Әкімшілік жазаларды қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ішкі істер органдарында қызметті ұйымдастыру

Орындаған:
301-топ курсанты
қатардағы полиция Г.М Жалелова.

Тексерген:
ІІО ӘҚ кафедрасының
профессоры
полиция подполковнигі А.С. Махмутов

Ақтөбе, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
1. АЙЫППҰЛДЫҢ ƏКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

8
1.1 Әкімшілік жазалардың түсінігі мен түрлері
8
1.2 Әкімшілік жазаларды қолдану
14

2. АЙЫППҰЛДЫ ƏКІМШІЛІК ЖАЗА ТҮРІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
17
2.1 Айыппұл жазасының түсінігі мен мақсаты
17
2.2 Айыппұл түріндегі жаза тағайындау тәртібі

21
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

25

КІРІСПЕ
Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының ( атқарушы органның ) ғана болуы оны барлық жағдайда сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге сапаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет - салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мфнаған байланысты, мұндай жағдайларда қандайда болмасын артқарушы орган атқару - өкметушілік сипаты бар функцияларды орныдамайды, мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады [1].
Ішкі басқарушылық қытынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субьектілерінің, сондай - ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы обьектілердің ( азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұны атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау конституциялық мақсат - міндеттеріне сәйкес, сондай - ақ реттеленетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез - құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субьектісі деп Қ.Р - ның қолданып жүрген заңнамалаорына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары ( тараптары ) бола алатын адам немесе ұйым түсінеледі. Бұл сияқты субьектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субьект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет - әкімшілік құқық - субьектілігі [2].
Әкімшілік құқық субьектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мнез- құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық қралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығы пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
ҚР - ның құқық жүйесінің ерекше сапасы бар, оның негізгі мақсат - міндеті айрықша сипаты бар, қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы ( тиісінше өзгертілуі және тоқталуы ) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқығы құрайтын, құқықтық нормаларға жүктелген.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы кодексінен тұрады.
Әкімшілік жауатылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік - деликттік құқық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативті қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекс басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану заң шығару қажет болатын реттерді қоспағанда, тікелей қолданады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көделгеннен өзгеше ережелер белгіленген болса,онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Айыппұл ( штраф ) - заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы.
а) қылмыстық құқықта - жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы ретінде қолданылды;
ә) азаматтық құқықта - өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі келісім шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін, жеке мүліктік емес құқықтарға нұқсан келтірілген кезде қолданылады;
б) тұрақсыздық айыбының бір түрі;
в) әкімшілік құқықта - әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға судьялар, уәкілетті органдар ( Ішкі істер органдары, өрттен қорғау, санитарлық, мал дәрігерлік қадағалау және т.б ), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады;
г) іс жүргізушілік құқықта - заңда көзделген ( мысалы: сот мәжілісінің тәртібін бұзған ) реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады.
Курстық жұмыстың пәні. Жұмыстың зерттеу пәні айыппұл жазасын тағайындау тәртібі болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі айыппұл жазасы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты әкімшілік жаза түрлері арасынан айыппұл жазасын қарастыру және маңызын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, міндеттері келесідей болып келеді:

oo Әкімшілік жазалардың түсінігі мен түрлері;
oo Әкімшілік жазаларды қолдану;
oo Айыппұл жазасының түсінігі мен мақсаты;
oo Айыппұл түріндегі жаза тағайындау тәртібі.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыстың материалдарын осы саладағы одан арғы зерттеуде пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік - құқықтық пәндер бойынша пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Курстық жұмыста әкімшілік жазалардың ішінде айыппұл жазасын орындау тәртібіне кешенді зерттеу жүргізілген.
Курстық жұмыстың құрылымы талапқа сәйкес екі тараудан, төрт тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АЙЫППҰЛДЫҢ ƏКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
0.1 Әкімшілік жазалардың түсінігі мен түрлері
ҚР ӘҚБТК 40 бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза - осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны ҚР ӘҚБТК 59-бабында көзделген тәртiппен толтырылады [3, 18 б].
Әкiмшiлiк жаза түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
4) арнайы құқықтан айыру;
5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
8) әкімшілік қамаққа алу;
9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары
1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
2. Aрнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.
3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін [4, 16 б].
Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану (58-бап). Бір немесе екі одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген екі еселенген жоғарғы шегінен асыруғ болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда - 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде - 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған суммасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бөлек өндіріліп алынады.
Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу, залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртбімен шешіледі.
Әкімшілік жазалардың түсінігін талдау арқылы оның мына төмендегідей ерекше белгілерін бөліп шығаруға болады:
- жасаған әрекет пен әрекетсіздіктің құқыққа қарсылығы. Мұны құқық бұзушы адамның қылығының белгіленген тәртіп қағидаларына қарама-қайшы (қарсы) келуі деп түсінуге болады. Бұл қағидалар іс жүзінде жүзеге асулары керек. Егер тиісті қағидалардың мерзімі өтіп кеткен жағдайда, осы қағидаларға қайшы келетін әрекеттерді құқыққа қарсы әрекеттер деп есептей алмаймыз. Әдетте бұл мерзімдер ұзақ уақытқа белгіленетіндіктен көбінесе уақыт бойынша шектеу тіптен аталмайды. Қазақ КСР-інің ӘҚБ туралы Кодексінің әр бөлек баптары, сондай-ақ жалпы алғанда Кодекстің өзі де уақыт мерзімімен шектелмеген. Бірақ жұмыс істеу мерзімі уақытпен шектелген нормалар да кездеседі [5, 23 б].

0.2 Әкімшілік жазаларды қолдану
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындамағаны үшiн көрсетілген жаза қолданылған мiндеттердi орындаудан, жол берiлген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн [6, 17 б].
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілмеген мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар мыналар:
1) прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) осыған уәкiлеттi тұлғалардың оны тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы мiнез-құлықты жалғастыру;
2) бұрын бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылған, ол бойынша осы Кодекстiң 61-бабында көзделген мерзiмi өтпеген адамның оны бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамға психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегетіні көрінеу белгілі адамдарды не әкiмшiлiк жауаптылық туындайтын жасқа толмаған адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты осы адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
7) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлi тұлғаға тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады. Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн [ 7, 53 б].
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады.
Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне айналдыруға немесе жойылуға жатады.
Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2. Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бiр судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкiмшiлiк қамаққа алу үшін - осы Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал арнайы құқықтан айыру үшін осы Кодекстің 46-бабының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерден асыруға болмайды.
3. Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.
Тәркiлеудi судья қолданады және бұл ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.
Арнайы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.
Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және он жылдан аспауға тиіс.
Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген қағидаларды бұзып, өздерi қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзуды қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Рұқсаттан айыруды судья осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, қызметтi жүзеге асыру не рұқсатта көзделген белгiлi бiр әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Судья мүлiктiк зиян келтiрілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешкен кезде, егер мұндай зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, оны бiр мезгiлде өндiрiп алады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
2. Өзге де уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi тұлға оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексiнде көзделген негiздер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды сот үш айға дейінгі мерзімге белгілейді.
Сотта іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасын сот қолданса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне қосылады.
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды. босатылады.
Тек қана ерекше жағдайда Қазақстан Республикасынын заңнамалық келісімдеріне байланысты бұл уақыт өзгеруі мумкін. Бұл жағдайлар мына түлғаларға қатысты:
- шекаралық тәртіпті немесе мемлекеттік шекарадан өту пунктіндегі тәртіпті бұзушы. Бұнда құқық бұзушыны хаттама толтыруға әкелгеннен бастап 3 сағатка дейін ұстайды; ал тұлғаның азаматтығы мен құқық бұзушылық дәрежесін анықтауға байланысты прокурорға 24 сағаттың ішінде жазбаша түрде баяндама жасағаннан кейін 3 күнге дейін ұстауға немесе егер құқық бұзушының ата-тегін пәлелдейтін куәлік-құжаттары болмаған жағдайда прокурордың санкциясымен 10 күнге дейін ұсталынады;
- белгілі бір аймаққа коменданттық сағаттың енгізілуі барысында тәртіпті бұзған азаматтар. Бұл кезде полиция, не әскери патруль ұстаған құқық бұзушыны 3 күн емес, коменданттық сағат біткенше ұстауға құқылы;
- ұсак бұзақылық істеген және жиналыс, митинг, көше шерулері мен демонстрациялардың өткізілу ережелерін бұзғандар. Бұлар қозғалған істі сот қарағанға дейін әкімшілік ұстау шарасын жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілердің көлікке мас күйінде отыруы да ерекше атап көрсетіледі. Рөлдегі адамның алкагольдік ішімдік ішкендігінен -жол ережелерінің бұзылуы, жол- көлік оқиғаларының болуы, азаматгардың көлік айдаушысы мас, не есірткі заттарын қолданғандығы туралы хабар беруі және көлік қозғаласының күдік туғызуы, т. б. жағдайлар себеп бола алады.
Ішкі істер органдары мына жағдайларда әкімшілік ұстау жауапкершілігіне тартады: ұсақ бұзақылык істегенде,- заңды өкімдерге қатал бағынбағанда, спиртті ішімдіктер ішіп, қоғамға қауіп төндіргенде, жезөкшелікпен айналысатын түлғаның мас күйінде адамның ар-ожданына, намысына, коғамдық ізгілікке қорлау жасағанда және т.б.
Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе заңды тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру, сондай-ақ рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi. Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм - әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жазаны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi.

2. АЙЫППҰЛДЫ ƏКІМШІЛІК ЖАЗА ТҮРІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ

2.1 Айыппұл жазасының түсінігі мен мақсаты

Әкiмшiлiк айыппұл - әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу. [2]

а)қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының;
б) орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының;
в) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының;
г) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жазалар
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қылмыстық жазаның ұғымы
Әкімшілік жазалардың мақсаты
Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Әкімшілік жаза түсінігі
Жазаның жүйелері мен түрлері
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер