Географияны оқыту құралдарының міндеті
Ж О С П А Р
Кіріспе
Бөлім 1. Мектепте гографиядан білім беруде география кабинетінің, географиялық алаңның және өлкетану мұражайы немесе өлкетану бұрышының атқаратын қызметі
0.1. География кабинеті
0.2. Географиялық алаң
0.3. Өлкетану бұрышы
Бөлім 2. География кабинетінің жабдықталуы және оның сабақ өтілу барысындағы маңыздылығы ( География кабинеті, географиялық алаң және өлкетану бұрышын мысалға ала отырып)
2.1 География кабинетін жобалау, және қойылатын талаптар білім беру бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың негізі ретінде
2.2 География кабинеті, өлкетану бұрышы және географиялық алаңда белсенді оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңда бұрынғы президентіміз ``Қазақстан-2050" жолдауында атап айтқанындай" Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз". Мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі-ауылдық елді-мекендердің әлеуметтік жағдайын көтеру және дамыту болғандықтан ауыл мектептерінің техникалық-базалық жабдықталуын жақсарту мақсатында мектеп реформасын талапқа сай жүргізу міндеті тұр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егеменді еліміздің қоғам өміріндегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.
Бұрынғы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан-жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
География сабағында көрнекілік құралдары маңызды орын алады. Мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығуы мен қаблеттерін ұштау арқылы оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру-бүгінгі күннің талабы. Білім мазмұнын меңгертуде, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінде оқыту үрдісін дұрыс ұйымдастыру арқылы мұғалім жақсы нәтежиеге қол жеткізе алады. Сондықтан оқушылардың логикалық-шығармашылық ойлау дағдыларын ұштауға (салыстыру, бағалау, қорытындылау) көмектесетін тапсырмалардың мәні зор. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру болып табылады. Тиянақты білім беру дегеніміз - жаттанды емес, белгілі жүйесі бар (қарапайымнан күрделіге қарай дамытылатын), тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымдар жиынтығы. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздылықпен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізеді. Жұмыстың нәтежиелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім көлемін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру - жақсы нәтежиенің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді.
Мәселен, педагогикалық - әдістемелік үрдіске В.Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек-сызбабелгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту үрдісінде кеңінен қолданылуда.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.
Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Орта сынып оқушыларының география кабинетінің жабдықталуы және оның сабақ өтілу барысындағы маңыздылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды. Олар:
* Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары, зерттеу әдістері мен негізгі міндеттерін айқындау;
* Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңыздылығын ашып көрсету, негізгі түрлері мен көрсеткіштеріне сипаттама беру;
* География кабинеті, географиялық алаң және өлкетану бұрышымен жұмыс ;
* География кабинетін жобалау, және қойылатын талаптар білім беру бағдарламасын сәтті жүзеге асыру ;
* Белсенді оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары .
Зерттеу жұмысының объектісі: Географиялық ұғымдар.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, орта сынып оқушыларының география кабинетінің жабдықталуы және оның сабақ өтілу барысындағы маңыздылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілсе географиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, географиялық ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында оқушылардың ұғымын қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып, білімді саналы түрде меңгеріп, географиялық ғылыми ұғымдары қалыптасады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды.
Атап айтқанда, И.В.Душина, В.Б.Пятунин, Е.А.Таможняя Методика и технология обучения географии, Душина И.В., Понурова Г.А. Методика п реподавания географии, Кушимова Г.А. Методика преподавания географии в средней школе, Матрусова И.С. Методика обучения географии в средней школе сияқты ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс екі тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары және география кабинетінің, географиялық алаңның және өлкетану мұражайының атқаратын қызметі . Сонымен қатар, географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңызы талданады.
Жұмыстың келесі тарауында . Осы тарауда географиялық ұғымдарды игерудегі педагогикалық және психологиялық негіздері мен география кабинетін жобалау, білім беруді сәтті жүзеге асыру .
Жұмыстың соңғы тарауында педагогикалық сараманнан өткен кездегі географиялық алаңмен, кабинетпен және өлкетану бұрышымен жұмыс жасаған кездегі практикалық жұмыс.
Мектепте географиядан білім беруде география кабинетінің , географиялық алаңның және өлкетану мұражайы немесе өлкетану бұрышының атқаратын қызметі.
1. География кабинеті
География кабинеті - мұғалімнің оқушыларға сол географияны терең игеруіне мүмкіндік туғызатын зертханасы. География кабинетінің оқу үрдісінің талабына сай жабдықталуы оқушының оқу бағдарламасын терең оқып, жеңіл игеруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан оқу жылының басында мектебіміздің география кабинеті қазіргі заман талабына сай жабдықталып безендірілді.
География кабинеті 5-бөлімнен құрылды.
I-бөлім "Табиғат ғылымдарын білу шарт, өйткені ол адамға ең жақын, ең қажет ғылым."
Бұл бөлім қазақ маңдайына біткен тұңғыш ғалым - зерттеушілері Ш.Ш.Уәлиханов пен Қ.И.Сәтбаев еңбектеріне арналып жасалды. Бұл стендтерде Шоқанның "Қашқарға саяхат" картасы және Қ.И.Сәтбаевтың ашқан пайдалы қазбалар картасы бейнеленді.
Сонымен қатар бұл стендте "Бүгінгі сабақта" және "Сынып бұрышы "блоктары қоса орналастырылды.
II-бөлім. "Қазақстан-атамекен-киелім,
Табиғатын аялаймын, сүйемін"
Бұл бөлім негізгі 3-блоктан тұрады:
1-Қазақстанның физикалық-географиялық картасы
2-Қазақстанның қысқаша географиялық сипаттамасы
3-Қазақстанның ең ірі географиялық обьектілері
III-бөлім -"Алты құрлық аясында" деп аталып 4-блоктан құралады:
1) XI-XX ғасырлардағы географиялық ашылулар.Ұлы зерттеуші-саяхатшылар портреттері мен Дүние жүзі картасы бейнеленді.
2)Қазақстаның физикалық-географиялық картасы мен "Қазақстанды зертеген ғалымдар" портретері бейнеленді.
3)"Ірі географиялық аудандар мен жер құбылыстары" картасы бейнеленіп оның сипаттамасы жазылды.
4) "Жер туралы жалпы мәлімет" блогында жерге қатысты ең негізгі статистикалық мәліметтер жазылып ілінді.
IV-бөлім 2 блоктан жердің құрылысы туралы қосымша мәліметерден жасалып,сынып бөлмесінің терезелеріне жалюзді перделер ілініп, әдемі гүлдер қойылды.
V-бөлім -География кабинетінің қосалқы бөлмесі.
Бұл бөлмеде география сабағына арналған:
-карталар;
-атластар;
-глобустар;
-географиялық модельдер;
-муляждар;
-кестелер;
-сызбанұсқалар;
-географиялық колекциялар;
-слайдтар;
-электронды оқулықтар;
-көрнекі құралдар;
-дидактикалық материалдар сақталады.
География кабинетін безендіруде бояу түстері де адам ағзасына тигізетін әсері де қатаң ескеріліп, стендтердің бояу түстері:
-сары-күннің түсі, көңіл-күйді көтеріңкі ұстайды;
-аспан көк-жеңіл түс;
-ашық жасыл-армандатады;
-қызыл-күшті,белсенділікке жетелейді;
-жасыл-сары түстердің кезектесуі-тіршілікті, жылылықты білдіреді, көз жанарының шаршамауын қамтамасыз етеді.
География кабинетіндегі оқу-тәрбие үрдісіне қажетті құжаттар мен материалдар төмендегі тізім бойынша жинақталып, жүйелер бойынша шкафтарға қойылды. Бұл материалдардың барлығы да жаңартылып, толықтырылып отырады.
1.Кабинет құжаттары;
2.Оқу-тәрбие бағдарламасына қосымша материалдар;
3.Білім технологиялары;
4.Дидактикалық материалдар;
5.Шығармашылық жұмыстар материалдары;
6.География бойынша сабақтан тыс жұмыстар материалдары;
7.Үйірме, факультатив, олимпиада материалдары;
8.Практикалық жұмыс материалдары;
9.Кабинет кітапханасы;
10.Әдістемелік іс-тәжірибелер материалдары;
11.Бүгінгі сабақта және Сынып бұрышы материалдары.
Жаңа оқу жылында География кабинеті қосымша мектеп қаражатымен география сабақтарына арналған географиялық көрнекі құралдармен толықтырылды. Атап айтсақ:
-географиялық карталар;
- глобустар;
-топографиялық компастар;
-жер қыртысының модельдері;
-географиялық
құрылғылар:теллурий, солярий, анемометр; флюгер;
-топографиялық сарамандық жұмыстарды жүргізуге арналған
құралдар мен приборлар.
-географиялық слайдтар.
-Пайдалы қазбалар түрлерінің колекциясы.
Кабинетке жаңа заманауи технологиясына сәйкес "Мультимедиялық, сандық, интерактивті тақтасымен жылжымалы Маэстро" подиумы беріледі.
Бұл құрылғының мұғалім шеберлігін шыңдап, еңбегін еселеп,География сабақтарын ғаламтормен жалғап қызықтыратыны сөзсіз.
География кабинетінде саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін барлық жағдай қарастырылды деп есептеймін. Жаңадан шыққан көрнекіліктер мен приборлар болатын болса әрдайым толықтырып, жаңартып жақсы білім беру үшін пайдаланамын.
Оқу құралдарын толық пайдалануда, оларды іріктеп алуда белгілі бір шарт болуы қажет. Оқыту құралдарын оқу процесінде толық пайдалану үшін, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру принциптеріне сүйеніп жасайды.
1. Оқыту құралдарының мазмұны диалектикалық мүмкіндіктері жағынан астарласып жатуы керек.
2. Құралдарды оқу процесінде тез пайдалану керек. Бұл шарттар тек кабинеттік жүйе жағдайында ғана іске асады.
География кабинеттері мынандай талаптарға сай келуі керек:
1. География кабинеті арнайы мебельдермен, жұмыс істеуге қажет тетіктермен, техникалық құралдармен, жұмыс және тәжірибе жасайтын столдармен (стол, басқару пульті, графопроектор үшін керек тумбадан құрастырылған) жабдықталуы керек.
2. Кабинет оқытудың арнаулы құралдарымен - аспаптар, модельдер, коллекциялар, гербарийлер, макеттер, карталар, суреттер, кестелер, диафильмдер, диапозитивтер, графопроектор үшін транспоранттар, кинофрагменттермен қамтамасыз етілуі тиіс. Кабинетте жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу - көрнекі құралдар және оқу жабдықтарының үлгі тізіміне сәйкес оқытудың арнаулы құралдарымен жабдықталады.
3. Кабинетте ішкі және халықаралық өмірді баяндайтын:
А. Географияның халық шаруашылығы проблемаларын маңызы, география және экономика
Б. Шәкірттерді оқу жұмысының тәсілдеріне баулуды ұйымдастыратын Білім алып үйрен, Бүгін сабақта.
В. Өз өлкеңді оқып үйрену мақсатында қойылатын экспозициялық материалдар болады.
4. Кабинетте қоғамдық-саяси анықтамалар, ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар болады.
А. Кабинетте оқушылардың практикалық және жеке бастарының жұмыстарының жақсы үлгілері, олимпиада тапсырмаларының топтамалары және басқалары сақталады.
5. География кабинетіндегі оқыту құралдары:
А. Олардың түрлері (карталар, картиналар, кестелер, модельдер, оқытудың техникалық құралдары).
Б. Курстар бойынша жүйеленіп қойылған қолда бар құрал-жабдықтардың картотекасы оқыту құралдарын оқу процесінде тез қолдануға мүмкіндік береді.
6. Кабинетте жеке топ болып және жаппай дербес оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін қажет үлестірме материалдар, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру үшін қажет карточка-тапсырмалар. Мысалы, журнал материалдары, алдын-ала тапсырмалар даярланған, атластар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары, гербарийлер, т.б. болады.
7. География кабинеттері санитарлық-гигиеналық шарттарға, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келуі керек.
География кабинетінің негізі компьютермен, интертақтамен жабдықталудан тұрса, кабинеттің оқушылардың қызығушылығын арттыруында басқа да факторлар үлкен роль атқарады.
Географияны оқыту құралдарының міндеті. Оқыту құралдары ( немесе білім көздері және оқыту көрнекіліктері) - мектеп оқушыларына табиғат және қоғам жайлы ғылыми білім беретін негізгі көз болып саналады. Білім беру барысында негізгі функциялардың бірі, география сабағын арнайы оқу құралдарымен жабдықтау болып табылады. Оқыту құралдары балаларға білім беру барысында маңызды бұлақ болып саналады, олармен жұмыстану оқушылардың ойлау және шешім қабылдауға, қарапайым зерттеу әдістерін қолдануға және көптеген ептіліктерге үйретеді. Географияны оқыту құралдарын төрт топқа бөліп қарастыруға болады:
- Табиғи жолмен таралған нысандар: а) класта қарап оқуға болатын табиғат нысандары және шаруашылық заттары (гербарий, колллекциялар), б) табиғи ортада көруге, оқуға болатын табиғи нысандар және халық шаруашылық орындары ( өнеркәсіп орындары, егістік, мал шаруашылығы орындары)
- Табиғи географиялық нысандардың және құбылыстардың бейнесі, кескіні, а) көлемді модельдер (жер бетінің формасының моделі, шаруашылық нысандары), б) иллюстративті көрнекіліктер (қабырға суреттері, фото, портрет, диафильм, кинофильм, кинофрагмент)
- Заттар мен құбылыстардың белгілері мен жазу үлгілері жазумен, белгілермен, сандармен беріледі. а) ауызша (оқулықтар, сөздіктер, дәптерлер, сөзбен берілген кестелер) б) картографиялық көрнекіліктер ( қабырғалық, стол үстінде тұратын және контур карталар, карта-транспаранттар, карта-схемалар) в) графикалық-схемалық көрнекіліктер ( структуралық схемалар, байланыс және табиғи сонымен қатар экономикалық нысандардың және құбылыстардың өзара байланысын көрсететін схемалар құрылысы) г) графикалық статистикалық көрнекіліктер ( графиктер, диаграмма, кестелер).
- Табиғи құбылыстарды еске түсіретін және талдайтын пәндер: а) жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар, б) табиғы сандық және сапалық көрсеткіштерді анықтайтын құралдар, в) картометриялық жұмыстарға арналған құралдар, г) Жердің жылдық және тәуліктік қозғалысын зерттеуге арналған құралдар.
География кабинетінің негізгі элементтері олардың сипаты. Орта мектептерде география кабинетінің міндетті түрде болуы керек. География кабинетінің құрылуы және оқу процесі барысында қолданылуы жайлы жұмыстар белгілі методистер және ғалым-географтар А.А Борзова, Э.Ю. Петри, В.П Буданова, Н.Н Баранский, В.А Коринскийдің айтылған болатын.
География кабинетімен қатар, география пәніне қатысты өлкетану бағытындағы музей және географиялық алаң болуы шарт.
Көптеген жылдар бойы география кабинетін қалыптастыру барысында мол тәжірибе жинақталды. Әр түрлі бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдер мен әдіскер - географтар география кабинетін безендіруде көптеген ұсыныстарын ұсынды.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, теледидар, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. География оқыту құралдарын пайдаланудың Ресей мектептерінде 300 жылдық тарихы бар.
I-кезеңде (XVIII ғ. басы) тек қана баспа құралдары ғана болды. XX-ғ. Бас кезіне дейін оқыту құралдары жасалынып, оқыту құралдары басылып шыға бастады. Яғни оқулықтар, хрестоматиялар, оқу картиналары мен кестелері, қабырға карталары, атластар, кескін карталар мен жұмыс дәптерлері т.б. Бұл құралдардың барлығы қазіргі уақытта кеңінен қолданылады.
Географияны оқыту құралдарына қалыптасуы географияның пән ретінде қалыптасуының қиын кезеңінде жүргізілді.
200 жыл уақыт бойы география оқулығына ерекше көңіл бөлінеді. 1710 жылдан 1917 жылдар аралығында 404 оқулық 4 курс (бастауыш курс, Еуропасыз география, Еуропа географиясы, Ресей географиясы) жарық көрді. XX ғ. басы Ресейдің мектеп географиясының шарықтап көтерілу кезеңі болды. Бұл уақытта Д.Н.Анучиннің шәкірттері - А.С.Барков, С.Г.Григорьев, А.А.Крубер, С.В.Чефрановтар географиялық хрестоматиялар, жинақтар, ғылыми - кең таралған жинақтар, жаңа карталар мен географиялық атластар, көрнекілік құралдарды шығара бастады. Сол кездерде педагогикалық және арнаулы географиялық журналдар мен жинақтар ("Жаратылыстану және география") жарық көре бастады.
Географияны оқыту құралдарының қалыптасуының II-кезеңі XX-ғ. басталды, яғни Ресейде экрандық құралдар пайда бола бастады. 1922 ж. Наркомпроста мектеп жұмыстарының әдістеріне арналған ғылыми - зерттеу институты ұйымдастырылды, ал 1923 ж. мектептен тыс жұмыстар әдістері институты ашылды. Әсіресе экрандық оқыту құралдары өткен жүз жылдықтың II- жартысында қарыштап дамыды.
Географияны оқыту құралдарын жүйелеуде әр түрлі негізді қолға алына бастады. Географиядан оқыту құралдарын жүйелеу - географиялық объектілер мен құбылыстарды бейнелеу әдістеріне негізделеді. Бұл жүйелеу географияны оқыту практикасында қолданылады. Қазіргі уақытта компьютерлерді қолдану арқылы жаңа ақпараттық технологиялар оқыту құралдарының негізін құрайды. Арнаулы компьютерлік бағдарламалар, оқыту құралдары, электрондық тасымалдау құралдары жеткілікті.
Оқыту құралдарының негізгі міндеті - оқушылардың құралдармен, приборлармен жұмыс істей білу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми техникалық прогрестің талаптарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т.б)
Географияны оқытудың материалдық базасын - мектепте оқытудың материалдық жағдайының жиынтығы (мектеп ғимараты, мектептің оқу бөлімдері, шеберханалар, материалдық жабдықтандыру, т.б.) құрайды.
Географияны оқытудың материалдық базасының деңгейі қазіргі дидактикасының, әдістемесінің, оқылатын ғылымның, техниканың жағдайына байланысты болады. Қазіргі уақытта географияны оқытудың материалдық базасы - кабинеттерден, политехникалық білім мен еңбекке (оқыту) баулу базасы, мектептегі оқушылардың сыныптан тыс жұмысы, тамақтандыру блогы, педагогикалық үрдістер мен жекелеген мектептер - техникалық орталықтары.
Географиялық объектілер мен құбылыстарды бейнелеу тәсілі жағынан оқыту құралдарын былай жүйелейді:
География кабинетінде болатын негізгі жабдықтар
Табиғи объектілер:
oo пайдалы қазбалар коллекциялары;
oo тау жыныстары мен минералдар коллекциялары;
oo кеппешөптер (гербарийлер).
Географиялық объектілер мен құбылыстарды бейнелеу:
oo моделдер;
oo картиналар, суреттер, портреттер;
oo фотолар;
oo диафильмдер мен диапозитивтер;
oo кинофильмдер мен кинофрагменттер.
Географиялық объектілер мен құбылыстарды сипаттау, оларды символдармен бейнелеу формасы:
oo вербальды (оқулықтар, жұмыс дәптерлері, хрестоматиялар, анықтамалар);
oo картографиялық құралдар (карталар, картосхемалар);
oo графикалық құралдар (графиктер, диаграммалар).
Құралдар, приборлар, бақылау үшін моделдер, географиялық объектілер мен құбылыстарды өлшеу және сараптама жасау.

География кабинетін жабдықтауда - география сабақтарында мұғалім мен оқушылардың қызметінің ерекшелігі ескерілуі керек, жалпы және арнаулы құралдармен толық жабдықтау керек; пайдаланылатын құралдар қарапайым болуы, эстетикалық талғамға сай болуы керек.
География кабинеттің ауданы 66-70 шаршы м-ден аз болмауы керек, сынып тақтасы мен алдыңғы парталардың арақашықтығы сақталуы қажет. Қазіргі заманғы мектептерде география кабинеті жеке зертханалық бөлмесімен жабдықталады. Сонымен қатар, география кабинетіне түсетін жарық мөлшерінің өзі мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетіне де өзінің әсерін тигізеді.
Кабинеттің жабдықталуы оқушы мен мұғалім еңбегінің ерекшелігіне қарай сәйкес келуі керек. Кабинеттің жиһаздарының орналасуы да санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
География кабинетінде мұғалімнің жұмыс зонасын, оқушылардың жұмыс зонасын, көрнекілікті көрсету зонасын және оқыту құралдарының сақталу зонасын бөліп қарау керек. Әрбір зонаның өзіндік ерекшеліктері болады.
Оқушы столының беті 1200Х500 мм-ден кем болмауы керек. Оқушы партасы мен орындығы оқушының пайдалануына ыңғайлы болуы керек.
Оқыту құралдарының әр түрін қолдануда қазіргі уақытта география кабинетінде теледидар, видеомагнитофон, диапроекторлар мен графопоекторлармен жабдықталған.
Қазіргі география кабинетінде мұғалімнің жұмыс орны автоматтандырылған, ол дәстүрлі, әдеттегі техникалық құралдарды алмастырады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың да өзіндік ерекшелігі бар. Интерактивті, мультимедиялық құралдардың да мұғалім мен оқушының мүмкіндігін арттырып, сабақ мазмұнының негізгі және күрделі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.
Кабинетті жабдықтағанда ондағы материалдар сабаққа үнемі пайдаланылатын болуы керек. Сонымен қатар география кабинетінде география сабағынына қажетті көрнекіліктер: кртографиялық көренкіліктер қабырға карталары, глобус, жер бедері карталары, таруральды көрнекіліктер, минералдар коллекциясы, өнеркәсіп және өндіріс орындарының өндірген өнімінен үлгілері, топырақ, графиктер, схемалар, кестелер, карталар әртүрлі таратып беруге жұмыстануға ыңғайлы материалдар, жергілікті жерде практикалық жұмыстар орындауға тиімді құралдар: компас, өлшегіш линейка, мензул және т.б. Осы аталған көрнекіліктердің барлығы жоғарыда атап өткендей арнайы шкаф, стеллаждарда және карталарды іліп қоятын арнайы орындар болуы қажет.
География оқытушысының география кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру жұмысы. География пәнінен жоғары деңгейде сабақ беру үшін оқытушының география кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру жұмысы дұрыс жолға қойылуы шарт. Ол мынадай компоненттерден тұрады. Оқытушы отыратын орынның жарық болуы және мебелмен қамтамасыз етілуі, кабинетті арнайы құралдармен уақытында қамтамасыз етіп отыру, сабақты оқыту құралдарын дайындау, құралдардың сақталуы, құралдардың уақытында жөнделуі, және т.б. жатады.
География кабинетін оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде пайдалану. Тәжірибеге сүйеніп қарасақ география кабнетін барлық мұғалімдер интенсивті түрде қолданбайды екен. Дегенмен география пәнінен ұйымдастырылатын үйірме жұмысы пән кабинетін көркемдеуге өз үлесін қосады. Үйірме жұмысына үлкен класс оқушылары және көрнекіліктер жасауға еңбек мұғалімінің көмегі қажет,сонымен қатар ата-ана да қатыса алады. Үйірме жұмысы жиналыстарына, үйірме жұмысына не қажет немесе қандай заттар қажет, қандай көрнекіліктер қажет анықтап өздері жасайды, сонымен қатар сатып алатынын сатып алады. Үйірме жұмысы жоспар бойынша уақытында өтеді. Оқушылардың қолымен жасалған көрнекіліктер, яғни география кабинетінің көркемделуі мектеп үшін мақтаныш болып саналады. География кабинетінде отырып-ақ оқушылар ең терең шұңғымаларға, ең биік шыңдарға және әлемнің ең әдемі жерлеріне саяхат жасай алады. География кабинетінде сонымен қатар қосымша сабақтар да өтіледі.
Өлкетану жұмыстарының мектеп оқушыларының танымдық қабылетін арттыруда маңызы ерекше, өлкетану бағытында жиналған материалдар тек оқушының дәптеріне түсіп қана қоймайды, сонымен қатар үйірме үшін жасалынған монтаждар, диаграммалар, график, көрмелерді сабақ кезінде қолдануға болады. География кабинетінің бір бұрышында өлкетану бағытына арналу қажет.Осы бұрышта оқушылар жинаған коллекциялар: пайдалы қазбалар үлгісі, топырақ және өсімдік гербарилері, суреттер мен фотографиялар, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлгісі, аудан картасы, мектеп орналасқан елді мекендер орынының схемасы, жергілікті жердің өнеркәсіп орындарының өндірістік процестерінің схемасы және т.б болуы керек.
Табиғи обьектілер - бұл өсімдіктер гербарийлері, тау жыныстары коллекциясы, табиғатта кездесетін объектілер коллекциясы, тағы да басқа тікелей табиғатпен байланыс жасауға ықпал ететін, табиғатқа бір қадам болса да жақынырақ болуға көмектесетін материалдар. Оқу процесінде олардың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Мысалыға, гербарийлерді алсақ, Қазақстанда кездесетін сирек өсімдіктер жайлы болсын. Оқушылар ол өсімдіктер жайлы оқып, айтып қана коймай, оның қандай, қай түсті екенін біліп отырса, ол оны жаттап алып, есте сақтауына көмек болады. Қазіргі мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін компаниялар дайын гербарий, табиғи объектілер коллекциясын түрлі деңгейде ұсына алады.
Сурет 1
Табиғаттағы кварц коллекциясы
Географиялық модельдер бұл көбінесе бастауыш немесе орта сыныптарда, физикалық географияны өту барысында көп қолдануға тиіс және жәрдемі мол географиялық құралдар болып табылады. Модельдердің ең көп қолданылатыны-қарапайым глобус. Глобусты мектеп оқушыларының білмейтіні, танымайтыны жоқ шығар. Глобус картадан бөлек, жаратылыстану пәнін алғаш өткен күннен бастап, қолдануға болады.
Глобустан бөлек жер қыртысы моделі, вулкан моделі, жер қыртысы моделі, таулардың пайда болуы моделі, мұхит асты қыртысы, тағы да басқа тақырыптарда болуы мүмкін. Көптеген модельдер, мысалы, вулкан моделін алсақ, ол вулкандар тақырыбын өту кезінде моделі алмалы-салмалы болуынан оқушылар вулканның ішкі процесстерін, лаваның ағу процесін көру арқылы елестете алады.
Сурет 2
Вулкан модел
Сурет 3
Мектеп глобусы
Географиялық карталар- көбінесе дүниежүзінің физикалық, әлеуметтік-экономикалық географиясы курсында кең қолданысқа ие болады, Қазақстанның физикалық, әлеуметтік-экономикалық географиясын, сонымен бірге, дүние жүзі елдерін өткенде пайдасы зор. Сондықтан, география кабинетінде картаның түрлері көп болуы керек. Масштабы бойынша, дүниежүзілік, материктік, жеке елдер мен аймақтар картасы, Қазақстанның картасы, Оңтүстік Қазақстан облысы картасы өлкетану тақырыптары кезінде қолдануға, болуы тиіс.
Сурет-4
Географиялық картаның түрі
Приборлар-компас, өлшегіш приборлар, географиялық алаңға қажет приборлар, т.б
Сурет-5
Компас приборы
Сурет6
Термометрприборы
Баспа материалдары-көрнекілік және таралымдық болып бөлінеді. Оның ішіне таблицалар, портреттер, бейнесюжеттер, т.б. кіреді. Мысалы, материктер мен мұхиттар таблицасы, география таблицасы, т.б.
Бейне-дыбыстық құралдар: бұл компакт-дисілер, видеобейнефильмдер, слайд-альбомдар, фолия және т.б. Бұлар география кабинеті қазіргі заманға сай жабдықталса, сабақты жаңа технологиямен өтуге, оқушыларға қандай тақырып болмасын тереңдетіп түсіндіруге ықпал жасары анық. Мысалы, слайд-альбомдарды оқушылар өздері де өзіндік жұмыс ретінде, практикалық жұмыс ретінде жасай алады. Видеофильмдердің көмегі тіпті зор, мысалыға алсақ, географиялық ашылулар деген тақырыпта фильм көру арқылы оқушылар географтарды да, ғалымдар-зерттеушілерді де, ашылған жердің нақты координаттары мен қазіргі жағдайы жайлы нақты мәлімет алады.
Интерактивті көрнекіліктер- бұл жерде көбінесе интерактивті тақтаны қолдану барысында жай баспалық карталарды емес, электронды картаны қолдану басым. Яғни, кез-келген аймақтың қазіргі таңда электронды картасы бар. Тақта арқылы осы карталарды көріп, кез-келген нүктені жакындатып, нақты координаттарын білуге болады. Бұл әрине, оқушылар мен мұғалім үшін пайдасы айтпаса да анық.
Физикалық географияның құрылымы мен мазмұны
1. Физикалық география курсының мазмұны.
2. Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.
3. Тараулар бойынша істелінетін жұмыстар.
Физикалық географияның бастапқы курсында Жердің географиялық қабығы мен оның жеке бөліктері қарастырылады. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфералардың өзара байланысымен сипатталатын, біртұтас ауқымды әрі күрделі табиғат кешені.
Физикалық географияның бастапқы курсы План және карта, Жер қабықтары, Табиғат компоненттерінің байланысы, Жер және адамзат, Жергілікті халық пен табиғат тарауларын оқытуды қарастырады. План және карта тарауы - масштаб, азимут, абсолюттік биіктік, салыстырмалы биіктік түсініктері, жер бетінің обьектілерін планшетте және картада көрсету географиялық обьектілер мен құбылыстарды картаға түсіру тәсілдері. Адам өміріндегі картаның маңызы.
Жер қабықтары тақырыбын оқу кезінде оқушылар литосфера, гидросфера, атмосфера және түрлі организмдер (биосфера) өзара кіріккен сфералардан тұратын географиялық қабық туралы қарапайым түсініктер алады.
Гидросфера тақырыбы дүниежүзілік мұхит пен құрылық суларынан (жер асты және жер үсті) тұратын әрі күрделі, бірақ тұтас, қабықты қамтиды. Дүние бөліктерінің аса ірі өзендері мен көлдері өзен алаптары, суайрық, өзендердің қоректенуі мен режимі, адам өмірінде су ресурстарын пайдалану.
Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері, аса ірі теңіздер, бұғаздар мен шығанақтар. Дүниежүзілік мұхиттың суының қасиеттері. Ағыстар. Теңіздер мен мұхиттардың шаруашылықтағы маңызы.
Литосфера, жер қыртысының құрылымы, жер қыртысын қалыптастырушы ішкі және сыртқы күштер. Литосфераның - жер қыртысының орнықты және қозғалыстағы телімдері. Пайдалы қазбалардың таралуындағы негізгі заңдылықтар.
Жер бетінің формалыры, нысандары. Ойпаттар, жазықтар, үстірттер, ойыстар, таулар.
Аса ірі таулар, ойпаттар, дүниежүзі бөліктерінің жазықтары. Адам өміріндегі жер бедерінің маңызы.
Атмосфера тақырыбы жердің ауа қабығы туралы білімді, ауа райының құбылыстары мен элементтерін, жер климатының көп жылдық орташа сипаттамаларын және жергілікті климатты, сонымен бірге климат қалыптастырушы факторларды қамтиды. Атмосфера туралы түсінік, жел және оның қалыптасуы. Атмосфералық жауын-шашын, жер климаты, негізгі климат түзуші факторлар, климат белдеулерінің сипаттамасы.
Биосфера тақырыбы тірі организмдер географиялық қабықтың бір бөлігі екендігі туралы түсінікке негізделген. Жер және адамзат тақырыбына адам табиғаттың бір бөлігі, нәсілдер, сыртқы белгілеріне байланысты нәсілдік өзгешеліктер туралы мәліметтер кіреді. Жер бетіндегі халықтардың орналасуы мен саны, этностар, қазіргі заманғы дүниежүзілік саяси карта.
Жергілікті халық және табиғат тақырыбы айтарлықтай дәрежеде келесі құрылықтар мен мұхиттар географиясына кіріспе болып табылады.
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.
Оқушы білуі керек:
- план, масштаб, географиялық карта, абсолюттік және салыстырмалы биіктік, географиялық координаттар туралы түсініктердің мазмұнын;
- географиялық обьектілер мен құбылыстарды план мен картада бейнелеу тәсілдерін;
- градустың негізгі элементтерін;
- тұрақты бейнелеу түрлерінің ерекшеліктері, план мен географиялық картаның өзгешеліктері мен ұқсастығын;
Литосфера:
- жердің сыртқы қабығы туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру;
- жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының негізгі түрлері;
- жер қыртысының қозғалыс түрлері; жанартаулық көріністер;
- құрылық бедерінің негізгі нысандары, таулар, жазықтар;
- жердің ішкі құрылымының ерекшеліктері;
Гидросфера:
- гидросфераның құрамы, дүниежүзілік су айналымы негізінде;
- дүниежүзілік мұхиттың құрамды бөліктері теңіздер; шығанақтар; бұғаздар;
- құрылық суының құрамы;
- құрылықтардың, дүние бөліктерінің, мұхиттар мен теңіздердің, аса ірі таулардың, жазықтардың, өзендердің, көлдердің географиялық картадағы орны;
- дүние жүзілік мұхиттың табан бедерінің ерекшеліктері;
- өзендердің, көлдердің, жерасты суларының, мұздықтардың ерекшеліктері;
- бағдарламада аталған көлдердің, көл шұңқырларының типтері;
- каналдар мен бөгендер туралы түсінік;
- судың шаруашылықтағы маңызы, оны ұқыпты пайдалану және қорғау шаралары;
Атмосфера:
- атмосфера, ауа райы, климат, жел, атмосфералық жауын-шашын түсініктерінің мазмұны;
- температура, жел, қысым, ауа ылғалдылығы, атмосфералық жауын - шашын тәрізді ауа-райының сипаттамалары;
- бриздер мен муссондар туралы түсінік;
- жыл мезгілдерінің жергілікті ерекшеліктері;
- атмосфералық ауаны қорғаудың негізгі шаралары;
- атмосфера құрылымы (құбылыстардың сипаты, өзге қабықтармен байланыстары);
- жел кестесі бойынша желдің басым бағытын анықтау;
- жердің тәуліктік және жылдық айналымының ерекшеліктері, оның салдары;
Биосфера:
Биосфераның құрамы;
- жер шары халқының саны;
- негізгі адам нәсілдері, олардың сыртқы белгілерін, нәсілдер теңдігі;
- литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера тәрізді жер қабықтарының өзара байланыс мысалдары;
Істей білу керек:
- планмен, географиялық картамен және глобуспен жұмыс істеу;
- нүктені оның географиялық координатталары арқылы анықтау;
- глобустан, жарты шарлар картасынан, Қазақстанның физикалық картасынан географиялық координатталарды анықтау;
- көкжиек жақтары бойынша бағыттарды анықтау;
- картадан жеке шыңдарды (Кавказ таулары, Орал тауы, Гималай, Тәңіртауы және т.б.) көрсету;
- картадан тауларды, құрылықтағы жазықтарды, құрылықтар мен мұхиттарды көрсетуді және анықтау;
- картадан Дүние жүзілік мұхит бөліктерін көрсету, оларды кескін картада белгілеу;
- кескін картада географиялық обьектілерді белгілеу және жазу;
- план және карта бойынша ағын және тұйық көлдерді анықтап, картадан көрсету;
- каналдар мен бөгендердің географиялық орнын анықтау;
- жергілікті климат ерекшеліктерінің жазбасын құрастыру;
- саяси карталарды оқу, ондағы мемлекеттер мен олардың астаналарын көрсету;
- шартты белгілерді көрсете отырып обьектілерді анықтау;
- жер обьектілерін, бағыттарды, қашықтықтарды, нүкте биіктіктерін, планда және картада анықтауды көрсету;
- жеке аймақтар мен обьектілердің абсолюттік биіктігін, тереңдігін анықтау, обьектілердің ұзақтығын градуспен және километрмен анықтау;
- шөгінді және магмалық жыныстарды сыртқы белгілері бойынша анықтау;
- физикалық карта бойынша ірі жазықтар мен тау жүйелерінің сипаттамасын құрастыру;
- гидросфералық обьектілердің географиялық орнын анықтау;
- карта бойынша теңіздер мен мұхиттардың тереңдігін анықтау;
- өзен ағысының бағыты сипаты мен бағытының жер бедеріне тәуелділігін анықтау;
- көл шұңқырының пайда болуын анықтау;
- температура жүрісінің кестесін, жел кестесін, жауын-шашын диаграммасын тұрғызу және оларды талдау;
- ауаның орташа температурасын, температура ауытқуларын есептеу;
- жарықтану белдеулеріне қарай обьектілерінің орнын анықтау;
- өз жерінің табиғат кешенінің сипаттамасын құрастыру;
1.2. Географиялық алаң.
Географиялық алаң - география кабинетінің бір саласы болып табылады. Онда көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады. Дүниежүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар. Алаңды жасау үшін алдымен метеорологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдің төменгі ұшы жер бетінен 2 м биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің ішіне тікелей түсетін болса, термометр ауаның температурасын емес шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координатты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5 - 2 м бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады. Оқушыларға кез келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрету үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде фигуралар және сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс. Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның, мүмкіндігі болғанша жан - жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. В.Г.Эрдели зерттеулерінде ең ыңғайлы көлем - 21X21м деп көрсетілген. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26х26 м.
Географиялық алаң мектепке жақын мектеп ауласында орналасуы қажет. Бірақ оған көршілес жатқан үйлердің көллеңкесі түспеуі керек. Алаң міндетті түрде қоршаланады, биіктігі 1 метрдей болады. Алаңда құрал жабдық жинағыш орналасқан онда 10 метрлік көлемде және метереологиялық приборлар, ауаның температурасын анық бақылауға арналған барометр, термометр, флюгер, т.б. орналасады. Бірақ, әр мектептің немесе басқа оқу орындарының бос алаңына қарай бұл көлем өзгеріп отыруы да мүмкін, яғни, бұдан кіші алаңда да география алаңын жасау мүмкіншілігі бар. Ыңғайына орай, географиялық алаңды ашық алаңқайда, жазық жерде құру тиімді болады. Себебі, ашық жерден оқушылар зерттеулер кезінде көкжиекті де, жұлдыздар, күн көрінісі жеңіл болуы керек. Сонымен қатар, географиялық алаңды мектепке жақын жерге орналастырса, тиімдірек болады. Ол мектеп пен алаңнаң арасында көп уақыт құртпай, зерттеулер жүргізуге және алаңның қа уіпсіздігіне көңіл бөлінуі оңай болуы үшін.
Географиялық алаңда мұғалім оқушылар мен күн көзінің горизонттан көтерілу биіктігін ауа райы өзгерісін анықтау, күн көзіне қалап бағдарлауды үйрету жұмыстарын жүргізеді. Географиялық алаң оңтүстік және солтүстік горизонт тұстары неғұрлым айқын көрінетін ашық алаңға орналасады.
Географиялық алаң мектептерде физикалық географиялық бақылау, тәжірибе жұмыстарын жүргізетін орын болып саналады.
Мектепте міндетті түрде географиялық алаң болуы керек. Географиялық алаң 2 түрлі болады:
1. Жан - жақты географиялық алаң
2. Арнаулы географиялық алаң
Жан-жақты географиялық алаңда географиялық сабақты тек қана география пәнінен ғана емес, табиғаттану, математика, физика, астрономия пәндерінен де өткізуге болады. Сөйтіп, пән аралық байланыс жүзеге асырылады.
Мұндай алаң арнайы секторларға бөлінеді де, әр бөлікте география пәнінің арнайы жеке тарауына арналған жабдықтар немесе басқа пәндерге арналған құралдар қойылады. Мысалы: метереологиялық құралдар алаңы, практикалық астрономия бөлімшесі т.б. Жан-жақты және кешенді географиялық алаңда болуға тиісті құралдар:
1.Зат қойылатын стол.
2.Оқушылар орындығы.
3.Қолдан жасалған құрал сайман қорабы.
4.Шың мен беткейді бейнелейтін жота.
5.Табаны мен көлбеу бетті бейнелейтін ойыс.
6.Ауыр және жеңіл тақтайлы флюгер.
7.Өлшеуіш құралдар орнатылған метереологиялық бутка.
8.Жауын - шашын өлшейтін .
9.Қар өлшейтін таяқша.
10. Топырақ термометрі.
11.Атмосфера ағымын - ылғалын бақылайтын құрал.
12. Қысым өлшегіш.
13.Поляр жұлдызын көрсетуші бағыт.
14. Сәскелік сызық .
15. Азимуттық бағана.
Арналулы мамандандырылған географиялық алаңда тек география пәнінен парктикалық сабақ өткізуге арналған жабдықтар ғана қойылады. Географиялық алаңды орналастыруға мүмкіншілік болмаған жағдайда метереологиялық бутканы географиялық кабинеттің терезесі тұсынан есік ашып, үйшіктің терезесін ашқанда ондағы құралдарды кабинеттен бақылауға болатындай мүмкіншілік болу керек.
Географиялық алаң - бұл географиялық кабинетпен бірге оқушылардың түрлі зерттеулері мен өзіндік жұмыстары іске асатын, өзіне сай, зерттеулерге керекті барлық құрал-жабдықтармен толтырылған алаңды айтамыз. Ал, алаңды қандай жабдықтармен жабдықтау керек деген сұраққа келсек, ол алаңда қандай зерттеулер және қай сыныптарға жүргізілуімен байланысты. Бастауыш сынып алаңы мен жоғары сыныптар алаңы құрал-жабдықтары әрине әртүрлі болады.
Мысалы, бастауыш сыныпта көбінесе мұғалім алаңда оқушылардың көзбен алшақтықты дұрыс табуға баулиды. Бұл үшін, алаңды қоршап тұрған тіреуіштерді қолдануға болады. Тіреуіштің бір жағынан жарқын түсті бояумен бір, бес, он деп алшақтықтарды санмен жазып қоямыз, ал, қарама-қарсы жағынан, бір, үш, бес, сегіз, он бес деп алшақтықты белгілеп, бірақ санмен жазбау керек. Осы сабақ кезінде мұғалім бір белгіге барып, мынау қанша деп сұрап, оқушылардың дамуына үлес қосады.
Бұл жаттығулар туристік зерттеулерге шыққанда да, тауға, көлге саяхат жасағанда да жалғаса береді. Яғни, балаларға біршама алыста орналасқан су, ағаш немесе тағы басқа затты көрсетіп, көзбен қанша метр шығатынын сұрау арқылы және оны артынша басқан ізбен өлшеп, тексеру арқылы жаттықса болады.
Бұл жерде әр оқушы өз басқан қадамдарының метрмен қанша болатынын да біліп отырады.
Осы сияқты жаттығуларды тек бастауышта емес, кейінгі орта сынып оқушыларына да жасатуға болады, ол оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Сонымен қатар, көзбен өлшеу жаттығуларына биіктікті өлшеу де жатады. Ол үшін көбінесе нивелир немесе тік бұрыш өлшегішті қолдануға болады. Яғни, географиялық алаңда болсын немесе экскурсияларда болсын, кез-келген биікте тұрған затты осы приборлар арқылы өлшеуге болады. Осы приборларды қолмен де ағаштан жасап, оған бояумен нақты өлшенген сандарды жазып, оны да экскурсия кезінде қолдануға болады.
Жоғарыда көрсетілген жаттығуларды барынша географиялық алаңда жасауға тырысу керек. Ол үшін алаңда:
Гномон. Оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа жүргізілген.
Сонымен қатар, географиялық алаңда керекті барлық приборлар болуы керек: флюгер, термометр орнатылған будка, жауын-шашын мөлшерін өлшеуге жағдай, қар қалыңдығын өлшейтін прибор, т.б.
Географиялық алаңда түрлі географиялық обьекттердің қолдан жасалған модельдері, макеттері болуы да шарт. Оқушылардың өздері қолдан гидрографиялық обьектілердің: өзен, көл, бұғаз, модельдерін, сонымен қатар, құм қолдану арқылы, рельеф формаларын, жазықтар, үстірттер, тау, шатқал, т.б. обьектілерді жасауға мүмкіншілік бар болуы тиіс. Осы жаттығулар кезінде өз өлкелерінде бар географиялық обьектілерді жасаудың ролі ерекше, өлкетану жұмыстарына үлкен септігін тигізеді.
Жұмыстарды жүргізу жыл мезгілдеріне де байланысты, жазда модельдер жасау, макеттер жасау, құммен, балшықпен жұмыс істеуге болады. Ал, қыс мезгілінде, қар жамысғысын өлшеу, күн сәулесіне байланысты жұмыстар жүргізуге қолайлы.
Географиялық алаңда жумыс істеудің белгілі бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz