Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ: КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1 Психологиялық талдаудың түрлері
1. 2 Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
II ТАРАУ
О. БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ
2. 1 О. Бөкей шығармаларындағы психологиялық параллелизм мен пейзаж
2. 2 О. Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
«О. Бөкей прозасындағы кейіпкерлер психологиясын суреттеудегі шеберлік» атты курстық жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алған [1, 13] . Бұл ойымызды нақтыласақ: "Әдебиеттегі психологизм - кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [2, 834] .
Зерттеудің өзектілігі. Көркем шығарма - жалпы өмірді, адамды, адамның жанын, оның болмыс мінез-құлқын, психологиясын, характерін, арман тілегін, мұң-мұқтажын мен ол жасаған ортаны, кешегінің тарихын, бүгінгінің бейнесін, ертеңнің болашағын, ұлттың мұратын, жеке адамдық мен адамзаттық деңгейде көрсетіп беретін көркем сөз зергерінің табан ет маңдай терінен туатын еңбек. Ендеше көркем сөз шеберлерінің бірі Оралхан өзі қандай жазушы? Оның шығармаларының басты тақырыбы қандай? Өзгеден ерекшелігі қандай? Қандай шығармашылық әдістер қолданды? Оның кейіпкерлері кімдер?Әдебиет майданына қандай жаңалықтар әкелді? деген сұрақтар бізді қызықтырары хақ. Әрине шығарманың жазылуынан, идеясынан, тіл қолдану шеберлігі мен көркемдігінен, кейіпкерлер образынан, тілі мен психологиясынан, кейіпкерлеріне берген авторлық жасырын мен ашық көз қарастарынан әлеуметтік өмірді жоғары деңгейде бағалай алған-алмағанына қарап, оның қандай жазушы екенін біле аламыз десек артық айтпаспыз. Оралхан шығармаларына қарап отырсақ әр оқыған сайын тың құпиялары ашылып бітпейтін, әр оқыған сайын жаңа қырынан мойын қылтита беретін шығармалар жазған, ойы қордалы, жазуға дайындығы мықты, айтары мол қазыналы жазушы. Өзге жазушыларға қарағанда жеке адамның сырт көрнісі, қара байыр іс әрекеті, өмірге көз қарасы, ішкі жан дүниесін жалаң түрде ғана суреттеп қоймайды. Оның кейіпкері оқыған сайын күрделіленіп, қат-қабат жай көзге көрінбейтін терең философиялық ойларға жетелеп отырады. Шыншыл жазушы ауыл өмірін, сондағы адамдардың кескін-келбетін, қарапайым еңбек адмадрының жай-күйін қалай берді, оның әңгімелері қандай мәселелерді көтереді? Артқан жүгі қаншалықты ауыр? Міне осы мәселелер бойынша Оралхан шығармашылығына көз жібермекпін.
Оралхан өзі: Жиырмасыншы ғасырдың гуманистік ойы жазушылардан гуманистік шығарманы талап етіп қана қоймайды, замананың тамыршысы, елшісі болуды да талап етеді. Демек, біздер көркем шығармамыздың, басты қаhарманы адам мен сол адамның бейбітшілікті, еңбекті, жалпы адамзатты сүйгіштігін бейнелеуіміз керек. Өмірлік болмысты көркем бейнелеген де, әр қашан есімізге ұстар ақиқат та. Осы жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз сол шындықты щырақ алып іздеудің бірден-бір формасы-солай өзі айтқандай оның туындыларының барлығында да адам үлкен тұлғалы кейіпкер дәрежесіне көтерілді. Адам өмірі бәрінен маңызды. Оралхан өзінің әңгімелерінде жалпы адамзат тіршілік етіп жатқан өмір атты мәңгілік майданның өтінде жүрген адам пенденің осынау дүниеауи тіршіліктегі бітпес күресін әйгілейтін ізгілік пен зұлымдықтың, махаббат пен ғадауаттың, адалдық пен арамдықтың арасындағы бітпес айқасты суреттеуді арқау етеді.
Қилы-қилы тағдырлардың көркем бейнесін терең, қат-қабат драмалық
шиеленісте, асқақ пафоста сомдау арқылы қоғам, адам, уақытқа өз кесімін айтады.
Зертеудің мақсаты:Зерттеудің басты мақсаты О. Бөкей әңгімелерін ғылыми
тұрғыдан жан-жақты зерттеп, жазушының қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді
көтеріп айта білуіндегі суреткерлік ізденістеріне жаңаша пайымдаулар жасау
болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттердің шешімін табу көзделеді.
- жазушы әңгімелерін идеялық-тақырыптық тұрғыдан пайымдау;
- жазушы әңгімелерінің тақырыптық сабақтастығын, мазмұндық
байланысын көрсету;
- жасушының көркем бейне жасау шеберлігін, шығармашылық
ізденістерінің өзіндік ерекшеліктерін зерделеу;
- жазушының дәуір сипатын, қоғам тынысын реалистік тұрғыдан
бейнелеу сипатын саралау;
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалған:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол арнайы түрде талап етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы - жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады.
Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі, жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңсолай талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1, 14] .
Асылында, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса, "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді" [5, 36] .
І ТАРАУ: КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1 Психологиялық талдаудың түрлері
Көркем әдебиеттегі психологизм - ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі үдеріс. Психологизм - қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеудің дара жемісі болып табылады.
"Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен - психологизм" [6, 3], - дейді Б. Майтанов.
"Психологизм - көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6, 12] болғандықтан, психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана солай есептеуге толық мүмкіндігіміз бар. Себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып, ерте дамыған. Даму барысында психологизм элементтері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталған. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алға қойған мақсаты - адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттей білу болатын.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жан дүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс еді. Сондықтан да адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше, маңыздылығы жағынан алғашқы орында болды.
Қ. Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж. Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А. Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11, 50], -солай баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті . . .
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10; 278б] . Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р. Стендапь, Л. Толсгой, Ф. Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н. Чернышевский Л. Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген мен «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11; 36б] . Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде болса сол қозғалыстарға жан беретін- ақыл-ой, сана-сезім, яғни "жан диалектикасы" болып табылады.
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.
«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12; 280б], -солай баға береді А. Ысмақова.
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л. Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.
Ал, Ф. Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы - романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан, жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4; 85б] .
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман солай зерттеушілер Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12; 280б] . Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т. б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.
Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12; 280б] солай санаған жөн. Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов т. б. ) . Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н. Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы", -[И; 36б] солай айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі қолданыста жүрген "аналитикалық, синтетикалық" деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М. Храпченко Н. Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3; 86б] деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.
Ж. Дәдебаев М. Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық мен лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б] . Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М. Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж. Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелсолай көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9; 159б] . Психологизмнің синтетикалық түріне Б. Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар, "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3; 137б] . Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендішегін қорытуға болады.
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм солай аталған. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ. Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7; 73б] .
Г. Пірәлиева: "Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13. 71б], - солай, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бұған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық тұрғыда Ақбілектің де, Мұқаштың да жандүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы Қ. Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған" [7; 45б], - дейді.
Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар солай атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә. Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті. Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда айтылған жайттармен желілес.
1. 2 Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі - "адам жанының диалектикасын" ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласында терең толғану, тынбай іздену керек болып отыр [9; 142б] . Психологиялық талдаудың бұлайша әдебиеттің күн тәртібінде бірінші мәселеге айналуының басты себебі неде?
Әдеби әдіс мәселелері ең басты дүниетанымдық, көркемдік құбылыс саналса, осы мәселелердің неғұрлым нақты, толымды, шешімі айқын ғылыми келбеті-кейіпкер жан дүниесін бейнелеу мүмкіндіктері мен амал, жолдары, бағыт-бағдары, сол бағдардағы жемісті нәтижелер арқылы танылмақ. Шартты теңеуге барсақ: "көркемдік әдіс-мазмұн, психологиялық талдау-пішін. Пішін мазмұнға қарай, мазмұн пішінге қарай өзгермек. Эстетикалық байлық-іш пен тыстың бірлігі мен өзара ықпал әсерінде, жаңа байланыс түзе алуында". Психологиялық талдаудың тағы бір көркемдік мәні мынада солай ойлаймыз, атап айтқанда "ол-жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден бір қолайлы да, оңтайлы тәсіл". Расында, образ, характер жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз қозғаған Ә. Қоңыратбаев:" Даралау-характер жасаудың ішкі заңы" [14; 31б], - деген болатын. Даралыққа жету үшін типтендішеру қажет.
"Типизм - творчествоның негізгі заңының бірі, онсыз творчество жоқ" [14; 32б] . Сонда біздің психологиялық талдаудың көркемдік қызметіне тоқталғанда айтатынымыз оның кейіпкер характерін даралаудағы басты сипаты. Мысалға: Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі Ә. Қоңыратбаевтың шығармаларын алып қарайық. Жазушының қол артқан басты тәсілі-психологиялық талдаудың аналитикалық түрі. Аналитикалық дегеніміз- бір кейіпкердің жан дүниесін бүгі-шегісіне дейін талдау солай жүрміз. Яғни, Ә. Кекілбаев шығармаларының басты сипаты - психологизм.
"Аңыздың ақыры " романындағы кейіпкерлер - ¥лы Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен емес, Г. Піралиеваның тілімен айтсақ:"Көңіл-күйлеріндегі күйзелістермен, жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстардан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтағы сезімдік құбылыстармен көрінеді" [13; 172б] . Әмірші де кезінде Әмір әскерінің көп сардарының бірі ғана болатын. Сол көптің бірін осы данқ пен дақпыртқа, бақытқа жеткізген қанағаттанбаушылық
сезім еді. Жоғарыда біз айтып өткен типтендішеру мәселесі- Алмас ханның бойында. Өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін, қулығы мен сұмдығын, әккілігін, талғампаздығын бойына жинақтаған тамаша кейіпкердің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмір ел қарамағындағыларды уысында ұстау үшін елді қабағынан тануды қажет құрал етті. Айналысындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көңіл түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің тап басып зерттейтінін бейнелеуде үлкен суреткерлік алымдылық танытқан.
Жазушылық бұндай позиция туралы Ә. Қоңыратбаев былай деген: "Сонымен бірге оның өзіне адамдық характері болуы керек. Мұны даралау дейміз. Даралау жоқ жерде образ жоқ" [14; 31б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz