Күн жүйесінің қалған денелері - салқын денелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

Кафедра: Физика және IT

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Күн жүйесі. Күн жүйесінің құрылымы.

Тобы: ф-18-3
Курс: 3
Қабылдаған: Кушкимбаева Бибара
Орындаған:Аширбаева Камола




Тараз - 2021ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Күн жүйесі және күн жүйесінің құрылысы
1.1 Күн жүйесінің құрылымы және Күн жүйесінің шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.Күн жүйесі планеталарын оқыту әдістемесі
2.1 Астрономия курсын оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Планеталары қозғалысының заңдарының ашылу тарихы ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Физика ғылымы - қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында көрініс табатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады.Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.
Орта мектепке арналған Физика және астрономия курсының негізгі мақсатына мыналар саяды:
1) Оқушылардың ақыл - ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
2) Физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалры адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу;
3) Табиғатқа ғылыми - көзқарасты бекіту;
4) Адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Ол үшін мынадай міндеттер орындалуы қажет:
- Оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру.
- Оқушылардың ғылыми ойлауын танымдық және шығармашылық қабілетін ғылыми мәліметтерді түсінуін, ғылыми білімді өз бетінше игеруді қалыптастыру;
- Технологияландырылған әлемде бағдар ала білуге;
- Ғылыми және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу ;
Физика және астрономия пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында анықталған. Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, 7 - 9 сыныптар аралағында астрономиялық курсын оқыту ерекшеліктеріне тоқталайық.
а) Бағдарлама бойынша
7 сыныпта астрономия тақырыбы
1) Астрономия аспан денелер туралы ғылым -2 сағат
2) Қозғалыс тарауында - планеталар қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылыс туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары. Коперниктің гелиоцентрлік жүйелер - 3 сағат.
3) Масса және күш тарауында Басқа планеталардағы ауырлық күші - 1 сағат
8 - сыныпта:
1) Ай, Шолпан, Марстағы термодинамикалық жағдайлар - 1 сағат.
2) Күн - жұлдыз - 1 сағат
9 - сыныпта - 5 сағат Астрономия негіздері оқытылады.
Осындай сағат көлемінде оқушыларға астрономиядан бірізділік принципіне сүйенген жүйелі білім беруіміз қажет.
10,11 сыныптардағы астрономия мәселелерін оқуды оқушы орта мектеп курсынан алған білімдеріне яғни 7 - 9 сыныптарда оқушы негізгі базалық білімді игеруі тиіс.
Санаулы уақыт көлемінде оқушы білімін біртұтас жүйелі күйде қалыптастыру үшін оқулықтан тыс тестілер, танымдық сұрақтар, жұлдыздық картамен жұмыс сияқты оқушы қызығушылығын арттыратын әдістемелік, дидактикалық қосымшалардың қажеттілігі сөзсіз.
Зерттеу мақсаты: Физика және астрономия пәніндегі астрономия курсын оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
oo Физика және астрономия пәніндегі астрономия курсын оқыту ерекшеліктері туралы;
oo Күн жүйесіндегі планеталар туралы түсінік беру;
oo Планеталардың қозғалысын оқыту әдістемесіне сипаттама беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Күн жүйесі және күн жүйесінің құрылысы
1.1 Күн жүйесінің құрылымы және Күн жүйесінің шегі
Жұлдыздардың пайда болуы және олардың эволюциясы жөнінде жұлдыз эволюциясы туралы теория жасауға қажет бақылау нәтижесінің дәлелдері жеткілікті. Өкінішке орай жұлдыздың планеталық жүйесі, оның пайда болуы және эводюциясы жөнінде жоғарыдағыдай сеніммен айта аламыз. ХҮІ ғасырда Джордано Бруноның ұйғарымы бойынша жұлдыздар Күн сияқты планеталар тобымен қоршалған, ол планеталар үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және өледі. Бірақ біз тікелей Күн жүйесіндегі планеталарды ғана зерттей аламыз. Соңғы он жылда жұлдыздар мыңнан 100-ден астам планеталар жүйесі ашылды. Бақылау құралдарының көмегімен жұлдыздардың планеталық жүйелерін іздеп табудың екі үлкен қиыншылығы бар. Біріншіден планетаның массасы, орталық жұлдыздың массасынан әлдеқайда кіші, екіншіден оның жарқырауы орталық жұлдыздың жарқырауына қарағанда ескерусіз.
Егер бізге жақын жұлдыз маңында физикалық сипаттамасы Юпитер планетасына ұқсас планета болса, онда оның көрінерлік жұлдыздық шамасы +23m болып және одан доғаның 4о қашықтығында орналасар еді.
Планеталардың гравитациялық күшінің орталық жұлдыздың әрекетін бақылау арқылы планеталар жүйесін іздеу әлдеқайда ұтымды. Планета жүйесі массасының 99%-ы орталық жұлдызға тиісті болса да (мысалы Күн жүйесіндегі тәрізді), оның массалар центрі жұлдыздың центріне сәйкес келмейді және оның ауытқуын Жерден бірнеше жыл бойы бақылаулар нәтижесінде осы жұлдыздардың бірі - "Барнарданың ұшып бара жатқан жұлдызының" (өзіндік қозғалысы жылында доғаның 10,27о-ын құрайды, қашықтығы 6 жарық жылына тең) кеңістіктегі өзіне тән траекториялардан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің ме-ры анықталды. Ол массалар (Ван де Калеп бойынша) 0,0058 және 0,0030 Күн массасына тең. Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің болашағы зор. 1983 жылы Вега жұлдызы (қашықтығы 26 жарық жылы) 60 мкм-мк инфрақызыл диапазонда 10 есе артық, ал 100 мкм-де 20 есе артық эенргия шығаратыны белгілі болды. Салқын денелерден тұратын осындай дөңгелектер басқа да кейбір жұлдыздардан табылды. Басқа жұлдыздардың маңында да планеталық жүйелер бер. Жерге ұқсас планетаны ашу болашақтың ісі.
Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге тырысу әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И.Кант пен математик П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді теориясын құрды. Бірақ ол теория өкінішке орай, көптеген бақылау деректерін түсіндірмеді.
Күн жүйесінің де осындай кезеңдерді басынан өткізгені ықтимал. Аса жаңа жұлдыздар жарылғаннан кейін, ауыр элементтер бүкіл әлемге шашылып кетеді де жаңа жұлдыздарды құрайтын материалға айналады. Ондай жарылыс жақын жатқан газ бен тозаңның өзгеруіне, осылайша Күннің пайда болуына әсер еткен. Аса жаңа жұлдыз жарылғаннан кейін, соққы тасқыны гравитация заңы бойынша бұлтты сияқты да центр қызып, жана бастайды. Сөйтіп, Күн пайда болады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған заттармен байланысын сақтады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған ортаға дөңгелек түрінде қозғалыс моментінің барлық шамасын бере алады. Дөңгелектерден планеталар пайда болады. Күнді қоршаған планеталарға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен салқын денелердің бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне Күннің сәуле шығаруындағы ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын заттарды ала кетеді. Заттардың бір-біріне жабысуының нәтижесінде Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік планеталар, ал Марс орбитасынан әрі қарай сутегі мен гелийден тұратын алып планеталар пайда болады.
Күн жүйесі - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.
Күн - Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.
Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн - жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері - салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.
Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.
Алып планеталар - Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.[1]
Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы азщ (ең аз Сатурнда - 0,7гсм3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір-біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.
Юпитер Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең ауыр планета, түрлі түсті. Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 315 есе артық. Юпитер кішкентай жұлдыз болып қалар еді. Әйтсе де өзінің жеке жылу көзі бар, ол заттың радиоактивті ыдырауы және сығылуы кезінде бөлініп шығаратын энергия. Юпитердің орталық ауданындағы ток өткізетін метанды сутектің өте аз айналуының нәтижесінде қуатты магнит өрісінің өндірілуі мүмкін. Юпитердің магнит өрісінің Күн желімен өзара әсерлесуінен атмосферада полюстік шұғыла мен найзағай құбылыстары байқалады. Юпитердің үлкен қызыл дағы - өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон. Үлкен қызыл дақ осінен 6 күнде бір толық айналып шығады. Сыртқы серіктері планетадан құралсыз көзбен көрінбейтін қашықтықта орналасқан, ал ең алыс серіктің бетінен қарағанда Юпитер Айдан да кіші болып көрінеді.
Юпитер көне юнандардың Зевс құдайының мадағына атаған. Юпитер бұл Зевс құдайының латын аты.
Қазақтың атауы Есекқырған ғаламшардың ерте аспанға шыққанынан пайда болған. Есек керуенді басқаратын адамдар оны Шолпан ғаламшарымен шатасып, есектерді ерте оятқан. Есектер дұрыс дем алмай, таңертенге шейін шыдай алмағаннан өліп қырылған. Соңдықтан ел аузында ғаламшарды Есекқырған деп атау бастаған.
Әртүрлі жазбаларда Юпитердің әртүрлі серіктер саны келтіріледі. Ресми деректерде ғаламшардың он алты серігі бар деп жиі жазылады. Юпитердің Галилей тапқан ең танымал төрт серігін қарастырайық.
Ганимед - Күн жүйесіндегі ең ірі серік. Ол тіпті кейбір ғаламшарлар, атап айтқанда, Меркурий мен Плутоннан да ірі.
Ио - Юпитердің тамаша серігі. Күн жүйесінде геологиялық ең белсенді дене. Оның бетінде бір уақытта жиырмаға тарта жанартаулар атқылап, балқыған күкірт өзендері а,ып жатады.
Еуропа - тауы жоқ мұзды әлем, Соңғы мәліметтерге сүйенсек, мұздың астында жүз км тереңдікте су пайда болуы мүмкін. Ал онда, өз кезегінде біржасушалы балдырлар өмір сүруі мүмкін.
Каллисто - ең күңгірт әрі мұзды серік. Күн жүйесінде кратерлері ең көп дене. Ғаламшар бетінде өте терең шұңқыр бар, ол планетаның төрт миллиард жыл бұрын астероидпен соғысқандыған айтады. Оны алғаш Галилео Галилей байқаған Галилей серіктерінің бірі болып, ірі серік ретінде Меркурийдің үлкендігіндей көлемге ие.
Сатурн Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздығының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді. Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес, өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болады. Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін түсінуге көмектеседі.
Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ.
Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 гсм, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады.

Сатурнның ішкі құрылысы
Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.
Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегінің және 7 пайызы гелийден тұрады. метанның, субуының, аммиактың және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.
"Вояджердің" мәліметтері бойынша Сатурнда Күн жүйесіндегі ең күштер болады, құрылғылар жел ағымдарының 500 м\с болатынын көрсетті. Жел көбінесе шығыс бағыты бойынша жүреді (осьтік айналымына байланысты). Олардың күштеріэкваторға соқтығысқан кезде азаяды; экватордан алшақтаған сайын батыс атмосферлік ағымдар пайда бола бастайды. Кейбір мәліметтер бойынша, желдер бұлттардың жоғарғы қабатында соғып қана қоймай, ішке 2000 м бойлайды. Және де "Вояджер-2" көрсетуі бойынша, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы желдер экваторға симметриялы түрде бойлайды. Симметриялық ағымдардың көзге көрінетін атмосфераның түбінде бір-біріне байланысты екендігі болжанады.
Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесінің басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді).
Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі "Ірі гексагонның" табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде.
Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады
Ішкі құрылысы. Сатурн атмосферасының түбінде қысым мен температура өсе түседі де, сутегі біртене-біртене сұйық түрге айналады. 30 мың. км тереңдікте сутегі метал түріне айналады (қысым 3 миллион атмосфераға жетеді). Металл сутегіндегі электротоктардың айналымы магниттік ортаны түзеді (Юпитерден біршама басым). Ғаламшардың ортасында ауыр заттардан тұратын массивті ядро бар.
Сатурнды зерттеу. Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шамаданасады.
Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.
1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титанды ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни ["[Кассини қуысы]]нан" тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.
1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.
1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы СатурнғаКассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.
Серіктері. 2007 жылдың шілде айына Қоңырқайдың 60 серігі белгілі. Олардың 12-сі Вояджер-1 (1980), Вояджер-2 (1990), Кассини (2004 -- 2007) миссияларының арқасында ашылған. 2006 жылы Гавай университетіндегі Дэвид Джуиттің басшылығындағы ғалымдар тобы Субару атты жапон телескобының көмегімен 9 серік ашқанын хабарлаған. Олардың барлығы иррегулярлы серіктерге жатады, олар созылға эллиптикалық орбитасымен ерекшеленеді, және болжам бойынша ғаламшарлармен қатар түзіліп, кейін олардың тартылыс күшімен тартылған. Джуиттің тобы2004 жылдан бері барлығы 21 серік тапқан. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас.
Сақиналары. Қоңырқай Күн жүйесіндегі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі -- Кассини қуысы.
Қоңырқайдың қатты беті жоқ, оның орташа тығыздығы Күн жүйесіндегі ең төмен шама. Ғаламшар негізінен кеңістіктегі ең көп тараған сутегі және гелий элементтерінен тұрады. Демек, егер Қоңырқайды сидыра алатын гипотетикалық мұхитты елестетіп қарап, оның бетіне Қоңырқайды қойсақ, ол жүзіп жүрер еді!
Уран. Уран да барлық алып планеталар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады.
Планетаның ішінде елеулі ірі ақтты ядросы бар. Газ қабығының астында қалындығы планетаның радиусының үштен біріндей жерде су, амиак және метаннан тұратын, температурасы бірнеше жүз градус болатын тғыыз мұхит орналасқан. Ондағы атмосфераның қысымы 200 мың жер атмоферасы қысымнан кем емес. Басқа алып планеталарға ұқсас Уранның атмосферасы, негізінен, сутегінен, гелийден және метаннан тұрады және олардың салыстырмалы қатынасы Юпитер мен Сатурнға қарағанда төмен. Уранның ту көгілдір, өйткені оның атмосферасының жоғарғы қабатында сутегі мен гелийдің түтіні бар. Уранның магнит өрісі жердікі сияқты күшті, бірақ магниттік полюс географиялық полюстан шамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күн жүйесіндегі планеталарды оқыту әдістемесі
Аспан механикасы
Күн жүйесi мәліметтері
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Күн жүйесі
Күн жүйесi туралы
Николай Коперник
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Меркурий
Алып планеталар салыстырмалы таңдау
Пәндер