Эмоцианалды - экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ батырлық ертегілерінің түрікше аудармасында эмотив лексиканың қолданысы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І тарау. Эмотивті лексиканың зерттелу тарихы

1. 1. Эмотивті лексиканың жалпы тіл білімінде зерттелуі

1. 2. Эмоцианалды-экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі

1. 3. Менталді етістіктердің түрік тілінде алатын орны

ІІ тарау.

2. Қазақ батырлық ертегілерінің түрікше аудармасында эмотивтік лексиканың қолданысы

2. 1. Қазақ батырлық ертегілер тарихының танымдық рөлі

2. 2. Қазақ батырлық ертегілерінің түрік тіліне аударылмасы

3. Түрік тіліне аударылған ертегілердегі эмоционалды лексикалық бірліктердің лексика-семантикалық тобы

3. 1. Қалыпты білдіретін эмоционалды сөздер тобы

3. 2. Қимыл-қалыпты білдіретін эмоционалды сөздер тобы

3. 3. Физиологиялық процесті білдіретін эмоционалды сөздер тобы

3. 4. Адамның физикалық, психикалық немесе көңіл-күй қалпын білдіретін сөздер тобы

3. 5. Еркелету мағынасын білдіретін сөздер тобы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Фольклортану ғылымында кештеу қолға алынып, біршама зерттелген халық мұрасы - батырлық ертегілер. Батырлық ертегілер өзіндік қалыптасу және дамуы жағынан тек бір ғана дәуірдің рухани құндылықтары емес, онда сандаған ғасырлардың шытырман оқиғаларының сәулесі мен ізі бар. Өкінішке қарай тұрақты жазу-сызу өнерінің болмауынан дер уақытында бұндай құндылықтарымыз хатқа түспей, көптеген ертегілер уақыт жағдайымен ұмыт болып, көзден таса болып үлгерген.

Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты мәдени өмірде сандаған оң өзгерістер болды. Соның ішінде ұлттың өшкені қайта оралып, мүлде тыйым салынған Кеңес дәуіріндегі тақырыптарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Мәселен, қазақ фольклорындағы дінге қатысты мұралар, ұлттың рухы ретінде танылуға тиісті қазақтың фольклоры жан-жақты тексеріле бастады.

Қазақ ертегілерінің жиналуы мен қатар түгелдей тексеру, зерттеу мәселелеріне А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. О. Әуезов, М. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев ерекше үлес қосса, қазіргі фольклортану ғылымында бұл мәселеге қатысты монография көлемінде тың зерттеулер жасаған академик С. Қасқабасов және профессор Е. Тұрсынов болды. Ең алғаш «ертегілік проза» және «аңыздық проза» деп бөліп, оған жататын жанрлардың түрін анықтап, өзіне тән сипаттама берді. Сонымен қатар, батырлық ертегілерде кездесетін кейіпкерлердің ғана емес қоршаған ортаның сан алуан эмоциялық, экспрессивтік күйін ерекше образдылықпен жеткізуде таптырмайтын тілдік көркемдік құрал - эмотивті лексика. Қазіргі тіл білімінде зерттеушілерді толғандыратын негізгі мәселелердің бірі − бұл бағалауыштық, экспрессивтік және эмоционалдылық микрокомпоненттерінің денотация және коннотация аспектілерінде орын алуы. Мысалы орыс тіл білімінде В. И. Говердовский, К. А. Долинин сынды ғалымдар өз еңбектерінде аталмыш мағына бөлшектерін толықтай коннотацияның микрокомпоненттері ретінде таныса, проф. М. Оразов көрсеткендей, Э. Азнаурова, В. Звегинцев, И. Арнольд сияқты ғалымдар «сөздің эмотивтік қызметін стилистикалық мағына құрамында қарап, оны коннотаттық (негізгі мағынаға қосымша) мағынаның қатарына жатқызады». Ал ғалым А. В. Филиппов коннотация ұғымына тек эмоционалдық және стилистикалық мазмұндағы семантикалық мағына жатады деп тұжырымдайды да, бағалауыштың экспрессивтік, эмотивтік семаларын да ол денотацияның белгілі бір бөлшегі ретінде қарастырады. Ғалым эмоционалды сема - ұғымның (түсіндіреді) прагматикалық компоненті, сондықтан да ол денотация аспектісінің нысаны. Ал экспрессивтік әрқашан сөздің (денотаттық) тұлғасында көрініс табады деп аталмыш мағыналық бөлшектер сөздің лексикалық мағына құрамында болатынын көрсетеді.

Ю. Д. Апресян экспрессивтік, эмоционалдықты синонимиялық құрал, ал Н. Г. Комлев сөздің мазмұндық құрылымына қатысты таныса, А. Н. Леонтьев еңбектерінде үстеме мағына құбылысы психологиялық категория негізінде (ассоциациялар) танылады.

Л. М. Васильевтің пікірінше коннотативтік мағына бөлшегі − бұл адамның көңіл-күйіне, айтушының, не жазушының айтылған ойға көзқарасын білдіруімен байланысты болған мағына бөлшегі.

Зерттеу жұмысында қазақ батырлық ертегілерінің түрікше аудармасында эмотивті лексиканың қолданысын бейнелейтін лексикалық бірліктер семантикалық жағынан сипатталып қана қоймай, олардың жасалу жолдары, құрылымдық ерекшелігі, грамматикалық ерекшеліктері, көркем мәтіндегі атқаратын қызметі де ескеріле отырып, көп аспект тұрғысынан кешенді талдау жасалады.

Зерттеудің өзектілігі. Эмотивті мағыналы лексикаға қатысты қазақ тіл білімінде, жалпы тіл білімінде жарық көрген зерттеу еңбектерінде эмоционалды-экспрессивті лексиканың қазақ ертегілерінің түрікше аудармаларында колданылуы, семантика-синтаксистік парадигмалары, олардың сөйлеу коммуникациясындағы колданысы жан-жақты сөз болды. Негізінен эмоция мен бағалауды білдіретін лексикалық бірліктерге арналған еңбектер қазақ тілінде бірен-саран. Бұл ретте С. Қоянбекованың «Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері» еңбегін атауға болады.

Зерттеу нысаны - қазіргі сөздік қорда қолданылып жүрген, бойына ұлттық ерекшеліктерді молынан сақтаған эмоционалды-экспрессивті лексиканың түрік тіліне аударылған еңбектерде қолданылатын баламалары.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының негізгі мақсаты -Доц. Доктор. Сейфуллах Иылдырымның «Қазақтың батырлық ертегілері» еңбегінде қолданылған эмоция мен тұлғаның көзқарасын білдіретін лексикалық бірліктерді анықтап, оларға кешенді түрде талдау жасау, классификациялау, семантикалық сипатын ашу. Осы мақсатқа жету үшін бір-бірімен іштей байланысты мынадай міндеттер жүзеге асырылды:

- Қазақ батырлық ертегілеріне сүйене отырып, эмоционалды-экспрессивті лексиканың мағыналық топтарын анықтау және классификациялау;

- зерттеліп отырған лексикалық бірліктердің мағыналық бөлшектерін, олардың эмоциялық, бағалауыштық, экспрессивтік, стилистикалық мағына ерекшеліктерін ескере отырып талдау;

- эмотивті лексиканың қазақ батырлық ертегілерінде қолданылу ерекшелігін анықтау.

Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Эмотивті лексиканың зерттелу тарихы

1. 1. Эмотивті лексиканың жалпы тіл білімінде зерттелуі

Тіліміздегі сөздер шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды, олардың түрлі белгілері мен сапасын немесе іс-әрекет пен қимылды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезімін, көңіл-күйін білдіретін сөздер де бар. Адамзат айналасыдағы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, оған белгілі бір баға да береді. Негізінен психологтардың назарындағы адамның психологиялық қалпы, жас ерекшелігі, білімі мен өмірлік тәжірибиесі оның ұлттық ерекшелігімен ұштасып жататын эмоция мен экспрессия мәселесі белгілі бір тілдік құрал арқылы тілімізде көрініс тапқанда ғана тілшілердің зерттеу нысанына айналады.

Эмоционалды-экспрессивті лексиканы сөз етпес бұрын, біз эмоция мен экспрессия мәселесінің басын ашып алуымыз қажет.

Тіл білімі сөздігінде: «Эмоционалдық (лат. Emovere - еліктіру, толқыту) - қоршаған болмысқа деген адамның әр түрлі көңіл-күй, әсері, сезімі эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен бақыттылық сенім мен сенімсіздік, қайғы, уайым, зарығу т. б. көптеген мағыналардың қолданылуы» [1, 403 б. ], деп түсіндірсе, «Экспрессивтілік (лат. Expressio - мәнерлік) - тіл единицаларының семантикалық-стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. Оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары. Осы құралдар сөз стилистика және семантиканы зерттейді. Сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Экспрессивтілік сөзді эмоционалдық (сезімдік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткізеді. Экспрессивтіліктің құралдарын фонетика, лексикология, грамматика, стилистика және семантика зерттейді [1, 402 б. ], - деп түсіндіріледі.

Бұл сөздіктегі келтірілген екі анықтамадан мынадай жағдайды байқаймыз:

бірінші, эмоционаналдылық пен экспрессивтілік бір деңгейде тұрған категориялар. Екінші, олар өзара байланысты, сондай-ақ жеке өздеріне ғана тән айырмашылықтары бар.

Эмоционалдылық пен экспрессивтілікті бір деңгейге тұрған тілдік категориялар екендігі ұқсас, өзгеше белгілерін салыстыру арқылы анықталады. Бұлардың ұқсастықтары тарихи тұрғыдан олардың екеуі де адам эмоциясының негізінде пайда болуы болса, ерекшелігі тілде атқаратын қызметінен белгілі болады. Сонда эмоционалдылықты біз адамның түрлі сезімінің көрінуі, ал экспрессивтілікті белгілі бір тілдік құбылыстың сандық-сапалық қасиетінің көрінісі деп танимыз. Экспрессивті сөздер ерекше стилистикалық мәні бар, мәнерлі сөздер. Экспрессивтілікті Д. Розенталь «Экспрессивность /экспрессия/ значит выразительность, сила проявления чувств и переживании», - деп түсіндіреді [2, 106 б. ] . Экспрессивтік реңкі бар сөздер айтылар ойға ерекше мән беріп, оны толық жеткізуге негізделеді. Автордың белгілі бір құбылысқа көзқарасын білдіру үшін жұмсалады деген болатын тілші Ф. Оразбаева [3, 24 б. ] . Ал эмоция болса, ол өзінен-өзі тумайды, оны тудырушы - қоршаған орта, қоғамдық құбылыс, қоғамдық қатынас. Сөйлеуші өзінің көздеген мүддесіне сәйкес әрі оның қалай өтелуіне байланысты эмоционалды күйде болады. Адам сол мүддеге жетсе жағымды сезімдер, эмоциялар (рахаттану, қуану, сүйсіну), ал жетпесе жағымсыз эмоциялар (қайғы, мұң, уайым, қорқу, көре алмау) пайда болады. Қарама-қайшылықтарға толы зерделеу нысанының біржақты идеализациялануы, санадағы біржақты бейнеленуі екенін ескеретін болсақ, әрбір тұжырым тек өз ортасында, өз құбылыстар тобын түсіндіру кезінде орынды» [4, 112 б. ] болып табылатынын байқаймыз. Сондықтан да экспрессивтілік және эмоционалдылық компоненттері тек денотацияға тән немесе коннотацияның ғана бөлшектері деп танымай, олар осы екі макрокомпоненттерге негіз болады деп ойлаймыз.

Коннотация құбылысына арналған еңбектерді шолу барысында ғалымдар тарапынан коннотацияның құрылымдық бөліктері әр түрлі танылып, коннотация көп қырлы құбылыс ретінде кең мағынада және бір жақты ғана тар мағынада қарастырылатындығы байқалады. Бұл тұрғыда зерттеушілерді толғандыратын негізгі мәселелердің бірі бұл бағалауыштық, экспрессивтік және эмоционалдылық микрокомпоненттерінің денотация және коннотация аспектілерінде орын алуы. Мысалы, В. И. Говердовский, К. А. Долинин еңбектерінде аталмыш мағына бөлшектері толықтай коннотацияның микрокомпоненттері ретінде танылса, проф. М. Оразов көрсеткендей, Э. Азнаурова, В. Звегинцев, И. Арнольд сияқты ғалымдар «сөздің эмоционалдык, экспрессивтік қызметін стилистикалық мағына құрамында қарап, оны коннотаттық (негізгі мағынаға қосымша) мағынаның қатарына жатқызады». Ал ғалым А. В. Филиппов коннотация ұғымына тек эмоционалдық және стилистикалық мазмұндағы семантикалық мағына жатады деп тұжырымдайды да, бағалауыштың экспрессивтік, эмоционалдық семаларын да ол денотацияның белгілі бір бөлшегі ретінде қарастырады. Ғалым эмоционалды сема - ұғымның (түсіндіреді) прагматикалық компоненті, сондықтан да ол денотация аспектісінің нысаны. Ал экспрессивтік әрқашан сөздің (денотаттық) тұлғасында көрініс табады деп аталмыш мағыналық бөлшектер сөздің лексикалық мағына құрамында болатынын көрсетеді [5, 72 б. ] .

Ю. Д. Апресян экспрессивтік, эмоционалдықты синонимиялық құрал, ал Н. Г. Комлев сөздің мазмұндық құрылымына қатысты таныса, А. Н. Леонтьев еңбектерінде үстеме мағына құбылысы психологиялық категория негізінде (ассоциациялар) танылады.

Л. М. Васильевтің пікірінше коннотативтік мағына бөлшегі - бұл адамның көңіл-күйіне, айтушының, не жазушының айтылған ойға көзқарасын білдіруімен байланысты болған мағына бөлшегі.

Е. И. Шендельстің сипаттамасы бойынша коннотация бұл форманың денотаттан тыс мазмұндағы бүкіл ақпаратты қамтуы.

А. А. Уфимцева коннотацияны адамның танымдық қызметінің жүйелі өрісі деп ұғына келе, оларға мыналарды енгізеді: эмоционалдық, сезімдік қабылдау және шындық дүние объектілерінің жүйесі негізінде адамның тікелей толғанысы жатады (зат есімдер, субъективтік бағалаушы сын есімдер, эмоционалдық күшейткіш үстеулер, одағайлар т, б. ) . Л. А. Сергеева тілдік талдау барысындағы коннотаттық мағынаның құрамындағы макрокомпоненттің үш функционалды типін көрсетеді:

1) мазмұндық немесе сипаттамалы коннотация. Ол берілген сөзбен таңбаланған заттың басқа қасиеті туралы ақпараттан тұрады. Мазмұндық коннотация ассоциативтік бейнелік негізінде жасалып, жасырын сипатта болады. Мысалы, арыстан - «жүректі», «батыл», «мықты», түлкі - «қу», «айлакер», касқыр - мейірімсіз, тойымсыз, есек - ақымақ, коян - қорқақ.

2) экспрессивтік-бағалауыштық коннотация. Бұл типте жағымды-жағымсыз эмоция, соған сәйкес бағалау жүзеге асады. Мысалы, қайғы-күйселіс, жағымсыз эмоция, қуаныш-рахат, жағымды эмоция.

3) нормативтік коннотация. Бұл коммуникативті акт кезінде көрінетін компонент функционалды стильдегі коннотация ретінде танылады [6, 116-117 б. ] .

В. И. Шаховский льстец, негодяй, эгоист, вздыхатель (поклонник), т. б. сөздерін мысалға ала отыра, «в этих примерах коннотацией является образное представление, зафиксированное в денотативной сфере семантики слов и соотносящееся с понятием, которое оно замещает в языке» деп, сөз семантикасының экспрессивтік, эмоционалдық және бағалауыштық компоненттері денотативті де бола алады деген ой түйеді. Бірқатар зерттеушілер тарапынан бағалауыштық бірліктер екі түрге бөлініп, оның бірі рационалдық (интеллектуалдық) баға ұнату, жек көру, куаныш, кайғы, сыйлау т. б. ) ретінде қарастырылуы - олардың (бағалауыштық бірліктердің) ұғыммен, демек десигнатпен тығыз байланыста болатындығын көрсетеді. Сондай-ақ лексикалық бірліктер мен фразеологиялық жүйенің құрамындағы эмоционалдық, бағалауыштық және экспрессивтік компоненттердің екі жақты сипатта болатынын байқап, олардың семантикалық ерекшеліктерін денотативтік және коннотативтік аспектілерде қарастыру қажеттілігіне назар аударған тілші-ғалымдар Т. Трипольская мен В. И. Шаховскийдің көзқарастары эмоционалды-экспрессивті сөздердің лексикалық мағынасының құрамы күрделі екенін қуаттай түседі [7, 46 б. ] .

1. 2. Эмоцианалды-экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі

Қазақ тіл білімінде семантика мәселесімен арнайы айналысқан ғалым М. Оразов эмоционалды-экспрессивті лексиканының мағынасын эмотивті мағына бөлшегіне жатқызады. Ғалымның: « . . . сөздердің эмотивтік мағынасы сөздің негізгі мағынасы болмайды, негізгі мағынаға қосымша мағыналық реңк болып саналады дейтін болсақ, онда тентек, ақымақ, дана, сараң, нас, топас (бұлардың тура және ауыспалы мағыналары да) деген сияқты сөздердің мағынасын түсіндіріп бере алмаған болар едік» [8, 109 б. ], - деген пікірі тілшінің де аталған ғалымдардың ұстанымын қуаттай түсетінін байқатады әрі эмоционалды-экспрессивті сөздердің лексикалық мағынасы ретінде эмоцияны алу керек те, ондай сөздерде эмоция-экспрессия контекстен тыс та, контексте де берілуі керек деген пікір айтады. Әрине егер кез келген эмоционалды-экспрессивті сөз одағайлар сияқты таза эмоцияны білдІрсе, онда олардың лексикалық мағынасына негіз болған эмоциялық архисема деп айтуға болады. Мәселен, жақсы, жаман, тамаша, керемет, мырза деген сөздерді алып қарасақ, бұл сөздердің лексикалық мағынасы әр түрлі, алғашқы екі сөз сапа ұғымының атауы болса, келесі сөздер эмоция атауы, ал мырза деген сөздің лексикалық мағына құрамы күрделі, себебі бұл сөз әрі сапа атауы, әрі зат атауы болған денотаттық мағына мен эмоциялық мағынаның қабаттасуы арқылы жасалған лексикалық мағына, бұл сөз мәнмәтін ыңғайына қарай сапалық ұғымда жұмсалса, лексикалық мағына құрамында логикалық, интеллектуалдыққа негізделген экспрессия семалары басым түсетіндігін байқаймыз.

Қазақ лингвистикасының көрнекті өкілдері І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Н. Т. Сауранбаев, М. Б. Балақаев, Ғ. Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Ш. Ш. Сарыбаев, Ә. Т. Қайдаров, Р. С. Әмір еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік мәселесін арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырмаса да, ондағы лексико-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу тәсілдері жайлы салмақты пікірлер айтады. Қазіргі тіл білімінде эмоционалдылық тілді дамытудың бір бай көзі және адамның тілдік ойлау қызметінің ажырамас бөлігі деп қарастырылып жүр. Лексикалық бірліктердің эмоциалану механизмі тілдік және тілдесімдік деңгейде көрініс табады деп жазады В. И. Шаховский [9, 14 б. ] .

Эмоционалды-экспрессивті сөздердің лексикалық мағынасының құрылымындағы эмоционалдылық пен бағалауыштықтың қатынасын ашатын бір жақты пікірлердің жоқтығы белгілі. Осы мәселеге қатысты еңбектерді шолу барысында негізгі үш түрлі ғылыми көзқарас қалыптасқанын байқадық. Эмоционалдылық пен экспрессивтілікті бөліп қарастыратын ғалымдар В. Н. Телия, И. А. Стернин болса, олардың пікірінше, мағынаның эмотивтік

компонентін құрайтын эмоция мен экспрессивтілік семасы лексикалық мағына құрамында бірге болуы міндетті емес, олар өзара байланысып жатуы мақсат емес. Бұлай бөлу Ш. Балли, В. В. Виноградовтың интеллектуалдық және аффективтік /эмоционалдық/ деп дәстүрлі бөліп карастыратын пікірімен ұштасады. Осыған қарама-қайшы пікірді ұстанып жүрген Н. А. Лукьянова, Л. И. Шабалина, И. Н. Худяков сынды ғалымдар эмоционалдылық пен экспрессивтілікті өзара тығыз байланысты екендігін айта келе, Н. А. Лукьянова: « . . . кейбір сөздіктерде нақты құбылыстардың жағымды бағасы туралы белгілері беріледі, ол әлеуметтік, қоғамдық ортадағы жалпы қалыпқа сай келетіндігі туралы мақтау, мадақтауға тұрарлық сөздер және оған берілген баға, ал бағаның ақпараты ретіндегі эмоция бағаның ішінде «жасырынғандай» болады, ол өз кезегінде тілдесім кезінде аз не барынша «ашылады», «анықталады» . . . Бағалауыштық пен эмоционалдылық мағынаның екі бөлек компоненті емес, олар бір-бірінен ажырамас - ортақ», деген пікір айтады [10, 94 б. ] .

Эмоционалдылык пен экспрессивтіліктің тағыз байланысын өз еңбегінде А. А. Зализняк және Л. Н. Иорданская айтып өткен болатын. Бірінші ғалым эмоцияны «жан бағасына» теңесе, келесі ғалым оны «түйсік-баға» деп есептеген. И. Н. Худяков эмоционалдылық пен экспрессиялылықтың байланысы туралы сөз қозғай келе, « . . . көп жағдайда қандай да сезімдермен /қуаныш пен қайғы, түңілу жэне шаттану, мақтану мен қапалану және т. т. / қатар жүреді, себебі шаттану мен қолдау, жек көрушілік пен ашу өмірде қатар жүреді. Сол сияқты эмоция қандай да бір дәрежеде баға берумен ұштасып жатады. Егер лексика семантикалық деңгейде экспрессиялылық пен эмоционалдылық кейде қиыспай жатса да, коммуникативтік акт кезінде бағалаудың эмоциясыз берілуі мүмкін емес» деген тұжырым жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ батырлық ертегілерінің түрікше аудармасында эмотив лексиканың қолданысы
Одағай сөздер жайлы
Ағылшын тіліндегі эпитеттердің стилистикада алатын орны
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Орыс тілінен енген сөздер
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Одағай
Одағай - сөз табы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz