Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы экономикасын жеделдетіп жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға қабілетті үкімет басқарушылары қажет екені өткір сезіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан 2050 стратегиясында - Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгертуге бағытталған [1].
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы - Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Қоғамда мемлекеттің экономикалық рөлі экономикалық функциялармен ғана экономика субъектілерінің қызметі мен олардың экономикалық мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын өзінің қызметінің нысандары мен әдістерінің жиынтығымен де қамтамасыз етіледі. Ол мемлекет пен экономика өзара ықпалдасатын негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш бағыттардың арасынан келесі бағыттар ерекше бөлінеді: біріншіден, мемлекет пен оның институттарының тікелей қатысуымен ұлттық экономиканың даму стратегиясының негізгі бағыттары әзірленіп, еліміздің экономикалық бағыты қалыптастырылады; екіншіден, мемлекеттің экономикалық саясатының сипаты мен мазмұнын анықтаудың өзі - мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Экономикалық саясаттың нысаны мен мазмұнын анықтауда мемлекет өзінің даму кезеңінде шешуі тиіс ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді міндеттерінің арақатынасының маңызы артады; үшіншіден, экономиканың қызметін институционалдық қамтамасыз ету - еліміздің Конституциясында бекітілген мемлекеттік билікті ұйымдастырудан туындайтын мемлекеттің экономикалық қызметінің бағыты [2, 35 б.].
Берілген дипломдық жұмыстың өзектілігі, мемлекеттік бюджеттік реттеудің белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді, олар: экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру; басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдарды монополиясыздандыру; шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту; экономикалық одаққа бірігетін елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі. Қазақстанда экономикалық реформалаудың табыстылығы көп дәрежеде мемлекеттік бюджеттік-салықтық саясаттың қандай бағытта өзгеретініне, және де қаншалықты уақыттың талаптарына жауап беретініне тәуелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік бюджеттік реттеудің теориялық аспектілеріне негізделе отырып, оны жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну болып табылады.
Дипломдық жұмыстың берілген мақсатына жету үшін келесі міндеттері қойылды:
- Бюджет жүйесінің экономикалық негізін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы экономиканы бюджеттік реттеу жүйесіне талдау жасау;
- экономиканы мемлекеттік бюджеттік реттеудің жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыс объектісі Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын реттеудегі экономикалық құралдар жатқызылады..
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі - нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік бюджет мәселелері қарастырылған, экономиканы тұрақтандырудағы бюджет роліне әр түрлі тәсілдерді және мемлекеттік бюджеттің дамуына үлес қосқан классиктер еңбектерінен, отандық және қазақстандық ғалымдар жұмыстарынан тұрады. Сонымен қатар, таңдалған тақырып бойынша ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің кодекстері, заңдары және қаулылары. Ақпараттық базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі, статистика агенттігі, ғылыми баспасөздер материалдары болып табылады.

1 Экономиканы реттеудегі бюджеттің ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бюджет жүйесінің экономикалық маңызы

Мемлекеттік бюджет түсінігі, орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын құру және аталған жинақтарды мемлекеттік экономикалық реттеу мақсаттарына пайдалану кезінде қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құралатын, ақша қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Қаржылар категориясын тұтастай алғанда ең алдымен, ерекшелеп тұратын:
бюджет қатынастарының бөлу сипатына ие болуы;
бюджет қатынастарының әрқашан да ақшалай формада жүзеге асырылуы;
бюджет қатынастарының нысаналы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қоса жүретіні, қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке тән болып саналады.
Сонымен бірге, қаржылармен ортақ белгілер шеңберінен шықпайтын белгілі бір өзіндік ерекшеліктер, бюджеттік қатынастарға тән болып саналады. Мемлекеттік бюджет құндық (ақшалай түрде) бөлудің өзіндік саласы ретінде төмендегі белгілермен сипатталады:
мемлекеттің жалпы қоғамдық өнімі құнының бір бөлігінің жекеленуімен және оның қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалануымен байланысты, бөлу қатынастарының ерекше экономикалық формасын білдіреді;
құнды жасау және оны өнімді тұтыну процесін орталандыратын материалдық өндіріс қаржыларынан және құнды тұтынуға қызмет көрсететін, өндірістік емес сала қаржыларынан өзгешелігі, ұлттық экономика салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөлуге бағытталған;
оның тауар формасындағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөлу сатысын білдіреді, сонымен бір мезгілде материалдық өндірісте және өндірістік емес салада қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады [2, 8 б.].
Осымен қатар мемлекеттік бюджеттің:
1. қаржы жүйесінің негізгі буыны, қайта бөлу қатынастарының экономикалық формасын білдіретіндігі;
2. мемлекеттік бюджет есебінен ұлттық табыс қайта бөлінетіні;
3. бюджеттік қайта бөлу процестері әртүрлі буындар арасында бөлу қатынастарының үлкен бөлігін алатыны;
4. бюджеттік бөлу саласының мемлекеттік қаржылар құрамында негізгі орын алатыны сияқты өзіндік ерекшеліктері бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің қолында шоғырландырылатын және оны мемлекет әлеуметтік-экономикалық, қорғаныс және өзге функцияларын орындау үшін пайдаланатын ақша қорларының жиынтығы болып саналатын мемлекеттік қаржылардың құрамды бөлігі.
Мемлекеттік бюджеттің мәні оның функциялары арқылы толықтай ашылады. Кез келген экономикалық категория және қаржы жүйесінің аса маңызды буыны сияқты, мемлекеттік бюджет 2 функцияны және 3 ішкі функцияны орындайды, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қаржылар үшін тұтастай алғанда, яғни қаржылар және мемлекет функцияларынан шығатын:
1) бөлу;
2) бақылау;
3) қайта бөлу ішкі функциясы;
4) ресурстарды орналастыру ішкі функциясы;
5) экономиканы тұрақтандыру ішкі функциясы тән болып саналады.
Бізге белгілідей, ұлттық табысты қайта бөлу мемлекеттік бюджет (тікелей салық салу тетігі, мемлекет қарызы), баға белгілеумен, бағалар қайшылығымен (контрактылық жүйе арқылы, монополиялық бағалар) байланысты жанама салықтар тетігі, ақша-несие қатынастары (ең алдымен, несие) жүйесі, өнімсіз еңбек қызметі түрлерімен айналысатын еңбекке қабілетті халық бөлігінің көрсетілген қызметтерге ақы төлеуі, салықтар төлеуден жалтаруы (көлеңкелі экономика саласында) және т.с.с сияқты экономикалық құралы есебінен жүзеге асырылады [2, 11 б.].
Бюджеттің экономикалық мазмұны біржақты айқындалмайды, оның мәні бірінші кезекте, қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қорының қаражаттарын қалыптастыру, пайдалану процесінен көрінеді. Мемлекеттік бюджетті айқындауда, оның мәнін көрсететін бір ғана жағдайды бөліп көрсету, кеңейтілген ұдайы өндірістің осындай экономикалық категориясының маңызын төмендетеді. Өйткені кеңейтілген ұдайы өндіріс процесі, өндірістік процесті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын экономикалық қатынастардағы тепе-теңдіктің ұдайы бұзылуымен байланысты болатын аса маңызды объективті дауларды үздіксіз шешіп отыруды талап етеді.
Кеңейтілген ұдайы өндіріске, құн заңы қолданылатын өндірістік саланы дамытудан өзге, сондай-ақ осы заң өмірге келетін, әлеуметтік-мәдени және қорғаныс құқық саласы кіреді. Атап айтьқанда мемлекеттік бюджет субъективтік факторлардың қоғамның өмірлік қызметін объективті негіздеуге әсер ету тетігін жасайды.
Бюджет қаржы жүйесінде жетекші рөл атқарады. Бұл, оның жұмыс істеуі, ұдайы өндіріс процесінің, сол сияқты әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық және сапалық параметрлерін, сондай-ақ шаруашылық жүргізу субъектілері қызметінің түпкі нәтижелерін анықтайтындығымен байланысты болады. Сонымен қатар бюджет қаржы жүйесінің барлық буындарымен тығыз байланысты. Мұндай жүйенің, кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану мақсатында ІЖӨ-нің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде өндірістік және өндірістік емес қызметтің әртүрлі салаларында туындайтын, бөлек, сонымен бірге бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастар буындарының жиынтығы екенін ескере отырып, бюджет біріншіден, қаражатты жұтып алатын, екіншіден, оларды субсидиялайтын резервуар болып табылады.
Нарық құрылымдарына кіру, әлеуметтік бағдарланған негіздерге ұмтылатын ел экономикасын тиімді дамытудың негізгі тұтқасы ретінде мемлекеттік бюджетті объективті нығайтуды талап етеді.
Бюджет, өз кезегінде өндірістің дамуына көмектесетін немесе тежейтін, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдар құруға және жетілдіруге белсенді әсерін тигізеді.
Нарықтық қатынастарды өрістету кезінде, экономика секторларының, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың, жекешелендіру процесінің қаржылық ресурстары мен оларды пайдалану құрылымдарын реттеу үшін, бюджет ерекше маңызға ие болады. Бюджет төлемдер жүйесі мен қаржыландыру әдістері арқылы шаруашылық жүргізу субъектілерінің шаруашылық ішілік резервтерін жұмылдыруға және төлем қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді [2, 15 б.].
Егер жекелеген шаруашылық құрылымдарының сметалары, бизнес жоспарлары кеңейтілген негізде өндірістік қорлардың жеке айналымына қызмет көрсетсе, онда бюджет барлық қоғамдық қорлардың айналымын орталандырады. Жалпы мемлекеттік ауқымда қаражаттарды қайта бөлу - құрылымдық ұдайы өндірістің қарқыны мен тиісті пропорциаларына жетуге көмектесетін қорлардың айналымын қамтамасыз етудің қажетті жағдайы Ұдай өндіріс процесінің қажеттіліктерінен объективті түрде жалпы мемлекеттік қаржылардың қажеттілігі және орталықтандырылған таза табысты мемлекеттік бюджет арқылы пайдалану қабілеттілігі туындайды. Бюджет сол арқылы экономикалық базаның мазмұнын көрсетеді, бірақта мемлекеттің өмір сүру негіздерінен туындамайды.
Бюджет жүйесі саяси экономикалық аспектіде олардың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыстары мен жалақыларының бір бөлігін сіңіру, осы қаражатты әртүрлі билік органдары арасында қайта бөлу және оларды мемлекеттің өз функцияларын орындауына жұмсау себептері бойынша әртүрлі мемлекеттік билік органдары арасындағы экономикалық меншік қатынастарын білдіреді [3, 51 б.].
Бюджет жүйесі экономикалық категория ретінде төмендегі үш функцияны орындайды:
1) фискалдық - салықтар алу арқылы үкімет қызметі үшін, яғни әскери, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауға арналған шығыстарды жабу, сондай-ақ басқару аппаратының өмір сүруі үшін қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді;
2) экономикалық реттеу - салықтар мен шығыстар шаруашылық қызметін басқару және экономикалық саясаттың белгілі бір мақсаттарын (экономиканы тұрақтандыру, оның өсуін ынталандыру, құрылымдық алға жылжулар және т.б.) жүзеге асыру тұтқалары ретінде пайдаланылады;
3) табыстарды теңестіру - яғни салық салудың прогрессивтік жүйесі мен аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз азаматтарға, мүгедектерге, балаларға, артта қалған өңірлерге және т.б. трансферттік төлемдер жүйесінің арқасында табыстарды қайта бөлу [3, 55 б.].
Бюджет құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салық түсімдері;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфертттер түсімдері;
1) шығындар;
2) операциялық сальдо;
3) таза бюджеттік несие беру:
бюджеттік несиелер;
бюджеттік несиелерді өтеу;
1) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу ;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер;
1) бюджет тапшылығы (профициті);
2) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы бюджеттерді бекіту және әртүрлі басқару деңгейіндегі бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау жоғарыда келтірген форма бойынша жүргізіледі.
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымдарының ішкі мазмұнын қарастырып көреміз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3-тарауының 11-18-баптарымен бюджет құрылымының жекелеген элементтерінің маңызы айқындалады.
1-бөлімде - Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.
2-бөлім - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындарын білдіреді.
3-бөлім - Операциялық сальдо - бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма болып табылады.
Сонымен бірге, мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясатында көрсетілетін, теріс операциялық сальдо мөлшерінің шектері міндетті тәртіпте айқындалады.
4-бөлім - таза бюджеттік несие беру бюджеттік несиелердің және бюджеттік несиелерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады:

ТБн = Бн - Бнө (1)
мұнда, ТБн - таза бюджеттік несие беру;
Бн - бюджеттік несиелер;
Бнө - бюджеттік несиелерді өтеу
Таза бюджеттік несие беру мазмұнын неғұрлым толық ашу мақсатында бюджеттің осы бөлімінің негізгі түсініктеріне назар аударып көреміз.
Осылай, таза бюджеттік несие беру, мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларға қаражат беру процесінде алынған бюджет кірістерінің яки шығыстарының көлемін айқындайды және бюджеттің операциялық сальдосын ұлғайтуға яки азайтуға әсер ететін болады.
5-бөлім - Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады:

Қасос = Қаса - Мқаст (2)

мұнда, Қасос - қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша
сальдо;
Қаса - қаржы активтерін сатып алу;
Мқаст - мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша теріс (Қаса Мқаст) немесе оң (Қаса Мқаст) сальдо, тиісінше бюджет тапшылығының ұлғаюына немесе кемуіне әсер ететін болады.
6-бөлім - Бюджет тапшылығы (профицит) бюджеттің үш қорытынды бөлімінің айырмасы ретінде айқындалады:

Б(п)т = ОС - ТБн - Қажос (3)

мұнда, Б(п)т - бюджет тапшылығы (профициті);
ОС - операциялық сальдо;
ТБн - таза бюджеттік несие беру;
Қажос - қаржы операцияларымен жасалатын операциялар
бойынша сальдо.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөліген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті - бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансфеттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
7-бөлім - Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану), ең алдымен мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту және бөлуге қатысты қаржылық шешімдер қабылдауға негізделеді. 1)тапшылық болған жағдайда - ішкі көздерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту; 2)профицит кезінде - жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану [4, 42 б.].
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді.Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық номаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылысымен айқындалады. Осыған сәйкес бюджет жүйесінің екі түрі бөліп көрсетіледі: федеративтік және унитарлық, оның біріншісі үш басқару буынына ие, ал екіншісінің екі басқару буыны бар (1-сурет ұсынылған).

Бюджет жүйесінің түрлері

Федеративтік
Федералдық бюджет
Федерация мүшелерінің бюджеттері
Жергілікті бюджеттер
Орталық бюджет
Жергілікті бюджеттер
Унитарлық

Басқарудың 3 буыны

Басқарудың 2 буыны

1-сурет. Бюджет жүйесінің түрлері

Бюджет жүйесінің федеративтік басқару нысаны жағдайында орталық бюджет одақ федералдық немесе республикалық бюджет, ал федерация мүшелерінің бюджеттері - республикалар, штаттар, жерлер және т.б. бюджеттері болып таныстырылуы мүмкін.
Екі жағдайда да бюджеттер дербестігі мен жекеленуінің әртүрлі дәрежесі болуы мүмкін, сонымен бірге, негізінен, орталық бюджет, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың орталықтандырылуы деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеушілік рөлін сақтайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 1-тармағында: Қазақстан Республикасы - презитенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жазылғандай, Қазақстанда, екі басқару буыны - республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттің болуын болжайтын біртұтас бюджет жүйесі қолданылады, жергілікті бюджет мемлекеттік биліктің төмен тұрған деңгейлерінің бюджеттерінен тұрады (2-сурет) [5, 12 б.].

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Төтенше және мемлекеттік бюджет (ерекше жағдайларда әрекет етеді)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Жергілікті бюджеттер
Республикалық
бюджет

Республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеті

Облыстық
бюджет

Ауданның (облыстық мәні бар қаланың) бюджеті

2-сурет. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы

Осылармен бірге ҚР Бюджет Кодексінің 11-тарауының 1-тармағына сәйкес Қазақстанның бюджет жүйесіне қабылданған бюджеттердің түрлерімен қатар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепшотында шоғырландырылатын қаржы активтері түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, басқа мүлік түріндегі мемлекет активтерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерін және материалдық емес басқа мүліктерді жинақтауға, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың әсерін азайтуға арналған. Ұлттық Қор өзінің жинақ және тұрақтандыру функцияларының арқасында мемлекеттің қаржы активтері мен басқа мүліктерді жинақтауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ республикалық бюджеттің шикізат ресурстарына әлемдік баға коньюнктураларынан тәуелділігін азайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану әлемдік және ішкі тауар және қаржы нарықтарының коньюнктураларын, мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық ахуалдарды, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының негізгі мақсаттары мен міндеттерін сақтаумен, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының сенімгерлік басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады [6, 120 б.].
Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы басқарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр. Нарықтық қатынастардың құрылымында, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет зор рөл атқарады. Ол нарықтық қатынастардың құрамдас бөлігі және сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырудың құралы болып табылады. Бюджетті жоспарлау, басқару теорияларын қарастырмас бұрын, осы ұғымға, оның мәнін ашатын түсініктерге тоқтала кету керек.
Бюджет мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қажетті қаржыларды шоғырландырып қана қоймай тұрақтылықты сақтау үшін аймақтар арасында табыстарды қайта бөлуде де қызмет етеді. Сонымен қатар, елдегі және шет елдегі экономикалық коньюнктураға ықпал ету; ағымдық әлеуметтік міндеттерді шешу; қоғамдық өндіріс пен бюджетаралық қатынастардың салааралық құрылымын реттеу; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және т.б. қызметтерді де атқарады. Басқарудың барлық деңгейлерінің өз бюджеттері бар және өздерінің өкілеттіктері шеңберінде қызмет етеді [7, 112 б.].
Әртүрлі басқару деңгейлері бюджеттерінің нақты қалыптасқан нормалар негізінде дербес қызмет етуі бюджетаралық қатынастардың негізін құрайды.
Жалпы алғанда басқару - бұл нақты экономикалық жүйе щеңберінде белгілі бір нәтежеге жету үшін обьектіге мақсатты ықпал етудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Обьективті экономикалық заңдардың құн занының, сұраныс пен ұсыныс заңының, қажеттілікті ұлғайту заңының, уақытты үнемдеу заңының және басқаларының талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, қоғам мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қаржыны, бағаны, несиені, пайданы және басқаны қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады [7, 113 б.].
Осы заңдар талаптарының ғылыми танымдарына сүйене отырып, оларды пайдалану нысандары мен әдістерін талдап - әзірлеу арқылы қоғам мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қаржы, баға, несие, пайда және т.б. қоса алғанда, өндірістік қатынастар нысандарымен саналы түрде басқарады.
Өйткені, бюджеттік қатынастардың жиынтығы ретінде өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржының құрамды бөлігі болып саналады, ал бюджеттік қатынастарды реттеу немесе бюджет жүйесін басқару қаржыларды басқару түсінігімен ажырағысыз байланыста болады. Осыған негіздей отырып, егер қаржы жүйесін басқару қаржы тетігі арқылы басқарылатын болса, онда бюджет жүйесін басқару бюджет тетігінің көмегімен жүзеге асырылады деп болжамдауға болады.
Бюджет тетігі, маңызды шекте экономикалық жүйенің тұтастай сипатын айқындайтын экономиканы басқару жалпы жүйесінің құрамды буыны болып табылады.
Мәселен, бюджет тетігі, бюджеттік қатынастарды ұйымдастырудың түрлері мен нысандарының, бюджет қаражатын жұмылдыру мен пайдалану әдістері ерекшеліктерінің, жоспарлау және қаржыландыру принциптерінің, қаржылық бақылауды жүзеге асыру жағдайлары мен әдістерінің жиынтығы түрінде берілген қаржы тетігінің құрамды бөлігі болып табылады.
Кең мағынасындағы бюджет тетігі, экономикалық және әлеуметтік процестерді реттеу үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың мемлекеттегі әлеуметтік тұрғыдан әзірленген және заңды тұрғыдан бекітілген нысандары мен әдістерінің кешені ретінде сипаттауға болады. Экономиканының даму қарқыны мен пропорцияларын қаржылық қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа әлеуметтік кепілдіктер осылай реттеудің негізгі мақсаты болып саналады [7, 114 б.].
Бюджет тетігі:
бюджеттік қатынастарды ұйымдастыру нысандары;
бюджет қаражатын жұмылдыру әдістері;
бюджет қаражатын жұмсау жағдайы мен принциптері;
мемлекет, оның өңірлік құрылымдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмылдыратын және пайдаланатын бюджет қаражатының мөлшері арқылы экономикадағы нысаналы бағытта әсер ету үшін пайдаланылады.
Бюджетті басқарудың екі қырын ажырата білген жөн: 1-ден, мемлекет бюджетті елдің экономикалық және әлеуметтік даму барысын басқарудың құралы, тұтқасы ретінде пайдаланады және сол арқылы тұтастай мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуына ықпалын тигізеді; 2-ден, бюджеттің өзі басқарудың обьектісі болып табылады, осыған орай бюджеттік қатынастың нысандары басқарылады. Бюджетті басқаруға ғылыми көзқарас қажет. Бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық екендігін және басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлесуі тиіс екендігін білдіреді. Сонымен қатар айқын және уақытылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, бюджетті жоспарлауды талап етіледі [8, 91 б.].
Бюджетті реттеудегі маңыздысы, бюджеттік шығыстарды оның кірістеріне теңестіру жолымен бюджеттік реттеу үдерісі, бюджеттік деңгейлер бойынша шығыстар мен кірістердің құрылымдық тепе-теңдігін қамтамасыздандыру, құрылымдық тепе-теңдік болмаған жағдайда төмен тұрған бюджеттерді жоғары тұрған бюджеттер есебінен теңестіру болып табылады.
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриалды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдалануға мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар - бюджетті құрғанда көрінді [8, 98 б.].
Бюджеттік кодексте бюджетті атқарудың төрт принципі белгіленген:
1) Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi - бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттiк бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын iс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.
2) Уақтылылық принципi - бюджет түсiмдерiн есепке алу және бюджет қаражатын белгiленген мерзiмдерде пайдалану.
3) Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу.
4) Кассаның бiрыңғайлық принципi - түсiмдердiң барлығын бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін айқындау;
қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
салалар, іс-әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлаумен бюджетті болжамдау тығыз байланысты. Бюджетті болжамдау түсінігі арқылы бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау үдерісі түсіндіріледі. Бұл экономиканың болашақ дамуын жоспарлауға негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есебінсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджетті жоспарлау мен болжамдау іс-әрекетінің негізгі шарты - ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету. Бюджетті жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгермелеу және дәйектемелік қағидалар талаптарына сәйкес іске асырылады. Бюджетті жоспарлаудың бірлестік қағидасы құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгермелеу қағидасы бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджетті теңгермелеудің қажеттілігін басқару деңгейлеріндегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол жоғары тұрған бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы, не мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлау - әр түрлі статистикалық, экономикалық математикалық, сараптамалық және арнайы әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет-толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді [8, 76 б.].
Алдағы жылғы бюджетке кіріс түсімдерін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа нормативтік - құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланылатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолдалынады.
Бюджеттік жоспралау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау.
Бюджет тетігінің бағытына екі негізгі функция кіреді:
1) қаржылық қамтамасыз ету;
2) қаржылық реттеу.
Сонымен қатар, бюджеттік қамтамасыз ету өзге бағытта да жүзеге асырылады. Тиісті іс-шараларды немесе бағдарламаларды қаржыландыру үшін салықтардың, алымдардың және бюджетке түсетін өзге төлемдердің көмегімен ресурстарды жұмылдыру нысандарын талдап - әзірлеп, заңды тұрғыдан белгілеу қажет.
Бюджеттік реттеу - бұл мемлекеттің қаржыларды пайдалану арқылы мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік процестерді басқару функцияларын жүзеге асыру әдісі. Мемлекет қаржыны пайдалана отырып, қаржы ресурстарын жұмылдыру мен оларды пайдалану нысандары мен әдістерін белгілеу жолымен мемлекеттегі қандай да бір құбылыстар мен процестерді ынталандырады немесе оқшаулайды. Мәселен, экономиканың дамуына қаражат бөле отырып, мемлекет, нарық жағдайында меншікті ресурстар есебінен өзінің дамуын қамтамасыз ете алмайтын өндірістердің дамуын ынталандырады. Ставкалар мен жеңілдіктерді дифференциялау жолымен жекелеген өндірістердің жұмыстар мен қызмет көрсетулердің дамуын тездетуге немесе тежеп ұстап тұруға қол жеткізеді.
Тұтастай түрдегі бюджет тетігі - бұл мемлекет экономикасына қаржыларды тәжірибеде пайдаланудың, олардың тиісті процестерге әсер етуінің принципті сызбасы. Сол мезгілде оның мемлекет, кәсіпкерлік құрылымдар, қаржы институты немесе азаматтардың топтары деңгейінде тәжірибеде қолданудың өз ерекшелігі бар.

БЮДЖЕТ ТЕТІГІнің буындары
Бюджетаралық бөлу және қайта бөлу про - - - цесіндегі қаражат түсімдерінің түрлері
Мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын жұ - мыл - дыру тетігі
Бюджетаралық бөлу және қайта бөлу тетігі
Бюджет қаражатын жұмсау тетігі
Салық түсімдері мен салықтық емес тү - сім - дердің нақты түр - лері
Бюджеттік шығыс - тар - дың нақты түрле - рі

3-сурет. Бюджет тетігінің буындары
Бюджет тетігі, әртүрлі сыныптамалық белгілеріне қатысты өздеріне тән элементтері мен тиісті экономикалық әдістері мен тәсілдеріне ие блоктары бар буындарға бөлінуі мүмкін.
Мәселен, бюджеттік қатынастардың әртүрлі топтарының экономикалық мазмұнының өлшемдері бюджет тетігі құрылымында өздеріне тән элементтері бар үш буынды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді (3-сурет).
Бюджет тетігі буындарының жұмыс істеуі, бюджет ресурстарының көлемі мен қозғалысын айқындайтын экономикалық әдістердің, тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Осы экономикалық әдістер мен тәсілдер, бюджеттің экономикаға сандық және сапалық әсер етуінің мүмкіндіктерін айқындайтын бюджет тетігінің бөлігі болып табылады.
Сонымен, өздеріне тән элементтері бар блоктар, сол сияқты буындар кіретін, елдің бюджет жүйесінің жиынтық құрылымын сәйкестікке келтіріп, келесі 1-жиын кестеде беруге болады.

1 кесте
Елдің бюджет тетігінің жиынтық құрылымы
Бөлу өлшемдері
Құрамды бөліктері
Тиісті элементтер
Бюджеттік қатынастардың әртүлі топ
тарының экономикалық мазмұны
Буындар:
мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын жұмылдыру тетігі
бюджет қаражатын жұмсау тетігі
бюджетаралық бөлу және қайта-бөлу тетігі
салық төлемдерінің және салықтық емес түсімдерінің нақты түрлері
бюджеттік шығыстардың нақты түрлері
бюджетаралық қатынастар процесіндегі қаражат түсімдерінің нысандары
Бюджеттік қатынастарды басқарудың функционал
дық ерекшелік
тері
Блоктар:
бюджеттік жоспарлау және болжамдау
бюджеттік нормалар мен нормативтер
бюджеттік лимиттер мен резервтер
бюджеттік жеңілдіктер
бюджеттік санкциялар
Бюджеттік микрокөрсеткіштер, түсім-
дердің көлемі және шығыстардың лимиттері, республикалық және жергілікті бюджеттердің жобалары және т.б. жалақы, зейнетақы және жәрдемақы ставкалары; салықтардың және салықтық емес төлемдердің ставкалары, амортизациялық аударымдардың нормалары және т.б.
Үкіметтің резервтері, Ұлттық банктің резервтері, жергілікті басқару органдардың резервтері, мемлекеттік борыш лимиттері және т.б.
Салықтар бойынша жеңілдіктер, салықтар төлеу мерзімін кейінге қалдыру және т.б. салық заңдарын бұзғаны үшін санкция - лар, бюджет қаража - тын нысаналы мақ - сат - қа пайдаланбағаны үшін санкциялар, же - ңіл - діктерді алып тас - тау, төлемдерді уақы - ты - лы төлемегені үшін өсімпұлдар және т.б.
Е с к е р т у - деректер ҚР Қаржы Министрлігі сайтынан алынған
Бюджет тетігінің буындарын, элементтерін, бөліктерін нысаналы мақсаттарға пайдалану әлеуметтік-экономкалық процестерді жеделдетуге немесе баяулатуға, күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бюджет тетігінің экономикалық құрылымымен қатар бірсыпыра экономист-ғалымдар, жекелеген блоктардан тұратын және бюджеттік қатынастарды басқарудың функционалдық ерекшеліктерімен байланысты оның функционалдық құрылымын бөліп көрсетеді. Бюджет тетігіне осындай функционалдық - басқару тәсілі жағдайында, оның құрамында:
бюджеттік жоспарлау және бюджеттік болжамдау;
бюджеттік нормалар мен нормативтер;
бюджеттің атқарылуы;
бюджеттік лимиттер мен резервтер;
бюджеттік бақылау және т.б.с. сияқты негізгі блоктар бөлінуі мүмкін.
Бюджеттік процестің әрбір сатысында туындайтын міндеттер соның көмегімен шешілетін, әрбір блоктың өзіндік ерекше әдістері (тәсілдері, амалдары) бар [8, 113 б.].
Бюджеттік қатынастарды басқарудың функционалдық ерекшеліктері көзқарасы тұрғысынан бюджет тетігін тығыз түрде келесі сызбада беруге болады.
Қазақстан Республикасындағы төмендегі деңгейлердегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып саналады.
Республикалық бюджет әр жыл сайын республикалық бюджет туралы Заңмен бекітіледі.
Ал аудандық бюджеті (облыстық маңызы бар қаланың бюджеті) тиісті қаржылық жылға аудан (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау болып табылады.
Әртүрлі басқару деңгейлердегі қаралған бюджеттердің әрбір түрі тиісті уәкілетті органдармен бекітілетінін атап өтіледі.
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
өз құзыры шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді шығаруға;
Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға [9].
Бюджеттік қатынастарды басқарудың функционалдық ерекшеліктері көзқарасы тұрғысынан бюджет тетігін тығыз түрде келесі сызбада беруге болады (4-сурет).

Бюджеттік жоспарлау және болжамдау
Бюджеттік микрокөр-сеткіштер анықтамасы
Бюджет түсімдерінің көлемін анықтау
Бюджет тетігінің құрылымы
Бюджеттік нормалар мен нормативтер
Бюджеттік лимиттер мен резервтер
Бюджеттік жеңілдіктер
Бюджеттік санкциялар

Жалақы, жәрдемақы, зейнетақы ставкалары
Үкіметтің резервтік қоры
Салықтар бойынша заңды жә - не же - ке тұлғалар жеңілдіктері
Салық заңын бұзғаны үшін санкциялар
Салықтардың және салықтық емес төлемдердің ставкалары
Жергілікті органдардың резервтік қорлары
Бюджеттік несиелер

Қаражатты нысаналы пайдалан-бағаны үшін санкциялар

Бюджеттік шығыстардың лимиттерін анықтау
Төлемдерді уақытында төлемегені үшін өсімпұл
Амортизациялық аударымдардың нормалары
Ұлттық банктің валюталық резервтері

Салықтар төлеу бойынша мұрсат беру
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу
Бағыты бойынша пайдаланылмаған қаражатты алып қою
Бюджеттік мекемелер шығындарының нормалары
Мемлекеттік борыш лимиттері

Салық каникулдары
Жергілікті бюджеттер жобасын әзірлеу
Демеу қаржы, жәрдемақы, субвенция мөлшері
Салықтар бойынша берешектерді есептен шығару

Берілген жеңілдіктерді алып тастау
Бюджеттік заңнама



4-сурет. Бюджеттік қатынастарды басқарудың функционалдық ерекшеліктері көзқарасы тұрғысынан бюджет тетігінің құрылымы

Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
Қазақстан Республикасының Президенті;
Қазақстан Республикасының Парламенті;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
Қазақстан Республикасының үкіметі;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
Бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
Мәслихат;
Жергілікті атқарушы орган құрайды [9].

2 кесте
Бюджеттік қатынастарды басқару және реттеу
Бюджеттік қатынастарды басқару органының атауы
1 шартты ішкі топ:
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Парламенті;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Үкіметі
2 шартты ішкі топ:
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
Бюджеттік атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан облыстық маңызы бар қала мәслихаты
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі
Е с к е р т у - деректер ҚР Қаржы Министрлігі сайтынан алынған

Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Ортамерзімдік фискалдық саясат, жоспарланып отырған кезеңді бір жылға созуды болжайтын өзгермелі негізде үш жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді [10].

1.2 Қазақстан Республикасында экономиканы бюджеттік реттеу әдістері

Экономиканы бюджеттік-қаржылық механизм арқылы мемлекеттік реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды. Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесінде әсер етумен байланысты (5 сурет).
Енді экономикалық процестерге әсер ету үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреуін қалай қолданады, осыған қысқа тоқтала кетейік:
1) Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметгік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады [11, 81 б.].

Қаржылық механизм әдістері
Тікелей реттеу әдістері
Мемлекеттік сатып алу және тапсырыстар жасау
Лимиттерді бекіту
Орталықтандырылған күрделі қаржы жұмсау
Өндіріс салалары мен кәсілорындарға бөлінетін мемлекеттік жәрдем қаржы бөлу
Баға мен табысты реттеу
Жанама реттеу әдістері
Салықтық саясат
Несиелік саясат
Ақша саясаты
Амортизациялық саясат
Ресурстарды пайдалану шарттары мен ақысын реттеу әдістері

5-сурет. Қаржылық механизм әдістері
Салықтық реттеу фискалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Қаржылық реттеудің әдістері
Экономианы мемлекеттік реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі
Пәндер