Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Қазақ фольклорымен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.

Мазмұны
Кіріспе
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халық ауыз әдебиетінің зерттелуі және фольклорлық шығармаларды оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін фольклорлық шығармалар арқылы дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН-САРАПТАМА ТАЛДАУ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы сөйлеу, тілі дамуын диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін фольклорлық шығармалар арқылы дамыну әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Тәжірбиелік-эксперимент жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халық ауыз әдебиетінің зерттелуі және фольклорлық шығармаларды оқытудың теориялық негіздері
Әрбір елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, ол қай дәуірде пайда болған? Фольклор өнерінің кімдер шығарды? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, тарихи және ұлттық сипаты неде? Ауыз әдебиетінен айырмашылықтары қандай деген сұрақтар туады.Осы сұрақтың бәріне жауап беру үшін фольклор шығармашылығына толығымен зерттеп, ерекшеліктерін анықтау қажет.
Образдап ойлау адам санасының ерекше бір формасы.Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәселе төңірегінде сан-салалы пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрлыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі бір совет ғалымы В.Е.Гусаев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс берген-ді.1.
Өмір тәжірбиесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын тыңдаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Осыған орай халық фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларынорындаушылар от басы, ошақ қасындағы қарт - қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, аайтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерініңаузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтел, тұрмыс - салт, айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірімайтушылар тудырып, балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поэзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғылым саласын фольклорметика деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді.2 Осы пікір ағылшын ғалымы У.Дж.Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.3
Халық поэзиясының төңірегінде айтылған Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белгинский, Н.А.Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы И.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В.Г.Белинский оған қарама - қарсы: фольклорда даңқты есімдер болмайды,ондағы көркем сөз авторы - әркез халықдеген тұжырым жасайды.3
Фольклор оның мәні туралы Н.П.Андреев, Е.В.Анчиков, Ф.И.Буслаев, А.Н.Веселовский, В.Ф.Миллер, Е.Г.Кагаров, Ю.М.Соколов, В.Е.Гусев, В.Я.Пропп, В.Я.Пропп, В.П.Аникин, Ю.Г.Круглов, П.Г.Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористерді де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П.Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші - лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оның халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н.Путилов та фольклорды халықтың тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н.Путилов фольклорды әдебиетпен жақындастырады.Алайда оны синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е.В.Анчиков фольклорды діни танымдармен байланыстырса В.Ф.Миллер этнографиямен жақындығын сөз еткен.
Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның эстетикалық табиғатына қайшы келетінін В.Е.Гусев те атайды.
Фольклор жанрлары туралы В.Я.Проптің пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды.Олар: а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне жете көңіл бөлу.
Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.
Қазақтың аңыздарында құт басы - еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар әр түлік малдың өз иесі болады деп, Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба жайында аңыздар тудырған. Қазақ ертегілері мен эпостық жырларына ертеден енген бұл нанымдар халық санасының сәби кезеңдерінен хабар береді.Өмір, қоғам, ой-сана ылғи даму үстінде болады десек, сол нанымдар арқылы халық өзінің тіршілігі мен іс - әрекеттерін жақтаған. Ел әрекеті табиғаттың алуан түрлі күштеріне, азулы аңдарға, одан бергі жерде адамды қанаушылыққа қарсы күресте нығайтып отырған. Осындай құбылыстарға халық поэзия қуатын қарсы қойған. Халық үшін оның қуатыайрықша күшті, әсерлі болған. Жылан арбау, күн жайлату, оң және теріс бата, алғыс, қарғыс бір ғана ауруға емес, жер - көкке ықпал етудің шарасы болмақ.
Академик Ә.Марғұлан өзінің Халық жырларын туғызудағы мотивтер деген мақаласында қазақ эпосы мен ертегілерінен көрінетін түрлі ұғымдарға түсінік берген-ді. Мысалы, ерте кезеңдерде халық өзіне жау күштермен күресу үшін жылан, қасқыр культін тудырған. Бөріқұс, көкпар ұғым - ойындары содан туған. Жезтырнақ, қасқыр, жылан, жалмауыздардың қай - қайсысы болса да қазақ фольклорында адамға жау күштердің жиынтығы, ұнамсыз бейнелер.Солардың бәрін образдап ойлаудың өз кезеңіне тән көрінісі, дәрежесі деп түсінген жөн.
Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өте жақын. Осыған біз халық ауыз әдебиетін де қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туды да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігіндесуреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып оырған. Келе - келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арналы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа ие болса, енді бірінде қалалық мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырмашылығы да осында.Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады.Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс - салты, театр, сөз, би және ән - күй өнері бір - бірінен дарланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні орыс фольклорисі А.Н.Веселовский айтқан еді.{}
Жоғарыда аталған терминдерді сралай келгенде, фольклордың бұл сипатына халық ауыз әдебиеті деген атаудан гөрі халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. ХIХ ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық ала бермейді. Халық ауыз әдебиеті деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс - тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез- келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар - жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын - жыраулардың импровизациялық дәстүрі поязия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Оның артистері - орындаушылар, ән мен поэзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар.
Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман - тілектері, айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы - импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік - сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең - жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады. Ұсақ салт жырлары мен ертегі жанрының көтеретін мәселесі көбінеот басының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса, халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін эпостық жырлар ел қорғау сарындарына негізделген. Мысалы, олжақұмар Қараман, баққұмар Ақшахан, өзімшіл Қодар, сараң Қарабай, өз еліне озбырлық жасайтын Ұлтанқұлдар қаншама тұлға болып көрінсе де, ел бірлігін ойлаған Алпамыс, Қобыланды, Баян, Құртқа образдары мен ел тілегінің қасында олардың бейнелері қораш, нәрсіз. Өйткені алғашқылары біреуді кемітсем, жәбірлесем дейтін дарашылық рухта көрінеді. Сол себепті халық эпосы оларға сын қолданған.
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік,адамгершілік - бәрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аязби жаман атанса да, хан жарандарына озып шығады. Алдар көсе, Тазша бала бейнелері - халық тапқырлығының жарқын көрінісі. Эпостық жырларыкелер болсақ, ондағы образдар ұлғайтылып, ұлы қаһармандар дәрежесіне жеткізген. Баян, Қозы, Қобыланды, Құртқа, Алпамыстар - жалпыхалықтық образдар болып шыққан.
Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дұшпанға берік бол, жас та болсаң елге ағалық көрсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге ұмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған. Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез - құлықтары, психологиясы бір - біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздық, достық пен жаулық сарындары шендескен. Мұны біз халық гуманизмінің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сом, жан - дүниесі таза, рухы күшті ірі образдар жасаудағы халық поэзиясының сүйенген арқауы - осылар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып, қазақ эпосының образдары Европаның жазба әдебиетінен ешбір кем соқпайтындығын айтқан.
Фольклор шығармалары қоғам дамуының түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат - мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Қазақ эпосының қндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем тілінде. Мұндай жырларының тілі, халықтың сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шығармаларының тілі ақындық тілдіңбиік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілдің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өміртанушылық, эстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні аса зор.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы, бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар - жар, сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату болып жіктеле жөнеледі. Еңбек пен түрлі әдет - ғұрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т.б. қазақ ертегілерін қиял-ғажайып, хайуанаттар жайындағы және шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген сюжеттер бар. Эпос туындыларының батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келесі жырлар аз емес. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналарының бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы.
Ерте кезеңдерде Орта Азия, Алтай және Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары күнге, отқа, табиғаттың түрлі құбылыстарына табынғандықтан, қазақ фольклорында анимистік, магиялық және тотемдік белгілердің болуы да заңды. Сонымен қатар шамандық наным - сенімдер де айқын көрініс тапқан. Оның арғы тегі, Шоқанның айтуынша, көшпенділердің тұрмысымен тікелей байланыс туған Монғолдар алғашқы мергендерді шаман деп атаған. Шаманизм көшпелі түркі тайпаларының арасынан елеулі орын алған. Қазақтың ертегі, эпосында шаманизм сарындары бірде өлі әруақ, бірде тірі әруаққа сиыну, енді бірде құт саналатын заттарды қастерлеу (ақты төкеу, жеті қазына, т.б.) түрінде кездесіп отырады.
Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. Дария басы - бұлақ демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі - фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірбиесінде де бар. Мысалы, Айман - Шолпан, Еңлік - Кебек, Ғ.Мүсіреповтың Қозы Көрпеш - Баян сұлу сияқты пьесаларының сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор мен әдебиет арасындағы табиғи - органикалық байланыс дейміз. Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының сәулесі бар. Фольклор - тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы, танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мұра.
Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымдары, діни әдет - ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдері өте көп. Орыс халқының ауыз әдебиетінде оны бытовые песни десе, біз оларды Тұрмыс - салт жырлары дейміз. Бұлардың көпшілігі анонимдік түрде туып, халық аузында сақталып келген. Тұрмыс - салт жырларының кейбіреулерінде тотемдік, мифтік ойлау, бақсылық ұғымдар мен діни әдет - ғұрыптардың да ізі бар.
Елдің тұрмыс - салты мен әдет - ғұрпы, түрлі наным - сенімдеріне байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді Тұрмыс - салт жырлары дейміз. Бұл жылдарды олардың мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Олар: а) бақташылық жырлары; ә) діни әдет - ғұрыптар; б) үйлену жырлары; в) ұлыс жырлары; г) бөбек жырлары, жаназалау жырлары, т.б.
Бақташылық жырлары. Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт тұяқ малдың пірі деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарға сыйынған халық енді төрт-түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шешек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымында Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымында Шопан ата - қойдың , Шекшек ата -ешкінің, Жылқышы ата - жылқының , Ойсыл қара - түйенің , Зеңгі баба - сиырдың пірі. Олар малды құт деп біліп, аязды қыстан, жұтаған жұттан, аш бөріден аман қалып шығудың жолдарын айтқан.
Төрт түлік мал жайындағы жырлардың өзі тілек - бата түрінде айтылады.
Шаруаның бір түлік пірі - Шопан.
Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
Қойды аңдыған пәленің бәрін құртып,
Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан.
Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бір үлесі жыр формасында айтылған.
Мен бір тілек тілейін,
Ай мүйізді, шоқпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең бойлы бер!
Ақылы артық ойлы бер.
Аңсағаннан ақсаған,
Қозысы өлсе қақсаған,
Үй төбенің түбінде,
Ойбай салып маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айрылса.
Қара тұтып маңыраған.
Әппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы,
Қойлар бассын үйіңді
Қоймай бассын үйіңді.
Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дәріптеген. Кейде шөпке тоймайтын сиырды, қой мен ешкінің айтысын тудырып, қойдың жегені - жантақ, құйрығы жалпақ, ешкінің жегені - ошаған, құйрығы шошайған деп күлдіргі өлеңдердешығаратын болған.
Халық төрт түлік малдың төлін анасы қалай сүйсе, адам да солай сүйе білуге тиіс деп, қозы, лақ, құлын, торпақ, ботақан, қойшы, құс жөнінде түрлі өлеңдер тудырып келген. Қойды қасқырға бермеу үшін қойшының көлігі, құралы сайлы болуға тиіс. Кейбір өлеңдер қасқырды да сөйлетеді.
Атты қойшы, ашуы қатты қойшы.
Түйелі қойшы - тұрған қойшы
Өгізді қойшы - өлген қойшы,
Жем болғанда көрген қойшы.
Халық мал бағудың қызығы мен қиындығы көп, соның шыға білу керек деп ойлаған.
Ешкі бақтым - еңіреп бақтым.
Қой бақтым - қоңырау тақтым,
Сиыр бақтым - сидаң қақтым,
Жылқы бақтым - жорғалаттым,
Түйе бақтым - түйме тақтым, -
деген өлең жолдары жас буынды еңбекке, шаруашылыққа шақырған. Төрт түлік жөнінде мақал - мәтелдер, аңыз - ертегілер де өте көп. Мал төлден өседі.
Ұлыс жырлары. Қыс ызғары кетіп, жаздың келуі - тіршіліктің ең сәтті кезеңі саналған. Оны шығыс елдері жыл басы - Наурыз, ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ арасында да жыл басы наурыздың 22 жұлдызы болып саналған. Осы орайда туған өлеңдерді ұлыс жырлары дейміз. Бұл күні тоқсан шығып, күн жылиды, жердің тоңы кетіп, өсімдіктерге жан ене бастайды. Күн мен түн теңеледі. Қыстауда отырған ел жайлауға көшеді. Мал төлдеп, сүт көбейеді, соқа - сайманын сайлап егіске шығады.
Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір - бірін шақыратын болған. Арпа, бидай, тары, бұршақ, жүгері сияқты түрлі дәндер елдің сол кездегі ұғымы бойынша жеті түрлі тірліктің иесіне берілген атама болып саналған. Сол көжені жұрт үй жағалап жүріп ішкен. Мұны - ұлыс тойы дейміз.
Тойға келген жұрт: Амансың ба? Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,қайда барсаң жол болсын. Ұлыс бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын, бәле - жала жерге енсін деп бір - біріне жақсы тілек білдірген. Ұлыс күндері жастар ойнап - күледі, қарт - қариялар еңбек адамдарына ақ бата береді. Демек, наурыз жайындағы өлең - жырлардың да еңбекпен тығыз байланысы бар.
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Шалдары бата беріскен:
Сақтай көр деп терістен, -
деп келетін жыр жолдары Наурыз мерекесінің мәнін суреттейді.
Наурыз жырлары қазақ фольклорында айтарлықтай көп емес. Оның бір саласы төрт түлікке байланысты туған өлеңдермен байланысып жатады. Ұлыс жырларының мәні ескірмек емес. Өйткені оның тамыры өте тереңде, халықтың көне дәуірлердегі тұрмыс - тіршілігімен тығыз байланысты.
Бөбек жырлары. Малдың төлі болса, адамның баласы бар. Оларды ойлы да тілді етіп, еңбекке баулу - халықтың үлкен қуанышынан саналған. Әйел бала туса, оған шілдехана жасалған. Шілдехана кезінде жастар жиналып, өлең айтқан. Ауыл шамы қырық күнге дейін сөнбеген.
Өмірге жаңа келген сәби өсіп, жетле келе әжесінен ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаштар үйреніп, ойы мен тілін дамытатын болған. Мұна халықтық рухани тәрбие дейміз. Ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш білмеген, білгенін айта алмаған баланы мылқау деп оған жұрт баланың тілін, әрбір дыбыстың қайдан шығатынын білдірсе, саусақтарға бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шүлдір шүмек, кішкене бөбек деп ат қойғызу арқылы баланы санға үйреткен Бір дегенім - білеу, екі дегенім - егеу, үш дегенім - үскі, төрт дегенім - төсек, бес дегенім - бесік, алты дегенім - асық, жеті дегенім - желке, сегіз дегенім - серке, тоғыз дегенім - торқа, он дегенім - оймақ, он бір қара жұмбақ деген сөз кестелері баланың лексикасын байытқан. Ол кезде жас балалар әрбір үйдің жан санын жұмбақтап, шешуін тауып отырған. Ондай жұмбақтарды Нешік? Екі құлағы тесік, ешкің арық, қойың сарық деп бастаған. Мұндай өлеңдерде бір - біріне айтылған сұрақтар да кездесіп отырады:
Ауылың қайда?
Асқар тауда.
Қойың қайда?
Қошқар тауда.
Қойың не жейді?
Жусан жейді.
Баланы төсектен тұрғызып, бірін қойға, бірін жылқыға, бірін сиырға, түйеге жұмсаған тіршілік көрінісі де өлеңге арқау болған. Төрт түлік мал жөніндегі жырлардың балаларғалайықты саласы аса көркем әрі қызық.
Олардың мазмұны көбіне күлдіргі болып келеді. Мысалы, Қой мен ешкінің айтысы жайындағы өлең оқуы жеңіл, мазмұнды әрі әсерлі.
Мұнда ешкі:
Менің жегенім жантақ,
Сенің жегенің жантақ,
Сенің құйрығың неден жалпақ? -
десе, қой:
Менің жегенім ошаған,
Сенің жегенің ошаған,
Сенің құйрығың неге шошайған? -
деп жауап қайтарады(1)
Айтыс үстінде олар бір-бірін мінеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклор және жазба әдебиетінің ерекшеліктері
Бастауыш мектептің оқу процесінде ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру
Балалар әдебиетінің дамуы
Адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыру мен бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қобыланды батыр жыры
Фольклор - сөз өнері
Пәндер