Айыппұл әкімшілік жаза ретінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Айыппұл әкімшілік жаза ретінде

Орындаған:

301-топ курсанты

қатардағы полиция Г. М Жалелова.

Тексерген:

ІІО ӘҚ кафедрасының

профессоры

полиция подполковнигі А. С. Махмутов

Ақтөбе, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ: 1. АЙЫППҰЛДЫҢ ƏКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
5: 8
КІРІСПЕ: 1. 1 Әкімшілік жазалардың түсінігі мен түрлері
5: 8
КІРІСПЕ: 1. 2 Әкімшілік жазаларды қолдану
5: 14
КІРІСПЕ: 2. АЙЫППҰЛДЫ ƏКІМШІЛІК ЖАЗА ТҮРІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
5: 17
КІРІСПЕ: 2. 1 Айыппұл жазасының түсінігі мен мақсаты
5: 17
КІРІСПЕ: 2. 2 Айыппұл түріндегі жаза тағайындау тәртібі
5: 21
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 23
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 25

КІРІСПЕ

Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының ( атқарушы органның ) ғана болуы оны барлық жағдайда сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге сапаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет - салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т. с. с. Бұл мфнаған байланысты, мұндай жағдайларда қандайда болмасын артқарушы орган атқару - өкметушілік сипаты бар функцияларды орныдамайды, мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады [1] .

Ішкі басқарушылық қытынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субьектілерінің, сондай - ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы обьектілердің ( азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұны атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау конституциялық мақсат - міндеттеріне сәйкес, сондай - ақ реттеленетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез - құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субьектісі деп Қ. Р - ның қолданып жүрген заңнамалаорына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары ( тараптары ) бола алатын адам немесе ұйым түсінеледі. Бұл сияқты субьектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субьект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет - әкімшілік құқық - субьектілігі [2] .

Әкімшілік құқық субьектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мнез- құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық қралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығы пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.

ҚР - ның құқық жүйесінің ерекше сапасы бар, оның негізгі мақсат - міндеті айрықша сипаты бар, қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы ( тиісінше өзгертілуі және тоқталуы ) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқығы құрайтын, құқықтық нормаларға жүктелген.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы кодексінен тұрады.

Әкімшілік жауатылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс.

Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік - деликттік құқық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативті қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекс басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану заң шығару қажет болатын реттерді қоспағанда, тікелей қолданады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көделгеннен өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Айыппұл ( штраф ) - заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы.

а) қылмыстық құқықта - жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы ретінде қолданылды;

ә) азаматтық құқықта - өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі келісім шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін, жеке мүліктік емес құқықтарға нұқсан келтірілген кезде қолданылады;

б) тұрақсыздық айыбының бір түрі;

в) әкімшілік құқықта - әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға судьялар, уәкілетті органдар ( Ішкі істер органдары, өрттен қорғау, санитарлық, мал дәрігерлік қадағалау және т. б ), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады;

г) іс жүргізушілік құқықта - заңда көзделген ( мысалы: сот мәжілісінің тәртібін бұзған ) реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады.

Курстық жұмыстың пәні. Жұмыстың зерттеу пәні айыппұл жазасын тағайындау тәртібі болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі айыппұл жазасы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты әкімшілік жаза түрлері арасынан айыппұл жазасын қарастыру және маңызын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері. Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, міндеттері келесідей болып келеді:

  • Әкімшілік жазалардың түсінігі мен түрлері;
Әкімшілік жазалардың түсінігі мен түрлері;:
  • Әкімшілік жазаларды қолдану;
  • Айыппұл жазасының түсінігі мен мақсаты;
  • Айыппұл түріндегі жаза тағайындау тәртібі.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыстың материалдарын осы саладағы одан арғы зерттеуде пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік -құқықтық пәндер бойынша пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Курстық жұмыста әкімшілік жазалардың ішінде айыппұл жазасын орындау тәртібіне кешенді зерттеу жүргізілген.

Курстық жұмыстың құрылымы талапқа сәйкес екі тараудан, төрт тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы
Әкімшілік айыппұл түсінігі
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
Адам құқығы. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
Әкімшілік құқық жайында
Әкімшілік айыппұлдар
Қылмыстық заңнама тарихындағы қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz