Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Әбдібекова Нұрай Рсымбекқызы
Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмалар арқылы екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Петропавл, 2021

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді
БМДББТӘ Кафедра
меңгерушісі___________ А.Н. Саржанова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмалар арқылы екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту

Орындаған Н.Р. Әбдібекова
Ғылыми жетекші
ф.ғ.к., доцент К.И. Ибраева
Петропавл, 2021
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Бастауыш және мектепке дейінгі білімнің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
ПІКІР
Студент: Әбдібекова Нұрай Рсымбекқызы
Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмалар арқылы екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Ғылыми жетекшісі ___________________________________ _________
(ғылыми дәрежесі, лауазымы, аты-жөні.)
_________________ ___ _____________2021 ж.
(қолы)
Мазмұны
Кіріспе
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылқтарын дамытудың теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Қазақ тілі сабағында шығармашылық танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда озық тәжірибелерді қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Екінші сынып оқушылардың қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық танымдық қызығушылықтарын арттырудың әдіснамалық негіздері.
2.1.Екінші сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен оқу бағдарламасының сараптасмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Екінші сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Екінші сынып оқушыларының шығармашылық танымдық қызығушылығын дамытудағы эксперимент өткізу және оның нәтижесі ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша А. №1бақылау жұмысы
Қосымша Ә. №2бақылау жұмысы
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген[1].
Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді технологияны енгізу.Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық -- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық -- бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді[2].
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Тәуелсіз мемллекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын, өмірлік бағдарын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті - білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті - біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған Қазақстан 2030 жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз. ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік мен білімділік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек[3].
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің бірі. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Бастауыш мектеп кезеңі - тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуына ең қолайлы жас кезеңі. Бұл жас кезеңіне мыналар тән:
-барлық үдерістердің өту белсенділігі;
-рефлексия мен сынның аз көрінуі, баланың жаңа әлеуметтік топтарға енуі, мотивация мен өзін-өзі танудың дамуы;
-ересек адамның бағалауының қажеттілігі;
-қиял еркіндігі, сезімталдық;
-жаңа әсер алуға ұмтылу.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың дәстүрлі емес шешім қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуыкерек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Оқу- тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім қызығушылық қабілетін арттыра отырып, оқушының шығармашылығын, қабілетін оятуға, дамытуға жол ашады[4]. Шығармашылық - бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабылетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет. Қызығу - бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін - оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелденген, зерттелген. Олар мыналар: Э.Парондайк, У.Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:
а) қызығушылық қабілеті артта отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға,
ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге ; т.б[5].
Шығармашылық дегеніміз -- оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін -- оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.
Бүгінгі таңда оқушылардың сөйлеу мәдениеті жоғары деп айта алмаймыз. Оның бірден бір себебі, көркем әдебиет оқитын оқушы жоқтың қасы.Қазіргі таңда оқушылардың әдеби шығармалармен танысуына, көркем шығармалар оқуына уақыт аз, ынта төмен. Оқушылар әдеби көркем шығармаларды оқу арқылы жан-жақты әдемілікті меңгереді, әдемі сөйлеу, өздерін кейіпкерлермен салыстыру, терең ойлау, шығармалардағы оқиғаларды елестету арқылы сыни ойлайтын дәрежеге көтеріліп,өздерінің ерекшеліктерін қай жерде де байқата алады. Болмыс, бітіміндегі қасиеттерді әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен сөздері негізінде қалыптастыру мүмкіндігі туындайды. Білім берудегі жаңа тәсілдердің орны бөлек, дей тұрғанмен, кітап еш уақытта екінші кезекке өтпеуі тиіс.
Құнанбай тәрбиелеген Абайдың, Шыңғыс тәрбиелеген Шоқанның қалыптасуында кітап берген тәрбиенің орны ерекше. Сондықтан педагогтың басты міндеті- оқырман оқушыны қалыптастыру, өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат - баға жетпес байлығымыз, бар білімнің бастауы ана тілімізді оқытуда жан сарайы кең, ұлттық рухы зор, дүниетанымы бай, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылу -- мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып,білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Сондықтан мектеп қабырғасынан кітап оқуды дағдыға айналдырған адам кітап арқылы өзін тәрбиелеуді тоқтатпайды[6].
Шығармашылық адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімінің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В.В.Давыдов, Л.Р. Выготский, Л.В.Занков, Б.Г. Ананьев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.М. Мұханов, т.б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. Осы ғалымдардың еңбектерін тұжырымдап, пікірлерін шығармашылық, қабілет деген ұғым, түсініктерді ұғынып, оны қалыптастырудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап дамыту жолдары жолға қойылуда. Жоғарыда көрсетілген бұл ғылыми зерттеулер педагогика ғылымының құнды дүниелері болып есептеледі. Дегенмен мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды ұйымдастыруға байланысты әлі шешімін таппай отырған мәселелер бар[7].
Осы тұрғыдан алғанда төмендегідей қарама-қайшылықтар туындап отыр:
oo бастауыш сынып оқыту мен әдістеме тәжірибесінде анықталмағандығы;
- шығармашылық танымдық тапсырмаларды ұйымдастырудың өзектілігі мен оны жүзеге асыру әдістеменің ғылыми тұрғыдан жеткіліксіздігі.
- бастауыш мектеп ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру талаптары қойылғанмен, оны іске асыруда тәрбиешілердің әдістемелік тұрғыда дайындық деңгейлерінің төмендігі.
Аталған қарама-қайшылықтар шешімін іздестіру бастауыш сынып оқу-тәрбие үрдісінде шығапмашылық танымдық тапсырмаларды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру проблемасын туғызды. Көрсетілген проблема зерттеу тақырыбын: Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмалар арқылы екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту деп таңдауға негіз болды.
Сондықтан тақырыптың өзектігілігі, қажеттілігі, жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмалар арқылы екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Зерттеудің болжамы: Егер, қазақ тілі сабағында шығармашылық тапсырмалар жүйесін нақтыласа және оқушылардының шығармашылық ойлауының еркін көрінуіне ықпал ететін шынайы шығармашылық ахуал жасалса, онда, екінші сынып оқушыларының ақыл-ой интеллектісін,танымдық іс әрекетіне сүйене отырып дамытқан жағдайда қызығушылық қалыптасады, сол себепті,ұйымдастырылған оқу қызыметін неғұрлым көтеруге болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің даму ерекшеліктері бойынша теоиялық және әдістемелік еңбектерді талдау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастырудағы оқытудың ғылымы - әдістемелік, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
3. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен қабылеттерін дамыту үшін оқытудың тиімді жолдарын талдап зерттеу;
4. Қазақ тілі сабақтарын оқытуда жаңа технология элементтерін, педагогикалық тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу;
5. Екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында орындалатын шығармашылық тапсырмалар құрастыру;
6. Екінші сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу;
7. Зерттеу барысында жинақталған материялдарды талдау және дипломдық жұмыстың мәтінін жазу;
Зерттеу нысаны: Екінші сынып оқушыларының танымдық қызықушылықтарын шығармашылық тапсырмалар арқылы қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі сабағын оқытуда екінші сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту жүйесі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысында ұсынып отырған қазақ тілінде бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және ғылыми еңбектерді жинақтау,бақылау,эксперимент,сұрақ- жауап,сауалнама, әдісін қолдану.
Зерттеу базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Қожаберген жырау атындағы № 6 мектебі, 2 г, және 2 а сыныбы.
1 : Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылқтарын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабілданған Білім мемлекеттік бағдарламасы қоғамның экономикалық және әлеуметтік маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағыт алу ақыл-ой қорын жинау сиқты мақсаттарын көздейді. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігін, қабілетін арттыруды талап етеді. Қазақстанда Ж.Қараев, Ә.Жүнісбектің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы: тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі.
oo Үнемі қайталау, ірі блок пен оқыту, тіректі қолдану;
oo Ізгілік, ықпал, жеке бағдарлы қарым-қатынас;
oo Әр оқушының табысының жариялығын, түзетуге, табысқа жетуге жағдай жасау.
Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі;
oo Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизм жеке бастың өзіндік талап - талғамына сүйену;
Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі;
oo Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;
oo Ойын танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; т.б[8].
Ұлы неміс педагогы А.Дистерверг әйгілі неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінде Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді деген.
Әл-Фараби өз еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды. Қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайда біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән рольді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлауы күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып шоғырланады[9].
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген. 1) Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды. 2)Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. 3) адамның қызығуларын ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. 4) Сыртқы дүниемен байланыспайды т.б[10].
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз оқушылардың сабағын тартымды, әсерлі, қызығушылығын арттыру арқылы ұйымдастыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегіміз жемісті болар еді. Психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде еңбек үстінде сондай болады деген. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған орта мен араласуы, еңбекке, үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, тапқырлық, іскерлік, ізгілік, шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонымен қатар бала ойын кезінде қуанады, ренжиді, біреуге қамқор болады, ызаланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыны сабақта, ойын барысында көңілін шаттартырғандай, ойын, қиялын оятатындай, іскерлігін дамытып, қалыптастыратындай болу керек. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу мұғалімнің негізгі міндеті. Бастауыш сыныпта оқушының қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады.
а) мадақтау;
ә) бағалау;
б) көрнекілік түрлерін қолдану;
в) ойын элементтерін пайдалану;
г) дидактикалық материалдар;
д) деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.
Қазақ тілі сабақтарын жақсарту жайлы, қазақ елінің тұңғыш президенті: Н.Назарбаев сөзінде: Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына қаржылық, ұжымдық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуінде болып тұр. Сондықтан да, бізге қазақ тілінің мұғалім кадрлары, тілді балаға жастан үйрететін тиімді әдістеме керек - деген болатын. Осыған байланысты мектепте қазақ тілін оқытуды, атап айтқанда бастауыш сыныптарды білімді тереңдете беру үшін бастауыш сыныптың оқушыларына қазақ тілінен грамматикалық ойындар жүргізу деген[11].
Бастауыш сыныптарда грамматикалық ойындар жүргізу әлі зерттеп болмаған мәселе. Сондықтан да болар, мектепте балаларға ойынды өте аз мөлшерде, жетімсіз дәрежеде ойнатылады. Ал, бұл баланың дамуын тежеп, ойлау қабілетін төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатады.Алтыжасар бала - бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен салыстырмалы түрде алатыг болсақ, біріншіден ол көп нәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көп нәрсені істей алатынын және оның психикасы жеке басы мүмкіндіктерінің қандай екенін білу өте маңызды.
Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің үшеуі де: ойында, еңбекте, оқуда тән. Олар еңбек ету барысында білім жолында жеңіске жетеді, дегенмен ойын бұл жастағы балалар үшін ең маңыздысы.
А.С.Макаренко: Ойын - балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлері, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Осындайда бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады - деп балалардың ойынын жоғары бағалады.
Ойын балалар үшін оқуда, еңбекте. Ойын - айналадағы дүниені танудың ең негізгі де, тиімді тәсілі. Ойын - балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады[12].
А.С.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды - деп санайды.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орынын бөлек[13].
Тиімді қолданылған ойын элементтері материалды түсіндірудің кезінде берік меңгертуге кездеседі: өйткені төмендегі оқушылардың аңсары сабақтан көрі ойынға ауысып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды. Ойынға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
1. Ойынның мақсаты нақты немесе көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға крісер алдында олардың жүргізу тәртібі оларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын түгел қадағалаумен қатар олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.
Зейін дегеніміз - сананың бір обьектіге шоғырландырып, ол обьектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Зейін адамның психикалық іс-әрекетінің бағытын көрсетеді. Егер адамда зейін қою қабілеті болмаса, онда оқу, ұғыну жөнінде айтуда қажеті жоқ болар еді. Тәрбие оқу жұмысының нәтижелі болуының бір шарты, бүкіл оқу процесінің барысында оқушының жоғарғы дәрежеде шоғырланған үздік толастамайтын зейінін тудырып отыру[14].
Зейіннің танымдық рөлі жөнінде К.Д.Ушинский: Зейін сырқы танымдық дүниенің санаға енетін адам жан дүниесінің бірден бір есігі, олай болса, ешбір білімдік ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды - деген еді[15].
И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімі физиологиялық механизмін түсінуге көмектеседі. Ми қыртысының бір бөлігінде қозу орталығы пайда болғанда, басқа қоршаған ортада тежелу пайда болады да, қозу бір ортталыққа шоғырланады. Сондықтан да оқу жұмысында тиісті обьектіге, материалға оқушының зейінін аударуға мән беріледі. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, өйткені бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, құбылмалы болуында. Бұл жаста бала әлі де өз зейінін басқаруды игермеген, сондықтан оқу процесінің әр сәтінде өмірдің сезім мүщесі тиісті обьектіге бағытталып, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға көңіл бөлгені жөн. Я.А.Каменский зейінді заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне көп мән беретін ақылдылық сәулесі - деп атады. Ол Өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушыға ұстаз ғылым арнасына ағатын бұлақ, осы қайнардың ағытылу сәтінде, дер кезінде сезініп, зейінін түтіктерін тоса қоюға дағдылану керек және бұл үшін өмірдің әр нәрсеге деген қызығушылық зейінін оята білу қажет - деді[16].
Бастауыш сынып оқушыларында ырықты зейіннен ырықсыз зейін басым. Сондықтан, сабақ процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрікті заттарға, ойынға көп көңіл бөлу керек. Осы арқылы бала бойында шығармашылық қабілет қалыптастыру қажет.
Түйсік - сезімнің танымдық негізі. Түйсік дегеніміз- құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуі арқылы бейнеленуінің алғашқы формасы. Зейін - түсінудің алғы шарты. Түсіну нәтижесінде бала зат пен құбылыстың жеке қасиеті, сапасы туралы мәлімет алады. Ал, қабылдау арқылы зат пен құбылыс санамызда толық бейнеленетін болады. Сондықтан да, түйсікті қабылдаудың барлық қасиеттерінің біздің санамызда толық бейнеленуі. Қабылдау процесінде элементтер бірігіп, бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріп, адамның басқа да психикалық процесс пен ой, сезім, сөз, ерік байланысты жүзеге асады.
Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтылығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге көңіл аударады. Мектеп жұмысының шарты алғашқы күндерден бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілікке зейінін бағыттауды үйренеді. Міне, осы таным процестері оқушыда дұрыс қалыптасса ғана оқушының шығармашылық қабілеті артады.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін қабілет деген ұғымды түсініп алуымыз керек. Қабілет ұғымына пс ихологиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т.Тәжібаев Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті деп түсінік берді.
Сонымен қатар қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе көпткгкн психолог ғалымдар А.Н.Леонтьев, В.А.Куртенцкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубин, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, А.В.Петровскийлер өз пікірлерін былай деп тұжырымдады. Қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол да онда ұзақ процеске айналатынын айтты. Қабілеттер күні бүгінгіе дейін көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесінің назарын аударып, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Мысалы, Н.В.Кузмина қабілеттер оның құрамы үш түрлі қасиеттер тобынан тұратынын анықтап, дәлелдеп, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетті. А.Н.Леонтьев қабілеттерге берген пікірі дамытудағы әлеуметтік-жағдайлардың шешуші роль атқаратындығына назар аударды[17].С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін анықтады. Осы негіздерге сүйене отырып ғалымдардың пікірлерін теорияда қалыптасқан біртұтастықта қарастырылатын яғни, қабілеттердің әрекетте дамитындығы жөнінде қағида қалыптасқан. Осы еңбектердегі теориялық түсініктерге сүйене отырып, осы проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отыртындығын, оларда бір-біріне деген қарама-қайшылықтың жоқ екендігін байқадық. Осы еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, оны ары дамытуға, белгілеуге үлесін қосады. Қабілеттердің дамуы әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Бала бойындағы қабілеттер жалпы және арнайы болып табылады. Психолог ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі бар екенін дәлелдеді.
1. Репродуктивті іс-әрекеті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
2. Шығармашылық - нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық сөзінің этимологиясы шығару, ойлап табу дегенді ұғындырады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау педагогика, психология ғылымдары өте ертеден зерттелген. Шығармашылық әлемдік мәдениет пен білімнің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғанын байқауға болады[18].
Ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұни, Әл-Фараби. Абайды да шығармашылық, қабілет деген ұғым- түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты- озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу болып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Ы.Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал М.Жұмабаев оқушы шығармаларына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына негіздеген ғалым-педагог болды. Ал ғалым Қ.Ә.Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындаған. Я.А.Паномарев шығармашылық қабілетті, даму ұғыну мен қатар деп түсіндіреді[19,20]. М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығар машылық қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. Шығармашылық әрекет өмірде оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда даму сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. Даму сөзінің психологиялық анықтамасы жаңару, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады. Даму процесінде үш түрлі фактор бар.
1. Биологиялық фактор
2. Әлеуметтік фактор
3. Баланың белсенділігі
Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсінік беретін болсақ: биологиялық фактор - бұл ата-анадан берілетін, дененің барлық мүшелерінің құрылысы мен ерекшілігін білдіретін бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, денсаулықты қамтамасыз етеді.
oo Әлеуметтік фактор - бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
oo Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол адамдардың мінез-құлқы, ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары, еңбекке деген көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекеттері, дағдылары, ұмтылыстары яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды.
oo Баланың белсенділігі - бұл даму процесідегі әрекет ететін үшінші, негізгі күш болып табылады.
Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетанымы, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. Бұлақ көрсең көзін аш деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге деін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, досы, бапкері болуға тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.
Біздің алдымызда, келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттің тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі - бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет[21].
1.2. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Қазіргі таңда мектептердің алдына қойған бірден-бір мақсаты - дамыта отырып, шығармашылыққа бейім тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімдердің біліктілігін арттырып, шәкірт ке саналы білім, саналы тәрбие беру.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, отанды сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті[22].
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты - оқушыны жан - жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.
Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау - бұл ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа қатысуына, ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара қарым - қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі көзқарастың шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор мүмкіндіктер береді.
Топпен жұмыс жасауда аудиторияны үнемі айналып өтіп, тек қажет болған жағдайда ғана көмекке барыңыз. Шағын топта қандай дағдыларды меңгеру керектігін сезінуге мүмкіндік беріңіз.
Оқушыларды топтарға бөлуде, тәжірибелі әдістемешілер топ құрамын әр түрлі, яғни әр түрлі мүмкіндіктегі күшті, орташа және әлсіз оқушылардан құралуын қамтамсыз етеді. Әртекті топта шығармашылық ойлау ынталандырып отырады. Оқушылар уақытының көп бөлігін өз көзқарасын ұсыну, мәселелерді жан - жақты талқылау және сұрақты құрастыруды үйренуге жұмсайды. Мұндай топтар оқушылар арасында жүйелі қарым - қатынас орнатады.
Топ құрамын ұзақ уақыт бойы өзгертпей сақтау топ ішіндегі шеберліктің қалыптасуына ықпал етеді. Сондай - ақ топ құрамын ауыстыру барлық оқушыға түрлі адамдармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге топ мүшелерін әр түрлі ролдерге бөлуге болады. Рөлдердің бөлінуі кез - келген оқушыны жұмысқа белсенді атсалысуына итермелейді. Егер топ құрамын тұрақты сақтаса, онда оқушылар арасындағы ролді ауыстырып тұруға болады.
Шағын топтардағы жұмыс тәсілін пайдалану арқылы тапсырмалады орында:
- Тапсырманың әр кезеңін орындауға қанша уақыт бергеніңізді жариялаңыз.
- Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қажет мысалдарды, мәліметті таратыңыз, содан кейін тапсырманы орындауға кірісуін сұраңыз.
- Бір топтан екінші топқа жылжып отырыңыз және оқушыларға топтағы жұмыс ережесін орындауға көмектесіңіз.
- Топтағы жұмысты аяқтаған соң, тапсырманы орындаудың нәтижесі жөнінде баяндау үшін топ өкілдеріне сөз беріңіз. Плакаттар, кестелер, суреттер және өзге де көрнекі құралдарды пайдаланғандарды қошеметтеп отырыңыз. Сіз өзіңіз де әр түрлі топтың тапсырманы орындау нәтижесін енгізетін кесте жасап алсаңыз болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады[23].
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек - деген. Осы тұрғыдан қытай халқының мақалында : Тыңдасам ұмытамын, көрсем есте сақтаймын, жазсам түсінемін деген екен[24].
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ған оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең - жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең -- қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену -- шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең - тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі . Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады.
Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен олимпиадалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың, ата - аналармен біріктірілген сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажетp[25].
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылқ бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс - әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа байланысты етеп алған дұрыс.
Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма - міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт - бағдар беріп отыру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар : Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді деген қорқыныш сезім, екінші - өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу :
- оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай :
- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
- логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
- бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есетер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)
- әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
- қиялдау арқылы сурет салғызу;
- ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
- мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау[26].
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларман шығармашылық тапсырма түрлерін жас ерекшелігіне, психологиялық даярлығына қарап қалыптастырады. Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев Педагогика еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен. Ұлы ағартушыларымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде яғни, оқушы, оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл-мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы.Қазақ тілі сабақтарында ұтымды уақыт тауып шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болады.
1. Оқушыларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару;
5. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;
6. Мәтін бойынша мақал құрастыру;
7. Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар;
8. Берілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz