Аналитикалық формалы етістіктер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Филология факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Аналитикалық формалы етістіктер
Орындаған: КФ-21 тобының студенті Мұхтарова Г.Ж.
Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент Саменова С.Н.
Қарағанды - 2021
ЖОСПАР:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Етістік туралы жалпы түсінік
2. Аналитикалык формалы етістіктің казак тіл білімінде зерттелуі
3. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
4. Етістіктің тіркесім, қосарлану сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы
5. Етістіктің бір, екі, үш және төрт морфемалы аналитикалық форманттары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сөзжасам тілдің басқа ешбір саласы атқара алмайтын қызметті - туынды сөз, жаңа сөз (атау - номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерешеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөз-жасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, олардың қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар оны тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Солай бола тұрса да, сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысын жоққа шығаруға болмайды.
Тіл білімі салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ белгілі болған. Сондықтан да сөзжасам көптеген тілдерде морфологияның құрамында қаралып келді. Себебі, бұл екеуінің де зерттеу нысаны - сөздің ең кішкене бөлшегі - морфема. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды) яғни сөз түрлендіруші тұлғаларды зерттейді. Ал бұл екі тілдік көрсеткіштердің ұқсастық жақтары да, дүдәмал жақтары да мол. Тіл білімінде сөздің аналитикалық формасы деп лексикалық мағыналы сөз бен кқмекші сөздің грамматикалық мағына беретін тіркесін айтады. Аналитикалық формалы сөзде грамматикалық мағына сөздің дыбыстық құрамынан тыс тұратын тілдік элемент арқылы беріледі. Сөздің дыбыстық құрамына енбей, оған тіркесу арқылы граммматикалық мағына үстейтін элементке көмекші сөздер жатады.
Сөздің аналитикалық формасы синтетикалық формадан да, нольдық формадан да басқаша. Синтетикалық форма қосымша арқылы, нольдық форма ешбір морфемасыз жасалса, сөздің аналитикалық формасы көмекші сөздердің тіркесінен жасалады.
Сөздің семантикалық формасын жасаушы элементтен аналитикалық форма жасаушы элементті ажырату үшін, оны аналитикалық формант деп атап жүрміз. Туркі туыстас тілдердің грамматикалық құрылысы бойынша сөз формасын өзгертуші элементтерді түбірден бөліп алу оңай, олардың жігі анық керініп турады. Бұл құбылыс тек қосымшаларға ғана емес, аналитикалық форманттарға да қатысты. Мысалы: келе бер, айта сал, оқып жүр деген аналитикалық формалы етістіктерді алайық. Олардағы негізгі етістіктер: кел, айт, оқы. Осы етістіктерден аналитикалық форма оларға -е бер, -а сал, -п жүр форманттарының қосылуы арқылы жасалды. Мұнда тубір етістік пен аналитикалық форманттардың жігі ашық көрініп тұр.
Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: 1) синтетикалық (морфологиялық), 2) аналитикалық (синтаксиситік), 3) лексика-семантикалық тәсілдер.
Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмер атқаратын осы үш тәсілдің бәрі де - ертеден келе жатқан тәсілдер. Оларды үшке бөліп көрсеткенімен, әрқайсысының іштей өзіндік ерекшеліктері де бар.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа да бірнеше түрде айтыла береді. Солардың ішінен балама есепті жиі қолданылатыны- морфологиялық тәсіл. Сөйтіп сөзжасам, байланысу т.б. амалдарда морфологиямен синтетика сөздері синоним болып жұмсалады. Бұл тәсіл одан әрі аффиксті немесе суффиксті түрі деп те айтылады. Қазақ тілі мектеп грамматикасы мен оқулықтарындағы жұрнақ қосылу арқылы жасалған туынды түбір немесе туынды сөз делінетіндер де осы амалды білдіреді.
Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау - сөзжасамның өте көне тәсілі және ол дүние жүзіндегі түрлі системалы тілдерге кең тараған.
Түркі тілдерінде де бұл тәсіл көне замандардан келе жатыр. Орхон жазба ескрткіштерінің тіліндегі мынадай күрделі сөздерді Ғ. Айдаров осы жазба ескерткіштердің лексикалық қоры ретінде келтірген. Олар күрделі сөздердің көне замандардан қоданылғанын білдірсе, екіншіден , күрделі сөздердің географиялық аиаулар яғни өзен, көл, жер, қала және кісі аттарында жиі кездескенін көрсетеді. Бұл жағдай аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың өзі түркі тілдерінде жер-су , кісі аттарынан басталған ба деген ой салады. Әрине, ол әлі де анықтауды, зерттеуді керек етеді, қалайда ол өте көңіл бөлерлік жайт. Қазіргі түркі тілдерінде де аналитикалық тісіл қолданылады.
Қазақ тілінде жалпы аналитикалық тәсілге жататын мынандай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту.
Етістік сөзжасамы өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Жалпы алғанда, тіліміздегі етістіктердің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн. Етістік сөзжасамының жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы етістік сөзжасамы атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.
Етістіктің аналитикалық форманттары етістік категорияларының аналитикалық формаларымен байланысты. Ал етістіктің аналитикалық формаларының теориясы сөздің аналитикалық формасы туралы жалпы теориямен түйіседі, өйткені сол жалпы теорияның бұл жеке мәселесіне жатады.
1. Етістік туралы жалпы түсінік
Етістік - заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та), жорт (жоры+т) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т.т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:
Етістік негізі.
Қимыл атауы категориясы.
Салттық және сабақтылық категориясы.
Етіс категориясы.
Болымдылық және болымсыздық категориясы.
Амалдың өту сипаты категориясы.
Есімшелер категориясы.
Көсемшелер категориясы.
Рай категориясы.
Шақ категориясы.
Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы.
2. Қазақ тіл білімінде аналитикалық формалы етістіктің зерттелуі
Қазак тіл білімінде аналитикалык формаларға арналған жеке еңбек 1970 жылдарға дейін болган жок. Бірак бүл аналитикалык формаларга байланысты тіл фактілері мүлдем зерттелмегендіктен деген ұгымды бермейді.
Қазақ тіл білімінде алғаш рет көмекші етістіктерді, олар арқылы жасалатын күрделі етістіктерді арнайы зерттеген профессор Қ.Жұбанов екені айтылған болатын. Ғалым отыр, жатыр, тұр, жүр көмекші етістіктерінің ерекшеліктерін көрсете отырып, олардың күрделі форма жасаудагы кызметін ашып көрсетеді. Сол кездегі бүкіл түркологияда бұл көмекші етістіктің осы шақтын күрделі формаларын жасайтынын бірінші болып дәлелдеді. Профессор Қ.Жұбанов казак тілінде күрделі көмекші етістік барын атап, оған мысал ретінде көбейіп келе жатыр, күшейіп бара жатыр -- дегендегі келе жатыр, бара жатыр деген бірліктердің күрделі көмекші етістік екенін айтқан болатын.
Қазақ тіліндегі етістіктерді зерттеумен көп шұғылданған ғалым, профессор Н.Сауранбаев өз енбектерінде етістіктін кейбір аналитикалык формаларын атаган. Современный казахский язык деген енбегінде етістіктің нак осы шак жасайтын аналитикалық формаларга: -- п отыр, -- п тұр, -- п жатыр, -- п жүр; өткен шак формаларына: -- ған еді, -- ган емес, -- е жатыр еді, -- ушы еді, -- бақшы еді, -ғай еді сияқты бірліктерді көрсетеді.
Ә.Әбілқаев Де етістігінің магынапары мен кызметі -- не арналған енбегінде -- де көмекші етістігі аркылы жасалған біраз күрделі формаларды көрсетеді. Мысалы: -- йын йін деп тұр, -- йын йін деп отыр, -- йын йін деп жатыр, - йын йін деп жүр, -- йын деп келеді, - йын деді, -- йын депті (1958).
1967 жылы шыққан Қазак тілі грамматикасында сөздің аналитикалык формасы жөнінен бүрынғы калыптаскан көзкарас сакталган. Дегенмен бұл окулыкга күрделі етістіктерді 3 топқа бөледі. 1) Есімдер мен еліктеуіштердің көмекші етістіктермен тіркесуі аркылы жасалатын тіркесті түбір етістіктер.2) Еді көмекші етістіктерінің тіркесуі аркылы жасалатын күрделі формалар. Оларды күрделі өткен шак формасы деп атайды.З) Көсемшелерге көмекші етістіктердің тіркесуі аркылы жасалган формапар. Жалпы бүлардың өзара айырмасы болгандықтан үшке бөлген. Үшінші түрі формалар делінгенмен олар кандай формалар, неге оны форма деп атағаны белгісіз боп калған.
Сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалык форманттар етістіктің грамматикалык көрсеткіші болып кызмет аткарады. Олар аркылы жасалған аналитикалык формалы етістіктер де етістіктің грамматикалык категориясының тарамына еніп, оның бір мүшесі болып саналады. Сондықтан анапитикалық формалы сөздер морфологияның объектісі болып табылады.
Етістіктің аналитикалык формаларын түркологияда бірінші боп зерттеген галым -- А.А.Юлдашев. Ғалымның Аналитические формы глагола в тюркских языках атты еңбегі бар (1965).
1971 жылы профессор Н.ОралбаеваҚазіргі казак тіліндегі етістіктің аналитикалык формалары атты докторлык диссертациясында аталынған құбылыстың казак тілінің грамматикалық құрылысына жат еместігін, аналитикалық формалардың қазақ тілінде де бар екенін, қазак тілі аналитикалык формаларға бай екенін ғылыми тургыдап дәлелдеп, аныктап берді. Н.Оралбаева қазак тілінде 70 шақты аналитикалык формант бар деп көрсетті.
Категорияның аналитикалык формаларын кабылдап, оның магынасын білдіріп, көрсетіп тұрған етістікті (негізгі етістік пен көмекші етістікті) аналитикалық формалы етістік деп атаймыз.
Етістіктің аналитикалық форманты деп белгілі бір грамматикалык категорияның магынасын білдіретін, қосымша мен көмекші етістіктің бірлігінен туратын морфологиялык көрсеткішті атайды.
Райымбек еш мәнісін болжай алмай, бас шайқады (Ж.Түрлыбаев). Анау йыгындагы кетпенін анадайда агып жатқан арықтың ішіне тастай салды да, өзі бастап үйге кірді (О.Сәрсенбаев).
Мұнда болжай алмай, ағып жатқан, тастай салды деген аналитикалык формалы етістіктер колданылған. Олар жетекші етістік (болжай, ағып, тастай) және көмекші етістіктен(алмай, жатқан,салды)тұрады. Осы екеуі бір тіркесте колданылганда ғана ол аналитикалык формалы етістік болады. Бірінші сөйлемдегі аналитикалык формалы етістік болжай алмады. -- й алма -- аналитикалык формант.
Сонда, аналитикалық формалар жетекші сөз бен аналитикалык формантгардың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Ондай жасалымда аналитикалык форманы жасаушы аналитикалык форманттар етістіктің грамматикалык категорияларының көрсеткіші ретінде жұмсалады.
Аналитикалык форманттардың кұрамы қосымша және көмекші етістіктен тұрады. Қазак тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының кұрамында белгілі косымшалар ғана колданылады. Олар: көсемше, есімше, шартты райдын, тілекті және ерікті калау райдың, мақсатты келер шак, тұйық етістіктің жұрнактары. Жалпы аналитикалық формант кұрамында көп колданылатын қосымшалар -- көсемше, калгандары бірлі жарым жагдайда ғана кездеседі. Аналитикалык формантгар сөйлемде колданылу мақсаттарына карай әр түрлі мән-мағыналар мен косалкы түрде ұғынылатын әр килы реңктерге ие болады.
Тюркологияда аналитизм проблемасы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерге жатады. Бұл аналинтизмнің түркі тілдерінің грамматикалық құрылысынан алатын орнына да, зерттелу дәрежесіне де байланысты. Осы күрделі мәселенің тілдің грамматикалық құрылысына байланысты болатын себебі -- бұл грамматикалық құрылыстан кең орын алатын өте өнімді тәсілдерге жатады. Тілде аналитикалық тәсіл қолданылмаған сөйлемді кездестіру қиын, ол бір сөйлемнің өзінде әр түрлі қырынан көріне береді. Мысалы: Ойын-күлкі, бозбалалық құрудан сері жігіт те әсте тартынған жоқ. (М. Әуезов). Осы шағын сөйлемнің өзінде аналитикалық сөз жасауға қатысты -- ойын-күлкі, бозбалалық, бозбалалық құру; аналитикалық тәсіл арқылы грамматикалық мағына беруге қатысты жігіт те, тартынған жоқ сияқты мысалдар бар. Бұл - таңдап алынбаған, әдеттегі сөйлемдер. Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысына аналитизм кең тараған және түрлі қызмет атқарады, соған орай, тілде аналитизм құбылысы алуан түрлі сипат алады, ол қыры-сыры мол тілдік құбылысқа жатады. Аналитизмнің сөз жасауда, тілімізді лексикалық единицалар арқылы байыту, дамытуда рөлі ерекше. Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау барлық сөз табынан үлкен орын алады, ал сан есім сияқты сөз таптарында негізгі тәсіл болып табылады Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың тілде түрлі модельдері бар. Бірақ өкінішіне қарай, қазақ тіл білімінде, ондай сөз жасау модельдері толык зерттелген жок. Аналитикалық тәсіл түрлі грамматикалық мағына беруде, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда, сөйлемге, сөзге экспрессивті-эмоциональды мағына беруде, сөздердің, сөйлемдердің арасындағы қатысты білдіруде кең көлемде қызмет атқарады.
Бірақ осы сан қырлы құбылыс ғылымда толық сипатталып, жан-жақты зерттеліп, бұл жөнінде ғалымдар тұрақты ғылыми тұжырымға, қорытындыға әлі келген жоқ, сондықтан ол тюркологияда күн тәртібіндегі мәселелер қатарында қалып отыр.

Аналитикалық тәсіл - сөз жасаудың синтаксистік амалы, яғни түбір (негізгі я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз тудыру тәсілі. Бұл тәсіл басқа сөздердің сөзжасамында кең орын алатын, кең тараған тәсіл. Оның дүние жүзі тілдерінің сөзжасамына ортақ тәсіл деуге болады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл деуге болумен бірге іштей бірнеше түрі бар: сөзқосым, қосарлану, тіркесу, қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар. Қазақ тілінде сөз табының бірі етістік көбіне осы аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Оған күрделі етістіктер мен құранды етістіктерді жатқызамыз. Соның ішінде етістіктер қосарлану, бірігу және тіркесі арқылы жасалады.
Құранды етістіктер сыртқы тұрпаты жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да басқа етістіктермен салыстырғанда, құрамы өзгеше (есім+көмекші етістік), тілде іс-әрекеттің біртұтас ұғымын білдіреді: ғалым бол, қабыл ал, ес көр, ағат ет, ант ет, көңіл бөл, ғашық бол т.б. тәрізді сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі болады. Құранды етістіктердің арасына басқа сөздер қосылмайды, егер қосылса негізгі айтатын ой-ұғымды білдірмейді. Құранды етстістіктер - тұтас күйінде бір лексикалық мағына білдіріп, сөзжасамның аналитикалық тәсілімен жасалған лексикалық бірліктер (единицалар)
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктерге көмекші етістіктердің басқа сөз таптарымен, яғни зат есім, сын есім, еліктеуіш сөздер, модаль сөздер, сан есім, есімдік, үстеумен бірігіп келіп жасалған құранды етістіктерді де жатқызамыз. Мысалы:
Зат есім+көмекші етістік: әнші бол, аңшы бол, ғалым бол;
Сын есім + көмекші етістік: беделді бол, кішік бол, құрыштай бол;
Еліктеуіш сөз+ көмекші етістік:мырс ет, мыңқ ет, саңқ ет, сел кет, шик ет;
Модаль сөз+ көмекші етістік: жоқ қыл, аз қыл, жоқ ет, бар бол;
Сан есім + көмекші етістік: ондық етіп, екеуі болатын;
Үстеу сөздер - көмекші етістік: кезің болса, кеш болды, әрең көрді;
Есімдік + көмекші етістік: солай ет, бұлай ет, ештеңе болып жатқан жоқ;
Қазақ тіл білімінде бұларды бір-біренен ажыратып зерттеу Н.Оралбеваның еңбетерінен басталады.
Түркі тілдерінде аналитизмнің жан-жанты зерттелмеуіне аналитизм индоевропа тілдері сияқты аналитикалық тілдерге ғана қатысты деген теория себеп болды. Қазір ғылымда сөз болып отырған теоряның қателігі анықталды. Аналитизм тюркологияда актуалды проблемалар қатарында болса, сол проблеманың күрделі бір тармағы - етістік аналитизмі.
Етістікте аналитизм күшті дамыған, бұл ғылымда көрсетіліп те жүр, алайда етістіктің аналитикалық форманттары (ЕАФ) жөнінде жарияланған еңбектер санаулы, оның ішінде оладың құрылысы мен семантикалық ерекшелігіне арналған зерттеулер жоқ.
Түбір мен көмекші элементтердің жігі мағынаға да қатысты. Жоғарыда келтірілген мысалдарда кел етістігіне -е бер форманты тіркесу аркылы сөзге қимылдың әрі карай жалғастыру мағынасы қосылды. Айт етістігіне айта сал түрінде қимылдың немқұрайды жасалу мағынасы үстелді. Ал оқы етістігін оқып жүр формасында алғанда; оған нақ осы шақ мағынасы қосылды.
Әр түбір етістік белгілі аналитикалық форманттарды қабылдап, аналитикалық формаға кешкенде, оған тіркескен форманттардың қосқан Мағынасын ажырату да қиын емес. Жоғарыда келтірілген мысалдардан ол көрініп тұр.
ЕАФ-тардың басым көпшілігі қосымша мен көмекші етістіктен құралады. Бірақ олардың мағынасы кқұрастырушы сыңарлардың мағынасының жай ғана қосындысы емес, Аналитикалық форманттың құрамы қанша күрделі болса да, олар біртұтас мағына береді, құрастырушы сыңарлардың мағынасы идиомаланып, бір мағынаға көшкен. Сондықтан ЕАФ-тардың құрамындағы морфемалардың арасына бөтен морфема араласа алмайды. Мұндай күрделі форманттарыдың құрамы тұрақты, оның құрастырырушы сыңарларының орындары берік. Осы форманттардың құрамындағы қосымша қазір көмекші етістікті тіркестіру, жалғастыру қызметін де атқарады.
Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысында қолданылып жүрген ЕАФ-тардың құрылысы алуан түрлі. Мысалы: -Жарықығым, ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме. Дастарқанға келген етті де кесе алмай, Дәрмен мен Кәкітайлар қайта-қайта күліседі (М. Әуезов). Бұл екі мысалдағы ЕАФ-тар: -й көрме, -е алма, бұлардың құрамы өте ұқсас, морфема саны да бірдей, оның бірінші қимылды жасауға тыйым салады, екіншісі субъектінің қимылды жасау мүмкіндігі жоғын білдіреді. Мысалда -й көрме, -е алма форманттарының әрқайсысы тұтас бір мағына беріп, бір морфеманың кызметін атқарып тұр. Осындағы әр ЕАФ-тың құрамында үш морфема бар, олардың әрқайсысы дыбыстық құрамын толық сақтаган, орналасу тәртәбә де бірдей, екеуінде де алдымен кемекші етістікті негізгі етістікпен тіркестіретін көсемшенің жұрнағы, одан соң көмекші етістік, оның құрамында етістіктің болымсыздық жұрнағы тұр.
Төменде мысалға келтірілетін ЕАФ-тың бұларға құрамындағы морфемаларының саны ұқсағанмен, олардан үлкен айырмасы бар, жоғарыдағы ЕАФ-тар екі қосымша, бір көмекші етістіктен құрылса, мұндағы формант бір қосымша екі көмекші сөзден құрылған: Ойпырмай, қалкам Абай-ай, қиын болмаса игі еді (М. Әуезов).
Етістіктің аналитикалық форманттарының құрамы күрделі. Тілдегі осы күрделі көрсеткіштердің тқтастығы, бірлігі үнемі танылып жүрген жок.
Ал тілде грамматикалық даму нәтиженсінде калыптасқан күрделі элементтер өте көп. Оған мысалды тілдің турлі саласынан келтіруге болады. Мысалға лексикадан турақты сөз тіркестерін алайық: ит өлген жер, қас пен көздің арасында, кірпік қаққанша, киімнің ішкі бауындай, тайға таңба басқандай сияқты тұрақты тіркестерді әрқайсысының құрамында бірнеше сөз бар. Бірақ олар тіркесте өз мағыналарында тұрган жоқ.Әр тіркесте бірнеше морфема барына қарамастан, олар тілде бір тұтастықта қаралады, өйткені бұлар бір мағына ғана береді, бір сөздің қызметіін атқарады. Бірақ тұрақты тіркестердің жеке сөздерден құрамы басқаша. Сондықтан олар ғылымда алдына тілдік құбылыс деп саналады.
Тілдегі курделі элементтер тобында курделі сөздерді де атауга болады, олар да бірнеше морфемадан құралып, бір мағына береді. Мысалы: сары ала, ақ сары, он бес, екі жуз елу бес, т. 6.
Қосымшалардың да бірімен-бірі кірігіп, бір мағына білдіріп, тұтас бір көрсеткішке ауысуы тілде жиі кездеседі. Мұнда да күрделі қосымшалардың құрамындағы жеке қосымшалар мағына дербестігінен айрылған, олар бір ғана мағына білдіріп қоймай, морфемдік құрамы да бір тұтастыққа жеткен. Мысалы, -малы, -ыңкыра, -ыншы, -рақ, -лар, -ымыз, -іңіз, т, 6. Осы сияқты құрамы курделі қосымшалар тілде өте көп, оның көбінің қазір ізі де сақталмай, дара қосымшалар қатарында жүр. Келтірілген фактілер тілдік единицалардың күрделенуі тілдік барлық саласынан орын алатынын байқатты. Ол заңдылық, тілге кең тараған және ол көне замандардан келе жатыр. Бұл -- тіл дамуының ежелгі тәсілдеріне жатады.
Осы заңдылықтын нәтижесінде қалыптасқан тілдің басқа элементтері нәтижесінен танылып жүр бірақ ЕАФ-тарда ол көбіне ‚ескерілмейди. Бүл, әрине, орынды емес.
ЕАФ - тар да тілге кең тараған осы заңдылықпен байланысты қалыптасқан. Оның құрамындағы морфемалар да грамматикалық дамудан өткен, ол морфемалар бірімен-бірі мағына жағынан жақындасқан, сөйтіп жалпы мағынаға көшкен, дербестілігінен айрылған. ЕАФ-тардың құрамындағы морфемалардың бәрі күрделеніп, бір морфеманың қызметін атқарады. Олай болса, ЕАФ-тарда тілдег баска күрделі элементтер сияқты. Тек ол сол күрделі элементтердің грамматикалық тобына жатады. Сондықтан ЕАФ-тардың құрамының, күрделілігі -- осы көрсеткіштердің өзіндік ерекшелігі. Осымен байланысты тіліміздегі ЕАФ-тардың құрылысын анық көрсету үшін, әр топтың ішкі ерекшелігін көрсетуді дұрыс деп таптық. Бір күрделі мағына беретін, әр қолданыста белгілі бір қызмет атқаратын, тілдегі функциональды, грамматикалық единицалар тобына енетін ЕАФ-тардың бірлігін, тұтастығын оның құрамындағы морфемалардың санына қарай топтастыру арқылы ескерпекпіз.
4.1 Етістіктердің тіркесім тәсілі арқылы жасалуы
Аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі өте өнімді. Тіркестіру тәсілінде күрделі сөз екі дербес сөзден жасалады. Тіркесу тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің сыңарлары тілде бөлек жазылып қалыптасқан. Олар күрделі тіркесті сөздер деп аталады. Тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны білдіреді. Тіркесім тәсілі арқылы жасалған етісіктерге көркем шығармалардан мысал келтірсек: Әзімбай жауап айтпай, үндемей тұрды да, атына мініп кетті. (М.Әуезов). Мүсіреп пен Шынар ауылына қайтып кетті (Ғ.Мүсірепов). Үш-төрт күннің ішінде Тұрлығұл ауылының үсті опыр-топыр болды. (С.Көпеев). Жазық дала біраздан кейін өзгере бастады. (І.Есенберлин). Ашуы тарқамаған, ызалы жаңа комдив полковник Капров пен майор Елинді орындарынан қағып түсіндірді (Б. Момышұлы). Бұл келтірілген мысалдардың барлығында курсивпен жазылған етістіктер осы аналитикалық тәліс арқылы, соның ішінде тіркесіп келіп жасалған, әрқайсысы бір сөз табының қызметін атқарады.
4.2 Етістіктердің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы
Енді қосарлану тәсілі арқылы жасалған етістіктерге мысал келтірсек. Негізінен қосарлану тәсілінің тілде қалыптасқан өз заңдылығы бар. Қосарлау тәсілі арқылы кос сөз жасауда оның сыңарлары кез келген сөзден бола алмайды. Қосарлану тәсілі арқылы қос сөз жасау үшін, оның сыңарлары бір сөз табынан ғана болуы - міндетті шарт. Мысалы: осыған дейін Оспан үлкен үйге келіп-кетіп қана жүрген еді (М. Әуезов). Айтып-айтпай не керек, Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні (Махамбет). Ақан тұлпарын да, құсын да, тазысын да өліп-талып жақсы көрді, түбі неге апарып соққанын халқы көріп отыр (С. Жүнісов). Мүсіреп іштей барлыған ой елегінен өткізді, санасында қалыптасқаны өніп-өскен ұрпағы ғана (Ғ.Мұсірепов). Жастық шағыңда жүрегің жастай жараланып ойнап-күліп өскенге не жетсін... Уайым да жоқ, қайғы да жоқ (О. Бөкей).
4.3 Етістіктің сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы
Аналитикалық тәсілдің келесі бір түрі - сөзқосым. Сөзқосым тәсілі арқала жасалған туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады. Тіліміздің мұндай сөздерге бай екеніне қарап, сөзқосым тәсілінің тілде өнімді екенін аңғаруға болады. Тек сөзқосым тәсілі арқылы жасалған сөздердің көбі емле сөздіктеріне танылмай жүргенін де ескеруге болады. Енді кіріктіру тәсілі арқылы жасалған естістіктерге мысал келтірсек: Асқар Ботагөзге қоржынындағы біраз кітабын әкеліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz