Қайта Жаңғырту құрылыс талаптары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. Сәулеттік - құрылыстық бөлім. … . . . 8
1. 1 Құрылыс ауданының сипатамалары . . . 8
1. 1. 2. Инженерлік -геологиялық талаптар . . . 9
1. 1. 3 Топырақ негізінің физика -механикалық қасиеттері . . . 10
1. 1. 4 Топырақтың сортандылығы мен агрессиясы . . . 12
1. 2 Бас жоспар . . . 14
1. 3 Ғимараттың көлемдік - жоспарлық шешімдері . . . 15
1. 4 Сәулеттік -конструктивтік шешім . . . 17
1. 5 Қоршағыш конструкциялардың жылутехникалық есебі . . . 19
1. 6 Ғимараттың инженерлік жабдықталуы . . . 21
1. 7 Көлемдік -жоспарлық шешімдер . . . 22
1. 8 Конструктивтік шешімдер . . . 25
1. 8. 1 Іргетастар . . . 25
1. 8. 2 Қабырғалар . . . 28
1. 8. 3 Аражабын және төбе жабын . . . 28
1. 8. 4 Баспалдақтар . . . 28
1. 8. 5 Терезелер . . . 29
1. 8. 6 Есіктер . . . 29
1. 8. 7 Едендер . . . 29
1. 8. 8 Жабындар . . . 30
1. 9 Өртке қарсы шаралар . . . 30
1. 9. 1 Құрылыс конструкцияларын тоттануға қарсы қорғаныш . . . 31
1. 10 Ғимаратты инженерлік жабдықтау . . . 31
1. 11. 1 Инженерлік желілер . . . 32
1. 11. 1 Жылу беру…… . . . 32
1. 11. 2 Сумен қамтамасыз ету . . . 33
1. 11. 3 Желдету . . . 33
1. 11. 4 Кәріз жүйесі . . . 34
1. 11. 5 Электр желісімен қамтамасыз ету . . . 35
1. 12 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі . . . 36
1. 13 Қорғаныстық шаралары . . . 37
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының даму қарқынын тұрақтандыру және оны біртіндеп қалыпына келтіру, модернизациялау мемлекеттің өнеркәсіптік қуатының маңызды жинағы - құрылыс көлемін ұлғайтумен тығыз байланысты болады.
Құрылыс саласында ҚР конституциясы бекіткен қала және ауыл халқының білім алу керектілігін қанағаттандыруға көзделген азаматтық құрылысқа ерекше көңіл бөлінгенін ескереміз.
Азаматтық құрылыс нысандарын салудың маңыздылығына ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан -2030» атты халыққа жолдауында өте қатты мән берген.
Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты ретінде халықтың материалдық және рухани өмірінің әлауқатын жақсарту болып табылады. Бұл мақсатты алдағы уақытта іске асыру өндіріс тиімділігін, сонымен қатар құрылыс өндірісін мүмкіндігінше дамытуды талап етеді, яғни аз уақытта үнемді, әрі сапалы жобалау және орындалуы керек.
Құрылыс сапасын арттыру оның тиімділігімен, материалдар мен құрылыс өнімінің энергосыйымдылығын шағындау, әрі жұмыстың еңбек сыйымдылығы және ұзақтылығын азайтумен тікелей байланысты болады. Сапаға қойылатын талаптар нақты мазмұндалуы керек, әрі сонымен қатар ғимараттар мен үймереттердің жобаларының барлық баспалдақтарында, конструкцияларды жасауда, жинақтау және өндіріс жұмыстарында қатаң ескерілуі керек.
Құрылыс тәсілін автоматтандыру мен механикаландыруға арналған жаңа құралдарды пайдалану, ірі блоктық жинақтау, зауыттарда дайындалған құрама элеметтерді қолдану арқылы, әрі жинақтау жұмыстарының орындалу барысын жеңілдетудің жэне ұзақтылығын азайтудың басты шартыны айналған.
Егеменді еліміздің халық шаруашылықтарының бір саласы ретінде құрылыстың дайындалу және тікелей іске асыру барысында күрделі және санқырлы ұйымдастыру -технологияның шешімдеріне негізделеді. Құрылыс салаларында жатын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен үймереттер өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда заманауи талапқа сай 270 жатын орынға лайықталған «Шипагер» емдеу -сауықтыру кешенінің негізі сонау 1970 жылдардан бастау алады. Құрылу тарихы мен мекеменің кешегісіне қарағанда, орайды сәтті пайдаланып, сауықтыру кешенінің бүгінгі жай -күйі мен тыныс тіршілігі жайлы кеңірек баяндап берсем деймін. Өйткені, әдемі ландшафты көркем табиғаты мен оның емдік қасиетінің зор мүмкіндіктері және инфрақұрылым мәселесінің оң шешілуі біздерді осы саланы екілене дамытуға итермелейді.
Қайта Жаңғырту құрылыс талаптары.
Сонымен қатар соңғы жылдары орталығымызда әлемдік медицинаның озық технологиялары мен нәтижесі жоғары әдіс -тәсілдерін климаттық ерекшелікті ескере отырып, жергілікті табиғат жаратылысымен байланыстыра отырып, кеңінен қолданысқа енгізуді қолға алдық.
Атап айтқанда, бұл күнде Қарғалы өзенінің минералды суы мен Шалқар сор көлінің тұнбалы балшығын керекке жарату, қымызбен және радонды терапиямен емдеу ісін біріздендіріп үлгердік. Әрине, бұл ретте маман мәселесін оңтайлы шешпей, істі ұтымды ұйымдастыру мүмкін емес екені белгілі. Десек те, біліктілігі жоғары терапевт, кардиолог, уролог, стоматолог сынды денсаулық саласының мамандары ағымдағы көрсетілетін қызмет түрлері болғанымен, оның өзі жоғары сапада болуы талап беріледі. Ал медициналық тұрғыда озық үлгіде гирудотерапевт (сүлікпен емдеу) қызметінің пайдасы пациенттер үшін пайдасы зор.
Жаңа технологиялық жабдықтармен жарақтану.
Сауықтыру орталығы жаңа әрі қолданысқа ыңғайлы заманауи медициналық емдеу -диагностикалық құралдарымен толық жабдықталады. Бір ерекшелігі, олар бүкіл әлемдік деңгейдегі медицина саласының нарығында өте белсінді әрі танымал компаниялардың өнімдері болып табылады. Яғни, бұл өз отандастарымыздың құнды аппараттардың қызметіне жүгіну үшін шетел асып, қыруар қаражатын шығындамауға мүмкіндік береді. Мәселен, осы жерде «АLОКА» аппаратының көмегімен ішкі органдардың жағдайын мұқият зерттеп, зерделеу қолжетімді. Ал жүрек соғысының қалпын тексеруде 12 каналды аппараттың әлеуеті шексіз. Сонымен қатар, Холтер әдісі сәйкесінше ЭКГ көрсеткішін және артериялық қысымға тәуліктік бақылау жүргізу секілді қызметтер біздің мүмкіндіктеріміздің зор екендігін көрсетеді.
Бұдан басқа зерттеу сараптамалары мен талдау, тексеру жұмыстарының барлығы да қалыпты жағдайда сапалы түрде қызмет көрсететіндігін де ұмыт қалдырмаған жөн.
Жоғары технологияларыңызды пайдаланушы пациенттерге жасалған жағдайлар.
Сауықтыру орталығында емделушілер күніне төрт реттік мерзім сәйкесінше тамақтанады. Емделушілер үшін медициналық көрсеткіштерге сай дәрігердің тағайындауымен бес рет немесе арнайы тағамдармен тамақтану әзірленеді. Ал ас мәзірі бір күн бұрынғы тапсырыс сәйкесінше емделушілердің көңіл қалауымен дайындалады.
Арнайы тағайындалған ас мәзірін диетолог маман әрқашан бақылауда ұстайды. Жалпы, мекеме емделушілерге мейлінше емдік қасиеті мен калориялық қуаты күшті тағамдар ұсынылатын болады.
Ем -дом қабылдаушыларға қосымша көрсетілетін қызметтер.
Кешенімміз заманауи сауықтыру санатына жатындықтан, оңалту базасының негізгі басымдығы ретінде емдеу -сауықтыру шаралары кіреді. Жоғарыда атап өткен Шалқар көлінің минералды суымен емдеу (оның құрамында тұзды бром мен магний көрсеткіші жоғары) яғни, хауыз қабылдау мен суды атқылата пайдаланудағы душтың бірнеше түрі бар. Сонымен қатар, таңнан кешке шейін қимылсыз кеңседе отырып физиологиялық тұрғыда әлсіздікке ұшыраған азаматтар үшін оның денсаулығын оңдап, жұмысқа қабілеттілігін арттырудың барлық мүмкіндігі қарастырылған. Осы бағытта шипажай кешені спорт, бассейн, фитнес зал қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, кітапхана мен кинозал балалар бөлмесі мен пейнтбол ойын алаңы, бильярд столы да тәуліктің кез -келген уақытында емделушінің игілігі үшін жұмыс істеуге әзір.
Шетел азаматтарын тіркеу, халықаралық телефон байланысы, оргтехникалық қызметтер, әуе және темір жол билеттерін жеткізіп беру, пошта қызметі, автотұрақ, жазда катамаран мен қайықтарды, ал қыста шаңғы мен шана, коньки аяқкиімдерін жалға беру секілді күнделікті тұрмыста керектілік туындайтын барлық қызмет түрлері де шебер ұйымдастырылып, өз үйлесімін тапқан.
Қайта Жаңғырту құрылыс шешімдері.
Құрылыс саласында әртүрлі деңгейдегі, әр саладағы үймереттер мен ғимараттар бой көтеріп жатыр. Олардың салу технологиясы мен оның өзіндік ерекшеліктері әрқашанда басты қарастыратын мәселенің барысы болып табылады. Бұл жатыны қарастырмас бұрын мына жағдайларды ескереміз; климаттық жағдайы, орны, формасы. Бұларды бір -бірімен тығыз байланыстыра отырып, құрылыс салу жүйесіндегі ғимараттың міндеті мен әлуметтік қызметін, қала құрылысындағы рөлін анықтаймыз.
Құрылыс жобасын ұйымдастыру және жұмыс өнімділігін экономикалық негіздеу, шешілетін конструкцияларды келтірілген жағдайлармен үлгілерді ала отырып шешеміз.
Құрылыста экономикалық та тиімді шешімдер қабылдау да үлкен маңызға ие, ол құрлысқа үлкен табыстар әкеледі. Күрделі шешімдерді тиімді етіп шешу арқасында да жұмыс жағынан да үлкен жеңілдіктер алуға болады. Сонымен қатар жобалауда МЕСТ -да және ҚЖНжЕ -де келтірілген ережелер қатаң түрде сақталынған.
Архитектурада және құрылыста шығынды қысқарту мақсатында ғимараттардың рационалды көлемді -жобалау шешімдері, құрылыс және әрлеу материалдарын дұрыс таңдау, құрылымның жеңілдігі, құрылыс әдістерін жетілдірумен жүргізіледі. Қала құрылысында басты экономикалық резерв жерді пайдаланудың тиімділігін жоғарылату болып табылады.
1. СӘУЛЕТТІК - ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Құрылыс ауданының қасиеттері
Сауықтыру кешенінің құрылысы Ақтөбе қаласында орындалады. Кешен келесі табиғи -климатологиялық талаптар мен нормативті талаптарға сай жобаланған:
1. ҚР ҚЖНжЕ 2. 04 -01 -2010 «Құрылыстық климатология» құжатына сай:
- климаттық аудан - ІІІА;
- ылғалдылық зонасы - 3 (құрғақ) ;
- ең суық бескүндік кезіндегі сыртқы ауаның есептік температурасы (0, 92 қамтамасыз етілген) - минус 31ОС;
- жылыту кезеңінің орташа температурасы - минус 1, 6ОС;
- жылыту кезеңінің ұзақтылығы - 158 тәулік;
2. ҚР ҚЖНжЕ 2. 01. 07 -85 «Жүктемелер мен әсерлер» құжатына сай:
- қар жамылғысы салмағының нормативті мәні - 0, 1кПа ( ІІІ аудан үшін) ;
- жел қысымының нормативті мәні- 0, 38кПа ( ІІІ аудан үшін ) ;
3. МемСт 30404 -96 құжатына сай ғимарат температурасы - 18 О С.
1. 1. 2. Инженерлік -геологиялық талаптар.
Физико -географиялық талаптар және климаттық ерекшеліктері. Геоморфологиялық қатынаста учаске Орал - Ембі денудациондық үстіртінде орналасқан. Учаске рельефі - тегіс.
Ақтөбе климаты шұғыл континентті, жазы - ыстық, құрғақ; қысы - суық. Жазда щаң дауылдары, қыста борандар жиі соғады. Жауын -шашын мөлшері солтүстік -батыста жылына 300 мм маңайында, ал оңтүстікте 150 -200 мм. Олардың таралымы жыл бойына біртексіз (ең көбі көктемге келеді) . 5 -10 жылда бір рет жауын -шашын мөлшері 250 мм -ді құрайды, ал бір жылдары, керісінше 50 мм -ге шейін түседі.
Булану мөлшері өте жоғары. Оның мәні жылдық жауын -шашын мөлшерінен 10 есеге көп. Қар жамылғысы -22 -30 см, наурыз айында ең максималды 80 см мәнге ие болуы мүмкін. Жел бірқалыпты, қыста оңтүстік және оңтүстік -батыс бағытында, жазда солтүстік және солтүстік -батыс бағытында соғады. Қандыағаш және Мұғалжар шоқыларында метеостансада шілде айының орташа температурасы -23 0 , максималды - 42 0 С .
Геолого -литологиялық құрылысы және гидрогеологиялық талаптары.
Топырақ массивінде 3 шекара жоғарыдан төмен қарай орналасқан:
- өсімдік жамылғысы;
- карбонатты қосылыстары бар лесс типтес саздақ;
- қуқыл -сары және сары лесс;
- ауыр және орташа, қоңыр саздақ;
Сонымен 10 м. ауданында басым топырақ сейсмикалық қасиеттері сәйкесінше ІІ категориялы топырақ көрсетілген.
1. 1. 3 Топырақ негізінің физика -механикалық қасиеттері.
Бұрғылау жұмыстарының камералды өңдеу нәтижелерінен және зертханалық тексерістер сәйкесінше, ізденістер аланың жоғарыдан төменге қарай орналасқан инженерлік -геологиялық элементтерге жинайтын топырақтардың бөлінуі атқарылды.
Топырақтың физико -механикалық қасиеттері:
ИГЭ - инженерлік геологиялық элемент
ИГЭ 1:Өсімдік жамылғысы. Қуаттылығы - 2, 1 м.
ИГЭ 2:Карбонатты қосылыстары бар лесс типтес саздақ. Қуаттылығы - 4, 1 м.
ИГЭ 3:Қуқыл -сары және сары лесс. Қуаттылығы - 7 м.
ИГЭ 4. Ауыр және орташа, қоңыр саздақ. Қуаттылығы - 9, 3 м -ден артық.
Отыруы сәйкесінше топырақ талаптары :
Эпюра ординаталары әр ИГЭ табаны деңгейінде мына формула сәйкесінше негізделген:
σ zgі = ∑ h і · γ sаt, і (1. 1)
мұндағы
h і - і -табанынан жоғары ИГЭ қуаттылығы;
γ sаt, і - і -қабаттан жоғары қабаттардың шекті салмағы, мына формуламен негізделеді :
γ sаt = γ d + S r · н · γ ω (1. 2)
мұндағы
γ d - құрғақ топырақтың шекті салмағы;
н - топырақ кеуектілігі;
S r - ылғалдылық деңгейі, саздақ үшін- 0, 8;
γ ω - судың шекті салмағы (10кН/м 3 ) ;
γ sаt - 1, 5 м. -су коммуникацияларын орналастырудың минималды тереңдігінен бастап есептеледі.
Диплом жұмысында есептеуді өсімдік жамылғысы табанынан жүргізуге рұқсат беріледі [1] .
1. 1 -кесте
Топырақтың физико -механикалық қасиеттері
№ ИГЭ
h і , м
γ d , кН/м 3
Н
S r, і
γ sаt , кН/м 3
h і · γ sаt , кН/м 2
σ zgі , кН/м 2
1
2
3
4
6
7
8
1
2, 1
15, 3
-
-
-
32, 13
32, 13
2
4, 2
14, 6
0, 45
0, 55
18, 7 (17, 1)
78, 54
110, 67
3
7, 0
14, 3
0, 46
0, 9
18, 4
128, 8
239, 47
4
9, 3
15, 9
0, 41
0, 81
19, 2
178, 6
418, 07
Р sl = 60 кПа; h sl = 2, 71 м; Z sl = 4, 95 м; σ sl = 85, 34 кН/м 2 ; ε sl = 0, 011 м;
S sl = h sl · ε sl = 2, 71 · 0, 011 = 0, 0298 м.
Топырақтың өз салмағынан отыруы 2, 98 см < 5 см. Сәйкесінше, лесс отыруы сәйкесінше І типке жатады [2] .
Сейсмикалық сипаттамасы. Ауданда таулы аудандар болмағасын сейсмика жоқ.
Топырақтардың маусымдық қатуының нормативті тереңдігі: саздақ, саз үшін -0, 56м, ірі кесекті топырақ үшін - 0. 83м. 0 о -тің топыраққа максималды кіру тереңдігі - 1. 00м құрайды.
1. 1. 4 Топырақтың сортандылығы мен агрессиясы.
Зертханалық мәліметтерге сай, жобалау учаскесінде топырақ тұзды емес.
(МЕСТ25100), кәдімгі портландцементті W4 -W8 маркалы бетондарға жер асты суларының көкжиегінен жоғары орташадан әлсіз тұзды агрессияға шейін қабілетті. Және сонымен қатар (СНиП 2. 03. 11 -85) темірбетон конструкцияларға орташадан әлсіз хлоридті агрессияға қабілетті. Топырақтың коррозиялық белсенділілігі көміртекті болатқа қатысты жоғары.
Ұсыныс - іргетастың түрін таңдау мен жобалау кезінде көрсетілген нормативтер мен сипаттамалардың есептік мәндерін қолдану ұсынылады;
- құрылыс алдындағы кезеңде байқама бағананы қағу керек;
- негізді құру кезіндегі жер жұмыстары ҚР ҚЖНжЕ 3. 02. 01 -87, ҚР ҚЖНжЕ 1. 03 -05 -2001 талаптарға сай болу керек;
- болат конструкцияларының антикоррозиялық қорғанысын ескеру керек;
- бетон және темірбетон конструкцияларының жер асты сулары мен топырақтың агрессивті әсеріне қорғанысын ескеу керек;
- ісінгіш пен биогендік топырақтардың жобалау кезіндегі ерекшеліктерін және аязды ісінуге қарсы шараларды ескеріп, қарастыру керек.
Құрылыс пен эксплуатация кезінде территорияны жер асты мен беткі сулар деңгейінің көтерілуін болдырмау үшін "Оқу құралы" сәйкесінше комплексті инженерлі қорғанысты (беттік ағымды ұйымдастыру, бөлек ғимараттарды жергілікті қорғау, су тартудан берік қорғауды жасау және т. б. ) қарастыру ұсынылады.
1. 2 Бас жоспар
Бас жоспар қолданыстағы нормалар мен ережелерге толық сай жасалған, экологиялық, жобалаудың қарастырылған шараларын және талаптарға сай қадағалау кезінде санитарлық -гигиеналық және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді:
- ҚР ҚЖНжЕ 3. 02 -43 -2007* "Жатын үй ғимараттары";
- ҚҚН 2. 02 -05 -2000* "Көліктер тұрақтары";
- ҚР ҚЖХЖжД 3. 01 -05 -2001 "Қала құрылысы. Елді мекендерді мүгедектер және халықтың өзге аз әрекетті топтарының керектіліктерін ескере отырып, жоспарлау және құрылыстарын салу";
- ҚҚН 3. 02 -05 -2003 "Ғимараттармен имараттардың халықтың аз әрекетті топтары үшін қолжетімділігі"
- ҚР ҚЖНжЕ 2. 02 -05 -2009* "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт өауіпсіздігі".
Құрылыс учаскесі дұрыс пішінді, жоспардағы өлшемдері - 76, 8х42, 0 м. Құрылыс учаскесі мен маңындағы аумақ арасында автожолдар өтеді. Жанасатын көшелердегі қозғалыс интенсивтілігі төмен. Ғимарат учаскенің түбінде орналасқан және қасбеті солтүстікке бағытталған. Ғимарат бағдары сауықтыру кешені терезелерінің бағдарлану нормасына сай алынған. Корпустан қызыл сызыққа шейінгі минималды қашықтық - 20 м.
Учаскеге кіру алаңында ауданы 400 м 2 болатын ашық автотұрақ қарастырылған. Орталықтың бас есігінің алдында газондар мен орындықтары бар келушілерге арналған алаңша ұйымдастырылған. Бас корпустың артында ені 2м болатын саябақ ұйымдастырылған. Саябақтағы жолдар мен алаңшалар тротуарлық плиткамен жабылған.
Корпус маңында, 12 м қашықтықта орталық авторанспорты мен арнайы техникаға арналған ені 3, 5 м жол жасақталған. Автотұрақ, автожол және жаяужол жабыны - асфальтобетоннан орындалған. Орталық аумағы қоршалған және 2 кіре берісі (парадты және қызметтік) және 2 шыға берісі бар. Аумақты көгалдандыру жапырақты және қылқанжапырақты биік ағаштармен, бұталармен, гүлдер мен шөптермен орындалған.
1. 2 - кесте
Бас жоспардың технико -экономикалық көрсеткіштері:
Көрсеткіштер атауы
Өлш. бірл.
Саны
1
2
3
Учаске ауданы
Га
1, 27
Құрылыс ауданы
м 2
1774, 1
Іргежатпа және жаяужолдар ауданы
м 2
2286, 1
Көгалдандыру ауданы
м 2
8627, 8
Құрылыс салу коэффициенті
0, 14
Көгалдандыру коэффициенті
0, 68
1. 3 Ғимараттың көлемдік - жоспарлық шешімдері
Сауықтыру кешенінің ғимараты бір -бірімен композициялық, технологиялық және инженерлік жабдықтармен байланысқан және “шахматтық” тәртіппен орналасқан 3 блок түрінде жобаланған. Шеткі блоктар жоспарда бірдей өлшемдерге ие - 26, 4 х 21 м, ал ортаңғысының өлшемдері - 24 х 21 м. Ғимарат 4 қабаттан, жертөле қабаты және техникалық қабаттан тұрады. Қабаттардың биіктігі - 3, 3 м.
Ортаңғы блок пен шеткі блоктардың бірінші қабаты - административті бөлік. Мұнда кабинеттердің басым бөлігі орналасқан: қабылдау бөлмелері, ем -шара кабинеті, асхана, буфет және т. б. 2 -4 қабаттардың оң қанатында операциялық, координаторлық, наркоздық және көмекші бөлмелер орналасқан. Сол қанаты - стационар палаталары (1, 2, 3 кереует), санитарлық бөлмелер.
ҚР ҚЖНжЕ 3. 02 -08 -2010 «Емдеу -профилактикалық мекемелер» құжатына сай бөлмелер ені, кем емес : бір кереуетті палаталар үшін - 2, 9 м, дәрігерлер кабинеттері және палаталық бөлімнің дәлізі үшін - 2, 4 м, таңу және ем -шара бөлмелері үшін - 3, 2 м, операциялық бөлме үшін - 5 м, операциялық блоктың дәлізі үшін - 2, 8 м, администраторлық - шаруашылық блоктың дәлізі - 1, 5м.
Орталықтың негізгі аумағы табиғи жарықпен қамсыздандырылған. Жасанды жарықтандырумен санитарлық бөлмелер, қоймалар, фотолаборатория, клизмалық бөлме, гигиеналық ванналар, қызметшілерге арналған душ бөлмелері, әйел адамдардың жеке гигиена бөлмелері, наркоздық, операция алдылық және аппараттық бөлмелер жабдықталған. Палаталық бөлімдердің дәліздері бүйір қабырғаларында орналасқан терезелер арқылы табиғи жарықпен қамсыздандырылған [3] .
Жарықтандыру бағдары ҚР ҚЖНжЕ 3. 02 -08 -2010 «Емдеу -профилактикалық мекемелер» құжатына сай қабылданған [4] :
- палаталар - О, ОШ, Ш, С және СБ - бөлімшедегі 50 % кереует санынан көп емес.
- операциялық бөлмелер - С, СШ, СБ.
Барлық операциялық бөлмелер 1 операция үстеліне жобаланған. Операциялық блок екі изолирленген бөлімшелерден тұрады: септикалық және асептикалық. Ғимараттың ортаңғы блогында жолаушылар және жүк лифттері және әр блокта баспалдақ жобаланған.
1. 3 - кесте
Ғимараттың технико -экономикалық көрсеткіштері:
Көрсеткіштер аталуы
Өлш. бірл.
Саны
1
2
3
Құрылыс көлемі
м 3
29030, 4
Жалпы ауданы
м 2
9918, 7
Пайдалы ауданы
м 2
5002, 0
К -1 коэффициенті
0, 504
К -2 коэффициенті
5, 804
1. 4 Сәулеттік -конструктивтік шешім
Сауықтыру кешенінің ғимараты жиналмалы темірбетон конструкциялармен жобаланған; сыртқы қабырғалары өзін -өзі көтергіш кірпіш қабырғалардан тұратын қаңқалы ғимарат. Ғимараттың кеңістіктік орнықтылығы қатаңдық диафрагмасы мен жабын дискілерінің бірлескен жұмысымен қамтамасыз етледі.
Нормативті бірқалыпты және уақытша жүктемелердің мәні және сайкесінше коэффициенттер нормативтерге сай қабылданды .
Іргетастар. Қадалы негіздегі тұтас құймалы темірбетон тақталары .
Қаңқа элементтері. Ғимарат қаңқасы құрастырмалы темірбетон элементтерден тұрады. Колонналар қимасы 400х400. Құрастырмалы темірбетон конструкцияларда барлық металл детальдары мен қосылыстары 100 маркалы қалыңдығы 25 мм цемент ерітіндісінің қабатымен жабылған; ал ашық металл конструкциялары мен детальдары 2 қабат майлы бояумен қапталған.
Ара жабындар. Ара жабындар мен жабындар -құрастырмалы темірбетон. Аралық қабырғалар орнатылғанға шейін ара жабынның қырлы және құймалы бөліктерінің қуыстары 50 маркалы керамзитпен толтырылады, γ = 1200 кгс/м³.
Едендер. Едендер дыбыс оқшаулағыш қабат - 25 мм, тегістегіш қабат - 50 мм және жабыннан (линолеум, плитка т. б. ) тұрады.
Баспалдақтар. Құрастырмалы темірбетон және жиналатын темірбетон баспалдақтардан тұрады. Сыртқы өрт баспалдақтары - темірден жасалған. Баспалдақтардың биіктігі - 150 мм, ені - 300 мм.
Қабырғалар. Жертөле қабырғасы құрастырмалы бетон блоктардан құрастырылған. Жертөлелік қабырға конструкциялары топырақтың қырлық қысымынан түсетін жүктемеге γ р = 1700 кгс/м 2 және жер бетіндегі уақытша жүктемеге Р п = 1000 кгс/м 2 есептелген.
Маңдайшалар - тұтас құймалы темірбетон.
... жалғасыЖертөле қабырғасының топырақпен жанасатын барлық сыртқы қабаттары 2 қабат ыстық битуммен жабылған.
0, 000 белгіден жоғары сыртқы қабырғалар - өзін -өзі көтергіш, қалыңдығы 510 мм кірпіш қабырғалар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz