Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары


Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Бағдарлама көшбасшысы
Т. Б. Байназарова
«___»2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Адамгершілік құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру (4-сынып)
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған: сырттай оқу бөлімінің3 жылдық 3 курс студенті
Советбайқызы Роза
Ғылыми жетекшісі: п. ғ. м., аға оқытушы
Э. Н. Айтжанова
Алматы, 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендірудің қоғамдық және педагогикалық мәселелері
1. 1 "Әлеуметтендіру" ұғымы және оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендірудің теориялық негіздері . . . 7
1. 2 Оқушылардың тәртіпсізденуінің әлеуметтік-тұрмыстық себептері мен салдары . . .
2 Оқушыларды адамгершілік кұндылықтар негізінде әлеуметтендіру мәселелері бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстарының нәтижелері
2. 1 Оқушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарын игертудің педагогикалық нысандары
2. 2 Эксперименттік жұмыстарының оқушыларды адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіруге ықпалын зерттеу нәтижелері
Қорытынды . . . ……… . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …. . …….
КіріспеЗерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендігінің алғашқы сатылары - нарықтық кезеңінен бастап, болашаққа бүкіл әлемдік өркениет алаңында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына, әсіресе, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамгершілік, ізеттілік, сыпайлық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелдікке жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл міндетке, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы ұшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсиби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға кабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті [1] .
Осыған байланысты бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың жетімсіздігі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан әрі жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған, адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан «Білім беру туралы» Заңының 1 тарауы, «білім беру жүйелерінің міндеттері» деп аталатын 8 бабының 1 тармағында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінсе, осы баптың 2 тармағында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту; - деп айтылған [2] .
Ал, қазақтың ұлы ағартушысы педагогы Ы. Алтынсарин «қазақ - табиғатынан ақын жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар: ол біріншіден, олардың білімінің кенжелігі, екіншіден, еңбек етуге баулуын және еңбек тәрбиесінің жетіспеу» - деген екен. одан әрі пікірін жалғастыра отырып, алтынсарин балалрды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдердің ролін көтере отырып, олар балаларды еңбекке баулып, еңбек тәрбиесін адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра отырып жүргізу қажеттігін сан рет атап көрсетті [3] .
Сонымен қатар, классикалық педагогикада жеткіншек ұрпақтың адамгершілікке тәрбиелей мәселелерімен айналысқан педагог ғалымдар О. С. Богданова, В. И. Петрова, Р. Г. Амосова, Т. В. Вершинина, И. А. Каиров бейнелеу өнері, еңбекке баулу, ана тілі сабақтарында және тәрбиелік іс-шараларда кіші мектеп жасындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастырған. Бірақ, бұл жұмыстардағы адамгершілік нормалары бұрынғы кеңестік жүйеге сәйкес. Ал қазіргі заманның талабына сәйкес бұл жұмыстар қайта қаралуы керек және оларды жүзеге асыру барысында халқымыздың даналығын, ата салт-дәстүрімізді және имандылық, инабаттылық ұғымдарын қолдану керек тәрізді[4] .
Республикамызда Қ. Құнантаева, А. Бейсенбаева, Р. К. Төлеубекова, Л. А. Байсерке, В. А. Ким, О. С. Сәлімбаев, Қ. Бөлеев, Г. К. Құрманбаева, М. Н. Сарыбеков т. б. ғалымдарының еңбектері құнды нәтижелерімен белгілі. Сонымен қатар педагогика саласында жүйелік тұрғыдан зерттеу әдістерінің қолданылуы туралы Н. А. Половникова, И. Д. Зверев, А. Т. Куракин, П. И. Гупало, Т. А. Ильина, Құсайынов Г. М., П. И. Суравегина, М. Н. Сарыбеков, Г. К. Нұрғалиеваның т. б. еңбектерінде көп мәселенің шешімі берілген. Бірақ, ізгілік қасиеттерін адамгершілік-имандылық тұрғыдан жүйелі зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны, нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді[5] .
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар жəне қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте əр түрлі əлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-əрекетін реттейтін талаптарға бағынады. Ал əрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған əлеуметтік жүйенің мəдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тəн жолдары мен сатылардан өтеді. Əлеуметтендіру үрдісі əлеуметтіктен тыс қалған адамды тəрбие арқылы əлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды. «Əлеуметтендіру» сөзі «əлеуметтік» сөзімен төркіндес, яғни (латынша - «socіalіs») əлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Əлеуметтену - индивидтің нақты қоғамға, əлеуметтік топқа тəн құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі
Жалпы тәрбие жұмыстарының бағыттарының ішінде адамгершілік тәрбиесінінің мәніні зор және кіші мектеп жасындағы балалардың бойында адамгершілік тәрбиесін беру арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі
Жоғарыда аталған педагогтардың ғылыми еңбектерінде кіші мектеп жасындағы балаларға адамгершілік тәрбие беру мәселесі біркелкі зерттелгені айқындалады. Дегенмен жаңартылған білім мазмұны жағдайында кіші мектеп жасындағы балаларға адамгершілік тәрбие беру мәселесі арнайы қарастырылмаған.
Сонымен, атап көрсетілген мәселелер мен олардың шешімін табу жолдары теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Адамгершілік құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру (4-сынып) » деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі негізінде халқымыздың ұрпақ өсіруде қоғамымызда қабылданып, тұрақтанған жоғары адамгершілік қадір-қасиеттерді, мұраттарды, рухани құндылықтарды, мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған іс-тәжірибені саралап, жүйелі түрде зерттеу.
Зерттеудің нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні: кіші мектеп жасындағы балаларды жаңартылған білім мазмұны жағдайында адамгершілікке тәрбиелеу және әлеуметтендіру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш мектепте балаларды заманауи әдістер арқылы адамгершілікке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, құрылымдық-мазмұндық моделі құрылса, педагогикалық жүйесі құрылып, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда бастауыш сынып жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесі қалыптасады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үрдістің жүйелілігі мен тұтастығы, тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
1. "Әлеуметтендіру" ұғымының мәні мен тәлім-тәрбиелік маңызына сәйкес оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендірудің теориялық негіздерін айқындау;
2. оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендірудің нысандарын, жолдарын және тәсілдерін көрсету;
3. рухани құндылықтар мен жағымды мінез-құлықтық қылықтардың әрқайсысының мәнін, мазмұнын және оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіруде атқаратын міндеттерінің мәнін ашу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған нұсқаулар дайындау.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат деректерді зерделеу, талдау, жинақтау, қорыту және жүйелеу; бастауыш мектеп тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- адамгершілік құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудің теориялық негіздері айқындалды;
- «адамгершілік», «әлеумет», «рухани құндылық», «руханилық», «кіші мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесі» ұғымдарына талдау жасалды;
- адамгершілік құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудің әдістемесі жасалып, эксперимент жүргізу арқылы тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесінде қолдануға болады
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Зерттеу базасы: Алматы облысы Талғар ауданы Еркін ауылы №26 жалпы білім беретін орта мектеп
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері айтылады. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, негізділігі, дипломдық жұмыс құрылымы қамтылған.
« Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендірудің қоғамдық-педагогикалық мәселелері » атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге қатысты социологиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ғалымдардың ой-пікірлері талданып, оқушыларды әлеуметтендірудің құралы ретінде адамгершілік құндылықтардың мазмұны, мәні қарастырылды. Адамгершілік құндылықтарға теориялық сипаттама беріліп, бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудегі педагогикалық мүмкіндіктері ашылып, проблеманың қазіргі жағдайы сипатталды.
« Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіруге бағытталған эксперимент жұмыстары » деп аталатын екінші бөлімінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіруге бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы берілді. Адамгершілік құндылықтарға байланысты материалдарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдары айқындалып, әдістемелік нұсқау ұсынылды. Оқушыларды әлеуметтендіруде сыныптан тыс жүргізілетін адамгершілікті дәріптейтін сабақтардың рөлі анықталып, оларды ұйымдастырудың жолдары көрсетілді.
Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудің теориялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері негізінде тұжырымдар жасалып, ұсыныстар берілді.
.
1 Оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендірудің қоғамдық және педагогикалық мәселелері
1. 1 "Әлеуметтендіру" ұғымы және оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендірудің теориялық негіздері
Жастар болашақтың тұтқасы демекші Қазақстан қазір өз жастарының білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда өзіне деген сенімі мол ерік-жігері мықты, патриот, жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Қазіргі мектептің алдында қоғамға бейімділігі бар өз-өзін жүзеге асыра алатын, қажастарды жаңа әлеуметтік ортаға дайын тұлға қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан оқушыны әлеуметтендіру бүгінгі таңда педагогика ғылымының ең көкейтесті мәселесі болып отыр.
Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесі бала-бақшадан бастап, жанұя, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары барысында қалыптаса, қоғамдық сана дәрежесіне көтерілгенге дейін дамып отырады. Дегенмен де жеке тұлғаға тәрбие беру институттарының ішінде мектептің орны аса маңызды. Өйткені, мектеп өскелең ұрпақтың бойына ғылым негіздерін сіңірумен бірге, өз ұлтына тән этикалық, эстетикалық құндылықтармен қауышуын қамтамасыз етеді.
Жас ұрпақтың жан-жақты дамуын, олардың бойында, қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға, техникаға, өнерге ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды игерту нәтижесінде, олардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру арқылы қоғамдық өмірге даярлау, мектептің оқу-тәрбие процесінің басты міндеті болып табылады.
"Әлеуметтендіру" ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог-ғалымдар Дж. Кольман, А. Бондура, Д. Доллэрд, В. Уолтерс және басқаларының аттары атала бастайды. Дей тұрғанмен, бұл феноменнің мән-мағынасы мен қоғамда атқаратын қызметін (міндетін) екшелеуге деген қызығушылық өткен ғасырдың 70-ші жылдары белең алды. Мұның себебі, батыстық жалаң, даңғаза, бейресмилік өмір салтынан түңілген жас, өсіп келе жатқан балауса ұрпақтардың бойында өмірге болмысына қызықпаушылық пен немқұрайлық психология пайда бола бастады. Бейресми топтар көбейіп кетті. Басқару жүйесіне жаппай наразылық көрсетулер орын алды. Өмірге түңіліп өз-өзіне қолсалушылық, нашаға әуестенушілік, жезөкшелік, қоғамға жат құбылыстар өрістеді.
Жоғарыда біздер тарапынан нақтыланған және басқа да жалпыадамзаттық құндылықтар қатарынан орын алатын адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушылардың бойына дарыту үшін, ең алдымен, олардың саналығын көтеру, екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеу және дамыту, үшіншіден, оқушылардың бойына жағымды мінез-құлықтық дағдылар мен қылықтарды үнемі сіндіріп отыру қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, балаларға, өзі өскен аймақпен, қоғамдық ортамен тікелей байланысты, оған тәуелді екендігін, өзінің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын өмір сүріп отырған ортада қабылданған тәртіп ережелеріне сәйкес үйлестіре қалыптастыруы қажеттігін түсіндіру, оларды халықаралық аренада қолданылып келе жатқан өзара сыйластық пен құрмет түтушылық сезімдерді тәрбиелеу мәселелерін жүзеге асырыруда басты бағыт-бағдар ретінде белгіленуі тиіс.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін, жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарларын бағымдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар арасынан мүлдем алыстатудың, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла-амалдарын іздестіре бастады. Нәтижесінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие бере отырып, оларды әлеуметтендірудің, яғни әрбір жас ұрпақты мақсатты бағытта тәрбиелеп, қоғамдық өмірге қосудың ғылыми тұрғыдан негізделіп, жан-жақты қорытылған ондаған тұғырнамалары пайда болды.
Дей тұрғанмен, түрлі ғалымдар мазмұнында "әлеуметтендіру", жеке тұлғаны қоғамдық қатынастар мен талаптар негізінде тәрбиелеудің сапалы белгісі ретінде қарастырылады. Мысалы, бұл мәселе философияда: "әлеуметтендіру - ғасырлар бойы жинақталған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын еңбек дағдыларын, білімін, этикалық нормаларын, құндылықтарын, дәстүрлерін жеке тұлғаның игеруі мен одан әрі дамыту және оның бойында әлеуметтік сапаларды қалыптастыру арқылы қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үрдісі" тұрғысынан қарастырылса /философиялық сөздік/, ал, психологиялық түсініктер сөздігінде: "жеке тұлғаны әлеуметтендіру - оның өмір сүріп отырған қоғамның толыққанды мүшесі ретінде әрекеттенуіне мүмкіндік туғызатын белгілі білім, ғылым, нормалар мен құндылықтарды меңгеру үрдісі" деген анықтама беріледі. Сол сияқты, бұл ұғым әр түрлі ғылыми мектептерде де әр түрлі мағынада түсіндіріледі. Мысалы: необихевиоризм мектебі "әлеуметтендіруді" әлеуметтік ілім ретінде түсіндірілетін болса, символикалық интерекционизм мектебінде әлеуметтік өзара әрекеттестіктің нәтижесі саналады.
Ал, гуманистік психологияда «Мен» тұжырымдамасының өзіндік актуализациясы ретінде қабылданады (2, 15-17) .
Бастауышда келтірілген "әлеуметтендіру" түсінігі мазмұнына берілген анықтамаларды, тұжырымдарды салыстырмалы талдай отырып, біз, бұл феноменнің жеке тұлға бойына қалыптасуына ықпал ететін факторлардың өзара сабақтастық байланысын төмендегідей сурет арқылы өрнектедік (1 сурет) .
1 сурет - Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі факторлары
Жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері өзектелген алғашқы монографиялық зерттеулердің алдыңғы қатарында Дж. Кольманның "Молодежное общество" (1961), А. Бондура мен В. Уолтерстің "Социальное изучение и развитие личности" (1964), С. Шерифтің "Социализация после детства" (1966), Дж. Эронфридтің "Поведение и сознание. Социализация интернализованного контроля над поведением", Э. Макнейланның "Социализация человека" (1964), Р. Смарттың "Развитие и взаимное отношение подростков" (1973), Д. Гослингтің редакциясымен бір топ авторлар коллективі жариялаған "Книга по теории и исследованиям социализации" (1969) атты еңбектерін атауға болады.
Дей тұрғанмен, батыстық социологиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері өзектелген еңбектер көп-ақ. Бірақ олардың бәрін талдап жатуға біздің зерттеуіміз аясында мүмкіндік шектеулі. Сондықтан, жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелерін өзектеген батыстық ғылыми әдебиеттерді бастауышда аттары аталған еңбектермен шектей отырып, осы мәселе төңірегінде ой қозғаған ресейлік ғылыми әдебиеттердің ішінен Г. М. Андрееваның "Социальная психология" (1994), И. С. Конның "Социология личности" (1993) және Я. Шепаньскийдің "Элементарные понятия социологии" (1969) атты еңбектеріне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көріп отырмыз.
Батыс Европалық оқымыстылардан өзгеше ресейлік бұл ғалымдар "әлеуметтендіру" терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Сонымен бірге, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан айқындайтын мақсатты түрдегі тәрбие үрдісін және оның қалыптасуын стихиялы ықпал ететін әртүрлі өмір-тіршілігі жағдайларын қамтитынын көрсетеді (К. К. Платонов (3, 134 б. ) ) .
Бұл мәселеге байланысты, И. С. Конның анықтауынша "әлеуметтендіру дегеніміз индивидке әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісі" десе, (4) Я. Шепаньскийдің түсіндіруінше "әлеуметтендіру үрдісі - бұл индивидтің әлеуметтік ортаға ендірілуі . . . оның әлеуметтік ықпалға бой ұсынуы . . . " (5) . Бұлардан өзгеше Г. М. Андреева әлеуметтендіруді бір жағынан, тұлғаның белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінің ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы, " - деп анықтайды (6) .
Сонымен, жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз - жас, өсіп келе жатқан әрбір баланың басқалармен қарым-қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданып, тұрақтанған адамгершілік сапалары мен мінез-құлық нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына сіңіріп, әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі. Жас ұрпақтың әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әртүрлі сипаттағы факторлар мен әр түрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен әсер етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім-тәрбиелік жұмыстар арқылы адамгершілігі бастауыш азамат, қоғамдық талапқа сай, біліктілігі сан қырлы маман ретінде қалыптасуы жүзеге асырылады.
Сондықтан, мектептік оқыту мен тәрбие процесі, жас ұрпақты әлеуметтендірудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып табылады. Айталық, ғалым О. Нұсқабаевтың пікірінше "әлеуметтендіру" ұғымы, өзінің мазмұны жағынан "тәрбие", "білім беру" және "оқыту" ұғымдары мазмұндық қосындыларының мәнінен де тереңірек, ауқымды. Ол, "тәрбие", "оқыту", тіпті қала берді "білім беру" ұғымы да "әлеуметтендіру" ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар бөлшектік компоненттері, ал "Тәрбие ұғымы қоғамның өз мүшелеріне сапалы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді". (7, 12 б. ) деп тұжырымдайды.
Сонымен бірге, О. Нұсқабаев, мектептік оқу, тәрбие, білім беру жүйесіндегі тұлғаны әлеуметтендіру мәселелеріне баса көңіл бөле отырып, әлеуметтендіру " . . . өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа қоршаған нақты әлеуметтік ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп отыратын тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды" деп жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін басқа факторлардың да ықпалды әсеріне тоқталады (7, 12 б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz