Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді Каф. меңгерушісі
(қолы) (ТАӘ)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану»
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы 5В011900
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Орал 2021ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . . . . 3-7
1. 1Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары, құрылымы және жетістіктері . . . 7-12
1. 2 Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары . . . 12-19.
Бірінші бөлім бойынша қорытынды . . . 19-21
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР . . . 21-28
2. 1 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын ағылшын сабағында қолдану . . . . . . 28-37
2. 1 Деңгейлеп саралап оқыту мен саралап оқыту технологиясын ағылшын сабағында қолдану . . . 38-47
Екінші бөлім бойынша қорытынды . . . 48-49
ҚОРЫТЫНДЫ50-51 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ52 ҚОСЫМША . . . 53
Дипломдық жұмыстың өзектілігі : Соңғы онжылдықта инновациялық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа инновациялық технологиялар болып табылады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың инновациялық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңартылған білім мазмұнында инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында [1], Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» стратегиясында [2], Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында [3] ерекше атап көрсетілген.
Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңаартылған білім беруде технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа инновациялық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және жаңаша көзқкркс, жаңартылған білім беру технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше инновациялық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Инновациялық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналуға тиісті. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа заманауи технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында білім беру саласында заманауи технологияларды пайдалану мәселесі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылған.
Мысалы, инновациялық технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың психологиялық негіздері В. В. Давыдов, Е. И. Машбиц еңбектерінде қарастырылған. Ақпарат құралдарын қолданудың жалпы педагогикалық негіздері С. И. Архангельский, В. П. Беспалько, Н. Д. Хмель, В. М. Монахов, Г. В. Габай, В. В. Давыдов, В. Я. Ляудис, В. В. Рубцовтардың т. б. ғалымдардың еңбектерінде жүйеленген.
Сонымен қатар заманауи білім берудің қажеттілігі, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігіне Б. С. Гершунский, М. С. Малибекова, С. Б. Нұрмағамбетов, т. б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде назар аударылған.
Дипломдық жұмыста ағылшын тілін оқытуда жаңартылған білім беруде заманауи технологияларды пайдаланудың тиімділігін анықтау мәселесі қарастырылған. Ал, шетел тілін оқытуда заманауи технологияларды пайдалану мәселелері О. М. Астраханкина, Н. А. Ахметова, М. Ю. Ухаркина, И. Н. Галыцина, В. П. Демкина, Е. И. Дмитриева, Ю. В. Иловайская, Т. В. Карамышева, Н. М. Коптюг, А. Л. Назаренко, Е. С. Полат, Н. В. Сокольская, т. б. зерттеушілердің ғылыми зерттеулерінде қарастырылған.
Алайда, бүгінгі күнге дейін ақпараттану үдерісінің орта білім берудің мақсаты мен мазмұнының өзгеруіне әсері оқу орындарында жанамалы түрде жүріп жатқандығы сезіледі. Жаңа заман педагогтары нақты бір пәнді оқытудың мазмұны мен мақсатына толығымен сәйкес келетін және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін технологияларды сауатты таңдай отырып, пайдалана білу талабы қойылып отыр. Сонымен, заманауи технологиялардың оқу үдерісіне ену мәселесінің (оның ішінде ағылшын тілін оқытуда) зерттеу жұмысымның мәселесін айқындауға және тақырыпты «Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану» деп тандауыма негіз болды.
Зерттеу нысаны : жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілінзаманауи технологияларды пайдалану арқылы оқыту үдерісі.
Зерттеудің мақсаты : жаңартылған білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда заманауи технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда жаңартылған білім берудегі заманауи технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
- Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде заманауи технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Жаңартылған білім жүйесінде заманауи техналогияларды ағылшын тілін оқытуда тиімді пайдаланса, онда ол оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, шет тілінің жасанды ортасын құра отырып, олардың білімі мен мәдениетін жетілдіруге, оқуға тұрақты уәждемелігін қалыптастыруға, қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін және білім беру сапасын арттыруына мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын: - біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
«Технология» (ілім) дегенмағынаны білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы) ;
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т. б. )
Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білімберутехнологиясы», «», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық , мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқытутехнологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т. б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», делінген.
Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т. б. ) .
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушы-ның педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
- Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары, құрылымы және жетістіктері
Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы.
Амонашвили Ш. А.
- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
- баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.
- дидактикалық; - тəрбиелік;
- дамытушылық;
- əлеуметтендірушілік.
- білім, білік, дағдыға ие қылу;
- өз бетімен əрекеттену
əдістерін меңгеру; танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамы-ту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов)
-білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау) .
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы
(Лысенкова С. Н. )
- білім, білік, дағдынымеңгерту; - мемлекеттік стандарт
көлемінде білім беру;
-барлық баланы табысты оқыту.
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
-оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
-оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
- баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
-ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас қабілетін дамыту;
- жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.
Өздігінен даму технологиясы
(М. Монтессори) .
- барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту;
- балалардың математикаға де-ген қызығушылығын туғызу.
- балалардың бойында дарын-дыларды тəрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тəрбиелеу;
- бала санасындағы нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский,
Д. Б. Эльконин,
Л. В. Занков,
В. В. Давыдов)
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсінділік, т. б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Белгілі психолог Выготский: «Оқыту, білім беру, дамытудың . ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады» - дейді.
Өз кезінде Ж. Аймауытов « . . . Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-əрекет екенін айтқан еді. Сондықтан қай пəн барысында да тек оқулықпен шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы - сабаққалайықтыəдіс-тəсілдердідұрыстаңдау. Сондықтанбастауыш мектепте сабақтарды индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік əдіспен оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ сабақ т. б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады.
Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді. Мұндай жағдайда балаларды «Кім шапшаң?», «Ойлан тап», т. б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады.
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым жəне ол біртұтас педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С. ) . Демек педагогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары; ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық,
əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984. )
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика отыр.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі - педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесінеүңілсек, жержүзіндекогнативтік, эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дəуірге дейін жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады.
«Жаңа педагогикалық технология» - əрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, əдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үдерісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
«Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сəйкестендірілген. Осы заңның 8 бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кəсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні баршамызға мəлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды өз тəжірибелеріне тиімді ендіре алады.
Оқытудың жаңа инновациялық технология əдістерін дəріс беретін білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізу барысында жиі қолданып отырамыз. Инновациялық технологияны пайдалану барысында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап білімгерлерге тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. Бұл бағдарламада мұғалімдерге де, білімгерлерге де міндеттер қояды. Осы міндеттерді орындауға мұғалім өзінің тақырыбы мен сабақ арасындағы біріккен іс-əрекет ұйымдастырады. Мысалы, бұл бағдарламаны сабақтарда қолдану барысында оқушыларға:
1) еркін ойлауға мүмкіндік береді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz