатын қосымша күштердің міндеттері);
4. Эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланған адамдарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болған кезде оларға медициналық көмек көрсету);
5. Адамдарды эвакуациялау үшін қосалқы шығу жолдарын пайдалану тәртібі, арнайы жабдықты, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әр түрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон байланысын, радиостанцияларды) пайдалану мүмкіндігі.
Эвакуация сызбасы (түстермен белгіленуі):
Жоспардың кесте бөлігіндеэвакуациялау кезіндегі адамдардың қозғалу бағыттары (эвакуациялық шығу жолдарын көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен)көрсетіледі. Құрылыс ішінде адам көп болған жағдайда, эвакуациялық аймақтарды қарастырған жөн, олар жоспарларда бұл аймақтардан эвакуациялау бағытын көрсете отырып, түрлі түсті реңктермен белгіленеді. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті үзік сызықпен) көрсетіледі.
Өртті эвакуациялау сызбасы қалай орналастырылады
Эвакуациялау жоспары (кесте және мәтін бөліктері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекетінің үй-жайларында немесе қызмет көрсетуші персонал тәулік бойы кезекшілік ететін басқа үй-жайда, сондай-ақ объектінің басшылығында көзге көрінетін жерге ілінеді.
Кесте бөлігіндегі белгілер мағынасының түсіндірмесі эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
Өрт қауіпсіздігі жоспары
Тұтас құрылысқа арналған жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр аймақ (сектор, үй-жайлар тобы) өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайында жүріп-тұру қағидалары туралы жаднамасы баржалпы эвакуациялау жоспарының үзінді көшірмелерімен(әр түрлі нұсқаларда) қамтамасыз етіледі, олар аймақтар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілерде болуы тиіс.
Эвакуациялау жоспарының үзінді көшірмесінде есік орындарын, балкондарды, дәліздерді, сыртқы сатыларды белгілеу арқылы баспалдақты алаңдар, лифт пен лифт холлдары, бөлмелер көрсетіледі.
Эвакуациялау жоспарының үзінді көшірмесі арналған үй-жай сектордың, аймақтың әр қабатының жоспарында Сіз тұрған үй-жай, аймақ... деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолы бұл үзінді көшірмеде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетіледі.
Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тікелей сыртқа шығу жолына дейін жүргізіледі.
Эвакуациялау жоспарының үзінді көшірмесінүй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардың үзінді көшірмесінің көлемі кемінде 20х30 сантиметр болады.
Үзінді көшірменің мазмұнымен барлық қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған қосалқы күштер (қолдарын қойып) танысады.Эвакуация уақыты мен эвакуация жолдарын есептеу

Үй-жайлар мен ғимараттардан адамдарды көшірудің есептік уақыты адамдарды орналастырудың ең алыс жерлерінен эвакуациялық шығу жолдары арқылы бір немесе бірнеше адам ағындарының қозғалыс уақытының есебі бойынша белгіленеді.
Есептеу кезінде адам ағыны қозғалысының барлық жолы ұзындығы l i және ені b i учаскелерге (өтетін жол, дәліз, есік ойығы, баспалдақ маршы, тамбур) бөлінеді. Бастапқы учаскелер жұмыс орындары, жабдықтар, креслолар қатарлары және т. б. арасындағы өтпе жолдар болып табылады.
Есепті уақытты анықтау кезінде эвакуациялау жолының әрбір учаскесінің ұзындығы мен ені жоба бойынша қабылданады. Баспалдақ марштары бойынша, сондай-ақ пандустар бойынша жолдың ұзындығы марш ұзындығы бойынша өлшенеді. Есік ойығындағы жолдың ұзындығы нөлге тең деп қабылданады. Қалыңдығы 0,7 м-ден асатын қабырғада орналасқан ойықты, сондай-ақ тамбурды соңғы ұзындығы l i болатын көлденең жолдың дербес учаскесі деп есептеу керек .

1 Сурет - Күкірт өндірісінің операторлық блогын эвакуациялау схемасы Адамдарды эвакуациялаудың есептік уақытын (tр) жеке жол учаскелері
бойынша адам ағынының қозғалыс уақытының сомасы ретінде анықтау керек t i ( формула бойынша)

tр=t1+ t 2+ t 3 +, ..., t i (4.4)

мұндағы t 1-бірінші (бастапқы) учаскедегі адам ағынының қозғалыс уақыты, мин;

t2,t3 ,..., ti-бірінші жол учаскесінен кейінгі әрбір адам ағынының қозғалыс уақыты мин.
Жолдың бірінші учаскесі бойынша адам ағынының қозғалыс уақыты (t1), мин, мына формула бойынша есептеледі

(4.5)

мұнда l 1-жолдың бірінші учаскесінің ұзындығы, м;
v1, - Бірінші учаскедегі көлденең жол бойынша адам ағынының қозғалыс жылдамдығының мәні кесте бойынша анықталады. 1 тығыздығына байланысты D, ммин.
Жолдың бірінші учаскесінде адам ағынының тығыздығы ( D1), м2м2, мынадай формула бойынша есептеледі

(4.6)

Бұл жердегі N 1-Бірінші учаскедегі адамдар саны, адам;
f-адамның көлденең проекциясының орташа ауданы 2 м2 тең ересек адам үй киімінде 0,1
ересек адам қысқы киімде 0,125
жасөспірім 0,07
b 1 , - жолдың бірінші учаскесінің ені, м.
Бірінші жолдан кейінгі жол учаскелеріндегі адам ағыны қозғалысының V 1 жылдамдығы кесте бойынша қабылданады. 5.3 жолдың барлық учаскелері үшін, оның ішінде есік ойықтары үшін есептелетін жолдың осы учаскелерінің әрқайсысы бойынша адам ағыны қозғалысының қарқындылық мәніне байланысты, мынадай формула бойынша

(4.7)

мұнда b i, b i -1-қаралып отырған i-ші және оның алдындағы жол учаскесінің ені, м;
qi , qi-1 - қарастырылатын i-інші және алдыңғы жол учаскелері бойынша адам ағыны қозғалысының қарқындылық мәні, ммин, кесте бойынша анықталатын жолдың бірінші учаскесіндегі адам ағыны қозғалысының қарқындылық мәні (q = q i -1). 2 (4.6) формула бойынша белгіленген D1 мәні.
0.3 м2м2 тығыздықта баспалдақпен төмен қозғалу үшін қозғалыс қарқындылығы 15.6 ммин тең (16.6 емес).

Ескерту. 8,5 ммин тең, ағынның тығыздығы 0,9 және одан жоғары болған кезде есік ойығында қозғалыс қарқындылығының кестелік мәні ені 1,6 м және одан жоғары есік ойығы үшін орнатылған, ал ені аз d есік ойығы кезінде қозғалыс қарқындылығын мынадай формула бойынша анықтау керек

Егер (4.7) формуласы бойынша анықталатын q i мәні qmax мәнінен аз немесе тең болса, онда жол учаскесі бойынша қозғалыс уақыты ( ti ) минутына

(4.8)

бұл ретте qmax мәндері, м мин:
көлденең жолдар үшін 16,5
есік ойықтары үшін 19,6
төмен сатылар үшін 16
жоғары сатылар үшін 11
Егер (4.7) формула бойынша анықталған qi мәні qmax артық болса , онда осы жол учаскесінің b i енін шарт сақталатын мәнге көбейту керек

Q(i)qmax. (4.9)

Шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда (4.9) I жол учаскесі бойынша адам ағынының қарқындылығы мен жылдамдығын кесте бойынша анықтайды.
1 d =0,9 және одан жоғары мәнде. Бұл ретте пайда болған шоғырлану салдарынан адамдардың қозғалысын кідірту уақыты ескерілуі тиіс.
I учаскенің басында екі және одан да көп адам ағындары қосылған кезде (сызықша. 1) қозғалыс қарқындылығы (qi ,), ммин, мына формула бойынша есептеледі

(4.10)

мұнда q i -1-I учаске басында ағатын адамдар ағынының қарқындылығы, м мин.
b i -1-қосылу жол учаскелерінің ені, м;
b i - қарастырылып отырған жол учаскесінің ені, м.

2 - Сурет - адам ағынын бірігуі

Егер (5.10) формула бойынша анықталған qi мәні qmax артық болса , онда жолдың осы учаскесінің d i енін шарт (4.9) сақталуы үшін осындай шамаға ұлғайту керек. Бұл жағдайда I учаске бойынша қозғалыс уақыты (4.8) формуласы бойынша анықталады.
Есептеу кезінде ескеретін ескертулер:
Дабыл жүйесі жоқ ғимараттар (құрылыстар) үшін T эвакуациялау уақытының мәні нақты мақсаттағы ғимараттарда өрт кезінде адамдардың жүріс-тұрысын зерттеу нәтижелері бойынша есептеледі.
Ғимаратта өрт туралы хабарлау жүйесі болған кезде эвакуациялау басталуының кідірту уақытының мәні t н.э. оның инерционалдығын ескере отырып, жүйенің іске қосылу уақытына тең қабылданады. Қажетті бастапқы деректер болмаған жағдайда ... хабарландыру жүйесі жоқ ғимараттарда (құрылыстарда) б. з. т шамасын өрт қабаты үшін 0.5 мин және жоғарыда жатқан қабаттар үшін 2 мин тең қабылдау керек. Егер өрт орын залдық үй-жай болса, онда өртті бір уақытта ондағы адамдардың барлығы табуы мүмкін, онда t н.э нөлге тең деп қабылданады.
Эвакуацияның ең көп уақыты темекі шегуге арналған үй-жайдан болжанады, жол 2 учаскеге бөлінеді. Жол учаскесінде бір уақытта 5 адамнан аспайтын болуы болжанып отырғандықтан, d ағынының тығыздығы:

D1
N1
l b
5
12,7 3
0,13

D2
1 1
N2
l b
5

27,8 4

0,045

2 2

4.3 кесте бойынша адам ағынының жыл дамдығын

анықтаймыз. v1 80м мин
және
v2 100м мин .

Эвакуациялау уақыты есептемесі:

p
p
t l1 l2 12,7 27,8 0,44мин
v1 v2 80 100

Осылайша, персоналды толық көшірудің есептік уақыты 0,44 мин немесе 27 сек құрайды.
3. КӨШІРУДІҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ, МӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни үлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, үлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
-- көшіру -- төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
-- қоныстандыру -- бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратьш ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).
Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объекгілерге жақын орналасқан аудаңцардың халқын көшіру жатады.
Қауіпсіз аймақ -- бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздавдыру үшін даярланған аумақ.
Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.
Көшіру мен қоныставдырудың негізгі принциптері:
-- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;
-- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;
-- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;
-- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;
-- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;
-- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
-- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;
-- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе паңцаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймаганда түратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.
Төтенше жағдай төртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жащайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.
Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) жене оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жүмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.
Халықты көшіру сабақтас тәсілмен -- халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі
Эко монша отбасылық - сауықтыру кешені мақсаттары
Мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелері
Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау ережелерінің талаптары
Балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі. Эвакуациялық жоспарлау және оның бөлімдері
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
Көлемдік - жоспарлау шешімі
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Мектепішілік бейіндік оқыту
Пәндер