Отбасыдағы ата-ана үлгі өнегесінің педагогикалық мәні және бала тәрбиесіндегі рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Астана Халықаралық университетінің

Гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс

Пәні «Педагогика»

Тақырыбы: «Отбасындағы ата-ананың тәрбиесі»

Орындаған:

«Бастауыш білім беру» мамандығының

4 курс студенті Делагат Жайна

Ғылыми жетекші:

Нұр-Сұлтан 2021 жыл

Кіріспе 3

1 Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілері 5

1. 1 Отбасы тәрбиесі түсінігі 5

1. 2 Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері 7

2 Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі 10

2. 1 Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролі 10

2. 2 «Мен және менің отбасым» әдеби музыкалық кеші 15

Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Қосымша 28

Кіріспе

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-асқар тау,

Ана - бауырдағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ - деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.

Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

2006 жыл - Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерін келтіруге болады.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі зор.

бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;

отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгі-өнегесінің педагогикалық рөлі
Ана құрсағынан басталатын бала тәрбиесі және ата-ана үлгі-өнегесінің рөлі
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесінің педагогикалық маңызы
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгінің педагогикалық мәні мен тәрбиелік рөлі
Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен жауапкершілігі
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектепке дейінгі ұйымдардың рөлі
Бастауыш мектеп оқушыларының рухани қасиеттерін қалыптастырудағы отбасы мен ата-ананың үлгі-өнегесінің рөлі
Отбасы және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі: тарихи-мәдени және педагогикалық аспектілер
Баланың тәрбиесіндегі ата-ана рөлі және отбасы тәрбиесінің маңызы
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, қызметтері және ата-ананың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz