Қазақ тіліндегі баламасын неғұрлым
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жапар Д. Н.
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ СЫН ЕСІМДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5B011900 - Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы
Алматы, 2021
Кіріспе
Қазіргі қоғам бір-бірімен ынтымақтастық пен түрлі саладағы жетістіктермен алмасумен сипатталады. Мемлекеттер арасындағы байланыстар жақындауда, сондықтан шет тілін білу күн өткен сайын маңызды бола түсуде. Шет тілдерін білмейінше, әлемдік ынтымақтастықтың орнауы мүмкін емес. Қазіргі кезде халықаралық байланыстың әр түрлі формалары дамуда: халықаралық кездесулер, көрмелер, спорттық шаралар, бірлескен бизнес. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен студенттердің оқу орнымен алмасуы да осыған тиісті.
Қазіргі 21 ғасырда бүкіл өркениетті әлем өзара түсіністікке ұмтылады. Осыған байланысты шет тілдерін оқып-үйренудің рөлі мен маңызы артып келеді.
Шетел тілінің бүкіл білім беру әлеуетін оқушылар мен студенттерді әлемдік мәдениетке енгізуге және сол арқылы өзінің мәдениетін жақсы түсінуге ықпал ететін пән ретінде пайдалану өте маңызды.
Тіл үйрену оқушылардың тілдік, адамгершілік және зияткерлік дамуы сияқты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Тіл үйрену сабақтарында сөйлеуді дамыту - оқушылардың тілдік нормаларды игеруі үшін, сонымен қатар, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алуы үшін жүргізілетін жұмыс. Сондай-ақ, бұл тұлғаны әлеуметтендірудің және оның зияткерлік, рухани, адамгершілік, эмоционалды салаларын дамытудың маңызды құралы. Бұл біріншіден - адамды қоғам мәдениетімен таныстыру тәсілі, екіншіден - өсіп келе жатқан адамның тұлға ретінде қалыптасу жолы.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы сын есімді оқытудың тиімді жолдарын іздестіруге байланысты зерттеудің өзектілігін қарастырады.
Зерттеу мақсаты: әр тілдегі сын есімді меңгерудің тиімді жолдарын табу, әр тілдегі сын есімдерді бір-бірімен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыру.
Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы сын есімдердің сыртқы формаларында да, құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерінде елеулі айырмашылықтар болады.Ағылшын тіліндегі сын есімдердің қазақ тіліндегі синонимдес баламаларын өзара салыстыра отырудың маңызы зор.Ағылшын, қазақ тілдерінде сын есім - заттың, нәрсенің белгісін, қасиетін, сапасын, сипатын, көлемін, салмағын, түсін білдіретін сөз табы. Ол what? - қандай?, what kind of? - қандай? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: A new firm - жаңа фирма, а wide street - кең көше, а strong companion - берік серіктестік [1,57 -б].
I. Morphological structure of adjectives (Сын есімнің морфологиялық құрылымы) Ағылшын тілінде сын есімдер құрылымына қарай simple (негізгі), derivative (туынды) және compound(күрделі) болып бөлінсе, қазақ тілінде дара (негізгі, туынды түбір) және күрделі болып бөлінеді:
а) Simple (негізгі) сын есімдер (түбір сын есімдерге ешқандай қосымшалар жалғанбайды): Ағылшын тілі: red - қызыл, white - ақ, blue - көк, big - үлкен, old - кәрі. Қазақ тілі: сұр - grey, тар - tight, биік - tall.
ә) Derivative (туынды) сын есімдер: ағылшын тілінде түбірге префикстер, жұрнақтаржалғану арқылы жасалса, қазақ тілінде тек жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Ағылшын тілі: acceptable - қолайлы, тиімді, unable - қабілетсіз, uncountable - саналмайтын, groundless - тиянақсыз, fixed - тұрақты Қазақ тілі: бойшаң, алғыр, білгір, өткір.
б) Сompound (күрделі) сын есімдер екі тілде де екі немесе одан да көп сөзден құралады.Мысалы: Ice - cold - тастай суық ;Snow - white - қардай аппақ ; Dark - grey - қошқыл сұр
Салыстыра келе қазақ тілінде сын есімдер құрылымына қарай дара ,күрделі болса, жасалуына қарай негізгі және туынды сын есім болып бөлінеді, [2,446-б]. ағылшын тілінде құрылымына қарай 3-ке бөлінеді.[1,59- б].
II. Semantic groups of adjectives (Сын есімнің семантикалық топтары)
Сын есімдер заттың әр алуан сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Сол себепті сын есімдер екі тілде де семантикалық жағынан екі топқа бөлінеді:
1) Сапалық (Qualitative) сын есімдер; 2) Қатыстық (Relative)
Заттардың әр алуан түр - түсін, сипатын, сапа белгісін, көлемі мен
аумағын, дәмі мен иісін білдіретін сын есімдер сапалық сын есімдер деп аталады. Мысалы:beautiful - әдемі , cold - суық , black - қара
Белгілі бір заттардың сипаты мен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сын есімдер қатыстық сын есімдер деп аталады. Мысалы: өткір пышақ - sharp knife, ұзын көше - long street
Ағылшын тілінде сын есімнің есімдікке ұқсас түрлері болады: Possitive adjectives (Тәуелдік сын есім): mу, your, hisherits, our, your, their. Demonstrative adjectives (Сілтеу сын есім): thisthese, thatthose. Interrogative adjectives (Cұрау сын есім): whose, what, which. Distributive adjectives (Бөлшекті сын есім): each, every, everyone, everybody, everything, both, either, neither) Quantitative adjectives (Сандық сын есім): many and much, a littlea few and littlefew. [7,128-б].
Ағылшын және қазақ тілдерінде сын есім жіктелмейді, септелмейді жекеше, көпше түрге бөлінбейді, оның тек үш шырай категориясы болады. [1,60-б].
III. Degrees of comparison of adjectives (Сын есімнің шырай категориясы) Сын есімнің өзіне ғана дербес грамматикалық белгісі шырай категориясы болып табылады. Шырай дегеніміз - заттың белгісі немесе сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы т.с.с.) біркелкі болмай, рең жағынан әртүрлі дәрежеде болатынын, яғни бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары.
а) Positive Degree (Жай шырай).
Екі тілдеде жай шырай түбір күйінде басқа шырай формаларына негіз болады. Мысалы: short - қысқа , кең - wide, fat - толық жеңіл - easy, happy - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz