Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ

Қорғауға жіберілді

«» 2021ж.

Кафедра меңгерушісі

Ш. Қыяхметова

Жоба

Тақырыбы : Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша

Орындаған: Төлеуғазы Гүлжұпар,

Наурызбай Ақжан, Сезім Бегадилқызы

Ғылыми жетекшісі: Чалтикенова Л. А

ф. ғ. к., аға оқытушы

Талдықорған 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқытуды ұйымдастыру мәселелері . . . 6

1. 1 Оқытудағы сын тұрғысынан ойлаудың теориялық негіздері . . . 10

1. 2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқытудағы әдіс-тәсілдер түрлер . . . 13

1. 3 Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы етістік категорияларын оқытудың тиімділігі . . . 16

2. Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту . . . 19

2. 1 6 -сыныпта етістік категорияларын сыни ойлау технологиясымен оқыту әдістері . . . 22

2. 2 7-8-сыныпта етістік категориясын оқытудың бағдарламасы . . . 28

2. 3. Орта мектепте етістік категорисын сыни ойлау технологиясымен оқытуға әдістемелік нұсқау . . . 31

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның өзектілігі: Қазіргі кездегі білім берудің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, ақпаратты өзінше іздеп табатын, талдайтын, қазіргі заманға лайық дамытып, қалыптастырып оқыту. Қазақстанның қазіргі білім беру саясаты әлемдік кеңістікке интеграциялауға бағытталған, ол мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша, сондай-ақ мүлдем жаңа бағдарламаларды, оқулықтарды, стандарттарды меңгеру мәселелерінде нақты міндеттерді шешуді көздейді. Орта мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, яғни қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін баяндайтын педагогикалық ғылым. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген [1. 7{. Бұл - сөз әлі де маңыздылығын жойған жоқ. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оқушыларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді. Бұл - мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Сабақтың дұрыс жоспарланбауынан сапасы да болмайды. Осы орайда оқыту технологияларының берері мол. Сондай технологиялардың бірі - «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету». Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Бүгінгі таңдағы білімді беру- өсіп келее жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы деңгей. Қазіргі кезеңде экономикамыздың қарқынды өсуі үшін, қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сын тұрғысынан ойлана алатын, шығармашыл жастар өте қажет. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыни ойлау технологиясымен оқыту жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жобаның мақсат-міндеттері: Осы жобаны жазудағы мақсатымыз - мектепте етістітікті оқытуда оқушылар білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін айқындап, етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай оқытудың ізденіс тиімділігін арттыру. Яғни қазіргі таңда оқушылардың ізденісін арттырып, өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Дипломдық жұмысты жазу үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық.

  1. Сын тұрғысынан ойлаудың оқытуды ұйымдастырудағы мәселелерді қарастырдық
  2. Мектепте сабақ барысында жүргізілетін әдіс-тәсіл түрлеріне тоқталуды жөн көрдік. Бұл орайда, аталған тақырып бойынша жазылған методист ғалымдарының теориялық еңбектермен танысу.
  3. Теориядан қолданған етістікті оқыту мәселелеріне назар аудару.
  4. Етістік формалары бойынша талдай отырып сабақ өткізу барысында әдістерді қолдана отырып, қорытынды жасадық. Жоба барысында етістік категориясын мектепте оқытудың теориялық негіздерін қарастырдық. Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер түрлерін ашып көрсетіп, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді сабақ жоспар түрлерімен таныстырып, соларға тоқталдық.

Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы етістік категорияларын оқытуды тиімділігін қарастырып, түрлеріне жеке дара тоқталып өтеміз. Осы мақсаттарды орындай отырып, мынадай міндеттемелерді орындаймыз.

Әр сынып бойынша сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыта білуге тоқталамыз. 6 -сыныпта етістік категорияларын оқытудың әдістері 7-сыныпта етістік категориясын оқытудың бағдарламасы 8-сыныпта етістік категориясын оқытудың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері қыска мерзімді сабақ жоспарлары мен ықшам сабақ жоспарларын қарастырдық. [2, 102]

Міне осы бөлімдерді, біз әр сабақ өту кезінде тақырыпты ашып, саналы да салиқалы ұрпақтарды тәрбиелейміз.

Осы кезеңдерге жеке жеке тоқталып, мектептерде етістікті өтудің әдіс тәсілдерімен бөлісіп, нақты мәлімет беретін боламыз

Зерттеу пәні: Жаңартылған бағдарлама бойынша 6-8 сыныптарда етістік сөз табын оқыту, етістіктерді сыни-ойлау технологиясымен оқыту бағдарламасы, бағдарламаны іске асыру үшін әдістемелік нұсқаулық.

Зeрттeу жұмыcының әдicтeрi: Жоба жұмысын oрындaу бaрыcындa тaлдaу, жинaқтaу-тoптaу және жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың тиімді әдicтeрін психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеп, АКТ технологияларын қoлдaндық

Дипломдық жобаның ғылыми жаңашылдығы:

-Етістікті оқытудағы бағдарламалар әзірленді;

-6-8 сыныптарда етістікке қатысты материалдарды жинақталды;

- Етістікті оқытудағы сыни ойлау технологиясының тиімді әдістері сараланды,

- Етістікті игертуге қатысты оқу тиімділігін арттырудың жолдары қарастырылды;

-жаңартылған бағдарлама бойынша ҚМЖ және ықшамды сабақ жоспары жазылды.

Дипломдық жобаның дереккөздері: Қазақ тілі біліміндегі етістікке, оны оқыту әдістемесіне қатысты зерттеулер мен еңбектер, тұжырымдар, тілдік мысалдар.

Жұмыстың басты дереккөздері есебінде, 6-сынып оқулығы,

7-сынып оқулығы,

8-сынып оқулығы.

«Қазақ тілі мен әдебиеті»- ай сайын шығатын республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал. Бас редоктор Зернебек Шілдебайұлы «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серектестігінің ай сайын шығатын республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы. [3] Және де тақырыпқа қатысты ғаламтор желілері мен әдебиеттерді пайдаланып, қарастыруға көңіл қойдық.

Дипломдық жобаның маңызы мен жаңалығы

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы, етістік сөз табының теориялық мәселелері қарастырe. Етістік категорияларын оқытудың тиімді әдістері саралаe. Және де төменде берілген оқулықтар қарастырдық.

6 сынып бағдарламасында 3 тоқсан 7-бөлімде етістік тарауын: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология. Етістік, оның мағналық түрлер. Етіс түрлеріне тоқталамыз. Сабақ жоспарын; тақырыптар, топтық, жеке, жұптық жұмыстар сыни ойлау технологиясымен байланыстыра жазамыз. [4]

7-сынып [5] бағдарламасында 3-тоқсанда, 30 сағат берілген, соның ішінде 10сағаты етістікке арналған. 6 бөлім; Ғаламтор және әлеуметтік желілер тарауы бойынша: тыңдалым, айтылым, тілдік бағдар, жазылым, оқылым, Ой таразы осы бөліктермен қарастырылып, осы бойынша сабақ құрылымы жасалады. 8 -сыныпта 4-бөлімде Ғарышты игеру жетістіктері тарауы бойынша Синтаксис бөлімін қарастырамыз. Сол бөлімде Ғарышты зерттеген астрономдар тақырыбына 3 сағат берілген. Оқушылар Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістік сөз тіркестерін ажыратып қолдануды үйренеді.

Осы сыныптарда етістікті жаңаша өту, сын тұрғысынан ойлау, пән аралық байланыстарды топтастыра отырып жоба жұмысын жазамыз.

Дипломдық жобаның құрылымы:

Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқытуды ұйымдастыру мәселелері

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н. Ә. Назарбаев

Еліміз жан жақты дамыған елдер қатарына қосылу үшін заман талабына сай білім алуым қажет. Біз дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру, басқа елмен тереземізді тең ететін ол - білім. Сол себепті де қазіргі кезде дамыған заманда ең алдыға қойған мақсат білім беру жүйесінде оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, сабақ өту оқушының жан жақты ойлау дағдысын қалыптастырады.

Сыни ойлаy дегеніміз ашық қоғамның негізі бола алады. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез -келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сын тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.

Сын тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және іріктеуге бағытталған пәндік шешім.

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру=өмірдің талабы болып отыр [6, 58] . Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала - ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.

Бұл технология арқылы біз мынадай жетістіктерге жетеміз.

  • Сапалы білім беру
  • Психологиялық ізгілік туындату
  • Шығармашылыққа баулу
  • Жеке тұлға қалыптастыру
  • Ұтымды әдістерді қолдану
  • Дамыта оқыту

Міне біз мұғалімдер осы арқылы көптеген жетістіктерге жетеріміз хақ. Көре-көре көсем болсақ, сөйлей-сөйлей шешен болармыз.

Сын тұрғысында ойлауө әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл модуль оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызшаға және жазбашаға тілін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 сатыдан тұрады: итермелееу сатысы, конструкциялау сатысы, нұсқалау сатысы. [7, 36]

Қазіргі таңда бұл бағдарламаның мәлелеріде баршылық. Мынадай мәселелер кездеседі:

  1. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінің ашылмауы
  2. Оқушылар уақытты тиімді пайдалана алмауы
  3. Ұялшақ оқушылардың іс әрекеттері

Аталған қиыншылықтарды шешу үшін:

  • Сабақта аудио мәтін тыңдату, бейне роликтер көрсету
  • Сол сабаққа байланысты бейне фильмдер көрсету, суреттер беріп сол арқылы ой айту
  • Жұппен, топпен жұмыс жасату арқылы бір-бірімен қарым қатынас орнату.
  • Оқушылардың өзгелердің пікірін тыңдай отырып, өзін өзгелермен салыстыра отырып, өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға бағыттау.
  • Әр тапсырма соңында оқушыны мадақтау

Блум таксономиясының осы мәселелелерді шешуде қолдануға болады.

Мынадай түрлері бар:

  • Мәліметтерді қайталу немесе тану арқылы есте қалай тез сақталғанын тексеруге мүмкіндік береді.
  • Жабық тест тапсырмалырын алу,
  • Қалдырып кеткен белгілерді қою
  • Жатқа айту
  • Анықтамалар мен атауларды қайталу, олардың қолдану тәртібін айту.

Бұл мәселелерді шешу үшін оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруымыз керек.

Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезеңде мұғалім оқушының қабылдап, түсінген білімінің негізінде оларға жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді;
  • екінші кезеңде мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді;
  • үшінші кезеңде алғашқы игерген білімін оқушы тәжірибеде пайдаланады;
  • төртінші кезеңде оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі іске асады.

Мысалы: етістікті өткенде жеке жұмыс жүргізуге болады.

Деңгейлік тапсырма.

Ойлау деңгейі Тапсырмасы Оқушы пікірі

1} Білу Сөз таптарын ата?

2} Түсіну Етістік нені білдіреді?

Етістік қандай сұраққа

Жауап береді?

3} Қолдану Етістік көбіне қай сөз

Табымен байланысады?

Сөйлем құра

4} Талдау Зат есіммен етістікті

салыстырып,

айырмашылықтарын түсіндір!

Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуін және шығармашылық іс-әрекетін есепке алумен қатар, олардың ой толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет. Қазіргі кезде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша Жаттығу әдісі бір жүйеге түсіріліп, жоғары тиімділікпен жүргізіледі. Жаттығу әдісі арқылы оқыту теориясын тәжірибемен байланыстыру ұстанымы жүзеге асырылады; [7, 45]

Осындай қажеттіліктен білім берудің деңгейін жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындаған болатын. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерден тұрады. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім ең бірінші кезекте тұрса, қызмет атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыни ойлаудың маңызы зор деп ойлаймын. Сыни ойлату арқылы оқыту қазіргі таңда жиырма тоғыз мемлекетте қолданылады екен. Бұл идеялардың негізін қалаушы ғалымдар Чарльз Темплмен Джон Дьюи, Мередит және Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтар және басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктіріліп келеді. [8]

Бұл құрылымды үш дейгеймен қарастырамыз. Көптеген ақпаратты талдап, жинақтап, өздері қорытып, бағалайды.

Әр сабақты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

  • «Қызығушылықты ояту» оқушы өзінде қалыптасқан білімімен түсінтерін білдіреді, оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылығТоптастыру
  • Топқа бөлу
  • Әлемді шарлау
  1. «Мағынаны ашу» кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, жаңа ақпаратпен өз білімін ар-қатынасын белгілейді
  • Инсерт
  • Венн диаграммасы
  • Джиксо әдісі
  • Ой шақыру
  1. Ой толғаныс. Бұл кезеңінің мақсаты: Оқылған мәліметтерді талдап қорытынды жасау; берілген тақырыпты одан әрі меңгеру багытын анықтау. Мағынаны тану кезеңіне сүйене отырып, бұрынғы және жаңа сабақ барысында не үйренгенін салыстыру. Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне жүктелеген жұмысты іске асыру үшін тақырыпты талқылап, қажеттісін алады. Өзіне қойылған сұраққа нақты жауап беріп, өздерін бағалайды. Алғаан білімдерін өмірмен байланыстырып, қорытып, нәтиже шығарады. Өз бетімен жаңа идеяларды қарастырады. Кластер құрады. Оқушылармен пікір алмасып, шығармашылдық қабілеттерін дамытады.

Мысалы әдістің мына түрлерін сабақта жиі қолданамыз:

  • Эссе
  • Бес жолды өлең
  • «Миға шабуыл»
  • РАФТ
  • Кубизм әдісі

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану балалардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. [8, 15]

Тұжырым
Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады


1. 1 Оқытудағы сын тұрғысынан ойлаудың теориялық негіздері

Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдіс-тəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Сабақ - қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ - білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім - сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту əдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық əрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі - мұғалім, екінші - оқыту ісіне керек құралдар, үшінші - бағдарлама жəне оқулықтар керек», - деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы - үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, əдіс-тəсілдерді пайдаланып, оқушыларды біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу-тəрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы - мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты. [9, 108]

Педагогикалық технология - дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер [9, 9] . Елімізде қазіргі уақытта білім беру жүйесінің өз жоспары мен ұлттық үлгісін қалыптастыруда. Міне осы себепті де елімізде жаңа оқыту технологиялары пайда болуды. 50-ден астам педагогикалық технологиялардың теориялық пен ғылыми зерттеулерді міндетке ала отырып, оларды еліміздің білім беру жүйесіне, білім беру ошақтарында қолдану туралы мына ғалымдар үлес қосуда: Ж. Қараев, М. С. Мәлібекова, Г. Қ. Нұрғалиева, Қ. Қабдықайырұлы және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінде қарастырған.

Бұл технология арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, өз беттерімен жұмыс жүргізу арқылы білімдерін нығайту. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушының ақпараттық бағдарлау дағдысын қалыптастырып, болашақта оқушының әр түрлі кезеңде, әр түрлі қоғамдық ортада өзін=өзі көрсете білуге баулу.

Осы жобалап оқыту технолгиясын қолдана отырып, тақырыптың мазмұнын ашады, пікірталасқа түседі, өзіндік ойларын оқу дағдысын тудыратын топтық, жұптық жұмыстардың берер мүмкіндігі мен тиімділгі орасан.

Ал келесі Блум таксономиясын сабақта пайдалану өте тиімді.

Мысалы: 6-сыныпта Етістік туралы түсінік сабағы бойынша мына әдіс тәсілдер мен тапсырмаларды орындатуға болады.

Үй тапсырмасын сұрау кезінде «Кубизм» әдісі:

Кубиктік алты қырына алты түрлі тапсырмалар жасырамын.

  1. Сөз таптары нешеге бөлінеді, рет ретімен атап шық.
  2. Атауыш сөздерге нелер жатады?
  3. Біз қандай сөз таптарымен таныстық?
  4. Есімдік дегеніміз не?
  5. Мағынына қарай нешеге бөлінеді?
  6. Мысалдар келтір

Кубиктің бұрышы кімге келеді, сол сұрақты алып жауап береді. Ол оқушының тез жылдам шешім қабылдауына көмектеседі.

Жаңа сабақ, Мағынаны тану кезінде оқушыларға бейне ролик көрсету. Оқушылар ойларын, дәптерге түсіріп, ішінен етістік табады. Оқушылар етістіктің ережесін сұрақтарын өздері табады.

Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, (ойласаң - сен не істесең? боласың-не істейсің?)

Көп ойнасаң, бала боласың. (ойнасаң - сен не істесең? боласың-не істейсің?)

Бұл сөздер заттардың іс-әрекетін білдіріп тұр.

2} Кестемен жұмыс.

Тапсырманы оқып, бөліп жазады.

Етістік тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Негізгі туынды

Дара күрделі

Сөздің түбірі етістіктен болса, ол негізгі етістік болады.

Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, қойды, айтты т. б.

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер туынды етістік немесе туынды түбір деп аталады.

Мысалы: ойна, шегеле, қарайып, көгерген, күшей т. б.

Бір ғана түрден болады: баста, аяқта

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
Етістік формалары және оны оқытудың әдістері
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
Сатылай кешенді талдау технологиясына анықтама
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz