Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті
Сақып Қаламқас Ақылбекқызы
Жоғары сынып оқушыларына кәсiби бағдар берудің психологиялық ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы
Ақтау, 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 МЕКТЕПТЕГІ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 4
1. 2Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жүйесі . . . 7
2 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСIБИ БАҒДАРЛАНУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру . . . 20
2. 2Оқушыларға кәсiби бағдар берудің әдіс-тәсілдері . . . 35
2. 3Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесін қорыту . . . 38
Қорытынды . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Мектептегі кәсiби бағдар беру әдістемесі
1. Кәсiби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.
2. Мектептегі жүргізілетін кәсiби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері.
3. Кәсiби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі: диспут, ойындар, пікір-талас, т. б.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы. Олардың негізгілері: кәсiби хабар, кәсiби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсiби кеңес, кәсiби іріктеу, кәсiби адаптация (бейімдеу) . Кәсіптік бағдарды жақсарту оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсiби білім мектептер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т. б. ұйымдастырады. Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: кешкі, сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады.
Бірінші кезең - І-ІV сыньштарда
Екінші кезең - V-VІІ
Үшінші кезен - VІІІ
Төртінші кезең - X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.
Бірінші кезең міндеті - мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемелері мен ата-аналары арқылы оқушылардың ерекшеліктерін және қабілетін, толық білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстарын бастау. Бұның бірінші және төртінші сынып оқушылары арасында өз ерекшеліктері бар. Негізгі мақсат - оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету. Екінші кезең - жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Оқушылар барлық жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс - белгілі бір кәсіп пен мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат - белсенді насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кенес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы. Бұл жұмысқа мұқият және өте сирек болган жөн. Өйткені жасөспірімдер өмірлік қажетті мамандығын талдау алдында тұр. Үшінші кезенде - кәсіп пен мамандықты жан-жакты белсенді насихаттау және нақтылы кеңес беру арқылы да оқушылардың бұған жауапты түрде қарайтындығы біршама орын алады, талғам, орталау мектепті бітірген оқушы мамандықты біршама тандай алатын дәрежеге жетеді. Алайда жастардын көзқарасы субъективті түрде болатындығын естен шығармаған жөн. Төртінші кезеңде - X-ХІ оқушылары өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі жүреді. Бұл жалпы білім мектебінің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды жұмысы.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі - кәсiби хабар және кәсiби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті - оқьш жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы адамдарға халық шаруашылығының құрамы мен өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсiби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандыктың бүгіні мен ертеңін оның сан алуан сырларын жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру.
Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, экскурсия, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін документ, стенд, альбом, фотосуреттер жұмыс үдерісі мен өнім шығару жағдайын, еңбек озаттарының үлгілі табысын баяндайтын жарнамалар. Өнеркәсіпің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Оқушыларды өнеркәсіп орындарында нақтылы жұмыс істеуге араластыру және т. б., көптеген жұмыстарды жүзеге асырады. Олардың негізгілері шеберханалар мен оқу-тәжірибе учаскілерінде жұмыс істеу, факультативтік оку, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы, болып табылады.
Кәсiби насихат жұмысын, кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, кино, баспа орындары арқылы да жүзеге асады.
Кәсiби кеңес - мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты - жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға еңбек орнын таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеті жекелей және топтық кеңес өткізеді, конференциялар мен кездеулер ұйымдастырады. Кәсiби кеңес жұмысын жүргізудін негізгі шарттарының бірі көмек сұрап келген адамдардың денсаулығын, қабілетін, мүддесі мен мақсатын анықтау. Кеңеске келген адамдарға сол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әрбір еңбек ұжымының дәстүрі, сауда, тұрмыстық қызмет көрсететін және білім беретін, оқуға дейінгі қызмет көрсететін мекемелердің мүмкіншілігін жан-жақты айтып түсіндіреді. Сондықтан бұл жұмысқа, экономистер, педагогтар, медиктер, психологтар, социологтар сияқты сан алуан мамандық иелері қатысады.
Кәсіптік бағдар беру - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын ұнатпау, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Кәсiби білім беру - өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әртүрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау оқу орны.
Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау - білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 - 3 жыл, кәсіптік лицейде - 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша - 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі - 3 - 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін “қуатты фактор рөлі” жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар мен несиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.
Бүгінде еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр.
Егер, сіз, мектепті жаңа бітірген түлек, колледждер мен ЖОО-нан шығып қалған студент немесе білімі жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтитын категориялардың өкілі болсаңыз Қазақстанда кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерде тегін білім алуға мүмкіндігіңіз бар.
1. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі дегеніміз не?
Кәсіптік мектеп - кәсiби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны. Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.
Мақсаты - азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Осыған байланысты, 2017 жылдан бастап “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасы іске қосылған еді. Жобаның мақсаты - алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау, білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың көлемін 40% арттыруға және барлық тегін білім алуға тілек білдіретін адамдарды қамтуға бағытталады.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік Басшысы 2017 жылдан «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жариялады.
2. Елімізде кәсіптік білім берудің құрылымы қандай?
Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей:
бастауыш кәсіптік білім;
орта кәсіптік білім;
жоғары кәсіптік білім;
жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
қосымша кәсіптік білім.
Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22-бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады.
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
орта білім;
жоғары кәсіптік білім;
жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім.
3. Бастауыш кәсіптік және Орта кәсіптік білім беру туралы
Бастауыш кәсіптік білім беру
Бастауыш кәсіптік білім - кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды.
Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде - 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады.
Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімінде де жұмыс істей алады.
Орта кәсіптік білім беру
Орта кәсіптік білім - колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсiби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі.
Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады. Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады.
Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады.
4. Қандай мамандықтар бойынша тегін білім алуға болады?
Тегін техникалық және кәсіптік білім техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылық, сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша беріледі.
Сонымен қатар, медицина, білім, өнер мамандықтары бойынша даярлық мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
Ал құқық, экономика мамандықтары бойынша даярлық ақылы негізде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 050120 «Кәсіптік оқыту» мамандары төмендегі пәндерден білім алады: жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), кәсіптендіру пәндері (КП) . Әр цикл екі компонентке бөлінеді: міндетті және таңдау. Кәсіптендіру пәндері (КП) циклының таңдау компонентінің бірі «Ауыл шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәні.
5. Ақысыз негізде кімдер оқи алады?
Тегін техникалық және кәсіптік білімді барлық ниет білдірген 9 және 11-сынып бітірушілері, мектепті бірнеше жыл бұрын бітіріп, еңбек нарығында біліктіліксіз немесе жұмыссыз жүрген жастар оқи алады.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде - 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына қызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар. Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін - 1, 5 жыл.
6. Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер қандай құжаттарды тапсыруы керек?
Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Білім туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом) ;
3) Денсаулық жағдайы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама) ;
4) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болған жағдайда) ;
5) Жолдама;
6) Топтарды жасақтау жылына бір рет 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткердің өзі не ата-анасы немесе заңды өкілдері тапсырады.
7. Бағдарлама қатысушыларына қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Бағдарламаға оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеген 9-11 сынып бітірушілері, өмірде қиын жағдайға тап болғандар және аз қамтылған отбасы мүшелері, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады.
Сондай-ақ бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тағаммен, жолақымен қамтамасыз етіледі.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламада тек нарықта сұранысқа ие мамандықтарға басымдық берілген.
Жоба аясында жастар кейбір мамандық бойынша колледждерге емтихансыз, сұхбаттасу қорытындылары бойынша қабылданады.
8. Елімізде кәсіптік білім беретін қанша колледж бар?
Еліміз бойынша, барлығы 817 колледж жұмыс істейді, олардың 473 колледжі мемлекеттік, 344-і - жекеменшік. Оның 83-і Алматы қаласында орналасқан.
Бүгінде 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес колледждерде) 19, 9 мың адам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін алуда.
Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 74 мамандық және 139 біліктілік бойынша жүргізілсе, соның ішінде 38 техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық бағыттағы мамандықтар.
Мемлекеттік колледждердегі 12520 білім алушы континентінің 4603 студенті (36, 8%) жұмысшы мамандықтар бойынша білім алуда. Мемлекеттік емес колледждердің 8179 білім алушысы орта буын мамандықтарына оқытылуда.
Елбасының тікелей тапсырмасымен 2017 жылдан бастап еліміздің жастары тегін кәсіптік-техникалық білім ала бастады. Қазіргі таңда «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы аясында колледждерде 25 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
9. Қоғам қандай артықшылыққа ие болады?
Жұмыспен қамтуды арттыру жастар арасында әлеуметтік ортаны жақсартады;
Барлық тілек білдіретін адамдарды тегін жұмысшы біліктілігімен және орта буын маманыдығымен толық қамту жұмыссыздық көрсеткішін қысқартады, бұл фактор елдің толықтай экономикасына дұрыс ықпал етеді;
Мамандық алу көбірек табыс табуға мүмкіндік береді - еңбек нарығы білікті мамандарға қызығушылық танытады;
Кәсіпорындар кадрлар тапшлығының мәселесін шешуге мүмкіндік алады.
Білім және ғылым министрілігінің мәліметінше, бағдарлама бойынша 2021 жылға дейін 700 мыңнан астам адамды тегін кәсіптік біліммен қамту жоспарланған.
Темперамент латынша temperamentum бөліктердің тиісті арақатынасы психикалық іс-әрекеттің динамикалық мінездемелерінің ерекшелігінде білінетін, жеке тұлғаның қасиеті. Темперамент нышандарымен бірге жеке тұлғаның табиғи негізін құрайды. Адам дүниеге келген кезде, ол сырт келбетімен, бойымен, шашының түсімен, көзімен, сондай-ақ өзінің темпераментімен де басқалардан ерекшеленеді. Темперамент балалық шақта-ақ білінеді «эмбрионда ана құрсағының ішінде 3-аптада жетіледі» және көбінесе ана жағынан тұқым қуалайды. Психикалық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктер «жылдамдық, тұрақтылық, екпін, ырғақ, қарқындылық, психикалық құбылыстардың бағыттылығы» арқылы темперамент адамның қылығы мен іс-әрекетінің жалпы бейнесін анықтайды, мінездің дербес қасиеттерінің түзілу шарты ретінде қызмет атқарады. Сезім, күйініш, сөйлеу іс-әрекеті және оның екпіні, ым-ишарасы, қолдарын сілтей сөйлеуі, жүрісі, моторикасы қашанда темпераменттің қасиеттерінің білінуімен байланысты. Бізге темпераменттің сапасы тұқым қуалаушылық арқылы беріледі, бірақ өмір барысында олар өзгеруі мүмкін. Темперамент өте ұзақ уақыт бойы тұрақты күйде болады «темпераменттің 25 пайыз белгісі өзгеріссіз қалады, ал 75пайызы мүлдем өзгереді яки ата-ананың тәрбиесі, қоршаған ортаның қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады», өзгеріс баяу жүреді, сондықтан адамның темпераменті оның ең тұрақты мінездемесі деп есептеледі. Темпераменттің өзгеруі адамның өмір салтына, жігер-күшіне, өзі таңдаған мамандығына байланысты.
Темпераментті алғашқы рет көне грек дәрігері Гиппократ б. з. 5 ғасырында зерттеген. Оған темпераменттің басты төрт түрі: сангвиник, флегматик, холерик және меланхоликті сипаттауға тәжірибесі мен байқағыштығы көмектесті. Тұқымында 17 буын дәрігер болған, төрт темпераментті Гиппократ төрт стихия: от, жер, су, ауамен салыстырды. Төрт стихияның үндестігі, жерге өмір сыйлайды, адамдардағы төрт бастаманың үндестігі оған мағыналы өмір сүруге жағдай туғызады деп есептеді.
Темпераменттің әрбір түрі психологиялық ерекшеліктердің әрі жағымды, әрі жағымсыз кешендерімен сипатталады. Темперамент қылықтың қажетті әрекетін басқасынан гөрі, біреуге қалыптастыру оңайрақ болғанда, тікелей білінеді. Темпераменттің әрбір түрі я жақсы, я жаман болып бөлінбейді. Адамның психикасының және қылығының динамикалық ерекшеліктерінде біліне отырып, әрбіреуі өзінің кемшіліктері мен артықшылықтарына ие бола алады. Оған қоса, адамның темпераменті таза күйде кездеспейді, бірнеше түрі жеке тұлғаны қайталанбастай етіп, әр түрлі арақатынаста болады.
Темпераменттің әрбір түрінің негізінде белгілі бір жүйке жүйесі- адамның іс-әрекетінің дербес өзгешелігінің физиологиялық негізін құрайтын, жүйке жүйесінің қасиеттерінің жиынтығы бар. И. П. Павлов жүйке жүйесінің қасиеттері - күш, ширақтық пен байсалдықты бөліп шығарудың нәтижесінде жүйке жүйесінің түрлері туралы ұғымды енгізді. Павлов Гиппократтың ойын жетілдіріп, жүйке жүйесінің мынадай төрт түрі бар деген қорытындыға келді:күшті, үшқалақ, ширақ(холерик; күшті, байсалды, баяу(флегматик; күшті, байсалды, ширақ(сангвиник және әлсіз(меланхолик
Жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік құндылығын темпераент түрі алдын ала анықтамайды. Темпераметі әр түрлі адамдар біркелкі әлеуметтік-адамгершілік құндылығына иегер және керісінше, темпераменттері бірдей кісілердің әлеуметтік-адамгершілік құндылықтары сан алуан болуы мүмкін. Темперамент жалпы және арнайы қабілеттерді анықтамайды, бірақ темпераменттің қасиеттері бір жағдайларда табысқа жетуге жағдай жасаса, тура сондай басқа қызметте оған кедергі жасайды. Алайда темпераменттің белгілі бір қасиеттеріне, мысалы, сабырлыққа, өзін-өзі ұстауға немесе әрекеттің жылдамдығына өте жоғары талап қойылатын мамандықтар бар. Сонда кәсіптегі қажетті табыс шарты осы мамандыққа жарамды темпераментті адамдарды таңдап алу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz