Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
НУГМАНОВ НУРЛАН АДИЛБЕКУЛЫЕреуіл - ұжымдық еңбек дауларын шешудің ерекше нысаны
5В030100-Құқықтану
МАЗМҰНЫАқтау, 2021
АНЫҚТАМАЛАР . . .
3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. .
4
КІРІСПЕ. .
5
1
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .
13
1. 1
Еңбек даулары: түсінігі мен жіктелуі . . .
13
1. 2
Еңбек дауларының пайда болу себептері мен шарттары.
26
1. 3
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы . . .
36
2
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТТА ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
48
2. 1
Еңбек дауларын сотта қараудың жалпы процессуалдық тәртібі . . .
48
2. 2
Жеке еңбек дауларын сотта қараудың жекелеген түрлері . . .
60
2. 2. 1
Жұмысқа қайтадан алу істерін сотта қараудың процессуалдық ерекшеліктері . . .
60
2. 2. 2
Жұмыскердің еңбекақысын төлеуге байланысты еңбек дауларын сот тәртібінде қарау
85
2. 2. 3
Сот процесінде материалдық жауапкершілік туралы еңбек дауларын қарау
98
2. 3
Ұжымдық еңбек даулары және оларды сотта қараудың
процессуалдық ерекшеліктері . . .
110
3
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТТА ҚАРАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
127
3. 1
Еңбек дауларын сотта қараудың шетелдік тәжірибесі . . .
127
3. 2
Еңбек дауларын сотқа дейін реттеу мәселелері . . .
140
3. 3
Цифрландыру жағдайында еңбек дауларын сотта қарау мәселелері. .
150
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
156
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
161
Қосымша А . . .
172
Қосымша Ә . . .
181
Қосымша Б . . .
182
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық зерттеу жұмысында төмендегі анықтамалар мен терминдер қолданылды:
Еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.
Еңбек төрелігі - ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясында келісімге қол жеткізілмеген кезде еңбек дауын шешу үшін уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган.
Ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауындағы жұмыскерлердің әлеуметтік экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату.
Жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке және заңды тұлға.
Жұмыскер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Келісу комиссиясы - жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан құрылатын тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Медиатор - Қазақстан Республикасының «Медиация» туралы заңының талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.
Татуластыру комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды татуластыру арқылы реттеу үшін, жұмыс беруші мен жұмыскерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРАЕК
-
Айлық есептік көрсеткіш
АҚШ
Америка құрама штаты
б.
-
бап
БКБ
ДБШ
-
Дауларды балама шешу
ЕАЭО
-
Евразиялық экономикалық одақ
ЕДКК
-
еңбек даулары бойынша келісу комиссиясы
ж.
-
жыл
жж
-
жылдар
ЖС
-
Жоғарғы сот
ЖШС
-
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚР АК
-
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
ҚР АПК
-
Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексі
ҚР ЕК
-
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі
ҚР ЕХӘҚМ
-
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
КСРО
-
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
КК
-
Келісу комиссиясы
МКД
-
Мемлекеттік кіріс департаменті
ОАТ
-
орташа айлық табыс
РКФСР
-
Ресей Кеңестік Федерациялық Соцолистік Республикасы
РФ
-
Ресей Федерациясы
РФ ЕК
Ресей Федерациясының еңбек кодексі
т.
-
тармақша
т. б.
-
тағы басқалары
ТМД
-
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ХЕҰ
-
Халықаралық еңбек ұйымы
ІІБ
-
Ішкі істер бөлімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық іс жүргізу заңнамаларына сәйкес еңбек дауларының әлеуметтік құбылыс ретінде туындау себептерін анықтау және жұмыс беруші мен жұмыскерлер, еңбек ұжымы арасында еңбек, ұжымдық шарттың орындалуына байланысты пайда болатын еңбек дауларын сотта қараудың процессуалдық ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХІ ғасыр - білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жaңa кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жaңa болмысын қалыптастыруымыз қажет» деген еді [1] . Алайда, ел экономикасын реформалау мен әртараптандыру жалғасуына COVID-19 ауруының тарауы кедергі жасап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен пандемия жарияланды. Кейбір жосықсыз жұмыс берушілер мұндай жағдайды пайдаланып қалуға тырысып, қызметкерлердің жалақысынан «ұстап қалу», уақытында жалақыны төлемеу оларды өз еркімен жұмыстан шығуына итермелеу немесе өзге де жолмен өз шығындарын азайту арқылы жұмыскерлердің әл-ауқатының және материалдық жағдайларының нашарлауына алып келіп отырғаны белгілі.
Бұл көптеген елдердің өз шекараларын жабуына, бұқаралық іс-
шаралардың санын азайтуға, кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілердің жұмысын уақытша тоқтатуға не шектеуге алып келді. Жұмыс берушілердің алдында жұмысты жалғастыру, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру, штат немесе жұмысшылар санының қысқаруына, жалақы мөлшеріне және басқа да көптеген қиындықтар туындатты. Бұл ретте осы сұрақтарға жауаптар жұмыс берушінің еркі мен қалауына ғана емес, сондай-ақ осы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың ұстанымына да байланысты. ҚР Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламенттің бірінші сессиясында «қазіргі күрделі жағдайда Қазақстанның алдында тұрған басты міндет - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтау» қажеттілігін көрсетіп, депутаттар алдында бірнеше басымдылықтарды айқындап, «азаматтардың құқықтарын тиісінше қорғамайынша әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін еместігін, неғұрлым белсенді әрі ойластырылған жұмысқа нақты және табанды кірісу керектігін» атады [2] .
Қазақстанның еңбек заңнамасының қалыптасуында Халықаралық Еңбек
Ұйымының Конвенциялары мен Келісімдерінің әсері болғаны анық. Қазіргі уақытта адам құқықтарын, соның ішінде еңбек құқықтарын қорғау жөнінде мемлекеттер мен жекелеген субъектілердің міндеттері мен түрлі тәсілдерін
бекіткен халықаралық актілер жеткілікті деңгейде қабылданған және Қазақстанда мақұлданған. Адамның еңбек құқықтарын қорғауға арналған
«Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы», «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пакт», «Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Конвенциясы» т. б. негізгі актілерді Қазақстан Республикасы ратификациялауы арқылы өз мойнына адамның еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттемесін алған. Ұлттық құқықтық жүйелердің барлығы дерлік жұмыскер мен жұмыс берушінің еңбек құқықтарын қорғаудың белгілі бір тәсілдеріне ие, соның ішінде Қазақстанды да атауға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына ретінде бекітілген, осыған сәйкес адамның еңбек құқығына бостандығын мамандықты, кәсіпті еркін таңдау құқығын қорғауға кепілдік беріледі [3] . Ал, 2015 жылы қабылданған ҚР Еңбек Кодексі еңбек дауларын қарау мен шешудің тәртібін реттейтін ережелерді бекітіп қана қоймайды, Coнымeн бірге еңбек құқықтарын қорғауды негізгі мақсаты мен еңбек заңнамасының қағидаты ретінде қарастырып, соған сәйкес ең төменгі стандарттар мен кепілдіктерді бекіткен [4] .
Жарияланған статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2020 жылы Қазақстан
халқының еңбекке жарамды бөлігінің 92% еңбек қатынастарына түскен. Пандемия кезінде қалыптасқан экономикалық жағдайды, қазақстандық қоғамда демократиялық үрдістердің артуы мен өндірістің мемлекеттік емес секторының кеңеюін, жұмыскерлердің өз құқықтарын қорғауды толық жете түсінбеуін ескерсек, алдағы уақытта еңбек дауларының өсетінін болжау қиын емес. Осыған сәйкес жұмыс берушілер мен жұмыскерлер сот жүйесінің алдағы уақыттағы қолданушылары екенін байқау қиын емес. ҚР Жоғарғы Сотының мәліметтеріне сүйенсек, еңбек даулары азаматтық істер бойынша соттармен қаралатын істердің негізгі категориясын құрап, оның жалпы көлемінің 5, 8% құрап келген. Мамандандырылған соттардың жоқтығы, еңбек заңнамасы ережелерінің әртүрлі түсіндірілуі мен тіпті қарама-қайшылықтарының болуы еңбек дауларын қарайтын органдар үшін қиындық туғызады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, еңбек дауларын шешуге балама тәсілдерді қолдану мәселесі де шешуді қажет етеді. Бір жағынан, сот ісін жүргізу жетілдірілген және құқық қолдану рәсімін нақтылағанымен, сот ісін жүргізудің ұзақтығы және күрделілігі себебінен және шетелдердегі еңбек дауларын шешудің балама түрлерін кеңінен қолдану тәжірибесін зерттей келе, біздің мемлекетте бұл тәжірибені енгізудің қажеттігі туындап отыр.
Заңнамада еңбек дауларын сотта қарау мәселелері жеке қаралмаған, оларды шешу тәжірибесі пікірталас туғызады және оң реттеуді талап етеді. Бұл қиындықтар еңбек құқығы субъектілерін қорғаудың соттық нысанының жетіспеушілігіне байланысты да туындайды. Осыған байланысты, еңбек дауларын сотта қараудың процессуалдық ерекшеліктеріне, оның ішінде жұмысқа қайта алу, жұмыскердің еңбекақысын төлеу, материалдық жауапкершілікке байланысты, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларын қараудың жекелеген процессуалдық тәртібіне арналған арнайы зерттеулердің заң
ғылымында жоқтығы осы Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Еңбек құқығы бойынша шетелдік және отандық ғалымдар мен заңгерлердіңжұмыс зерттеулерін, атап айтқанда, еңбек дауларын сотта қараудың процессуалдық ерекшеліктеріне арналған зерттеулерді талдау, осы уақытқа дейін осы тақырыптағы ізденістердің аздығын, арнайы кешенді зерттеулер жасалмағанын көрсетті.
Қолданыстағы еңбек және азаматтық-процестік заңнамаларға сәйкес еңбек дауларын сотта қараудың процессуалдық ерекшеліктері еңбек құқығы ғылымының да, азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының да арнайы зерттеу объектісі болған емес. Еңбек даулары, соның ішінде жеке еңбек даулары мәселелері еңбек құқығы ғылымы тұрғысынан қаралып, ізденістер көбінесе еңбек дауының ұғымын анықтауға, еңбек дауларын құқықтық реттеудің жалпы мәселелеріне, еңбек-құқықтық жауапкершілігін жетілдіру т. б. мәселелерге арналған. Жұмысқа қайта алуға, жұмыскердің еңбекақысын төлеуге, материалдық жауапкершілікке, еңбек тәртібіне байланысты туындайтын жеке еңбек даулары мен ұжымдық еңбек дауларын азаматтық іс жүргізуде қарауды зерттеу, оның шетелдік тәжірибесіне үңіле отырып жұмыс негізделген және пайымдауға лайықты қорытындылар мен тұжырымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Біздің ойымызша Қазақстан Республикасының еңбек құқығында қаралған құқықтар мен бостандықтарды азаматтық процесте қорғауға деген тетіктерді жaңaртып, заңнамалық олқылықтарды жоюға көмектеседі.
Жоғарыда айтқанымыздай еңбек даулары ұғымы, еңбек дауларын құқықтық реттеудің жалпы тәртібі, еңбек-құқықтық жауапкершік, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғаудың жекелеген нысандары мен тәсілдері мәселелеріне арналған еңбектер отандық заңгер ғалымдар арасында кездеседі. Осы бағытта зерттеулер жүргізген отандық ғалымдар ретінде Н. А. Абузярова, Т. М. Абайдельдинов, Д. Ажинурина, С. М. Алдашев, Ж. С. Бердиярова, Г. Г. Галиакбарова, С. А. Димитрова, Ж. Б. Ермагамбетова, А. Ж. Касенова Е. Н, Нургалиева, Э. Б. Омарова, К. А. Мамиев, А. К. Мамбетов, Ж. Б. Разиева, Б. А. Сериев, К. А. Уварова, Ж. А. Хамзина, К. А. Шайбеков, Н. П. Шайхутдинова, М. Х. Хасенова және т. б. айтуға болады.
Осы бағыттағы алғашқы Дипломдық жұмыс зерттеулер жеке еңбек
дауларының ұғымын анықтауға арналған. Осындай зерттеу жұмысы ретінде Ж. Б. Ермагамбетова, Е. Н. Нургалиеваның «Индивидуальные трудовые споры» монографиясын атауға болады. Coнымeн қатар адамның еңбек ету құқығына бостандығын қорғау мен оны құқықтық реттеудің жалпы тәртібі туралы туралы Д. Ажинуринаның «Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері», Ж. С. Бердиярованың «Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциялық-құқықтық реттелуі» жұмыстары бар.
Жеке еңбек дауларын шешудің теориялық және тәжірибелік мәселелеріне зерттеу бағытында жасалған кешенді жұмыс ретінде «Правовое регулирование индивидуальных трудовых споров: теория и практика их разрешения» тақырыбындағы Г. Г. Галиакбарованың жұмысын
атауға болады. Бұл жұмыс еңбектің басты ерекшелігі жеке еңбек дауларының жалпы сипаттамасын айқындауға, жеке еңбек дауларының соттылығы мен ведомстволық бағыныштылығын анықтаудың ерекшеліктеріне, еңбек процесін жетілдірудің теориялық-құқықтық мәселелеріне, жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі шешу және медиация тәртібімен қарауды талдау жасауға, сондай-ақ осы жеке еңбек дауларын сот тәртібімен қараудың негіздерін қарастыруға жасалған алғашқы ізденіс болды. Алайда Дипломдық жұмысты талдай келе, байқағанымыз оның басты бағыты жеке еңбек дауларын шешудің жалпы тәртібін айқындап, дауларды сотқа дейінгі шешу, жеке еңбек дауларын қараудағы медиация тәртібі, қазіргі уақытта қолданысқа енген жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі шешудің механизмдерін жетілдіруді айқындау мәселелеріне арналған.
Дипломдық жұмысты жазуда еңбек құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы саласындағы шетелдік ғалымдардың да еңбектері зерттелді. Атап айтсақ, Р. М. Агапова, A. Buğra Aydin, П. С. Барышников, А. И. Балашов, S. Erdoğdu, А. А. Сапфирова, З. Сухбаатар, S. Kaşka, И. А. Костян, А. М. Куренной, В. И. Мартыненко, А. Г. Мостовщиков, И. А. Прасолова, А. Н. Слюсарь, O. Tezcan, Р. К. Тойжанов, G. Toksöz, Т. Э. Ханукаева, Z. Şişli және т. б. еңбектерін атауға болады.
Жоғарыда аталған және басқа да авторлардың жұмыс еңбектері Дипломдық зерттеу жұмысына теориялық негіз ретінде алынды, оларды саралай, талдай отырып еңбек және онымен байланысты қатынастарды реттеудегі мемлекеттің рөлін өзгерту, әлеуметтік әріптестікті дамыту, жинақталған құқық қолдану тәжірибесі еңбек дауларын шешу процесін құқықтық реттеу проблемасына жұмыс тәсілдерді өзгертуді талап етеді. Жaңa жұмыс тәсілді қолдану еңбек дауларын құқықтық реттеудің нақты мәселелерін шешуде жеке және ұжымдық еңбек дауының заңды анықтамасының болмауы -
«еңбек дауының пайда болу динамикасы» тұжырымдамасының тиімсіздігі, еңбек дауларын қарау және шешу принциптерін заңды түрде бекітудің болмауы, еңбек заңнамасы мен азаматтық іс жүргізу заңнамасының сәйкессіздігі, заң техникасының жетілмегендігі, еңбек дауларын жіктеудің бірқатар тұжырымдамаларының негізсіздігі талданып, еңбек дауларын сотта қарауды жетілдірудің осы тұстардағы процессуалдық тәртібін жетілдіру мен механизмдерін оңтайландыру мақсатында ұсыныстар берілді.
Дипломдық зерттеудің әдістемелік негізі. Дипломдық зерттеу әдіснамасының негізін белгілі кеңестік, ресейлік, батыс және қазақстандық ғалым заңгерлердің еңбек даулары, оларды сотта қарау тәртібі, балама тәртіптері туралы жұмыс еңбектері құрайды. Зерттеу тақырыбының ерекшелігі мен кешенді сипаты еңбек дауларын қарайтын азаматтық сот ісін жүргізудің өзге де нысандарына назар аударуға мүмкіндік берді. Дипломдық жұмыс-зерттеу жұмысын жүргізу барысында жұмыс зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды- логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, нақты-әлеуметтік әдістер қолданылды.
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы мен одан әрі жетілуін қарастыруда жалпы танымдық диалектикалық әдіс, жеке және ұжымдық еңбек дауларын сотта қарауға қатысты құқықтық нормалардың өзара және тәжірибемен байланысын зерттеуде формальды-логикалық, талдау, синтез және хронологиялық әдістер, еңбек дауларын сотта қарауға байланысты шетел заңнамасы мен тәжірибесін зерделеуде салыстырмалы-құқықтық әдістер,
«еңбек даулары», «жұмыскер» терминдерін тереңірек қарауда лингвистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыс зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасында Еңбек Кодексі мен Азаматтық процесстік Кодексінде еңбек дауларын қарау мен шешудің ерекшеліктеріне арналған дербес тарау қажеттілігін теориялық негіздеу және әзірлеу үшін еңбек дауларын қарау мен шешудің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді зерделеу, оларды қарау мен шешудің қолданыстағы тәртібін мен ерекшеліктерін талдау, еңбек және азаматтық процесстік заңнамаларға ұсыныстар мен ұсынымдар жобасын әзірлеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Дипломдық зерттеу жұмысы төмендегідей міндеттерді алға қояды:
- Еңбек дауларының жалпы түсінігін талдау, түрлері мен еңбек дауының пәнін анықтау мен себеп-салдарының теориялық және тәжірибелік аспектілерін жіктеу;
- еңбек дауларын сотта қараудың жалпы процессуалдық тәртібін қарастырып, еңбек дауларынан туындайтын жекелеген түрлері бойынша оларды сотта қарау ерекшеліктерін айқындау;
- жеке және ұжымдық еңбек даулары ұғымының мазмұнын ашу, осы құқықтық әлеуметтік құбылыстың заңнамалық анықтамасын талдау, оның еңбек дауларын қарау және шешу процедурасымен байланысын анықтау;
- еңбек дауын қарау тәртібіне көбірек әсер ететін негізгі ережелердің шеңберін анықтау және сайып келгенде, еңбек заңнамасының нормаларын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін белгілі бір процедуралық форманы құру;
- еңбек дауларын қараудың ерекшеліктері қандай процессуалдық нысандарда көрінетінін, бұл нысандар еңбек жанжалын шешудің дұрыстығы мен уақтылығын қаншалықты қамтамасыз ететінін, оларды дамыту мен жетілдірудің болашағы қандай екенін көрсету;
- еңбек дауларын қарау және шешу тәртібін регламенттеуге қатысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде теориялық негізделген және практикалық қолдануға жарамды ұсынымдар әзірлеу.
Дипломдық зерттеудің объектісі еңбек және азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес еңбек дауларын сотта қарауды жүзеге асыруда туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды.
Дипломдық зерттеудің пәні болып еңбек дауларын сотта қарау мен шешудің теориялық негіздерін зерттейтін қазақстандық және шетелдік ғалымдардың докториналдық жұмыс-теориялық тұжырымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және де шет елдердің еңбек дауларын сотта қараудың процессуалдық тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері мен
сот тәжірибесі, осы саланы реттейтін халықаралық сипатқа ие нормалар табылады.
Зерттеудің нормативтік негізін ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек Кодексі, ҚР Азаматтық процестік Кодексі, ҚР «Кәсiптiк одақтар туралы» Заңы, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, сондай- ақ еңбек дауларын сотта қарауда туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, жұмыскер мен жұмыс берушінің жауаптылығына қатысты туындайтын ҚР әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары, өзге де ҚР Үкіметінің қаулылары мен Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық қаулылары мен өзге де құқықтық актілер құрайды.
Дипломдық жұмыстың жұмыс жaңaлығы. Диссертацияның жұмыс жaңaлығы оның Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі мен Азаматтық процестік Кодексі аясында еңбек дауларын сотта қараудың
процестік ерекшеліктерін анықтау және қарастыру мәселесіне арналған Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымындағы кешенді монографиялық зерттеу болып табылатындығымен негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz